Жануарлардың терісіндегі биоактивті нүктелердің электрофизиологиялық көрсеткіштері бойынша вибрацияның әсерін зерттеу


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жалпы қағидалар

1. Магистерлік диссертация (дипломдық жұмыс) жазбаша түріндегі бітіру жұмысы болып табылады. Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты мен мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған білім алу жүйесінде орындалады.

2. Жұмыстың мақсаты:

- Мамандық бойынша теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын жүйелеу, бекіту, кеңейту, сондай-ақ оларды белгілі бір ғылыми мәселелерді шешуге қолдану;

- ғылыми зерттеулердің әдістемелерін игеру, өзіндік зерттеу жұмыстарындағы мәселелерді шешуге қолдану;

- студенттерді болашақ өзіндік жұмыстарына дайындықтарының деңгейін жоғарылату.

3. Магистерлік диссертация (дипломдық жұмыс) ғылыми жетекшінің басшылығымен орындалады

4. Кафедрада ғылыми жетекшісі, диплом тақырыбы қарастырылады, университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

5. Кафедрада қорғау алдындағы (предзащита) есеп жүреді, магистерлік диссертация плагиатқа тексеріледі.

6. Қорғалатын магистерлік жұмыстар баспадан жариялануы керек, ең кемінде 1 ғылыми мақала шығу қажет.

Құрылымы

Дипломдық жұмыс
: 1
: көлемі
Дипломдық жұмыс: 40-60 бет
: 2
: Мұқаба
Дипломдық жұмыс: мұқаба
: 3
: Титул беті
Дипломдық жұмыс: Титул беті
: 4
: Реферат
Дипломдық жұмыс: тұжырым
: 4
: Резюме
Дипломдық жұмыс:
: 5
: Мазмұны
Дипломдық жұмыс: Мазмұны
: 6
: Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жұмыс:
: 7
: Анықтамалар
Дипломдық жұмыс:
: 8
: Белгілер мен қысқартулар
Дипломдық жұмыс:
: 9
: КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс: КІРІСПЕ
: 10
: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Дипломдық жұмыс: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
: 11
: ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыс: ҚОРЫТЫНДЫ
: 12
: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
Дипломдық жұмыс: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
: 13
: Қосымша
Дипломдық жұмыс: Қосымша

Құрылымы

Дипломдық жұмыс
: 1
: көлемі
Дипломдық жұмыс: 40-60 бет

Дипломдық жұмыстың рәсімделуі

А4 форматтағы ақ қағаз, кегль №14, интервал - одинарный, отступ 10 мм

20

30 10

25

Құрылымы

Дипломдық жұмыс
: 2
: Мұқаба
Дипломдық жұмыс: мұқаба
: 3
: Титул беті
Дипломдық жұмыс: Титул беті

3. Титул беті

Титул беті жұмыстың 1 беті болып саналады, құжатты өңдеуге және іздеуге қажетті ақпарат көзі болып табылады. Титул бетінде келесі мәліметтер көрсетіледі:

  • Жұмыс орындалған мекеменің атауы;
  • Мамандықтың коды және аталуы;
  • қолжазбаның құқықтарында жұмыстың орындалғаны;
  • жұмыстың тақырыбы;
  • ізденушінің аты-жөні;
  • ғылыми жетекшісінің аты-жөні;
  • қала, жылы

Титул бетінде ізденушінің, ғылыми жетекшісінің, кафедра меңгерушісінің қолы болу керек. Титул беті жалпы нөмерлеу санына кіреді, тек бетінде сан көрсетілмейді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Байшанова А. Ә.

ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТЕРІСІНДЕГІ БИОАКТИВТІ НҮКТЕЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ВИБРАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В060700-«Биология» мамандығы

Алматы 2013


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді »

Кафедра меңгерушісі

б. ғ. д., профессор Төлеуханов С. Т.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТЕРІСІНДЕГІ БИОАКТИВТІ НҮКТЕЛЕРДІҢ ЭЛЕКТРОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ВИБРАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ»

5В060700-«Биология» мамандығы

Орындаған

4 курс студенті Байшанова А. Ә.

Ғылыми жетекші

б. ғ. к., аға оқытушы Кулбаева М. С.

Норма бақылаушы

б. ғ. к., аға оқытушы Кулбаева М. С.

Алматы, 2013

Құрылымы

Дипломдық жұмыс
: 4
: Реферат
Дипломдық жұмыс: тұжырым
: 5
: Резюме
Дипломдық жұмыс:

Рефератта көрсетілуі тиіс:

  • жұмыстың көлемі, иллюстрация, кестелер мен суреттер, пайдаланған әдебиеттер саны;
  • кілттік сөздер тізімі;
  • жұмыстың мақсаты мен міндеттері;
  • қолданылған әдістемелер мен аппараттар;
  • алынған нәтижелер;
  • практикалық құндылығы.

Реферат көлемі 1000 белгілерден аспау керек (1 бет)


РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс 61 беттен, 6 кестеден, 10 суреттен тұрады, пайдаланған әдебиеттер тізімі 90, соның ішінде 20 шетелдік болып табылады.

Кілтті сөздер: вибрация, биопотенциал, биологиялық активті нүкте, биологиялық ырғақ, фаза, ортафаза, акрофаза, период, жиілік, мезор, амплитуда.

Жұмыстың мақсаты: жануарлардың терісіндегі биоактивті нүктелердің электрофизиологиялық көрсеткіштері бойынша вибрацияның әсерін зерттеу.

Жұмыстың міндеттері: қалыпты жағдайдағы қояндардың аурикулярлы биологиялық активті нүктелерінің биопотенциалын зерттеу.

Стресс фактор әсеріне түскен қояндардың аурикулярлы биологиялық активті нүктелерінің биопотенциалының көрсеткіштерін анықтау.

Қалыпты және вибрацияға түскен қояндардың терісіндегі аурикулярлы биологиялық активті нүктелерінің биопотенциал көрсеткіштерінің хроноқұрылымдық параметрлерін айқындау.

Зерттеу обьектісі және әдістері: алға қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибеге виварий жағдайында өсірілген қоянның шиншилла тұқымдасы алынды. Тәжірибеге алынған қояндар екі топқа бөлінді. Бірінші топтағы қояндар (бақылау - қалыпты) ешқандай әсер алмаған қалыпты жағдайда ұсталған қояндар тобы, екінші топта 10 Гц-ке тең жалпы вибрация тудыратын арнайы «Виброн » аппаратында ұсталған қояндар.

Тәжірибеге алынған екі топтағы қояндардың аурикулярлы биоактивті нүктелерінің биопотенциялдары зерттелді. Биопотенциалдарын тіркеп алуға «Биопотенциометр» арнайы аспап пайдаланылды. Терідегі сигналдарды тіркеп алу арнайы Э 1 және Э 2 электродтары арқылы орындалады. Э 1 электроды - активті электрод, тері бөлігінен потенциалдарды өлшеуге арналған, ал Э 2 электроды - пассивті электрод, медициналық дәкімен тазаланған құлақ қалқанының ұшына тіркеледі. Тәулік ішіндегі 12, 15, 18, 21, 24, 03, 06, 09, 12 сағат аралығында өлшеу жұмысы жүргізіледі. 2-ші топтағы жануарларды белгіленген уақыттардан 1 сағат алдын тәжірибеге қойылады.

Алынған нәтижелер: қалыпты және вибрация әсеріндегі қояндардың терісіндегі аурикулярлы биоактивті нүктелердің биопотенциалының көрсеткіштерінің тәуліктік динамикасының ерекшеліктері мен хроноқұрылымдық параметрлері талданды.

Практикалық маңыздылығы: бұл жұмыстың нәтижелері хронофизиология саласына қосқан үлес болып табылады. Биоырғақтардың хроноқұрылымдық параметрлерінің өзгерістерін анықтайтын ақпараттық индикаторды вибрация әсерлеріне ағзаның бейімделу мүмкіндіктерін анықтауда пайдалануға болады.

Енгізу туралы нәтижелері: баспадан шыққан мақалалардың жалпы саны 3. Оның ішінде 2 мақала, 1 тезис. Конференцияның жұмысына қатысуы - 1.


Құрылымы

Дипломдық жұмыс
: 5
: Мазмұны
Дипломдық жұмыс: Мазмұны
  • Кіріспе,
  • Барлық бөлімдерінің, бөлім ішіндегі, пункттер мен пункт ішіндегі реттік нөмері мен атаулары
  • Қорытынды
  • Пайдаланған әдебиеттер тізімі,
  • қосымша атаулары

Дипломдық жұмыста

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
54
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: КІРІСПЕ . …… . . .
54: 4
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .
54: 7
: 1.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .
54: 7
: 1. 1
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: . . .
54: 7
: 1. 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: . . .
54: 15
: 1. 3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: … . . .
54: 20
: 1. 3. 1
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: . . .
54: 20
: 1. 3. 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: . . .
54: 24
: 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ …. . … . . .
54: 31
: 3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ . . .
54: 36
: 3. 1
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: . . .
54: 36
: 3. 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: . . .
54: 41
: 3. 3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: Нәтижелерді талқылау . . …… . . .
54: 47
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . ………. …… . . .
54: 53
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
54: 55
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: ҚОСЫМША . . .
54: 61

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . …… . . .
4
:
КІРІСПЕ . …… . . .: НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .
4: 7
: 1.
КІРІСПЕ . …… . . .: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .
4: 7
: 1. 1
КІРІСПЕ . …… . . .: Биологиялық активті нүктелердің электрофизиологиялық қасиеттері . . .
4: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ . …… . . .: Биологиялық ырғақтардың жалпы сипаттамасы . . .
4: 15
: 1. 3
КІРІСПЕ . …… . . .: Стресс факторға жататын вибрацияның негізгі ерекшеліктері … . . .
4: 20
: 1. 3. 1
КІРІСПЕ . …… . . .: Вибрацияның жалпы сипаттамасы . . .
4: 20
: 1. 3. 2
КІРІСПЕ . …… . . .: Ағзаға вибрацияның әсері . . .
4: 24
: 2
КІРІСПЕ . …… . . .: ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ …. . … . . .
4: 31
: 3
КІРІСПЕ . …… . . .: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ . . .
4: 36
: 3. 1
КІРІСПЕ . …… . . .: Қалыпты жағдайдағы қояндардың биопотенциал көрсеткіштерінің тәуліктік динамикасын зерттеу . . .
4: 36
: 3. 2
КІРІСПЕ . …… . . .: Вибрация әсеріне түскен жануарлардың биопотенциал көрсеткіштері . . .
4: 41
: 3. 3
КІРІСПЕ . …… . . .: Нәтижелерді талқылау . . …… . . .
4: 47
:
КІРІСПЕ . …… . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . ………. …… . . .
4: 53
:
КІРІСПЕ . …… . . .: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
4: 54
:
КІРІСПЕ . …… . . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 55
:
КІРІСПЕ . …… . . .: ҚОСЫМША . . .
4: 61


Құрылымы

Дипломдық жұмыс
: 6
: Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жұмыс: -
: 7
: Анықтамалар
Дипломдық жұмыс: -
: 8
: Белгілер мен қысқартулар
Дипломдық жұмыс: -

Нормативтік сілтемелер

Стандарт тізімі көрсетіледі, жұмыс мәтінінде сілтеме жасалады

«Берілген диссертацияда келесі стандарттарға сілтеме жасалған» деп жазылады.

Анықтамалар

Жұмыста қолданылатын терминдерді нақтылауға арналған.

«Берілген диссертацияда анықтамалары көрсетілген келесі терминдер қолданылады» деп жазылады.

Белгілер мен қысқартулар

Жұмыста қолданылатын белгілер мен қысқартулар тізімінен тұрады. Алфавитті реттілікпен жазылады, анықтамасы жазылады.


БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АҚ - антиоксиданттық қорғаныс

АОЖ - антиоксиданттық жүйе

ББҚ - биологиялық белсенді қосылыстар

ДНҚ - дезоксирибонуклеин қышқылы

ИО - инкубация ортасы

ЛАТ - липидтердің асқын тотығуы

МДА - малонды диальдегид

ОБФ - оттегінің белсенді формасы

ОБТ - оттектің белсенді түрлері

ТБҚ - тиобарбитур қышқылы

ТХМ - тетрахлорметан

ТХК - төртхлорлы көміртек

ЭОГ - эритроциттердiң осмостық гемолизi

ЭАТГ - эритроциттердiң асқын тотығу гемолизі

ЭАТГ - эритроциттердiң асқын тотығу гемолизi

ЭС - эритроциттер суспензиясы

ФП - фитопрепарат

S - силимарин

Құрылымы

Дипломдық жұмыс
: 9
: КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс: КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыста

Жұмыстың негіздемесі, оның мақсаты мен міндеттері, өзектілігі

Магистерлік диссертациядағыдай жасауға да болады.

Шешілетін мәселенің қазіргі таңдағы күйін бағалау мазмұны, тақырыпты өңдеудің негіздемесі мен мәліметтер, ғылыми-зерттеу жұмысты жүргізудің қажеттілігін көрсететін негіздеме беріледі.

Кіріспеде

  • жұмыстың өзектілігі мен жаңалығы,
  • теориялық және практикалық құндылығы,
  • объект және зерттеу затына анықтама,
  • зерттеудің әдістемелері мен тәсілдері,
  • мақсаты мен міндеттері көрсетіледі.

Дипломдық жұмыста

КІРІСПЕ

Теориялық мәліметтер

Жұмыстың мақсаты:

Жұмыстың міндеттері:

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Ғылыми жаңалығы:

КІРІСПЕ

Ғылыми-техникалық прогрестің алға өсуінен қазіргі таңда өндірістер күрделене түсті. Өндірісте механизацияланған еңбек құрал-саймандарын кеңінен қолдану, жүк көтергіш пен жүйрік транспорт құралдарының көбеюі вибрациялық әсерге душар болатын адамдардың санын көбейтіп жіберді. Қазіргі таңда вибрация негізгі зиянды факторлардың бірі болып есептеледі, машина жасау, тау-кен рудасы, станок жасау, авиа- және кеме жасау, тағы басқа да өндірістерде кеңінен кездеседі. Пәтерлер мен қоғамдық орталарда вибрация көзі ретінде инженерлік және санитарлы-техникалық құрал-жабдықтарды, өндірістік саймандарды, сондай-ақ жұмыс істеу кезінде жер арқылы және ғимараттардың құрылыстық конструкциялары бойынша вибрацияның таралуын қамтамасыз ететін күшті динамикалық жүктемелерді тудыратын транспорттық құралдарды (метро, ауыр жүк машиналары, теміржолдағы поезд т. б. ) жатқызуға болады.

Вибрация сонымен бірге динамикалық факторлар компоненттерінің бірі болып есептеледі, оның әсерінен авиациялық және космостық ұшу жағдайында адам және жануарлар организмінің функциялауында өзгерістер пайда болуы мүмкін. Технологиялық құрылғылар мен механизацияланған құрал-саймандармен жұмыс істегенде, транспорт құралдарының қозғалысында немесе ғимараттардың сілкіністерінде пайда болатын күрделі тербеліс процестерін вибрацияға жатқызады.

Қазіргі кезде хронобиология адам және жануарлардың мүшелер мен мүшелер жүйесіндегі периодты тербелістерді сипаттай алады. Жүрек-қан тамырлар мен тыныс алу жүйесіндегі, ас қорыту мен зәр шығару мүшелеріндегі, бас миындағы, нерв-бұлшық ет аппаратындағы, жұмыс жасау қабілеттілігіндегі тәуліктік және басқа да ырғақтары жайында мәліметтер көптеп жиналған.

Биологиялық активті нүктелер (БАН) дегеніміз - физиологиялық бейімделушілік процесінде негізгі функцияны атқаратын, «дене жабыны - ішкі мүшелер» арасындағы өзара әсерлесу жүйесінің аса белсенді қасиеттерінің тері жабынында кескінделген рефлекторлық аймағы. Қазіргі таңда мұндай нүктелерді дәрігерлер диагностикалық мақсатта қолданылып келеді.

Ағзаның физиологиялық қызметтерін реттеуде терінің қасиеттері өте ерте уақыттан белгілі. Терідегі рефлекторлық аймақтарға жататын биологиялық активті нүктелер арқылы тиесілі мүшелердің физиологиялық күйін анықтауға, алдын ала болжам жасауға, қажетті әсерлерді беру мақсатымен әртүрлі тітіркеністерді тудыруға болады. Ал әдеби деректерде БАН-ның физиологиялық қасиеттері мен оларға әсер ету шаралары жайында мәліметтер жеткілікті. Биоактивті нүктелермен байланыс жасайтын ішкі мүшелердің «өмірлік энергиясының» 24 сағаттық ырғақпен қозғалысы ежелгі қытай әдеби деректерінде көрсетілген, рефлексотерапия нұсқауларынан кездестіруге болады.

Жалпы вибрацияның әсері ең бірінші нерв қызметі мен вегетативті функцияларының - тыныс алу, жүрек-қан тамырларының қызметіне, асқорыту динамикасына әсер ететінін, талдағыштардың - есту, көру, сезу, дәм сезу функциялары мен эндокринді бездерінің қызметтері өзгеріске ұшырайтынын дәлелдейтін зерттеу жұмыстарының мәліметтері әдеби деректерде жеткілікті. Вибрация тері талдағыштарына, перифериялық қан тамырларына, қолдардың дірілдеуі мен қақсап ауруына, омыртқа аралық диск пен сүйектердің зақымдалуына, кеуде-көкірек қуысындағы мүшелердің орнынан ығысуына ықпалын тигізеді

Вибрацияның организмге әсері әртүрлі. Вибрацияны диагностикалық және емдік мақсатта қолдануға болады, бірақ ол белгілі бір жағдайда организмге керісінше әсер етуі де мүмкін. Мұндай әртүрлі қасиеттері вибрацияның сипаты мен параметрлеріне, оның әсер ететін жеріне, ең негізгісі организмнің ерекшелігіне, орталық нерв жүйесінің функционалды күйіне, реактивтілігіне байланысты болады. Вибрацияның жоғары амплитудасы мен төмен жиілігі жеке органдардың уақытша немесе тұрақты ауытқуын тудырады, ал төмен амплитуда мен жоғары жиіліктегі вибрация нерв ұштарына, тамырқозғалтушы нервтерге бірінші әсер етіп «вибрация ауруының» пайда болуына себепші болуы мүмкін.

Жұмыстың мақсаты: жануарлардың терісіндегі биоактивті нүктелердің биопотенциал көрсеткіштері бойынша вибрацияның әсерін зерттеу.

Жұмыстың міндеттері: қалыпты жағдайдағы қояндардың аурикулярлы биологиялық активті нүктелерінің биопотенциалын зерттеу.

Стресс фактор әсеріне түскен қояндардың аурикулярлы биологялық активті нүктелерінің биопотенциалының көрсеткіштерін анықтау.

Қалыпты және стресс факторындағы қояндардың терісіндегі аурикулярлы биологиялық активті нүктелердің биопотенциал көрсеткіштерінің динамикасын айқындау.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: хронофизиологиялық зерттеу жұмыстарының соңғы жылдарындағы жетістіктері тірі жүйелердегі биологиялық ырғақтарды зерттеуге, оның уақыт бойынша параметрлік құрылымдарындағы көрсеткіштеріне болжам жасап бағалауға және алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндіктер тудырып отыр. Қазіргі таңда биоырғақтар жіктелуінің ішінде күн мен түннің алмасуына тәуелді периодты өзгеріп отыратын циркадианды ырғаққа ерекше көңіл бөлінуде, себебі циркадианды ырғақ пейсмекерлік функциясымен ырғақтардың басқа түрлеріне, әсіресе ультрадианды ырғақтардың қалыптасуына тигізетін ықпалы белгілі. Тіршілік әрекетіндегі биологиялық құрылымдар мен жүйелердің тәуліктік динамикасы мен хроноқұрылымдық параметрлерін біле отырып, қоршаған ортаның стресс тудырушы факторларына бейімделу кезіндегі тірі жүйелерде өтіп жатқан физиологиялық үдірістерді жете зерттеу және олардың қалыпты күйін реттеуге көмектесетін шараларды іздеп табу өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

Сонымен, жоғарыда берілген мәліметтер вибрация әсерлеріне бейімделуге түскен тірі ағзалардың терісіндегі биологиялық активті нүктелердің хроноқұрылымдық параметрлерін зерттеуге арналған біздің тәжірибеміздің өзектілігін көрсетеді.

Ғылыми жаңалығы: қалыпты жағдайдағы және вибрация кезіндегі қояндардың терісіндегі аурикулярлы биоактивті нүктелердің хронофизиологиялық ерекшеліктеріне жүргізілген кешенді зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, қалыпты және вибрация әсеріндегі қояндардың терісіндегі аурикулярлы биоактивті нүктелердің биопотенциалының көрсеткіштерінің тәуліктік динамикасының ерекшеліктері талданды.

Бұл жұмыстың нәтижелері хронофизиология саласына қосқан үлес болып табылады. Биоырғақтардың хроноқұрылымдық параметрлерінің өзгерістерін анықтайтын ақпараттық индикаторды вибрация әсерлеріне ағзаның бейімделу мүмкіндіктерін анықтауда пайдалануға болады.

Құрылымы

Дипломдық жұмыс
: 10
: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Дипломдық жұмыс: НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Негізгі бөлімге

  • Әдебиеттерге шолу
  • Жұмыстың әдістемелері мен объект
  • Эксперимент нәтижелері мен олардың анализі

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Биологиялық активті нүктелердің электрофизиологиялық қасиеттері

Әртүрлі физиологиялық функцияларды реттеуге қатысатын тері қасиеттері ерте заманнан белгілі. Терідегі әртүрлі рефлекторлық аймақтарды тітіркендіргенде ауыртпалықты, сіреспені, контрактураны қойдыратынына, бөліп шығару қызметінің артып немесе төмендейтініне, қан айналымы немесе салқын су құю, сүртіну, ванналар, массаждар қазіргі таңда да табысты қолданылып келеді. Сонымен қатар теріге әртүрлі химиялық және физикалық әсерлермен әсер еткенде жалпы организмде немесе оның жеке бөлігінде белгілі бір реакцияның туындайтынын да айта кетуге болады [1] .

Биологиялық активті нүктелер (БАН) дегеніміз - физиологиялық бейімделушілік процесінде негізгі функцияны атқаратын, «дене жабыны - ішкі мүшелер» арасындағы өзара әсерлесу жүйесінің аса белсенді қасиеттерінің тері жабынында кескінделген рефлекторлық аймағы. Қазіргі таңда мұндай нүктелерді дәрігерлер диагностикалық мақсатта қолданылып келеді [2] .

көрумоторлық реакцияда ауытқулар анық байқалады. Вариациялық-статистикалық өңдеуден өткізілгенде эффекторлы жауаптың күшті тітіркеністерге 30, 1 салыстырмалы бірлікке, әлсіз тітіркеністерге - 14, 9 салыстырмалы бірлікке сенімді түрде төмендегенін көрсетеді. Қалыпты күш қатынасының саны бастапқы шамасынан орташа есеппен алғанда 14, 4 % төмендейді [17, 18] .

1. 2 Жануарлардың тері жабынындағы биологиялық активті нүктелердің ерекшеліктері

Биологиялық активті нүктелер - денедегі ерекше нүктелер. Олар спектрлік потенциалы, зат алмасуы, қызуы жоғары, ал электрлік кедергісі төмен, өте сезімтал клеткалардан тұрады. Биологиялық активті нүктелерден оттек жедел сіңіріліп, көмірқышқыл газы тездетіп шығарылады.

Адам денесінде 700-1000 биологиялық активті нүктелер табылған. Олар белгілі бір жүйемен орналасқан, әрқайсысы белгілі бір мүшемен байланысты. Әр нүктенің


2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін орындауға арналған тәжірибе әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының зертханасында орындалды (сурет 4) .

2. 1 Зерттеу объектісі

2. 2 Зерттеу әдiстерi


3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ

3. 1 Қалыпты жағдайдағы қояндардың биопотенциал көрсеткіштерінің тәуліктік динамикасын зерттеу

Қалыпты жағдайда болған қояндардың терісіндегі аурикулярлы биоактивті нүктелердің (БАН) биопотенциалының (БП) тәуліктік көрсеткіштері 58, 3±1, 5÷70, 0±1, 6 мВ аралықтарында тербеледі (кесте 1) . №6’ аурикулярлы БАН ең төмен мәнді, №6 аурикулярлы БАН ең жоғарғы мәнді көрсетеді. Жыныстық особь аралығында, сондай-ақ сол және оң жақ құлақтарындағы аурикулярлы биоактивті нүктелердің БП көрсеткіштерінде айтарлықтай айырмашылықтар байқалмады. Ал әрбір бионүктелердегі минималды және максималды мәндерінде статистикалық сенімділікпен (р<0, 01 және р<0, 001) айырмашылығы айқындалды.

3. 3 Нәтижелерді талқылау

Қазіргі таңда тері жабынында орналасқан биологиялық активті нүктелердің ішкі мүшелермен нейрорефлекторлық жолмен байланысы жайында мағлұматтар жеткілікті дәлелденген. Биологиялық активті нүктелердің электрофизиологиялық көрсеткіштерін зерттеу арқылы ағзаның немесе белгілі бір мүшенің функцоналды күйіне анықтама беруге, сынап бағалауға, болжауға және де емдік процедураларын жасауға мүмкіндіктер бар және көптеген тәжірибелік жұмыстардың әдеби деректерде мәліметтері әйгілі [82] .

Құрылымы

Дипломдық жұмыс
: 11
: ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыс: ҚОРЫТЫНДЫ

Дипломдық жұмыста

Жасалған жұмыстың қысқаша қорытындысы және практикалық қолданылу аймағы көрсетіледі

Дипломдық жұмыста

ҚОРЫТЫНДЫ

Тәжірибелік зерттеу нәтижелерінен келесі түйіндер алынды:

1. Қалыпты жағдайдағы қояндардың терісіндегі аурикулярлы биоактивті нүктелердің биопотенциал көрсеткіштерінің тәуліктік динамикасы анықталды. Тәуліктің 15. 00, 21. 00, 18. 00 сағаттарында төмен мәндері, ал түнгі 03. 00 сағатта жоғары мәні айқындалды.

2. Вибрация әсерінен қояндардың терісіндегі аурикулярлы биоактивті нүктелердің биопотенциал көрсеткіштерінің максималды және минималды мәндері айқындалды. Тәжірибедегі жануарлардың биопотенциал максималды мәндері 03. 00 сағатта, ал минималды мәндері 12. 00-15. 00 аралықтағы сағаттарда байқалды. Қалыпты жағдаймен салыстырғанда вибрация әсерінен кейін биопотенциал көрсеткіштері барлық уақыттарда жоғарылаған.

3. Қалыпты жағдайдағы жануарлардың терісіндегі аурикулярлы биоактивті нүктелердің биопотенциал көрсеткіштерінде периоды тек 24 сағатқа тең тәуліктік ырғағы тіркелді, ал тәжірибедегі қояндарда 24 сағаттық периодтың өзгеріске ұшырағаны анықталды.

4. Бақылау тобындағы вибрация әсеріне түскен жануарлардың терісіндегі аурикулярлы биоактивті нүктелердің биопотенциал, хроноқұрылымдық параметрлерінде айтарлықтай айырмашылықтар анықталды. Бақылау тобымен салыстырғанда тәжірибедегі қояндардың биоырғақтарындағы мезор және амплитуда мәндері жоғарылаған, ал акрофаза уақыт шкаласында қалыпты жағдайдан жылжығаны дәлелденді.

Құрылымы

Дипломдық жұмыс
: 12
: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
Дипломдық жұмыс: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

Әдебиеттер, патенттер мен авторлық куәліктер, қазіргі ғылыми мақалалар, халықаралық ғылыми баспалардан (30%) шыққан мақалалар беріледі.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Нұрғалиев Ж. Н. Экологиялық физиология. - Алматы: Қазақ университеті, 2001. - Б. 21-36.

2 Тулеуханов С. Хронофизиология биоактивных точек человека и животных: дис. … доктора биол. наук: 03. 00. 13. - Алматы, 1997. - С. 14-61.

3 Тулеуханов С. Т. Биологические ритмы - фундаментальный закон живой природы // Известия МО и НРК. НАН РК. Серия биол. и медиц. - 2002. - № 6 (234) . - С. 3-16.

4 Иванов В. Г., Амшеев В. К., Колодяжный В. М., Филенко И. А. Оценка возможности температурной диагностики точек акупунктуры // Радиоэлектроника и медицинская диагностика: оценка функций и состояния организма: докл международн. конф. - М., 2000. - С. 201-208.

5 Тулеуханов С. Т., Абылайханова Н. Т. Исследование хроноструктурных параметров временной организации электропроводности биоактивных точек кожи кроликов в норме и при адаптации к условиям гипоксии // В сб. : Физиологические проблемы адаптации. - Ставрополь: Изд-во СГУ, 2008. - С. 190-192.

6 Кечуткина Е. М., Тулеуханов С. Т., Инюшин В. М. Динамика показателей кардиореспираторной системы и электропроводности биоактивных точек кожи человека в норме и при дозированном голодании // Вестник КазНУ. Серия биологическая. - 2007. - № 4 (34) . - С. 288-291.

7 Гумарова Л. Ж. Хроноструктура суточной динамики свойств аурикулярных биоактивных точек кожи животных в норме и при гипокинезии: дис. … канд. биол. наук: 03. 00. 13. - Алматы, 2000. - С. 9-33.

8 Власов В. Н. Оценка сочетанного влияния химических и физических факторов производственной среды и трудового процесса на сердечно-сосудистую систему: автореф. … доктора мед. наук: 00. 01. 15. - М., 2008. - 20 c.

9 Хронобиология и хрономедицина / под ред. Ф. И. Комарова, С. И. Рапопорта. - М. : Триада -X, 2000. - 488 с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың биоактивті нүктелерінің электрофизиологиялық көрсеткіштеріне персональды компьютерді пайдалануының әсері
Қазіргі таңдағы биофизикалық зерттеулердің жетістіктері
Қазақстандағы биофизикалық зерттеулердің тарихы және қазіргі жағдайы
Биологиядан зертханалық жұмыстар
Тірі жүйелердің уақытша құрылымдық формасы ретіндегі биоырғақтылық
Шу мен вибрацияның адамға әсері
Жүрек потенциалдарын зерттеу әдісі
Дәрілік өсімдіктер туралы
Басқару жүйесін функционалдауын бақылау
Қозғалтқыштарды сынау бөлімшесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz