Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары



Жоспар

КІРІСПЕ.

І . тарау. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан және Ресей қатынастарының жаңаша бағытта дамуының алғашқы жылдары
1.1. Қазақстан және Ресей қарым.қатынастарының жаңа бағытының орнауы, кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қазақстан және Ресейдің 1991.1995 жылдар аралығындағы байланыстары.

ІІ . тарау ХХІ ғасыр . Қазақстан және Ресейдің стратегиялық әріптестер.
2.1. Қазақстан және Ресей қарым.қатынастарының нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Қазақстан және Ресей ынтымақтастық перспективалары ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар тарихы жүздеген жылдарды қамтиды. Сонау 1224 жылы орыс және қыпшақ әскерлері иық тірестіре моңғолдармен Калька өзінің бойында шайқасқаны белгілі. Тіпті Х ғасырдың өзінде оғыздар және орыс әскерлері Еділ булғарларына, Хазарларға қарсы бірлесіп жорық жасағандығын білеміз. Қасым ханның қазақ хандығы және Мәскеу мемлекеті арасында қарым-қатынастар орнаған. Отаршыл Ресей Қазақстанның орасан зор байлықтарына оның стратегиялық орналасуына қызығып, ақыр соңында Қазақстанның Ресейдің отарына айналғандығы белгілі. Кіші жүздің 1731 жылы Ресейге өз еркімен қосылуынан бастап, 1917 жылға дейін Қазақстан Ресейдің отары болды, ал Кеңес үкіметі орнағаннан кейін отанымыз КСРО-ның құрамына кіріп, 1991 жылға дейін одақтас республика болды. Сонда бейресмиді қоспағанда ресми түрде Қазақстан 260 жылы бойы яғни 2 жарым ғасыр Ресеймен тығыз байланыста болды. Сондықтан тәуелсіздік алғаннан кейін екі еліміздің стратегиялық түрде қарым-қатынас жүргізуінің жаңа бір жарқын кезеңі басталды.
Қазақстан мен Ресей бірге жүріп өткен өзгерістердің күрделі де қарама-қайшылықты жолының қорытындыларын шығару үшін он жыл көп пе, аз ба? Жаһанданудың қуатты үдерісіне тартылған біздің елдеріміз үшін қолайлы перспективалар туралы сұраққа кесімді жауап беруге осынау жылдар негіз бере ала ма?
Бұл әлемдік тарих үшін қысқа мерзім. Онда уақыт ауқымы басқаша және де дәуірлердің алмасуы кезіндегі ғаламат өзгерістердің нәтижелері өз бағасын ғасырлар бойы күтеді. Бұл орайда екі ел де егемен мемлекетке айналған, түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасалған, мемлекетаралық қатынастардың жаңа тұрпаты нақты мазмұн он жыл уақыт қас қағым сәт секілді.
Он жыл — адам ғұмырының елеулі кезеңі. Экономикалық қыспақтар, саяси- идеологиялық бағдарлардың өзгеруі, дағдарыстар мен оқтын-оқтын туындап жататын проблемалар сынынан өте келіп, Қазақстан мен Ресей соңғы жылдары: қоғамдық өмірдің нақты демократияландырылуына, экономикадағы түбегейлі өзгерістерге ғана қол жеткізіп қойған жоқ, тәуелсіз мемлекеттер ықпалдастығының мүлдем өзге; бұрындары мүмкін емес деңгейіне көтерілді, 1998 жылы шілдеде қабылданған, "XXI ғасырға бағдарланған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы декларщия" атауы оның ең айшықты анықтамасы бола алады.
Біздің елдеріміздің серпіндіде өзара тиімді ынтымақтастығының іргесін, қалауға, оның бүкіл содан былайғы барысына Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Ресейдің бірінші Президенті Б. Н. Ельцин және Ресей мемлекетінің қазіргі басшысы В. В. Путин қосқан үлес өлшеусіз.
Қазақстан мен Ресей жаңа мыңжылдыққа сенімді әріптестер ретінде ғана емес сонымен бірге әлемдік экономикалық және саяси үдерістердің белсенді қатысушылары болып келді. Бүгіндері XXI ғасырдың бастауында Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясы халықаралық қоғамдастықтың тең және лайықты мүшелері болып табылады, және де олардың әлемдік кеңістікке тартылуының бүгінгі деңгейі екінші сауалға да орнықты жауап қайтаруға мумкіндік береді. Иә, Қазақстан да, Ресей де өздерінің бірлескен және біріккен күш-жігерімен әлемдік өркениет үдерісіне белсенді қатысушыларға айналды.
Мемлекеттер басшыларының берік саяси ерік-жігері мен қажыр-қайратының арқасында Қазақстан-Ресей қатынастары нақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне көтерілді. ынтымақтастықтың қуатты берік негізі мен серпінді үрдісі біздің мемлекеттеріміздің жан-жақты өзара қарым-қатынасы таяу және көз жетерлік болашақта да біздің елдеріміз халықтарының мызғымас достығы тиімді дамып, нығая беретініне сенеді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Т. Мансуров, Қазақстан Ресей қатынастары. Алматы 2006ж.
2. В. Владимиров. Казакстанско Россиские отношения. Алматы, 1997г.
3. С.Н. Бурин, Г.Д. Сүгірбаева. Қазіргі заман тарихы ХХ ғасыр. Драфа. Алматы 2005ж.
4. Кобрин В.Б Власть и Способность в средневековой Росии /ХV-ХVI вв/ М. 1805
5. Источники Полное собрание русских летописей (ПСРЛ), репринт 1904. Патриаршая или Никоновская летопись, т.13, М. 1965, "Наука"
6. Каргалов В. В., «На степной границе», М. Наука, 1974
7. Карамзин Н. М, Собрание Сочинений, т. VIII, c.206
8. Королюк В. Д. Ливонская война, изд-во АН СССР, М., 1954X
9. Соловьев С. М. История России с древнейших времен, том.6, М.2001
10. Соловьев С.М. История России Москва 1999 г.
11. Скрипников Р.Г Царство террора М 1868
12. МГУ коллективная работа, История России. Москва 1998г.
13. С.Н. Бурин ,Новая история. Москва 1998 г.
14. Корелзин Н, М. История государства Россиского в 12-ти І м. 1994.г
15. История СССР с древних времен до начала наших дней в 12-ти томах Под редакцией Б. Н. Пономарева І ІІІ М. 1967.
16. История Росси с древних времен до начала 19-века Под редакцией Ан Сахарова.
17. Энциклапедия т. 8. Из истори человечестврго опщества. Издательство «Педагогика» Москва 1975.
18. Сыров С: Н. Страницы истории. Издательство «Руский язык» Москва 1981.
19. Қазақ совет энциклопедиясы 9том Алматы 1976ж.
20. Плеханов Г. В. История руской отечественной мысли Соч. Т. 21-22 М-Л. 1985г.
21. Солевьев С. М. История Руси с древних времен 7-9т. М. 1962-63.
22. Анисимов. Е. В. Рождения империи М. Помалитц 1991г.

Жоспар
1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
КІРІСПЕ.

І – тарау. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан және Ресей қатынастарының
жаңаша бағытта дамуының алғашқы жылдары
1.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының жаңа бағытының орнауы,
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .
1.2. Қазақстан және Ресейдің 1991-1995 жылдар аралығындағы байланыстары.
ІІ – тарау ХХІ ғасыр - Қазақстан және Ресейдің стратегиялық әріптестер.
2.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Қазақстан және Ресей ынтымақтастық перспективалары ... ... ... ... ...
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар тарихы
жүздеген жылдарды қамтиды. Сонау 1224 жылы орыс және қыпшақ әскерлері иық
тірестіре моңғолдармен Калька өзінің бойында шайқасқаны белгілі. Тіпті Х
ғасырдың өзінде оғыздар және орыс әскерлері Еділ булғарларына, Хазарларға
қарсы бірлесіп жорық жасағандығын білеміз. Қасым ханның қазақ хандығы және
Мәскеу мемлекеті арасында қарым-қатынастар орнаған. Отаршыл Ресей
Қазақстанның орасан зор байлықтарына оның стратегиялық орналасуына қызығып,
ақыр соңында Қазақстанның Ресейдің отарына айналғандығы белгілі. Кіші
жүздің 1731 жылы Ресейге өз еркімен қосылуынан бастап, 1917 жылға дейін
Қазақстан Ресейдің отары болды, ал Кеңес үкіметі орнағаннан кейін отанымыз
КСРО-ның құрамына кіріп, 1991 жылға дейін одақтас республика болды. Сонда
бейресмиді қоспағанда ресми түрде Қазақстан 260 жылы бойы яғни 2 жарым
ғасыр Ресеймен тығыз байланыста болды. Сондықтан тәуелсіздік алғаннан
кейін екі еліміздің стратегиялық түрде қарым-қатынас жүргізуінің жаңа бір
жарқын кезеңі басталды.
Қазақстан мен Ресей бірге жүріп өткен өзгерістердің күрделі де қарама-
қайшылықты жолының қорытындыларын шығару үшін он жыл көп пе, аз ба?
Жаһанданудың қуатты үдерісіне тартылған біздің елдеріміз үшін қолайлы
перспективалар туралы сұраққа кесімді жауап беруге осынау жылдар негіз бере
ала ма?
Бұл әлемдік тарих үшін қысқа мерзім. Онда уақыт ауқымы басқаша және де
дәуірлердің алмасуы кезіндегі ғаламат өзгерістердің нәтижелері өз бағасын
ғасырлар бойы күтеді. Бұл орайда екі ел де егемен мемлекетке айналған,
түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасалған,
мемлекетаралық қатынастардың жаңа тұрпаты нақты мазмұн он жыл уақыт қас
қағым сәт секілді.
Он жыл — адам ғұмырының елеулі кезеңі. Экономикалық қыспақтар, саяси-
идеологиялық бағдарлардың өзгеруі, дағдарыстар мен оқтын-оқтын туындап
жататын проблемалар сынынан өте келіп, Қазақстан мен Ресей соңғы жылдары:
қоғамдық өмірдің нақты демократияландырылуына, экономикадағы түбегейлі
өзгерістерге ғана қол жеткізіп қойған жоқ, тәуелсіз мемлекеттер
ықпалдастығының мүлдем өзге; бұрындары мүмкін емес деңгейіне көтерілді,
1998 жылы шілдеде қабылданған, "XXI ғасырға бағдарланған мәңгілік достық
пен ынтымақтастық туралы декларщия" атауы оның ең айшықты анықтамасы бола
алады.
Біздің елдеріміздің серпіндіде өзара тиімді ынтымақтастығының іргесін,
қалауға, оның бүкіл содан былайғы барысына Қазақстан Президенті Н. Ә.
Назарбаев Ресейдің бірінші Президенті Б. Н. Ельцин және Ресей мемлекетінің
қазіргі басшысы В. В. Путин қосқан үлес өлшеусіз.
Қазақстан мен Ресей жаңа мыңжылдыққа сенімді әріптестер ретінде ғана емес
сонымен бірге әлемдік экономикалық және саяси үдерістердің белсенді
қатысушылары болып келді. Бүгіндері XXI ғасырдың бастауында Қазақстан
Республикасымен Ресей Федерациясы халықаралық қоғамдастықтың тең және
лайықты мүшелері болып табылады, және де олардың әлемдік кеңістікке
тартылуының бүгінгі деңгейі екінші сауалға да орнықты жауап қайтаруға
мумкіндік береді. Иә, Қазақстан да, Ресей де өздерінің бірлескен және
біріккен күш-жігерімен әлемдік өркениет үдерісіне белсенді қатысушыларға
айналды.
Мемлекеттер басшыларының берік саяси ерік-жігері мен қажыр-қайратының
арқасында Қазақстан-Ресей қатынастары нақты стратегиялық әріптестіктің
жоғары деңгейіне көтерілді. ынтымақтастықтың қуатты берік негізі мен
серпінді үрдісі біздің мемлекеттеріміздің жан-жақты өзара қарым-қатынасы
таяу және көз жетерлік болашақта да біздің елдеріміз халықтарының мызғымас
достығы тиімді дамып, нығая беретініне сенеді.

І – тарау. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан және Ресей қатынастарының
жаңаша бағытта дамуының алғашқы жылдары
1.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының
жаңа бағытының орнауы, кезеңдері.
Еуразия кеңістігінің бұдан оншақты жылдар бұрын Кеңес Одағы деп аталған
бөлігінде қазіргі Қазақстан бұрынғысынша Ресей Федерациясынан кейінгі ең
үлкен мемлекет дейтін орнын сақтап қалып отыр. КСРО шеңберінде біртұтас
өмір сүрген жылдарда біздің елде-ріміздің әрқайсысында құралған халық
шарушылық кешені жалпы одақтық экономикалық әлуетті қалыптастыруда ұдайы
маңызды рөл атқарып келген болатын. Дегенмен олардың мейлінше мәнді үлесі
әсіресе ресейлік және қазақстандық үлестердің өзара әрекеттестігі-нен
неғүрлым анық көрінетін еді.
Табиғи ресурстарға бай Қазақстан аумағы жергілікті тұрғындардан болсын,
Ресейдің әралуан өңірлерінен болсын елеулі мөлшерде еңбек ресурстарын
тартатын. Мүның сыртында, белгілі бір себептермен басқа да одақтас
республикалардан қоныс аударған көптеген; халықтардың өкілдері Қазақстан
жерінде өздерінің екінші отанын тапты. Шын мәнінде Қазақстандағы
демографиялық жағдайдың әрдайым түрлі ұлттар өкілдері үлесінің мейлінше
жоғары болуымен сипатталған тарихи ерекшелігімен қоса, бүл адамдардың өзара
қарым-қатынасындағы өзіңдік бір "қазақстандық" үлгіні тудырады. Сондықтаң
одақтық мемлекеттің ыдырауымен іле-шала келген орталықтан бекіту ұлтшылдық
пен сепаратизм үрдістері белең алыи тұрған жағдайда Қазақстан, басқа
көптеген тәуелсіз жаңа мемлекеттердей емеег өзін ешуақытта көршілес және
аулақтау аймақтарға қарсы қойған жоқ. Қайта, керісінше, оның басшылығы бағы
таймас құндылықтардан - өзара көмектен, экономикалық байланыстардан, мәдени
барыс-келістен және басқалардан ада-күде көз жазып қалмау үшін барынша күш-
жігерін жұмсап, жаңа жағдайда оларды сақтап қалуға тырысты.
Екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты дамытуды неғұрлым белсенді түрде
жақтап, салмақты кірігушілік бастамаларын мақсаткерлікпен ұсынып, оларды
жүзеге асыра бастаған дәл осы Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаев
болатын.
Бүгінде нақты стратегиялық әріптестік ретінде сипатталып отырған
мемлекетаралық қатынастардың берік іргетасы көбіне-көп Қазақстан мен Ресей
президенттерінің өткен он жылдықтағы табанды саяси тынымсыз іс-әрекетінің
арқасында қаланғанын атап айту керек.
Мемлекетаралық кұқықтық қатынастардың қалыптасуы (1991 жылғы желтоқсан -
1992 жылғы мамыр) Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте тәуелсіз жаңа
мемлекеттер пайда болардың алдында Ксңес Одағы аса күрдслі әлеуметтік-саяси
сілкіністер мсп өзгерістер кезеңінен өтті. КСРО өмір сүрген соңғы екі жыл
бойьша одақтық мемлскетті жаца саяси жағдайға сай реформалаудың ықтимал
жолдарын іздестірудің қиын-қыстауы бастан өткені барпіага мәлім. Бұл
бағыттагы негізгі күш-жігер "новоогаревтік келісімдер" дейтінді әзірлеуге
топтастырылды, оның жұмысы КСРО президенті М. С. Горбачевтің тікелей
басшылық етуімсн жүргізілді. Әрі десе, "новоогарсв үдерісіне", одақтас он
бес республикамен коса, олардың құрамына кіретін автономиялар да қосылды,
ал бұл оның онсыз да шектен асып кеткен "мүдделі тараптар" шедберін одан
әрі далитып жіберді.
Мұңдай жағдайда одақтық мемлекетгіц жаңа принциптер негізінде жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін және қалыптасқан саяси шындықты ескеретін өзара
тиімді орі келісімді құжат жасау аса қиынға соғьш, сүйретіле түсті. Зерттеу
үдерісшін негізінеи сынау мен құлау" әдісі арқылы жүргізілгенін дәстүрлі
козқарастардыц кемістігі деуге болар еді. Бірақүзын арқап, кеңтүсау
сүйретпеге салу мен бітіп болмайтып келісім алудың жауапксршілігі келіссоз
үдерісіне қатысушы базбіреулердің мойнында кетті. Ал бұл екі арада бұрынғы
Одақты сақтап қалу немесе Еуразия кеңістігіндегі оның мүрагері есепті
федерациялык яки конфсдерациялық мемлекет құру мүмкіндігі барған сайын
нақтылығын жоя берді.
1990-1991 жылдары барлық одақтас рсспубликаларда әртүрлі қарқынмен өзін-
өзі билеу үдерісі жүрс бастады. Одақтық басшылық әуелгіде тек экономикалық
дербестік туралы мәселе қойған Балтық жағалауы республикаларының бастамасьш
тым секемдікпен қабылдады. Ал ұлтаралық қатынастардың ушыққан проблемалары
алға шыққан Күнгей Кавказ республикаларындағы үдерістер қоғамды реформалау
мәселелерін дер кезінде әрі біліктілікпен шешуге одақтык биліктің дәрмснсіз
екендігін көрсетті.
Одақ президентіиде қалыптасқан жағдайдан шығудың ғылыми нсгізделген нақты
жоспары болмады, ондай жоспар 1991 жылғы тамыз бүлігінін бастаушыларында да
болған жоқ. Елдің жогары басшылығындағы "тарландар жасағының" қатарында
алмағайып сәтте тиісті шешім қабылдай алатын кең пішімді, кемел ойлы басшы
болмай шықты.
Осындай жағдайда болмай қоймайтын орталықтан безіну үдерісі тасқынды
сипат алғаны таңданарлық емес, ал жаңа демократиялық басшылық мүндай
бүлтармас үдерісті бақылауға ынталы болған жоқ, тіпті бақылай алмайтын да
еді, сөйтіп, нәтижесінде 1991 жылдың соңына қарай бұрынғы Кеңес Одағының
қираған жүртында он бес жаңа, егемен мемлекет пайда болды.
Қазақстан өзін 1991 жылғы 16-желтоқсанда тәуелсіз егемен мемлекет деп
жариялады. Қазақстан мен Ресейдің тәуелсіз мемлекеттер мен әріптестер
ретіндегі екі жақты қарым-қатыыасындағы жаңа үлгінің қалыптасуы мен дамуы
сол кезден басталды деп есептеуге болады.
Алғашқы кезеңде Қазақстанда, кеңестік дәуірден кейінгі өзге де елдердегі
сияқты, саяси, экономикалық салалар мен елдің ішкі өмірінің басқа да
салаларын реформалаумен қатар, мемлекетаралық құқықтық қатынастардың
сонарлы пошымдарын белсенді түрде іздестіру қолға алынды. Өздеріне таңсық
жаца жағдайга тап болған тәуелсіз жас мемлекеттер мемлекетаралық қатынастар
саласында сақтық жасауды, әсіресе Одақ бойынша бұрыңғы көршілерімен абай
болуды жөн санады, Олар: бір-біріне жақындасуды көбінесе күні кешегі ортақ
мемлекет халықтары арасындағы дағдылы қарым-қатынасты ретке келтіруге
мүмкіндік беретін кезек күттірмес, аса қажетті табиғи байланыстарды қалпына
келтіруден бастады. Содан соң барып оларды құқықтык рәсімдеу сатысы
басталды.
Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін іздестірудің немесе
ажыратудың осы бастапқы кезсңін белгілі бір дәрежеде бұрынғы одақтас
республикалардың бәрі де бастан өткерді. Қазақстан мен Ресейдін бағына
қарай, бұлардың мысалында екі жақты қатынастардың алғашқы тұрпатын
қалыптастыру үшін тиянақ-тұрақ бар болатын. Олардың негізіне атам заманнан
бері ұлан-ғайыр еуразиялық кеңістікте қатар өмір сүрген бауырлас
халықтардың ғасырлар бойғы тату көршілік, достық және өзара көмек
дәстүрлері алынды.
Қазақ КСР мен РКФСР арасындағы 1990 жылғы 21-қарашада жасалған шартты
еске алсақ та жетіп жатыр. Бір мемлекеттің құрамындағы одақтас екі
республика арасында жасалғанымен, ол, соған қарамастан, өздерінің
егемендігін жариялаған тәуелсіз мемлекеттер арасында қалыпты құқықтық
қатынастар орнатудың арқау жіптей өзегіне айналды. Екі ел арасындағы
құқықтық қатынастарды айқындаудың алғашқы қадамы болғандықтан, осы құжаттың
негізгі принциптеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтейік. Бұл шарт Қазақстан
мен Ресейдің мемлекетаралық қатынастарындағы құкықтық негіздердің сұлбасын
жәй белгілеп қана қоймай, оны екі мемлекеттің де мемлекеттік егемендігі
туралы Декларацияларының қағидаларына толық сәйкес жоне соларды ескере
отырып іске асырғанын атап айту керек.
Онда: Мәртебелі уағдаласушы тараптар Қазақстан мен Ресей Федерациясы
халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан достық дәстүрлерін, тығыз
экономикалық және мәдени байланыстарьш дамыта беруге ұмтылады,
мемлекетаралық қатынастарын егемендік теңдік, бір-бірінің ішкі істеріне қол
сұқпаушылык, аумақтық тұтастығын құрметтеушілік, даулы мәселелерді жалпы
жұрт қабылдаған халықаралык құқық нормаларына сөйкес келісім жолдарымен
реттеушілік негізінде дамытуды көздейді делінген.
Құжатқа сәйкес, Мәртебелі уағдаласушы тараптар бірін-бірі егемен
мемлекеттер деп таниды және екінші жақтың мемлекеттік егемендігіне нұқсан
келтіруі мүмкін іс-әрекеттерден тартынуға міндеттенеді.
Кейін барлық тәуелсіз мемлекеттердіц өзара қарым-қатынасындағы аса
маңызды жағдайлардың біріне айыпталған азаматтық мәселелері сол кезеңдсгі
Қазақстан-Ресей қатынастарының мысалында Шарттың 2- және 3-баптарымен
реттелді. Оларда тараптар, өз азаматтарының ұлттық және басқа
ерекшеліктеріне қарамастан, олардың іс құқықтары мен отандықтары болатынына
кепілдік берді. Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Ресей аумағында тұратын
барлық КСРО азаматтарына азаматтық туралы заңдарды қабылдағаннан кейін
өздері тұратын тараптың азаматтығын сақтау құқығъгна кепілдік берді. Әр
тарап шарт жасасушы басқа тараптың азаматтарына, сондай-ақ өз аумағында
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, олардың кай ұлтқа жататынына, қандай
дінді ұстанатынына және басқа да айырмашылықтарына қарамастан, адам
кұқықтары туралы жалпы жүрт мойындаған халықаралық нормаларға сөйкес
азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен
бостандықтар беруге кепілдік жасады.
Тараптар өз аумағын мекендейтін аз ұлттардың және қалыптасқан бірегей
этномәдени аймақтардың этностық, мәдени және діни ерекшеліктерін дамыту меп
сақтауға ықпал етуге міндеттелді.
Мазмұны жағынан алғанда шарттың 5-бабының неғүрлым дәйек-ті сипаты бар.
Онда тараптар өз халықтары мен мемлекеттерінің саясат, экономика, мәдениет,
денсаулық сақтау, экология, ғылым, техника, сауда, гуманитарлық және басқа
да салаларда тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытып, кең
ауқымды ақпарат алмасуға ықпалдастық жасайтыны және өзара міндеттемелерін
мүлтіксіз орындайтыны айтылған.
Қазақ КСР мен РКФСР-дін КСРО шеңберіндсгі шекарада қалыптасқан сол
кезеңдегі аумақтық тұтастығын мойындау мен құрметтеу жөніндегі келісімнің
де дөйекті моні бар болатын. Опыц үстіне, дол сол кездс базбір саяси күштер
одақтас республикалардын аумақтық құрылысының дүдәмалдығы жайында дау
туғызьш, кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктің мемлекетаралық
қатынастарыпдагы қосымша шиеленіс көздерінің пайда болуына соқтырды.
Осы тұрғыдан алғанда шарттың Қазақстан мен Ресей ұжымдық қауіпсіздік
жүйесінің болуын, мемлекеттердің қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы
ынтымақтастығын мойындаған бөлігінің маңызы айрықша арта түседі.
Шарт сондай-ақ тараптардың өз экономикалық қатынастары келісім-шарттармен
реттелетініне келіскенін және бір-біріне саудадағы неғұрлым қолайлы тәртіп
жағдайын туғызуға уағдаласқанын атап көрсетті. Тараптар баға саясатын
үйлестіру жөнінде шаралар қолдануға, сондай-ақ екінші тараптың тұрақтылығын
бұзатын немесе оған нұқсан келтіретін біржақты экономикалық шаралардан бас
тартуға міндеттенді. Қазақстан мен Ресей өз аумақтарында орналасқан теңіз,
өзен және әуе порттары, теміржол мен автомобиль жолдарының желісі және
магистралдық құбырлар арқылы транзитті көлік операцияларын қамтамасыз етуге
уағдаласты. Сонымен бірге, шартта құзыретгі өкілдіктер алмасу қажеттігі
мойындалды.
Осы шарттың жасалуымен біздің елдердің өзара ықпалдастығындағы бастапкы
саты 11 ың негізгі қағидалары тұжырымдадды. Әйтсе де ең бастысы - кейін
арнайы келісім-шарттар мен екі жақты ірі құжаттардың нысанына айналатын
проблемалар шеңбері осы құжатта айқындалды. Тәуелсіздікке ие болуы мен
өзіннің халықаралық жаңа мәртебесін сезінуінің бастапқы кезеңінде тәуелсіз
мемлекеттердің арасындағы екі жақты қатынастарды дамьпу мен шарттық-
құқықтық рәсімдеу көбінесе кейіпге ысырыла берді. бұл елдердің көпшілігі
алдымен әлемдік қоғамдастық ортасында, әсірссе жетекші державалар алдында
өздерін таныту үдерісін жылдамдатуға басымдық берді.
Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі ең ірі екі мемлекеттің -Қазақстан
мен Ресейдің осы ортада орналаса бастаған қатынастарының қарқынды сипаты
ортақ ырғақтан біршама ауытқығандай болғаны сөзсіз. Алайда біздің елдерінің
дүниемен жаңаша қатынас орнату үдерісінен тысқары қалды деп ешкім айта
алмайтын шығар. Бұл үдеріс өз жолымен жүріп жатты, бірақ ол Қазақстан-Ресей
диалогын қарқындатуға нұқсан келтірген жок- Дәстүрлі тарихи, экономикалык,
мәдени және сипаты өзгере бастаған геосаяси байланыстар тұрғысынан алғанда
жаңа құқықтық анықтаманы ең әуелі біздің елдеріміздің дәл осы екі жақты
қатынастары кажет ететіні барған сайын айқын бола түсті.
1991 жылғы 17-тамызда Қазакстан мен Ресей президенттерінің Алматыдағы
кездесуінде бірқатар құжаттарға қол қойылды, олардың екеуі -
Президенттердің Бірлескен мәлімдемелері - айрықша мән беруге тұрарлық.
Соның біріншіісіндс - "Біртұтас экономикалык кеңістік туралы" деп аталатын
құжатта - егемен екі мемлекеттің президенттері, Қазақстан мен Ресейдің елде
экономикалық тұрақтылық жағдайын жасау, біртұтас нарықтық кеңістік құру
жолындағы жауапкершілігін сезініп, республикааралық экономикалық
қатынастардың оң тәжірибесіне сүйене отырып, егемен он бес мемлекет
басшыларының жүмыс барысындағы ксздесуін өткізудің уақыты мен орнын келісу
жөнінде барлық республикалардың жетекшілеріне ұсыныс жасауды дұрыс деп
шешті. Бұл кездесудің мақсаты біртұтас нарықтық кеңістікті қальштастыруға
байланысты экономикалык және әлеуметтік проблемалардың бүкіл кешенін
талқылау болуы тиіс еді.
Сондай-ақ мәлімдемеде барлық республикалардың экономикалық келісімінің
ортақ тұғырнамасын жасауды, ондай келісімді әзірлеудің кезеңдері мен
мерзімін және оған қол қоюдың шарттарын келісуді, Егемен мемлекеттер одағы
туралы шартқа қол қойылғанп соң тез арада Республикааралық экономикалық
кеңес құру мен оның қызметін жолға қою қағидаларын талқылауды көздейтін
кездесудің күнп тәртібі дс ұсынылды.
Шындығында бұл құжат сол шақта әлі де болса "новоогаревтік үдерісті" оңды
шешуге деген үзілмеген үміттің бейнесі сияқты және, сонымен бірге, біртұтас
экономикалық кеңістікті өзінің бұрыңғы тұрпатында сақтап қалудың соңғы
әрекеті есепті болды. Сонымен қоса, бұл келісімді дәл осы біздің екі елдің
- Қазақстан мен Ресейдін басшылығы тарапынан жасалып, құжат түрінде
рәсімделген ең алғашқы кірігушілік бастамалардың бірі деуге болады.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан мен Ресей президенттерінің "Егемен
мемлекеттер одағы тұрақтылығының кепілдіктсрі туралы" деп аталатын тағы бір
бірлескен мәлімдемесі де көңіл аударуға тұрарлық. Онда президенттер, елдегі
бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, халықаралық құқық нормаларына сәйкес
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін КСР Одағы
халықтарының алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, мынаны мәлімдеді:
Қазақстан мен Ресейдің аумақтық тұтастығын сақтау - елдің
және оны құрайтын мемлекеттердің апатты ыдырауын болдырмаудың аса маңызды
кепілі.
РКФСР құрамындағы республикалармен бірге жаңа негізде
құрылатын Одақтың құрылтайшысы болатын біртұтас күрделі федерациялық
құрылым ретіндегі Ресей Федерациясын сақтау - тұтастай
Одақты сақтаудың қажетті шарты.
Одақты құрайтын мемлекеттердің ішіндегі қатынастар сол мемлекеттердің
конституцияларымен және заңнамаларымен, ал қажет болған жағдайда оларға
кіретін республикалармен жасасқан шарттармен және келісімдермен реттеледі.
Мәлімдеменің жоғарыда аталған барлық тармақтарының мәнділігі даусыз бола
тұра, онда бұрынғы одақтас республикалар басшылығы айрықша мән беріп, қатты
алаңдайтын нәрсеге - кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттердің аумақтық
тұтастығының бұлжымастығына ерекше көңіл белінген.
Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволарының өзара
ықпалдастығының алғашқы жемісті тәжірибесі ретінде Қазақ КСР мен РКФСР
сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық пен қызметтерін
үйлестіру туралы 1991 жылғы 17-тамызда сыртқы істер министрлері қол қойған
хаттаманы айтуға болады.
Оның ерсжелерінде өзара мүдделі екі жақты қатынастар мен негізгі
халықаралық проблемалар бойынша консультациялар жүргізу, сондай-ақ әртүрлі
деңгейде пікір алысу пайдалы деп танылды. Тараптар ынтымақтастық пен қызмет
үйлестірудің мынадай қағидалары және практикалық пошымдары жөнінде келісті:
Сыртқы істер министрлерінің деңгейі мен басқа да деңгейлерде өзара
мүдделі халықаралық жәңе республикааралық мәселелер бойынша ұдайы
келіссөздер мен консультациялар өткізіп тұру, ақпарат алмасуға айрықша
көңіл бөлу және Еуропа мен Азия-Тынық мұхит аймағындағы ынтымақтастық
мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Қазақстан мен Ресей еыртқы істер министрлерінің және олардың
тапсыруы бойынша басқа адамдардың кездесулерін кемінде жарты
жылда бір рет Алматыда және Мәскеуде алма-кезек өткізіп отыру, парлменттер
мен үкіметтердің де, министрліктердің де қызметі туралы өзара негізде
тұрақты әрі жедел ақпарат алмасуды, республикалардағы осы аталған органдар
сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың мәселелері бойынша қабылдайтын
барлық негізгі заңнамалық актілер мен шешімдердің көшірмелерін жіберіп
отыруды қамтамасыз ету.
Тағлымдамалардың, консультациялардың әртүрлі пошымдарын ұйымдастыру,
өзара делегациялар мен қызметкерлер алмасу негізінде тікелей аралас-
құраласқа және бір-бірінің тәжірибесімен танысуға қолайлы жағдай туғызу.
Халықаралық ұйымдар мен форумдардың жұмысына катысу барысында екі жақ та
мүдделі әралуан мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық рухында ұдайы
консультациялар жүргізіп отыру.
Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары арасында одан әрі тығыз
байланыс орнату достас екі мемлекеттің жемісті өзара қарым-қатынасына, ең
алдымен стратегиялық әріптестік қатынастарын нығайту мен оларды шарттық-
құқыктық рәсімдеуге өзіндік үлесін қосады.
Мәскеуде болған белгілі тамыз оқиғаларынан кейін, 1991 жылғы 30-тамызда
жаңа заманның алғашқы толыққанды екі жақты құжатына қол қойылды. Ол --
Қазақстан мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздердің қорытындылары
туралы мазмұндама. Онда КСРО-да қалыптасқан жаңа саяси жағдай
республикалардың егемендік құқықтарын нығайтуды қажет етеді деп
тұжырымдалды. Тараптар мынаған келісті: өтпелі кезеңде халық тіршілігінің
жүйесін демеу және экономикаға жұмыс істету үшін басқарудың уақытша
мемлекетаралық құрылымдарға жасақтап, оған тепе-теңдік тараптар мүдделі
мемлекетерді - бұрыңғы Одақтың субъектілерін қатыстыру тиімді екенін ескере
отырьш, одақтық мемлекеттің ымырасыз ыдырауына жол бермеу мақсатымен
бірлескен күш-жігер жұмсау; барлық мемлекеттерге - бұрынғы Одақтың
субъектілеріне, қазіргі мәртебелерінің қандай екеніне қарамастан, олардың
арасында экономикалық келісім әзірлеуді кідіртпестеп қолға алу, оған қол
қоюдың мерзімі мен шарттарын келісу туралы ұсыныс жасау; тез арада ұжымдық
қауіпсіздік жүйесін жасауды және КСРО Қарулы Күштерін, МХК мен ПМ-ін
реформалау ісін жүзеге асыруды қажет деп санау. Әскери-стратегиялық
мәселелер, ғарыштық зерттеулер мен байланыс проблемалары бойынша шешімдерді
тек қана мемлекетаралық консультациялар мен келісулср нсгізінде қабылдау.
Егемен мемлекеттердің аумағында орналасқан МХК және ПМ органдары, егер
мемлекетаралық келісімдермен басқа жағдай көзделмеген болса, тек қана сол
мемлекеттердің жоғары билік орындарына бағынады деп белгілеу. Егемен
мемлекеттердің аумағында орналасқан КСРО Қарулы Күштерін антиконституциялық
мақсаттарға пайдалану мүмкіндігін болдырмау үшін олардың қос бағыныстылығы
тәртібін орнату;
Қазақстанның Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы
шешімін қолдау. Мемлекетаралық және халықаралық деңгейлердс
ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі күш-жігерге қарқын бсру;
1990 жылгы 21 -қарашадағы екі жақты шарттың ережелеріне сүйене отырып,
мемлекетаралық қатынастарды егеменді теңдік, ішкі істерге араласпау, күш
қолданудан, қысым жасаудың экономикалық және басқа тәсілдерінен бас тарту,
даулы мәселелерді келісімшілік жолдарымен реттеу, Қазақ КСР-ы мен ҒКФСР-дің
мемлскеттік егемендігіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бсрмеу
қағидалары негізінде құру; азаматтардың құқықтары мен тараптардың аумақтық
тұтастығының мәселелері жөнінде аталған шарттың 2- және б-баптарында
белгіленген өзара міндеттемелерді құптау, азаматтардың, қоғамдық
бірлестіктер мен қозғалыстардың ұлтаралық келісімді бұзуға бағытталған іс-
әрекеттерін заңсыз деп есептеу; басқа да егемен мемлекеттермен бірге
қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы батыл демократиялык өзгертулердің
үйлестірілген
саясатын белсенді түрде жүзеге асыруға деген құлшынысты қолдау;
КСР Одағының бұрын қабылданған халықаралық шарттар мен
келісімдерден шығатын міндеттемелеріне өзінің бейімділігін таныту;
тараптарды тұрақты түрде хабарландырып, консультациялар
өткізіп тұру үшін Қазақ КСР мен РКФСР арасында құзыретті өкілдер
алмасу.
Сол кездегі жаппай абыржу мен болашаққа сенімсіздік жағдайында Қазақ КСР-
ы мен РКФСР делегациялары қол қойған құжаттың ең күшті тұжырымы олардың тең
құқықтық жағдайы мен одақтық жаңа құрылым құруды жақтауға деген құлшынысын
қайталап білдіруі болды Олар басқа мемлекеттерді - ғұрыптығы КСР Одағының
субъектілерін, қазіргі мәртебелері қандай екеніне қарамастан, ерікті егемен
мемлекеттер Достастығының өзара тиімді ықтималды пошымы туралы келіссөзге
кірісуге тағы да шақырды.
Бұл әбден дағдылы, бірақ шын мәнінде өмір сүруін тоқтатқан "Одақ"
дейтіннің орнына "Достастық" атаусөзінің ресми қолдануда тұңғыш пайда болуы
еді. Енді бір ескертетіні: бұл Беловежье оқиғаларынан үш айдан аса бұрын
болғанды.

1.2. Қазақстан және Ресейдің 1991-1995 жылдар аралығындағы байланыстары.
Қазақстан ТМД шеңберінде саяси және экономикалық мәселелерді шешу
істерінде егемендік, аумақтық тұтастық, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне
араласпау негіздерін сақтай отырып, Достастық елдері аумағында егемендік
принциптері негізінде өзара қарым-қатынасты нығайтуға кірісті.
Бұл бағытта жұмыстар екі түрлі деңгейде жүргізілуде: екі жақты қарым-
қатынастар дамуда, сонымен қатар ТМД шеңберінде көп жақты қарым-
қатынастарда дамуда. Яғни ТМД мемлекеттерінің экономикалық қарым-
қатынастарының реттелуі тек көп жақты қарым-қатынастар шеңбері негізінде
емес, сонымен қатар екі жақты қарым-қатынастардың дамуымен жүзеге асуда.
Нәтижесінде Ресеймен және басқа да мемелекеттермен беделді құқықтық-
келісімдік қатынастың базасы құрылды.
Қазақстан-Ресей қатынастарын анықтайтын негізгі факторлардың қайнар көзі
мынада: әлі де болса сақталып қалған шаруашылық байланыстарын, тарихи-
мәдени дәстүрлердің тұтастығы, ақыр аяғында діл болып табылады. Бұл
мәселелер жөнінде екі жақты қарым-қатынастарды дамытуда ел басшыларының
кездесулері мен келісімдері маңызды орын алады. Сондықтан да Қазақстан мен
Ресей өкілдері арасындағы соңғы жылдардағы кездесулердің хронологиясына
көңіл аударайық.
1992 жылдың өзінде-ақ әр түрлі дәрежедегі бірнеше кездесулер болды,
барсынында Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарды
реттеуге ұмтылған нақтылы бірнеше құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде
айырықша айта кететіні 1992 жылы 17 қаңтардағы Мәскеуде қол қойылған екі ел
президенттерінің – Қазақстан мен Ресей арасындағы шаруашылық қызметтерге
қойылған шектеулерді алып тастау туралы келісім.
Екіншісі Қазақстан мен Ресей президенттерінің ресми кездеулері 1992 жылы
21 наурызда болды. Осы кездесуде екі ел президенттері экономика саласындағы
екі жақты қарым-қатынас, сыртқы саясат істеріне, ТМД болашағына қатысты
мәселелерді талқылады. Олар Достастықтың152 негіздеріне деген сенімдерін,
экономикалық реформалардың радикалды бағыттарының екі және көп жақты
негізінде ынтымақтастыруын бекітті.
1992 жылы 23 наурызда Орал қаласында қазақстан-ресей үкімет басшыларының
кездесуі болды, екі ел арасындағы кезек күттірмейтін мәселелер, Қазақстан
мен Ресей арасындағы саяси және әскери саласындағы экономикалық
қатынастарды сақтау және кеңейту мәселелері талқыланды.152 Кездесу
қорытындысында 12 құжатқа қол қойылды. Солардың ішінде: Қазақстан мен Ресей
арасындағы бағаны белгілеу саласындағы саясатты үйлестіру туралы келісім;
көлік саласындағы ынтымақтастық пен өзара қатынастар прнинципі туралы
келісім; ғарыш қызметі саласындағы келісім Хаттамасы және т.б.
Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың негізінде БҰҰ-
ның құжаттарында бекітілген жалпы қабылданған қазіргі халықаралық
қатынастар негізделген. Бұл нормалар барлық екі жақты келісімдерде, соның
ішінде 1992 жылы 25 мамырда Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельцин президенттерімен
қол қойылған, елдер арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы
Келісім-шартта көрініс тапты. Онда, атап айтқандай, екі мемлекет арасындағы
қарым-қатынасты құруға ұмтылған, мемлекет тәуелсіздігі мен аумақтың
тұтастығын өзара құрметтеу негіздерін басшылыққа ала отырып, дауларды
бейбіт жолмен шешу, экономикалық және басқадай қысым түрлерімен, күш немесе
күш қаупін қолданбау, құқық теңдігі және ішкі істерге араласпау, адам
құқығы мен негізгі бостандық, өз міндеттерін адал атқару және де
халықаралық құқықтың басқа да жалпы танылған нормалары айқын
көрсетілген153 Бұл келісім-шарт аса ірі өзгерістердің құжат түріндегі
айғағы болды, КСРО тарағаннан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастарды
жаңа өлшемге шығарды. Ол қазақстан-ресей қарым-қатынастарын нығайту
саласында, бірлескен қорғаныс саясатында, жаңа экономикалық кеңістік
құруға, салық және кеден келісімдерін жасауға, тауар алмасу, капитал
салаларын нығайтуға бағытталған. Келісімде екі жаққа да жағымды жағдайлар
қарастырылған, екі жақты келісім құқықты сақтау Қазақстандағы ресей
азаматтарының, орыс тілді ұлт өкілдерінің азаматтық құқықтарын сақтауы
қарастырылған. Келісім-шарт 10 жылғы мерзімде жасалған, қажет болғанда
автоматты түрде тағы 10 жылғы мерзімге ұзартуға болады делінген.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың РФ алғашқы ресми сапары 1994 жылы наурызда
болды. Ол екі ел арасындағы жан-жақты интеграциялық қарым-қатынастарды
нығайтуға бағытталды. Екі ел президенттері қазақастан-ресей елдері
арасындағы интеграцияны және саяси әлеуметтік қатынастарды дамыту, басқа да
өзекті мәселелерді бірігіп шешу, екі елде тұратын ұлт өкілдерінің азаматтық
құқығын сақтау жағдайлары жөніндегі Меморандумға, сондай-ақ, әскери
қорғаныс қатынастарын орнату Келісім шартқа Байқоңыр ғарыш айлағын
бірігіп пайдалану жөніндегі келісімге қол қойды.
Қазақстан мен Ресей премьер-министрлері екі ел арасындағы қарым-
қатынастарына байланысты көпетеген ресми құжаттарға, атап айтқанда мәдени
қатынастарда, ғылым-білім саласындағы басқа мәселелер жөніндегі
қатынастарды дамытуға байланысты қол қойды. Министрлер деңгейінде басқа да
тағы бір құжаттарға соның ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы консулдық
конвенцияға, сыртқы істер министрлерінің кеңесі жөніндегі хаттамаға қол
қойылды.
1995 жыл Қазақстан-Ресей қатынастары жақсы қарқынмен жалғаса дамыды.
Соның бірі қаңтар айында болған Н.Ә.Назарбаевпен Б.Н.Ельциннің жұмыс
барысындағы маңызды кездесуі. Президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастық
кеңейту мен терең қатынастарды одан әрі нығайту Декларациясын қабылдады.
Мемлекеттерде тұрып жатқан екі ел азаматтардың құқықтық жағдайларын реттеу
туралы келісім шарт екі ел азаматтығын алуды ыңғайластыру жөніндегі
келісімде жасалды. Сондай-ақ Кремльде екі ел арасындағы сыртқы экономикалық
істерді бірыңғай реттеу туралы келісім-шартқа еркін сауда қатынасын орнату
туралы хаттамаға, әскери қорғаныс қатынастары жөніндегі, қаржы саласындағы
бірқатар екі жақты келісімдерге ақырында үш жақты Қазақстан, Ресей,
Белорусь аралық кедендік одақ туралы келісімге қол қойылды.
1995 жылы 14 қарашада Қазақстан мен Ресей президенттері екі жақты
ынтымақтастықты Қазақстанда тұратын орыс тілді ұлт өкілдерінің жағдайларына
байланысты көптеген мәселелерді талқылады. ТМД шеңберінде интеграцияның
болашағы жөнінде халықаралық көптеген мәселелер жөнінде, бірқатар
халықаралық мәселелер, Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың жоғарғы
сатыда қарқындап дамып келе жатқандығына, халықаралық және аймақаралық
мәселелердегі өзара түсінушілікпен қанағаттанарлық дәрежелерді атап айтты.
Тараптар ТМД интеграция ісіне болашақта да өзінің үлесін қосу,
мемлекетаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру туралы ұмтылыстарын
атап өтті.
1996 жылы 27 сәуірде Ресейде Президенті қысқа жұмыс сапарымен Қазақстанда
болды. Қазақстан Президентімен кездесуінде, екі жақты ынтымақтастыру
болашағы, БҰҰ шеңберіндегі және халықаралық саласында екі елдің бірлесіп,
іс-әрекет мәселелері Қазақстан-Ресей қатынастарының және байланыстарының
басқа да бағыттары талқыланды. Кездесу қорытындысында дизельді двигательдер
шығаратын кәсіпорын құру туралы келісімге Байқоңыр ғарыш кешені бойынша
Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясын құру туралы ережеге, сонымен
қатар, Каспий теңізін пайдалану туралы ынтымақтастық мәлімдемесіне қол
қойылды. Тараптар Каспий маңындағы мемлекеттер әрекеттерін мына негіздерде
іске асырылуы қажет: Каспийді тек бейбіт мақсатында пайдаланып, оны тек
бейбітшілік, тату көршілік және достық аумағы ретінде сақтау туралы тағы да
қолдады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы егенменді тәуелсіз даму жылдары ішінде
үкімет және мемлекет басшыларының, министрлік ведомстволарының деңгейінде
келісім-шарттар мен келісімдерге қол қойылды.Мемлекет және үкімет
басшыларының жұмыс сапарлары министрлік пен ведомстволардың басшыларының
жалғасулары көптеген салалардағы: экономикалық, әскери, азаматтық
мәселелерде және т.б. бойынша келісімдердің нақты болуына әсер етті.
Тұтасымен алғанда мемлекет аралық құжаттар Қазақстан-Ресей қатынастарының
дамуы жаңа серіктестікте орнықтығын дәледейді, олар бір-бірінің ұлттық
мүддесімен санасып және оны мойындауға негізделеді.
Екі ел үшін 1998 жылдың 6 шілдесі тарихта қалатын күн болды, яғни ол
күнде ұрпақпен уақыт аса зор бағалайтын болады. Сол күні Президенттер
Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельциннің мәңгі достық және бауырлас екі елдің
одақтастық стратегиясын жариялап – ХХІ ғасырға бағытталған, мәңгі достық
пен одақтастық туралы Декларацияны жариялады. Қазақстан мен Ресей өзара
мәңгі достықта болатынын, тату көрші ретінде заңдық мүдделерді ескере
отырып, саяси, экономикалық, әскери және басқа салаларда, сыртқы саясат
шеңберінде тығыз ынтымақтастығын мәлімдеді.
Мәңгі достық туралы Декларация ынтымақтастық пен қатынастардың жаңа
деңгейлерін топшалайды.
Мәңгі достық – естен шығарылған немесе идеологиялық рәміз емес. Бұл екі
ел арасындағы көптен толғағы жеткен, күнделікті өмірде сезілетін құбылыс.
Бұл мыңдаған адамдар мен іскерлік қатынастардың сабақтастығы, қазақстан мен
ресейліктерді байланыстыратын қатынастар, екі елдің тағдыры. Қазақстан мен
Ресейдің мәңгі достығы үшін мәдени және ғылым қайраткерлерінің
ассоцияциясын құру топшыланды, оған екі елдің беделді және рухани басшылары
кіреді. Еуразияның екі үлкен мемлекеті Қазақстан мен Ресейдің – жан-жақты
өзара тиімді ынтымақтастықтары мен субконтиненттегі ең үлкен осы негізгі
тұрақтылық пен өркендеудегі қазақстандықтармен ресейліктердің досытығына
ешқандай балама жоқ.
1998 жылы 15 қаңтарда Алматығы Ресей Федерациясының Президенті Б.Н.Ельцин
ресми сапармен келді. Бұл сапарда екі ел басшылары екі ел арасындағы
қатынастардың артықшылық сипатта болуын тұжырымдады. Ел басшылары өзара
өткен тар шеңбердегі кездесуде мемлекет аралық қатынастар, экономикалық
ынтымақтастық, өзара мүдделі халықаралық жағдайлар мәселелері туралы сөз
етті. Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельцин 1998-2007 жылдары аралығында
экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім-шартқа, ел арасындағы мемлекеттік
шекараны делимитациялау туралы Хаттамаға қол қойысты. Қазақстан-ресей
арасындағы шекараны заңды түрде бекіту екі жақты қатынастарды нығайтады.
ХХІ ғасырға бағдарланған, Қазақстан мен Ресейдің достығы және одақтастығы
жаңа растауды тапты.
1999 жылы қыркүйекте Ресей үкіметі төрағасы Астанаға сапар кезінде,
Қазақстан мен Ресей 2007 жылға дейін шекаралас аймақтардың ынтымақтастығын
қамтитын Бағдарламаға қол қойды, оған сәйкес металлургия өнеркәсібі мен
машинажасау қаржынеркәсіп топтарын құру, трансұлттық мұнай және көмір
компанияларын, әр түрлі экономикалық салада жүзден астам біріккен
мекемелерді құруы, білім, мәдениет, медицина салаларында нақты жобалар
көзделді.
2000 жыл маусымда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей
Федерациясына ресми сапары болды, онда мемлекет басшылары Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерциясы арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағының бір
қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықтың
дамуы туралы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға және Бірлескен мәлімдемеге қол
қойды.
2000 жыл қазан айында Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің
Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы болып мынадай көптеген
екі жақты құжаттарға қол қойылды: ҚР мен РФ арасындағы Каспий теңізіндегі
ынтымақтастық туралы Декларация ; ҚР мен РФ арасындағы гуманитарлық
ынтымақтастық Меморандум; ҚР мен РФ аралық Астрахань мен Орал қалаларында
Консулдық мекемелер ашу туралы Келісім; ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі аралық
өзара саудадағы жанама салық алу незгіздері туралы Келісім; ҚР Үкіметі мен
РФ Үкіметі аралық жылу-энергетика комплекстері саласындағы ынтымақтастық
туралы Меморандум; ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі аралық ҚР-дағы РФ бұқаралық
ақпарат құралдардың тілшісінің және РФ-дағы ҚР бұқаралық ақпарат
құралдардың тілшісінің мәртебесі туралы Келісім; Қазақстан Республикасында
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалын ашу
туралы Хаттама.
1998 жылы, 6 шілдеде Мәскеуде екі ел басшылары Каспийдегі
ынтымақтастық саласында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу
туралы мәлімдемені қолдады. Каспий теңізіндегі ынтымақтастық туралы
Декларация Каспий аймағындағы барлық мемлекеттердің қатысуымен серіктестік
және мәселелердің ақырғы шешімін қамтиды.
1992 жылдан бастап екі ел президенттері қырық рет кездескен. Нәтижесінде
1992 жылы 25 мамырда достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісім-
шарт жалғасында екі мемлекеттің күшімен 330 астам құжаттан тұратын келісім-
құқықтық базасы құрастырылған, осы құжаттар өзара кең масштабтағы барлық
екі жақты құбылыстарды реттейді.

ІІ – тарау ХХІ ғасыр - Қазақстан және Ресейдің
стратегиялық әріптестер.
2.1. Қазақстан және Ресей қарым-қатынастарының нәтижелері.
Қазақстан мен Ресей аралық қатынастарды дамытудың маңызды бағыттарының
бірі – экономикалық ынтымақтастық. Дегенмен де, екі жақтың экономикалық
интеграция саласындағы қаншалықты ұмтылыстар болса да, жалпы экономикалық
кеңістіктің құрылуы күрделі қарама-қайшылықта өтуде.
1992 жылы, 25 мамырда достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы
Келісім-шартта екі елдің экономикалық ынтымақтастығы негізделген. Онда
нәтижелі жалпы экономикалық кеңістікті құру үшін барлық деңгейлердегі
шаруа субъектілердің тең құқықтығы мен өзара тиімді экономикалық және
ғылыми-техникалық ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдетуге тараптар
жәрдемдесетініне назар аударды. Тараптар экономикалық өзгерістер
саласындағы әрекеттерін, оның ішінде құрылымдық, ақша-несие, валюта, салық
және баға саясатын қоса алғанда, үйлестіреді.
1992 жылы 13 наурызда қабылданған Достастық мемлекеттерінің кеден саясаты
негіздері туралы Келісімге сәйкес Кедендік одақ құрылды, оған қатыса
отырып, тараптар келісілген кеден саясатын өткізеді, тауар, капитал және
олардың арасындағы қызметтердің кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етеді.
Тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және ынтымақтастықтың
басқа түрлерінің дамуы туралы сәйкестендірілген екі жақты Келісімдер,
сонымен қатар әлемдік бағалар бойынша өзара есепке өту шарттары мен
мерзімдерін талқылады.
Тараптар әр түрлі халықаралық, экономикалық, қаржылық және басқа
ұйымдармен институттарда бірігіп әрекет етеді, тараптардың біреуі мүше
болған халықаралық ұйымдарға кіру немесе қатынасу үшін бір-біріне қолдау
көрсетеді.
Басқа тараптың экономикалық жағдайын тұрақсыздандыратын бір жақты шараларды
жүзеге асырудан әрбір тарап бас тартады. Келісім-шарттың 17-бабында
көрсетілгендей, экономикалық және сауда тараптар қатынастары өзара қолайлы
ұлттық тәртіпке негізделіп құрылған.
Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлік пен шаруашылық іс-әрекеттері үшін тиімді
экономикалық, қаржы және құқықтық шарттард, екі елдің азаматтары,
мекемелері, фирмалар мен басқа экономикалық ынтымақтастық субъектілерінің
әртүрлі кооперация түрлері мен тікелей байланыстарын әртүрлі формада жан-
жақты марапаттап, қамтамасыз етуді міндеттейді. 1992 жылы Қазақстан мен
Ресейдің әртүрлі министрліктері мен ведомстволары деңгейінде он келісім
шарттар мен келісімдер қабылданды.
1993-ші жыл Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастықтың барлық салаларын
қамтитын, екі жақты қабылданған құжаттарымен сүбелі де маңызды жыл
болды.1993 жылы 9 қаңтарда Омбыда өткен екі елдің үкімет делегациялары,
Қазақстан мен Ресей шекара маңыдағы облыс әкімдерінің кездесуінде осы
облыстардың экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтасуы
мәселелер жайында талқыланды, қорытындысында екі ел премьер-министрлері
Хаттама мен Коммюникеге қол қойды. Бұл кездесу екі жақтың облыстық және
аймақтық дәрежеде тығыз байланыста болуға ұмтылғандығын дәлелдеді.
1994 жылы 28 наурызда екі ел президенттері қол қойған Қазақстан мен Ресей
экономикалық ынтымақтастығы мен интеграциясын ары қарай тереңдету туралы
Келісім-шартта былай делінген: ... екі ел экономикалық интеграцияны
қамтамасыз етуді, жалпы экономикалық кеңістікті және жалпы рыногін құру,
экономикалық реформаларды өткізу, шаруашылық заңдарды жақындастыру, Ресей
мен Қазақстанның жекелеген аймағындағы мекемелер, ұйымдармен өзара тиімді
байланыстарды сатау мен дамытуды бірігіп іске асырады. Тараптар өздерінің
баға, салық кеден және валюта саясаттарын жақындастыруды, нарықтық
қатынастар негізінде біртіндеп екі мемлекет арасындағы тауар, қызмет,
капитал мен жұмыс күштерін еркін алмасуға көшуді міндеттейді. Олар жеке
және заңды тұлғалардың меншіктерін пайдалануын, оған билік етудің өзара
ортақ заңдылығын мойындайды.
Ресей мен Қазақстанда екі мемлекеттерде ұлттық валюта енгізілуімен өзара
төлеу-байланыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, конверстация және өзара
алмасу курсының тұрақтылығын қолдау, ұлттық валютаны кедергісіз
айырбастауды ұйымдастыру, Ресей мен Қазақстанның орталық және коммерциялық
банктері арасында өзара есептер құрылысын құруға шаралар қолданады.
Тараптар салық жүйелерінің дәйекті үндесуін жүргізуде. Олар құрылымдық,
ғылыми-техникалық және инвестициялық саясаттың кесімділігін, өндірістің
құрылымдық пайда болу салаларында тиімді еңбек бөлуді, экономиканы
құрылымды қайта құру және ғылыми-техникалық даму бойынша мемлекетаралық
кешенді бағдарламаларды өңдеуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар тиісті
ақпарат, нормативті және методологиялық іс қағаздармен алмасуды
ұйымдастырады.
Келісім-шартта өзара мамандандыру және өндірісті бірлестіру салаларында
біріккен саясатты өткізу туралы, өнеркәсіп салаларында артықшылықтарды
анықтау, біріккен жобалар мен инвистицияларды құрау және жүзеге асыруға
көмектесу, өндірістің көпжақтылығын үйлестіруді өткізу, соның ішінде
қорғаныс саласындағы конверсияны қосқандағы тараптардың міндеттері
бекітілген.
1995 жылы 20 қаңтарда Қазақстан мен Ресей президенттері қол қойған
қазақстан-ресей ынтымақтастығының кеңеюі мен теңдеуі туралы Декларацияда,
осындай ынтымақтастықтың барлық бағыттарында жүргізілітіндігі анықталған.
1996 жылы 27 сәуірде дизельді двигательді жасап шығару бойынша бірлескен
кәсіпорын құру туралы Келісім қабылданды.170 Соған сәйкес Қостанай
дизелть зауыты акционерлік қоғамы – дизельді двигательді шығаратын
қазақстан-ресей бірлескен қазақстан-ресей акционерлік қоғамын қайта құрды,
зауыт тіркеуі және орны Қазақстан Республикасында болып табылады. Бірлескен
кәсіпорынның ресей жағынан құрылтайшысы – Орал автомобиль зауыты (Миасс
қаласы), қазақстан жағынан – Сельхозмаш акционерлік қоғамы болып
табылады. Бірлескен кәсіпорынның жарғысында қаржы үлестері былай бөлінген:
ресей жағының құрылтайшысына – 60%, қазақстандықтарға – 40%.
Қазақстан мен Ресей сауда ынтымақтастығы үшін 1996 жылы 18 қазанда
үкіметаралық екі жақты салық салудан босату және кіріс пен капиталға салық
төлеуден бас тартуды болдырмау қабылданған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
XVI-XVIII ғғ. Қазақ-Орыс қарым-қатынастарының зерттелуі мен елшіліктер тарихы
1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Сауда - экономикалық қатынастар
ХVІІІ ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынастары
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым - қатынасты зерттеу
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары туралы
Стратегиялық әріптестік шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер