1970 – 1990 жылдардағы Қазақстандағы көші – қон процестерінің тарихы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І Тарау. Көші - қонның теориялық және құқықтық аспектілері.

1. 1. «Көші - қонның» теориялық ұғымы: негізгі түрлері мен типтері . . . 15

1. 2. Қазақстандағы көші - қонның заңдылық базасы, жай - күйі және әдістері . . . 18

ІІ Тарау. 1970 - 1990 жылдардағы Қазақстандағы көші - қон процестерінің тарихы.

2. 1. 1970 - 1980 ж. ж. Қазақстандағы көші - қон және оның барысы . . . 20

2. 2. 1980 - 1990 ж. ж. Көші - қонның негізгі факторлары, тенденциялары . . . 24

ІІІ Тарау. Көші - қон саясаты тәуелсіздік жылдары.

3. 1. 1990 жылдардағы көші - қон процестері динамикасының акторлары . . . 31

3. 2. Көші - қонның халықтық әлеуметтік кәсіби құрамына тигізген әсері . . . 34

3. 3. 2000 - 2005 ж. ж. көші - қон саясаты . . . 41

Қорытынды . . . 48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 51

Сілтемелер тізімі . . . 56

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда демографиялық жағдайдың қауырт нашарлауы, туудың азаюы мен өлімнің артуы нәтижесінде табиғи өсім қарқынының төмендеуі, республикадан ел-жұрттың белсенді қоныс аударуы заманымыздың нақты көрінісі болып алды. Нәтижесінде, соңғы 10 жылда, Қазақстан халқының саны 1 миллионнан астам адамға азайды. Қауіпті "депопуляция" термині ғылыми және көпшілік әдебиетте берік орнықты, бұқаралық сана дағдысына айналды.

Қолайсыз демографиялық процестер ішінде славян ел-жұрты көші-қоны ерекше орын алады. Эмиграция (шетке кету) нәтижесінде Қазақстан Республикасы халқының табиғи өсімінің 1990 ж. 55, 8, 1991 ж. - 22, 2, 1992 ж. - 89, 3 процентін жоғалтты, 1993 және 1994 жылдары көші-қондық жоғалтулар ел-жұрттың табиғи өсімін толықтай жұтып қана қоймай, оны тиісінше 1, 4 және 2, 8 есе көбейді: 1999 шарықтау жылы сыртқы көші-қонның үдемелі коэффициенттері: ел-жұрттың 1000 адамына шаққанда эмиграция -28, 73; көші-қон шығыны - 24, 52; эмиграция, иммиграциядан 7 есе дерлік көп болды. 1995 ж. эмиграцияның иммиграцияға карағанда 4, 4 есе, 1996 ж. - 4, 3, 1997 ж. - 7, 9 есе артуы байқалды. [1]

Ел-жұрт азаюы өзінің көлемі немесе этникалық жөнінен ғана емес, сондай-ақ елден, әсіресе экономиканың аса маңызды салаларынан мамандардың - өнеркәсіп жұмысшыларының, инженер-техник, мұғалімдердің, дәрігерлердің, орта басқару буынының шетке кетуінен көрінді. Бұдан басқа, республикадан кеткен эмигранттар білім дәрежесі жөнінен жартысына жуығы (46%) жоғары, толық емес жоғары және орта білімді адамдар болған еді. Интеллектуалды, творчествалық потенциалдың көптеп кетуі Қазақстанға елеулі түрде экономикалық және моральдық нұқсан келтіреді, соның ішінде негізінен еңбекке қабілетті жастағы - 20-49 жас аралығындағы адамдар кетіп қалды. Ғалымдардың, инженер-техник қызметкерлердің, маман жұмысшылардың кетіп қалуы елге қыруар экономикалық шығын әкеледі. Түрлі кәсіби мамандарды әзірлеу орта есеппен елге 5 мың АҚШ долларына түседі. 1 миллион Қазақстандықтардың кетіп қалуы мемлекеттің білімге жұмсаған шығыны бойынша 5 миллиард АҚШ доллары келемінде экономикалық зиян келтірді. Бұл Қазақстан алған несиелер сомасынан елеулі түрде көп.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздікке теріс әсер ететін қолайсыз демографиялық факторлар туралы айта келіп, ендігі мақсат біздің жас мемлекетіміздің қуатты көші-қон саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосуда екендігіне баса көңіл аударуы да кездейсоқ емес [2] .

Демек, бұл проблеманы зерттеу үлкен теориялық және практикалық мүдде туғызуда. Көші-қон процестерінің салдарлары, олардың тұтасынан алғанда мемлекет дамуына ықпал етуі, ел-жұрттың еңбекпен қамтылуына, жұмыссыздық деңгейіне, жұмыс күші сапасына, демографиялык құрылымға, әр түрлі аймақтардағы және басқа халыққа әлеуметтік өмір кажеттілігінің артуына әсері бар. Бұларды ұқыпты түрде зерттеу мен талдау күн тәртібінде тұр. Сонымен бірге көші-қон проблемаларын және оның Қазақстан халқы дамуына ықпалын зерттеу тұтасынан алғанда қоғам дамуының дәрежесі туралы айтуға, оның проблемалық мәселелерін айқындауға жөне одан әрі даму перспективаларын белгілеуге мүмкіндік береді.

Міне, сондықтан Қазақстандағы көші-қон процестерінің кейінгі 35 жылдан астам тарихы өзектілігі мен практикалық маңызы зор тақырып екені күмән туғызбайды.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақстандағы көші-қон процестерінің тарихына қатысты зерттеулерді мазмұны мен ой тұжырымдарына қарай шартты түрде үш топқа жіктеуге болады:

Бірінші топқа көші-қонның алуан түрлі қырларын, соның бірі оның теориясы мен методологиясы мәселелерін зерделеген еңбектерді жатқызамыз.

Екінші топ көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік-саяси мәселелерін баяндайтын еңбектер мен мақалалар.

Үшінші топ біздің тақырыбымызға неғұрлым жақын келетін Қазақстандағы демографиялық ахуалды сипаттап, ондағы көкейтесті мәселелерді дәл көрсете алған зерттеулер.

Әрине, Қазақстандағы көші-қон (миграция) процестерінің тарихына қатысы бар ойлар мен тұжырымдар басқа да мазмұндағы зерттеулерде кездесе беретіні ақиқат. Бірақ, олардағы деректер мен ой-тұжырымдар зерттеліп отырған тақырыптың тарихнамасына айтулы үлес қоса алмағаны әбден түсінікті.

Қоныс аударудың алуан түрлі қырларын қарастырған бірінші топтың өкілдері мәселенің тарихнамасын зерделеуде біраз істерді тындырғанын атап өтеміз. 1970 жылдары көші-қон қозғалысы проблемалары бойынша көптеген жұмыстар пайда болды, алайда көпшілігінде олар тарихи тұрғыдан емес, қайта қоғамдық-саяси тұрғыдан және негізінен кеңестік дәуірді қарастырған еңбектер болды.

Көші-қонның алуан түрлі аспектілерін, сондай-ақ аграрлық көші-қондарды талдаумен Л. М. Горюшкин, А. Б. Ғалиев, В. М. Моисеенко, А. В. Минжуренко, Г. А. Ноздрин, О. И. Сергеев, Д. К. Шелестов, М. В. Шиловский, Е. А. Якименко және басқалар айналысты [3] .

Халықтың сан жөне сапа құрамы елеулі мөлшерде көші-қон процестерімен тікелей байланысты. Сондықтан көші-қондар процестері туралы әдебиет демографиялық зерттеулер арасында кең көлемді болып табылады. Осы әдебиеттер ішінде В. И. Переведенцев, В. И. Староверов және В. М. Моисеенко еңбектері ерекше көзге түседі; оларда көші-қон процестерін зерттеудің теориясы мен методологиясы мәселелері қарастырылған [4] .

Өзіміз екінші топ өкілдері ретінде көрсеткен көші-қон процесінің қоғамның әртүрлі салаларындағы орны мен маңызы жөнінде жазылған еңбектер де мәселенің тарихнамасын толықтыра түседі. Қазіргі заманғы көші-қон процестері - көпжақты да күрделі құбылыс. Ол алуан түрлі демографиялық, этнографиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілерде зерттелуде. Өздерін қызықтыратын аспектіні аша отырып, зерттеушілер проблемалардың белгілі бір қырын қарастырады, бұл құбылысқа өзіндік келуді қолданады. Мысалы, заң ғылымының кандидаты А. М. Нұрмағамбетовтың Қазақстан Республикасындағы еңбек нарқының құқықтық проблемаларына арналған жұмысында осы заманғы ішкі көші-қондар проблемалары, атап айтқанда еңбек көші-қоны және оның Қазақстандағы еңбек нарқының жай-күйіне ықпалы қарастырылады [5] . Автор орналасу себептерін, алдымен олардың ешқашан белгіленбеген себептерін қарастырады, құқықтық қорғалуы тұрғысындағы экономикалық босқындар деп аталатын - ерекше әлеуметтік топты және тағы сондайларды бөліп көрсетеді.

Кейінгі жылдары алуан түрлі басылымдарда, соның ішінде мерзімді баспасөзде қазіргі кезеңдегі республика ел-жұрты проблемалары бойынша мақалалар жарық көре бастады, оларда авторлар ТМД аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстандағы көші-қон процестерін ойластыру мен бағалауға тырысады. Көші-қон процестерін Қазақстаннан көшіп келушілермен байланысты қарастырған Ресейлік ғалымдар еңбектерін атап өтпеске болмайды. Олардың ішінде А. Г. Вишневскийдің еңбектерін, "СССР:Демографический диагноз. Современные проблемы миграции" деп аталатын ұжымдық монографияны, газеттер мен журналдардағы көптеген жарияланымдарды бөліп көрсетуге болады [6] .

Е. Ю. Садовскаяның монографияларын бөліп көрсетуге тура келеді, оларда Қазақстандағы қазіргі көші-қон процестерінің терең саясаттану таңдауы жүзеге асырылған, кеңестік кезеңнен кейінгі көші-қондардың жаңа формалары мен түрлері қарастырылған [7] .

90-жылдардағы көші-қон процестеріне көптеген қазақстандық ғалымдардың мақалалары арналған. Олардың ішінде Н. Р. Мусиннің және С. В. Манохинаның, Г. Т. Айтмағамбетованың, А. Қуандықовтың, . Бекжанованың, Н. Аужановтың, Р. Әбсаттаровтың және басқалардың [8] мақалаларын бөліп көрсетуге болады. Мақалаларда Республикадағы демографиялық жағдай, оның экономика мен саясатқа, әлеуметтік өмір қызметі мен ұлтаралық қатынастарға әсері сипатталады, қөші-қон процестері карастырылады.

Үшінші топ өкілдері, іргелі зерттеулердің авторлары кәсіби тарихшылар болып келеді. 1991 жылы маусымда Астанада өткен "Оралдағы, Сібірдегі, Орта Азиядағы және Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғасырлардағы демографиялық процестер" деп аталатын ғылыми конференция Қазақстанда демографиялық тақырыппен шұғылданатын зерттеушілер аз емес екенін керсетті [9] . Баяндамалар республика ел-жұрты санының динамикасы, халықтың ұлттық құрамының қалыптасуы жөне көші-кон процестерінің ықпалымен болатын басқа да демографиялық өзгерістер тақырыптарына арналды.

Қазақстан тарихнамасындағы халықтың көші-қон мәселелері тарихнамасының өзін хронологиялық жағынан екі топқа бөліп алып қарастыруға болады. Мұның алғашқысы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ өлкесіндегі халықтардың қозғалысы, оның шаруашылық-тұрмыс үрдісіне тигізген ықпалы жөніндегі мәселелерге талдау жасаған еңбектер болса, ал негізінен Кеңес дәуірі мен қазіргі заманғы көші-қон процесінің тарихи-демографиялық қырларын терең зерттеген ғалымдар еңбектері екінші топ өкілдері болып табылады.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап көші-қон процестері Қазақстан дамуына елеулі әсер ете бастауына байланысты олардың кейбір аспектілері Қазақстан тарихының түрлі кезеңдеріндегі оның әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларына арналған көптеген еңбектерде қарастырылды. Мұнымен бірге жұмыстардың көпшілігінде белгілі дәрежеде Қазақстанның ішкі және сырткы көші-қондары туралы мәселелер көтерілді, бірақ оларда бірқатар аумақтық немесе хронологиялық шектеулер бар. Әдетте, өлкенің саяси жөне әлеуметтік-экономикалық проблемалары тарихын зерттеумен қатар тарихшылар көші-қондар процестері мөселелерін үстірт қарастырды. Атап айтқанда, бұл проблема Н. В. Алексеенконың, Н. Е. Бекмаханованың еңбектерінде талданады. [10]

Батыс Сібір мен Түркістан аумақтарына орыстардың қоныстануы, олардың бір бөлігі Қазақстан аумағына келгендігі З. Л. Бояршинова, А. Колесников, Г. Ахмеджанов, В. Г. Тюкавкин, Н. А. Якименко еңбектерінде берілген [11] .

З. Л. Бояршинова дворяндық-буржуазиялық тарихнамада көші-қондардың негізінен әскери-әкімшілік игерілуін, ал кеңестік тарихнамада әлеуметтік-саяси салдар болғанын бөліп көрсетті. А. Б. Ғалиев те осындай көзқараста. Мысалы, ол тарихшылар көші-қондардың демографтар қабылдаған ішкі және сыртқы, уакытша белгілері бойынша (қайтарымды, уақытша, маусымдық, ауытқымалы), жүзеге асырылуы формалары жағынан (ұйымдасқан, ұйымдаспаған, ерікті, еріксіз) жіктелуін қолданбайды деп атап көрсетті. Дәл осы тұрғыдан қарастыру көбінесе көші-қондарды зерттеу процесін қиындатады, бұған көбінесе ел-жұрт көші-қоны ұғымының өзін түрліше түсіндіру ықпал етеді [12] .

Қазақстандық тарихшы ғалымдардын келесі бір тобы Кеңес дәуірі мен қазіргі кезеңдегі көші-қонның біртұтас жүйесін терең зерделеді.

Ел-жұрттың өсуі проблемаларымен, соның ішінде көші-қон мәселелерімен шұғылдануға М. Б. Тәтімовтың еңбектері арналған [13] . Автор өз еңбектерінде көші-қон проблемаларын, оның Қазақстанның ұлттық қүрылымы қалыптасуындағы рөлін, ұзақ тарихи кезеңдегі көші-қон тасқындарының негізгі бағыттарын айқындай отырып, сөз етеді [14] .

Ғалымдардың қазактардың демографиялық және көші-қон мінез - құлқының өзгеруіне ерекше назар аударатындығы кызғылықты болып отыр. Қазақстан халқы калыптасуының аспектілері, ел-жұрт пен ұлттық құрамның өзара байланысы Е. Гладышева мақалаларында зерттеліп жүр [15] .

Республика ел-жұртының көші-қон мәселелеріне Г. Москвина мен М. Мельдаханова мақаласы арналған [16] . Мақалада ел-жұрттың аумақтық

жылжуы Қазақстандағы халықтың қалаға шоғырлану процестерімен байланысты зерттеледі.

Қазақстанның кеңестік кезеңдегі ел-жұрты проблемаларының жеке аспектілері Т. Б. Балакаев, Г. Ф. Дахшлейгер, К. Н. Нүрпейісов, С. Б. Нүрмүхамедов, Б. Н. Әбішева [17] және басқалар сияқты белгілі тарихшы-ғалымдарының еңбектерінде көрсетілген.

Ф. Н. Базанованың [18] еңбектерін де ескермеуге болмайды, оларда азамат соғысы мен индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан халқының ұлттық құрамының калыптасу процестері ашып көрсетілген. Біздіңше Қазақстан халқының ұлттық құрамы өзгеруіне көші-қон процестерінің маңызы туралы автордың көзқарасы сондайма дәлелді болып керінеді.

Кеңестік дәуірдің тарихи демографиясы проблемалары бойынша М. Х. Асылбеков пен А. Б. Галиевтің бірлесіп жазған "Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 г. п) " монографиясы тұңғыш рет талданып қорытылған еңбек болып табылады [19] . Бұл монографияда тұңғыш рет қазан дәуірінен кейінгі ұзақ кезеңдегі көп ұлтты Қазақстандағы ел-жұрт мөселелер елдегі көкейтесті әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер тұрғысында кеңінен зерттеледі. Қазақстан ел-жұртын зерттеумен байланысты тарихи демографияның өзекті проблемаларын қою өте маңызды болып табылады. Атап айтқанда, тарихи шолуда халықтың ұлттық, әлеуметтік, жыныстық құрамындағы және басқа да өзгерістер қарастырылады. Авторлар XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың 80 жылдары аяғына дейінгі кезеңдегі көші-қон процестерін де Қазақстандағы демографиялык хал-ахуалға әсер ететін фактор ретінде қозғайды да, кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы көші-қон проблемаларын зерттеу міндетін қояды. Проблематикалық және методологиялык тұрғыдан келу жөнінен бізге М. Асылбеков пен А. Галиевтің [20] басқа да еңбектері неғұрлым жақын болып келеді. Олар Қазақстандағы демографиялық процестер дамуын, әсіресе қазақ қоғамының этнодемографиялық өзгерісі тұрғысындағы жағдайын бейнелейді.

Концептуалды тұрғыдан алғанда М. Х. Асылбековтың жұмыстары айрықша мүдде туғызады. Автор Қазақстандағы кеңестік кезеңдегі демографиялық процестердің біртұтас тарихи келбеті дамуын сәтті жасап шығарған. Сондай-ақ біздінше, ғалым ұсынған КСРО-ның Орталық Еуропа аудандарынан Қазақстанға көші-қон козғалысын кезеңдерге бөлу сондайма құнды болып табылады.

М. Х. Асылбеков пен В. В. Козинаның "Демографические процессы современного Казахстана" монографиясында 1980-1990 жылдар басындағы демографиялық процестер: ел-жұрттың саны, динамикасы, оның сапалық сипатындағы демографиялық өзгерістер, сондай-ақ жыныс-жас құрамы, ұлттық құрамы және басқалар талданады [21] . Жұмыста, сондай-ақ ел-жұрттың жұмыссыздығы мен жұмысқа тартылуы мәселелері көтерілді; ал бұлар ел-жұрттың көші-қонына елеулі ықпал етеді. Қазіргі көші-қон процестерін, авторлар олардың қолайсыз салдарларын, Қазақстанның әлеуметтік-демографиялык хал-ахуалы нашарлауына және оның болашақтағы экономикасына әсерін көрсете тұрғанымен табиғи құбылыс ретінде қарастырады.

В. В. Козинаның "Население центрального Казахстана (40-е года - конец XX в. ) " еңбегін ерекше атап өтеміз, онда аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси шынайы көріністеріндегі ел-жұртының саны мен аумакка орналасу, көш-қон процестері; ұлттық құрамы, жыныс-жас және әлеуметтік құрылымы, динамикасы талданады [22] .

80-жылдардағы Батыс Қазакстанның этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы тұрғысында аймақтық көші-қон проблемаларын өз кітабында М. Н. Сыдықов көтереді [23] .

Соңғы жылдары көші-қон процестерінің тарихнамасы бойынша жүмыстар, атап айтқанда С. И. Ковальскаяның жұмыстың зерттеуі жарық көрді. Автор тарихнамалық зерттеу объектісі етіп тарихшылардың Қазақстан ел-жұртының көші-қондарының бүкіл кезеңдерін зерттеген жұмыстарын таңдап алыпты [24] .

Сонымен, ғылыми әдебиеттің елеулі түрдегі жеткілікті сан мөлшері болуына қарамастан объективті зерттеудің концептуалдық көзкарастан алғанда көші-қон процестерінің көптеген мәселелері әлі жеткілікті іздестірілмеген. Мәселен, Қазақстандағы 1970-1990 жылдардағы көші-қон жөніндегі жан-жақты талданған тарихи еңбектер әлі жоқ. Біздіңше, осы жылдардағы көші-қон процестерінің негізгі факторларын республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы тұрғысында зерттеу мен талдау кажеттігі, көші-қон тасқындарының бағыттары мен түрлерін, Қазақстандағы осы көлемді құбылыстың демографиялық салдарларын: халық санының динамикасы, сапалық сипаттамасы, соның ішінде ұлттық құрамы, жыныс-жас құрылымы өзгерісін керсету қажеттігі пісіп жетілді.

Көші-қон процестері ықпалымен қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі, атап айтқанда халықтың білім және мәдени деңгейінің, кәсіби құрамының өзгеруі мәселелері, көші-қонның әлеуметтік проблемалары кешенді зерттеулерді қажет етеді. Сондықтан да, жоғарыда көрсетілген мәселелер бізге колға алған жұмыстың зерттеу негізі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың міндеті 1970-2005 жылдар кезеңіндегі Қазақстандағы көші-қон процестерін кешенді де жан-жақты зерттеу болып табылады. Осыған байланысты біз мына төмендегідей нақты міндеттерді шешуге тырыстық:

  • көші-қондардың халықтың әлеуметтік-кәсіби құрамына тигізген әсерін анықтау;
  • көші-қон процестері тенденциялары бағыттарының өзгерістерін және қазіргі кезеңдегі көші-қондардың жаңа түрлерін талдап беру;
  • шет елдердегі қазақтарды ата қонысына қайтару саясатындағы сөзсіз қол жеткізген табыстар көлеңкесінде шоғырланған қиыншылықтар мен келеңсіздіктерді зерделеу;
  • зерттеу нөтижесінде түйінделген қортындылар бойынша Қазақстандағы көші-қон процестерінің бағытын анықтап, оған жоспарлылық сипат беруге септігін тигізуі мүмкін деген ойлар мен ұсыныстар білдіру;

Зерттеудің деректік негізі. Зерттеліп отырған мәселенің маңыздылығы мен жаңалығы жұмыстың деректер бұлағының сипатын анықтады. Мұның өзін бірнеше топқа бөліп алып қарастыруымызға болады. Біз алдымен құжаттық материалды талдағанда деректік дәлме-дел және талас туғызбайтын фактылардың күллі кешенін қатыстыру қажеттігін, сондай-ақ оларға сыни тұрғыдан қараудың да қажеттігін негізге алдық.

Алдымен, бұл жұмыста 1970-2005 жылдар кезеңіндегі Қазақстанда орын алған демографиялық өзгерістерді талдау бұрынғы КСРО және Қазақ ССР-інің 1970, 1979, 1989жж. және 1999 ж. Қазақстан Республикасында жүргізілген төрт халық санағының материалдарын зерттеу негізінде жүргізілді. Бұл жерде ел-жұрт туралы мәліметтердің негізгі деректері санақтар материалдары болып табылатындығы ескерілді.

Кеңестік уақытта бірнеше халық санақтары жүргізілді, олардың ішінде біз үшін 1970, 1979 және 1989 жылдардағы санақтар неғұрлым күнды болып табылады. Осы орайда, 1939 жылы жүргізілген санақтар тәртібі мен әдістемесі оншалықты өзгермегендігін және өз негізінде кейінгі халық санақтарында сақталғандығын атап көрсетуге болады, мүны 1939 жылғы сұрақтар саны - олар 16, 1959 жылы -15, 1970 жылы-18 және 1979 жылы - 16 болғанынан айқын аңғаруға болады.

Деректердің келесі бір тобын санақ аралық кезеңдегі ел-жұрт өзгерістерін талдау үшін пайдаланылған ағымдағы статистика материалдары құрады. Олар "Народное хозяйство СССР" және "Народное хозяйство Казахстана" статистикалық әржылдықтары болып табылады. "Народное хозяйство СССР" әржылдығы 1956 жылдан, ал "Народное хозяйство Казахстана" әржылдығы 1957 жылдан бастап шыққан еді.

Тұтасынан алғанда "Народное хозяйство Казахстана" статистикалық әржылдығында ел-жұрт дамуының көптеген мәселелері бойынша мәліметтер бар. Зерттеу дерегінің бұл түрінің артықшылығы, ондағы келтірілген мәліметтердің салыстырмалы болып табылатындығында. Сонымен, деректердің жоғарыдағы екі тобы, санақтар және ағымдағы статистика материалдарын пайдалану халқының демографиялық процестерін, сондай-ақ олардың динамикасын да неғұрлым толық көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының құжаттары құнды зерттеу деректер болып табылады. Атап айтқанда орталық статистика Басқармасының - 689 қоры, 1, 2, 14, 21 тізімдері маңызды. Бүл материалдарында Қазақстанның халқының саны, онын ұлттық және жас жыныс құрылымы, ел-жұрт көші-қоны, қала және село халқының табиғи және механикалық өсімі туралы мәліметтер бар. КазССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Қорында (1479 қор) республиканың және оның жеке облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәліметтер кездеседі. Тұтасынан алғанда республиканың және облыстар көлеміндегі экономикалық және әлеуметтік-мәдени шаралары дамуының статистикалық жылдық есептері мен бесжылдық жоспарлары ерекше құндылық танытады. Еңбек ресурстары жөніндегі Мемлекеттік Комитет Қорында (1987 қор) Қазақстан. еңбек ресурстары саны мен құрамы мәселелері жөніндегі материалдар, сондай-ақ республикаға өндірістік көші-қон бойынша келушілердің кейбір құжаттары кеңінен келтірілген.

Сондай-ақ, жұмыста Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының материалдары пайдаланылды.

Жұмыста дерек көзі болып табылған құжаттардың төртінші тобы Көші-қон және демография жөніндегі Агенттіктің ағымдағы мұражайынан алынған. Мұнда қазақтардың әлемнің басқа елдерінен өзінің тарихи Отанына оралуы жөніндегі кызметі туралы құнды материалдар сақталған. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ағымдағы мұражайында соңғы он жылдықтағы еңбек көші-қоны туралы құжаттардың үлкен көлемі сақтаулы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Урбанизация туралы
Қазақстан – көпұлтты мемлекет
Миграциялық процестердің Қазақстан Республикасының демографиялық эволюциялық дамуға әсері
Тарихи этнодемографиялық жағдайын, халқымыздың ұлттық құрамының даму тарихын айқындау
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Қазақстан мен Ресей арасындағы Көші - қон мәселелері
Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
Қазақстанда қалуына жағдай жасау
Қазақстан Республикасының көші – қон процестердің ерекшеліктері
Зерттеудің деректік негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz