Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы ақпарат


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып саналады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-кредит ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз.

Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіріп отырады, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер бұл оның негізгі функцияларын орындау мен ақша-кредит және валюта саясатын жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық Банк сатылы бағыну жүйесі бар бірыңғай орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің жоғарғы органы Басқарма, ал оперативті басқару органы - Директорлар кеңесі болып табылады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатты іске асыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкіне мынадай міндеттер жүктеледі:

· мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу

· төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

· валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру

· қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

Сонымен бірге, Ұлттық Банк:

· айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу арқылы бағалы қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан Республикасының аумағында банкноттар мен монеталардың жалғыз эмитенті болып табылады

· Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді

· банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор болып табылады

· банктің, қаржы кеңесшісінің, Үкімет агентінің функциясын жүзеге асырады

· төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырады

· Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды, өкілеттіктерді және құқықтарды жүзеге асырады.

Қазақстанның Ұлттық Банкі бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ақша-кредит саясатын жүзеге асырады. Ақша-кредит саясаты:

· ресми қайта қаржыландыру ставкасын;

· ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;

· ең аз міндетті резервтердің нормативтерін;

· ерекше жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейіне және көлеміне қойылатын тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

2004 жылдан бастап Еуроодақ стандарттарына және шарттарының бірі Ұлттық Банктің айырбастау бағамы бойынша бағдарлардан бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатындағы акценттердің орнын ауыстыру болып табылатын инфляциялық таргеттеу принциптеріне жариялы көшу шеңберінде Ұлттық Банк бағдарларды инфляция бойынша ғана белгілейтін болады. Ақша-кредит саясатын жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін кез келген басқа міндеттер мен бағдарлар екінші кезектегілер болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы Ұлттық Банк қайта ұйымдастырылды. Қаржы рыногының барлық қатысушыларын қадағалау үшін жеке реттеуші орган құру қаржы рыногын реттеуді дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Реттеудің мұндай схемасы қаржы секторын, қаржы құралдарын және қаржылық делдалдық қызмет көрсетуді дамыту үшін едәуір тиімді екендігін әлемдік практика көрсетіп отыр.

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

· 10 департаменттен, 10 жеке басқармадан (1 басқарма Астана қаласында) және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат
· 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы бір филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы
· Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
· 5 есеп беретін ұйым:

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамамасыз ету орталығы» жедел басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Ұлттық Банк:

· «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры»
· «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»
· «Қазақстан Актуарлық орталығы»
· «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы және

«Процессинг орталығы» жабық акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі болып табылады.

"ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы акцинерлерінің бірі болып табылады

Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

1960 жылы Мәскеу қаласында (Ресей) туған, қазақ, білімі - жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілін еркін меңгерген.

1982 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін бітірген, “экономист, саяси экономия оқытушысы” мамандығын алған, 1987 жылы - М. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасының күндізгі бөлімін, 1994 жылы - Лондон Университетін бітірген, экономика, қаржы жөніндегі магистр дәрежесі берілген.

М. Ломоносов атындағы ММУ-ды бітіргеннен кейін оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен шұғылданды. 1993 ж. қыркүйек - 1996 ж. тамыз аралығында Лондон қаласында (Ұлыбритания) Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінде тағылымдамадан өтіп, консультант және арнайы қызметкер болып жұмыс істеді. 1996 ж. тамыз - 1998 ж. сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1998 ж. сәуір - 2000 ж. тамыз аралығында: Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2000 жылғы тамызда “Қазақстан Халықтық Банкі” ААҚ-ның Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. 2000 жылғы қазан - 2002 жылғы қаңтар аралығында - “Қазақстан Халықтық Банкі” ААҚ Басқармасының Төрағасы. 2002 ж. қаңтар- маусым аралығында “Қазақстан Халықтық Банкі” ААҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы.

2001 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның ҚРҰБ-дегі қызметінің негізгі саласы қаржылық қадағалау болды. Ә. Ғ. Сәйденов банктік және сақтандыруды қадағалау, бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу мәселелеріне жетекшілік етті.

2004 ж. қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметін атқарады.

Халықаралық ынтымақтастық

Ұлттық Банк, мемлекеттің орталық банкі есебінде, Қазақстан Республикасының әлемдік шаруашылық жұйесіне ену процесіне қатысып отыр. Қазақстан Республикасы халықаралық қаржы ұйымдарының тұрақты мүшесі болып табылады. Ұлттық Банктің халықаралық қызметі мынадай негізгі бағыттар бойынша дамиды:

  • Шетел мемлекеттерінің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен байланысты дамыту және тереңдету.
  • ҚҰБ-нің шетел мемлекеттерінің орталық банктерінен және халықаралық қаржы ұйымдардан алатын техникалық көмегін үйлестіру.
  • ТМД елдерінің мемлекетаралық ұйымдық құрылымдарына қатысу.

Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына мүшелігі.

Қазақстан Республикасының төлем жүйелері

Қазақстан Республикасы аумағында келесідей төлем жүйелері жұмыс істейді:

  • нақтылы уақыт режиміндегі бүтіндей (жалпы) есеп айрысу жүйесі (ақша аударымдарының банкаралық жүйесі) ;
  • клирингтік жүйе (бөлшек төлемдер жүйесі) .

Ақша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ)

Қазақстан Республикасы аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс істейтін бүтіндей (жалпы негіздегі) төлемдер жүйесі Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) негізінде 1996 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе бұрын Ірі төлемдер жүйесі деп аталған болатын (ІТЖ) .

ІТЖ жетілдіру және оны дамыған шет елдердің жұмыс істеп тұрған жалпы негіздегі есеп айрысу жүйелеріне жақындату мақсатында Ұлттық Банк тарапынан жұмыстар жүргізілді. 2000 жылдың соңында ІТЖ жүйе қатысушыларының есепшотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақыт режимінде есеп айрысуларды жүргізетін (RTGS - нақтылы уақыт режиміндегі есеп айрысулар) және халықаралық қаржы ұйымдарының жалпы негіздегі төлемдер жүйесіне қойылатын барлық негізгі талаптарға жауап беретін ақша аударымдарының банкаралық жүйесі болып кайта құрылды. Кез-келген ел үшін RTGS жүйесін құру қаржы сферасында ең жоғары басымдыққа ие. Мұндай жүйенің болуы мемлекеттің банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін сипаттайды. ААБЖ-ң мақсаты осы жүйе пайдаланушыларының Ұлттық Банктегі шотындағы ақша қаражаттарын қолдана отырып, және осы қаражаттардың шегінде операциялық күн ішінде ұлттық валютада қайтарымсыз және түпкілікті есеп айрысуларды қамтамасыз етуден тұрады. ААБЖ-де ірі және үлкен басымдыққа ие төлемдер жасалады.

Ақша аударымдарының банкаралық жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері

ААБЖ-де мәліметтерді беру және қабылдау тек қана электронды тәсілмен жүзеге асады.

ААБЖ-де электронды мәліметтерді беруді куәландыруға және оларды беру кезінде қателерді табуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процедуралары сақталады. ҚБЕО-ғы мен пайдаланушылар, жіберілген және қабылданған электронды мәліметтердің есебін қамтамасыз етіп, оның бақылауын жүргізеді. ААБЖ-де өңделетін барлық электронды мәліметтер аудиторлық із қалдырады.

Жоғарыда аталып өткендей, ААБЖ-де төлемдер пайдаланушылар шотындағы ақша қаражаттары шегінде нақтылы уақытта жүзеге асырылады. Пайдаланушы позициясында төлем құжатында көрсетілген сомаға сәйкес төлем жасауға ақшаның болмауы немесе жеткіліксіздігі жағдайында ҚБЕО-да төлем тапсырымдары кезекке тұрады. Кезекте тұрған құжаттар басымдылық кодтарына сәйкес өңделеді. Басымдылық кодтары шеңберінде кезекте тұрған төлем тапсырымдарының орындалуы FIFO - бірінші келген, бірінші шығысқа қағидасы бойынша, олардың кезекке келіп түсу тәртібімен жүзеге асады. Пайдаланушылар төлем тапсырымдарының орындалу кезектілігін белгілеуге және өзгертуге құқылы. Пайдаланушылардың кезекке орналастырылған төлем құжаттарын қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. ААБЖ-де мәліметтерді өңдеу жылдамдығы орташа алғанда секундына 5-7 өңделген трансакциялар.

Жүйенің операциялық күні және жұмыс істеуі туралы толығырақ ақпарат ҚБЕО - ның сайтында келтірілген: www. kisc. kz.

Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ)

Бөлшек төлемдер жүйесі - клирингтік палаталар (клирингтік жүйе) арқылы кішігірім сомадағы төлемдердің электрондық аударымдарының жүйесі.

Бөлшек төлемдер жүйесінің негізгі ерекшелігі мұнда төлемдер жеке дербес негізде емес, операциялық күн ішінде жүйе қатысушыларынан келіп түскен төлемдер бойынша олардың өзара талаптары мен міндеттемелері бойынша таза айырмашылықтары анықталып, тек сол анықталған әрбір жүйе қатысушысының таза позициялары көлемінде ақша аударымын жүзеге асырудан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Ұлттық банкі
Электрондық банктік қызметтерді көрсету талаптары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
АТФ банк туралы
Банкаралық ақша аударымдары жүйесі
Банктік қызмет
Валюталық саясат
Валюталық бақылау
Несиелік тәуекелді анықтау
Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ереже
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz