Қазақстан Республикасының жер қоры – мемлекеттік жер кадастрының объектісі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ - МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ
ОБЪЕКТІСІ
Жер кадастрының объектісі және оның классификациясы
Казақстан мемлекеттік жер кадастрының мәні көбінесе оның объектісіне байланысты. Мемлекеттік жер кадастрының объектісі болып, Қазақстан Республикасының барлық жерлерін қамтитын бірыңғай мемлекеттік жер қоры жатады.
Жерге мемлекеттік меншіктік барлық жерлерді, олардың мақсаты мен міндетін атқаруы және шаруашылық пайдалануына қарамастан, бірыңғай мемлекеттік жер қорына бірігуіне нақты себепші болды.
Экономикалық көзқараспен алғанда, еліміздің барлық жерін біріктірудің болуымен алғы шарты маңызды. Халық шаруашылығының тұтастығы, ол осы негізде, жерге меншікті өзі жүзеге асырады. Мемлекет бұл меншікті мемлекеттік жер кадастры жүйесі арқылы есепке алады және бағалайды. Жер қорының бірлік принципі басты заң - Конституция негізінде өзінің көрінісін тапты, онда Қазақстан Республикасының барлық жерлері бірыңғай мемлекеттік жер қорын құрады деп көрсетілген.
Мемлекеттік кадастрында есептелінетін объектіге сандық және сапалық сипаттама бере алатын және жер кадастрлық, көрсеткіштер жүйесі болып саналатын белгілі топтастыру түсінігі немесе санаттар қолданылады. Кадастрлық көрсеткіштер мөлшерінің сандық мәні есептелетін объектінің өзіне тән қасиеті мен мәніне байланысты болатын өлшемнің айқын бірлігі арқылы көрсетіледі. Сонымен жер қорының және оның құрам бөліктерінің аудандары гектармен есептеледі, алқаптардың сапасы көрсеткіштер жанында көрсетіледі. Кадастрлық көрсеткіш түрлі шамалармен жүргізіледі. Мысалы, жер ауданы жүздеген, мыңдаған және миллиондаған гектарлармен көрсетіледі.
Есептелетін объектінің түрлі негіздері бойынша топтарға бөлінуі әдетте классификациялау /топтастыру/ деп аталады. Қазақстанның жер қоры жер кадастрында ең алдымен жалпы аудандары және кеңістік жағдайы бойынша есептелінеді. Бірыңғай жер қорының мемлекет меншігі объектісі және шаруашылық объектісі ретінде міндет атқаруы ерекшеліктерінен келіп шығып, ол келесі негізгі жайларда: мақсатты міндет атқаруы, шаруашылық пайдалануы, сапалық жағдайы, әкімшілік-аумақтық бөлінуі, меншік түрлері бойынша есептелінеді.
Егер, қоғамдық өндірісте жердің міндет атқаруында өзгешеліктер шығатын болса, онда жер қоры жердің 1 айырмашылық топтары негізінде бөлінуі мүмкін:
1/ негізінен, өндірістің басты құралы ретінде пайдаланылатын жерлер;
2/ негізінен, кеңістік базис түрінде пайдаланылатын жерлер;
Бірінші топқа ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы жерлері жатады, ал екінші топқа қалған барлық жер түрлері кіреді. Бұндай бөлінулер негізінен дұрыс секілді, бірақ олар тым біржақты, ал халық шаруашылығында жерлерді пайдалану соншалықты көп қырлы.
Практикалық мәселелерді шешу үшін және жер қорын, құқықтық реттеу үшін, көрсетілген бөлінулер жеткіліксіз. Сондықтан жер қорының сипаттамасы кадастр объектісі ретінде көбірек толық болуы және оның халық шаруашылығының бөлек салаларында міндет атқаруы көрсетілуі керек. Өндірістік талабын ескере отырып, бәрінен бұрын жер сипаттарға /категорияға/ бөлінеді.
Республиканың мемлекеттік органдары республика шегінде бірыңғай мемлекеттік жер қорына билік етеді, пайдаланудың келешектік жоспарын жасайды, жерді пайдалану тәртібін белгілейді, сондай-ақ жер қатынастарын реттейді. Облыстық, аудандық /қалалық/, мемлекеттік органдар, кезегінде жерді ұтымды пайдалану және қорғау, жердің пайдаланылуы мен олардың жерге орналасуына мемлекеттік бақылау жасау бойынша көптеген мәселелерді шешеді. Сондықтан, бөлек әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік-шаруашылық органдарының шаруашылық және құқықтық қызметін жүзеге асыру, осы бөлімшелер бойынша жер қорын есепке алынуының нақты қажеттілігін тудырады. Қазақстан Республикасының аймақтары және облыстар бойынша жер қорының жағдайы, бөлінуі екінші, үшінші кестелерде келтірілген.
4-кесте мәліметтерінен көрініп тұрғандай Қазақстан Республикасының жер аумағы 272490, 2 млн. га құрайды, өзара 15 әкімшілік аумақтық бірліктерге бөлінеді. Бұнда үлкен жер ауданында Қарағанды - 42798, 2 мың га, Ақтөбе - 30062, 9 мың және Шығыс Қазақстан - 28322, 6 мың га облыстары ие.
4-кесте. Қазақстан Республикасының территориясы, аудандар мен елді мекендер саны /01. 01. 2007 ж. /
Республикамызда 169 әкімшілік аудан бар, қалалар мен поселкелер саны-304, ал ауылдық елді мекендер саны - 7164. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының мөлшері үлкен және әкімшілік бөліну объектілер санының көп екендігін көрсетеді, мұнда жер кадастры бойынша жүргізетін жұмысгар да көп болуы тиісті. Бұндай үлкен көлемді кадастрлық жұмыстарды жер ресурстарын басқару жөніндегі республикалық Агенттігі, 14 облыстық, 169 аудандық және біршама қалалық комитеттер барлық деңгейдегі әкімшіліктер мен ведомстволар, жерге орналастыру органдары және басқа да мамандандырылған кәспорындар орындауы керек.
5-кесте. Қазақстан Республикасының табиғи ауыл шаруашылық аймақтары бойынша жер қоры /мың га/ 01. 01. 2007 ж.
Қазақстан Республикасының территориясы табиғи - климаттық, топырақтық жағдайларының әр түрлі болғандығына байланысты 10 табиғи-ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінген /5-кесте/. Республика жерінің ең үлкен ауданы кұрғақ далалы - 62386, 8 мың га, шөлейт - 37 мың га, далалық - 26448, 0 мың га аумақтарында орналасқан. Ең үлкен егістік аудандары: далалық - 26448, 0 мың га және далалық - 10768, 0 мың га аймақтары орталығы орналасқан. Жалпы егістік ауданы республикада - 26610, 7 мың га, ал ауыл шаруашылық алқаптарының ауданы- 222568, 7 мың га құрайды.
Қазақстан Республикасы жер қорының жер санаттары мен жер пайдаланушылар бойынша сипаттамасы
Казақстан Республикасы жер қоры бірыңғай толық болып тұрса да, бөлек құрам бөліктерінің нысаналы қолданылу мақсаттарына байланысты ол негізгі жер санаттарына бөлінеді.
Мемлекеттік жер кадастры жүйесінің әрекеті нәтижесінде жер қорының құрамы негізінен нысаналы мақсатына сәйкес келесі негізгі жер санаттарына бөлінеді:
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
2. Елді мекендердің /қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің/ жерлері;
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлер;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
5. Мемлекеттік орман қорының жерлері;
6. Мемлекеттік су қорының жерлері;
7. Мемлекеттік запастағы жер.
Бұл санаттар бойынша бөлінулер «Жер туралы» Жарлықта бекітілген. Санаттар бойынша жерлердің бөлінуі 4-кестеде келтірілген.
Ауыл шаруашылығы үшін берілген немесе осы мақсатқа арналған жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер деп танылады. Олар шаруа қожалықтарының, азаматтардың, кооперативтердің, серіктестіктердің және басқа да жер пайдаланушылардың, ауыл шаруашылық өндірісімен айналысушылар пайдалануында болады. Бұл жерлердің бөлек санаттарға бөлінуі маңызды шаруашылық мәнге ие. Бұл қарастырылған санаттағы жерлер ерекше бағаланады және талқыланады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылық кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, олардың а/ш даму жоспарына сәйкес, базарларды а/ш өнімдерімен және өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында пайдаланады. Елді мекенді жерлерге қалалар, қала типтес поселкелер және ауыл елді мекендік жерлері жатады. Жалпы бұл категориядағы жерлер кеңістік базис ретінде, яғни ғимараттар мен кұрылыстар және т. б. орналастыратын орын ретінде қолданылады.
Қала жерлеріне қала шегімен шекаралығын бөліп жатқан барлық жерлер жатады. Қала шегі - бұл оларды бірыңғай жер қорының басқа санаттарынан бөліп тұратын қала жерінің сыртқы шекарасы. Оны тиісті мемлекеттік органдар бекітеді және жерге орналастыру тәртібін белгілейді. Кала жерлері құрамына: қала құрылысы жерлері, жалпы пайдаланудағы жерлер, ауыл шаруашылығына пайдаланатын және басқа алқап жерлері, қалалық ормандар иеленген жерлер, көлік және өнеркәсіптер пайдаланатын жерлер, т. б. жерлер кіреді.
Үшінші санатқа өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер жатады. Олар кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің пайдалануына берілген. Өнеркәсіптік жерлерге қазба және өңдейтін өнеркәсіптік жерлері кіреді. Көлік және байланыс жерлеріне барлық түрдегі көлік және байланыс /темір жол, әуежай, автомобиль, су, құбыртасымалы кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарының жерлері жатады. Қорғаныстық жерлерге Қорғаныс Министрлігіне қажет үшін бөлінген учаскелер кіреді.
Төртінші санатқа ерекше қорғалатын табиғи аймақтық жерлер - ұлттық парктер, қорықтар, заказниктер және т. б. жатады.
Қорықтар жерлеріне жер учаскелері белгілі тәртіппен бөлінген, ғылыми және мәдени байлығы бар табиғи объектілер жатады, олар тиісті ведомствоның қарауында болады.
Бесінші - мемлекеттік орман қоры жерлері құрамына орманы бар, сондай-ақ ормансыз, бірақ орман шаруашылығының мұқтаждарына және орман шаруашылық кәсіпорындары, үйымдары мен мекемелерінің пайдалануына берілген жер учаскелері кіреді.
Алтыншы - мемлекеттік су қоры жер санатына: су айдындары /өзендер, көлдер, су қоймалары, арналар, ішкі теңіздер, аумақтық сулар/ мұздықтар, батпақтар гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жерлер, сондай-ақ, су қорғау өңіріне, су айдындары жағаларын бойлап бөлінген жерлер
Жетінші - мемлекеттік босалқы жерлері, меншікке немесе жер пайдалануға мерзімсіз немесе ұзақ мерзімге пайдалануға берілмеген жерлер жатады. Жалпы, бұл жерлер жаңа кәсіпорындарды ұйымдастыру үшін қор қызметін атқарады және пайдалану мен меншікке беріледі.
Жер учаскесі - негізгі жер кадастрлық бірлік /жер пайдалану, жер иелену, жер алқаптары түсінігі
Жер қорының жер санаттары, яғни пайдаланушылар бойынша топтастырылуы белгілі бір жүйедегі кадастрлық бірлігімен және оның құрам бөліктерімен негізделеді. Әдетте статистикада есепке салу және бақылауға алынатын бірлік болып, есепке алу операциясы барысындағы топтастырудың алғашқы бірлігі қызметін атқаратын элемент түсініледі.
Бұндай шаруашылық есепке алу ретінде бәрінен бұрын бөлек
кәсіпорындар шығады. Жер кадастры объектісінің ерекшеліктері мен болуынан шығып, Қазақстандағы негізгі бірліктер ретінде кәсіпорындар емес, жер учаскелері танылады.
Жер учаскесі - бұл мақсатты міндет атқаратын, субъекттік кұқығы бар, сол сияқты жер пайдаланудағы немесе жер меншігіндегі болатын, жоспарда /картада/ және жергілікті жерде шекаралары белгіленген жер аумағының учаскесі. Атап айтқанда, ол мемлекетіміздегі жер қорының пайдаланылуына сипаттамалық экономикалық мән береді. Сонымен бірге ол белгілі субъекттің пайдалану және иеленушінің қүқықтық объектісі ретінде есептеледі. Яғни жер учаскелері жеке және заңды тұлғалардың иеленуінде және жеке заңды тұлғалардың тұрақты немесе уақытша пайдалануында, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындары, ұйымдар, мекемелер болуы мүмкін.
Жер пайдалану түсінігі түгел алғанда көп қырлы. Бұл түсінікті анықтау барысында бәрінен бұрын қоғамдық-өндірістік қатынастарға сүйену керек, олар жер пайдаланудың мәнін табиғат құбылысы ретінде анықтайды. Сондықтан, кең мағынада жер пайдалану /жерді пайдалануы/ - бұл
әлеуметтік - экономикалық құбылыс.
Оның экономикалық мәніне, құбылыстық сипат сияқты, жер пайдалану құқығы түсінігінің негізі жатады. Кәсіпорындар формалары негізін өндіріс құралдарының меншік формасы құрайды. Сонымен жер пайдалану, шындығында өндіріс әдісімен және өндірістік қатынастармен байланысты. Дегенмен жер пайдалану түрлері қоғамның өндірістік күшін дамыту деңгейімен анықталады. Нақты жер пайдаланушыларға мемлекет бекіткен, нақты жер учаскесін пайдалану оған құжат беру нәтижесінде құқықтық түрге ие болады. Жер пайдаланушыға пайдалануға берген территория шаруашылық ретінде және құқықтық қатынас бойынша ерекшеленеді. Ол бөлек тұлғаның пайдалану құқығы объектісі ретінде /шаруа қожалығы/ немесе тұлғалар тобы ретінде айқындалады.
Республикамызда жер пайдалану құқығына кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер сияқты азаматтар да ие. Бұл негізгі екі жер меншігі - мемлекеттік және меншік түрлерімен шартталған.
Жер пайдалану түсінігі нақты экономикалық мәнге ие. Ол қоғамдық өндіріспен байланысты және тіркеуге алуға жататын, есепке алынатын және бағаланатын толық нақты территория ретінде тікелей белгіленіп қойылады. Ол негізгі кадастрлық бірліктің негізгі формасы - жер учаскесі сияқты болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz