Қазақстан бойынша саяхат



1. Солтүстік Қазақстан
2. Бурабай
3. Баянаул
4. Наурызым қорығы
5. Оңтүстік Қазақстан
6. Байқоңыр космодромы
7. Ақсу.Жабағылы
8. Алтын.Емел
9. Бес.Шатыр қорғаны
10. Тамғалы.Тас Петроглифтері
11. Әнші шағылдар
12. Ақтау тауы
13. Түрген шатқалы
14. Ыссық қорғаны
15. Ыссық көл
16. Шарын арнасы
17. Іле өзені
18. Үлкен Алматы көлі
19. Көлсай көлі
20. Қайыңды көлі
21. Хан Тәңірі
22. Оңтүстік Қазақстанның «Алтын Сақинасы»
23. Туркістан
24. Арыстан.Баб
25. Отырар
26. Сауран
27. Домалақ Ана
28. Тараз
29. Айша.Бибі кесенесі
30. Батыс Қазақстан
31. Қарагие ойпаты
32. Тамшылы
33. Шығыс Қазақстан
34. Белуха тауы
35. Марқакөл қорығы
36. Алакөл көлі
37. Қиын.Керіш
38. Қозы.Көрпеш .Баян.Сұлу кесенесі
39. Орталық Қазақстан
40. Сарыарқа
41. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи парк
42. Қарасор көлі
43. Балқаш көлі
Солтүстік Қазақстан Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарынан тұрады. Өңір республиканың қиыр шығысында Есіл, Тобыл және Обаған өзендерінің бассейнінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай Солтүстік Қазақстан 1300 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай - 900 км-ге созылып жатыр.
Басты өзендері - Ертіс пен оның екі қолы Есіл мен Тобыл. Барынша ірі көлдер Қостанай облысындағы Құсмұрын мен Сары Қопа, Ақмола облысында Теңіз бен Қорғалжын, Солтүстік Қазақстан облысында Шағала, Шортан және Бурабай.
Кейбір көлдер емдік минералдық тұздарымен және лайларымен белгілі (Павлодар облысында Мойылды көлі, Солтүстік Қазақстан облысында - Майбалық). Климат - шұғыл континентальды, бірақ республиканың өзге аудандарынан барынша қоңыр салқын жазғы және қысқы уақытта барынша төмен температуралармен ерекшеленеді.
Көкшетеу тауларының, ормандар мен көлдерінің қайталанбас бедері, Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауыл құздары, Қоғалжын қорының өсімдік пен жануарлар әлемінің байлығы - адам баспаған табиғат бөлшегі ретінде өзіңді сезіндіретін қалпы бар.
Бурабай
Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан, нағыз оазис Көкшетау бар. Географиялық тұрғыдан бұл бұрыш Көкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жол көрсетушілер оны «Қазақстандық Швейцария» деп атайды. Бір ескі аңызда былай делінген: «Алла тағаламыз әлемді жарату кезінде - бір халыққа бай орман, нулы өріс пен кең өзендер, өзгелеріне әдемі таулар мен көгілдір көлдер берілді. Қазаққа тек кең дала тиді. Қазақ бұған өкпелеп, Жаратушыдан табиғат әсемдігінен де бір бөлшегін беруді сұрайды. Сонда Алла тағала өзінің қоржынынан қалғанын алып шығып шетсіз-шексіз далаға әдемі таулардың, шатқалдар мен жалтылдаған таза көгілдір сулы көлдердің қалдықтарын шашып тастады, оған қоса гүлге оранған жап-жасыл көк, салқын сулы бұлақтар мен күліп аққан қайнарлар да берілді. Тауларға түрлі түсті ағаш пен бұтақтардан өрілген кілем төсеп, оның ішіне аң-құстар, көлдерге - балық, жасыл шөпке - жан жақта кездесе бермейтін жәндіктер мен көбелектерді жібереді. Осылайша Бурабай дүниеге келеді. Орынның ең жоғары нүктесі - Көкшетау тауы. Одан оңтүстікке қарай Бурабай (690 м) - айрықша панорамалық нүкте орналасқан. Бурабай - бұл түйе. Одан оңтүстікке қарай Шортан төбешіктері орналасқан, оның ішінде ең үлкені Жеке батыр деп аталады (826 м).
Бурабай көлдері туралы айтпай кету мүмкін емес. Олардың саны көп. Ормандардың жасыл бетінде Шортанды, Бурабай, Үлкен және кіші Шабақты, Қотыркөл жарқырап жатыр. Көкшетау қырынан тағы да кіші көлдер: Ашық, Табан, Таулы, Аққулы көлдері көрінеді. Бурабайдың ең көрнекі орны Бурабай атаулы көгілдір шығанақ. Шығанақ суынан сфинксті елестетіп тікелей Жұмбақтас көтеріледі, орманды қыраттар алдынан Оқ жетпес көтеріледі, оның шыңы пілге ұқсайды. Осы жерде әр таумен байланысты өзінің аңызы бар. Сфинкс, мысалы оған әр жақтан қарасаңыз шашы желге желбіреген қыс келбетін, одан кейін әйел және кейіннен кемпір суретін көруге болады.
Бурабай қай ертегіден де қызықты. Таулар, қылқан жапырақты ормандар мен көлдер жер бедерінің қайталанбас сұлулығын тудырып қана қоймай ерекше емдік климат береді. Бұл жерде көптеген шипажайлар, туристік базалар мен мейрамхана, барлар, дүкендер мен дискотекалары бар пансиондар таба аласыз.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан бойынша саяхат
Қазақстан бойынша саяхат

Солтүстік Қазақстан

Солтүстік Қазақстан Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және
Қостанай облыстарынан тұрады. Өңір республиканың қиыр шығысында Есіл, Тобыл
және Обаған өзендерінің бассейнінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай
Солтүстік Қазақстан 1300 км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай - 900 км-
ге созылып жатыр.
Басты өзендері - Ертіс пен оның екі қолы Есіл мен Тобыл. Барынша ірі
көлдер Қостанай облысындағы Құсмұрын мен Сары Қопа, Ақмола облысында Теңіз
бен Қорғалжын, Солтүстік Қазақстан облысында Шағала, Шортан және Бурабай.
Кейбір көлдер емдік минералдық тұздарымен және лайларымен белгілі (Павлодар
облысында Мойылды көлі, Солтүстік Қазақстан облысында - Майбалық). Климат -
шұғыл континентальды, бірақ республиканың өзге аудандарынан барынша қоңыр
салқын жазғы және қысқы уақытта барынша төмен температуралармен
ерекшеленеді.
Көкшетеу тауларының, ормандар мен көлдерінің қайталанбас бедері, Павлодар
облысының оңтүстігінде Баянауыл құздары, Қоғалжын қорының өсімдік пен
жануарлар әлемінің байлығы - адам баспаған табиғат бөлшегі ретінде өзіңді
сезіндіретін қалпы бар.
Бурабай
Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында
таңғажайып аудан, нағыз оазис Көкшетау бар. Географиялық тұрғыдан бұл бұрыш
Көкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жол көрсетушілер оны
Қазақстандық Швейцария деп атайды. Бір ескі аңызда былай делінген: Алла
тағаламыз әлемді жарату кезінде - бір халыққа бай орман, нулы өріс пен кең
өзендер, өзгелеріне әдемі таулар мен көгілдір көлдер берілді. Қазаққа тек
кең дала тиді. Қазақ бұған өкпелеп, Жаратушыдан табиғат әсемдігінен де бір
бөлшегін беруді сұрайды. Сонда Алла тағала өзінің қоржынынан қалғанын алып
шығып шетсіз-шексіз далаға әдемі таулардың, шатқалдар мен жалтылдаған таза
көгілдір сулы көлдердің қалдықтарын шашып тастады, оған қоса гүлге оранған
жап-жасыл көк, салқын сулы бұлақтар мен күліп аққан қайнарлар да берілді.
Тауларға түрлі түсті ағаш пен бұтақтардан өрілген кілем төсеп, оның ішіне
аң-құстар, көлдерге - балық, жасыл шөпке - жан жақта кездесе бермейтін
жәндіктер мен көбелектерді жібереді. Осылайша Бурабай дүниеге келеді.
Орынның ең жоғары нүктесі - Көкшетау тауы. Одан оңтүстікке қарай Бурабай
(690 м) - айрықша панорамалық нүкте орналасқан. Бурабай - бұл түйе. Одан
оңтүстікке қарай Шортан төбешіктері орналасқан, оның ішінде ең үлкені Жеке
батыр деп аталады (826 м).
Бурабай көлдері туралы айтпай кету мүмкін емес. Олардың саны көп.
Ормандардың жасыл бетінде Шортанды, Бурабай, Үлкен және кіші Шабақты,
Қотыркөл жарқырап жатыр. Көкшетау қырынан тағы да кіші көлдер: Ашық, Табан,
Таулы, Аққулы көлдері көрінеді. Бурабайдың ең көрнекі орны Бурабай атаулы
көгілдір шығанақ. Шығанақ суынан сфинксті елестетіп тікелей Жұмбақтас
көтеріледі, орманды қыраттар алдынан Оқ жетпес көтеріледі, оның шыңы пілге
ұқсайды. Осы жерде әр таумен байланысты өзінің аңызы бар. Сфинкс, мысалы
оған әр жақтан қарасаңыз шашы желге желбіреген қыс келбетін, одан кейін
әйел және кейіннен кемпір суретін көруге болады.
Бурабай қай ертегіден де қызықты. Таулар, қылқан жапырақты ормандар мен
көлдер жер бедерінің қайталанбас сұлулығын тудырып қана қоймай ерекше емдік
климат береді. Бұл жерде көптеген шипажайлар, туристік базалар мен
мейрамхана, барлар, дүкендер мен дискотекалары бар пансиондар таба аласыз.
Баянаул
Павлодар облысы елдің ең бір керемет бұрыштарының бірі орналасқан Баянауыл
Ұлттық Табиғи паркімен әйгілі. Ол индустриясы дамыған қала Екібастұздан жүз
шақырымдай жерде орналасқан. Осы Ұлттық Паркте өсімдіктердің төрт түрі
өседі: ормандар, орманды алқап, дала және шабындық. Павлодар қаласының
Солтүстік Батыс шектерінде Ертіс өзенінің оң жағалауында әлемдегі бірегей
орындардың бірі, табиғат ескерткіші Қаз қайтуы бар. Палеонтологтар бұл
жерден 7-10 миллиондаған жылдар бұрын мекен еткен керік, мүйізтұмсық,
қорқай тәрізді жануарлар мен гиппаририондар (шағын тридактильді жылқылар)
сүйек қалдықтарын тапты. Қазбалардың жалпы саны барынша елеулі. Олар
мыңдаған түрлерге қатысы бар.

Наурызым қорығы
Наурызым қорығы Қостанай облысының Наурызым және Жетікөл аудандарының
аумағында, Қостанайдан оңтүстікке қарай 190 шақырым жерде, Торғай жыра
өзегінде орналасқан, бұл жерге Терсек, Сыпсың және Наурызым шатқалдары
кіреді. Соңғы шатқалдың негізгі бөлігін Наурызым тоғайы алады.
Қордың шыршалы ормандарын реликті деп санауға болады, олар үштік немесе
төрттік кезең басынан өзгермеген күйде сақталып қалған. Наурызым қайындары
Ресейге қарағанда жуанырақ болса да, тұзды көл маңында өскен қайыңдардың
өзі әсем. Бұл ерекше түр - Қырғыз қайыңы - Солтүстік Қазақстан эндемигі. Ол
шағын аумақта өседі және әлемде басқа еш жерде кездеспейді. Наурызым
қорығының эмблемасы - сыңсыма аққу. Бірақ осы қорықтың белгісі - бүркіт
бола алады, оның осы жерде 30 жұбы бар.
Қорықтың ең сымбатты аңдары, Наурызым тоғайының әшекейі - құралайлар.
Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда
облыстарын қамтиды. Өңір батысында Арал теңізінен шығысында Жоңғар
қақпасына дейінгі, солтүстігінде Балхаш көлі мен Бетпақ даладан Қызылқұм
шөлінің солтүстік бөлігін қамтып, Тянь-Шаньның батыс және солтүстік
сілемдері мен Жоңғар Алатауының шыңдарын қамтиды. Батыстан шығысқа қарай
аумақ 2000 км-ге созылып, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 700 км созылып
жатыр. Басты өзендері Сырдария, Шу,Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі. Ең ірі
көлдері Арал теңізі, Балқаш, Алакөл және Сасықкөл.
Алматы облысы алаңы бойынша барлық Ұлыбритания жерінен аздап қана кіші. Бұл
аумақ жер бедерінің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Бір күн ішінде туристер
жер бетінде кездесетін барлық ландшафты және климаттық аймақтарды көре
алады: құмды шөлейттен бастап даладан мәңгілік мұздақтар мен жоғары
шыңдарды көре алады. Шөл мен шөлейтті жерлерде осы қиырдың бірегей
жануарлар мен өсімдік әлемі таң қалдырады. Туристік қалыпта Алматы облысын
Шарын арнасы мен ежелден қалған шетен тоғайы, Іле жағалауының және Тамғалы
тастарының петроглифтері, Үлкен Алматы және Көлсай көлдері, сондай-ақ Іле
Алатауы, Жоңғар мен Орталық Тянь-Шань таулары білдіреді. Бұл жер ежелгі
мәдениет пен Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи, Таразда Айша Бибі, Қарахан,
Бабаджы Хатун ежелгі мкесенелерінің, Жетісуда сақтардың бірегей
мазарларының мекені. Оңтүстік өңір - Байқоңыр ғарыш орталығының отаны.
Байқоңыр космодромы
Қызылорда облысының басты көрнекілігі, бүкіл әлемнен көптеген туристерді
тартатын Байқоңыр ғарыш орталығы болып табылады. Оның алаңы 6 717 кв. км.-
ге тең. Бұл жерден зымыран ұшырылуын, Ғарышкерлік мұражайды, сондай-ақ Юрий
Гагарин мен Сергей Королев тұрған үйлерді көре аласыз.

Ақсу-Жабағылы
Ақсу-Жабағылы - Қазақстанның ескі, сондай-ақ ЮНЕСКО биосфералық қор
мәртебесін алған Орталық Азиядағы бірінші қорлардың бірі, ол Батыс Тянь-
Шань сілемдерінде теңіз деңгейінен 1000-4280 метр биіктікте орналасқан. Бұл
жерде негізгі биіктік белдіктері берілген: шөлейттер құрғақ түрлі шөпті
далалармен, шөптесін орындардың ғажайып телімдері аршалардың қалың нуымен
алмасады. Түрлі альпілік гүлдерден құрылған қызыл-жасыл әлем ақ қарлы
шыңдар мен көгілдір тілді мұздақтар баурайын көмкереді. Ақсу - Жабағылы
анда санда кездесетін, құрып бара жатқан және эндемикалық жануарлар мен
өсімдіктердің бай қоймасы. Бұл жерлерде арқарлар мен тау ешкілері, маралдар
мен еліктер, қабыландар мен қар сілеусіндері, қасқырлар мен түлкілер, аюлар
мен кірпішешендер, тас сусарлары мен ақ тышқандар мекендейді. Қанаттылар
әлемі де өте бай. Жоғары биікте күшігендер, ақ бас қарлығандар мен
бүркіттер қалықтайды. Тас баурайларда кекіліктер, мәңгі қар әлемінде
ұларларды кездестіруге болады. Жапырақты ормандардың көлеңкелі саясында
жұмақ құсының қанаттары тірі от секілді көрінеді. Көгілдір құс әуені сырнай
дыбысын білдіреді. Күн түскен алаңқайларда түрлі көбелектер, кезқұйрық,
кептерлердің сирек түрлері кездеседі.
Қорықтың өсімдік әлемі де сан алуан. Қыраттар бойымен алау тәрізді Грейг
қызғалдақтары құлпырады. Қызғылт түске Қоқан моринасының гүлдері
жинақталған.
Жетуі қиын қазандықта теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте қорықтың тағы
бір көркем жері - күңгірт жылтыр тастарға қырнап салынған көптеген
суреттердің өзіндік суреттер галереясы орналасқан. Оларда жабайы және үй
жануарлары, аңшылық және көне адамдар тұрмысының суреттері берілген. Ақсу -
Жабағылының палеонтологиялық телімдерінде тақта тасты шөгінділерінде көне
өсімдіктер, балықтар, жәндіктер мен кесірткелердің қатқан таңбалары
сақталып қалған.
Алтын-Емел
Жоңғар Алатауы шыңдарының батыс сілемдерінде Қазақстанның ең ірі қорығы
Алтын Емел Ұлттық Паркі орналасқан. Алаңы 460 000 гектар бұл жер жануарлар
мен өсімдіктердің сирек түрлерін сақтауға арналған. Бұл жерде Ақтау түрлі
түсті тауының түрімен, Қатутау құм тауының қайталанбас түрлерінен ләззат
алуға болады. Парк аумағында бірнеше тарихи ескерткіштер - біздің з.д 1-
інші мыңжылдықпен белгіленетін Бес Шатыр сақ қорғандары мен ең ертесі
б.з.д. 16-14 ғасырларға жатқызылатын көне тас суреттері салынған Тамғалы
тастар орналасқан. Осы жерде Іле өзенінің оң жағалауында Әнші шағылдар бар.
Аралап көптеген жануарларды кездестірулеріңізге болады: сібірлік тау ешкісі
- теке, шөлейт еліктері - жайран, құлан, тау қойы - арқарлар, қасқыр,
түлкі, бүркіт, тау қырғауылы - кекілікті және көпшілігі Әлемдік және
Қазақстан Қызыл Кітаптарына енгізілген жануарлар мен құстар түрлерін
кездестіре аласыз.
Бес-Шатыр қорғаны
Бес шатыр қорғаны біздің з.д. бірінші мыңжылдықта қазіргі Қазақстан
аумағында өмір сүрген көне сақ тайпаларының бас ұрар орны болған. Осы 2
кв.км жерде 18 хан қорғандары орналасқан, олардың шамамен диаметрінде 9 м
жерде және биіктігі 2,5м. Қорған астында Тянь-Шань шыршасының бөренелерінен
зираттар салынған. Бұл ежелгі көшпенділердің ескерткіштері Жетісуда, Ілес
өзенінің бастауында орналасқан. Хан қорғандарынан батысқа қарай
солтүстіктен оңтүстікке қарай жануарлар суреттері ойылып салынған 45 тас
плиталар бар. Ғалымдар бұл жерді мазараттың рәсімдер бөлігі болған деседі.

Тамғалы-Тас Петроглифтері
Алматыдан 170 шақырым жерде Тамғалы Тас шатқалында өздерімен нағыз көне
көркемөнер галереясын білдіретін тас суреттерімен бірегей ғибадатхана
табылды (тектік белгілермен белгіленген тастар). Онда бірнеше тарихи
кезеңдердің көрінісі бар. Көне дәуірге, көшпенділер мен түркілер кезеңіне
жататын 4000 -нан астам сурет табылды. Аласа тақтатас кіреберістерінде
шатқалдың екі жағынан тегіс тіке жазықтықта металлдық шырпумен табынушылық
күн тәрізді құдайлардың, архарлар, текелер, маралдар, үй жануарлары:
түйелер, жылқылар, бұқалар, иттердің суреттері, аңшылық дәстүрлер,
құрбандық шалу рәсімдері, әйелдердің, садақшылардың мүсіндері, бүркітпен
аңшылық суреттері және т.б. салынған. Шатқал маңында қола кезеңінің және
ерте көшпенділердің мазараттары, сондай-ақ олардың қоныстанған орындары
бар. Тамғалы петроглифтерінің галереясы әлемдік мәнге ие қазына болып
табылады және ЮНЕСКО қорының қорғаны астында.
Әнші шағылдар
Тағы бір табиғат кереметі Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан. Әнші
шағылдар құрғақ кезеңде құмдар орган әуеніне ұқсас дыбыс шығаратыны. Ауа
мен құрғақ құмдар арасында туындаған үйкеліс оларды электрлендіріп діріл
тудырады. Жаңғырығудың қолайлы жағдайлары тығыз топыраққа шағылысып құм
қозғалысын тудырып дыбыс толқындарын тудырады. Бұл дыбыс бірнеше шақырымға
дейін естіледі. Ең қызығы құм қозғалысы мен қатты желге қарамастан құм
жазықтық бойынша көшпей бірнеше ғасырлар бойы бір орнында тұр. Оның
оңтүстік батыс баурайы тегіс, ал солтүстік шығыстағы баурайы жайпақ
еңісімен бірнеше қыраттарға ие.

Ақтау тауы
Ақтау тауы (Ақ таулар) өткен көне Жер мұражайы десек болады. 15 миллион жыл
бұрын осы жерде үлкен көл - теңіз болған, қазір түрлі нысан мен түстегі
тұнба жыныстар қатпары - қызыл, сары, көгілдір және ақ түстерге ие. Үлкен
конус таулар египет пирамидаларын еске түсіреді. Уақыт өткен сайын осы
жерден динозаврлар мен көне сүт қоректілердің сүйектері табылып жатады.

Түрген шатқалы
Алматыдан 90 км жерде тьабиғаттың бір әсем бұрышы - Түрген шатқалы бар.
Ыстық көздерге, су сарқырамаларына, қылқан және аралас жапырақты ормандар,
альпілік және қосалқы альпілік шөптерімен, көлдері мен қайнарларымен,
дәрілік өсімдіктері мен жидектерімен, ол Ассы үлкен ойпаңға дейін 44 км
тереңге кетеді. Түрген сайы сарқырамаларымен белгілі - олар жетеу. Аюлы
сарқырамасы өзінің 30 метрлік биіктіктен салбыраған жарлары және жасыл
шыршаларымен тартады. Ал Бозгүл сарқырамасы жарда үлкен тоннель ойған күшті
су ағынымен белгілі. Шатқалда жарлар мұздақ кезеңіне дейінгі өсімдіктер
таңбаларын сақтап қалған. Шатқал өзінің көне Шын Түргендік қыналы
шыршаларымен белгілі, олар жер бетінде тегіс шырша кілемін түзеді.
Сайда ең танымал орын - Ботан аңшылар стансасы. Осы жерде үш өзеннің
қосылған жерінде Түрген сайы өзінің ең үлкен тереңдігіне жетеді - 920 м.
Сайда обсерватория бар. Асы өзенінің бойынша көне қорғанджар мен тас
суреттер бар. Онда көптеген көне сақ және үсіндер мазараттары бар. Сондай-
ақ Түрген сайында бақтақ шаруашылығы бар, осы жерде балықты өзің аулап
кешкі асқа хан тамағы бахтақты пісіріп жеуге болады.
Ыссық қорғаны
Ыссық мазараты скифтік - сақтық кезеңнің ең үлкен аргеологиялық
ескерткіштерінің бірі саналады. Ескерткіш б.з.д IV ғасыр деп белгіленеді.
Осы жерге жерленген жас адам Сақ - Тиграхауд билік басына, мүмкін Ұлы
Құшандардың династиясына жатуы мүмкін. Алтын адам алтын қаңылтырмен бай
өрнектелген сауыт киген, саф алтыннан жасалған қарулы белдік, басында -
садақ оғы тектес киім. Костюм 4 мың алтын сақ қолөнеріне тән әйгілі аңдар
стилінде орындалған белгілерден тұрады. Алтын адам көшірмелері Алматы
мен Астана қалаларының мұражайларында қойылған.

Ыссық көл
Алматыдан небәрі 60 шақырым жерде, шағын Ыссық қаласымен қатар теңіз
деңгейінен 1800 м деңгейде Іле Алатауының ең әдемі көлдерінің бірі
жасырынып қалған. 1963 жылы мұздақты аймақтан Ыссық өзенінің жоғары
бөлігінде үлкен сел ағыны ақтарылды. Үлкен толқындар табиғи плотинаны
бұзып, бірнеше сағат ішінде көл шайылып кетті. Қазіргі уақытта жартылай
қалпына келтірілген, бірақ оны қоршап тұрған таулардың керемет бедері осы
күнге дейін туристер көзін қуантады.

Шарын арнасы
Әдемілігі бойынша Колорадодағы Гранд Каньонмен салыстырылатын Шарын арнасы
Алматыдан шығысқа қарай 200 км жерде орналасқан. Шайынды мен жел алудың
бедердің бірегей нысаны ертегі тәрізді құмдақтан жасалған бірегей мүсіндер
әлеміне әкеледі: Қорғандар даласы, Мыстандар шатқалы және т.б. Құлама
баурай, бағаналар мен арқалардың биіктігі 150-300 метрге жетеді. Арна
солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай Шарын өзенінің бойымен 154
шақырымға созылған, осы жер рафтинг үшін табылмас орын. Осы жерде жер шары
өсімдігінің өкілі - мұздану кезеңінен қалған Соғды шетені сақталып қалған.

Іле өзені
Іле Жетісудағы ең ірі өзен. Оның ұзындығы 1439 км. Өзінің бастауын ол
Қытайдан алады, Алматы облысының аумағында ол Қапшағай жасанды су қоймасын
түзеді де Балқаш көліне барып құяды. Қапшағайды теңіз деп атайды: жылы
мезгілде ол қалалықтардың сүйікті демалыс орнына айналады. Ең үлкен ені 22
км, тереңдігі 45 м. Жағасы бойына шипажай, пансионаттар, жағажайлар
орналасқан, Қапшағай қаласының өзінде аквапарк салынған. Қапшағай сулары
түрлі балыққа мол. Одан бірнеше шақырым жерде, Іле өзенінің жағасында көне
дәуірге әкелетін орын бар. Оң жағалауда үлкен тастан көптеген ғасырлар бойы
аспанға Будда мен бодхисатв суреттері қарап жатыр. Қара құпия жарларда
көптеген петроглифтер, құдай суреттері, мәні мен мағынасын әлі де ашу керек
көне будда жазбалары - барлығы 1000 жуық түрлі жар суреттері бар, оларды
тарихшылар көне орта ғасырға жатқызады. Жас туристер мен белсенді демалыс
сүйгіштерге Іле өзені бойынша түсу өте қызықты. Түсу кезінде туристер
табиғатпен және өзен маңындағы жануарлар әлемімен танысады. Тоғайларда
көпшілігі бірегей құстардың көптеген түрі бар. Іле өзенінде балық аулау да
бір тамаша. Сом, сазан, көксерке, аққайран, таран, ақ Амур - осының барлығы
тәжірибесі аз балықшының қолына түсе алады.
Үлкен Алматы көлі
Осы тау көлі Үлкен Алматы өзенінің шатқалында, теңіз деңгейінен 2511 м
биіктікте, Алматыдан оңтүстікке қарай 28,15 км қашықтықта орналасқан. Ол
ойпатта орналасқан, жан жағынан тау шыңдарымен қоршалып жарқырап жатқан
айнаға ұқсайды. Көл бетінен үш негізгі шың көтеріледі: Советтер шыңы (4
317 м), Көл шыңы (4 110 м) және Турист шыңы (3 954 м) - оларды плотинаның
солтүстік шетінен көруге болады. Батыста Туристен қала орталығынан жақсы
көрінетін Үлкен Алматы шыңының қыры көрінеді (биіктігі 3 681 м пирамида).
Мұз суымен қоректенетін көл ұзындығы 1,6 км, ені 1 км және тереңдігі 40 м
болатын үлкен тостақты білдіреді. Жыл мезгіліне қарай көл түсі ақшыл
көгілдірден жасыл - көгілдір түске түсіп отырады. Көл бетінен далада Тянь-
Шань астрономия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм, альпинизм
Туристік саяхаттың мәні және мазмұны
Туризм және маркетинг
Туризмдегі қызметті жетілдіру мәселелері
Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс - тәсілдер негізі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастры
Туристік саяхаттарды медицмналық қызметтермен қамтамасыз ету
Шинжияңның халықаралық туризм дамуы
Белсенді саяхаттың сипаттамасы
Синьцзянның ежелгі мәдени ескерткіштері
Пәндер