Инфляцияның салдарлары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соғады.

Біріншіден , ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.

Қаражаттар жеке сектордан (фирмалардан, үй шаруашылықтарынан ) мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді.

Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол - ақша басып шығаруға монополиялық құқтық болуынан пацда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдық сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындарының айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін аталатын нақты ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.

Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексациядан табыс алушы топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады.

Нақты активтер иелерінің ( қозғалмайтын мүліктің, антикварианттың, өнер туындылардың, асыл заттардың ) инфляциядан қорғанысы молырақ болады, өйткені осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның жалпы дәрежесінен артық болып отырады.

Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляцияның нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындардан азайтуды көздеп, банктер қарыз проценттерінің ставкасын жоғарылатады. Осы жағдай өндіріске жасалатын инвестиция қөлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ мерзімді аспектіде жалпы ұлттық өнім нақты көлемін азайтады және инфляцияны жандыра түседі.

Салық салудың прогрессивтік жүйесі үй шаруашылығынан қаражаттар алынуын шапшаңдатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған қаражаттың құнының төмендеуіне байланысты, жинақталған табыстар қоғамының кәрі мүшелерінен алынып, оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді.

Екіншіден , инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылығының жоспарлауын ( әсіресе ұзақ мерзімдік ) қиындата түседі. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқамерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операцияның үлес салмағы өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл-ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.

Үшіншіден , қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиелініс өседі. Жоғарғы дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына қөшуге жол ашады.

Төртіншіден , экономикалық ‹‹ ашық ›› сектордағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауардың бәсекелік қабілетін төмендетеді. Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірулер ойсырайды.

Бесіншіден , тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.

Алтыншыдан , ақша формасында жасалған жинақтардың нақты құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауардың бағасы, бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға жол ашады. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін қосымша швғындар жасауға мәжбүр болады.

Жетіншіден , мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспанслонистік фискалдық және монетарлық саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске кіріседі.

Сегізіншіден , жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның ( халықтың ) көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсудің ‹‹ төлемі ›› және оның стимулы болып табылады. Дефляция, керісінше, жұмыспен қамтуды және өндірістік қуаттың пайдалануын төмендетеді.

Тоғызыншыдан , стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыспен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік бермейді. Бірақ, инфляциямен, бір жақтан, өндіріс көлемі және жұмыссыздықтың, екінші жақтан, арасында тікелей өзара байланыс болмайды.

Оныншыдан, әр-түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжып отырады.

Ұзақ мерзімді уақыт интервалында, инфляциялық шапшаңдауы теориясы бойынша, жылдан-жылға инфляцияның қарқынының өсуі, өндірістің нақты көлемін, оның өзінің табиғи дәрежесінен жоғары ұстап отыруға көмек береді., Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро - пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кенсандық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.

Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляция жайлы
Инфляция және онымен күрес
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
ҚР инфляцияға қарсы туралы ақпарат
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама (2013-2015). Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. ҚР экономикалық өсім
Инфляцияға қарсы саясат және оның Қазақстан Республикасындағы қолдану ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz