Жаһандану мәдени феномен ретінде



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ЖАҺАНДАНУ МӘДЕНИ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Жаһандану ұғымы және оның теориялық . әдіснамалық негіздері ... ... ... ..6
1.2 Жаһандану үдерісіндегі батыстық және шығыстық
құндылықтар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2 ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНІҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН
ФОРМАЛАРЫН МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ..29

2.1 Қазіргі қазақ мәдениетіндегі жаһандану үдерістерінің кейбір
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2 Бұқаралық мәдениет өрісіндегі қазақстандық өркениет ... ... ... ... ... ... ... ..36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жаһандану - қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоятын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үдерісті жан – жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор.
Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және дүниетанымдық факторлармен анықталады.
Зерттеу тақырыбы елімізде қабылданған мемлекеттік бағдарламалармен үндес келеді. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты даму жолын белгілеген “Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарламасында халқымыздың рухани жаңару процесінің егемендікпен келген рухани бостандық, ұлттық дүниетаным мен тарихтағы дербес танымдардың қалыптасуы нәтижесінде болғанын атайды. (Назарбаев Н. Ә. Қазақстан – 2О3О. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігінің артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 2002. – 96 б.)
Қазiр жаһандану дәуiрi басталды және онда қай ұлттың рухани мәдениетi күштi болса, сол ұлт өмiр сүруге бейiм болады да, рухани мәдениетi әлсiз елдер ассимиляцияға ұшырап, өз-өзiнен жойылып отырады.
Бұл адамзат қоғамының дамуындағы заңды құбылыс. Сондықтанда оған ешкiм қарсы тұра алмайды. Қазiргi кезеңде дүние жүзiнде «Мәдениеттер майданы» жүрiп жатыр деуiмiздiң себебi сол. Олай болса қазiр күн тәртiбiнде, болашақта қазақ халқының ұлт болып қалу-қалмау мәселесi, яғни ұлтымыздың тағдыры қойылып отыр.
Зерттеу нысаны. Қазақ мәдениетінің төл тамырын іздеу, оның қазіргі жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістерін талдау.
Зерттеу пәні. Алдымен мәдениет үдерісінен, мәдени сұхбаттан туындайтын процестерді анықтау және оларды талдай отырып, рухани мәдениетке деген (позитивті немесе негативті) ықпалдан шығатын нәтижелерді болжам жасай отырып, анықтау. Жаһандану ықпалында қазақ рухани мәденитетінің дәстүрлік және инновациялық үдерістерін анықтау және талдау жасау.
1. Степин В.С.Проблемы цивилизационного развития и глобальные процессы // Диллемы глобализациии. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. - М.., Вариант, 2002.– 420с.
2. См. Златев В.В.Вектор перемен и глобализация. // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. - М., Вариант, 2002.– 215с.
3. Вебер А.Б. Глобализация и устойчивое развитие: проблемное поле. // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. - М., Вариант, 2002.– 283с.
4. Тимофеев Т.Т. Парадигмы глобализации. – В кн.: Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. М., «Вариант», 2002.– 300с.
5. Бледсо У. Глобализация и цивилизации. // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. М., Вариант, 2002.– 331c.
6. Шиков Ю.В. Глобализация экономики – продукт индустриализации и информатизации социума. // ОНИС – 2002.- 250c.
7. Бенсон С.А. Фактор сионизма. Влияние евреев на историю XX столетия. – М., Руский вестник, 2001.- 120c.
8. Новая философская энциклопедия. – М., Мысль»., раздел Капитализм, 2001.-420c.
9. Цит.по: Клесников А. Незаконченная история? - Известия, №93 за 29 мая 2001.- 220c.
10. Бело У. Вазможности и переделы глобализации. // «Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: иллюзии и риски. М., Вариант, 2002.- 488c.
11. Стиглиц Джозеф. Ревущие девяностые. Семена Развала. – М., Современное экономика и право, 2005.- 280c.
12. Кастельс М. Глобальный капитализм и навая экономика: значение для России. // Постиндустриальный мир и Россия. И., 2001.- 220c.
13. Там же. 2001.- 276c.
14.Уолден Белло. Вазможности и переделы глобализации. // Диллемы глобализации. Социумы и цивилизации: Иллиузии и риски. М., Вариант, 2002.-485c.
15. Р. Петрелла. «Националистические и региональные движение в Западной Европе». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 320c.
16. М. Шадсон. «Культура и интеграция национальных обществ». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 150c.
17. М. Шадсон. «Культура и интеграция национальных обществ». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 250c.
18. Б. Андерсон. «Воображаемые общности. Размышления о происхождении и распространении национализма». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 350c.
19. А.Б. Капышев. «Глобализация и духовное развитие личности». Глобализация и диалог конфессий в странах Центральной Азии. Материалы междунар. научно-прак. конф. Алматы, ИФиП, 2002.- 150c.
20. Э. Геллнер. «Нации и национализм». М; «Прогресс». 1999.- 350c.
21. Э. Геллнер. «Нации и национализм». М; «Прогресс». 1999.- 350c.
22. Э. Геллнер. «Национализм». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 400c.
23. Б. Андерсон. «Воображаемые общности». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 200c.
24. Б. Андерсон. «Воображаемые общности». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 200c.
25. В.В. Коротеева, Теория национализма в зарубежных социальных науках. Рос. гос.гум. универ. 1999.- 250c.
26. Ф. Риггс. «Аспекты содержания этничности». Этнос и политика. Хрестоматия. М; Изд-во «УРАО» 2000.- 190c.
27. М. Чешков. «О видении глобализирующегося мира».//МЭ и МО., № 6. 1999.- 350c.
28. Казахстанская политологическая энциклопедия. Гл. ред. Т.Т. Мустафин. А; КазГУ. 1998.- 396c.
29. Энтони Д. Смит. «Образование наций». Этнос и политика. Хрестоматия. М, Изд-во «УРАО», 2000.- 401c.
30. В.В. Коротеева. Теории национализма в зарубежных социальных науках. Рос. гос. гум. универ. 1999.- 120c
31. Дж. Коммарофф. «Национальность, этничность, современность: политика самоосознания в конце ХХ века». Этничность в полиэтничных государствах. Мат. междунар. научно-практ. конф. М; Изд-во «Наука», 1994.- 250c.
32. Ю.А. Васильчук. Социальное развитие человека в ХХ веке. Фактор культуры. // ОНС. № 1. 2003.- 190c.
33. Л. Демидова. Сфера услуг в постиндустриальной экономике. // МЭиМО. № 2. 1999.- 240c.
34. В.Г. Хорос. Актуальные проблемы глобализаций // МЭ и МО. № 47 1999.-495c.
35. Қазақстан Республикасы мәдени дамуының тұжырымдамасы. – Алматы: ҚазӨМҒЗИ, 2002.– 209б.
36. Шилз Э. «Массовое общество» и его культура // Кукаркин А.В. Буржуазная массовая культура. – М.: Политиздат, 1985.– 399с.
37. Темирбеков С.Т. Национальная культура в контексте современной рыночной цивилизации // Современные проблемы развития национальной культуры. – Алматы: ЮКГУ, 1998.– 327c.
38. Лебон Г. Психология народов и масс. – СПб, 1896.- 342с.
39. Алимжанова А.Ш. Эстетическая культура // Философия: Раритет, 2006.- 38с.
40. Маклюэн М. Культурная коммуникация: срелства «горячие» и холодные» культура // Кукаркин А.В. Буржуазная массовая культура. – М.: Политиздат, 1985.– 399с.
41. Фелипе Перес Роке. Выступление на 59-й сессии ГА ООН. //Казахстанская правда. – 2006.- № 23.-c.5-7.
42. Тоффлер Э., Тоффлер Х. Создание новой цивилизации // Центральное Азия и культура мира. – Бишкек. - № 1-2 (8-9). - 2000.– 106с.
43. Бюкенен П. Дж. Батыстың ажалы //Жас қазақ. – 2006.- № 30.- б.8-12.
44. Adorno T. Ohne Leitbild. // Кукаркин А.В. Буржуазная массовая культура. – М.: Политиздат, 1985.– 399с.
45. Кьяромента Никола. Век ложной веры. // Кукаркин А.В. Буржуазная массовая культура. – М.: Политиздат, 1985.– 399с.
46 Монтень М. Опыты. – М.-Л.: Искусство, 1960. - Кн. 3.– 387с.
47. Бердяев Н. Судьба России: Опыты по психологии войны и национальности. – М.: Философское общество СССР, 1990. - Репринтное воспроизведение издания 1918 года.– 240с.
48. Центральное Азия и культура мира. – Бишкек. - № 1-2 (8-9). - 2000.– 106с.
49. Әуезов Мұхтар. Таңдамалы: монография, зерттеулер, мақалалар. Алматы: Қазақ энцикл., 1997.- 512c.
50. Ортега-и-Гассет Х. Человек и человечество // Избранные труды. – М.: Весь мир, 1997.– 704с.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ЖАҺАНДАНУ МӘДЕНИ ФЕНОМЕН
РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Жаһандану ұғымы және оның теориялық - әдіснамалық
негіздері ... ... ... ..6
1.2 Жаһандану үдерісіндегі батыстық және шығыстық
құндылықтар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 13

2. ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНІҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН
ФОРМАЛАРЫН МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ..29

2.1 Қазіргі қазақ мәдениетіндегі жаһандану үдерістерінің кейбір
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2 Бұқаралық мәдениет өрісіндегі қазақстандық
өркениет ... ... ... ... ... ... ... ...36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 3

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...57

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жаһандану - қоғам дамуының
заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа
сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші
жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз
мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоятын процесс деп
атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі
дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда
сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске
сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда
өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық
жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай
болуы үшін, бұл үдерісті жан – жақты терең зерттеу елегінен өткізудің
маңызы зор.
Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше
рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және дүниетанымдық факторлармен
анықталады.
Зерттеу тақырыбы елімізде қабылданған мемлекеттік бағдарламалармен
үндес келеді. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның ХХІ ғасырдағы басты
даму жолын белгілеген “Қазақстан-2030” атты стратегиялық бағдарламасында
халқымыздың рухани жаңару процесінің егемендікпен келген рухани бостандық,
ұлттық дүниетаным мен тарихтағы дербес танымдардың қалыптасуы нәтижесінде
болғанын атайды. (Назарбаев Н. Ә. Қазақстан – 2О3О. Барлық
қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігінің артуы: Ел
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 2002. – 96 б.)
Қазiр жаһандану дәуiрi басталды және онда қай ұлттың рухани мәдениетi
күштi болса, сол ұлт өмiр сүруге бейiм болады да, рухани мәдениетi әлсiз
елдер ассимиляцияға ұшырап, өз-өзiнен жойылып отырады.
Бұл адамзат қоғамының дамуындағы заңды құбылыс. Сондықтанда оған ешкiм
қарсы тұра алмайды. Қазiргi кезеңде дүние жүзiнде Мәдениеттер майданы
жүрiп жатыр деуiмiздiң себебi сол. Олай болса қазiр күн тәртiбiнде,
болашақта қазақ халқының ұлт болып қалу-қалмау мәселесi, яғни ұлтымыздың
тағдыры қойылып отыр.
Зерттеу нысаны. Қазақ мәдениетінің төл тамырын іздеу, оның қазіргі
жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістерін талдау.
Зерттеу пәні. Алдымен мәдениет үдерісінен, мәдени сұхбаттан туындайтын
процестерді анықтау және оларды талдай отырып, рухани мәдениетке деген
(позитивті немесе негативті) ықпалдан шығатын нәтижелерді болжам жасай
отырып, анықтау. Жаһандану ықпалында қазақ рухани мәденитетінің дәстүрлік
және инновациялық үдерістерін анықтау және талдау жасау.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсатына жаһандану
кеңістігінде күш алып отырған батыстық және жаһандық ықпалдың қазақ
мәдениетінің қалыбына тигізіп отырған әсерлері және одан шығып отырған
позитивті және негативті нәтижелерге талдау жасай отырып, олардың себебін,
табиғатын анықтау жатады. Мәселенің қойылуы мен өзектілігінен, оны
зерттеудегі негізгі мәселелер мен туындаған бағыттардан бітіру жұмысының
міндеттері айқындалады:
Мәдениет күрделі және көп деңгейлі процесс ретінде мәдениеттанушылар
мен философтар тұрғысынан талдау жасай отырып, әлемдік деңгейдегі ролін
көрсету;
Процесс ретінде, уақыт ретінде және кеңістік ретінде жаһандану
табиғатын экономика, саясат және мәдениет тұрғысынан талдау жасау;
Жаһандану процесінің кең өріс алу себептерін анықтау және бұл процестің
болашаққа тигізуі мүмкін әсерлерді болжап анықтау;
Жаһандану кеңістігіндегі батыстық емес және батыстық мәдениеттердің бір-
біріне әртүрлі деңгейлерде ықпал ету әсерлерін айқындау және оларға
мәдениеттану тұрғысынан талдау;
Қазақ мәдениеті – Әлемдік мәдениеттердің бірі ретінде орны мен ролі
туралы тарих және мәдениет тұрғысынан талдап көрсету;
Батыс және Батыстық емес мәдениеттердің ерекшелік белгілері мен ол
белгілердің қазақ мәдениетімен үндестігін таба отырып, мәдениеттанулық-
философиялық түсіндірме беру;
Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістерін
(позитивті және негативті) атап көрсету және болашаққа болжам жасау.
Қазақ мәдениеті, жаһандану кеңістігінде өзіндік ерекшеліктерін
бәсекелестік қабілетпен өзге ұлт мәдениеттерімен терезесі тең келуі немесе
бәсекелесуге енжарлық көрсетіп, өзге ұлт мәдениетіне сіңіп, жеке-дара ұлт
мәдениеті ретінде жоғалып кетуі мүмкін. Осындай позитивті және негативті
үдерістің қандай жағдайларда болуы мүмкін екендігін барынша жан-жақты
қарастырылып, зерттеліп, сарапталып, нәтижеленуі керек. Бұл – уақыттың
талабы және қазақ зерттеушілерінің ұлт және ата-баба аруақтары алдындағы
қасиетті парызы мен міндеті. Өзіңді танымай өзгелермен сұхбаттасу қауіпті
нәрсе, өзіңнің тұғырың мен табиғатыңды анықтамаған және өзіңнің өмірлік
принциптеріңді қалыптастырмаған жағдайда өзге біреудің сыңары немесе одан
да қауіптісі мәңгүрт болуың әбден мүмкін. Осындай үдеріс өз ұлтыңа да өзге
ұлтқа да позитивтілік әкелмейді, керісінше, қоғамның, адамзаттың табиғатын
мутацияға ұшыратып, бүкіл адамзатты рухани және, тіпті, материалды
деградацияға ұшыратасың.
Жаһандану кеңістігіндегі әрбір ұлттық мәдениет рухани жағынан екі
бағыттарда дамуы мүмкін – прогрессивті және регрессивті. Ол, әрине, ұлттық
мәдениеттің ішкі потенциалына, менталитеттік деңгейіне, тектілігіне (тарих,
этнопсихологиялық ерекшелік, өсу мен даму процестерінің дәйектілігі мен
тиянақтылығы) және жаһандану процесінің табиғатына (позитивтілігіне немесе
негативтілігіне) байланысты.
Мәдениет дегеніміз өткен уақыт пен қазіргі уақытты және қазіргі уақыт
пен болашақ уақытты байланыстыратын уақыт жалғастығы (сабақтастығы).
Мәдениет дегеніміз тарих уақыты, тарих оқиғалары, тарих үлгі-өнегесі. Қазақ
мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістері – яғни, қазақ
мәдениетінің бұл уақыт талабына сай функциялары қалай өзгереді?
Қазақ мәдениеттің ішкі теориялық, идеялық потенциалын анықтау
барысында тек отандық ғалымдар теориялары мен концепцияларына негізделмей,
мәдениет тарихы теориясы мен мәдениеттің концепциялары жақсы қалыптасқан
Батыстық теориялық тұжырымдар тұрғысынан зерттелініп талдануы тиіс. Бұдан
ешкім ұтылмайды. Қазақ ұлттық мәдениетін тек бір позиция көзқарасынан
қарастыру оның ішкі рухани және материалды мәдениет байлығының көзін толық
ашпайды, және де осындай жағдайда біз не істеуіміз керек өз мәдениетімізді
қалай сақтап қаламыз деген сұрақтарға жауап беру осы бітіру жұмысының
мақсаты мен міндеті.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дәстүрлі мәдениет пен жаңашылдық
(инновация), батыс мәдениеті мен өркениетінің экспансиялық тарихы, батыстық
және шығыстық мәдениеттердің өзара сұхбаты мен қақтығыстары ғалым-
философтар да талқылаған мәселе болып келді. Бұл тақырыпты батыстық,
ресейлік, шығыстық және отандық зерттеушілер әр түрлі, тіпті кейде қарама-
қарсы позициялардан зерделеген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы Диплом жұмысы, кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖАҺАНДАНУ МӘДЕНИ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ

1.1 Жаһандану ұғымы және оның теориялық-методалогиялық негіздері.
Жаһандану кеңістігіндегі өзгеріс үдерістерін зерттеп, сараптамас бұрын,
осы ареалда жүзеге асып отырған процесті – жаһандану процесінің басталған
уақыт пен себеп-салдарын анықтау басты шарт.
Көптеген ғалымдар мен зерттеушілер пайымдаулары бойынша, жаһандану
процесі анық 20 ғасырда көрінсе де, оның басталу тарихы біздің заманымызға
дейінгі дәуірлерден бастау алады, яғни адамзаттың дүниеге келуі және
бүкіләлемдік интеграция процестері бір-біріне байланысты және бір-бірінің
себеп-салдарлары болып табылады. Бірқатар тарихшылар жаһандану процесін
бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады:
1. Архаикалық жаһандану;
2. Прото-жаһандану;
3. Қазіргі кезеңдегі жаһандану.
Негізінен жаһандану процесі тарихы екі кезеңдер бойынша жүрді және
жүріп келеді, яғни:
1. Локальды (жергілікті) жаһандану
2. Жер бетін түгел алып отырған жаһандану
Локальды жаһандану процесі көршілес мемлекеттер, ру-тайпалар, халықтар
арасындағы интеграциялық, сұхбаттық, қарама-қайшылықты қарым-қатынастар
процесі кезінде айқын көрінеді. Мысалы, тарих беттерінен Рим империясы мен
көршілес елдер арасындағы немесе қазақ даласында мекендеген ру-тайпалар
арасындағы қарым-қатынастар жаһанды жаһандануға бастама, негіз болғанын
тарих, уақыт көрсетіп отыр.
Ал жаһанды деңгейдегі жаһандану процесі бүкіл әлемді қамтитын жаһанды
процесс, яғни әлемнің бір түкпірінде болып жатқан тарихи, мәдени, саяси,
әлеуметтік, экономикалық позитивті немесе негативті оқиғалар өзгелерге
белгілі бір уақыт көлемінде жеткізіліп, одан кейін сарапталып, қандай да
бір тұжырым қалыптасады.
Жаһандану процесінің қарқынды адым алып дамуға бірқатар империялар-
хандықтар әсер еткен болатын – Моңғол империясы, Осман империясы,
Португалия империясы, Германия империясы, Испан империясы, т.б., соның
ішінде қазіргі таңда батыстандыру немесе американдандыру процесі [1, 248-
249 бб.].
Жаңарған әлем соңғы онжылдықтағы әлеуметтік институттармен әртүрлі
мәдениеттердің өзара әсерімен күшеюі арқылы және көрінбейтін динамика
арқылы сипатталатын белсенді трансформация кезеңін басынан өткеруде. Жүріп
жатқан процесстердің нәтижесі бір мемлекеттің, аймақтың және тұтастай әлем
сипатының өзгеруі болып табылады. Бүгінгі таңда бұл дәлелдер талас
тудырмайды, бірақ уақытында трансформациялық процесстің мәніне қатысты
ойлар соның соңғы нәтижелері. Және де оған арнайы бақылаулар мен бағалар
берілді.
Әлемдік бұл өзгеріс тенденциясына талдау жасағанда, өзгермелі әлемді
түсінуге бірден - бір қадам жаңарған қоғамдағы гуманитарлық ғылымда
жаһандану теориясы орын алады. Әлемдік даму тенденциясының негізі болып,
жаһандану ықпалының көрінісі, эканомикалық – саяси процесстерде, сондай –
ақ мәдени - өркениеттік саладағы өзара байланыстардан көрінеді. Ол
мемлекеттердің алдына жаңарған үдерістегі жаһандық негіздерді иемденуші
мәдени - өркениеттік тапсырмаларды қояды. Және де осындай жағдайда өзінің
дәстүрлі арнайы құндылықтарын негіздейді [2, 52-63 бб.].
Соңғы уақытта жаһандану және жаһанданулық үдерістер көптеген
зерттеушілердің назарын аудартқан обьект болды. Жаһандану теориясы
халықаралық қатнастардағы саяси теориямен әлеуметтік жүйелік теорияның
негізінде пайда болып, әлемдік жүйе мен әлемдік қауымдастық консепция
шеңберінде тиімді өңделген. Жаһандану термині XX ғасырдың 60 – шы
жылдарында В. Мураның еңбегінде пайда болды. ( сондай – ақ жаһандық
социология терминін айналымға енгізді) және М. Маллюэнаның еңбегінде
біріншіден жаһанданулық ауыл термині қолданды.
1980 жылдың ортасында Жаһандану түсінігін Р. Робертсон өңдеді,
таратты. Сонымен қатар 1989 жылдың аяғында әлемдік трансформация теориясы
шеңберінде жаһандану теориясына қатысты көптеген зерттеулер жасалды. 1990
жылы жаһанданулық мәдениеттке атты тақырыпқа жүйелі жинақ мақалалар
шықты. Сондай – ақ алдыңғы қатарлы жаһанданудың теоретиктерінің
еңбектерінің жариалануымен : И.Валлерстайн, М.Арчер, Р.Робсона, М.
Фезерстауна, А. Аппадурай, Б. Теркеро және т.б. Сол уақытта жаһандану жайлы
іргелі еңбектер бірінен соң бірі пайда бола бастады.
Бұл концепция 1990 жылдың бірінші жартысында кез – келген эканомикалық
және әлеуметтік өзгерістер жаһанданулық көзқарас пен қарастырылған кезде
шырқырау шегіне жетті. Осы 8 – 10 жылдықта жаһандану бойынша еңбектер
жылдам негіз алды. Егер осы тақырыпқа арналған 1980 жылдарда кітаптар мен
мақалалалрдың саны жылына 1 -3 % өсті, тек қана 1990 жылдың ортасында
жаһандануға қатысты жұмыстардың саны геометриялық өсіммен өсті [3, 52 б.].
Дегенмен он жылдықтардан бері жаһандану мәселелері бойынша
пікірталастар жалғасып жатса да жалпы жаһандану терминін ашып бере алмады.
Қанша зерттеу жұмыстары жасалса да көп түсінігі бәрібір бұлдыр күйінде
қалды, және бұл тақырыпқа байланысты, әрбір автор өзіндік жеке ойларын
береді. Қиындығы сол бұл ғаламдар әртүрлі түсіндіреді; кейде онда жаңа және
комплексті мәселелер көрінеді. Сондай – ақ американдық социолог Р. Страйкер
былай дейді, жаһандану түсінігімен байланыстағы проблемалар жиынтығы
ретінде зерттеушілердің назарын аударған обьект ретінде салыстырмалы түрде
ұзақ болмады және дәл осылай оның ойынша сол кездегі мәселе болып, нақты
ойлау жүйесінде әлі де болса, жалпы түсініктегі постулаттарды реттеуге
негіз болмады.
Жаһанданудың мазмұны мен мәнін түсіндірудегі айырмашылықтар туралы
айтқанда бұл ұғымның көпжақты екенін айтпай кетуге болмайды. Жаһандық
процесстер жалпылық сипатталады, ал оның әртүрлі аспектілері қазір барлық
қоғамдық ғылыми пәндерде қолданылуда. Жаһандану термині олардың
әрқайсысында өзінің негізгі мағынасында қолданылады.
Экономистер жаһанданудың мәні ерекше типтегі әлемдік эканомикалық
жүйенің пайда болуынан көреді. Соған сәйкес олар жаңа ғаламдық қаржы
жүйесінің құрылуы, трансұлттық корпорациялардың дамуы, трансұлттық
эканомиканың қалыптасуы (Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, жұмыс
күші, капитал, шикізаттың әлемдік нарықтарының пайда болуы) сияқты
проблемаларды зерттеуге баса назар аударады.
Географтар жаһанданудың кеңістік өзгеруін зерттейді; үлкен қалалармен
мегаполистегі проблемалар, жаһанданудың нәтижесінде бейбітшілік
кеңістігінде пайда болып келе жатқан эканомикалық архипелогтар.
Халықаралық қатынастармен халықаралық құқық ғылымының өкілдері басты
назарды трансұлттанудың жылдам жүруі мен мемлекеттердің өзара
тәуелділігінің күшейуін: мемлекеттің егемендік жағдайына, халықаралық
құқықтық жаңару мен жаңа әлемдік тұрақтылықтың орнауына бөледі. Халықаралық
қатнастағы транұлттық саясат версаль және подсдам жүйесінің күйреуінен
кейін халықаралық қатнастар жүйесінде пайда болды. Ұлттық мемлекеттік
принциптерге негізделетін жабық және өзара қатнас принциптеріне
негізделген ашық деп сипатталған ескі және жаңа саясат түрінің арасында
халықаралық қатнастар сферасының жаңару тенденцияларынын сараптаған кезде
екеуінің қарама – қайшылығы айқын көрінді. XX ғасырдың басындағы
мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталған (өзін - өзі анықтауда ұлт
құқығы, ұлттық мемлекеттік суверинитетті қорғау тағы сол сияқты) принципке
қарағанда XX ғасырдың ортасынан бастап халықаралық қатнастар саласындағы
зерттеулер басты назарды адам құндылықтары мәселесін шешуге (адам
құқығындағы мәдени – этикалық құндылықтарды қорғау, жаһандық мәселелерге
т.б) аударды [4, 35-36 бб.].
Әлеметтанушылар мен мәдениеттанушы зерттеушілер әлеуметтік-мәдени даму
стратегиясына жаһанданулық тенденциялардың ықпалымен байланыстағы
мультимәдениеттер мен проблемалардың феноменімен айналысуда.
Философтар да жаһандану феноменін талқылауда көп үлес қосуда.
Біріншіден олардың зерттеу обьектісі болып адамзат құндылықтарының
әмбебаптануымен жаһандық проблемалар және жаңарған әлеммен байланысты.
Бүгінгі күні жаһандану жайлы көптеген елдің қайраткерлері жаңа әлемдік
тұрақтылықтың қалыптасуына байланысты айтуда. Мысалы: 1998 жылы Рессейдің
сол кездегі сыртқы істер министірі С.И.Иванов 1998 жылды халықаралық
қауымдастықтағы жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуына жаһанданудың әсерін
түсіну жылы деп атауға шақырды [5, 56 б.]. Жаһандану сияқты мұндай
күрделі және көпжақты құбылыстарды біруақытта көптеген ғылымдардың зерттеп
жатқанын аңғаруға болады, әрі олардың бір – бірімен қабыспайтын өзіндік
тілі, әдіснамалық, категориялар жүйесі бар. Сондықтан жаһанданулық
процесстердің мәнімен олардың интернационализация, модернизация,
вестернизация, трансформация сияқты теориялық және практикалық
құбылыстармен байланысы туралы сұрақ анық күйінде қалып отыр. Жаһанданулық
процесстердің қазіргі заманға, оның ішінде бұрынғы кеңестік мемлекеттерге
ықпал етуі проблемасын қарастыру жаһандану теориясы саласында жасалынып
жатқандарды қарастырмай өте алмайды.
Жаһандану дискурсының пайда болуы көбінесе транформация теориясының
кеңістіктік референциясы ретінде түсіндіріледі [6, 147 б.]. Жаһандану
парадигмасы үшін кеңістіктік референцияның маңыздылығын Г.Герборн былай
түзеді: Постмодернизм қазіргі заманға тән уақыт концепциясына сауал
(вызов) тастаған кезде жаһандану кеңістіктік байлыққа бағытталады. Бұл
мағынада жаһандану қазіргі заманның кеңістік шырқауы деп түсіндірілуі
мүмкін [7, 15 б.]. Иә, шындығында (адам баласы) жаһандану теорияларының
көпшілігінде әлеуметтік ұйымдасудың дихотомиясы: аймақтық ғаламдыққа
қарсы жатады. Бұл дихотомияда ғаламдық термині өзіне интернационалдық
және трансұлттық ұғымдарын, ал аймақтық термині ұлттық және
мемлекеттік ұғымдарын қамтиды. Жаһанданудың кеңістіктік парадигмасы
шеңберінде әлеуметік ұйымдасу мен әлеуметтік өзара іс - әрекеттің
кеңістіктік сипатының өзгеруімен байланысты процестерді түсіндіру бейнелеу
қабылданған.
Жаһанданудың кеңістігін парадигмаларының пайда болуына әлемдік
жүйені эканомикалық және саяси қатнастар жүйесі ретінде қабылдайтын ұғымға
негізделген теориялық модельдер негіз болды. Бұл дәстүрдің мысалы И.
Валлерстайнның еңбегі болып табылады. Ол XV – XVII ғасырда пайда болған
және (дәстүрлі) империя қоғамдарының аймақтық интеграциясының дәстүрлі
типінен түбірінен ерешеленетін әлем эканомика ұғымын алаға шығарды. Бұл
әлемдік жүйе жаңа дәуірде бүкіл әлемге тараған әлемдік капиталистік
эканомика болып табылады.
Әлем эканомика структурасы үшполюсті болып табылады: орталық –
жартылай периферия – периферия. Әрі онда зоналар географиялық жақындық
бойынша емес, байланыс сипаты бойынша топтасады. Капиталистік әлем –
эканомиканың орталығында кооперация мен бәсекелестік қатынасы орнайды.
Орталық пен периферияның арасында эксплутация (қанау) мен тәуелділік
байланысы орнайды. Жартылай периферия атауынан шерініп тұрғандай, орталық
пен периферияның арасында аралас типтегі байланыста болады. Бұл құрылымның
интеграциясы сауда және өндірістік өзара байланыстың арасында мүмкін
болады, әрі ұлттық мемлекеттердің әлем – экономика құрылымына қосылуы
біршама мәжбүрлік сипатта болды.
И.Валлерстайнның әлем – эканомика моделіне жақын Э.Гидденстің
жаһандану теориясы болып табылады. Гидденс жаһандану теорисының бүкіл
әлемге тараған әлеуметтік қатнастардың күшеюінен көреді. Яғни жергілікті
оқиғалар одан алыс жатқан жердегі жүріп жатқан оқиғалардың әсерінен және
бұған керісінше жағдай да жүреді. Гидденс жаһандануды тікелей
модернизацияның жағасы деп түсінеді.
Гидденс бойынша жаһандану әлеуметтік қатнастардың жергілікті
жағдайлардан автономизациялануы болғандықтан, деконтекстелген институттар
іс - әрекетінің бүкіл әлемге таралуын модернизацияның жаһанданулық
формасындағы жалғасы деп айтуға болады. Ол жаһандануды кез – келген
әлеуметтік жүйе сияқты төрт институттың өлшемімен қарастырады: әлемдік
капиталистік эканомика, ұлттық мемлекеттер жүйесі, әлемдік әскери тәртіп,
халықаралық еңбек бөлінісі.
Валлерстайннан ерекшелігі Гидденс моделі жүйелердің өзгеруін тек
жүйелік байланыс (ғаламдық) деңгейінде ғана емес, жүйенің байланысты
элементтері деңгейінде (”жергілікті оқиғалар“) қарастырады. Сондықтан
Гидденс үшін жаһандану термині мағынасы бойынша тек мемлекетаралық
қатынастармен байланысты интернационализация терминінен гөрі анағұрлым
адекватт [8, 214-215 бб.].
Мәдениет сферасына шешуші мән беретін Р.Робертсон 1980 жыл ортасында
ұлттық мемлекеттер мен экономиканың өзара ғаламдық тәуелділігі жаһанданудың
тек бір аспектісі ғана болып табылады, екінші аспект - индивиттің ғаламдық
санасы әлемнің біртұтас әлеуметтік мәдени орынға айналуы үшін маңызы зор
деген тезис көтерді. Робертсон жаһандануды әлеуметтік өзара әрекеттердің
жалқы шарттары мен сипаттары мен әлемнің біртұтас орынға айналу логикасы
біріккен эмпирикалық анық көрінетін өзгерістер сериясы деп түсінеді. Бұл
әлемнің шалғайындағы оқиғаның бір ғана әлеуметтік өзара әрекет процесінің
элементі немесе талабы болуы мүмкін дегенді ұйғарады. Осылайша әлем
сығылады элементтік кеңістікті ерекше зоналарға бөлетін шекаралармен
кедергілерден арылып, ада болып біртұтас болады.
Ғаламдық процесстердің әлемнің бірігуі жоспарына әсер ету деңгейі
мәселесінде зерттеушілер арасында кәдімгідей ашықтық бар екенін айту
керек. Мысалы, франсуз ғалымы , Париж саяси зерттеулер институтының
профессоры Б.Бади жаһандануды әлемнің гемогонизациялануы, біртұтас
прициптер, құндылықтар бойынша жүру, бір ғана ғұрып пен мінез – құлық
нормасы бойынша жүру, барлығын әмбебаптауға ұмтылу деп түсінеді [9, 2
б.]. Ол бұл гемогонизация белгісі қазірдің өзінде әртүрлі сфераларда
көрініп отыр деп санайды.
Француз саясатттанушысы Ж.Аттали өзінің болашақ туралы версиясын
суреттей келе әлемнің бірігуі және оның біртектілігі туралы айтады[10, 202
б.]. Бүкіл әлемде ақпараттық технологияның дамуымен бірге либералды –
демократиялық идеология мен нарықтық эканомиканың таралуы әлем
біртұтастыққа келе жатыр, ғасырлар бойы үстем геосаяси реалдылық үшінші
дәуірде келмеске кетеді дегенді ұйғарады. Біртұтас әлем геоэканомика
принципіне құрылған. Геоэкономика - бұл геосаясаттың ерекше версиясы, ол
өз талдауында басты назарды дәстүрлі институттарға, мемлекеттерге, мәдени
және этникалық дәстүрлерге емес, ғаламдағы эканомикалық тасқынның құрылымы
мен географиясын зерттеуге көңіл қояды. Осылайша, негізгі акцент қай жерде
әлемдік биржаның орталығы пайдалы қазбалар, ақпараттық орталықтар мен ірі
өндіріс бар сол жерге жасалады.
XIX - XX ғасырдың әлеуметтік мәдени өзгерістерді жаһандану емес,
интернационализация түсінігімен ұғындыратын зерттеушілермен келісуге
болады. Аталған контекстегі интернационализация терминін эканомикалық және
саяси байланыстар жүйесінің ұлттық институттар деңгейінде (мемлекет,
үкіметаралық ұйымдар, үкіметтік емес, бірақ ұлттық маштабтағы ұйымдар )
өсуі деп, сондай – ақ XIX ғасырда дамудың классикалық теориясының пәні
болған өндірістік буржуазиялық қоғам институтының барлық елге таралуы деп
түсінуі керек. Мысалы 1848 жылы К.Маркс пен Ф.Энгельс жазған Коммунистік
партияның монифесінде халықаралық эканомикалық байланыстар мен
капиталистік қатынастардың территориялық экспаниясы адамзаттың жаңа тарихи
кезеңге өтуінің маңызды сипаттамасы ретінде суретеледі.
Осы көзқараспен қарағанда интернационализациядан жаһанданудың өзіне өту
дегеніміз бірқалыпты жүріп жатқан алдыңғы тенденциялардан одан кейінгі
әлемдік дамуға, секіретін динамикалық тенденцияға өту болып табылады.
Бұл өтпелі кезеңнің негізгі белгісі даму параметрлерінің өзара
қайшылықтарының саны болады. Жаһандану түсінігі интернационализациялық
процестердің күшеюін қамтиды, сондай – ақ субнациональді деңгейдегі
әлеуметтік ұйымдастырудың өзгеру факторы тікелей орнықты және де
трансұлттық, индивитаралық, топаралық өзара қарым – қатынастар күшейді.
Жаһандану мәселесіне арналған әртүрлі саладағы білімдердің
зерттеулеріне сараптама жасауда жаһанданудың процесіне жататын негізгі
факторлармен процестердің топтамасын айқындап алу шарт.
1. Шексіз өсу мен транстериториялық байланыстардың күшеюі мен өзгеруінің
нәтижелері транспорт және масмедиадан электронды байланыс, компьютерлі
сеттерге дейінгі әртүрлі комуникациялық құралдардың даму нәтижесі.
Ақпараттық және мәдени айырбассаласында көптеген дәстүрлі шекаралардың
жойылуы; бірізділік мәдениет пен этиканың таралуына әкеледі.
2. Трансұлттық корпарациялардың пайда болуы, капитал қозғалысы мен
халықаралық сауданың өсімі, халықаралық қаржы айналымының күшеюі, әлемдік
бағаға бағытталу, жеке технологиялар, жұмыс күшінің миграциясы сонымен
қатар экономиканың интернационализациясына әкеледі.
3. Белгілі бір идеологиялық прициптердің таралуы, яғни демократия приципі,
капиталистік кәсіпкерлік және нарықтық механизмдер.
4. Халықаралық қатнастардағы қоғамдық пікір мен үкіметтік емес ұйымдардан
трансұлттық қозғалыстар мен ұлттан жоғары (наднациональный) деңгейге
дейінгі әлемдік саясатта жаңа субьекттердің пайда болуы; мемлекетараалық
институттар мен халықаралық құқық жүйесінің дамуы.
5. Перспективада адам ағзасына әсер ететін жаңа құралдарды ойлап табу, яғни
ядролық, химиялық обьекттер, терроризм, экологиялық дағдарыс және
ресурстардың таусылуы осындай бұқараалық күйреумен байланысты қауіпсіздікке
төнетін қатерлердің трансұлтты және фундаментальді сипаты.
Жаңа әлемдік гемогонизация негізінде жеке тенденцияның болуын күдіксіз
тағы бір дәлелмен келтіруге болады [11, 77 б.].
Әлемдік қауымдастықта жаһанданудың бірінші талаптары алғашында біртекті
әлем құрылым мүмкіндіктеріне қарсы әрекеттері де көрінді. Жаһанданудың
логикасының өзі жаһандану әлемдегі ерекшелікті сақтап қана қоймай сонымен
қатар осы ерекшеліктердің жинағын да білдіреді. Сондықтан да кейбір
зерттеушілер жаһандану процесіндегі жалпы гемогенизация мүмкіндігін жоққа
шығарады.
Әлеуметтік кеңістік ешқашан біржақты болмаған және әлемдік қатынасты
кейбір көрсеткіштермен ғана сараптайтын (эканомикалық стратегия және
саясат) қазіргі жаһандану қатнастарымен процестері әлеуметтік кеңістіктің
біржақтылығын күшейтуге әсер септігін тигізеді. Әлемдік эканомикалық
жүйенің құрылымы әлем мемлекеттерінің дамуы бір қалапты емес екенін жоққа
шығармайды. Мысалы; орталық және периферияда болу жағдайы ұзақ уақыттың
практика нәтижесі тек қана эканомика саласында болмады.
Валлерстайн былай болжайды; әлемнің жеке аймақтарындағы теңсіздіктің
күшеюі әлем – экономика өзінен шығады. Капитал жинақтау жүйесінің болуы
ирархиялық жүйенің болуын талап етеді, бірақ содан түсетін табыс көздері
барлығына теңдей бөлінбейді[12, 74-82 бб.].
Экономист Д.Сорос былай деп тұжырымдайды; әлемдік капитализмнің жаңа
жүйесін империямен байланыстыруға болады, қаншалықты ол империя
периперияны иемденеді, немесе периферияның негізінен орталық қаншалықты
пайда көреді. Маңыздылығы сол әлемдік капитал жүйесінде империалистік
тенденция бар. Қазір қандай да нарық немесе ресурстар бар кезде ол тұрақты
болмайды, сонымен қатар әлі де оның орбитасына тартылмаған [13, 155 б.].
Бұл жағдайлар Ұлы Александр немесе Атилла Гұн империясынан өзгешелігі
аз, олардың экспанциялық ренденциялары олардың империясының құлдырауының
басы болды.
Россиялық постиндустриялық өркениеттер және жаһандану процесінің бірден
- бір атақты зерттеушісі В. Иноземцев мынандай тұжырым жасайды. Оның
ойынша жаһандану бір бағытты процесс болып қалады, әлемнің иллюзиялық
бірігуі дамыған елдердің күш салуымен анықталады. Ал Үшінші әлем елдерінің
белсенділігі американ социологы Сила Вен Хабиб атаған кері жағдайдан
көрінеді, банальный миграцияда периферия елдерінің халқы орталық
периферияға көшеді. Бүгінгі таңдағы периферия елдеріндегі мәдени және
әлеуметтік дәстүрлерге қызығушылығы ол дамыған елдерде антропологиялық
түрінде ғана болады.
Қазіргі кезде жаһандану процестері қандай нәтижеге алып келмесе де оның
негізі әлемдік эканомикалық капиталистік жүйенің қалыптасуымен қатар жүрген
мәдени - әлеуметтік қозғалыстардан көрінеді. Сонымен жаһандану Батыс
әлемінің периферияны игеруінің нәтижесі болып табылады, ол периферия
орталығының қарсыласуы жалғаса береді. Бұл қарсыласудың қасиеттері өзгереді
– орталық мемлекеттер постиндустриялды даму жағдайында тұрып өздерінің
басты назарын біліммен жаңа техналогияны игеруге аударады. Сондықтан да
олар бүгінгі таңда периферия елдерінің табиғи және еңбек ресурстарына
қызығушылығы сондай үлкен емес. Соңғы онжылдықта орталықтың периферияны
экспация жасауға емес, олардың бейқамдығы күшейді. Егер капиталдың ағыны
бүгінде де көп бағытта болса, потенциялды білім иелері тек қана
перифериядан орталыққа көшуде. Әлемдік маштаптағы әлеуметтік полиаризация
процесі қолмен бақылауға келмейтін болды.
Футуролоктардың айтуына қарағанда дамымаған дефресивті аймақтың
төмендеп бара жатқан экономикалық маңыздылығы міндетті түрде қоғамдық
назарды солардың мәселелерін қарауға итермелейді. Сонымен қатар Батыс
елдерінің өздеріндегі әлеуметтік теңсіздік мәселесі постиндустриялды
державалардың жеке аймақтарына әсер етеді[14, 123 б.].
Дамушы елдердің проблемасы мүмкін тіпті трагедиясы аталған процестердің
барлығы; әлеуметтік полиаризация, орталықтың дамуындағы теңсіздік,
периферия тасқын түрге ене бастады. Сан көрсеткіші бойынша постиндустриялды
эканомиканы қуып жетеге тырысқан дамушы мемлекеттер қалыптасқан
эканомикалық және мәдени - әлеуметтік арақашықтықты қысқарта алмайды.
Бұндай жағдайда артта қалушылықтан құтылу дамушы елдердің және жеке
мемлекеттердің дамуындағы ең басты мәселелердің бірі болмақ.

1.2 Жаһандану үдерісіндегі батыстық және шығыстық құндылықтар
жүйесі
ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. Батыс Еуропа елдерінде буржуазия ұлттық мемлекет құру
ұранын көтерді. Және осы ұранның арқасында Еуропада ұлттық мемлекеттер
пайда болды да. Бұл ұлттық мемлекеттер ұлттың өзін-өзі сақтау құралы
ретінде дүниеге келді. Бірақ, халықаралық құқық жүйесі ұлттардың
егемендігін бекіткенімен, мемлекет ұлттың өзін-өзі сақтау, даму құралы
болғанымен нақты өмірде бұлай болмады. Мұндағы бір парадокс ұлттық
мемлекеттер дәуірінде мемлекеттердің көбі түрлі ұлыстардан, этностардан
құралды. Барлық мемлекеттер осы ретте осы ұлыстардың әсіре ұлтшылдыққа
ұрындырмауға, сөйтіп, мемлекеттің тұтастығын бұзып алмауға ұмтылды. Ғылыми
теориясына жүгінсек ұлтшылдық дегеніміз бір мемлекетте тұратын екі немесе
одан да көп этностардың біреуі немесе барлығы бірдей өз ұлтының тілін
мемлекеттік тілге айналдыруды, билік органдарын өз өкілдерінің басқаруын,
мемлекеттің өзінікі болуын қалайды, сол үшін саяси тәсілдермен күреседі.
Ұлтшылдық кейбір тарихи кезеңдерде, бірде тұрғын халық отарлаушылардың
кетуін талап етіп, бірде екі ұлыс мемлекеттегі билікке, саяси ықпалға
таласып ел тұтастығына, ішкі тұрақтылық пен дамуға қауіп төндіруі мүмкін.
Мұндай ұлтшылдықтың тамырына Еуропада ертерек балта шабылды. Яғни,
өндірістік-индустриалдық мәдениет қалыптасып, этникалық мәдениеттерді
ығыстырып шығарды. Сондықтан, Еуропалықтар этникалық тұтастықтан гөрі,
мемлекеттік тұтастық, саяси бірлікті ұлт деп таныды. Батыс Еуропаның
қоғамдық ғылымында да бірнеше этнос бір мемлекетте бейбіт қатар өмір
сүретін болса, ол мемлекеттің жұртшылығы біртұтас ұлт болып есептелді.
Ал, Шығыс елдерінің тарихы, мәдениеті, индустриясының даму деңгейі
Еуропа мемлекеттерінің тарихынан, даму дәрежесінен, өркениетінен, діни
түсінігінен бөлек еді. Бұл елдердің мәдениеті де, ондағы ұлттардың
қалыптасу тарихы да басқаша өрбіді. Сондықтан, ұлт пен мемлекеттің жігін
ашып, ұлттық мемлекет деген ұғымды толық түсіну үшін біз ұлт, этнос
жайындағы ғылыми теорияларды шолып шығуға тиіспіз. Жаһандану жағдайында
көпұлтты Отанымызда қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшін ұлттық саясатта
қандай мақсаттарды таңдауға тиіспіз? Қазақстан халықтарын біріктіру үшін
қандай құндылықтарды насихаттау керек? Бізге бір ұлт болып ұйысу мүмкін
бе?,- деген сұрақтарға жауап беру үшін осы ұлт ұғымының ғылыми
тұжырымдамаларын сүзіп шығуға міндеттіміз. Батыс ғалымдарының түсінігі
бойынша және Батыс Еуропаның бүгінгі өмірінің ерекшеліктеріне қарағанда ұлт
дегеніміз – дамыған қоғамдағы этностың жетілген түрі. Ұлт дегеніміз -
феодалдық ыдыраңқылық жойылып, капитализм орнаған кезде, яғни шаруашылық
және басқа да экономикалық-кәсіби қатынастар күшейген кезде, жаппай
сауаттылық тарап, бір тілде әдебиет жазылып, білім беру мен өндірістік
қатынастар бір тілде жүргізілгенде, сол тіл арқылы ұлттық сана-сезім пайда
болғанда қалыптасатын тұтастық. Бұл анықтама Шығыс елдеріндегі ұлт
анықтамасына сәйкес келмегенімен, Еуропа елдерінің тарихына сәйкес, дұрыс
анықтама.
Шындығында Батыс Еуропа ұлттары капитализмнің арқасында қалыптасты.
Капитализм жеке меншік пен саудаға негізделген құбылыс, сондықтан ол
демократия шеңберінде ғана дамиды. Ал, демократиялық мемлекет бейбіт өмір
сүре алатын, біртұтас халықтың мемлекетінде ғана орнығады. Батыс Еуропада
жеке меншік сезімі, нарықтық қатынастар ерте бастан бекіді. Мұнда әр адам
еңбегі мен өнімін сатып, қаражат қорын жинайды. Ал, сауда жүру үшін бір
ғана тауар емес, алуан түрлі бұйымдар сатылуы керек. Бәсекеде озып шығу
үшін қаражат қорын өндірісті кеңейтуге салу қажет. Бұл капитализмнің
бастапқы талаптары ғана еді. Сауда мен бәсеке адамдарды өндірістің тиімді
жолдарын іздестіруге итермеледі. Адамның ғылымға құмар табиғаты да
индустрианың дамуына әсер етті. Осының өзі Батыс Еуропадағы ұлттық
мемлекеттердің нығаюына әкелді. Мысалға, Ұлыбритания мен Францияда 19
ғасырда қарқынды дамыған өндіріс ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. негізі қаланған ұлттық
мемлекетті мықты державаға айналдырды. Буржуазия бейбітшілік пен қоғамдық
тәртіпті орнататын мемлекетті пайдаланып қоғамды ұйымдастыруды, сол арқылы
өздерінің мәртебелерін, байлықтарын көбейтуге мүдделі болды. Бұған, олардың
патриоттық сезімдерін қосамыз. Сонда, капитализм мен өндірістік
технологияның дамуы ұлттық мемлекеттің негізгі институттарын, мысалға,
экономикада ішкі нарық пен өндіріс стандарттарының, әлеуметтік-мәдени
салада ортақ баспасөз бен білім беру жүйесін, саясат саласында
бюрократиялық орталық үкімет пен ортақ заңдарды, идеологиялық салада ұлттық
бірлік идеологиясын қалыптастырды [15, 239-240 бб.]. Сондықтан, ұлттардың
пайда болуы Еуропада демократиялық мемлекеттердің құрылуымен тікелей
байланысты болды. Ал, капитализм мен ұлттың қайсы бірінші пайда болды деген
сұраққа тарих әрқалай жауап береді. Мысалы, бірінші мәдени туыстық бойынша
саяси билік орнайды (Франция), содан кейін бұл билік тілді, мәдениетті,
әдебиетті барлық ұсақ ұлыстарға ортақ дүниеге айналдырады. Екінші бір елде
тілі, діні бөлек ұлыстардың үстінен бірінші саяси билік орнап, одан кейін
ортақ тіл, ұлттық символдар пайда болады (Италия). Дегенмен екеуі бір-
бірімен диалектикалық байланыста өріліп жатқан дүниелер. Феодалдық
ыдыраңқылық жойылғанда қай ұлыс қай астанаға бағынып кетті сол күйі ұлттық
мемлекет құруға кірісті. Мысалға, Италиян ұлтында түркі халықтарындағыдай
бір адамнан тараймыз деген аңыз да, ұлттық тұтас мәдениет те болмаған.
Италиян ұлты 19 ғасырда орталық үкімет пен халық арасындағы клиенттік
қатынастар арқылы бірікті. Яғни, ортақ нарық, ортақ саяси биліктің, ортақ
заңдардың арқасында ала шұбар халық бір ұлтқа айналды. 1860 жылы халықтың 3
пайызы ғана италиян тілінде сөйлейтін. Өндірісті, ғылымды, білім жүйесін,
баспасөзді, заңдарды орталық үкімет италиян тілінде дамытып әкеткендіктен
ғана қазіргі Италиан ұлты пайда болды [16, 94-95 бб.]. Үкіметтің ұлтты
қалыптастыруының жарқын мысалын біз Францияның тарихынан да көре аламыз.
1789 жылы Франция халқының жартысы француз тілін білмейтін.
Францияда 1833 жылы әрбір коммуна бір мектеп ашсын деген заң шығады.
1847 жылы мектептер екі есе көбейді. Мектептерде сабақ тек француз тілінде
жүрді. 1881 жылы бастауыш мектепте оқу тегін болды да, 1882 жылы бастауыш
мектепте оқу міндетті деп жарияланды. Сөйтіп, 1863 жылы халықтың 80 пайызы
французша сөйлей алатын дәрежеге жетті. 1880 жылы Бретон түбегіндегі жағдай
туралы Франция Үкіметіне берілген есепте түбекті Францияның құрамына қосып
алу үшін алдымен мектептер салу керектігі жазылған. Мектеп салудың маңызы
түбекті Францияға толық қосып береді және тарихи аннексия, мәдени
тұтастану процесін аяқтайды деп анықталған. Бірақ, бұл ғасыр демократияның
орнығуының алғашқы сатысы болғандықтан, француз тілінде оқытатын мектептер
зорлықпен салынды және балалардың санасына ұлттық патриотизм мектептер
арқылы қолдан сіңірілді. Француз тілін үйрене алмай, бретон тілінде
сөйлеп жүрген балаларды кемсіту, тіпті әкімшілік шара қолданып жазалау
тәсілдері кеңінен қолданылды [17, 15 б.]. Сөйтіп, Батыс Еуропа елдерінде
ұлттар азаматтық негізде, саяси бірліктің арқасында қалыптасты. Мемлекет
базарларында адамдар өз өнімдерін сату үшін немесе білім алып, заңдарды
пайдаланып, саяси карьера жасау үшін сол мемлекеттің заңдарын, тілін, білім
стандарттарын, яғни жоғары мәдениетін қабылдауға мәжбүр. Мұның атын ағылшын
этнологы Энтони Д. Смит азаматтық ұлт деп атады. Ол,- Капитализм белгілі
бір территорияда экономикалық интеграцияны күшейтіп, сауда мен айырбастың
дамуына жағдай жасады. Мемлекет салық жинау мен кейбір салаларда өзінің
монополиясын орнатудың, күш қолдану құқының арқасында қоғамда билігін
күшейте түсті. Біртіндеп мемлекеттің билігі жүретін жердің барлығына бірдей
стандарт кәсіптер мен біліктілік жүйесі орнады. Адамдардың білім алуын,
экономикалық машығын қалыптастыруды өз қолына алған мемлекет ұлтты жасап
шығатын қуатты тәрбие орны ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында
қалыптасып болды,- деп жазды. Мысалға, ХХ ғасырда Франциядағы негрлер мен
еврейлерге үкіметтің сыңаржақ саясаты қатты әсер етті. Олардың мәдениетін,
тілі мен дінін үкімет мүлдем ескерген жоқ. Олар сол әлеуметке сіңіп, өмірде
өз орындарын тауып кету үшін француз мәдениетін игеруге мәжбүр еді. Сөйтіп,
француз еврейлер, француз негрлер пайда болды. Бұл Францияның капиталистік,
индустриалдық мәдениетті француз мәдениетінің, француз тілінің негізінде
қалыптастырғанынан болды. Осындай индустриалды мемлекеттік мәдениетті
Еуропа ұлт деп түсінеді. Осы франция мәдениеті арқылы біріккен құрама
халық – Франция егемендігінің негізі болды. Яғни, заңдар мен әлеуметтік,
құқықтық институттардың ортақтығы ұлттық бірлік деп түсінілді. Батыс
Еуропаның ұлтты экономикалық-саяси бірлік деп түсінуіне тағы бір аса
маңызды фактор әсер етті. Бұл ХVІ ғасырда басталған процесс еді. Осы
уақытта рухани сала Еуропада реформацияның ықпалына түсті. Шіркеуді
тәркілеумен бірге, қоғамдық сананың діннен ажырауы жүріп жатты. ХVІІ
ғасырдың ортасынан бастап христиан әлемінде латын тілінің ролі төмендеді.
Бұл біріншіден христиандық шіркеудің өз ішінде жүріп жатқан ыдыраңқылыққа
байланысты болса, екінші жағынан буржуазия мен сауданың ықпалы артып,
Еуропаның жеке-жеке аймақтарындағы саяси һәм шаруашылық коммуникациялардың
күшейе бастағанына да байланысты еді. 17 ғасырдың ортасынан бастап Еуропада
латын тілінде кітап басу азайды. Еуропаны біріктіріп тұрған дін тілінің
құлдырауы өте терең тарихи процестің басталуына түрткі болды. Еуропаның
діни тұтастығы бұзылып, мұның соңы бұрынғы мемлекеттік-аймақтық
жікшілдіктің күшейе түсуіне ұласты [18, 78-79 бб.]. Сөйтіп, секуляризация
процесінің ықпалымен аймақтық діндер Еуропа ұлттарының қалыптасуында
негізгі роль ойнаған жоқ [19, 62 б.]. Сондықтан, Еуропада дін ұлттың
негізгі белгісі саналмайды. Ұлт ұғымы экономикалық-саяси бірлік
тұрғысында ғана қаралады. Ұлт сөзі Шығыстағыдай бостандық, ар-ождан, намыс,
имандылық, адалдық, айнымастық сияқты рухани-моральдық категорияларымен
байланысты емес. Батыс Еуропадағы тілдік бірлік негізінде қалыптасқан
азаматтық ұлттардың ортақ саяси биліктің ықпалымен қалыптасуының сыры да
осында. Яғни, әр түрлі ұлыстардың ұлттық мемлекеттерге бірігу кезінде
діннің жіктеуші, жауластырушы ықпалы болған жоқ. Сөйтіп, мұнда ұлттың
азаматтық негіздегі түсінігі қалыптасып шықты. Мысалға, қазір Шығыс
елдерінен барған адамдарды Франция азаматтығын алған соң француз деп атай
береді. Олар өздерінің мүдделерін мемлекеттік саясатқа енгізіп, мәдениетін,
тілін дамыту құқықтарын саудалай алмайды. Өйткені, мұндағы мемлекет пен
ұлттың арасы ажырағысыз. Индустрия жұмысының, кәсіби қатынастар мен білім
жүйесінің бір тілде қалыптасып қалған коммуникациялық әдетін иммигранттарға
бола өзгерту мүмкін емес. Сондықтан, адамдардың ұлты азаматтығына, яғни сол
мемлекетте қалыптасқан индустриалды жоғары мәдениетті қабылдауына қарай
анықталады. Батыс Еуропа мемлекеттерінде ХХ ғасырда халықтың ортақ
идентификациясын арнайы қолдан қалыптастыру проблемасы болған жоқ.
Осындай тарихи үдерістің нәтижесінде ұлттың қалыптасуын әр түрлі
тұрғыда қарастыратын түрлі концепциялар пайда болды. Бұл теориялардың бәрін
болмаса да негізгілерін талдап шығу бізге Еуропадағы мемлекеттердің мәдени
тұтастығының негізі, яғни мемлекеттік егемендік принципінің ерекшелігі мен
Шығыс елдерінің, соның ішінде Қазақстанның ұлттық егемендігінің
идентификациялық негіздерін түсіну үшін қажет. Ұлтты саяси-экономикалық
феномен деп санайтын тұжырымдамаларды конструктивистік теориялар деп
атайды. Осы теориялардың ішінде Еуропаның ұлт жайлы түсінігін біршама
толық сипаттаған Эрнест Геллнердің тұжырымы болды. Э. Геллнердің Ұлт және
ұлтшылдық атты еңбегінде ұлттың қалыптасуының Еуропаға тән себептері
талданған. Оның тұжырымы бойынша ұлттың пайда болуы индустрияның дамуымен
байланысты. Э. Геллнер кез-келген қоғамның ұлтқа айналуы жазу-сызудың,
стандарт кәсіптердің (индустрияның), сол кәсіптерді үйретіп, өндіріске
маман даярлап отыратын білім жүйесінің пайда болған кезінде іске асады деп
қорытады. Яғни, индустрия дамымай тұрып ұлт қалыптаспайды. Өйткені, ұлттың
түрлі кәсіп игеруге негізделген және жалпы ұлттық білім, заң стандарттары
арқылы интеграцияланған индустриалды мәдениетін тек ұлттық білім жүйесі мен
ортақ заңдары арқылы жасауға болады. Ал, бүкіл ұлттың білім жүйесін
қаржыландыру, яғни, оның мамандарын дайындау, кітабын шығарып, жекелеген
пәндерін дамыту, ғимаратын салып, методикасын жетілдіріп отыру мемлекеттен
басқа ешкімнің де қолынан келмейді. Жеке кәсіпкер болсын, мектеп пен жоғары
оқу орындарында балаларын оқытатын ата-аналар болсын мұндай аса маңызды
және сала-салаға бөлінген тармақты жүйенің жұмысын тұрақты түрде
қаржыландырып отыра алмайды. Сондықтан, мемлекет пен ұлт ажырағысыз ұғымдар
және индустриалды қоғамның ғана ұлт болып саналуға хақысы бар. Ал, аграрлы
немесе жартылай индустриалды мәдениеттер көп салалы, жоғары индустриалды
мәдениеттердің ықпалына төтеп бере алмай тарих сахнасынан кетеді [20, 110-
111 бб.]. Э. Геллнер ұлттың қалыптасуын индустриалды мәдениетпен
байланыстырғанымен, кез-келген ұлттың тамыры ежелгі этнографиялық-дәстүрлі
мәдениетте жатыр деп санайды. Бірақ, дәстүрлі этнографиялық мәдениеттің
толыққанды ұлттың қалыптасуына жеткіліксіз екенін айтады. Э. Геллнердің
пікірінше индустриалды мәдениет жазу-сызудың пайда болуына, іргелі ғылымдар
мен білім стандарттарына тәуелді. Яғни, ұлттың кез-келген өкілі сол ұлттың
мемлекеттік мәдениетін, ұғымдарын, стандарттарын қолданып қана өмір сүре
алады [21, 112-113 бб.]. Мемлекеттің міндеті де қоғамда мәдени ерекшелік,
түсініспеушілік тудырмау. Өйткені, көп салалы индустрия адамдар бір-бірін
еркін түсінген жағдайда ғана дамиды. Егер, мәдени ерекшелік туындаса ол
мемлекеттің, немесе білім жүйесінің өз жұмысын дұрыс атқармағаны болып
саналады. Білім жүйесінің міндеті өз кәсібін шебер меңгерген, тұтынушы
қоғаммен тығыз жұмыс істей алатын мамандар дайындап шығару [22, 75 б.].
Сөйтіп, тіл мен мемлекет Геллнер концепциясы бойынша ұлттың іргетасы. Бұл
тұжырым ұлттың бірлігін қамтамасыз етуді маңызды мақсат ретінде
белгілегенімен адамдардың этникалық ерекшеліктеріне мән бермейді.
Тұжырымдаманың мазмұны шыққан тегіне қарамастан адам белгілі бір қоғамның
мәдениетін, тілін меңгерсе ол сол ұлттың өкілі болып шыға алады, сондықтан,
ұлттық мәдениетті қолдан жасауға да болады деген пікірге саяды.
Ұлттық азаматтық негізде, мемлекеттен ажырағысыз етіп түсіндіретін
тұжырымдардың ішіндегі қабырғалысы Бенедикт Андерсонның ұлттық тұтастықтың
елесі концепциясы. Б. Андерсон Антропологияға сүйеніп ұлттың мынадай
анықтамасын ұсынамын: ұлт дегеніміз адамдардың ойындағы тұтастық елесі және
ол тұтастық егеменді қоғам түрінде елестейді,- дейді. Яғни, ұлт деген -
елес. Өйткені, ең шағын ұлыстың адамдары да бірін-бірі түстеп танымайды.
Тіпті түгелі бір уақытта бір жерге жиналмайды. Ұлт өкілдерінің тағдыры
туралы да жекелеп білмейді. Бірақ, ұлыс өкілінің есінде өзінің ұлт мүшесі
екені сақталады. Және ұлт әрқашан достық, туыстық қатынастар түрінде
елестейді. Дәл осы елес мыңдаған жылдар бойы адамдарды ерлік жасауға, жан
қиюға, бірін-бірі өлтіруге итермелеп келеді. Сондықтан болар белгісіз
солдаттан артық қазір ұлттық символ жоқ. Оның қабірінде ешкім жатпауы да
мүмкін. Бұл ұлттың адамдар санасында елес, идеал ретінде өмір сүретінінің
белгісі [23, 80 б.]. Андерсонның айтуынша бұл елестің күшті болатын себебі
Адамдардың түсінігінде ұлт -киелі феномен. Адам дүниеге келгенде ұлтын
таңдамайды. Сондықтан, ұлтты өзінің пешенесіне жазылған тағдыры, құдайдың
сыйы деп түсінеді. Сөйтіп, өз болмысына, өзінің жоқтан бар болып
жаралғанына құрмет сезімімен, аялай қараса, өзінің ұлтына да сондай ыстық
сезіммен қарайды. Кейде бұл өзін-өзі сақтау түйсігімен астасып та жатады.
Андерсон ...адамдардың санасындағы ұлттық тұтастықты сақтауға баспасөз бен
әдебиет еңбек етеді...,- дейді. Әсіресе, роман кейіпкерлері тарих пен
ұлттық мінездің елесінен туындайды. Кейіпкерлер дәл солай өмір сүрмеген
болуы, тіпті ондай адамдардың болмауы да мүмкін. Бірақ, ұлттық роман ұлт
тағдырындағы тауқыметтің, болмаса ерлік кезеңнің нақты елесін береді. Газет
оқу да іштен, үндемей отырғанда жүретін процесс. Газет оқыған адам өзі
сияқты миллиондаған адамдардың да сол мезетте тура сол газетті оқып
отырғанын бейсана түрде сезеді. Андерсоннның айтуынша осы баспа ісі пайда
болған кезде ұлтшылдық та адамдардың санасына сіңе бастады. 1520 жылдан
бастап Батыс Еуропада кітап басу ісі қарқынды дамыды. Кітап басу дамыған
сайын ұлттардың топтасуы да күшейді. Баспа ісі туыстас диалектілердің
бірігіп, ұлттық тілге айналуына әсер етті. Біртұтас тіл ортақ сана-сезімнің
қалыптасуына жағдай жасады. Бірінші, бірегей ұлттық коммуникация өрісі
пайда болды. Екінші, тіл тарихты, ұлттың өткенін, болашағын суреттеудің
құралына айналды. Тарихпен бірге ел қорғаған батырлар бейнесі, ұлттық мінез
түйткілдері, ортақ құндылықтар айқындалды. Үшінші, баспа тілі миллиондаған
адамдарға ортақ әкімшілік, билік органдарының ортақ тілін жасап берді [24,
85-86 бб.]. Сөйтіп, Б. Андерсон тілдері бір-біріне ұқсамайтын тайпалар
баспа тілі арқылы бірігіп ұлтқа айналды дейді. Яғни, бұл жерде де Э.
Геллнердің тұжырымындай адамның ұлтын анықтауда шыққан тегінен гөрі өзі
саналы түрде таңдап алған мәдениетіне мән беру басым. Геллнердің
тұжырымдамасы мен Андерсонның тұжырымдамасының ұқсастығы - ұлтты
мемлекетпен, капитализммен, территориямен біріктіріп түсіну, қан, тұқым
бірлігіне мән бермеу. Екі зерттеуші де мәдениет бірлігін қалыптастыру мен
сол мәдени бірлікті сақтаудың маңыздылығын анық көрсеткен. Бұл жалпы
мемлекетті сақтаудың, егемендікті нығайтудың әмбебап жолы. Мұны ескермесе
бұл тұжырымдар саяси жағынан піспеген, шикі тұжырымдар болар еді. Оның
ішінде екеуінде де тіл бірлігіне көп көңіл бөлінеді. Жалпы конструктивистік
теориялардың барлығы да ұлт мәдениетті қолдан жасау арқылы қалыптасады
деген тұжырымға негізделген. Бұл және өзінің жемісін берген, нақты өмірде
дәлелденген тәсілдер.
Жоғарыда сипатталған тұжырымдарды толықтыра түсетін тағы бір зерттеуші
Карлтон Хэйес. Оның пікірінше ұлт деп тілі мен мәдениетінің айырмашылығына
қарамастан бір мемлекетті мекендейтін халықтарды айта береді. Мемлекет
тұтастығын сақтау үшін барлық азаматтардың өздерін белгілі бір мәдениетке
жатқызғаны ауадай қажет. Ал, бұл ұлттық идентификация егемендіктің негізі.
Бірақ, ұлттар ұлттық мемлекетсіз де өмір сүруі мүмкін. Хэйес ХV-ХVІІ ғ.ғ.
ұлттық сананың қалыптасуына Еуропаның монархтары көп ықпалын тигізді -
дейді. Яғни, Монархты ұлттық бірліктің символы деп қарау арқылы алғаш
ұлттық сана қалыптаса бастады,- дейді. Бірақ, ұлттық сана-сезімнің
кемелденуі тек ұлттық білім беру жүйесі құрылғанда, барлық адамға бірдей
әскери борыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени жаһандану ұғымымен танысу
Жаһанданудың қазіргі заман теориялары
Жаһандану және аймақтану үрдістері: Жаңа аймақтану
Жаһандану процесі және оның салдары
Философия дәрістер
Қорқыт атаның өмір философиясы
Жаһанданудың қазіргі теориясы
Жаһанданудың негізгі теориялары
Жаһандық ақпараттық жүйе және халықаралық қатынастар
Жаһандану: мәні мен бастаулары
Пәндер