Ғылыми психологияның принциптері мен жалпы зерттеу әдістері



Кіріспе 2
Негізгі бөлім 3
I. Ғылыми психологияның принциптері мен жалпы зерттеу әдістері 4
Психология пәні және оның міндеттері 4
Психиканың рефлекторлық сипаты 13
Қазіргі заман психологиясының міндеттері 17
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны 19
Психология салалары 24
II. Қорытынды бөлім 34
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі 35
Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір тарихында Р.Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық антропопсихизм бағдары. Оның мәні:психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама – қарсы, екінші теория панпсихизм, яғни бүкіл табиғаттың жан-рухы қасиетке иелігі жөніндегі ұғым. Бұл біріне бірі қайшы екі көз қарастың аралығында кеңірек өріс алған биопсихизм теориясы бар. Биопсихизмшілердің пікірі психика жалпы материяның қасиеті емес. Психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай тұжырым нейропсихизм деп аталған. Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бірде бірін толығымен құптай алмайды. Оның дәлелджері тіпті басқаша: психологияның туындауы жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы-психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен байланыстырады. Тіршілік пайда болуының негізгі шарты қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды молекулалардың түзілуі. Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының құрамды бөліктері болуымен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады
1. “Жантану негіздері” Сәбет Балтаұлы Бап-Баба, Алматы,2005
2. “Философия” Д. Кішібеков, Алматы, 2003

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
2

Негізгі бөлім
3
I. Ғылыми психологияның принциптері мен жалпы зерттеу әдістері 4
Психология пәні және оның міндеттері
4
Психиканың рефлекторлық сипаты
13
Қазіргі заман психологиясының міндеттері
17
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
19
Психология салалары
24
II. Қорытынды бөлім
34
III. Қолданылған әдебиеттер тізімі
35

Кіріспе

Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы
проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы
көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық
ерекшеліктерімен сипатталады.

Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт
қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір тарихында
Р.Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық антропопсихизм бағдары.
Оның мәні:психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика
тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін
тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі
күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама – қарсы, екінші теория
панпсихизм, яғни бүкіл табиғаттың жан-рухы қасиетке иелігі жөніндегі ұғым.
Бұл біріне бірі қайшы екі көз қарастың аралығында кеңірек өріс алған
биопсихизм теориясы бар. Биопсихизмшілердің пікірі психика жалпы материяның
қасиеті емес. Психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың
арасындағы жүйке жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай тұжырым
нейропсихизм деп аталған. Ғылыми психология аталған тұжырымдардың бірде
бірін толығымен құптай алмайды. Оның дәлелджері тіпті басқаша:
психологияның туындауы жөніндегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі
формасы-психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумен
байланыстырады. Тіршілік пайда болуының негізгі шарты қоршаған ортамен
тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды молекулалардың түзілуі.
Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының
құрамды бөліктері болуымен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау
шарты болып табылады

Психология пәні және оның міндеттері

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объекті
болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын,
тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған
емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам
болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен
қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамбармен қарым-қатынасының
ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықсыну уақыт
озуымен бірге өрістей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина,
өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық
заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның
даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі
білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі
ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объект, ал ғылымдардың әрбірі өзіне
тән ерекше көкейкесті мәселелермен айналысады. Солардың ішінде қоғамдық
ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторларды айналып
өтуі тіпті мүмкін емес. Солай болса да, әрқандай ғылым басқасынан өз
пәнінің ерекшелігімен ажырап тұрады. Л. С. Рубинштейн Жалпы психология
негіздері (1940) атты еңбегінде Психология зерттеуіндегі ерекше
құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр – олар біздің қабылдауымыз, сезіміміз,
ойларымыз, ықлас-ниеттеріміз бен тілектеріміз, т. б., яғни біздің
өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге
ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны – деген. Психологиялық дүниенің
бірінші ерекшелігі - әр тұлғаның (индивид) өз меншік толғанысының болуы –
ол түйсік, сезімнен ғана көрінеді де оның басқаша пайда болу жолы жоқ.
Мысалы, қаншалықты әдемі, нәрлі суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын
сезінуі қиын; керең – тікелей қабылдамаған соң, ән-күй әуенін танымайды;
махаббат ләззатына өзі бөленбеген адамға ол жөніндегі әңгімедастан да түкке
де тұрмайды.
Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып
болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі әрқандай нақты
заттың өзі мен оның қабылданған кейпі бір-бірінен ажыралып тұратыны даусыз.
Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең
ұялауы бүған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен
жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін сезіп, білген. Осыған орай
адам ұстамға келетін тәннен және көрінбейтін жаннан – бірінен-бірі дербес
екі бөліктен тұрады деген сенім туындады; яғни адам өлмейінше, жан оның
тәнінде жасап, өлгеннен соң тәннен шығып кетеді-мыс. Ал адам ұйқыдағы
кезде, жан оның тәнінен уақытша ажырап, қандай да бір басқа жерге ауысады.
Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауға
түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бірінің екіншісі жөніндегі қарапайым
тұрмыстық психологияға тән пайымдаулары жинақтала берді. Адам психика
жөніндегі кейбір түсініктерді өз өмір тәжірибесі негізінде топтайды.
Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінісуге, бірлікті тұрмыс
құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай
психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын
қүрады. Осы біршама біліктер әр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге
тұлғалармен қылық-әрекетіне орай қатынас жасауға көмегін тигізді. Бірақ
мұның бәрі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, бәлелсіз. Оларды біз
күнделікті тұрмыстық тәжірибемізден ғана үйренбестен, көркем әдебиеттен,
халық ауыз әдебиеті үлгілерінен (мақал-мәтел, ертек, әпсана) ұғып, түсініп
келдік. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының
бастаулары нақ осы өмір тәжірибесі мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани
мұрадан келіп шығады.
Психологияның жантану ғылымы ретінде мәні неде: Оның ғылыми дені
(предмет) не?
Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп,
психологияның әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген
көзқарасының өзгеріп барғанын байқаған жөн. Психология өте ежелгі де, өте
жас та ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан оның бар болашағы әлі
алда. Психологияның дербес ғылыми сала болып танылғанына енді ғана жүз
жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих
тұңғиығында бастау алған пәлсапамен бірге келе жатыр.
ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология
жөнінде қысқа да дәл былай деген: Психологияның тарих алды ұланғайыр, ал
тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанымыз
психологияның пәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып,
өзінің эксперименттік зерттеулерін ұйымдастыра бастаған дәуірі. Бұл ХІХ ғ.
кейінгі ширегі болғанымен, психология бастаулары көз жеттес ғасырлар
тереңінде өріс алды.
Пән атының өзі де грек тілінен аударуында психология – жан туралы
ғылым (психо – жан, логос – ғылым) дегенді аңғартады. Кең тараған
түсініктерге жүгінсек, алғашқы психологиялық көзқарастар діни ұғымдарға
байланысты дүниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткеніндй, ежелгі
грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негізінде
бастау білімберін жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-
пікір бағыттарының жалпы дүние, соның ішінде – жан жөніндегі діни-
мифологиялық көзқарастарға қарсы күресінде дамуын тапты. Осыдан, жан
жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияның пәндік аймағының
кемелденуінде бірінші кезең болды да психология әуел бастан жан туралы
ғылым деп танылды. Бірақ бұл жанның не зат екеніне жауап табу оңайға
соқпады. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы
түсіндірді. Психика мәніне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы
философияның өзекті мәселесін – материя мен сана, заттық және рухани
болмыстардың ара қатынасын – шешуге тәуелді болып келді.
Дәл осы мәселенің шешімі төңірегінде бір-біріне тікелей қарсы
философия бағыттары – идеализм мен материализм – пайда болды. Идеалистер
психиканы болмыс бастауы, өз бетінше жасайтын, материяға тәуелсіз, белгісіз
бір зат деп қарастырды. Ал материалистік танымда психика – туынды,
материяға тәуелді құбылыс.
Идеалистік бағыт өкілдері материяға қатысы жоқ ерекше рухани
бастаманың барын мойындап, психиканың әрекеті тәнсіз, мәңгі жойылмас жанның
көрінісі деп біледі. Ал барша заттасқан дүние мен процестер, оларша, біздің
түйсігіміз бен елестеріміздің нәтижесі.
Идеализм бастауы адамдардың өз дене құрылымы мен қызметі жөнінде дұрыс
танымы болмаған, психикалық құбылыстарды адам дүниеге келуімен тәнге еніп,
оның өлуімен ұшып кететін жан және рух әрекеті деп ойлайтын зманда пайда
болған. Жанды бастапқыда адамның әр түрлі мүшелерінде жасайтын ерекше бір
жұқа зат не тіршілік иесі деп білген. Діннің пайда болуымен жан о
дүниемен байланысты, көрінбейтін әрі мәңгі жасайтын, тәннің өзгеше бір
екінші баламасы – рухтық зат деп танылды. Бар әлемнің бастаушысы идея, рух,
сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген әртүрлі идеалистік
бағыттар қанат жайды. Адам психикасы – рухи өмірдің көрінісі, сондықтан ол
материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен діни
догматтар адам жан дүниесін материалистік тұрғыдан түсіндіруге ұмтылған
ғылыми ой-пікірлерді көп ғасыр кейінге ысырып тастады.
Жан жөніндегі танымдар қандай құбылыс-өзгерістерге енгенімен өмірлік
іс-әрекеттің қозғаушы күші – жан деген тұжырымға ешбір шүбә келтіре алмады.
Тек ХVІІІ ғ. психология білімінің дамуында Рене Декарт жаңа дәуір есігін
ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де жанға
ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтып, дәлелдеді. Бұл жантану
ғылымының кейінгі желісіне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екі түсінікті
– рефлекс және сана – бірдей енгізді. Бірақ ол өз тағылымында жан мен тәнді
бір-біріне қарсы қойды, өзара тәуелсіз екі болмыс – материя және рух –
жасайтынын уағыздады. Сондықтан да психология тарихында бұл Декарт тағылымы
дуализм (екі тарапты) атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикалық
табиғат ми қызметінің өнімі емес, мидан тыс, оған тәуелсіз, өз бетінше
жасайтын құбылыс екені түсіндірілді. Бұл бағыт ғылымда объективті идеализм
деп аталды.
Дуалистік тағлиматты арқау етіп ХІХ ғ. Психологиясында
психофизиологиялық параллелизм атанған идеалистік бағыт кең өріс алды. Бұл
бағыттың мәні: психика және тән қатар, бірақ өз-ара тәуелсіз жасайды.
Мұндай идеалистік көзқарасты дәріптеушілер Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо,
Джемс, т. б.
Шамамен осы дәуірде психология дені жөнінде жаңа түсініктер қылаң
бере бастады. Ойлау, сезу, қалау қабілеттеріне сана атауы беріліп, психика
санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы
жүзеге келді. Бірақ сана көп уақытқа дейін басқа табиғи процестердің
бәрінен оқшауланған ерекше құбылыс ретінде қаралды. Енді саналық өмір Алла
жаратқан ақыл көрінісі немесе сананы құраған қарапайым элементтерір бар
субъективтік сезім нәтижесі деп есептелді. Бірақ идеалистік бағыттағылардың
бәрін біріктірген жалпы пікір: психикалық болмыс – бұл ғылыми талдауға
келмейтін, себебін түсіндіру мүмкін емес, тек қана өзіндік бақылаумен
танылатын субъектив дүние екендігі. Мұндай түсінім кең етек алып, ал бұл
бағыттағы идеализм интроспекттік (ішке үңілу) сана тағылымы атын алды.
Осыдан сана өзімен өзі шектеліп, психика объектив болмыс пен субъекттің
өзінен де толығымен ара байланысын үзді.
ХІХ ғ. екінші жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы
өз алдына әртүрлі мақсаттарды белгілеп, әртүрлі зерттеу тәсілдерін
қолданған, бір-бірін ауыстырып отырған теориялар таласында жүріп отырды.
ХІХ ғ. аяғындағы барша теориялар, ХХ ғасырдағы біршама тағылымдар сананың
осы интроспекттік психологиясы шеңберінде зерттелді. Бұл теориялар бойынша
психологиялық зерттеулердің бәрі қоршаған орта мен адам іс-әрекетіне
байланыссыз жан толғаныстарымен көріністеріне негізделді. Ал сана мен ми
арасындағы қатынас бұл теорияларда дуализм бағытында шешімін тапты.
Интроспекттік психология аймағындағы теориялардың бір-бірінен
айырмашылығы сананы құрылымы, мазмұны және белсенділік дәрежесіне қарай
әрқилы сипаттаудан болды, яғни бір сипаттама жетекші деп есептелінді. Осы
тұрғыдан идеалистік сана психологиясы өз зерттеулерін 5 бағытта алып барды:
• саналық элементтер теориясы (В. Вундт, Э. Титченер);
• саналық әрекеттер психологиясы (Ф. Брентано);
• саналық ағым (сел) теориясы (У. Джемс);
• дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология);
• Дильтей суреттеме психологиясы.
Бұл теориялардың бәріне ортақ түсінім: қоршаған дүниемен белсенді
қатынастағы адам орнына сана қойылып, оның бар іс-әрекеті сана белсенділігі
деп танылды.
Психологияда эксперименттік әдістің орнығуына қарамастан, бұл дәуірде
аталған теориялардың бәріне тән ерекшелік – психикалық құбылыстардың мәнін
түсіндіру емес, тек қана суреттеп нақтылау. 1879 ж. Вундт Лейпцигте алғашқы
эксперименталды лаборатория ұйымдастырды. Сана психологиясына эксперимент
қою мүмкіндігі ашылды: зерттеуші белгілі жағдайлар жасап, онда психикалық
процестердің өтуін бақылап барды. Бірақ бұл бақылаулардың ерекшелігі: адам
өзінің ішкі жан-күйін, сезімін, ой толғанысын өзі бақылайды, осыдан мұндай
зерттеуде интроспекттік аталған әдіс қолданылды. Мұндай бақылау, әлбетте,
басты ғылыми талап-объективтілікке сай келмейді. Осының салдарынан ХХ ғ.
басында, бір жағынан – ғылыми объектив білімдер дамуына орай талаптардан,
екіншіден - әлеуметтік-экономикалық өркендеу сұраныстарынан интроспекттік
психологияның дағдарысы көрініс берді.
Адам әрекет-қылығын қадағалап, бақылау құралжабдықтарын дайындауды
қажет еткен капиталистік өндіріс әдістерінің дамуына байланысты практикалық
міндеттер алдында сана психологиясы өз дәрменсіздігін байқатты.
Осыдан ХХ ғ. екінші он жылдығында психологияның және бір бағыты пайда
болып, оның өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да
емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының
жиынтығы – әрекет-қылық (поведение) еді. Бұл бағыт бихевиоризм (ағылш.
dehaviour-қылық) аталып, психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының
үшінші кезеңін қалады. Бихевиоризмнің ірге тасын қалаушы Дж. Уотсон
психологияның міндетін қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық-
әрекетін зерттеу деп білді. Тек бір онжылдықтың өзінде-ақ бихевиоризм бүкіл
дүниеге тарап, психология ғылымының ықпалды бағыттарының біріне айналды.
Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда – жан туралы ғылым,
кейін – жансыз ғылым, ақырында – санасыз ғылымға айналды. Психология пәнін
осылай пайымдаудан оның келесі, және бір дағдарысқа кезігуінің мәнін
түсінеміз. Әрине, қылық-әрекетті бақылаумен объектив деректерді зерттей
аламыз, бірақ мұндай объективтік жалған, себебі біздің әрқандай әрекет-
қылығымыздың астарында өзіміздің ой, сезім, ниеттеріміз жатыр. Сондықтан
осы ой, сезім, ынта-ықыласты білмейінше, әрекет-қылықты тану мүмкін емес.
Психология пәнін (предмет) нақтылауда болған дағдарыстар себебі
аталған теориялардың негізге алған әдіснамалық тұжырымдарында болып отыр.
Атап айтсақ, саналық психология болмыс пен сананың, объектив дүние мен
субъектив болмыстың ара қатынасын идеалистік тұрғыдан шешті. Бихевиористер
болса, сол мәселені дөрекі материализм көзқарасымен түсіндірді. Олар үшін
психикалық құбылыс пен материалдық дүние арасында айырмашылық болмады.
Осылай, қате әдіснамалық бастаулар өз пәнін дұрыс анықтауда психологияның
жолына кесе-көлденең тұрып алды. Бұл тығырықтан шығудың жолын диалектикалық
материализм тапты. Диалектикалық материализм үшін барша дүниенің негізгі
жалғыз-ақ – материя, ал психика, ойлау, сана одан туындаған екінші сатыдағы
құбылыс.
Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана –
екінші, одан туындаушы, яғни объектив дүниенің мидағы бейнесі. Осы
түсінікке орай материалдық болмыс (заттар, дүние құбылыстары) пен идеалдық
(заттық дүниенің сезім, ой т. б. түрінде бейнеленуі) бір-біріне тікелей
қарама-қарсы. Бірақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебі түйсік, ой,
сезімдер т. б. – материалдық органның – мидың әрекеті, сыртқы тітіркендіру
энергияларының сана өміріне айналуының нәтижесі. Психика, сана ми
қызметінен ажырауы мүмкін емес, олардың басқа жасау тәсілі жоқ. Материя,
психика және сананы бұлайша түсіну диалектикалық материализмнің дүние
заттығы (материальность) жөніндегі ережесімен түбегейлі сай болып тұр.
Әлемде әр түрлі қасиеттерге ие, мәңгі қозғалыста болып, мәңгі жасаушы
материядан басқа ешқандай бастау болуы мүмкін емес. Материяның қозғалысы
бұл тек орын ауыстыру емес, оның қалаған өзгерімі, құбылуы, бір күйден
екінші күйге түсуі.
Материяның дамуы – бұл оның қарапайым формадан жоғары формаға жетілуі,
қарапайым қозғалыстан жоғары қозғалысқа өтуі. Алғашқыда тек органикалық
емес материя, өлі табиғат болды. Дамудың белгілі бір сатысында, өзінің
ұзаққа созылған эволюциясының нәтижесінде материя органикалық қасиеттерге
ие болды, материя қозғалысының жаңа формасы мен жаңа қасиеті - өмір,
табиғат жиынтығына енді. Табиғаттың даму процесінде өсімдіктер, жануарлар,
келе-келе материяның ең жоғары туындысы – санаға ие адам пайда болды.
Ғылыми психология тірек еткен диалектикалық материализм категориялары
жүйесінде бейнелеу теориясы басты маңызға ие. Себебі осы категорияға орай
психиканың жалпылама және мәнді сипаты ашылады: әрқандай психикалық
құбылыстар объектив шындықтың субъектив бейнеленуінің түрлі формалары мен
деңгейлерін көрсетеді. Бейнелеу теориясы психология ғылымының мәнін
анықтауда, оның әдістерін таңдауда, деректер, түсініктер, тұжырымдар
тобынан қажеттісін ажыратуда жалпы әдіснамалық бағдар ролін атқарады.
Психикалық құбылыстың органикалық материя қасиеті ретінде сапалық
ерекшелігі неде?
Барша материя бейнелеу қасиетіне ие. Психика – материя қасиеті, мидың
қызметі болумен психика дамуының алғы шарты – бейнелеудің ерекше формасы.
Психика материяның даму желісінде, оның бір қозғалыс формасынан екіншісіне
өзгеріп барады. Биологиялық эволюция барысында заңдылықты пайда болып,
психика сол эволюцияның маңызды фактор бірлігіне айналады. Бейнелеу қасиеті
негізінде организмнің қоршаған ортамен кең салалы және сан алуан
байланыстары түзіледі.
Сыртқы, заттасқан дүние блмайынша тіршілік иесінің ішкі психикалық
өмірі болуы мүмкін емес, яғни сана, психика өзінен тыс және тәуелсіз
жасайтын танымды болмыстың бейнесі. Егер де осы қоршаған объектив шындық
болмаса, санадағы оның бейнесі жөнінде әңгіме қозғау қажетсіз. Әрқандай
психикалық акт – нақты болмыстың бір бөлшегі де және оның бейнесі де.
Сонымен, психиканың қызметі, біріншіден – қоршаған дүние заттары мен
құбылыстарының қасиеттерін, байланыстарын бейнелеу, екіншіден – осының
негізінде адам қылығы мен қызмет - әрекетін реттестіру. Психиканы
диалектика-материалистік тұрғыдан қарастыру - әрқандай ішкі жан-күйлік
құбылыстардың өзімен өзі шектелмегенін, шындықтан бөлінбей, онымен
түбегейлі әрі тығыз байланыста екенін танытады.
Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми білімдердің
құрамы неден тұрады, яғни пәні не? Бұл – ең алдымен психикалық өмір
деректері. Мысалы, психикалық дүние дерегі ретінде адамның тәжірибе топтау
қабілеті – жад, есті қарастырайық. Есте болсын, ғылыми жантану
психологиялық құбылысты тек суреттеп, баяндаумен шектеле алмайды, оның
міндеті – түсіндіру, яғни осы деректер мен құбылыстарды басқаратын заңдарды
ашып, олардың мәнін айқындап беру. Әрқандай ғылым мақсаты – зерттелетін
процестер мен құбылыстар бағынатын объектив заңдарды белгілеу. Теориялық
және экспериментальды зерттеулердің бәрі нақ осы мақсатқа бағдарланған.
Ғылыми танымның өзі құбылыстар арасындағы мәнді, қажетті, тұрақты,
қайталанып жүретін байланыс, қатынастарды білуден келіп шығады. Мысалы, ес
(жады) өзінің қызметтік заңдылықтарына бағынады. Естің түрлері болатыны
белгілі. Жақсы есте қалдыру қайталауға тәуелді екенін білеміз, байланыссыз
материалға қарағанда, жоспарланғаны жеңіл әрі тез еске түсетіні мәлім.
Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие
байланыстар мен қатынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап – объектив
заңдарды ашып қана қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану
жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зерттеулерінің объекті –
психологиялық деректермен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу өздігінен
заңдылықтарды іске асыратын нақты тетіктерді (механизм) ашып бере алмайды.
Осыдан психологияның міндеті – психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша
отырып, психологиялық іс-әрекеттіт қозғаушы механизмдерді де анықтап білу.
Ал енді сол мезанизмнің қандайда да психологиялық процесті орындайтын нақты
анатомия-физиологиялық аппаратты іске қосуына байланыстылығынан, ол
механизмнің табиғаты мен әрекетін психология басқа ғылымдармен бірлікте
зерттейді.
Қорытындыласақ, жантану ғылымы – психология – психика деректерін,
заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін білімдер саласы.

Психиканың рефлекторлық сипаты

Адам анатомиясын зерттеген жаратылыстанушылар мен дәрігерлер ежелгі
дәуірлерде-ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыстылығы жөнінде
болжам айтқан, әрі психикалық сырқаттарды сол ми қызметінің бұзылу
салдарынан деп топшылаған. Мұндай пікір, көзқарастарға жарақат немесе
сырқаттан зақымданған адамның бас миына бақылаулар негіз болған. Осындай
сырқаттарға кезіккен адамның психикалық қызметі күрт бұзылысқа келеді –
көзі көрмейді, құлақ естімейді, ес, ойлау, сөйлеу қабілеті кемиді, кейде өз
қозғалысын басқара алмай қалады және т. б. Осы психикалық әрекет пен ми
жұмысының арасындағы байланысты ашу психиканы ғылыми зерттеудегі алғашқы
қадам ғана болды. Бұл әлі психикалық іс-әрекет негізінде қандай
физиологиялық механизмдер жатқанын түсіндіріп бере алмайды.
Психологиядағы бұл ғылыми мәселе өз шешімін барша психикалық іс-әрекет
түрлерінің рефлекторлық сипатына байланысты ғана табуы мүмкін. Бұл
проблеманы айқындауда орыс ғалым-психологтары М. М. Сеченов (1829-1905) пен
И. П. Павлов (1849-1936) көп еңбек сіңірген. М. М. Сеченов өзінің әйгілі
Бас ми рефлекстері (1863) еңбегінде рефлекторлық принципті адамның бас
миы қызметіне, одан әрі барша психикалық іс-әрекетіне жая қолданды. Ол
адамның бүкіл саналы да санасыз (астарлы) өмірдегі әрекеттері өзінің
туындауы жағынан рефлекстерге байланысты, немесе рефлекстік әдіс – деп
жазған. Бұл психиканы объектив түсінудегі алғашқы қадам еді. Бас миы
рефлекстерін шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бірлігін
анықтады: бастапқы бірлік – жүйке қозуы процесінде миға берілетін сыртқы
тітіркендіргіштер; ортаңғы бірлік – мидағы қозу және тежелу процестері және
солардың нәтижесінде психикалық қалыптардың (түйсік, ой, сезім, т. б.)
пайда болуы; ақырғы бірлік – сыртқы қозғалыстар. Бұл тізбктегі ортаңғы
бірліктің психикалық элементтері қалған екі шеткі (сыртқы тітіркендіргіштер
мен жауапты әрекеттер) бірліктерсіз жасамайды. Сондықтан да барша
психикалық құбылыстар – бүкіл рефлекторлық процестің бөлінбес құрамы.
Сеченовтың рефлекс бірліктерінің ажыралмас байланысы жөніндегі тұжырымы
психикалық іс-әрекетті ғылыми тұрғыдан түсінуде үлкен маңызға ие болды.
Психикалық қызметті сыртқы ықпалдардан да, адам қылық-әрекеттерінен де
бөліп қарауға болмайды. Психикалық құбылыс субъекттің жалғыз толғанысымен
шектеліп қалмайды, егер олай болғанда, психикалық дүние (ой, ес, қиял т.
б.) нақты өмірлік маңызға ие болмас еді.
Психикалық іс-әрекеттің рефлекторлық принциіне орай Сеченов – адам іс-
әрекеті мен қылығы сыртқы әсерлердің себебінен туындайтыны
(детерминированность) жөнінде ғылыми психология үшін өте маңызды қорытынды
жасады. Ол бастапқыда қандай да әрекеттің себебі әрдайым тысқы сезімдік
қозуда, онсыз ешқандай ой өрістеуі мүмкін емес – деп жазды. Сонымен бірге
ғалым сыртқы жағдайлар әсерін үстірт түсінбеу қажеттігін ескерткен. Бұл
арада әңгіме тек көрініп тұрған нақты тыс әсер жөнінде ғана емес, сыртқы
жағдай әсерлері тобына адамның өткенде кезіккен әсерлері, барша өмір
тәжірибесі қамтылады. Осылайша И. М. Сеченов рефлекстің миға байланысты
бірлігін оның табиғи бастауынан (сезім мүшелеріне әсер) және ақырынан
(жауап қозғалыс-қимылдар) бөліп, оқшаулау орынсыз екенін көрсетіп берді.
Психикалық процестердің атқаратын міндеті қандай? Бұл әрекетті
өзгермелі жағдайларға сай етіп отыру – сигналдық және реттеу қызметтері.
Психикалық құбылыс жауап әрекетті өздігінен реттей алмайды. Бұл сыртқы
дүние жөніндегі ақпарат келіп түсуші, сақталушы, және өңделуші мидың
белгілі бөлімдерінің қасиеті, қызметі. Психикалық көріністер – бұл мидың
сыртқы (қоршаған орта) және ішкі (организмнің физиологиялық жүйе ретіндегі
қалпы) әсерлерге жауабы, яғни психикалық құбылыс – бұл нақ осы мезетте
(түйсік, қабылдау) өткен тәжірибеде болған (ес), ос әсерлерді қорытындылап
немесе олардың нәтижесін білуге жәрдемдескен (ойлау, қиялдау)
тітіркендіргіштерге жауап әрекеттерді реттеуші механизм. Осылай И. М.
Сеченов ғылымға психиканың рефлекстігі мен іс-әрекеттің психикалық
басқарылуы жөніндегі идеяны қосты.
Іс-әрекеттің рефлекторлық принциптері өзінің экспериментальдық
негіздемесін И. П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде тапты И. П.
Павлов Сеченовтың психикалық іс-әрекет мидың рефлекторлық қызметі екендігі
туралы тағылымының дұрыстығын дәлелдеді, психикалық құбылыстың негізгі
физиологиялық заңдарын ашты, ғылымның жаңа саласы – жоғары нерв қызметінің
физиологиясы, шартты рефлекстер жөніндегі білімнің негізін қалады.
Организмге әсер етуші тітіркендіргіштер мен оларға жауап реакциялар
арасында уақытша байланыстар түзіледі. Осы байланыстарды пайда ету бас ми
қыртыстарының ең маңызды қызметі. Уақытша жүйке байланысы ми қызметі
ретінде психикалық іс-әрекеттің қай бірінің болмасын негізгі физиологиялық
механизмі болып табылады. Миға қандай да бір тітіркендіргіш әсер етпей,
ешбір психикалық құбылыс өздігінен туындамайды. Әрқандай психикалық процесс
пен қалаған уақытша байланыстың соңғы нәтижесі тыс әсерлерге жауап
сипатындағы сырттай көрініс берген әрекет. Психикалық қызмет осыдан
объектив дүние заттары мен құбылыстарының әсерінен туындаған мидың
рефлекторлық бейнелеу жұмысы. Келтірілген тұжырымдардың бәрі объектив
шындықты бейнелеу механизмінің мәнін ашып отыр. Сонымен, жоғары жүйке
қызметі жөніндегі тағлимат психикалық құбылыстарды материалистік тұрғыдан
түсіндірудің жаратылыстану ғылымымен сабақтасқан ірге тасы.
Уақытша жүйке байланысын әрқандай психикалық іс-әрекеттің
физиологиялық механизмі деп танудың маңыздылығынан психологиялық құбылыстың
физиологиялық құбылыстармен бірдейлігі келіп шықпайтынын есте сақтаған жөн.
Психикалық іс-әрекет тек қана физиологиялық механизм сипатымен шектеліп
қалмай, мидағы бейнеленген нақты дүние, яғни психикалық құбылыстың
мазмұнымен байланысты. Жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен
сабақтастығының ми тарапынан басқарылып, реттелу заңдылықтары жөніндегі И.
П. Павлов тұжырымдарының жиынтығы екі сигналдық жүйе теориясы деп аталады.
Шартты рефлекс типі бойынша қылық-әрекеттің өзгеруіне ықпал етуші зат
бейнесі жануар үшін қандай да шартсыз тітіркендіргіштің сигналы қызметін
атқарады. Жануарлар өз әрекет-қылығында И. П. Павлов бірінші сигналдық жүйе
деп атаған физиологиялық тетікке тәуелді. Жануарлардың барша әрекет болмысы
бірінші сигналдық жүйе деңгейінде орындалады.
Іс-әрекет пен қылықты бағыттап, реттеуде бірінші сигналдық жүйе адам
өмірінде де үлкен маңызға ие. Бірақ адамның жануарлардан ерекшелігі, онда
бірінші сигналдық жүйе мен қатар екінші сигналдық жүйе болады. Екінші
сигналдық жүйенің болмысы, яғни сигналдар сигналы – сөз.
Сонымен, психика – ми қасиеті. Түйсік, ой, сана ерекше тәсілмен
ұйымдасқан материяның ең жоғары өнім туындысы. Организмнің психикалық
әрекеті көптеген дене мүшелерінің қызметі арқасында жүзеге келеді. Олардың
бірі әсерлерді қабылдайды, екіншілері – оларды сигналға айналдырып, іс-
әрекетті жоспарлап, қадағалап отырады, ал үшіншілері – бұлшық еттерді
әрекетке келтіреді. Осы күрделі жұмыстардың бәрі қосылып, қоршаған ортада
адамның жол тауып жүруінің белсенді құралы болмақ.

Қазіргі заман психологиясының міндеттері

Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және
практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда.
Психологияның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен
байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы
біршама кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келді. Психология
ғылымының түсініктер қоры өзгерді, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз
өрістеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б.
Ф. Ломов Психологияың методологиялық және теориялық проблемалары атты
еңбегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, бүгінгі күнде
психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын дұбан да
былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады – деп жазады.
Психология зерттейтін құбылыстар әлемі ұланғайыр. Оның ішіне күрделілігі әр
деңгейдегі адам қалпы мен қасиеттері, процестері, яғни сезім мүшелеріне
әсер етуші объекттің қарапайым жеке белгілерінен бастап, жеке адам
мотивтерінің тайталасы кіреді.
Жантану ғылымы үшін ең маңызды мәселелердің бірі – зерттелуші
құбылыстардың мән-мағынасын ашып беру. Осыған байланысты әдіснамалық
мәселелер туындайды.
Психикалық құбылыстардың мәнін тануда диалектикалық материализм үлкен
роль ойнайды. Б. Ф. Ломов өзінің аталған еңбегінде психология ғылымының
тірек категорияларын, олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын, сонымен
бірге бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап берген. Ғалым
психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, іс-
әрекет категориясы, жеке адам категориясы, тіл-қатынас категориясы, сондай-
ақ жалпылық, мағынасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі психология ғылымы
Психологияның құрылысы және зерттеу әдістері
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Қазіргі заман психологиясының міндеттері
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Эксперименталды психология. ДӘРІСТІК КЕШЕН
Басқару теориясы туралы
Жалпы психология және психология ғылымының зерттеу əдістері
Этнопсихологияның даму тарихы
Пәндер