Кимек қағанаты


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Кимек қағанаты
2 Кимек қағанатының құрылуы
3 Кимек қағанатының құлауы
Қорытынды
КИМЕК қағанаты
Қимақтар тарихының ерте кезеңi яньмо тайпасымен тiкелей байланысты. 7 ғ-да яньмо солт. -батыс Моңғолияны мекендеген. 7 ғ-дың ортасында имектер (кимектер, қимақтар) Алтай тауының терiскей аудандары мен Ертiс өңiрiне қоныс аударды. Олардың басшылары “шад-тұтық” деп аталған. 840 ж. Ұйғыр қағандығы ыдырағаннан кейiн құрамында жетi тайпа ұйытқы болған қимақ федерациясы қалыптаса бастады. Ендi қимақ тайпаларының басшысы байғұ (ябғұ) атағымен атала бастады. Бұл атақ лауазымдық дәрежесi жағынан шадтан жоғары болатын. 9 ғ-дың ақыры мен 10 ғ-дың бас кезiнде Қимақ қағандығы құрылғаннан бастап, олардың басшысы түркiнiң ең жоғ. лауазымы - қаған атын алды. Бұл кезде қимақ мемлекетiнiң өзегiн 12 тайпа құраған. Үкiмет билiгiн мұраға қалдыру ин-ты қағанның отбасы мен хан әулетi iшiнде ғана емес, тайпалар ақсүйектерi арасында да қалыптасты. Мыс., қағанның 11 басқарушысының еншiсi олардың балаларына мұра ретiнде берiлген. Әрбiр еншiлiк иелерi қағанға бағынды. Қимақтар мал өсiрдi. Олардың арасында тәңiрге, ата-баба аруағына табыну ғұрпы қалыптасқан. Жекелеген топтары отқа, күнге, жұлдыздарға, өзенге, тауға табынған. Шаман дiнi кең тараған. Кейбiр топтары христиан тектес дiн - манихейлiктi ұстанған. .
Күйреген Батыс түрік қағанатының орнында көшпелі және жартылай көшпелі түрік тілдес тайпалар қазіргі Қазақстан аумағында құдіретті үш мемлекет: Жетісуда - қарлұқ этникалық-әлеуметтік бірлестігін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларында - Оғыз державасын, ал Солтүстік, Шығыс және орталық Қазақстанда - кимек қағанатын құрды.
Кимектер тарихының ертедегі кезеңі қытай деректемелерінде VII ғасырдағы батыс түрік ортасында болған оқиғаларға қатысты атап өтілген яньмо тайпасымен байланысты айтылған. Синологтар яньмоны йемек тайпасына балайды, ол, зерттеушілердің көпшілігі шамалайтындай, кимек атауының фонетикалық түрі болып табылады. Зерттеушілердің киметер мен қыпшақтарды бір халыққа балап жүргені қате, өйткені орта ғасырлардағы жазбаша деректемелердің мәліметтері оларды екі жеке, бірақ түрік тілдес этнос ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар VIIғасырдың бас кезінде Қобда алабында солтүстік-батыс Монғолияда мекендеген. Олардың шығысында оғыздар болып, ал оңтүстігінде түргештер мен қарлұқтар қоныстанған. VII ғ ортасына таман ймектер Алтай тауынан солтүстігірек жатқан аудандар мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Бұл тайпа 656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін оқшауланған еді. Шынына келгенде, кимек тайпалық одағының ұйытқысы нақ осы кезде пайда болады. Кимектер тайпасы басшысының «шад түрік» деген атағы болған. «Шад» және «түтік» деген атақтар түріктер арасында кеңінен мәлім және VII-IX ғасырлардағы ертедегі түріктердің руналық жазбаларында талай рет айтылады.
VIII ғасырдың екінші жартысы - IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сырдария аңғары мен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүстік-Шығыс Жетісу шегіне қарай көшеді. 766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай және Алакөл ойпаты аумағына ірге теуіп, Шығыс Түркістанда мекендеген тоғыз-ғұздардың солтүстік шектеріне дейін жетті. Олардың арасындағы шекара Жоңғар жотасының бойымен өткен.
840 жылы Орталық Монғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған кірген тайпалардың бір бөлігі (эймур, байандұр, татар) кимек бірлестігінің ұйытқысына қосылады. Жеті тайпа құрамындағы кимек федерациясы нақ сол кезде қалыптасты. Енді кимек тайпаларының басшысы «байғу» атағымен атала бастады. Ябғу атағы өзінің лауазымдық дәржесі жағынан шадтан жоғары болған. Түркі тілдес түрлі халықтардың-қарлұқтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, және басқалардың билеуші үстем топтарының ябғу атағы болғаны мәлім.
Кимек тайпаларының конференциясы полиэтникалық құрылым болды, оған түркі тілдес тайпалармен қоса, сірә, татарлардың түріктеніп кеткен топтары да кірген болса керек, ал татарлардың бірлестігі соның алдыңғы уақытта Орта Азиялық тоғыз-оғыздардың құрамында олармен тығыз саяси және мәдени байланыста болған еді. Кимек тайпаларының одағы қандас-туыстық байланыстарға негізделген құрылымға айналған жоқ, қайта аумақтық-әкімшілік қатынастар принциптеріне негізделді. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, кимектер бірлестігі рулық-тайпалық құрылымдардан жоғары тұрады өйткені ондағы тайпалар бір-бірімен иеррхиялық және вассалдық қатынастармен, қоғамның қатаң регламенттелген негіздерімен байланысты болады.
IX ғасырдың басында кимектер Сырдарияға қарай жылжиды, сонан соң қарлұқтармен одақтаса отырып, оғыздардың кангар-печенег тайпаларын жеңіп, оларды Сырдария мен Арал өңірінен ығыстырып шығаруына көмектеседі.
Кимек қағанатының құрылуы: VIII ғасырдың екінші жартысы - ІХ ғасырда қаулаған оқиғалар кимектердің мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында кимек тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай Оңтүстік Орал мен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды. Кимектерде мемлекет болғаны туралы алғаш рет ІХ ғасырдың аяғы Х ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, ІХ ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби кимектермен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай деді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, кимектер және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір-бірімен соғысып жатады» Ибн әл-Факихте қимақтар туралы қызықты мәліметтер туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері - оғыздардың, тоғыз-ғұздардың және кимектердің патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истархи ибн Хаукаль «түріктердің жерінде тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді» деп хабарлайды.
Кимек билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басында кимек қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғарғы атағымен қаған деп атала бастады. «Қаған - түріктердің ең басты патшасы. Қаған - хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дегені сияқты, басшылардың басшысы» - дейді Хғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.
Сонымен, кимек қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарына да төменгі сатыдан жоғарғы сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу, кіші қаған, ұлы қағанатақтары тән болған. Көрініп отырғандай, кимектер мен ежелгі түрік атақтарының арасында байланыс бары даусыз және олар кимектер ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді.
Кимектер қағанатының қолында нақты билік болды. Ол өз мемлекеті шегінде билеушілерді тағайындаған, ал олар тайпа шонжарларының өкілдері болған. Қағанның билігі ғана емес, сонымен қатар оның айналасындағы тайпа ақсүйектерінің билігі де мұрагерлік бойнша өтіп отырады. Кимек қағанының онбір басқарушысының үлестері мұра бойынша сол басқарушылардың балаларына беріліп отырған.
Тайпалық бірлестіктер құрылған кездегі сияқты кимек қағанатының құрылу үрдісінде де әскери институттар зор рөлатқарады. Басқарушылар сонымен қатар әскери жетекшілер де болып, олар қағаннан қызметі үшін үлестер алыпотырады. Үлестік иеліктер әскеи жасақтап отырады. Бұл үлестердегі этникалық орта, негізінен алғанда, көбінесе белгілі бір тайпаның өкілдерінен құралды. Үлестік-тайпалық жүйе қоғамдық құрылыстағы ірі өзгерістердің салдарынан туды. Әдетте, үлестердің иелері кимек қағанына бағынышты болды. Әскери және әкімшілік негіздердің біріктірілуі салдарынан ірі тайпалық бірлестіктерді басқарып отырған билеуші көсемдер көшпелі жеке шаруашылығын нығайтуға және өздерінің саяси салмағын орнықтыруға ұмтылып отырады. Олардың кейбіреулері қолайлы жағдай туғанда мемлекеттегі жоғары билікті басып алуға ұмтылған жартылай тәуелді «хандарға» айналады. Кимек елін суреттеген кезде Шығыс Қазақстан даласында туған, кимек қағанының ұлы Жанақ ибн Хакан әл-Кимеки жазған кітапты пайдаланған араб географы Әл-Идриси кимектерде осындай хандар басқаратын бірқатар дербес иеліетер бар екенін жазды. Олардың ордалары айнала дуалмен қоршалған қалалар, мықты бекіністі сарай-қамалдар болған, олар көбінесе биік жерлерге орналасқан. Бұл қалалар мен бекністерде «хандар» көптеген әскер ұстаған. Олардың байлықтары мен қоймалары қалаларда және адам жете бермейтін таулы аймақтарда орналасқан, «ханның» нұсқауы бойынша мұқият қорғалатын бекіністеоде сақталды. Кимектер қағанының орталығы, оның ордасы Имекия қаласында болды, ол темі қақпалы дуалмен бекітіліп, қоршалды. Қалада оныңсансыз көп әскері мен қазынасы болды. Шынына келгенде, қаған билігі мен мемлекеттік өкімет арасында айырмашылық болған жоқ.
«Худуд әл-Аламның» 10ғ, он бір басқарушысы туралы мәліметтері, сондай ақ әл-Идрисидің «кимектер қағанында хаджиб, уәзірлер әділетті және жақсы мемлекеті бар» деген хабары кимектерде мемлекеттік басқару аппараты болды деп айтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік өкімет қаншалықты қарапайым болғанымен, алайда, ол ең алдымен қоғамның әлеуметтік жіктелуінің нәтижесі. Орта ғасырдағы деректердің жанама деректері кимек құрылымындағы әлуеметтік саралануды айқын дәлелдейді. Парсы тарихшысы Гардизи 11ғ. Кимектер арасындағы көшпелелер «өз мырзаларының малын бақты» дейді, сондай-ақ «қысқа арнап олар әрқайсысы өзінің шама-шарқына қарай қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады» деп көрсетеді. Әл-Идрисидің жазуынша, тек шонжарлары ғана қызыл және сары жібектеп киім кие алған, сол арқылы олар өздерінің қатардағы көшпелілерге қарағанда артықшылық жағдайын көрсеткен. Нақ сол авторлардың мәліметтеріне қарағанда, кимектердің қалаларында атты әскер мен қоса жаяу әскер де болған. Жаяу әскер контингентінің әдетте адамдардың екі тобынан: күйзеліске ұшыраған көшпелілер мен тұтқындардан тұғанын көреміз. Кимек тайпаларының қабірлерінен табылған археологиялық материалдар да жерлеген адаммен бірге салынған құрал-сайманның құндылығы мен көлемі әр түрлі екенін айқын дәлелдейді.
Кимек қоғамындағы мал мүлік теңсіздігінің әбден дендеуі, бір жағынан көшпелі аристократияны шығарса, екінші жағынан - қарапайым көшпелілердің қалың бұқарасын күйзеліске ұшыратты. Сәрә, малынан айырылған көшпелілердің бір қатары Махмуд Қашғаридің айтқанындай отырықшылыққа көуге мәжбүр болса керек.
Ятұқтар қолөнерін, балық аулауды кәсіп етті, қыстауларға орнығып қоныстанды, көшпелі ордалардың төғірегіндегі шағын мекендерде тұрды, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналды.
Кимектер алым-салықтың болғанын түріктердің өндірген алтынынан билеушінің міндетті түрде үлес алу фактісіне қарап топшылауға болады.
Кимектерже жазу болған деп топшылауға деректер бар. Мұны әбу-Дуллафтың мына сөзінен көркміз: «Оларды қамыс өсіреді, бұл қамыспен олар жазады»: Тегі кимектер қамыс қаламмен жазып, мұда ежелгі түрік әліппесін байдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан табылған заттар - мезгілі 9-10 ғасырларға қатысты түрік жазулары қола айналар да көрсетеді.
ІХ ғасыр мен ХІ ғасырдың басында кимектер ертедегі түріктердің діни нанымдарын ұстанды, олардың арасында тәңірге, бабалардың аруағына табыну елеулі орын алған. Жекелеген топтары отқа, күнге, жұлдыздарға, өзендерге, тауға табынған. Шаман діні кеңінен тарады. Сонымен бірге кимектердің кейбір топтары манихей дінін - христиан түсінігіндегі бағытын уағыздады. Кимектердің шонжарлары арасында ислам айтарлықтай таралған болуы мүкін; арабша жазылған кітабы сияқты, Жанақ ибн-Хакан әл-Кимеки деген аттың өзі де осыны дәлелдейді. Бұл жағынан кимектер қабірлерінің жекелеген ерекшеліктерінің мұсылманша жерлеу есебіне жатқызылуының маңызы да аз емес. Дүниежүзілік діндердің біреуіне тартылудың әлеуметтік-экономикалық дамуының белгілі бір көрсеткіші болып табылатыны мәлім.
Әлеуметтік мәдени жағынан кимектер көп жағынан ертедегі түріктер арасында VI-IX ғасырларда қалыптасқандәстүрін мұраға алып, дамытты, ал ІХ ғасырдың аяғынан ХІ ғасырдың басына дейін оларда қалыптасқан мемлекет болды.
Деректемелерде кимектердің соғыстары, көршілеріне шапқыншылық жасауы, оларға жауап ретінде көршілерінің кимектердің мекндеріне шабуыл жасауы туралы мәліметтер өте көп. Әл-Идриси былай деп жазады; «Кимектер патшасы - ұлы патшалардың бірі, өзінің қабілеті жағынан даңқы шыққандардың бірі . . . түрік патшалары қаған өкіметінен қауіптенеді, ол кегін алады деп қорқады, оның күшінен сақтанады, оның шапқыншылықтарынан қашқақтайды, өйткені олар мұндай іске бұын талай барғанын біледі, оларды өз бастарынан өткізген».
Кимек билеушілерінің тоғыз-ғұздар жерінің бір бөлігін басып алумен аяқталған оңтүстікке әскери экспанциясын Гаган көлінің оңтүстік-шығыс жағалайында орналасқан Карантия деген кимек қаласының бір кезде тоғыз-ғұздар иелігінде болғаны туралы хабар дәлелдейді. Кимектер Ч ғасырда өз иеліктерінің солтүстік-батыс бөлігін ғана сақтап қалған тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы - Шығыс Түркістандағы Жамлекес шапқыншылық жасаған.
Сонымен бірге, бұл да өте маңызды, деректемелерде бейбіт кездерде кимектердің оғыздар жеріне, ал оғыздардың кимектердің жеріне көшіп-қонып жүргені атап айтылды. Сондықтан кимек-қыпшақ тайпалары мен оғыз тайпалары арасындағы тығыз байланыстар олардың тілінде, тұрмысы мен мәдениетіне ықпал жасағаны кездейсоқ емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz