Исламдағы жастардың кейбір мәселелері


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Исламдағы жастардың кейбір мәселелері

Құрастырған

Нұр-Мүбәрәк Мысыр Ислам мәдениеті университетінің оқу бөлімінің меңгерушісі Доктор Ато әс-Сынбати

Аударған

Бекжанов Қанат

2009-1429
Бірінші бөлім

Уақыт және өмір

Кіріспе: Адам баласы ерте заманнан бері өткізген өмірі мен өміріндегі қилы-қилы қызықты нәрселері және тарихы т. с. с заттармен байланыстыра отырып әртүрлі уақыт өлшеуіштер мен өлшеуіш құралдарын ойлап тапты. Оның ішінде күн қай мезгілде қозғалып, көлеңкесі ауысу арқылы орны өзгерсе күннің көлеңке орнының өзгеруі арқылы күннің қозғалуына тәуелді уақыт мөлшерін білдіретін күн сағатын, сонымен қатар құмға, суға тәуелді құм сағаты мен су сағатын және атмосферадағы көмір қышқыл газының пайда болуына ықпал ететін атомдық сағаттарын да ойлап тапты. Ал атмосферадағы косметикалық сәулелердің пайда болуының нәтижесі көмір қышқыл газының атомдары он төртінші көмір тегіне айналады. Сонымен қатар әрбір тірі денелер жыл сайын осы сәуле таратушы carbon 14 қажетті элементін алып отырады. Егер сол денелер өз тіршілігін тоқтатса онда көміртектер де өлі болғандықтан қажетті элементін ала алмай тірі кезіндегі алған затын бойында сақтап сонымен шектеледі, кейін сол өлген денедегі сақталған зат 5000 жылдан кейін жартысы немесе түгелімен жойылады. Кейін тағы 5000 жылдан соң дененің төрттен бір бөлігі жойылады. Яғни сәуле таратушы carbon 14 дененің тіршілік еткен уақытын есепке алып отыратын сағат секілді, тіптен көзге көрінбейтін өте ұсақ, майда сүйектің бөлігі болса да carbon 14 денеде сақталуы жолымен зерттеуге мүмкіндік туады. Сондықтан да болмыстың ғұмырын 5 жыл өтсе де есепке алуға болады. Кейбір жаратылыстарды төрт миллиярд жыл өтсе де ғұмыры есептеледі. Ал адамда уақыттарды, ғасырларды өлшейтін көптеген сағат түрлері болғандықтан әр-түрлі тау-тастардың айырмашылығын анықтай алады.

Қандай сағат болмасын өзгеруге тәуелді

Аллаһ Тағаладан басқа бір жағдайдан екінші жағдайға өзгермейтін еш нәрсе жоқ. . Заман мен мекен екеуі де жаратылған нәрсе болғандықтан қас-қағым сәттен өтіп кете алмайды. Сол үшін де Аллаһ Тағаланың өткен шағы, қазіргі шағы және болашағы бар деп айтылу дұрыс емес. Өйткені Аллаһ барлық нәрседен пәк әрі ешқандай нәрсеге тәуелді емес, керісінше бүткіл орындалатын жағдайдың нәтижесі Аллаһқа тән және Аллаһқа қарсы жаңадан еш нәрсе жасалынбайды әрі болашақтағы болуы керек нәрсе болған кезде де ол Аллаһқа тән. Өйткені біздің әлеміміз тозығы жетіп бүлінетін әлем. Ал Аллаһ барлық нәрседен кіршіксіз пәк әрі Ол заманнан үстем болғандықтан заманға бағынышты емес және заман Оған қарсы қас-қағым сәтте өтіп кете алмайды. Сол үшін де біз Аллаһ барлық нәрседен үстем дейміз. Ал біздің әлеміміз заманға тәуелді, сондықтан Аллаһ еш нәрсеге тәуелді емес қайта барлық нәрсе Аллаһқа тәуелді болғандықтан барлық нәрседен пәк. Аллаһ Құранда қиямет жайында айтқанда өткен шақ белгісімен айтып былай дейді:

  1. «Сүр үріліп, оларды тұтас жинаймыз »(Кәһф 99)
  2. «Сүр үрілсе, сонда олар қабірлерінен Раббыларына жүгіреді» (Ясин-51)
  3. «Сүр үріледі, осы уәделі күн» (Қаф-20)
  4. «Сол күні көк жарылып босайды» (Хаққа-16)
  5. «Раббың елестеп періштелер сап-сап болған кезде» (Фәжір-22)
  6. «Азғындарға тозақ көрсетіледі» (Шура-91)
  7. «Тозақ көретіндерге көрсетіледі» (Нәзиғат-36)
  8. «Олар: Егер біз тыңдап немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік»- дейді»(Мүлк-10)

Байқағанымыздай Аллаһ Тағала Құранда қиямет күні жайында айтқанда сүр үріледі, жер мен көк жарылады, адамдар Раббыға келеді, тозақ көрсетіледі және кәпірлер айтады деп арапшасында келер шақпен емес өткен шақпен айтылған, алайда ол келер шақпен айтылады. Өйткені Аллаһ өзіне тән білімімен сөйлейді, ал Аллаһтың білімі барлық болатын нәрсені біледі, сондықтан болашақ та Аллаһтың өзіне тән құбылыста болады. Ал енді сүрдің үрілуі біздің білу қабілетіміз бойынша әлі күнге дейін үрленбеген, көкпен жер екіге қарс айырылмаған, ешкім де әлі Раббыға келмеген, тозақ оты әлі ешкімге көрсетілмген, ешкім де әлі өкініш сөзін айтпаған. Себебі біздің айтатын болашақтағы сөзіміз бізге тән болашақпен айтылады. Ал енді барлық нәрседен пәк Аллаһтың құзырында ол болып қойған жайт, сондықтан қиямет жайында өткен шақ белгісімен айтылады. Себебі Құранды санамағанда бүкіл нәрсе Аллаһтың білімі бойынша болып қойған, ал Аллаһтан басқаның барлығы өзгеретін болғандықтан заман мен уақытқа тәуелді және сол заман бойынша өмір сүреді. Негізінде уақыт өлшемдер барлық уақытта бірдей емес әр түрлі болады. Мәселен, біз Құранда періштелердің әсіресе Жебірейіл періштенің жоғары орынға мөлшері 5 жылдық мөлшерде көтерілетін мекенге бір күнде көтерілетінін оқимыз, ол жөнінде Аллаһ Тағала былай дейді:

  1. «Ол жоғары орынға періштелер және Жебрейіл (а. с) мөлшері елу мың жылдыққа бір күнде шығады» (Мағариж-4) .

Бұл аят біздің санағымыздағы уақытқа періштелер санағындағы уақыттың қарама-қайшы келетіндігін білдіреді. Сонымен қатар біздің уақыт санағымыз бойынша мөлшері 1000 жылдық жолға бір күнде көтерілу басшылығын игеретін періште жөнінде де Аллаһ Тағала былай деді:

  1. «Ол көктен жерге дейін істі игереді. Сосын сендердің санауларың бойынша мың шамасындағы (жолды) бір күнде көтеріледі»(Сәжде-5)
  2. «Негізінде Аллаһтың қасындағы бір күн сендер санайтын мың жылмен тең»(Хаж-47)

Расында да адам баласы өлгеннен кейін бір уақыт өлшемінен екінші уақыт өлшеміне өтіп қайта тіріледі, сөйтіп қайта тірілгеннен кейін қабірдегі өткізетін мыңдаған жылдарын осы дүниедегі бір сағат немесе таңнан кешке дейін не болмаса таңға дейін ғана уақыт өткіздім деп ойлайды. Ал осыған дәлел Аллаһ Тағала былай деді:

  1. «Олар өздеріне уәде етілгенді көрген күні, дүниеде күндізден бір дем ғана тұрғандай білінеді»(Ахқаф-35)
  2. «Оларды жинайтын күні (дүниеде) күдіз бір-ақ сағат тұрғандай болып, олар бір-бірін таниды»(Юнус-45)
  3. «Олар қияметті көрген күні дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды» (Нәзиғат-46)
  4. «Қиямет-қайым болатын күні күнәһәрлар (өлгеннен қияметке дейін) бір сағаттан артық тұрмадық деп ант ішеді. Осылайша олар, (дүниеде де алданып) адасқан еді. Расында Аллаһтың жазуындағы тірілетін күнге дейін тұрыңдар. Тірілетін күн осы. Бірақ сендер білмейтін едіңдер», -дейді». (Рум-55, 56)

Өйткені олар бір-біріне толықтай қарама-қайшы келетін бір уақыт өлшемінен екінші уақыт өлшеміне өткендер.

Әрбір қозғалыс жүйесінің бір-біріне қайшы өлшемділігі

Бұл пікірді атақты Энштейн де жеңілдетітіп өзінің тәуелділік теориясында әрбір қозғалыс жүйесінің қарама-қайшы өлшемділігі бар деп дәлелдеген. Мәселен бұл жер бетінде, біз күн жүйесі планетасының ішіндеміз және біз жер бетінде өмір сүріп жатқандықтан өзімізге тән уақыт өлшеміміз күн мен айдың қозғалысына тәуелділікпен өмір сүрудеміз. Жер бетіндегі кейбір өңірлерде мүлдем басқа уақыт өлшемділігі орын алған және ол жердегі бір күн біздің өңірдегі екі немесе одан да көп күндермен тең. Ал, бұл не үшін періштелердің бір күні біздің мың немесе одан да көп жылмен тең келетіндігін түсінуімізге септігін тигізбек? Себебі бұл жаратылыс біздің жаратылысымыздан тыс жаратылыс түрі болғандықтан екі жаратылыс бір-біріне мүлдем қарама-қайшы қозғалыс жүйесі болуы тиіс. Егер біз көлікпен жүздеген жақырым жүріп өтсек, жолдың қиындығына шаршап-шалдығуды сезіндік дейміз, ал, бұл жаратылыстар жүздеген шақырым ғана емес жоғарыдағы алып көктерге көтеріледі, сол үшін де міндетті түрде өзіне тән жылдамдығы мен қозғалысы, өзіне тән қозғалыс жүйесі және осы дүниедегі біздің уақыт мөлшерімізге мүлдем сай келмейтін уақыт өлшемділігі болуы тиіс.

Біз тіршілік етіп жатқан, тап қазіргі кезде адамдардың өздері қозғалыс жүйесі және тіршілік ету түрімен сәйкес уақыт өлшемінде өз-өздерін ажырататын кезеңде тіршілік ітудеміз. Біреу, өз өмірін, уақытын нәпсі құмарлығында өткізіп жатыр, яғни, бір сәттік, бір сағаттық немесе қиялданып өткізуде, ал, осы секілділер уақыттың сезінбей өмірін өткізуде. Себебі олардың ойынша уақыт- қолда ұстап тұра алмайтын қашқын секілді, өмірлерінің соңы жоқ және теңіздегі пайдасыз өнім секілді деп ұғынады. Сондықтан да олардың бірі есін жиып, өзіне-өзі келсе бұрынғы сезіне алмаған уақытты жоғалтқандығы үшін көп өкініп қазіргі уақытын есеппен өткізеді. Егер адамдардың бірі уақытының құндылығын осылайша түсініп өмір сүрсе оны өте жақсы түсінер еді. Өйткені ондай кісі уақытының, бір сәттен екінші сәтке, бір сағаттан екінші сағатқа ғана қызығын көретін санасыз жануарлар секілді. Тағы бір кісі өмірін саналы түрде қолға алып, ойлана, айналасына көз жүгіртіп өткізсе, яғни, уақыты мен өмірін саналы түрде пайдаланса, онда осы секілді адамдар бейбіттілік пен салмақтылықты әртүрлі сезім мүшелерімен сезіне алуы және уақытты сезіне отырып бағалай біледі. Ал бұл уақытты пайдаланудың екінші түрі және бұл, қалыпты жағдайдағы адам баласының тіршілшігіндегі уақыты. Тағы да бір кісі өмірін құлшылықта, ізгіліктк, қорқынышта, басқалардан оқшауланып өткізеді. Яғни, ол тыныштық уақытында да күйбең тіршіліктен аулақ, бүгіні мен ертеңіне, болашағына уайыммен қарап, өткен өміріне өкініптіршілік етеді. Осы секілділер бір сәттік өмірін бүкіл ғмырына тең деп сезінеді. Алайда бұл періштелердің ғана өмірі болғандықтан уақыт пен өмірдің үшінші түрі болып табылады. Осы үш түрлі үлгі жер бетінде тоқтаусыз жалғаса беруі мен Құран Кәрімнің қандай мәселе жөнінде түсіндіргеніне қарамастан әрбір үлгі, уақыт санау үлгісіне қарама-қайшы екендігін және оның тұңғиық тереңдігін көптеген пәлсәпәшылар екі түрлі уақыт үлгісінің бар екендін айтады. Ол екеуінің бірі уақыттан тыс әрі біз барлығымыз өмір сүруімізбен байланысты уақыт және оған біздің айналамыздан тыс барлық іс қимылдар, жұлдыздар планеталардан құралады. Ал екіншісі уақытқа тәуелді, шынайы және психикалық уақыт. Пәлсәпәшылар осы жөнінде адамның ұйықтап жатқандағы түс көруі арқылы басқа заман заман өлшеміне енеді әрі ол түс көріп жатқанда өзіне ұнамды құда түсу, некелесу, сапар, жұмыс т. с. с оқиғаларды біздің уақыт өлшемімізден тыс уақытта көптеген жылдардың оқиғаларының тұңғиығына енеді. Алайда ол ұйқылы уақытынқа енгендіктен біздің сағат өлшеміміз бойынша санаулы секундтарда ғана болмақ. Сондықтан уақыт пәлсәпәда да дінде де үлкен, шешімі жоқ, жұмбақ нәрсе. Ал осы сырлардың барлығы ізденіс пен ойлану және жан-жақты бақылау үшін білдірілген белгі. Сондай-ақ бұл, егер біз бір қозғалыс жүйесіне екінші қозғалыс жүйесіне өтсек онда біз өзімізден тыс басқа уақыт өлшеміне ауысатынымызды білдіреді. Әрбір құбылыс, көрініс арқылы болмақ, себебі, Аллаһ Тағаланың осы дүниені жоқтан бар етіп жаратқан уақытынан қиямет күніне дейін әрбір адамның өміріндегі уақытының құндылығы өте зор. Уақыттың құндылығы бір адамнан екінші адамның, мұсылман кісіден мұсылман емес кісінің, тіптен шариғат пен басқа саланың арасында уақыттың құндылығы тіршілік көзі болғандықтан ешқандай айырмашылық жоқ. Егер кім уақытын жоғалса онда ол өмірін жоғалқаны, ал егер кім уақытын дұрыс пайдаланса онда ол өмірін де дұрыс пайдаланғаны. Сол себепті мен осы бөлімді төмендегі тарауларда кеңінен ара-жігін ажырата қарастырмақпын.

Бірінші тарау

Уақыттың құндылығы

Исламдағы уақыттың өте зор. Өйткені уақытты Аллаһ Тағала адам өмірінің тіршілігіне берген сыйы. Егер адам уақытының бір бөлігін өткізсе онда адам жанының бір бөлігі кеткені. Кім уақытын бос ойынмен кетірсе өмірін де босқа кетіргені, сол үшін де жалпы мұсылман кісіге, әсіресе мұсылман жастар уақытынан пайда алып, жемісін көруі тиіс. Осы маңыздылық мұсылман кісінің уақытын жүйеге келтіруіне септігін тигізбек. Егер бір кісі ислам заңдарынан исламның әдістемесін оқып үйренсе мұсылман кісінің 24 сағат бойына уақытын жүйелеп, қалыпқа келтіргенін, мұсылман кісінің әрбір сәтінің өзі ислам заңдарымен жүйеленіп, ұйықтар алдында қалай жату керектігін және ол кезде не айтатындығын, түн ортасында ұйқысыздықтан оянғанда, дәрет алғанда, тамақтанар алдында және соңында, киім кигенде, үйінен шыққанда және көлікке отырғанда т. с. с жағдайларда не айту керектігін және не істеу керектігін жүйеге келтіргендігіне көз жеткізеді. Исламдағы уақыт құндылығының көрінісі қиямет күні адамның ең бірінші сұралатын сұраұтарының бірі болған уақыты жөнінде немесе өмірінде не істегені жөніндегі сұрағы болмақ. Ал осыған дәлел:

-Әбу Бәрзә әл-Әсләми Аллаһ елшісінен (с. а. у) жеткізген хадисте былай деді: «Қиямет күні құлдан өмірінде не істегені? Алған білімін қалай жүзеге асырғаны? Мал-дүниесін қайдан кәсіптеніп қайда жұмсағаны? Дене мүшесімен не істегені? Жөнінде сұралмайынша екі аяғы қозғалмайды»

-Осы хадис басқа бір риуаятта Ибн Мәсғуд (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардан (с. а. у) жеткізіп былай деді: «Қиямет күні Адам баласы Раббысының құзырынан бес нәрсе жөнінде сұралмайынша екі аяғы қозғалмайды: Өмірін қалай өткізгені? Жастық шағында не нәрсемен шұғылданғаны? Мал-дүниесін қайдан кәсіптеніп, қайда жұмсағаны? Алған білімімен қандай амал жасағаны?»

-Муаз ибн Жәбәл (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардан (с. а. у) жеткізіп былай деді: «Қиямет күні құл төрт нәрсе жөнінде сұралмайынша екі аяғы қозғалмайды: Өмірін қалай өткізгені? Жастық шағында не нәрсемен шұғылданғаны? Мал-дүниесін қайдан кәсіптеніп, қайда жұмсағаны? Алған білімімен қандай амал жасағаны?»

Адам баласы үшін ең абзал уақыттардың бірі өмірінің соңғы кезеңі, егер ол жақсы іс жасап, ізгі әрекет істесе Аллаһ Тағаланың құзырында қабыл етіледі. Ал ең абзал амал соңғы амалдар делінген секілді Аллаһ елшісі (с. а. у) : «Расында амалдар соңғысымен байланысты» деген.

-Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын) мүлдем өтірік сөз айтпайтын шыншыл Аллаһ елшісінен (с. а. у) жеткізіп былай деді: «Расында сендердің әрбіреулеріңнің жаратылысын анасының ішінде қырық күнде жинайды, кейін ол сондай уақыт (мөлшерінде) ұйыған қанға айналады, кейін тағыда сондай уақыт (мөлшерінде) бір түйір етке айналады, кейін Аллаһ оған бір періште жіберіп (періште) оған рух үрлейді және төрт сөзді бұйырып, оның ризығын, ажалын, амалын, бақытты немесе бақытсыз болуын жазады. Сондай өзінен басқа тәңір жоқ Затпен ант етемін шын мәнінде сендердің біреулерің (өмір бойы) жәннәт тұрғындарының амалын жасайды, тіптен онымен жәннәттің арасы бір шынтақ (жарты метр өлшеміндей) қалғанда (өмірінің соңында) оның кітабына тозақ тұрғындарының амалын жасағаны жазылып, тозаққа кіргізіледі және сол сияқты тағы да біреулерің тозақпен оның арасы бір шынтақ (жарты метр өлшеміндей) қалғанда оның кітабына жәннәт тұрғындарының амалын жасағаны жазылады, сөйтіп ол жәннәтқа кіргізіледі».

Байқағанымыздай жоғарыдағы хадис адамның өмір бойы жәннәтқа кіргізетін ізгі амал жасап, өлімінің алдында (Аллаһ сақтасын) сынақ келіп, өмірі жамандықпен аяқталады. Сөйтіп ол кісі ізгі амалдарын тастап Аллаһ Тағаланы ашуландыратын жаман амалдар жасағанын өзі де сезінбестен өмірінің соңы жаман амалмен аяқталғандықтан тозаққа кіргізіледі. Сол үшін де Ибраһим әт-Тәймийя былай деген: «Айтқан сөзімнің істейтін әрекетіме сай келуі үшін өтірікші болудан қорқып, сөз айтпаймын». Сол сияқты Ибн Әбу Мәликә да: «Мен Пайғамбардың (с. а. у) отыз сахабасын өз көзіммен көрдім, олардың барлығы да өздерінің екі жүзді болу қаупіненсақтанып, олардың бірі де: «Расында Пайғамбардың иманы Жебрейілдің, Микәилдің иманынан да жоғары», -деп айтпады», -деген. Сондай-ақ Хасан былай дейді: «Мүмин (иман етуші, исламды қабылдаушы) адамнан басқа ешкім де Аллаһтан қорықпайды және екі жүздіден басқа ешкім де иман етпеген, сөйтіп екі жүзділікпен тәубеге қарсы шығып, оны орындамауға жігерлілік танытудан сақтанбайды». Осыған байланысты Аллаһ Тағала былай деді:

«Күнәләрды Аллаһтан басқа кім кешіреді. Сондай-ақ істеген істеріне біле тұра қасарыспайды» . (Әли-Ғимран-135) .

Ал осыған қарама-қайшы келетіні - адам өмір бойына Аллаһ Тағаланы ашуландыратын, өзін-өзі тозаққа кіргізетін бұзақы істер жасап, тек өлімінің алдында ғана Аллаһтың мейірімімен өмірін жақсылықпен аяқтайды. Сөйтіп ол бұзақы істерін тастап, Аллаһ Тағаланы қуандыратын ізгі істер жасап өмірден өтсе, оның өмірінің соңы жақсылықпен аяқталғандығы үшін жәннәтқа кіргізіледі.

Екінші тарау

Аллаһ көп нәрсеге кешірім етеді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
Исламдағы әйел мәселесі
Мұсылмандардың қасиетті орындары
Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы
Исламдағы адам өмірі
Исламдағы әйел мәселесі және қазіргі қоғам
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
Діннің социологиялық құрылымы мен қызметтері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
Жастарды имандылыққа тәрбиелеудің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz