Қосылған құн салығы бойынша енгізіліп жатқан өзгертулер мен толықтырулар


Қосылған құн салығы бойынша енгізіліп жатқан өзгертулер мен толықтырулар
Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелеріне соның ішінде қосылған құн салығына мынадай өзгерістер мен т олықтырулар енгізілді.
207-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылды: 1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, кодекстің 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады; 208-бапта 3-тармақтағы «1000» деген цифр «1200» деген цифрмен ауыстырылды. 5-тармақтағы «өтініш беруге міндетті болатын немесе ерікті түрде» деген сөздер алынып тасталды. 209-бапта 2-тармақтың екінші сөйлемі екінші бөлім болып есептелді;
мынандай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылды:
«Қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда оның қосылған салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі ауыстырылуы тиіс»;
210-баптың 5-тармағы мынандай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылды:
«Қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлға, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, оның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережесі қолданылмайды»;
211-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасындағы, «соның ішінде қаржы лизингіне беруді» деген сөздер алып тасталды;
мынандай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылды:
«2-1) мүлікті қаржы лизингіне беруді; » ;
3-тармақта:
1) тармақша «аспайтын» деген сөзден кейін, «салық жылы ішінде жалпы сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын» деген сөздермен толықтырылды;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылды:
2) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, ұқсату, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеу және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған. Ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес «Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату» режимімен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды; »;
215-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылды:
«2-1 лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде мыналар өткізу бойынша айналым жасалған құн болып табылады:
- осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингінің шартында белгіленген мерзімдік лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні;
- егер қаржы лизингінің шарты бойынша лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, онда мүлікті қаржы лизингіне берген күн айналымды жасау күні болып табылады;
- қаржы лизингінің шартында көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, түбегейлі есеп айырысқан күн қаржы лизингінің осы шарты бойынша айналымды жасаған соңғы күн болып табылады. »;
277-бапта: 7-тармақтағы «235» деген цифр «236» деген цифрмен ауыстырылды. Мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылды:
«8. Лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
- қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлем мөлшері негізінде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, кодекстің 216-бабы 2-1-тармағының 1) тармақшасында аталған айналым жасау күніне;
- барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасының негізінде, оларға алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген сыйақы мен қосылған құн сомасы енгізілместен, кодекстің 216-бабы 2-1-тармағының 2) тармақшасында аталған айналым жасау күніне;
- қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және оларға сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы шарт бойынша өткізу жөнінідегі айналым жасаудың алдындағы күніне келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде белгіленетін салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде, осы кодекстің 216-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында аталған айналым жасау күніне белгіленеді.
9. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның сыйақысы негізінде айқындалады. 218-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «жағдайларда жүргізіледі» деген сөздер алып тасталынып, мынадай маөмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Осы кодесктің 211-бабаның 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өткізу жөніндегі айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайда жүргізіледі»;
221-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айналым жасалған күні белегіленген бағамы» деген сөздер «айналым жасау күні валюта алмастырудың нарықтың бағамы» деген сөздермен ауыстырылды;
224-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«224-бап. Халықаралық тасымалдауға салық салу».
- Халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетуді іске асыру жөніндегі айналымға:
- Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын жете Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның ішінде поштаны тасымалдауға;
- Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүтерін тасымалдауға;
- Халықаралық қатынаста жолаушылар мен жол жүктерін тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады.
- Егер тасымалдауды рәсімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау
құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралды құбыр желісінің жүйесі бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендік режимінде рәсімделген кедендік жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін тасымалдау халықаралық тасымалдау деп аталады.
Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тасымалдауда бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдау басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жол жүкті) тасымалдауы басталатын жер танылады.
«Импортталатын тауарларды (поштаны, жол жүкті) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жол жүкті) көлік ұйымының көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалға жатады»;
225-бапта 1) тармақша мынадай редакцияда жазылды:
«1) пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері; » ;
Мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және мынадай 12-3) тармақшаларымен толықтырылды: 12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына «Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату» кеден режимінде әкелінген тауарларды ұқсату және (немесе), жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;
12-2) Осы кодекстің 224-бабына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына экспортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер, техникалық, аэронавигациялық әуежай қызметін көрсету, халықаралық рейстерге көрсетілген қызметтер бойынша теңіз аймақтарында қызмет көрсету;
12-3) тұрғын-үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнінідегі қызмет көрсету:
226-баптың 2-тармағындағы «пайдалану» деген сөз (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету» деген сөзлермен ауыстырылды;
227-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның он алтыншы абзацы «қабылдап алу» деген сөздердің алдынан «банкноттар мен монеталарды» деген сөздермен, «буып-түю» деген сөзден кейін «және сақтау» деген сөздермен толықтырылды;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылды:
«5-1) ипотекалық тұрғын-үй заемдары бойынша талап құқықтарын басқару жөніндегі қызмет көрсету; »;
234-баптың 1-тармағында:
9) тармақшадағы «ақша» деген сөздің алдынан «қағаз» деген сөзбен толықтырылды;
10) тармақша алынып тасталды;
235-бапта 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылды: «2) тауар беруші Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес берілетін басқа да құжат табыс еткен болса. Егер тауар беруші осы кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмаса, осы баптың 2-тармағына сәйкес берілетін шот-фактура немесе басқа құжат «ҚҚС жоқ» белгісімен жазылады.
Мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылды:
«1-1. Лизинг берушінің қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алумен байланысты шығыстары салық салынатын айналымының мақсаты үшін шеккен шығыстар ретінде қарастырылады. »;
2-тармақта:
1) тармақша «қосылған» деген сөздің алдынан «осы тармақтың 1-1) және 1-2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда» деген сөздермен толықтырылды;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшаларымен толықтырылды:
«1-1) оларды қосылған құн салығымен бөліп көрсетіле отырып, ұсынылған шот-фактуралар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар төлеуге жататын, бірақ осы кодекстің 245-бабының 1-тармағында белгіленген ставкадан аспайтын салық сомасы;
1-2) осы кодекстің 242-бабының 5-1 тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ осы кодекстің 217-бабының 8-тармағына сәйкес лизинг берушінің айналым жасау күніне айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспауға тиіс салық сомасы, »;
4-тармақтың 1-бөлігіндегі «қсылған құн салығы» деген сөздер «Егер осы баптың 4-1 тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы» деген сөздермен ауыстырылды. Мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толтырылды:
«4-1. Егер шот-фактураның жазбасы осы кодекстің 242-бабаның 4-тармағында көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым жасау күнінен кейін жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактура жазу күнінің сол салық кезеңінде есепке жатқыщылады. »;
237-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толтырылды:
«Негізгі құралдар бүлінген, жоғалған жағдайда, қосылған құн салығы негізгі құралдардың теңгерім құнына жататын құн бөлігінің есебінен алып тасталды; »;
242-бапта: 4-тармақта: шот-фактура деген сөз егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура деген сөздермен ауыстырылды; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылды.
Қосылған құн салығы электр энергиясын, су, газ сатуды, байланыс қызметтерін, коммуналдық қызмет көрсетулерді, темір жол тасымалдарын, көлік-экспедиторлық қызмет көрсетулерді, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушілер салық кезеңінің қорытындысы бойынша шот-фактуралар жазып беруге құқылы; мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтарымен толықтырылды:
«5-1. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері оған сыйақы және қосылған құн салығы салалары енгізілместен қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы ескеріле отырып көрсетіледі.
5-2. Жүкті жөнелтушілер немесе алушылар үшін жүктерді тасымалдауға шот-фактураның жазбасын, егер аталған тасымалдау көлік экспедициясы шартына сәйкес жүргізілсе, экспедитор жүзеге асырады. Мұндай шот-фактураларда салық салынатын айналымның мөлшері тасымалдаушылар және басқа да жеткізушілер көлік экспедициясы шартының шеңберінде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер құны ескеріле отырып көрсетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz