Unix операциялық жүйесі


Курстық жұмысты орындауға тапсырма

Студент: Жумадилова А. Н.

Тақырыбы: UNIX операциялық жүйесі

Аяқталған жұмысты тапсыру уақыты:

Жұмыс барысында қолданылатын бастапқы мәліметтер ( мазмұны, жұмысты сипаттайтын негізгі бөлім, қорытынды) .

Сызба материалдар саны: 13

Кіріспе

Компьютерлік технологияның қарқынды даму барысында компьютерлерге арналған түрлі программалық қамтамалардың да көбеюі жаңалық емес. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды құрылғылармен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін кез келген адамға өте қажет операциялық жүйенің алатын орны ерекше болып есептелінеді.

Операциялық жүйелердің түрлері көп. Олардың әрбіреуі өзінің мүмкіндіктерімен ерекшелінеді. Қазіргі кезде ЭЕМ қолданушыларының көбісі Microsoft Windows өнімдерін таңдауда. Мұндай таңдаудың себебі түсінікті. Бұл операциялық жүйелер ыңғайлы да, көрнекті жұмыс ортасын қамтамасыз етеді.

Дегенмен, мен өз курстық жұмысымның мақсаты ретінде осы Windows жүйелеріне қарағанда көптеген артықшылары бар жүйемен таныстыруды көздедім. Бұл операциялық жүйенің аты - UNIX. Оның көптеген ерекшеліктерімен сіз курстық жұмысты оқу барысында таныса аласыз.

1 UNIX операциялық жүйесінің қысқаша тарихы.

Сіздің компьютерде қандай операциялық жүйе (AIX, BSD, HP/UX, Uirix, SINIX, SVR 4, SunOS, Solaris, Linux) орнатылған, сіз UNIX операциялық жүйесін қолданасыз деп айтуға болады.

UNIX- тің бірінші версиясын 1969 жылы Ритчи мен Томпсон құрды. 1973 жылдың соңында олар бұл версия туралы мақала жазды (1974 жылдың маусымында жарыққа шықты) . Нәтижесінде жаңа және пайдалы операциялық жүйесіне сұраныс көбейе бастады. Бірақ АТ&Т компаниясы бұл операциялық жүйені таратқысы келмеді де, олар бұл жүйені оқу орындарына пайдалануға берді. Сондықтан пайдаланушылар (университеттік есептеу орталықтарының өкілдері) бір-бірімен байланысып қызмет істеуге мәжбүр болды. Олар қателерді түзетті, пайдалы программаларды, утилиттерді құрып, ортақ пайдаланды. Нәтижесінде UNIX версияларының тізбекті сериясы пайда болды. Бұл версияларды Bell Labs компаниясы таратты (оныншы және соңғы версиясы 1960 жылы пайда болды) .

1970 жылдың соңына дейін UNIX-тің барлық жүйелерін AT&T компаниясы таратты. 1978 жылы Питер Вейнер мен Хайнц Миклама басқарған Interactive Systems UNIX-тің бірінші коммерциялық версиясын шығарды, ал Whitesmiths компаниясы (П. Дж. Плаугера) Idris атын алған UNIX-тің бірінші клонын шығарды.

AT&T компаниясы Interactive Systems, Whitesmith және т. б. компанияларға әсер тигізуге мүмкіндіктер болмады. Сондықтан UNIX жүйесінің көптеген түрлері пайда болды. А қосымшасының 1-суретінде UNIX тұқымдасының алғашқы версияларының өзара байланыс бұтағы көрсетілген. Ал Б қосымшасының 2- суретінде UNIX операциялық жүйелерінің соңғы версияларының бұтағы көрсетілген.

2 Файлдар мен каталогтармен жұмыс

Кейбір программалар ақпаратты файлдар түрінде сақтайды. Бұл файлдар ASCII немесе текстік файлдар деп аталады. ASCII файлын көру үшін UNIX-те Cat командасы қолданылады. Cat $ profile HOME/. ( егер сіз Bourne немесе Kern қабықшаларын қолдансаңыз) теріңіз немесе Cat SHOME/. login- сіз өз каталогыңыздасыз. (С қабықшасы үшін) .

А) Каталогтарды қалай құраймыз.

CD → Enter Каталогты құру үшін mkdir командасын қолданыңыз. Мысалы: mkdir poems

Poems каталогының құрылғанын көру үшін ls командасын теріңіз.

Ә) Каталогтар бұтағы.

Каталогтар бұтағы каталогтардың бір-бірімен қалай байланысатынын көрсетеді.

( t) - түбір каталогы

home

spike

workpoems

apps utils

errors

sec3

sec1

sec2

Каталогтың ішінде орналасатын каталог ішкі каталог деп аталады.

Мысалы: sec1, sec2, sec3-errors каталогының ішкі каталогтары.

Б) Қандай файлдар қайда орналасқанын қалай білуге болады?

  1. /bin- /usr/bin каталогына сілтеме. Негізгі қолданушы командалары құрайды. Олар:cd, ls, mkdir, rm, rmdir.
  2. / dev- мұнда құрылғыларфайлдары сақталады. Бұл файлдар компьютердің аппараттық құрылғылармен байланысады.
  3. / etc -UNIX-ті жүктеу үшін ақпараттың үлкен бөлімін құрайды. Мысалы, мұнда passwd және inittab қажетті файлдар сақталады.
  4. / home -қолданушылардың барлық каталогтары сақталады. Егер сіздің атыңыз spike, онда каталогтың аты /home/spike
  5. /lib- / usr /lib каталогтарына сілтеме. С тілінің компиляторымен қолданылатын кітапханалардықұрайды.
  6. / sbin -UNIX ішкі қолданудың барлық программаларды құрайды. Сонымен қатар администратордың барлық командаларын құрайды
  7. /stand -мұнда UNIX-тің ядросы сақталады. Ядро - UNIX-тің миы (нерв жүйесі, мозг) . Ядро жадыға жүктелінеді және жұмысын басқарады.
  8. / tmp- уақытша файлдардың сақталынатын орны. Өз файлдарыңызды бұл каталогта сақтамаңыз.
  9. / usr- басқа каталогтарда жоқ нәрсе. Бұл каталогтардың ішкі каталогтарда әр түрлі программа блоктары сақталады.

10. / var - spood (баспа кезінде пайдалынылатын) және mail (қолданушылардың келетін поштасын сақтау үшін қолданылады) каталогтарды құрайды. Сонымен қатар кейбір толықтауыш (қосалқы) файлдарды құрайды.

В) Файлдар мен каталогтарды жою

mypoem - файлын жою үшін rm командасын қолданамыз:

rm mypoem

DOS-қа қарағанда (файлдар UNDELETE командасы арқылы қайта құрылады)

UNIX-те файл өшірілгеннен кейін қайта құра алмайды.

Utils каталогын жою үшін rmdir командасын қолданамыз:

rmdir utils

Каталогты жою үшін ең алдымен осы каталогта орналасқан файлдарды жою керек. Мысалы, apps каталогын жоятын болсаңыз сізге мынадай баяндама беріледі:

UX: rmdir: ЕRROR: Directory is not empty

Бұл баяндама каталогта көрінбейтін файл бар екенін көрсетеді. Көрінбейтін файлдарды көру үшін ls-a - командасын теріңіз. Егер көрінбейтін файлдар бар болса, онда rm - командасы арқылы оларды жойыңыз. Содан соң каталогқа қайтадан кіріп, оны жойыңыз.

2. 1 Толық және салыстырмалы жолдар

Әрбір файл UNIX-тің белгілі бір орында орналасқан. Бұл орынды көрсету үшін толық және салыстырмалы жолдар пайдаланылады.

Толық жолды көрсету. Файлдың орны каталогтар тізімінің көрсетуімен анықталады. Бұл тізім түбір каталогтан басталып,

Файл құрайтын каталогқа дейін жүреді. Мысалы, егер spike пайдаланушыда sec3 каталогында error301 файлы бар болса, онда осы файлдың орны былай беріледі:

/home/spike/work/errors/sec3/errors301

Бұл әдіс файлдың толық жолын көрсетеді.

Егер сіз команданы мынадай түрде берсеңіз:

[s/home/spike/work/errors/sec3/errors301

Сіз қайда болсаңызда файлды таба аласыз.

Салыстырмалы жол. Сіз errors каталогында делік. Егер сіз мына түрде команданы терсеңіз, не болатынын байқайық:

Ls sec3/errprs301.

Ls командасы ағымдағы каталогта sec3 каталогын іздейді. Содан соң sec3 каталогында errors301 файлын табады. Sec3-ң алдында көлбеген сызықша жоқ. Бұл ls командасы ағымдағы каталогта іздеуді көрсетеді. Алдыңғы мысал көлбеген сызықшамен басталады. Ls командасы іздеуді түбір каталогтан бастайды.

Мұнда сіз салыстырмалы жолды көрсетесіз, өйткені сіз қазір қай каталогта орналасқанына байланысты орынды бересіз.

Енді келесі әрекетті орындаңыз. /usr каталогына кіріңіз. (cd/usr-ді теріңіз) . Осыдан кейін ls- ті теріңіз. Сіз /usr каталогында не бар екенін көресіз. Енді ls lib-ті теріңіз. /usr/lib каталогтың ішіндегісін көру үшін сіз салыстырмалы жолды пайдаланыңыз.

/usr/lib каталогының ішіндегісін өзінің жеке каталогынан шықпай көре аласыз. Жеке каталогына кіру үшін cd теріңіз. Енді толық жолды пайдалана отырып /usr/lib каталогының ішіндегісін көріңіз . ls/ usr / lib теріңіз. Егер сіз ls /usr/lib (көлбеген сызықшасыз) терсеңіз, онда бұл қате болады, себебі ls командасы usr каталогын таба алмайды. (usr каталогы сіздің жеке каталогыңызда жоқ) .

2. 2 ls командасының опциялары

1. ls -а - каталогының барлық файлдарын көру үшін UNIXWare-ның ls командасында 20-ға жуық опциялар бар. -а опциядан басқа -F, -l, -t опциялары бар.

2. -F - файл типінің ақпаратын береді. Мысалы, ls -F/etc теріңіз. Сіз В қосымшасының 3-суретінде берілген файлдар тізімін көресіз.

3. ls-l- файлдар мен каталогтар туралы толық ақпаратты береді.

4 . ls-t- мерзім бойынша файлдарды сұрыптау.

Man ls команданы теріңіз, сіз ls- тің барлық опцияларын көре аласыз.

2. 3 Шаблондар арқылы тізімдерді көріп шығу

Кейбір жағдайларда каталогтың жек файлдар тобын көруді талап етеді. Ls командасы арқылы оңашаланған файл туралы ақпарат шығарылады. Мысалы, ls- 1 error1 error1 файлының ұзын листингін береді. Осы типті барлық файлдар аттарын қалай шығаруға болады? Бұл үшін шаблондар - жұлдызша “*” және сұрақ белгісі “?”.

Жұлдызша қандай да бір символдар тобын ауыстырады. Мысалы, “е”әріптен басталатын барлық файлдарды көру үшін

ls e* теріңіз. Жұлдызша файл атының қандай да бір жерде орналасуы мүмкін.

“?” шаблоны қандай да бір оңашаланған символды ауыстырады.

ls ? командасы аттары бір символдан тұратын файлдарды көрсетеді.

ls ?? командасы атары 2 символдан тұратын файлдарды таңдайды.

2. 4 Cat, pg және more командалары арқылы файлдарды көру

Cat командасы арқылы кіші файлдардың ішіндегісін көріп шығу үшін арналған. Осы команданың әрекетін көрелік .

Cat /etc/ group-ті теріңіз. Бұл кіші файл UNIX жүйесінің топтар туралы ақпараттан тұрады. Сонымен қатар /etc/ passwd файлын көріңіз. Cat /etc/ passwd-ні теріңіз. Рasswd файлы жүйеге келетін барлық кіріктірулер туралы ақпараттан тұрады.

Cat /etc/myfile-командасын теріңіз. Бұл команда myfile файлының ішіндегісін шығарады.

Pg және more командалары үлкен файлдар үшін пайдалынылады. Мore командасы Pg командасы қарағанда ескі, бұл команда UNIX-тің барлық версияларында бар.

Мore /tmp/myfile-ды теріңіз. Бұл коианда бір экранда юолатын файлдың бір бөлігін шығарады. Бұл файлдың бір бөлігін шығарады. Бұл файлдың бір бөлігі Г қосымшасының 4-суретінде беріледі. Келесі мәтіндік экранды көру үшін Spacebar пернені басыңыз. Мore командасын болдырмау үшін және UNIX командалық жолға өту үшін Q перенесін басыңыз.

Pg командасы Мore командасы сияқты экран өлшемді мәтінді шығарады. Бірақ мәтін бойынша алға қарай және артқа қарай жылжу басқа пернелер қолданылады. Мысалы, үшін Pg /tmp/myfile-ды теріңіз. Сіз Г қосымшаның 5-суретінде берілгенін көресіз. Келесі экранды көру үшін Enter пернесін басыңыз .

Файл бойынша бүкіл экран артқа қарай жылжыту “-” пернесін басыңыз, содан соң Enter -ді басыңыз. Файлдың басына өту үшін 1 пернесін және Enter -ді басыңыз. Режимден шығу үшін Q-пернесін, Enter -ді басыңыз.

2. 5 Өңдеудің негізгі элементтері - vi редакторын пайдалану

Vi редакторы - UNIX операциялық жүйесінде ең танымал мәтіндер редакторы. Бұл толық экрандық редактор болып саналады. Ол UNIX-тің барлық жүйелеріне қол жеткізуге болатын редактор. UNIX-тің басқа редакторлары - cd (жолдық редактор) және emacs (толық экрандық) .

Vi редакторын іске қосу үшін vi- ды теріңіз. Сіз сол жағында қисық сызықшалары бар (тильдалар) бос экранды көресіз. (Д қосымшасының 6-сурет) .

Тильда экранда жол бос екенін көрсетеді. Егер сіз сол жолға бір нәрсені жазсаңыз, тильда жойылады.

Сіз vi- ды файл атымен тере аласыз. Мысалы, vi mypoem. Егер бұл файл жоқ болса, онда сіз бос экранды көресіз. Сіз mypoem атты жаңа файлды ашқаныңызда экранның төменгі жағында көрсеткен баяндамада білесіз. Мысалы, егер vi mypoem-ді терсеңіз және mypoem - файлы жоқ болса, онда сіз мынаны көресіз:

“mypoem” [Newfile]

Ескерту: Vi- да мәтінді енгізгенде, ол жедел жадыда сақталынады. Бірақ мәтін файл ретінде қатты дискіде сақталынбайды. Ол сақталыну үшін w немесе ZZ-пернелерді теру керек.

Енді vi- редакторы іске қосылады, бірақ сіз бірден жаңа мәтінді тере алмайсыз, себебі сіз командалық режимдесіз. Сізге енгізу режиміне өту керек. Бұл режимге өту үшін а, А, І, о немесе О - пернелерінің біреуін басу керек.

команда: команда
әрекеті: әрекеті
команда: a
әрекеті: Курсордан кейін мәтінді қосып енгізеді (append - қосу) . Егер а пернесін бассаңыз, курсор бір орынға қарай жылжиды және сіздің мәтініңіз курсордың орнына тұрады.
команда: А
әрекеті: Жолдың соңына мәтінді қосып енгізеді. Егер А - пернесін бассаңыз, курсор жолдың соңына символдан кейін орналасады және курсор белгіленген орнына бастап мәтініңіз орналасады.
команда: i
әрекеті: Курсордың орнына мәтінді қояды (insert) . Егер i - пернесін бассаңыз, курсор орнында қалады, ал мәтін курсордың алдында орналасады.
команда: I
әрекеті: Мәтінді жолдың басына орналастырады. Курсор жолдың бірінші символына көшіп, мәтін бұл символдың алдынан бастап қосылады.
команда: o
әрекеті: Ағымдағы жолдың астында жаңа жолды құрастырады және мәтінді қосып енгізеді. Курсор астында тұрған жолдарды бір жолға төмен орналастырып, келесі жолға көшеді. Мәтін жаңа жолға қосылады.
команда: O
әрекеті: Ағымдағы жолдың үстіне жаңа жолды құрастырады. Курсор сол жолда қалады, бірақ мәтін бұл жолдан бір жолға төмен қарай түседі. Мәтін ағымдағы жолдан жоғары орналасқан жаңа жолға қосылады.

Енгізу режимінен командалық режимге өту үшін Esc басыңыз.

2. 5. 1 Курсорды өңдеу және орын ауыстыру командалары

Команда: Команда
Әрекеті: Әрекеті
Команда: j
Әрекеті: Курсорды бір жолға төмен қарай жылжытады. (↓ - белгіні қолдануға болады) .
Команда: k
Әрекеті:

Курсорды бір жолға жоғары қарай жылжытады.

(↑ - белгісін қолдануға болады) .

Команда: h
Әрекеті:

Курсорды бір символға солға қарай жылжытады.

(← - белгіні қолдануға болады) .

Команда: I
Әрекеті:

Курсорды бір символға оңға қарай жылжытады.

(→ - белгісін қолдануға болады)

Команда: H
Әрекеті: Курсорды экранның сол жақ жоғары юұрышына орналастырады.
Команда: G
Әрекеті: Курсорды құжаттың соңына орналастырады (соңғы жолдың бірінші символы)
Команда: lG
Әрекеті: Курсорды құжаттың басына орналастырады (соңғы бірінші символы) . G-мен бірге басқа нөмірдерді қолдануға болады.
Команда: Ctrl+f
Әрекеті: Курсорды бір экранға алға қарай жылжытады.
Команда: Ctrl+b
Әрекеті: Курсорды бір экранға артқа қарай жылжытады.
Команда: $
Әрекеті: Курсорды ағымдық жолдың соңына орналастырады.
Команда: O
Әрекеті: Курсорды ағымдық жолдың басына орналастырады.
Команда: W
Әрекеті: Курсорды бір сөзге алға қарай жылжытады (келесі сөздің бірінші символына)
Команда: B
Әрекеті: Курсорды бір сөзге алға қарай жылжытады.
Команда: е
Әрекеті: Курсорды ағымдағы сөздің соңғы символына орналастырады.
Команда: r
Әрекеті: Курсор белгілеген символды алмастырады.
Команда: R
Әрекеті: Esc-ді басқанша шейін алдында терілген мәтінді алмастырады.
Команда: U
Әрекеті: Соңғы өзгертуді бұзады. U-ды қайталап бассаңыз бұрынғы нұсқаны қайтарады.
Команда: х
Әрекеті: Курсор белгіленген символды жояды.
Команда: dw
Әрекеті: Ағымдық сөзді өшіреді.
Команда: dd
Әрекеті: Ағымдық жолды жояды.
Команда: Cw
Әрекеті: Ағымдық сөзді өзгертеді.
Команда: C
Әрекеті: Курсордан бастап жолдың соңына дейін жолдың бір бөлігін өзгертеді. Esc-ді басқанға дейін тергеніңіздің барлығы берілген жолдың бір бөлігін өзгертеді.
Команда: D
Әрекеті: Курсордан бастап жолдың соңына дейін барлық символдарды жояды.
Команда: /
Әрекеті: Мәтінді іздеуді іске асырады.
Команда: ZZ
Әрекеті: Барлық өзгертулерді жадыда сақтайды және vi-дан шығады.

2. 6 Vi-редакторында мәтінді теру

Құжатты құрайық, vi myfile-ды теріңіз. Енді сіз тильдалары бар бос экранды көресіз. Енгізу режиміне өту үшін а- командасын басыңыз. Енді төменде келтірілген қателері бар мәтінді теріңіз.

This is my first document in vi.

I`m going to learn about input and command mode.

I`ll be a vi wizard in no time at all

Мәтінді енгізгеннен кейін → командалық режимге өту үшін Esc-ді басыңыз. Курсор соңғы жолдың соңғы символында орналасу керек. (all сөзінің екінші l әрпі) .

2. 6. 1 Мәтінмен жұмыс

Егер сіз қайтадан мәтінді оқысаңыз, “document” сөзінде “о” әрпі қалып қойғанын көресіз. Бұл қатені түзету үшін, бірінші жолға өту үшін екі рет к -ны басыңыз. Курсорды “d” әрпіне орналастыру үшін {“document” сөзінде} b-ны бірнеше рет басу керек.

Енді а -ны, содан соң о -ны басыңыз. (мұндағы “a” - команда, “o” -символ) . Командалық режимге өту үшін Esc-ді басыңыз.

Енді “all” сөзді 2-ші жолдың “about” сөзінің алдына жазып қою керек. Ол үшін сіз курсорды бір жолға төмен қарай түсіресіз (j - командасын басыңыз) . Қазір курсор “leam” және “about” сөздерінің арасында тұр. Курсордың орнына мәтінді орналастыру үшін і-ді басыңыз. Кейін Spacebar пернені басыңыз, all сөзді теріңіз.

Енді бұл жолда “and” сөзі екі рет жазылғанын көресіз. W-ні үш рет басыңыз (курсорды бірінші “and” сөзіне орналастыру үшін) . Сөзді өшіру үшін d-ны басыңыз, содан соң w-ны басыңыз.

Енді соңғы жолда жазылған “wizard” (сиқыршы) сөзін “expert” (эксперт) сөзімен алмастырайық. Ол үшін “/” пернені басыңыз. Көлбеген сызықшадан кейін wizard-ті теріңіз және Enter-ді басыңыз. Курсор бірден “wizard”сөзінің алдына көшіріледі. Сөзді өзгерту үшін w-ны басыңыз. Expert - cөзін теріңіз және Esc-ді басыңыз.

Соңғы жолда нүкте қалып қойғанын көреміз. Бұл қатені түзету үшін алдымен А-ны, содан кейін “нүкте” - пернені басыңыз. Соңғы жолда нүкте пайда болады. Командалық режимге өту үшін Esc-ді басыңыз.

2. 6. 2 Vi - редакторынан шығу

Бұл файлды сақтау үшін zz-ті басыңыз. Сіздің мәтініңіз myfile -файлында сақталынып, сіз UNIX-командалық жолға өтесіз.

Vi-дан шығу үшін басқа да әдістер бар. Мысалы, файлды сақтап шығу үшін wq-ды енгізіп, Enter-ді басыңыз. Файлды сақтамай шығу үшін q-ды, кейін Enter-ді басыңыз.

2. 7 Файлды баспаға шығару

lp -командасы vi редакторында құрылған файлды баспаға шығару үшін қолданылады. lp -командасы lp -жүйесінің юөлігі болып саналады. Ол lp командасынан, ақпаратты баспаға шығаратын буферінен және баспаға шығаруды ұйымдастырудың командаларынан тұрады.

Егер сіз lp командасы арқылы файлды баспаға шығарсаңыз, онда сіз міндетті түрде баспа файлдар программасына сауал (print request) бересіз.

2. 7. 1 UNIX-те баспаны ұйымдастыру

UNIX-те бірнеше бір-біріне тіркелген баспа құрылғылары бар. Әрбір баспа құрылғысына өз аты берілген. Файлды баспаға шығару үшін қолданылатын баспа құрылғысының атын бересіз.

Кеңес: Ipstat-t - командасы арқылы сіздің жүйеңізде қандай баспа құрылғылар қолайлы екенін анықтайды.

Сіз баспа құрылғысының түрін білуіңіз керек. Мысалы, бұл PostScrlPt болуы мүмкін.

Сіз файлдың екі түрін баспаға шығара аласыз. Олар: ASCII-файл (vi-редакторында құрылған) және ішінде суреті бар PostScrlPt -файлы. PostScrlPt - файлын баспаға шығару үшін опцияны пайдалану керек. Мысалы, сізге toger. pc атты PostScrlPt файлын баспаға шығару керек. - Tpostscript опциясы файл PostScrlPt - файл екенін баяндайды. Psdos атты принтерінде файлды баспаға шығару үшін lp-dpsdos TrostScrlPt tiger. ps - командасын енгізу керек.

Егер myfile атты файлын баспаға шығарғыңыз келсе, онда lp-dpsdos myfile-ды теріңіз. -d опциясы командаға қандай баспа құрылғыны қолдануға болатынын баяндайды. Мысалы, егер баспа құрылғысының аты hpjet 1, онда - dhpjet 1-ді тересіз.

2. 8 Pr - командасы арқылы форматтау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйе (ОЖ)
Информатика курсын программалық қамтамасыз ету
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (ms-doc, nc, os/2,unix, windows, оның түрлері
Windows операциялық жүйесінің түсінігі мен қызметі
Unix операциялық жүйе
Операциялық жүйелер,оның дамуы және түрлері ( MS-DOS,NC,OS/2,UNIX,Windows, оның түрлері)
Linux ядросының алғашқы нұсқасы
Мәтіндік процессор
Операциялық жүйелер тарихы
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері) жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz