Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселелері


ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы «Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасу мәселелері»
Алматы, 200
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
I. Меншік экономикалық категория ретінде
1. 1. Меншіктің мазмұны жіне формалары . . . 5
1. 2. Меншік құқығының экономикалық теориясы . . . 8
1. 3. Меншік қатынастарының даму тарихы . . . 10
II. Меншікті мемлекет илігіне алу және оның ұғымы . . . 13
2. 1 Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру . . . 17
II. Қазақстан Республикасында меншікті мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру
3. 1. Қазақстан Республикасы жекешелендіру процесінің
ерекшеліктері және нәтижелері . . . 263. 2. Қазақстан Республикасында меншік қатынастарын
өзгертудің проблемалары . . . 31
Қорытынды . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37
Қосымшалар . . . 38
Кіріспе.
Еліміз тәуелсіздік алып, нарық реформалары жүзеге асырылып жатқан шақтағы аса маңызды және өзекті мәселелердің бірі - өркениетті нарықтық қатынастарға негіз болатын меншік жүйесінің түбірлі өзгерістері. Қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінде меншік мәселесі ең алдымен көтеріліп, жалпы қозғалыстың, дамудың өзіндік өзегін құрайды. Қоғамның, мемлекеттің, жеке адамдардың болмысының даму заңдылықтары, өндірістің материалдық және рухани негіздері барлығы да меншік жүйесіндегі маңызды өзгерістерге тәуелді. Нарықтық экономиканы қалыптастыру жолында мемлекеттік меншікті жекешелендіру және оны мемлекет иелігінен алу аса маңызды тәжірибелік іс. Іс тәжірибеде және теорияда терең зерттеп, саралауды талап ететін құбылыстардың қатарына меншік ұғымы мен жүйесінің ішкі даму заңдылықтарын және түр өзгерістерінің себеп-салдарлы байланысын анықтау болып табылады.
Еліміз бастан кешіп отырған өтпелі кезеңдегі ең негізгі мақсат - мемлекеттік меншікті түбірінен өзгерту арқылы, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі жаңарту процесі болып табылады. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу құбылысы, оның түрлері мен кезеңдерінің ара қатынасы әр түрлі.
Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық және жарым-жартылай өткізудің 22 тәсілі бар екен. Алайда ешқандай елде мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру классикалық түрде жүзеге асқан жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық теорияда мемлекеттік меншіктің іс-әрекет ету механизмін ғылыми зерделеу арқылы оның жүзеге асырылу механизмдерін талдаудан туындайтын кешенді, жан-жақты негізделген жекешелендіру жолдарын, әдіс-тәсілдерін, түрлерін қарастыру, елімізде жүзеге асырылып жатқан кешенді шаралардың бағыт-бағдарын айқындау осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты.
Еліміз егемендік алған 13 жылдың ішінде жеке меншіктің қалыптасуы бірқатар өзгерістерді басынан кешірді. Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасуы туралы әр түрлі ғылыми еңбектер жазылды, пікірталастар болды. Осы бағыттағы алғашқы ғылыми ізденістердің бағыт-бағдарын айқандап берген еңбек ел Президентінің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы болды.
Меншік қатынастарының сан алуан қырлары мен сырларын ғылыми методологияның әр түрлі деңгейінде зерттеген ғылыми еңбектер авторлары ретінде Я. Корнай, Д. Валовой, В. Шкредов, Л. И. Абалкин, В. Куликов, А. Радаев, П. Г. Бунич, П. Ф. Дракер, Ф. А. Хайек, Р. Коуз, Я. Алчян, Дж. Армстронг, Дж. Гэлбрейт, Ф. Прайор т. б. атауға болады. Олардың ішінен атап өтетін еңбектер қатарына жататындар: Афанасьев В. Н. «Диалектика собственности» М., Наука, 1991; Хубиев К. А. «Собственность в системе производственных отношений», 1988; «Трудный поворот к рынку» М., Экономика, 1990, научный редактор Л. И. Абалкин; Материалы Всесоюзной научно-технической конференции «Рынок новые формы хозяйствования и НТП» организовано ИЭ НАН РК в 1991г., Алматы, 1991; «Социалистическая собственность: формы реализации» Под редакцией А. Д. Смирнова, ВАН. К. Сабо., М., «Экономика» 1990 г. т. б. мемлекеттік меншік мәнін, дағдарысының салдарларын әр қилы дәрежеде көрсеткен еңбектер ретінде теориялық маңызы бар.
Кейінгі жылдары жарық көрген монографиялар мен ғылыми мақалаларда меншік мәселесінің Қазақстандағы елеулі мәселелері жан-жақты қарастырылып, ғылыми концепциялардың бағыт-бағдары айқындала бастады. Өтпелі дәуірдегі меншік конструкциясы мен шаруашылық жүйесінің тәуелді қатынастарын және жаппай жекешелендіру және оның әлеуметтік экономикалық нәтижелерін реттеу - басқару шараларына тікелей қатысы бар ғалымдар Ашимбаев Т. А., Арынов Е., Абдыразаков Т., Әубәкіров Ж. А., Тұрсынов К., Алшанов Р., Есиркепов Т., Жатқанбаев Е. Б., Кенжегузин М., Қошанов А. К., Қабдиев Д. К., Куватов Р., Қамшыбаев Р. А., Қалиев Г. А., Карагусова Г. Ж., Нысанбаев С. Н., Нәрібаев К. Н., Сатыбалдин С. С., Сабденов О., Сағадиев К. Ә., Шеденов Ө. К., т. б. жұмыстарын атауға болады.
Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасуы жайлы соңғы кезде бірқатар монографиялар, мақалалар жазылғанымен, жеке меншіктің қалыптасуы туралы ғылыми еңбектердің сиректігі, ой-пікірлердің әр түрлілігі, осы тақырыпты таңдап алуға түрткі болды.
I. Меншік экономикалық категория ретінде
1. 1. Меншіктің мазмұны жіне формалары
Өркениеттің әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, осыған сәйкес іс-қызмет атқаратын әлеуметтік құралдың бірден-біреуі меншік құбылысы.
Ғасырлар бойы алмасып келе жатқан адамзат ұрпақтары меншікті сезіне білуімен қатар меншікке байланысты туынды қатынастар арқылы өз болмысын дамытуға мүмкіндік алады. Еңбек құрал-жабдықтарының дамуына сәйкес еңбек қабілетінің дамуы, сана мен ойлаудың әлеуметтік сипат алуы меншік ұғымын адам болмысымен мәңгілік байланыстырады.
Тарихтан меншіктің әр түрлі анықтамалары белгілі. Мысалы, «меншік - дәл жеке дара басына тиесілінің бәрі, меншік - басқа біреудің иелігіндегі байлығы» т. б. Ертеректегі француз социалисі П. Ж. Прудон «меншік - ұрлау» деген мағынаны айтты. Жоғарыда келтірілген анықтамалардан мынадай қорытынды жасауға болады: меншік - адамның затқа жай қатынасы ғана емес. Меншік осы затпен байланысты адамдар арасындағы қатынас.
Дәстүрлі кеңестік, қайта құру кезеңіне дейінгі экономикалық әдебиеттерде меншік категориясының мәнін, оның адамдар арасындағы қатынасты сипаттайтынын тек К. Маркс ашқан. Ал қазіргі батыстық экономикалық пікілерге көңіл аударсақ, мысалы П. Хейненің «Экономикалық ойлау бейнесі» деген әйгілі кітабында меншіктенудің қайшылықты мәселелеріне арналған XIII тарауында, меншікті адамдар арасындағы қатынас деп жазған.
Сонымен, меншік туралы алғашқы тұжырым: меншік - материалдық және рухани игіліктерді және осыларды өндіру шарттарын пайдлану туралы адамдар арасындағы қатынастар немесе, игіліктерді иеленудің белгілі тарихи қоғамдық әдісі болып табылады. Меншік дегеніміз адамдар арасындағы материалдық және игіліктерді және оларды өндірудің шарттарын пайдалану туралы қатынастар.
Экономикалық қатынастар кемелденген жүйесінде, меншік ең өзекті өзара байланыстырады, олардың бір-бірінен тәуелділігін және экономикалық болмыстың мәнін көрсетеді.
Меншік - өте күрделі және көп жақты құрылым. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім - жалпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты, формалары және әдістерімен айқындалады. Бұлар бір-біріне өте күрделі өзара әсер етеді.
Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады, бұлардың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштық хал-жәй бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар тудырады. Осылай жалпы және жеке меншіктің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуалдық), бірлестік (бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциациялық дәрежеге жеткізілген, мемлекеттік, трансұлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншіктің мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және өкілеттігімен анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтық) дәрежесінде болуы мүмкін.
Айырмашылықтың мағынасы көп болады: кейбіреуі өзара алмасуға ауысуға жол береді, басқасы бұны болдырмайды. Меншік түрлерінің айырмашылығы көп түрлі болғанда, арақайшылықтарды меншіктің бір түрінің оның басқа түріне ауысусқаны арқылы шешуге болады. Егер меншіктің түрлері арасындағы айырмашылықтар қарама-қайшылыққа дейін жеткен болса, өзара алмасу жойылады. өйткені бұл меншіктің формасының өзінің күйреуі болып табылады. Мысалы, қоғамдық (халықтық) меншік жалпы меншіктің түрлерінің біреуі болып табылады, ал ол, жеке меншікпен ара қатынастарының көріністері қандай болмасын, өзінің қарама-қарсылығы ретінде қатынасады. Жекешелендіру деген меншіктің алмасуы, ауысуы, айналуы емес, ол жалпыхалықтық меншікті жеке меншік етіп қайта құру болады, ал национализациялау - керісінше процесс, яғни, жеке меншіктің - қоғамдыққа айналуы, форманың ауысуы болып табылады.
Жалпы және жеке меншік жалғыз мәннің әр түрлі көрінісі болып мыңдаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келеді. Бірақ, олардың ролі мен мағынасы, қоғам мен өркениеттіліктің әр түрлі типтерінің дамуында, бірдей болмайды.
Меншіктің бір формасының, немесе, бір түрінің негізінде, бәсекелестіктің шарты болып табылатын, шаруашылық жүргізудің әр түрлі формалары қалыптасуы мүмкін. Демек, жеке меншіктің әр түрлерінің негізінде индивидуалдық өндіріс және бірлескен өндіріс жүріп отыра алады. Бірлескен өндірістің ұйымдастыру жұмысында икемділігі мол, және капиталды шоғырландыруға мүмкіндігі зор болады. Жалпы меншіктің әр түрлерінің негізінде шаруашылық жүргізудің бірнеше формалары болуы мүмкін: мұрагерлік иемденуге беріліп отыратын жердегі шаруа қожалығынан, экономиканың мемлекеттік секторындағы концернге дейін.
Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады.
Таза капитализмде меншіктің көп тараған формасы - индивидуалдық жеке меншік: әр субъект іс-әрекеттерін өзінің мүддесіне сәйкес жүргізеді; әр экономикалық бірлік өзінің табыстарын көбейту қызметтерін өз шешімдеріне сәйкес жүргізеді; өнімді сатушы мен сатып алушы көп болады. Бұл еркін бәсекелестікті жандандырады. Осы жағдай нарыққа реттеуші рөл әпереді және баға дәрежесін белгілеу де соның қасиеті болып табылады. Мемлекеттің ролі шектелген болады.
Әкімшілік - бұйрық экономикасы қарама-қарсы приоритеттер орнатады: экономикалық үкімет бір орталықтан жүргізіледі; нарық субъектерінің әрекеттері жалпы мақсатты орындауға бағыттандырылып, жеке адам мүдделері жалпыламалыққа жүгіндіріледі. Негізгі экономикалық субъект мемлекет болады. Бұл жағдайда экономиканы басқаратын органдар иеленушілірдің және өндірістік кәсіпорындардың қызметтерін өз қолына алады.
Аралас экономикада: экономикалық құрылымның бірдей болмауы және шаруашылық жүргізудің формаларының көп болуы.
Дәстүрлі экономика даму дәрежесі төмен елдерге тән болады. Бұнда меншіктің бірнеше түрлері мен формалары пайдаланылады.
1. 2. Меншік құқығының экономикалық теориясы
Меншік конструкциясын жете қабылдау үшін оның экономикалық, құқықтық сипаттарының мән-мазмұнын, даму заңдылықтарын жүйелеу қажеттігі - оның әлеуметтік формасы - құқықтық негіздеріне қысқаша шолу жасауды талап етеді.
Қазіргі шетелдік құқықтану ғылымында меншік 11 құқық элементтері арқылы жүзеге асады:
- иелену құқығы, яғни игіліктерді жеке бақылаудың ерекше құқығы;
- пайдалану құқығы;
- басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалануды кім, қалай жүзеге асыруын шешу құқығы;
- табыс құқығы, яғни игіліктерді пайдаланудың нәтижелерін иелену құқығы;
- суверен құқығы, яғни игілікті бөтенге беру, тұтыну, өзгерту не жою құқығы;
- қауіпсіздік құқығы, яғни сыртқы орта зияндармен меншіктен айырудан қорғау құқығы;
- игіліктерді мұрагерлікпен беру құқығы;
- игіліктерді иеленудің мәңгіліктік құқығы;
- меншіктің сыртқы қоршаған ортаға зиян келтіруге тиым салу құқығы;
- жауапкершілікті өтеу құқығы, яғни несие-қарызды өтеу үшін игілікті алу;
- қалпына келтіру құқығы, яғни құқық еркін бұзуды қалпына келтіретін іс-әрекет актілері мен институттарының болуы.
Ал, біздің Отандық әдебиеттерде үш жақты құқық мойындалып келеді:
- иелену құқығы, яғни затты нақтылы иелену арқылы өз билігін жүргізу;
- пайдалану құқығы, өз мүддесі үшін заттарды пайдалану;
- билік құқығы, яғни заттың тағдырын шешу, өз еркімен шешім қабылдау.
Меншік заң категориясы ретінде құқық нормаларында белгіленгендей меншік объектілерін иемдену, пайдалану қатынасын көрсетеді.
Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс, айырбас бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншік экономикалық категория ретінде ең алдымен өз мәнінде жеке меншік болып табылады. Экономиканың өзі айырбас, рынок орын алған жерде қалыптасып даму алады, ол тек жеке меншік негізінде пайда болады. Алғашқы қауымдық меншік өндірістік шаруашылық іс-қимыл арқылы табиғаттан алып игеру, иемдену мүмкіндігін берді.
Айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: меншік категориясына теориялық талдау, оның қоғамның әрі құқылық, әрі экономикалық қатынастарын сипаттайтын растайды. Меншіктің экономикалық және құқылық мазмұны өзара байланысты, олардың арасында бір сөзбен айтқанда «тамырлар қатынасының заңы» әрекет етеді. Осы тұрғыдан алғанда меншік бір мезгілде әрі экономика, әрі заң категориясына жатады. Осы бірлікте анықтаушы рөлді меншіктің экономикалық жағы атқарады. Егер меншік экономикалық форманы қабылдамайтын болса, яғни өндірісте пайдаланбаса, иесіне табыс келтірмесе, ол «заңдылық, функциялық» түрде қалады. Меншіктің экономикалық тұрғыдан даму алуы өндірістік қатынастар арқылы, нақтылап айтқанда алуан түрлі шаруашылық кәсіпкерлік қызмет арқылы жүзеге асады.
Бір жағынан меншіктің заңды формасы өндірістің пассивті нәтижесі ғана емес, ол оның дамуын қарқындатып, немесе бәсеңдетуге ықпал етеді. Меншік құқығының заңды нормалары (иемдену, пайдалану, бөлу құқығы) экономикалық қатынастарды нақтылау формалары болып табылады.
1. 3. Меншік қатынастарының даму тарихы
Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін әр қилы тарихи типтерге, яғни әлеуметтік-экономикалық дамуға формация шеңберінде талдау жасағанда көреміз:
- бір адамның екінші адамға күш көрсетужолымен қосылуы, құл иеленушілік және көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі;
- жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы, меншіктің капиталистік (буржуазиялық) типі.
Жалпы өркениет дамуы тарихын зерделесек, қауымдық меншік түрлерінен жеке меншіктің өркендеуі, ал жеке меншіктің өзінің құлдық, феодалдық, буржуазиялық түрөзгерістері (типтері) қоғамдық еңбек бөлінісі дамуы деңгейлеріне сәйкес өндіргіш күштердің даму дәрежесіне байланысты. өндіргіш күштердің аса жоғары даму көрсеткіштері өндірістік қатынастар жүйесіндегі меншік конструкциясына елеулі әсер етеді.
Меншік типтері мен түрлерінің даму тенденциясында байқалған заңдылық - кез келген экономикалық жүйеде қатынастарының түр өзгерістерінің өндіргіш күштердің дамуының жоғарғы деңгейінде қайталау заңдылығы. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыста қауымдық меншіктен жеке-дара (индивидуалды) меншікке, одан - жеке меншікке өту жүзеге асады. Тауар айырбасы, ақша феномені дамуы да осы кезеңге тән құбылыс.
Құлдық дәуірдегі меншік дамуының негізінен көрінуі - жеке құлдық, қауымдық құлдық түрі және мемлекеттік құлдық түрлерінің дамуы. Евразия ерекшеліктеріне сәйкес бұл өлкелерде құлдықтың қарапайым түрі - жеке-отбасылық түрі, ішінара қауымдық түрі қалыптасады. Ал, мемелкеттік түр мүлде дамымаған деп айтуға болады. Ал, Ежелгі Греция, Рим сияқты классикалық үлгілерде құлдықтың барлық түрі кең таралғанын айтуға болады.
Феодалдық құрылыс кезеңіне тән ерекшілік - ұлт, ұлыс көлемдерінде мемлекеттік институттардың дамуына байланысты соверен, сеньорлар жерге жеке меншікті белгілі-бір кіріптарлық негізде («феод» - қызмет ақысы) дамытты. Яғни, мемлекеттік (ұлыстық) меншіктен жеке меншік жіктеліп өзіндік экономикалық жүйе қалыптасты. Класиикалық үлгіде жерге жеке меншіктің мемелекеттік түрмен ұштастырылу «мемлекет - мен» қанатты сөзінен көрінеді. Ескеретін негізгі мәселе - экономикалық базис ретінде жерге жеке меншіктен өсіп шыққан өндіріс құрал-жабдықтарына, игіліктеріне жеке меншік жүйесінің дамуы буржуазияылқ өркениеттің тарихи құндылығы. Ал, Евразия немесе отарлауға дейінгі басқа құрлықтарда негізгі базистік қатынас - жерге қауымдық, ру-тайпалық, мемлекеттік меншік түрлері екенін байқау қиын емес. Сол себепті, КүМаркс пен Ф. Энгельс оны азиялық өндіріс тәсілі деп атайды.
Қазіргі өркениет дамуының құрып отырған буржуазиялық өндіріс тәсілі өзінің бес ғасырлық тарихында объективтідаму нәтижесінде адам құқығының саяси, әлеуметтік экономикалық тәуелсіздігінің негізі - әр адамның меншікке жеке құқығын бекітті. өзіне дейінгі жеке меншік түрлерімен салыстырғанда буржуазиялық жеке меншік толыққанды, пісіп жетілген прогрессивті қатынас ретінде сипатталады. Есте ұстайтын мәселе - бұл меншік институты жер шарын қан мен терге бөктіру арқылы ғана, тариха өркениет түрлерін қарулы күшпен қырып, жою арқылы орнықты. Капиталдың алғашқы қорлану процесін бүгінгі күні батыс идеологтары кездейсоқ құбылыс ретінде қарайды.
Алғашқы қауымдық меншік орнына келген жеке меншікті К. Маркс прогрессивті құбылыс ретінде бағалады. Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен байланысты объективті табиғи - тарихи процесс еді. Жеке меншік тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшауланып кеңінен дамуына жол ашты.
Жеке меншік институты капиталдың алғашқы қорлану процесінен басталып, өнеркәсіптік революция - индустриалды өркениет жіне постиндустриалды қоғам дәуірлерін дамып келеді. Осы даму нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың өзегі жеке меншік әр түрлі түрөзгерістеріне (метаморфозасы) ұшырады. Топтық (үлестік) меншік немесе акционерлік меншік және корпорациялық меншік, мемлекеттік-монополиялық меншік түрлерінен транснационалды меншік түрлері дами бастады.
Ал, кешегі «социалитсік жүйе» өзінің экономикалық негізі деп қоғамдық меншіктің ерекше түрі мемлекеттік меншікті, ұжымдық меншікті ғана мойындады. Ал, басқа меншік түрлерін «қоғамдастыру» сипатына сәйкес келмеуі себепті жоғарғы түр деңгейіне күштеу саясаты арқылы дамытуға ұмтылды. өзіндік меншік, отбасы меншігі, қауымдық меншік т. б. қатар жеке меншік институттарын тиым салынып келгенін айта аламыз.
Марксизм-ленинизм классиктері жеке меншікті бүкіл әлеуметтік зілдің, әділетсіздіктің зардабы деп қарағаны белгілі. Солай деп отырып, коммунизм мен социализм бір жағынан жеке меншікке негізделген рынок екінші жағынан, теориялық тұрғыдан бір-біріне қарама-қарсы, сиыспайды деп қорытындылады. Рынокты және жеке меншікті түп-тамырымен жою «әскери коммунизм» кезеңінде практикалық мәселе ретінде күн тәртібіне қойылды, одан кейінгі ондаған жылдар бойы да дәл солай болғанын тарих дәлелдеп отыр (жаңа экономикалық саясаттың кезңін есептегенде) . Жеке меншік жұмысшының, қызметкердің еркін еңбек етуіне өзіндік құқығы барын растайды, оған кепілдік береді. Жалданып еңбек етудің еркінділік принципі әлеуметтік жіне шаруашылық өмірде анайы, экономикалық, физикалық тұрғыдан еңбекке зорлық зомбылықты жоққа шығарды. Жеке меншік өзіне тән жекешелену, оқшаулану, пайда табуға ұмтылумен оны ыдыратады деген түсініктің берік орын алып келгені де белгілі.
Алайда, тауарлы шаруашылық жағдайында жеке меншік иесі рынокта өз тауарларын рыноктық байланыстарға сүйене отырып өткізеді, жеке меншік өндірушілерді біріктіреді, қоғамдық қажеттіліктерді үлкен тиімділікпен қанағаттандыру мүмкіншілігін туғызады. Жалпы жеке меншік адамзат баласының дамуында жеткен ірі жеңістерінің бірі деуге болады. Экономикалық жүйелердің прогрессивті сипатын тек қана меншіктің сыртқы көріну формаларымен байланыстыру меншік қатынастарының диалектикалық байланыстарын терістеуге алып келді. Меншік диалектикасы оның сыртқы түрлері қайшылығының қайнар көздері, экономикалық құбылыстардың мәніне сәйкес, ұғымның ішкі қайшылықтардың мән-мазмұнымен анықталатынын көрсетеді.
Меншік формаларының арасындағы қайшылықтар нақтылы өмірде олардың тиімділігі дәрежесімен анықталады, ал олардың өміршеңдігі критерийі (өлшем бірлігі немесе салыстырмалы тиімділігі) бәсеке күресі нәтижесінде көрінеді.
II. МЕНШІКТІ МЕМЛЕКЕТ ИЛІГІНЕ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰҒЫМЫ
«Жекешелендіру» ұғымына келер болсақ, ол мемлекетке қарасты кәсіпорындар, көлік құралдары, тұрғын үйлер және басқа мүлік ақы төлеп немесе басқадай жолмен азаматтардын, немесе акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің) жеке меншігіне алынатын процесті білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz