Жаппай ұжымдастыру мен күштеп отырықшыландыру тұсындағы қазақстан ауыл шаруашылығындағы салық пен қаржыландыру



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2.5

Тарау.I. 1921.1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты.

1.1. Жаңа экономикалық саясат тұсындағы салық және қазақ шаруашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.11
1.2 Қазақ ауылында әлеуметтік.экономикалық шараларды
қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.19

Тарау. II. Жаппай ұжымдастыру мен күштеп отырықшыландыру тұсындағы Қазақстан ауыл шаруашылығындағы салық пен қаржыландыру.

2.1 1927.1928 жылдардағы астық дағдарысы кезіндегі салық пен әлеуметтік.экономикалық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.30
2.2 Салық саясаты 1929.1933 жылдардағы жеке меншікті жою мен зорлап коллективтендіру құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30.40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41.44

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45.46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
КІРІСПЕ

Егеменді еліміз тарихыңдағы аумалы-төкпелі 20-30 жылдар соңғы кезде жарық көрген жаңа зерттеулерге қарамастан, әлі де тарихшылар назарын өзіне аударып отыр. Себебі, қалыпты жағдайда ғасырдан артық уақытты кажет ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің казақ даласында "Кіші Қазан" ұранымен 2-3жылда жүргізілуі; осы жылдарда Қазақстанда жартылай феодалдық, қауымдық кұрылыстан социализмге өтуге негіз жасалды деген үстірт тұжырым толық зерттеліп болған жоқ.
Тарих - адамзат қоғамы өмірінің айнасы, ендеше тарихи зерттеулер жан-жақтылықты, ымырасыз шындықгы көрсетуді талап етеді.
Тарихи зерттеулерге ғылыми түрғыдан баға беру, оның адами мазмұнын көрсете білу, яғни оны халықгың, ұлттың өміріне, дәстүрі мен дүниетанымдық көзқарасына катынасы тұрғысынан көрсете білу - соңғы кезде тарих ғылымдарына қойылған басты талаптардың бірі./1/.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ қоғамын аса зор формациялық өзгерістерге әкелген: қазақ шаруаларын жерге орналастыру; шабындық және егістік, жайылымдарды қайта бөлу; ірі бай-кулактарды тәркілеу; көшпелі қазақты отырықшыландыру сияқты саяси-әлеуметтік шаралар тарихына тереңірек үңіліп, олардың қалай, қаңдай жолдармен жүзеге асқаны; қазақ халқы үшін тарихи қажеттілігі және нәтижелері туралы жаңа зерттеулер ұлттық тарихты жаңғырту міндеттерінен туындайды.
20-30 жылдардағы аграрлық өзгерістерді объективті бағалауда Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясат жағдайыңдағы ауыл шаруашылығын каржыландыру және жеке қожалықтарға салық салу саясатын зерттеу маңызды роль атқарады. Тақырьп өтпелі кезекте қазақ ауылындағы саяси-экономикалық, кұрылымдық өзгерістердің жү-зеге асу механизмдерін саралауға, кеңестік тоталитарлық экономикалық жүйенің калыптасу эволюциясьн ашып көрсетуге ұмтылады.
Тақырыптың өзектілігі - оның тек аз зерттелгенінде ғана емес, қоғамдық-тәжірибелік мәні мен тарихи сабақтастығында.
Қазақстан ауыл шаруашылығында 1921-1933жж. жүзеге асқан түбегейлі өзгерістер тарихын зерттеу, олардың тарихи сабақтарын объективті бағалау-саясатпен, бүгінгі күннің мақсаттарымен тығыз байланысты.
Бұл тақырып республикамызда өтіп жатқан экономикалық реформаларға катысты мәселелерді қозғайды. Өйткені ауыл шаруашылығындағы жекешелендіру процестеріне дұрыс бағыт-бағдар беруде 20-30 жылдардағы аграрлық өзгерістер сабақтарын қатерге алу занды да қажетті құбылыс. Мысалы, Қазақстандағы 1926-1927/28 жылдарда шабындықтарды, егістіктерді және жайылымдарды бөлу деп аталған жер реформаларының сәтсіздігі себептерін анықтау - бүгінгі жекешелендіру кезіндегі ауыл проблемаларын түсінуге жол ашып, жеке меншікті қалыптастыру шаруашылықты игеру мақсаттарымен ұштастырылмаса, оң нәтиже бермейтіндігі туралы тұжырымның дұрыстығын дәлелдейді.
Қаржыландыру мен салық саясатын байланыстыра карастыру шаруашылықтың қалыпты дамуына ықпал етпейінше, қаржы жинау және қаржыландыру жақсы деңгейде болуы мүмкін емес; экономикадағы өзгерістерді тез арада, жедел өзгерту әлсіз шаруашылықтар жағдайында орасан зор қателіктерге әкеп соқтыратындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі, тарихнамасы. Көтерілген 20-30 жылдардағы әлеуметтік-саяси, экономикалық қайта құрулар туралы жазылған ғылыми еңбектердің көптігі, олардың Кеңес өкіметінің Казақстандағы саясатын мадақтау бағытында жазылғаны бәрімізге мәлім.
Осы кезендегі аграрлық өзгерістер тарихнамасына объективті талдау Т.Омарбековтың "20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті" атты еңбегінде кең ауқымда жөне О.Мұхатованың докторлық диссертациясында ішінара қарастырылады /2/. Бұл тарихнамалық шолуларда қазақ қоғамын кеңестендірудің қайшылықтарын түсінуге ықпал ететін сталиндік емес,балама (альтернативтік) ғылыми-теориялық еңбектер мен 90-шы жылдардағы жаңаша жазылған зерттеулер сараланған.
Әйтсе де 90жж. жаңаша еңбектердің басым бөлігінде ортақ концептуалдық бағытқа орай өткенді тек сынауға бейімділік байкалады. Аталмыш кезендегі оқиғаларды әр қырынан көрсету және пікірлер плюрализмін есепке ала отыра, 20-30 жж. кеңестендіру мөселелерін ғылыми негізде тұжырымдаған А.Б.Тұрсынбаев, Г.Ф.Дахшлейгер, Ж.Жұмабеков, Б.А.Төлепбаев зерттеулерінің ғылыми және деректік маңызын атап өтеміз. Идеологиялық шектеулерге қарамастан олар әлеуметтік-экономикалық шаралардағы қателіктерді батыл болмаса да көрсетуге ұмтылған. Г.Ф.Дахшлейгер 1926-1927 жылғы жер бөлісінің нәтижелеріне күмән келтіреді.
Өтпелі кезеңдегі экономиканы орнықтыру, оған мемлекеттік көмек мәселелері туралы Дахшлейгер Г.Ф., С.Қ.Жақыпбеков, Ф.Колодин, А.Құсайынов т.б. зерттеулерінде карастырылады. /3/
Салық саясатына арналған ғылыми зерттеулер Одақ көлемінде баршылық . Алайда олардың көбі - 40-70 жылдарда жарық көргендіктен мәселені объективті бағалаудан гөрі идеологиялық кұрсаудан шыға алмаған.
"Продналоговая компания в Казахстане (1921-1922 гг.)" атты зерттеулері жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдарындағы азық-түлік салығы мәселелерін ғана қамтығанын көруге болады.
Салық саясатының Қазақстан ауыл шаруашылығына тигізген әсері туралы алғашқы салиқалы ғылыми зерттеу, бүгінде белгілі тарихшы Ж.Б.Әбілхожиннің /4/ үлесіне тиді. Оның "Кеңес мемлекегінің 1921-1929 жылдардағы Қазақстан ауыл-селоларына салық салу саясаты" деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясы бұл бағыттағы іргелі еңбектердің бірі боп саналады.
Алайда бұл зерттеуде идеологиялық ыкпалдан сырт қалмаған. Онда автор салықтың ауыл-деревнялардағы әлеуметтік реттегіш функциясына ерекше көңіл бөліп, оның патриархалды қазақ шаруашылықтарын ұсақ товарлы шаруашылыққа айналдырудағы рөлін ерекше бағалайды. Сөйтіп, салық қазақ ауылын орташаландыруда негізгі құрал болды деп көрсетіледі.
Шындығында, 1926-1927 жылғы қазақ ауылының әлеуметтік құрылымында орташалардың тіпті аз, кедей шаруашылықтарының көптігін есепке алсақ, Әбілхожинше, қазақ шаруашылықтары өркендеген боп шығады. Ал тарих шындығы қазақ шаруашылықтарының 1930-1932 жылдары жағдайының бұл тұжырымға сәйкес келмейтінін көрсетеді.
Ж.Б.Әбілхожиннің зерттеу жұмысы 1929жылмен шектелгендіктен коллективтендіру, отырықшыландыру кезіндегі салықтық зобалаң айтылмайды. Алайда, автордың соңғы жылдардағы аграрлық экономикалық тарихқа арналған фундаментальды еңбектерінде бұл тұжырымдар кайта қаралып, объективті бағаланады.Ұсынылып отырған жұмыс салық саясатының бір жақты қаралған мәселелеріне баса назар аударып қана қоймай, оның шеңберін 1937 жылдың аяғына дейін жалғайды.
Баса көрсетегін бір жағдай, Кеңес өкіметі жылдарында жарық көрген аграрлық тарихка арналған еңбектерде қаржыландыру мәселесі арнайы зерттелмеген. Соған карамастан, қаржыландыру тек экономиканы көтеруге қызмет етті, салықтық төлемдердің кайтарылымы жоғары деңгейде болды деген пікірлер қалыптасты.
Кеңес өкіметінің қаржы саясаты нақты талданбады. Бюджеттік түсімдер мен шығыстардың арасалмағын анықтауға жете көңіл бөлінбеді. Сөйтіп, Кеңестік тарихнама 20-30 жылдардағы салық пен қаржыландыру мәселелерін зерттеуде кенже қалып, идеологиялық шеңберден аса алмады. Осыған орай біз 1926-1937 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы салық саясаты мен қаржыландыру мәселесін жаңаша зерделеп, идеологиялық көлеңкеден аршып, тарихи танымға негізделген методология түрғысынан көрсетуге ұмтылыс жасадық.
Бітіру жұмысының мақсат-міндеттері. Зерттеу 1921-1933 жылдардағы Қазақстан ауыл шаруашылығын социалистік негізде қайта құру мақсатында жасалған солақай, жедел әлеуметтік-экономикалық шараларды қаржылаңдыру және салық салу саясатын объективті, шынайы зерттеуді көздейді. Осыған байланысты зерттеу жұмысының міндеттері төмендегі мәселелерді қамтиды:
- Кеңес өкіметі кабылдаған салық туралы заңдарға тарихи талдау жүргізіп, оның қазақ шаруашылықтарына тигізген әсерін анықтау;
- Коллективтендіруге дейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығын қаржыландыру және салық салу деңгейін зерттеу арқылы Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының мәнін ашу;
- Жаңа экономикалық саясаттан әкімшіл-әміршіл экономикаға көшудің себептерін талдау арқылы астық және ет дайындаудағы күштеу әдістерінің қазақ шаруашылықтарын күйзелту құралына айналғанын экономикалық талдау арқылы ашып көрсету;
Тақырыптың хронологиялық шеңбері жаңа экономикалық саясат пен жоспарлы экономика аралығындағы өтпелі кезең 1921-1933жылдар аралығын қамтиды.
1925 жылы қабылданған жедел индустрияландыру бағытының 1928 жылдан бастап жүзеге аса бастауы рыноктық экономиканы жоспарлы жүйемен алмастыру процесіне біртіндеп жол ашты.
Жаңа экономикалық саясаттан ресми түрде бас тартылмаса да жедел индустрияландырудың әлсіз жекеше шаруа қожалықтарына сүйенуі "НЭП-тік" экономиканы шайқалтып, әкімшіл-әміршіл әдістерді күшейтті.
Осы кезенде Қазақстанда жүргізілген терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер осы бағыттан тікелей туындады. Әкімшіл-әміршіл басқаруға негізделген жоспарлы экономиканы қалыптастыру барысында қазақ қоғамын кеңестендіру мақсатын қойған: шабындықтар мен жайылымдарды және егістіктерді бөлу, ірі бай, жартылай феодалдарды тәркілеу, жедел зорлап отырықшыландыру сияқты волюнтаристік шаралар жүзеге асты.
Сөйтіп, кеңестік тоталитарлық экономикалық жүйенің қалыптасу эволюциясын сараптау қазақ ауылындағы құрылымдық өзгерістердің жүзеге асу механизмдерімен байланыстырылады.
Зерттеу жұмысының кұрылымы кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі берілген
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Омарбеков Т. ХХ ғ. өзекті мәселелері. Алматы, 2004
1. Гуревич А. О кризисе исторической науки //Вопросы истории. 1991.
2. Омарбеков. Т. 20-30жылдардағы Қазақстан қасіреті.-Алматы:Санат, 1997.
3. Дахшлейгер Т.Ф. Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921-1929гг.).-Алма-Ата:Наука,1965.
4. Абылхожин Ж.Б. Налоговая политика советското государства в ауле и деревне Казахстана (1921-1929 гг.). -Алма-Ата, 1983.
5. Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана/Социально-экономические аспекты функционирования и трансформации /1926-1930 гг/. -Алматы: Ғылым. 1991,
6. Нәубет.Публистикалық ой-толғаулар.Алматы: «Жалын».1990ж
7. С.Садуақасұлы. Таңдамалы. 2 томдық. I том. Алматы, 1993.
8. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане /1917-1980/. -Алма-Ата: Ғылым, 1991.
9. Куртов И.А. НӘП в Казахстане...Алма-Ата, 1985г.
10. Верт Н. История советското тосударства (1900-1991), -М., 1992.
11. Бордютов Т.А., Козлов В.А. История и конъюнктура. –М,. 1991.
12. Шонанұлы Т. Жер тағдыры - ел тағдыры. -Алматы, 2002 ж.
13. Зауал. Алматы: 1995ж
14. История Казахстана. 2002 г. Алматы
15. Жакишева СА. Баи-полуфеодалы в Казахстане на рубеже 20-30годов XX века: историко-источниковедческий анализ проблемы. -Алматы, 1996.
16. Қазақ қалай аштықаа ұшырады. -Алматы. Қазақ университеті. 1991, 75-6.
17. Омарбеков Т. Голощекин төңіреті: ол туралы не білеміз?/ Қазақ тарихы. 1995. №9.
18. Бокарев Ю.П. Социалистическая промышленность и мелкое крестьянское хозяйство в СССР в 20-е тоды.-М.:Наука, 1989.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2-5

Тарау–I. 1921-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты.

1. Жаңа экономикалық саясат тұсындағы салық және қазақ шаруашылықтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-11
2. Қазақ ауылында әлеуметтік-экономикалық шараларды
қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-19

Тарау- II. Жаппай ұжымдастыру мен күштеп отырықшыландыру тұсындағы
Қазақстан ауыл шаруашылығындағы салық пен қаржыландыру.

2.1 1927-1928 жылдардағы астық дағдарысы кезіндегі салық пен әлеуметтік-
экономикалық жағдай
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .20-30
2.2 Салық саясаты 1929-1933 жылдардағы жеке меншікті жою мен зорлап
коллективтендіру
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..30-40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41-44
Сілтемелер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...45-46
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..47

КІРІСПЕ

Егеменді еліміз тарихыңдағы аумалы-төкпелі 20-30 жылдар соңғы кезде
жарық көрген жаңа зерттеулерге қарамастан, әлі де тарихшылар назарын өзіне
аударып отыр. Себебі, қалыпты жағдайда ғасырдан артық уақытты кажет ететін
саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің казақ даласында "Кіші Қазан"
ұранымен 2-3жылда жүргізілуі; осы жылдарда Қазақстанда жартылай феодалдық,
қауымдық кұрылыстан социализмге өтуге негіз жасалды деген үстірт тұжырым
толық зерттеліп болған жоқ.
Тарих - адамзат қоғамы өмірінің айнасы, ендеше тарихи зерттеулер жан-
жақтылықты, ымырасыз шындықгы көрсетуді талап етеді.
Тарихи зерттеулерге ғылыми түрғыдан баға беру, оның адами мазмұнын
көрсете білу, яғни оны халықгың, ұлттың өміріне, дәстүрі мен дүниетанымдық
көзқарасына катынасы тұрғысынан көрсете білу - соңғы кезде тарих
ғылымдарына қойылған басты талаптардың бірі.1.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ қоғамын аса зор формациялық
өзгерістерге әкелген: қазақ шаруаларын жерге орналастыру; шабындық және
егістік, жайылымдарды қайта бөлу; ірі бай-кулактарды тәркілеу; көшпелі
қазақты отырықшыландыру сияқты саяси-әлеуметтік шаралар тарихына тереңірек
үңіліп, олардың қалай, қаңдай жолдармен жүзеге асқаны; қазақ халқы үшін
тарихи қажеттілігі және нәтижелері туралы жаңа зерттеулер ұлттық тарихты
жаңғырту міндеттерінен туындайды.
20-30 жылдардағы аграрлық өзгерістерді объективті бағалауда Кеңес
өкіметінің жаңа экономикалық саясат жағдайыңдағы ауыл шаруашылығын
каржыландыру және жеке қожалықтарға салық салу саясатын зерттеу маңызды
роль атқарады. Тақырьп өтпелі кезекте қазақ ауылындағы саяси-экономикалық,
кұрылымдық өзгерістердің жү-зеге асу механизмдерін саралауға, кеңестік
тоталитарлық экономикалық жүйенің калыптасу эволюциясьн ашып көрсетуге
ұмтылады.
Тақырыптың өзектілігі - оның тек аз зерттелгенінде ғана емес, қоғамдық-
тәжірибелік мәні мен тарихи сабақтастығында.
Қазақстан ауыл шаруашылығында 1921-1933жж. жүзеге асқан түбегейлі
өзгерістер тарихын зерттеу, олардың тарихи сабақтарын объективті бағалау-
саясатпен, бүгінгі күннің мақсаттарымен тығыз байланысты.
Бұл тақырып республикамызда өтіп жатқан экономикалық реформаларға
катысты мәселелерді қозғайды. Өйткені ауыл шаруашылығындағы жекешелендіру
процестеріне дұрыс бағыт-бағдар беруде 20-30 жылдардағы аграрлық өзгерістер
сабақтарын қатерге алу занды да қажетті құбылыс. Мысалы, Қазақстандағы 1926-
192728 жылдарда шабындықтарды, егістіктерді және жайылымдарды бөлу деп
аталған жер реформаларының сәтсіздігі себептерін анықтау - бүгінгі
жекешелендіру кезіндегі ауыл проблемаларын түсінуге жол ашып, жеке меншікті
қалыптастыру шаруашылықты игеру мақсаттарымен ұштастырылмаса, оң нәтиже
бермейтіндігі туралы тұжырымның дұрыстығын дәлелдейді.
Қаржыландыру мен салық саясатын байланыстыра карастыру шаруашылықтың
қалыпты дамуына ықпал етпейінше, қаржы жинау және қаржыландыру жақсы
деңгейде болуы мүмкін емес; экономикадағы өзгерістерді тез арада, жедел
өзгерту әлсіз шаруашылықтар жағдайында орасан зор қателіктерге әкеп
соқтыратындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік туғызады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі, тарихнамасы. Көтерілген 20-30 жылдардағы
әлеуметтік-саяси, экономикалық қайта құрулар туралы жазылған ғылыми
еңбектердің көптігі, олардың Кеңес өкіметінің Казақстандағы саясатын
мадақтау бағытында жазылғаны бәрімізге мәлім.
Осы кезендегі аграрлық өзгерістер тарихнамасына объективті талдау
Т.Омарбековтың "20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті" атты еңбегінде кең
ауқымда жөне О.Мұхатованың докторлық диссертациясында ішінара қарастырылады
2. Бұл тарихнамалық шолуларда қазақ қоғамын кеңестендірудің қайшылықтарын
түсінуге ықпал ететін сталиндік емес,балама (альтернативтік) ғылыми-
теориялық еңбектер мен 90-шы жылдардағы жаңаша жазылған зерттеулер
сараланған.
Әйтсе де 90жж. жаңаша еңбектердің басым бөлігінде ортақ концептуалдық
бағытқа орай өткенді тек сынауға бейімділік байкалады. Аталмыш кезендегі
оқиғаларды әр қырынан көрсету және пікірлер плюрализмін есепке ала отыра,
20-30 жж. кеңестендіру мөселелерін ғылыми негізде тұжырымдаған
А.Б.Тұрсынбаев, Г.Ф.Дахшлейгер, Ж.Жұмабеков, Б.А.Төлепбаев зерттеулерінің
ғылыми және деректік маңызын атап өтеміз. Идеологиялық шектеулерге
қарамастан олар әлеуметтік-экономикалық шаралардағы қателіктерді батыл
болмаса да көрсетуге ұмтылған. Г.Ф.Дахшлейгер 1926-1927 жылғы жер бөлісінің
нәтижелеріне күмән келтіреді.
Өтпелі кезеңдегі экономиканы орнықтыру, оған мемлекеттік көмек
мәселелері туралы Дахшлейгер Г.Ф., С.Қ.Жақыпбеков, Ф.Колодин, А.Құсайынов
т.б. зерттеулерінде карастырылады. 3
Салық саясатына арналған ғылыми зерттеулер Одақ көлемінде баршылық .
Алайда олардың көбі - 40-70 жылдарда жарық көргендіктен мәселені объективті
бағалаудан гөрі идеологиялық кұрсаудан шыға алмаған.
"Продналоговая компания в Казахстане (1921-1922 гг.)" атты зерттеулері
жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдарындағы азық-түлік салығы
мәселелерін ғана қамтығанын көруге болады.
Салық саясатының Қазақстан ауыл шаруашылығына тигізген әсері туралы
алғашқы салиқалы ғылыми зерттеу, бүгінде белгілі тарихшы Ж.Б.Әбілхожиннің
4 үлесіне тиді. Оның "Кеңес мемлекегінің 1921-1929 жылдардағы Қазақстан
ауыл-селоларына салық салу саясаты" деген тақырыптағы кандидаттық
диссертациясы бұл бағыттағы іргелі еңбектердің бірі боп саналады.
Алайда бұл зерттеуде идеологиялық ыкпалдан сырт қалмаған. Онда автор
салықтың ауыл-деревнялардағы әлеуметтік реттегіш функциясына ерекше көңіл
бөліп, оның патриархалды қазақ шаруашылықтарын ұсақ товарлы шаруашылыққа
айналдырудағы рөлін ерекше бағалайды. Сөйтіп, салық қазақ ауылын
орташаландыруда негізгі құрал болды деп көрсетіледі.
Шындығында, 1926-1927 жылғы қазақ ауылының әлеуметтік құрылымында
орташалардың тіпті аз, кедей шаруашылықтарының көптігін есепке алсақ,
Әбілхожинше, қазақ шаруашылықтары өркендеген боп шығады. Ал тарих шындығы
қазақ шаруашылықтарының 1930-1932 жылдары жағдайының бұл тұжырымға сәйкес
келмейтінін көрсетеді.
Ж.Б.Әбілхожиннің зерттеу жұмысы 1929жылмен шектелгендіктен
коллективтендіру, отырықшыландыру кезіндегі салықтық зобалаң айтылмайды.
Алайда, автордың соңғы жылдардағы аграрлық экономикалық тарихқа арналған
фундаментальды еңбектерінде бұл тұжырымдар кайта қаралып, объективті
бағаланады.Ұсынылып отырған жұмыс салық саясатының бір жақты қаралған
мәселелеріне баса назар аударып қана қоймай, оның шеңберін 1937 жылдың
аяғына дейін жалғайды.
Баса көрсетегін бір жағдай, Кеңес өкіметі жылдарында жарық көрген
аграрлық тарихка арналған еңбектерде қаржыландыру мәселесі арнайы
зерттелмеген. Соған карамастан, қаржыландыру тек экономиканы көтеруге
қызмет етті, салықтық төлемдердің кайтарылымы жоғары деңгейде болды деген
пікірлер қалыптасты.
Кеңес өкіметінің қаржы саясаты нақты талданбады. Бюджеттік түсімдер
мен шығыстардың арасалмағын анықтауға жете көңіл бөлінбеді. Сөйтіп,
Кеңестік тарихнама 20-30 жылдардағы салық пен қаржыландыру мәселелерін
зерттеуде кенже қалып, идеологиялық шеңберден аса алмады. Осыған орай біз
1926-1937 жылдардағы ауыл шаруашылығындағы салық саясаты мен қаржыландыру
мәселесін жаңаша зерделеп, идеологиялық көлеңкеден аршып, тарихи танымға
негізделген методология түрғысынан көрсетуге ұмтылыс жасадық.
Бітіру жұмысының мақсат-міндеттері. Зерттеу 1921-1933 жылдардағы
Қазақстан ауыл шаруашылығын социалистік негізде қайта құру мақсатында
жасалған солақай, жедел әлеуметтік-экономикалық шараларды қаржылаңдыру және
салық салу саясатын объективті, шынайы зерттеуді көздейді. Осыған
байланысты зерттеу жұмысының міндеттері төмендегі мәселелерді қамтиды:
- Кеңес өкіметі кабылдаған салық туралы заңдарға тарихи талдау
жүргізіп, оның қазақ шаруашылықтарына тигізген әсерін анықтау;
- Коллективтендіруге дейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығын қаржыландыру
және салық салу деңгейін зерттеу арқылы Кеңес өкіметінің ұлттық
саясатының мәнін ашу;
- Жаңа экономикалық саясаттан әкімшіл-әміршіл экономикаға көшудің
себептерін талдау арқылы астық және ет дайындаудағы күштеу әдістерінің
қазақ шаруашылықтарын күйзелту құралына айналғанын экономикалық талдау
арқылы ашып көрсету;
Тақырыптың хронологиялық шеңбері жаңа экономикалық саясат пен жоспарлы
экономика аралығындағы өтпелі кезең 1921-1933жылдар аралығын қамтиды.
1925 жылы қабылданған жедел индустрияландыру бағытының 1928 жылдан
бастап жүзеге аса бастауы рыноктық экономиканы жоспарлы жүйемен алмастыру
процесіне біртіндеп жол ашты.
Жаңа экономикалық саясаттан ресми түрде бас тартылмаса да жедел
индустрияландырудың әлсіз жекеше шаруа қожалықтарына сүйенуі "НЭП-тік"
экономиканы шайқалтып, әкімшіл-әміршіл әдістерді күшейтті.
Осы кезенде Қазақстанда жүргізілген терең әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер осы бағыттан тікелей туындады. Әкімшіл-әміршіл басқаруға
негізделген жоспарлы экономиканы қалыптастыру барысында қазақ қоғамын
кеңестендіру мақсатын қойған: шабындықтар мен жайылымдарды және
егістіктерді бөлу, ірі бай, жартылай феодалдарды тәркілеу, жедел зорлап
отырықшыландыру сияқты волюнтаристік шаралар жүзеге асты.
Сөйтіп, кеңестік тоталитарлық экономикалық жүйенің қалыптасу
эволюциясын сараптау қазақ ауылындағы құрылымдық өзгерістердің жүзеге асу
механизмдерімен байланыстырылады.
Зерттеу жұмысының кұрылымы кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан
тұрады. Жұмыс соңында пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі берілген

ТАРАУ I. 1921-1928 ЖЫЛДАРЬІНДАҒЫ ҚАЗАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ
САЛЫҚ САЯСАТЫ
I.I. Жаңа экономикалық саясат тұсындағы салық және қазақ шаруашылықтары

Салық жүйесі - мемлекеттің өмір сүру кепілі. Оған адамзат тарихы
куә."Қоғамдық келісім-шарт" негізінде пайда болған мемлекет пен салық
жүйесі бөлінбес дүние.
Қазіргі Батыс мемлекеттеріндегі сындарлы салық жүйесі өз бастауын
сонау орта ғасырлардан, бір орталықтанған мемлекеттердің калыптасу
кезеңінен алады. Француз абсолюттік монархиясы аталары: король Генрих IV
мен кардинал Ришелье мемлекетті нығайтудың және экономиканы өркендетудің
нақты жолын - шаруаларға салынатын салық мөлшерін азайту арқылы жүргізген
болатын. Одан кейінгі сан ғасырлық адамзат тарихы бұл шараның дүрыстығын
дәлелдеді.
Батыстық либералдық экономика жүйесінің негізін салушы, ағылшын
классикалық экономияссының көрнекті өкілі А.Смит те салықты қоғамдағы
әлеуметтік қатынастарды реттеу құралы ретінде қарастыра келіп, оның көлемі
өндірушіге қиындық туғызбайтын аз мөлшерде болғанда ғана экономиканы
көтеруге қызмет ететінін айтқан болатын .
Кеңес өкіметі де салық саясатында дәстүрлі мақсаттарды алдына қойды.
Алайда азамат соғысы жылдарында салық орнына азық-түлік салғырты
қолданылып, салық жүйесінің қалыптасуы жаңа экономикалық саясатпен тығыз
байланыста болды. Салғырттан кейін енгізілген азық-түлік салығы, бірыңғай
натуралдық салық шаруашылықты қалпына келтіруде үлкен рөл атқарды.
Қазақ ауылының кеңестік салық жүйесіне тартылуы 1922 жылдан басталды.
1922 жылы 17 наурыздағы Бүкілодақтық Орталық Аткару комитеті мен РКФСР
Халық Комиссарлар Кеңесінің "Ауыл шаруашылық өнімдеріне бірыңғай натуралды
салық" атты декреті шықгы. Осыған байланысты РКФСР Халық Комиссарлары
Кеңесінің арнайы шешімімен бұл салықка 1922-1923жылдан бастап мал
шаруашылығы аудандары тартылды. Бұл салық Қазақстанда 131,91% мөлшерінде
артығымен орындалды 6.
1923жылы БК(б)П ХІІ-съезі салық жүйесіне өзгеріс енгізілді. Бұрынғы
натуралдық және ақшалай салықтар орнына 1924 жылдың қаңтарынан бастап
бірыңғай ауыл шаруашылығы салығы енгізіліп, ол ақшалай және заттай алынуы
шарт болды. Жалпы ауыл шаруашылығы салығының енгізілуі салық жүйесінде алға
басқандық болды, шаруаны ынталандыруда үлкен роль атқарды. Айта кетегін бір
осы салық малды аймақтарға тек ақшалай түрде енгізілді.
Салықтың ақшалай алынуы салық жинаушылардың жұмысын жеңілдету
мақсатына жасалғаны көрініп-ақ тұр, өйткені натуралды салықтан түскен малды
сату қосымша шаруа екендігі рас. Осыны біле тұра өкіметтің базары жоқ, жол
торабынан шалғайдағы қазақ ауылдарынан ақшалай салық алуын қалай түсінуге
болады? Бұл натуралды, тұйық қазақ шаруашылықтары үшін тиімсіз шара болды.
Тарихшы Ж.Әбілхожин мұны қазақ шаруашылықтарында товар-ақша қатынастарын
дамыту, оны ұсақ товарлы шаруашылыққа айналдыру мақсатында жасалған шара
деп көрсетеді 7. Бұл тұжырыммен әбден келісуге болар еді, бірақ жақын
жерде базары жоқ қазақ үшін малын ақшаға айналдыру өте қиын іс болды.
Ешқандай сауда орындары жоқ ауылда мал өнімдерін алыпсатарға тегінге
өткізуге мәжбүр болып, ауыл шаруашылығы салығын төлеу үшін қазақтар біраз
малынан айырылды. Сөзіміз дәлелді болу үшін БК(б)П Ақтөбе губерниялық
комитеті хатшысы М.М.Беккердің 1926 жылы Голощекинге жазған хатынан үзінді
келтірейік. Ол жерді пайдалану мәселесі орыстар мен қазақтар арасында
ұлтаралық жанжал туғызып отырғанын айта келіп, "...темір жолдан 500-600
(верст) қашықтағы казақ шаруашылықтары экономикалық жағынан әлсіз, өйткені
онда товарлы шаруашылық жоқ, қазақтар өз өнімдерін құнының 50-75 процентіне
алыпсатарға өткізеді, керісінше, өнеркәсіп заттарын 3-4 есе қымбатқа алады.
Мұның өзі қазақтың орыстарға экономикалық тәуелділігін арттырып, қарама-
қарсылық туғызып отыр" - деп жазған 8.
Кеңес өкіметі енгізген тұтыну кооперациясы қазақ шаруаларын толық
қамти алмады. 1926 жылы КСРО көлемінде оның деңгейі 7,5 процент болса,
РКФСР-де 8,0 процент, Қазақстанда 7,0 процент, оның ішінде орыс түрғындары
9,4 процент, қазақтар 3,3 процент қамтылған. Қазақ шаруашылықтарын қамтитын
тұтыну кооперативтері жалпы кооперативтердің 10,9 проценті болса, өзге
ұлттарды қамтитын кооперативтер 38,8 процент болды.
Сырдария губерниясындағы тұтыну кооперациясының жағдайын мына
мәліметтерден көруге болады: Шымкент уезінде тұратын халықтың 85 процентін
құрайтын қазақ пен өзбектер үшін 93,513 сомға товар жіберілсе, 15 процент
орыстарға - 118, 150 сомның товары жіберіледі.. Әулие-Ата уезінде де
осындай жағдай: 85 процент болатын қазақ пен өзбекке - 16,762 сомның
товары, 13 процент болатын орыстарға - 75,721 сомның товары жіберілген 9.
Бұдан Кеңес өкіметі казақ шаруашылығын өркендету мәселесіне аса көңіл
аудармағаны көрініп тұр.
Сонымен катар, салықтың ақшалай енгізілуінің кеңестік салық жүйесінің
түпкі мақсаттарымен ұштасып жатқанын баса көрсетуіміз керек.
Кеңес өкіметі өзінің салық саясатында мынандай мақсаттарды қойғаны
мәлім:
1) кедей және орта шаруаның экономикалық мүмкіндігін арттыру;
2) бай-кулактардың шаруашылығын тежеу;
3) жеке шаруашылықтың коллективтік шаруашылыққа айналуын тездету.
Яғни,Қазақстан жағдайында бай-кулакты тежеуге бағытталған салық
саясатының кедей және орташа шаруаны шарпымауы мүмкін емес. Оның үстіне
"Бірыңғай ауыл шаруашылығы салығы туралы" ережеде салық төлеу процесінің
өзі қым-қиғаш. Әуелі шаруа қожалығының жылдық кірісін анықтау керек. Ал,
әрбір ат-көлік, қой, сиыр, ұсақ мал мен егістік жерден түсегін кірісті
(пайда) дәл анықтау мүмкін емес еді, өйткені түсегін өнімнің тең жартысынан
көбі ішіп-жеу үшін пайдаланылады. Жоғарыдағы келтірілген мысалда малы аз
қазақтардың кіріс алынуынан ішіп-жеуге жұмсауы көп сияқгы. Ереже бойынша
шаруашылықтан түсегін. кіріс-пайда өкімет заңдандырған "кіріс мөлшері"
бойынша анықталады, жылма-жыл "орташа кіріс мөлшері" бекітіліп, жергілікті
жерлерге жіберіледі, бұл мөлшерді егістік жер көлеміне немесе мал санына
көбейтіп, төлейтін салық шығарылады. Ал, жергілікті органдар Кеңестердің
округтік атқару комитеттері сол жердің жағдайына байланысты кіріс мөлшерін
өзгертуге құқы болды.
Қазақстанның натуралды мал шаруашылығы жағдайы ескерілмеген бұл заң,
әрине, қазақ шаруасы үшін аса тиімді болмады. Өйткені, шалғайдағы
шаруашылықтың кірісі аз, рентабелсіз екендігін Өлкелік партия комитегінің
бюро мәжілісінде мойындалды. Оның үстіне Қазақстан өкіметі жергілікті
ерекшеліктерді ескерегін "кіріс мөлшерін" жасақтауға кеш кірісті. Оған
Н.Нұрмақовтың бюро мәжілісіндегі сөйлеген сөзі куә: "... Бұл мәселемен
бұрын ешкім айналыспағандықтан оған өзгерістер енгізуге қазір еш мүмкіндік
жоқ. Қазақстанның жағдайына икемделген шарттарды жасақтау үшін ауыл
шаруашылығы салығы туралы декретті тоқтату қажет. Бұл үшін қажетті
ақпарлардың жоқтығы да қол байлау болды".
"Кіріс мөлшерін" губерниялар бойынша жасақтау 1927жылы аяқталды.
Осыған қарамастан 1925-1926 жж. ауыл шаруашылығы салығын жинаудан 9.976,5
мың сом10 түсті. Бұл жалпы сома. Төмендегі кестеге қарап, біз салық
ауыртпалығының орташа және ауқатты шаруалардың мойнына түскенін көреміз:

Кесте №1. Қазақ шаруашылықтарының әлеуметтік жіктелу топтары мен олардың
үлес салмағы
Мал санына Жылдар жөне үлес салмағы процент
байланысты
шаруашылық
топтар
1924-25 1925-26 1926-27 1927-28
5 бас ірі 75,3 64,5 56,1 56,1
қара
5 -20 бас 23,5 31,9 37,8 37,0
20 -50 бас 1,0 3,0 5,0 5,6
50 бастан 0,2 0,6 1,1 1,3
жоғары
100,0 100,0 100,0 100,0

Ірі-қараға шаққанда 5бас малы барлар 1925жылдың 3-ші шілдесінде РКФСР
Халық Комиссарлар Кеңесінің шешімімен салықтан мүлде босатылған еді.
Сонда 1925-26жж. түскен 2,270мың сом салықты қазақ шаруашылығының 0,6
процентін құрайтын ауқатты топтар мен 34,9 процентін құрайтын орташа
шаруалар берген.
1926-1927жылы шаруашылықтың 6процентін құрайтын ауқаттылар салықтың
54,6процентін бергеніне күмән келтіруге болмайды. Бұл топтағылардың салығы
1926 ж. 66-109 процентке өскен. Бұл өте жоғары салық, өйткені 6 проценттің
5 проценті -20 бастан 50 басқа дейін малы бар орташа шаруашылықтар.
Ал, салықтың қалған 45,4проценті 5 бастан 20 басқа дейін малы бар
орталау шаруаның мойнына түскен, бұл топтағылардың салығы 47 процентке
дейін жоғарылаған. Салықтан мүлде босатылған қазақ шаруашылықтары 1925-1926
жылы 60,5 процент болса, 1926-1927 жылы -62,8процентке жеткен.Бұл көрсеткіш
С.Садуақасовтың пікірінше дұрыс емес. Осы жылы барлық қазақ қожалақтары 700
мың, ал салық төлегендері — 387 мың дей келіп салықтан босатылған қазақ
қожалықтары — 49,5 % деп көрсетеді 11. Осы мәліметтерге және жоғарыда
келтірілген қазақ шаруашылықтарының әлеуметтік жіктелу топтары көрсетілген
кестеге сүйене отырып, салық саясаты өзінің кедей және орташа шаруаны
жегістіру мақсатын 1925-1927жылдарда орындай алмаған деген қорытынды
жасаймыз.
Соңғы екі жылда бір - топтағы шаруашылықтар тіптен азаймаған, екінші
топтағы шаруашылықта көп өзгеріске ұшырамаған. Натуралды шаруашылықтың
қаймағы бұзылмай, салық жеңілдіктеріне қарамастан кедейдің өсімі ішіп-
жеуінен ауыспаған. Кеңес өкіметі мал шаруашылығын товарлы шаруашылыққа
тартуды, жол салу, кооперацияны дамыту, қаржыландыру сияқты әлеуметтік-
экономикалық көмектен бастаса, жағдай басқаша болар еді.

Кесте №2. 1926-1928 жж. ауыл шаруашылығын жергілікті бюджеттен қаржыландыру
жағдайы (мың сом)
1926-27 1927-28
Кіріс: Ауыл шаруашылық салығы 8.435,4 8.127,4
Шығыс: Ауыл шаруашылық қаржыландыру 1741,0 2299,4
% (шығарылуы ) 20,6 28,2

Мұнда салықтың басқа түрлерін есепке алмағанның өзінде ауыл
шаруашылығын қаржыландыру түсімнің аз ғана бөлігін қамтып тұр. Бұл салықтың
қайтарылымының мардымсыздығын көрсетеді.
Енді ауыл шаруашылығы салығының Қазақстанның жер шаруашылығы
аймақтарында жүзеге асуын қарастырайық. Салынатын салықтың "кіріс мөлшері"
астық, дәнді дақыл, бау-бақша өнімдері үшін жоғары болуына байланысты
егістік алқабы бар бір шаруашылық төлейтін салығы 16,2 сом, мал өсірегін
шаруашылық 7,6 сом мөлшерінде төленді. Орташа кірістері де осыған сөйкес:
216,4 сом; 128,8 сом. Бұл көрсеткіштер орыс шаруашылығының анағұрлым
қуаттылығын көрсетсе, салықтан босатылған шаруашылықтар пропорциясы да
(1927-28 жж.) 23,0 процент: 52,1 процент қазақ шаруашылығының әлсіздігін
дәлелдейді. Тарихшы М.Асылбеков пен Ә.Ғалиевтің Қазақстандағы орыс
шаруашылығының 7проценті, ал қазақ шаруашылығының 2,6 проценті 12
жалдамалы еңбек пайдаланған деген мәлімегіне сүйенсек те, осындай тұжырымға
келеміз. Осыған қарамастан ауыл шаруашылығы салығының ауқатты топтары үшін
ауыртпалығы қазақ байы үшін ауырлау. 1926-1927жылы салық төлеуші 6 процент
байлар салықтың 54,6 процентін төлесе, отырықшы жер шаруашылығында - 22
процент ауқаттылар салықтың 65 процентін 13 берген. Ал Одақ бойынша
салықтың мөлшері: кедей шаруа үшін -1,83 сом, орта шаруа - 13,25 сом, кулак
-63,6 сом болған . Ауыл шаруашылығы салығы республикалық бюджеттің негізін
құрайтын түсімге айналып, жылма-жыл өсіп отырған. 1924-25жылы 9.976,5 мың
сом, барлық салықтың 59,2проценті; 1925-26жылы 7,713 мың сом - 42,2процент
(салықтың жаңа ережесіне байланысты азайып отыр); 1926-27 жылы 11.198,3 мың
сом _ 43,3процент; 1927-28 ж. да 11,175 мың сом көлемінде болған. Бұл
салықтың түсімінің жоғары деңгейін көрсетеді. 1925-26 жылы шаруашылық
кірісінен алынатын салықтың процент мөлшері (процент изьятия дохода) РКФСР-
да 3,7процент болса, Қазақстанда - 4,8процент (мал шаруашылығында
-4,1процент: егін шаруашылығында - 5,5процент; 1926-27 жылы 5,1 процент;
1927-28 жылы - 6,1 процент болған.
Ауыл шаруашылығы салығының "кіріс мөлшері" бойынша салынатын түрі
өзінің мөлшерлі сипатына қарамастан 20-жылдар жағдайында экономикалық
жағынан кейінгі жаппай коллективтендіру кезіндегі түріне қарағанда тиімді
болғанын айту керек. Салық шарттары жеке шаруа үшін белгілі бір дөрежеде
әділетті болады, яғни салық мөлшері шаруашылықтың күш-қуатына қарай
салынды. Сондықтан ауқатты шаруа көп, кедей шаруа аз төледі. 1928 жылға
дейін салық шаруашылықтың жылдық кірісінің жан басына шақкандағы мөлшерінен
алынды едоцкий принцип.
Бір адамға келегін кірістің алғашқы 20 сомның бір сомына екі тиыннан
салық салынды. Ал 20сомның үстіндегі артық соманың әрбір сомына төмендегі
мөлшерде салынды: 20-30 сом - 3 тиын, 40-50 сом - 10 тиын, 30-40 сом - 5
тиын, 50-60 сом - 17 тиын 14. Бұл көп балалы семьяларға тиімді болды.
Сонымен қатар, салық салынбайтын минимум мынандай шаруашылықтарға берілді:
- құрамы 1-2 адам, жылдық кірісі - 90 сом;
- құрамы 3-4 адам, жылдық кірісі - 100 сом;
- құрамы 5 және одан жоғары, жылдық кірісі - 110 сом.
Колхоздар жылдық кірісінің әр сомына 5 тиыннан, коммуналар -4 тиыннан
салық төледі. Осы жеңілдіктердің пайдаланатын шаруашылықтар 1925-26ж.
Өлкелік партия комитегінің есебінде көрсеткендей, 557,951 болып бүкіл
шаруашылықтар санының 1.099453-52,8 процентін құрады. Ал салық сомасының
20,6 проценті - 1,886 мың сом жеңілдіктерге байланысты есеппен шығарылды.
1924-27 жылдардағы ауыл шаруашылық салығынан босатылған
шаруашылықгар динамикасын көрсетейік:
1924-25 ж. 32,7 процент; 1925-26 ж. - 33,8 процент; 1926-27 ж. 34,6
процент. Бұл көрсеткіш одақ бойынша 35 процент болды.
1927-28 ж. - 37процент, сөйтіп салықтың жан басына салынатын түрі
экономиканы тұрақтандыруға әсер етті деген қорытынды жасауға болады.Осыған
орай төмендегі кестені келтірейік.
Кесте №3. 1925-1928 жж. ауыл шаруашылығының даму динамикасы

Жылдары Егістік жермал басы Аш жалпы Аш товарлы Аш салығы
көлемі өнімі өнімі
1. 1924-25 100,0 100,0 100,0 100,0 100,0
2. 1925-26 132,1 109,9 138,6 142,3 68,5
3.1926-27 146,2 120,6 147,0 200,9 102,0
4. 1927-28 154,5 132,1 144,1 177,0 106,3

Қазақ Орталық Аткару Комитетінің есебінде егістік жер көлемінің ұлғаюы
1927-1928жылы 1924-25жылғымен салыстырғанда 54,5 процент өскен деп
көрсетсе, Онищенко К.Т. 1929 ж. "Қазақстан Халық шаруашылығының 1927-
28жылғы қысқаша шолуында" егістік жер көлемі 1925 жылғы 3072,5 гектардан
3809,4 гектарға жеткенін, яғни, 24 процент өскенін көрсетеді. Осындай
ретсіздіктерге қарамастан бұл көрсеткіштер егістік жер көлемінің өсу
динамикасын көрсетеді.
1927 жылы Қазақстанда мал басы 38499,7 мыңға жетіп, 1916 ж. деңгейден
35,000 мың бастан асып түсті.
Коллективтендіруден бұрынғы 1925-26 - 1927-28 жылдардағы салық жүйесі
Қазақстан жағдайын ескермегендігіне қарамастан ауыл шаруашылығының қалыпты
дамуына әсер етті. Кеңес өкіметі тарапынан қазақ шаруашылықтарына жүйелі
түрде көмек те берілмеді, бірақ, бір жақсысы, шаруашылық жүргізу
еркіндігіне кедергі қойылмады. Мұның өзі жақсы нәтиже берді.1927жылдың
аяғында КСРО шеңберінде қалыптасқан астық дағдарысы Кеңес өкімегін бұрынғы
саясатынан бас тартқызды. Осыған орай, салық салу жүйесі де өзгеріп, жеке
шаруашылықтардың құралына, коллективтендіру механизміне айнала бастады.

1.2. Қазақ ауылында әлеуметтік-экономикалық шараларды қаржыландыру.
20-30 жылдардағы Қазақстанда жүргізілген қауырт, жедел шаралардың
себептерін анықтау, оларға объективті баға беру кеңестік әміршіл-әкімшіл
экономиканың калыптасу эволюциясын сараптаумен тығыз байланысты.
Ұлттық тарихтағы ақтандақтар қатарына 20-шы жылдардың соңында, 1926-
1927 жылдары "Шабындық, егістік жерлерді жөне жайылымдарды бөлу" деген
атпен белгілі жер реформаларын жатқызуға болады. Бұл коллективтендіруден 3
жыл бұрын басталып, патриархалды, қауымдық жер қатынастарын өзгерту
мақсатын қойған, "тап күресінің шиеленісуі туралы" сталиндік қағида рухында
жасалған волюнтаристік шара болды.
Алайда, "тап күресінің шиеленісуі" мәселесінің күн тәртібіне қойылуы
Одақта кейінірек, 1929 жылы басталғанын ескерсек, аталмыш шараның
Қазақстанда ерте басталуына байланысты сұрақ туады. Өйткені 20-жылдардың
ортасында жаңа экономикалық саясаттың рыноктық реттегіш функцияларынан бас
тартылмаған еді. Әлсіз экономикалы Ресей жағдайында социализм орнатудың
ұзақ мерзімге созылу мүмкіндігі ескеріліп, жаңа экономикалық саясат ауыл
шаруашылығындағы жеке меншікті тез арада өзгерту мақсаттарын қойған жоқ.
Лениннің сөзімен айтсақ: "Ауыл шару-ашылығын қайта құру және шаруалардың
психологиясын өзгерту үшін бір ұрпақтың мерзімі керек. Бұл тапты
помещиктерді жойғандай жоя алмаймыз, оны өзгерту үлкен күш пен шығындарды
талап етеді" 15.
Осы бағытта 1925 жылы өкімет ауыл шаруашылығында товар-ақша
қатынастарын дамыту, жеке меншікті нығайтуға бағытталған аренданы, жалдама
еңбекті пайдалану туралы шешімдер қабылдады. Осындай саяси келісімге
негізделген жаңа экономикалық саясат кезінде Қазақстанда байларға қарсы
бағытталғаны шаралардың жүзеге асуын немен түсіндіруге болады?
Бұл мәселе Голощекиннің жеке басымен байланыстырсақ, оңай жауап табар
едік, бірақ, оның партияның сара бағытынан өзгеше позиция ұстануы мүмкін
еместігін естен шығармайық. Осыған байланысты біз 1925 жылғы жаңа
экономикалық саясатты өрістету шараларымен бірге, оны тежейтін
механизмдердің қабылданғаны туралы Ресей тарихшыларының пікіріне 16
қосыламыз. Тарихшылар Голанд, Валентинов (Вольский), Бордюгов, Козловтардың
1925 жылы жедел индустрияландыру шешімдернің қабылдануы - ауыл
шаруашылығынан қаржы сору механизмін қалыптастыруға негіз болды деген
пікірлері шындыққа сай келеді: Ендеше экономикасының 90 проценттен астамы
ауыл шаруашылығы болған Қазақстанда Голощекиннің баскаша саясат жүргізуі
мүмкін емес. Капиталистік товарлы шаруашылық түгіл, феодализм дұрыс
дамымаған, қауымдық қатынастарға негізделген экстенсивті, тұйық, көшпелі
мал шаруашылықты Қазақстанды кеңестік жүйеге тарту асқан шеберлік пен
байыптылықты талап етегін еді.
Алайда, өкімет Қазақстандағы өзгеше жағдаймен санаспай, қазақ ауылын
кеңестендіру шараларына белсене кірісті.
"Қоғам дамуының қозғаушы күші - тап күресі" деген кереғар маркстік
қағидаға сүйенген олар қазақ даласындағы әлеуметтік жайбарақаттықпен
келіспеді. 1925 жылы өлкелік партия комитеті басшылығына қазақтың тілінен,
дінінен, дәстүр-танымынан, тұрмыс-тіршілігінен хабары жоқ, "революционер"
Ф.Голощекин жіберіліп, ол Казан революциясының казақ даласына әлі
жетпегеніне "қатты қынжылып", "Кіші Қазан" төңкерісін дайындауға кірісті.
1925-27 жылдары Бүкілқазақтық 5-6 партия конференциялары, өлкелік
партия комитегінің 2-3 пленумдары өткізіліп, онда қазақ ауылының әлеуметтік-
экономикалық құрылымын анықтау, осыған байланысты республика партия ұйымы
жүмысының мақсаттары мен бағыттары туралы мәселелер үлкен пікірталас
тудырды.
Республика басшылығындағы білікті қазақ коммунистері Н.Нұрмақов,
О.Жандосов, ААсылбеков, О.Исаев және т.б. ауылдың өлеумеггік қүрылымын
ресейлік шеңберге икемдей алмай қиналды.
"Бай", "орташа", "кедей" топтарын анықтау, олардың экономикадағы үлес
салмағы, осы әлеуметтік топтардың бір-біріне ара-қатынасы мәселелерін
талқылау барысында Ресей жағдайына еш жанаспайтын, мүлде өзгеше әлеуметтік-
экономикалық жағдай көзге ұрынып-ақ тұрды. 1927 жылы одақта жеке
шаруалардың 35% -кедейлер, 60% - орташалар, 4-5% - кулактар болса, қазақ
ауылындағы мүліктік жіктелу мүлде басқаша, кедей шаруашылықтар көп, орташа
- жоқтың қасы, бай - өте аз боп шықты. Мысалы, 1926 жылғы мәліметтер
бойынша Павлодар уезіндеті шаруашылықтардың мал басы санына қарай жіктелуі
төмендегідей болды:
-5 ірі қара малы барлар - 57 процент;
-5-10 малы барлар - 28 процент;
-10-20 малы барлар - 4 процент;
-20-ден жоғары малы барлар 4-ақ процент;
яғни кедейлер - 85 процент, орташа - 11 процент; бай - 4 процент.
Жалпықазақтық Ш-партия конференциясында 3 губерния бойынша ауылдағы
жіктелу туралы мәліметтер де осы деңгейді көрсетті: кедейлер - 72 процент,
орташа - 18,9 процент. Оның растығын кейіннен, шабындық жерді бөлу науқаны
дәлелдеп берді. Мұнда іріктелу революциядан бұрынғы Щербина санағымен де
сөйкес келеді. Әсіресе, орташа шаруалар тобын анықтау өте қиынға соқты.
1924-25 жылғы салық салу науқанында қазақ малшыларының 75 проценті салықтан
босатылғанын тілге тиек етсек, кедей тобының шаруашылықтың нетізін
кұрайтыны белгілі болып шығады. Мұндай жағдайда экономиканы көтеру -
қалыптасқан жағдайды бұзбай, ешқандай төтенше шара қолданбай, ауқаттыны
салықпен тежеу арқылы және кедей топтарға мемлекет тарапынан материалдық
көмек болғанда ғана жүзеге асатын еді. Ал осының өзі жаңа экономикалық
саясаттың нетізгі талабы болатын. Қазақстан үшін шаруашылықты көтеру
мәселесінің өзектілітін төмендегі мәліметтерден көруте болады: азамат
соғысынан зардап шеккен республика шаруашылығының калпына келуі баяу жүрді:
1926 жылы мал шаруашылығының деңгейі соғысқа дейінгі көрсеткіштердің 85,5
процентіне, егін шаруашылығы - 86,2 процентіне ғана жетті. Осы жағдайларда
баса назар аударып нақты пікір айтқан Смағұл Садуакасов: Өлкелік партия
комитегінің-Iiпленумында партияның сара жолын бұзушы, оңшыл-уклонист
атанып, Голощекиннің қаһарына ілікті. Енді ол Голощекин Садуақасовтың
соңына түсіп, әр мәжіліс сайын - мінеп, "садвокасовщина", "алашордашы"
деген айдар тағып, казақ коммунистерін Голощекинге ұнамайтын пікір айтудан
күдер үздірді. Ақыры, 1926 жылы Өлкелік партия коммунистерінің II-
пленумында Қазақстан ауыл шаруашылығын социалистік негізде қайта құрудағы
басты кедергі -бай деген тұжырымды мақұлдатты. Соның әсерінен Ораз Жандосов
осы пленумда тіпті байды меншіктен айыру мәселесін бір-ақ көтерді.
Голощекин қанша тырысқанмен жалпы партиялық бағыт - жаңа экономикалық
саясат жағдайымен санасуға тура келіп, мұндай қарар қабылданбады. Бірақ,
меншіктен айыру мәселесінің Одақтық шешімдерден 3 жыл бұрын күн тәртібіне
қойылуының өзі республика партия ұйымына берекесіздікке әкелді, өмір
талабынан туған нақты экономикалық мәселелерді жүзеге асыру емес, орынсыз
дау, талас, сөз куалау, "жау" іздеу етек алды. Жоғары жақтың алдында
ерекшеленгісі келген Голощекин қазақ ауылының тыныштығын бұзу мақсатынан
танбады, тап күресінің жоқтығына ақыры сенбеді. Сөйтіп, бай мен кедейді
жауластыратын шаралар ойлап тапты. Ол Өлкелік партия комитегінің ІІІ-
пленумында сөйлеген сөзінде былай деді: "...Кедейдің байға қарсы таптық
күресіне көмек беруіміз керек. Бай мен кедей арасындағы азамат соғысын біз
қолдаймыз, бірақ кедей осы күреске қашан дайын болады деп күтпеуіміз керек"
17. Сөйтіп, ол осылайша бай мен кедейді жауластырып, ауылды кеңестендіру
шараларының басы ретінде шабындық жөне егістік Жерлерді бөлу науканын
бастатты. Онымен қоймай, Голощекин бұл шарамен шектелмейтінін айтты: "...
Ауылдағы революциялық әдістерімізді біз аяғына дейін жүзеге асырамыз. Жер
реформасын өткізгеннен кейін біз тағы шара қолданамыз"18.
Иә, шабындықты бөлуден басталған кеңестендіру науқаны қазақты аштан
қырумен аяқталғаны мәлім, бірақ 1926 жылы оны ешкім білген жоқ. Білсе де
білмеген болды. Ел басшылығындағы қазақ қайраткерлерінің халқы үшін
берекетті іс қолынан келмеді. Жүргізіліп жатқан шаралардың қисынсыздығын
айтқан С.Садуақасовты Исаев, Жандосов, Нұрмақов, Мырзағалиев, Құлымбетовтар
қолдамады. Қазақстан жағдайының ерекшеліктерін Голощекинте түсіндіре алмай,
"иесі жаманды қонағы билейдінің" кебін киді. Қалың ел қазақтың мүддесі
"даңғой" Голощекиннің дегеніне бағындырылды.
1926 жылы бір басталып, 1927 жылы қайта жалғасқан шабындық және
егістік жерлерді бөлу қазақ шаруаларын талап-тілегінен туған шара емес еді.
Голощекин "жер реформасы" деп көкке көтерген бұл бөліс байды жерден айыру
мақсатын қойғаны мәлім. Бірақ жерге жеке меншік жоқ (Қазақстанда жер патша
заманынан бері -мемлекеттік) жерді пайдаланудың рулық формасы сақталған
жағдайда, оған қоса, отарлық саясат негізінде шұрайлы жерлерінен айырылып,
құнарсыз жерлерге ығыстырылған мал бағудың көпшелі, жайылымдық түрімен
айналысатын казақ үшін Бұл шараның басқаша ұйымдастырылуы керек еді.
Алдымен, қазақ жерлерін қайтару процесін аяғына дейін жүргізу мәселесі
тұрды. Өйткені, шаруашылықты көтеру жермен байланысты екендігі ескеріліп,
1922 жылы 30 қазанда қабылданған "Жер кодексінің" 16 бабы жерте әуелі
жертілікті халық орналасуы қажеттігін баса көрсетіп, орыс қазақтарынан
3.538.832 десятина, қоныстанушылар қорынан 1.600 мың десятина құнарлы
жерлерді қазақ еңбекшілеріне кері қайтарылған болатын. Қазақ шаруаларын
жерте орналастыру бірінші кезекке қойылып, оны 10 жыл ішінде өкімет
тарапынан қаржыландыру жоспарланған. Бастапқыда бұл шара жақсы бастау алып,
1925-26 жж. 1.840.244 сом, 1926-27 ж. - 2.737.629 сом қаржы жұмсалған. Осы
жылдары оларға берілген қарыз (ссуда) мөлшері 480 мың сомнан 864 мың сомға
өскен.
Қауымдық жер иеленуді жайын, қазақ шаруаларының жерге жеке меншігін
қалыптастыруды нысанаға алатын жер реформасы үшін қосымша жер бөлінуі тиіс
болды. Революцияға дейінті шаруашылыққа итерілген 37.586 мың гектар жердің
3.883 мың гектар яғни 1,3 проценті қазақтардікі екендігін ескерсек, бұл
шешудің өзектілігі бірінші кезекте шығады. Алайда, 1928дейін тек 26 мың
гектар жердің пайдалануға берілтен. Кеңес өкіметінің де осы мәселені шешуте
бел шешіп кіріспегенін көрсетеді. Жерге орналастыру мәселесінің шешілмеуі
реформаларының нәтижелі болуын күмәнді етті. Сондықтан жер қатынастарындағы
прогрессивті шара - аграрлық реформа товарлы шаруашылыққа тән құбылыс, оны
қауымдық жері бар көшпелі мал шаруашылығына таңу улкен көзсіздік. Мұны
Голощекин түсінгісі келмеді. Ресей жүріп өткен жолды қалай болса да
қайталау керек болды. Орыс шаруаларының патша заманында-ақ жер сұрап маза
бермегенін айта келіп, ол қазақта мұндай құбылыс жоқ, "...Сіздер
Қызылордада жер сұрап маза бермеген кімді көрдіңіздер? Байдың малын талап
етушілер де жоқ. Сондықтан, жолдастар, бұл жолды жүріп өтуіміз керек"-
дейді.
Сөйтіп, 1917-1924жылдардағы Ресейдегі помещик жерлерін
конфискациялаудан кейінгі бірнеше мәрте жүртізілген жер бөліністерін
Қазақстанға әкеп таңды. Н.Верттің мәліметтеріне сүйенсек, олар жақсы нәтиже
бермеген: "Помещик жерлерін тәркілеудің тиімділігі де мардымсыз, одан
шаруалар жерлерін 2 гектарға ғана ұлғайта алды. Ал жер бөлістері ұсақ жер
иеліктерін көбейтіп, шетке астық шығаратын ауқатты шаруашылықтарды азайтты.
Нәтижесінде 1924-1927жылдары астық өндіру 1913 жылға қарағанда 10 процентке
кеміді. 1926 жылы ішкі рынокқа астық сату соғысқа дейінгі көзбен
салыстырғанда 2 есе төмендеді 19. Бұл нәтижелер қатерге алынбады. Жер
бөлістерін жүргізу туралы өкімет қабылдаған қаулыда бұл шараның басты
мақсаты - бай мен кедейді жерге таластыру, сөйтіп, ауылдағы тап күресін
жандандыру болатындығын жоғарыда айттық.
Сөйтіп, түптеп келгенде, бұл жартыкеш реформа қазақтарға берілегін
жерлерді шектеп, оның жерін келімсектерге беру мақсатында ұйымдастырылды.
Оған дәлел, шабындық, егістік, жайылымдарды бөлу кезінде, 1927 жылы
қазақтарды жерге орналастырудағы бірінші кезектілік "ұлтшылдық" деген
айдармен айыпталын, одан бас тартылды. Басқа ұлттардың жерге орналасудағы
құқықтары теңестіріліп, қазақтарды жерге орналастыру тоқтап қалды.
Жалпы бұл бөлістер Голощекиннің байламымен асығыс, атүсті жасалды.
Қазақ Орталық Атқару Комитегінің шешімін Ресей Федерациясы заң комиссары
"Жер кодексіне "қайшы, заңсыз деп тоқтатып тастағанына қарамастан, бөліс
басталып кетті. Өлкелік партия комитеті партиялық органдар арқылы қысым
жасап, заң Комиссариатының рұқсаты бөліс басталып кеткеннен кейін берілді.
Мамыр айында (1926 ж.) ең алдымен бөліске түсетін жердің есебі және жер
алатын шаруашынықтардың әлеуметтік жіктелу құрамын анықтау керек болды.
Санақ барысында шабындық жерлердің мүлде аздығы, әлеуметтік топтарды
анықтаудағы қателіктер үлкен қиындықтар туғызды. Кедей топтары өте көп
болып шықты.Ресми түрде 1926жылы кедей шаруашылықтары 56,1%
болса,Қызылордада- 65,6%, Зайсаңда - 74,4%-ке жетті. Орташа шаруалар біресе
бай тобына, біресе кедей тобына түсіп, жер дұрыс бөлінбеді. Мысалы,
Сырдария губерниясында кедейлердің айтуы бойынша: 100 қойы, бірнеше бас ірі
қара малы барлар "бай" ретінде есептелді.
Санақ ауызша сұраныс (опрос) жолымен жүртізілгендіктен, оның
қорытындыларына сенуте болмайды. Кейбір материалдарда үй саны адам санынан
көп болып шыққан. Яғни бөліс жөніндегі ресми ақпарлар шыңдық емес.
Енді бөлу механизмін қарастырайық. Біріншіден, әкімшілік ауылға
кірегін бірнеше шаруашылық-ауылдар арасында шабындық бірыңғай болмады,
бұрын бірітіп пайдаланатын шабындықтар бір-бірінен қашық орналасты немесе
шабындық жер көлемі өте аз болды. Мысалы, Қызылордада жан басына шақкандағы
жер 0,13десятина, Семейде - 0,12-0,52десятинаға дейін, Түркістанда -
0,17десятина болған. Осындай аз жерлерден алатын шөптің шаруашылық шөптің
шаруашылық үшін рөлі болмады. Мысалы, Гурьев, Қызылорда сияқты шөлейтті,
құнарсыз аймақтарда шабындық жөне егістік бөлісін жүргізудің экономикалық
тиімділігі болмады. Әсіресе Теңіз ауданында (Гурьев облысы) жүртізілген жер
бөлісі шабындықтың аздығы есебінен нәтижесіз аяқталды.
Басқасын былай қойғанда, бөлу техникасының жоқтығы таңдаңдырады, жер
өлшейтін құралдың орнына шөмеле, мая секілді шөп үйінділерін пайдаланған.
Жоғарыдан танылған бұл науқан халық тарапынан аса қолдау таппады.
Өкімет ақпарларында көрсеткендей, Сырдария, Әулие-Ата, Семей, Ақмола, Орал
губернияларында бастауыш партия ұйымары, "Қосшы" ұйымы бұл шараға
салғырттық танытты, сондықтан бөлісті ауыл "үштіктері" жүргізді, оған
болыстық өкіл, партия ұйымы және "Қосшы" ұйымы өкілдері кірді. Ал Кеңес
өкіметі өкілдері, ауыл кеңестері бұл шарадан сырт калды.
Ең бастысы, ауылдағы кедей мен байды жерге таластыру мақсаты жүзеге
аспады, ауылдағы тап күресі Голощекиннің қиялындағыдай болмады. Түркістанда
кедейлер өздеріне берілтен жерлерден бас тартты. Әулие-Атада өкілдер
кеткеннен кейін бөлісті жойып, жерлерді қайтарып берді. Жер бөлісі дұрыс
ұйымдастырылмағандыктан көптеген аймақтарда шаруалар жер қатынастарын
өзгертпеуді сұрады.
Осылай бола тұрса да, Өлкелік партия комитеті бөлісті патриархалды,
қауымдық жер иеленуге соққы ретінде қабылдады. Ресми ақпарлар бойынша 1360
мың га.шабындық, 1250 мың га.егістік бөліске түсіп, оның 59,3-61,6% -
кедейлерге, 29,8-31,7% -°орташаға, 8,6-9% - байларға берілді, яғни бөліске
түскен жерлер көлемі - 2.610 мың га. Бұл 700 мыңнан аса қазақ
шаруашылықтары үшін өте аз жер. Орта есеппен санағанда үй басына 3,5-4
гектар мал шаруашылығы үшін аз мөлшер, оның үстіне, қазақ отбасыларының
көпжандылығын ескерсек, жан басына шаққандағы егіс көлемі 0,4-0,5 гектардан
келеді. Орыс шаруашылықтарында егістік жер көлемі 1адамға 1,5-2,0
десятинадан кем болмағанын назарға алсақ, жер бөлісінің шаруашлық үшін
тиімсіздігі көрінеді.
Сайын келгенде, реформа нәтижесіз аяқталды. Оның қателіктерін былай
қойғанда, өткізілу мерзімі де өте қеш болғанын атап көрсетуіміз қажет.
Кеңес өкіметінің әділетті қоғам құру, езілген ұлттарға төуелсіздік
беру ұрандарына елітіп, қазақ шаруашылығын өркендетудің альтернативті
жолдарын ұсынған қайраткерлер пікірлеріне ешкім құлақ аспады. Қазақтың
әнциклопедист ғалымы Телжан Шонанұлы 1923 жылы жазылған "Болашақта казақ
жерге қалай орналасу керек" деген мақаласына қазақты отырықшыландырудың
мемлекетке де, халыққа да тиімді жолдары мен әдістерін көрсете келіп,
"қазақ елі шаруашылығының негізі - мал, олай болса, шаруашылықты түзеу
-малдан басталуы тиіс ... әуелі тұқымын жақсартам деуден, өсімін арттырам
деу дұрыс, сырттан келген жақсы тұқым өліп қалады, қаржы қазақ малын сан
жағынан арттыруға жұмсалуы тиіс" екендігін жазған. Яғни оның қазақ
шаруашылығын көтеру мәселесі жермен қамтамасыз етумен байланысты екендігін
айта келіп "шаруаның түзеліп не бүзылуы қоныстандырудың дұрыс, не бұрыс
болып шығуына байлаулы екені есімізде болсын"20 деген ұсыныстары назарға
алынғанда, жағдай басқаша болар ма еді деген ой туады. Сөйтіп, Голощекин
ұйымдастырған жер бөлістері нәтижесінде өзі аз шұрайлы жерлерге шеттен
қоныстандыру одан әрі жүргізіліп, қазаққа тиесілі жердің көбі қайтадан
саудаға салынды.
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ аудандарында берілегін жер
мөлшерлері қысқартылып, қалған жер совхоз, колхоздар және көшіп келушілер
үшін берілуі тиіс болды. 1928-1929 жылдары жерге орналастырудың селоаралық
түрінің көлемі 12 мың гектарға жетті. Бұл жерлерге 1925 жылдың 1қаңтарынан
кейін көшіп келіп, рұқсат ала алмай жүрген европалықтар орналастырылды. Тек
1925 жылдың өзінде Жегісу губерниясына рұқсатсыз келіп қоңыстанушылар 12мың
семья немесе 60мыңдай адам болған. Бұдан шығатын қорытынды: жер бөлісу
нәтижесінде азғана жер қазақ шаруасын қаржыландыру мәселесі кейінге
калдырылады деген сөз, өйткені келімсектерді жерге орналастыру да қыруар
қаржыны қажет етпей ме? Онсыз да мардымсыз Қазақстан бюджеті кімге жетеді?
Солай болды да. Өкімет тарапынан шаруаның жерді тиімді пайдалануына
жағдайлар жасалмады. Малы аз немесе малы жерді калай ұқсата алады, егер
оған мал алуға немесе құрал- алуға несие-қаржы берілмесе? Керісінше, малы
бар ауқатты жерсіз калып, енді бар малын сатуға мәжбүр болды. Мал өз
құнынан әлдеқайда төмен бағаға сатылып, тиімсіз пайдалану шаруашылық
деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтырды. Ақырында, байларды жерден айыру
Қазақстан мал шаруашылығын көтеруге емес, керісінше, экономиканың
құлдырауына алғы шарт жасады. Ал кедейге малын көбейтіп, ауқаттының
деңгейіне жеткенше (мемлекет қаржыландырған жағдайда) 2-3 жыл уақыт керек.
Сөйтіп, бұл шара Ленинің сөзімен айтқанда "бір кадам ілгері, екі кадам
кейін" болып шықты. 1929-1930 жылдарда мал басының кемуі оған дәлел болады.
Қазақ ауылнан кеңестендірудің басы саналған шабындық және егістік
жерді бөлуге орталықтан еш қаражат бөлінбеді. Ол туралы республика
басшыларының бірі Н.Нұрмақов Сталинге хатында былай деп көрсетті:
Өзбекстандағы жер реформасына 30-40 млн сом ақша жұмсалды. Қазақстан
Өзбекстандағыдан кем емес шабындық және егістік жерлерді бөлуді жылма-жыл
бір тиын алмай жүргізіп отыр. Алайда жер бору _ ауыл шаруашылық құрал-
сайманы мен басқа да шаруашылық шаралармен ұштастырылмай, алынған жерлер
игерілмей отыр. Жер реформасы еш нәтиже бермеді".Қазақстан басшысының бұл
шараға берген бағасы осындай. Енді нақты фактілерге жүгінейік.

Кесте №4. 1926-1930 жж. ауыл шаруашылығын жергілікті бюджеттен
қаржыландырудың үлес салмағы (процент)

192627 192728 192829 192930 1930ж.
ерекше
тоқсан
(квартал)
Бюджет шығысы 100,0 100,0 100,0 100,0 100,0
Халық шаруашылығын 19,1 18,8 27,5 27,7 16,9
қаржыландыру
Ауыл шаруашылығын 5,6 6,0 14,7 12,2 7,3
қаржыландыру

Ауыл шаруашылығын қаржыландыру деңгейі жер бөлістері өткізілген
жылдары шығыстың 5,6-6,0%-ін қамтыса, 192829 жылдары егін шаруашылығы
көлемін ұлғайтуға, совхоздарға қаржыландыруға байланысты 14,7%-ке
жеткенмен, кейінгі жылдары күрт төмендеген. Ауыл шаруашылығына жұмсалған
қаржы - жалпы шаруашылық қаржысынан 2-3 есе кем болған.
Қазақстан ауыл шаруашылығын қаржыландыру 1923 жылдың аяғында Орынбор
каласында ашылған қазақ ауыл шаруашылық банкісі арқылы да жүзеге асты. Бұл
банктің 192425-192728жылдар аралығында ауыл шаруашылығына берген қарызы
төмендегідей:
1924-25 ж. - 6.455,8 мың сом.
1925-26 ж. - 7480,8 мың сом.
1926-27 ж. - 8.231,4 мың сом
1927-28 ж. - 11.498.5 мың сом.
Бір жағынан қаржы жылма-жыл өсіп отырған сияқты, алайда, бұл берілген
қаржылар Қазақстан ауыл шаруашылығы мұқтаждарын өтей алмағанын көруге
болады. Бір миллионнан аса шаруашылықтар үшін 1926-27жылғы берілген қарыз
8,231400 мың сом, сонда бір шаруашылыққа есептегенде 8 сомнан келеді.
Сондықтан Қазақ ауыл шаруашылығы банкісінің шаруашылықтарды қарызбен қамту
мүмкіндігі де аз болды. 1924-25 жылы қарыз алушылар барлық шаруашылықтардың
5% құрап, несие алған 1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандары
Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі
Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау
1926-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты
Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылы
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру
Аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күшпен ұйымдастырудың тарихнамасы
Пәндер