Жамбыл облысының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 қонақ үй бизнесінің дамуы және оның туризмге әсері . . . 5

1. 1 Қазақстандағы туризм және қонақ үй бизнесі . . . 5

1. 2 Қонақ үй шаруашылығы, қызмет көрсету сферасының секторы ретінде . . . 10

1. 3 Қонақ үй бизнесі дамуының халықаралық тәжірибесі . . . 14

2 Жамбыл облысындағы қонақ үй шаруашылығының ЖАЙ-КҮЙІ . . . 19

2. 1 Ежелгі қонақ үйлер жайлы деректер . . . 19

2. 2 Облыстың қонақ үй шаруашылығына жалпы сипаттама . . . 25

2. 3 Облыстағы туристік нарықтың қонақ үй шаруашылығының дамуына әсері . . . 33

3 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК КЛАСТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕХАНИЗМІ . . . 41

3. 1 Туристік кластердің қалыптасуы және дамуы . . . 41

3. 2 Облыстағы туризм кластерін дамытумен қатар іске асатын инвестициялық жобалар . . . 46

3. 3 «Батыс Европа-Батыс Қытай» инвестициялық жобаның облыс қонақ үй шаруашылығына қосар үлесі . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59

КІРІСПЕ

Туризм көптеген елдердің экономикасына әсер ететін маңызды әлуметтік және экономикалық құбылыс болып табылады. Бұл сала мұнай-газ, тамақ, көлік өнеркәсібі салаларына салынатын инвестициялық салымдардың тиімділігімен салыстырғанда жоғары табысты сала болып табылады. Дамыған елдердің экономикалық саяси және әлуметтік тұрақтылығын қолдаудың әлемдік тәжіриебиесі мен практикасы, елдердің географиялық жағдайы, олардың табиғи-климаттық ресурстары және көрікті жерлері болып табылады.

Ұлттық экономиканы реформалау басқарудың механизмдері мен инструменттерін қайта бағыштау туристік ұйымдардың қызметі жүйесіне едәуір өзгерістер енгізді және бірқатар маңызды мәселелерді қалыптастырды. Бұған қоса олар дұрыс демалуды қамтамасыз етуде және Қазақстан халқының денсаулығын нығайту тәрізді маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуде үлкен роль атқарды. Осыған байланысты ел президентінің Қазақстан халқына 2005 жылдың 18 ақпанында жолдаған жолдауында еліміздің экономикасының шикізатты емес саласында ұзақ мерзімді мамандануын анықтайтын болашағы зор кластерлердің бірі туризм болып анықталды, ол республикамыздың қазіргі инфрақұрлымының қалыптасуына және республика аймақтарының дамуына ықпал етеді. Дүние жүзілік туристік ұйым болжауымен, туризімнің дамуы жаңа аймақтардың пайда болуы есебінен жүзеге асуы тиіс, өйткені әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары іс жүзінде рекреацялық сыйымдылық шегіне жетті. Осыған байланысты Қазақстанда туристік қызметтің әлемдік рыногінде өз орнын алуына бірегей мүмкіншілік туды. Соңғы он жылдықта Қазақстан туристік нарыққа белсенді түрде кіреді. Дегенмен туризмнің индустриясын басқару мәселелері аз зерттелген болып табылады. Бұған қоса нарықтық қатынасқа өту жаңа ұйымдастыру формаларын және басқару қатынастарын пайдалану есебінен туристік мекемелерде бәсекелес артықшылықтардың пайда болуына байланысты жаңа проблемаларды шешуді талап етті. Бұл өз кезегінде олардың потенциялын зерттеуді және даму болашағын анықтауды талап етті. Сонымен туристік қызмет нарығын басқару проблемасы Қазақстанда ерекше өзектілікке ие болады және терең теориялық зерттеуді кешенді талдауды, сондай - ақ осы бағытта негізделген ұсынымдарды дайындауды қажет етеді.

Қазақстанда қонақ үй секторы ұзақ уақыт бойы коммерциялық жылжымайтын мүліктің офистік және сауда секторларының неғұрлым талап етілетін көлеңкесінде қалып отырды.

Республикада қонақжайлылық индустрия кәсіпорындарының дамуында негізгі тенденцияларға (беталыс) тек қана соңғы 10 жылдағы анық белгіленген тендецияларды (беталыс) жатқызуға болады:

- қонақ үй және мейрамхана ұсынысының мамандандырылуын тереңдету

- халықаралық қонақ үй және мейрамхана жолдарын құру

- кішігірім кәсіпорындар жүйелерін дамыту, қонақжайлылық индустриясына жаңа компьютерлік технологияларды енгізу.

Қонақжайлылық кәсіпорындардың мамандандырылуын тереңдету халықаралық тізбектің құруы сияқты маңызды беталыспен байланысты, оның өзі қызмет көрсетудің жоғары стандарттарымен алға басуында және дайындалуында үлкен рольді атқарады.

Мақсаты: Жамбыл облысының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайын қарастырып баға беру.

Міндеттері:

1. Қонақ үй бизнесінің туризмге әсерін қарастыру, оған талдау жасау.

2. Жамбыл облысының қонақ үй шаруашылығының жай күйін көрсету.

3. Жамбыл облысы туризм кластерінің қонақ үй шаруашылығының дамуына ықпалын қарастыру.

Диплом жұмысының бірінші тарауында кластерді ұйымдастыру шарттары келтірілген: түсінігі, элементтері, олардың арасындағы өзара байланыс.

Жұмыстың екінші тарауында Жамбыл облысы туристік рыногінің, қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайына және дамуына баға берілген. Орындалған талдаудың негізінде туризмнің облыс экономикасының саласы ретінде өте нашар дамығандығы анықталды.

Жұмыстың үшінші тарауында облыстағы туристік нарық дамуынынң кластерлік моделі келтірілген, осы саланың маңызды туристік турлары анықталған.

  1. қонақ үй бизнесінің дамуы және оның туризмге әсер

1. 1 Қазақстандағы туризм және қонақ үй бизнесі

Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.

Туристік бизнес - әлемдік шаруашылықтың едәуір тез дамитын салаларының бірі. Халықаралық туризм үш ірі экспорттық саланың құрамына мұнай және көлік өндіретін салалардан кейін кіреді. Басқа ақпараттар бойынша туризм әлемдік шаруашылықтың ең тиімді саласы болып табылады. Туризм индустриясында жер бетіндегі барлық жұмыс күшінің 60 пайызы жұмыспен қамтылған.

Әлемдік табыс туризмнен 1998 жылы әуе тасымалдау сатылымдарынан түскен түсімді есептемегенде 44467 млрд. $ құрады. 1995 жылы ол 372 млрд. $, 1950 жылы 261 млрд $ құрады.

Болжамға сәйкес 2000 жылы туризмнен алынған табыс әлемде 621 млрд $ жетті. 2020 жылы ол триллион долларға дейін жетеді. ДЖС ұйымының бағалауы бойынша 2010 жылы туристердің саны 1018 млн адамға дейін ұлғаяды [2] .

Туризмнің әлемдегі маңызы әрқашан өсіп отырады, бұл жекеленген елдердің экономикасына туризмнің әсерінің өсуімен байланысты. ЕҚ елдерінің және басқада өнеркәсіптік дамыған елдерде туризмнен алынатын табыс жалпы ішкі өнімнің 5, 5 пайызын құрайды.

Туристік бизнес кәсіпкерлер үшін әртүрлі себептермен тартымды:

- алғашқы инвестиция көлемінің шағындығы;

- туристік қызметтерге сұранымның өсуі;

- рентабельділік деңгейінің жоғарлығы;

- шығынның өтелу уақытының төмендігі;

Туризмнің тиімділігі келесі функциялардың жиынтығынан тұрады:

1. Туризм валюталық түсімнің көзі және ел ішіндегі халықты жұмыспен қамтудың құралы;

2. Туризм елдің төлем балансына салымдарды кеңейтеді;

3. Туризм осы салаға қызмет көрсететін салаларды дамыта отырып экономиканың диверсификациялануына ықпал етеді; құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т. б.

Туризм пайдалылығына қарамастан батыс елдерінің престижін нығайтатын, оның маңызының әлемдік қоғамдастық және қатардағы азаматтар алдында өсуінің мықты факторларының бірі болып табылады. Туризмнің аймақ бойынша дамуы бірқалыпты болмайды: ең жоғары өсу қарқыны Азия және Тынық Мұхит елдерінде күтіледі, Еуропа және Америка елдерінде ол жалпы әлемдіктен төмен болады.

Кесте 1

2020 жылға туристтерді қабылдау бойынша алғы шептегі елдер [2]

Ел
Туристердің келіп жетуі, млн адам.
Дүниежүзілік селде үлесі, %
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %
Ел: Қытай
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 137, 1
Дүниежүзілік селде үлесі, %: 8, 6
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 8, 0
Ел: АҚШ
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 102, 4
Дүниежүзілік селде үлесі, %: 6, 4
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 3, 5
Ел: Франция
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 93, 3
Дүниежүзілік селде үлесі, %: 5, 8
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 1, 8
Ел: Испания
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 71, 0
Дүниежүзілік селде үлесі, %: 4, 4
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 2. 4
Ел: Гонконг
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 59, 3
Дүниежүзілік селде үлесі, %: 3, 7
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 7, 3
Ел: Италия
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 52, 9
Дүниежүзілік селде үлесі, %: 3, 3
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 2, 2
Ел: Ұлыбритания
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 52, 8
Дүниежүзілік селде үлесі, %: 3, 3
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 3, 0
Ел: Мексика
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 48, 9
Дүниежүзілік селде үлесі, %: 3, 1
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 3, 6
Ел: Ресей
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 47, 1
Дүниежүзілік селде үлесі, %: 2, 9
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 6, 7
Ел: Чехия
Туристердің келіп жетуі, млн адам.: 44, 1
Дүниежүзілік селде үлесі, %: 2, 7
1995-2020 - ғы жылдық орташа мөлшер өсу шегі, %: 4, 0

Жоғарыдағы мәліметтерден көріп отырғанымыздай 2020 жылы Қытай адамдар көп келетін туристік орта болуы тиіс. Сондай-ақ жоғары өсу қарқыны Гонконг және Ресей елдерінде де күтілуде. Қытай мен Гонконг үлесі туристердің жалпы әлемдік ағымынан 12, 3 пайызды алады. Әсіресе ерекше өзгеріс Ресейде болжамдалуда: 2020 жылы елден шығатын туристердің саны 1, 5 есеге артады. Европа елдерінің ішінде Чехия үлкен жетістікке қол жеткізеді. Қазіргі уақытта мемлекет экономикасының дамуы, жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыру, елдер арасында әлеуметтік байланыстарды өзара байыту үшін туризмнің маңызын және рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Көптеген елдер экономикасында туризм индустриясы маңызды орынға ие. Оның дамуы жұмысшы орындарының кеңейтілген нарығын көрсетеді [4] .

Халықтың едәуір туристік қозғалысы Нидерландия, Германия, Ұлыбритания, Канада және Жапония елдерінде күтілуде, мұнда осы елдердің бір адамына бір жылда шет елге шығу 1, 5-2-ден келеді. Алғашқы ондыққа кіретін басқа көптеген елдерде туристік қозғалымдар айтарлықтай төмен.

Кес ХХ ғасырдың соңында ХХІ ғасырдың басында туризм толық халықаралық және интернационалдық болды, мұның өзіне екі өзара байланысқан факторлар әсерін тигізді: бір жағынан туристік кәсіпорындардың табысын көбейту, үлкен пайда алу үшін фирмалар дүние жүзі бойынша саяхат географиясын кеңейтеді, екінші жағынан тиімді болу үшін туристік бизнес халықаралық деңгейде инвестициялануы керек [5] .

Кесте 2

2020 жылға туристтердің шығуы бойынша алғы шептегі елдер [2]

Ел

Туристердің шығуы

млн адам

Дүниежүзілік ағымдағы үлесі, %
Ел: Германия
Туристердің шығуымлн адам: 163, 5
Дүниежүзілік ағымдағы үлесі, %: 10, 2
Ел: Жапония
Туристердің шығуымлн адам: 141, 5
Дүниежүзілік ағымдағы үлесі, %: 8, 8
Ел: АҚШ
Туристердің шығуымлн адам: 123, 3
Дүниежүзілік ағымдағы үлесі, %: 7, 7
Ел: Қытай
Туристердің шығуымлн адам: 100, 0
Дүниежүзілік ағымдағы үлесі, %: 6, 2
Ел: Ұлыбритания
Туристердің шығуымлн адам: 96, 1
Дүниежүзілік ағымдағы үлесі, %: 6, 0
Ел: Франция
Туристердің шығуымлн адам: 37, 6
Дүниежүзілік ағымдағы үлесі, %: 2, 3
Ел: Нидерланд
Туристердің шығуымлн адам: 35, 4
Дүниежүзілік ағымдағы үлесі, %: 2, 2
Ел: Канада
Туристердің шығуымлн адам: 31, 3
Дүниежүзілік ағымдағы үлесі, %: 2, 0
Ел: Ресей
Туристердің шығуымлн адам: 30, 5
Дүниежүзілік ағымдағы үлесі, %: 1, 9
Ел: Италия
Туристердің шығуымлн адам: 29, 7
Дүниежүзілік ағымдағы үлесі, %: 1, 9
Ел: Барлығы
Туристердің шығуымлн адам: 788, 9
Дүниежүзілік ағымдағы үлесі, %: 49, 2

Осындай мысалдарды қонақ үй корпорация сферасында да, және «Холидей Инн», «Нур-туристик» және т. б агенттік - операторлар бизнесінде де көрсетуге болады.

Аймақтық туризм бірқалыпты емес дамиды, және де көп жағдайда жиірек келесі туристік аймақтар бөлініп шығады. Еуропа, Америка, Шығыс Азия мен Тынық мұхит ауданы, Африка, Жақын Шығыс елдері, Оңтүстік Азия. Дүние жүзінің аймақтарға пропорционалды емес бөлінуі жөнінде нақты жауап беру мүмкін емес; берілген аудандардың бірдей емес территориялары салыстырмалы сипаттама жүргізуге мүмкіндік бермейді, өйткені ресурстар бойынша жер шарының әр түрлі бөліктерінің дамуын салыстыру мүмкін емес . Туристік қозғалыстың тек дамуын ғана салыстыруға болады.

Мысалы: соңғы он жылда туризмнің артуы және туристік пайданың өсімі өзгеріссіз және ол үлкен жетістікпен Жақын Шығыс және Оңтүстік Азия аймақтарында байқалады. Өздерінің салыстырмалы азғантай территориясына қарамастан оларда туристік қызмет көрсетудің әжептеуір маңызды жерлері бар, мұның өзі статистиктердің, туризм бойынша мамандардың, маркетолог және кәсіпкерлердің едәуір қызығушылығын тудырады.

ХХ ғасырдың соңында және ХХІ ғасырдың басына дүние жүзінде туризмнің өсуі және дамуы бүтіндей алғанда тұрақты деп мойындауға болады. Бірақ, Азия аймақтарында болып жатқан экономикалық дағдарыс қатармен түсіндірілетін 1997 -1998 жылдары туристік бизнесте қандайда бір құлдырау байқалса да туристтер саны орташа есеппен жылына 4% - өсуде [6] .

Соңғы жылдары Африка, Жақын Шығыс елдері, Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймақтарында туризмнің интенсивті қарқыны байқалады, Еуропада өсім қарқынының едәуір төмендеуіне қарамастан, ол келушілер саны бойынша (385, 9 млн. адам 2003 жыл) өзінің біріншілігін сақтауда.

Сапарға шығу және ішкі туризм сферасында қонақ үй бизнесі туристер үшін қызмет көрсетудің бүтін комплексін құрайды және туристік бизнестің дүниежүзілік жүйесінде бәсекеге қабілетті Қазақстанда туризм дамуының болашағын анықтаушы негізгі факторы болып табылады.

Туристік қызметтер, соның ішінде қонақ үй қызметтері әлеуметтік- мәдени қызмет көрсетулерге жатқызылады. Олар қазіргі қонақжайлылық принципінде құрылады, мұның өзі отандық туризм дамуында олардың ролін арттырады, сондай - ақ туристік- қонақ үй сервисі үшін мамандарды дайындау жүйесінде белгілі есептерді қояды.

Қонақжайлылық индустриясы ұжымдық және дербес орналастырудың әр түрлі құралдарын құрайды: отельдер, қонақүйлер, мотельдер, жастар хотельдері мен жатақханалар, аппартаменттер, туристік баспаналар, сондай - ақ туристерді орналастыруда қатысатын жеке меншік секторлары [7] .

Экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қонақүй индустриясы қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтерде және орналастырудың басқа да құралдарында төлем ақыға қысқа мерзімді тұруды ұйымдастыруды және қызмет көрсетуді ұсынады.

Көрсетілімнің ең тартымды және мәнді обьектілері республиканың оңтүстігінде орналасқан Қазақстанның ең бірінші жаңа қоныстанушылар ретінде белгілі қоныстану пунктері, олар: Түркістан, Отырар, Баба - ата, Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке, Талхиз (Талғар), Қойлық (Талдықорған) [13] .

Сол кезде Қазақстан туристік жоспарда өз қызығушылығын ұсынады. Бірінші ғасырдан басталып біздің эрамызға дейінгі республикамыздың бай тарихы, сирек материалдық тарихи ескерткіштер, өз тұрмысымыздың мәдениеті, саяси тұрақтылық, республиканың жариялылығы және оның ынтымақтастығына дайындығы - мұның барлығы туристік индустрияның қарқынды дамуына ықпал етеді.

Керісінше, көшпелі туризм жақсы емес уақыттарды басынан өткізуде. Қазақстанға шетел қонақтарының келуі мен қызығушылығының шыңы 1994 жылға келді, бұл уақытта бізге іскерлік, жеке және танымдылық мақсатымен демалысқа 450 мың туристер келді.

Бірақ, 1996 жылы олардың саны 141, 1 мың адамға дейін төмендеді. Шетел туристерінің келу мерзімі де қысқарды. Шетел қонақтары үшін республикамызға да қызығушылық төмендеді, мұның өзі туризм инфрақұрылымының дамымағандығымен және саланың материалдық - техникалық базасының әлсіздігімен түсінідіріледі. Қолымыздағы бар орналастыру құралдары жабдықталғандықтың және техникалық жабдықтаудың өте төменгі деңгейімен ерекшеленеді, бұл отандық туристік қызмет көрсетудің бәсекеге қабілетсіз екендігін көрсетеді. Халықаралық стандарттар деңгейінде сервисті Алматыдағы тек жеке жоғары классты отельдер көрсете алады: « Хайят-Ридженси » және « Риджент-Алматы» 5 жұлдызды қонақүйлер, Достық « Интер Отель», 3 жұлдызды «Астана», «Премьер Алатау» отельдері, «Алма Арасан» тамаша шатқалында орналасқан «Кумбель» VIP-Отель, сондай-ақ Астана қаласындағы «Астана-Интерконтиненталь» бес жұлдызды отелі. Бірақ олардың қызмет көрсетілуі өте қымбат және шетел азаматтарының шамалы ғана бөлігі пайдаланады [8] . Республикааралық байланыстың үзілуі бірыңғай туристік кеңістікке кері әсерін тигізді.

Көшпелі туризм дамуын тоқтатушы факторларына сүйене туристік сапарлар құрылымын жақсартуға және пайданың өсуіне әсер етуші жағымды факторлар қатарының әсерін мойындау керек, яғни шетел валюталарын жоғары сатып алу қабілеттілігі; шетел компания капиталдарының құйылуының кең сферасы мен игерілмеген өткізу нарығының бар болуы; Қазақстан және ТМД-ның үлкен бөлігі бойынша еркін ауысуы, сондай-ақ шетел қонақтарын қабылдауға дайын жаңа қалалардың санын өсіру.

Ағымдағы жылдың І жарты жылдығына сәйкес олар 1197, 4 млн. теңгеге өнімді сатты, жұмыс, қызмет көрсетілді, қызметтің негізгі түрі бойынша 1055, 4 млн. теңгеге қызмет көрсетілді. Соның ішінде мемлекеттік меншік формасындағы туристік кәсіпорындар 15, 4 млн. тг. (қызмет көрсетілді - 14, 1 млн. тг. ), жеке фирмалар - 1174, 9 млн. тг. (қызмет көрсету-1034, 3 млн. тг), шетел фирмалары - 7 млн. тг. (қызмет көрсету - 6, 9 млн. тг) .

Ағымдағы жылдың І жарты жылдығында туристік кәсіпорындардың шаруашылық қызметтің нәтижесі олардың өзін-өзі ақтамаушылығын көрсетті және ол 25, 9 млн. теңге болды. Барлық меншік формасындағы кәсіпорындардан қорларға түскен аударымдар мен бюджетке түскен төлемдер 36, 4 млн. теңгені құрады.
Туристерді Республикаға тартуда қонақ үй шаруашылығының жұмыс қарқындылығы өседі: бір адамға шаққанда тәулігіне бір нөмер үшін 773 тг (1999 жылдың соңы), 7213 теңге-2009 жылдың желтоқсан айы, едәуір табыста өседі.

Туризмді дамыту үшін туризім сипатамасын өзгерту қажеттілігі белгілі мәнге ие. Туризмнің өткен жылдары топтық туризмді ұйымдастыруға негізделген, сол уақытта дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей туристердің негізгі бөлігі жеке саяхаттануды құмартады. Туризм индустриясының алдында көтерілген мәселелерді шешу үшін экономикалық қарым- қатынастардың әр- түрлі формаларын пайдалану қажет: шетел инвесторларымен бірігіп фирмаларды құру, жаңа туристік объектілерді салу, жеке бастамаға (инициатива) еркіндік беру [10] .

Қонақ үй шаруашылығымен туризм сферасында статистикалық есепті жақсарту қажет, онда атап өткен сфералардың жұмыс істеуі және дамуының барлық қызықтыратын жақтарын (мемлекттік басқару органдарын, баспасөзді, кәсіпкерлерді, статистиканы және т. б. ) толық көлемде бейнелеуге болады [15] .

Министірліктермен және ведомоствалармен, ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау қызметімен, кедендік қызметпен іскерлік байланысты тәртіпке келтіру. Саланың көріну келешектері үміттендіреді. Мамандар дүние жүзілік туристік нарықта ҚР- ның мәні әрі қарай өсуін болжаулайды. Бірақ, еліміздің туристік потенциалын тиімді пайдаланылуын армандай отырып, негізгі және шұғыл міндет- саланың қазіргі инфрақұрылымын, және ең алдымен, халықаралық стандартқа жауап беретін орналастыру секторын құру жөнінде міндетті есте сақтаймыз.

1. 2 Қонақ үй шаруашылығы, қызмет көрсету сферасының секторы

ретінде

Алғашқы қонақ үйлердің пайда болу уақытын тура айту мүмкін емес. Бұл жөніндегі тарих терең дәуірлерде тамыр жайған. Адам баласы саяхаттап бастағаннан бері, уақытша тұратын жерлерде керек болды. Ежелгі Грецияда сол кездің өзінде - ақ саяхатшылар жататын арнайы бөлмелер қолданылатын болған. Алайда ең алғашқы қонақ үйлер Римда пайда болған еді. Дәл осы жерде саудагерлер сауда - саттық мәселесімен әлем елдерін шарлауға міндетті болды. Осындай жүйенің дамуының нәтижесінде саяхатшыларға ыңғайлы қонақ үйлер мен арнайы қонақ күтетін аймақтар пайда болып отыр. Римдегі театрларда өткізілетін көріністер көрермендері тұрақты жерді керек етті. Кейде жаңбыр жауғанда көрермендер тығылу үшін театрды алшақ жерлерде соқпаған. Осындай жағдайларда жоғарғы үстемтап өкілдер үшін алдын ала жағдайлар жасаған, ол саудагерлер мен қарапаыйм саяхатшылар өз жағдайын өзі жасаған. Үй жайлар үшін бағалар тұрақты болмағандықтан әрбір саяхатшылар баға жайында иесімен келісетін болған. Қонақ үйлерде барлық жағдайлар жасалмаған болса да, бірақ олар демалу үшін жарамды болды. Олардың көбісі ағаштан соғылған. Орта ғасырларда Европада қонақ үйлер жеке меншік болды, соған орай саяхатшылар әр үйге қонақтайтын болған. Қонақ үйлердің көбеюі нәтижесінде коммерциялық сауда да бірте - бірте дамыды [4] .

Алғашқы отельдер Францияда пайда болды. Олар қаланың ең көркем жерлерінде соғылғын қорғандар болды. Дәл осы жерде сыйлы қонақтар тоқтайтын болған. 1829 жылы Бостанда «Тремон - Хаус» ашылды. Бұл ең алғашқы жоғарғы люкстық жасалған отельдер болды, яғни әр номердің өзінің кілті және ыңғайлы жуынатын бөлмелері болды. Бұл американдықтардың ұзақ уақытқа дейінгі стандартты отельдері болды.

Орта ғасырларда Қазақстанда сауда - саттық орталықтарының жандарынан қонақ үйлер ашылды. Ол кездегі қонақ үй «керуен сарайы» деп аталды. Оны ауқатты адамдар басқаратын болған. Керуен - сарайында ас дайындайтын бөлмелер, жолаушылар қонатын бөлмелер, арнайы сақтау бөлмелері болды. Керуен- сарайының бастығы жолаушылардан белгілі бір мөлшерде төлем алып тұрды.

Қазақстандағы қонақ үй шаруашылығының өсуі Ресейге қосылғаннан кейін білінді. Бұл қонақ үйлердің барлығы ресейлік үлгіде болды. Алайда қонақтарға қызмет көрсету дәрежесі төмен болды. 1829 жылы Бостонда дүние жүзіндегі алғашқы отельдер жұмыс істеп жатқанда, Қазақстанда бұл шаруашылық дамымай, оның экономикасы мен мәдениеті артта қалып қойған еді. Қазан төңкерісінен кейін өндірістік және өндірістік емес салалардың дамуы қонақ үй шаруашылығының жаңа дамыған түрде біршама өсуіне әкеп соқты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Жамбыл облысының аймақтары бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің дамуын бағалау
Жамбыл облысындағы туристік қызметтің даму жолдары (Жамбыл облысының мәліметтері бойынша)
Жамбыл облысындағы туризм саласының дамуы және болашағы
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Сервис сферасының ерекшелігі
Географиялық жағдайы
Жамбыл облысының туристік географиясы
Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй қызметінің белсенділігін арттыру жолдарын анықтау
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz