Қызылорда облысының физикалық-географиялық орнына сипаттама беру


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қызылорда облысының физикалық-географиялық орнына сипаттама беру

Кызылорда облысы республиканың оңтүстігінде Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы жазық рельефті Тұран ойпатының едәуір бөлігін алып жатыр. Батысынан оған Арал теңізінің солтүстік және шығыс бөлігі кіреді, оңтүстігінде - Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде - Арал маңы Қарақұмы, Арысқұмы және Орталық Қазақстан шетінің шөлдері жатыр. Облыс ұланғайыр Тұран ойпатында орналасқан. Оның басым бөлігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ежелгі атырау жазықтығы болып табылады.

Обылыс аумағының жер бедері ұзақ уақыт бойы жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан. Жүздеген миллион жылдар бойына бірнеше рет теңіз суы басып, су астында қалып отырды. Сонымен бірге, жер бетінің көтеріліп, керісінше төмен түсу сияқты күрделі процесстер жүріп отырды. Кайнозой эрасының басында облыс аумағы біржола құрлыққа айналды. Биік жерлердегі бұзылған тау жыныстарының ойыстарға жиналуынан аккумулятивтік жазықтар пайда болды. Осы кезде теңіздің шығыстағы шекарасы шамамен Сырдария өзенінің төменгі ағысына дейін жеткен.

Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болды, бірақ жер бедері ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Батыстағы Үстірт Хазар теңізінен көтеріліп, Арал теңізі дараланды. Сонан бері де бұл теңіз суы солтүстікке, оңтүстік-шығысқа жайылған, кей жылдары кейін шегінген, кейде суы молайып, бір-біріне қайта қосылып отырған. Жазық жерлерде денудациялық процесстердің әсерінен саздақты, құмдақ, әр түсті саз балшық қабатары жиналды. Неогеннің аяғында аридттік климат үстем болып, соған байланысты бұрынғы сирек орманның орнына шөл және қуаң далалы өңір қалыптасты.

Төрттік дәуірдің орта кезінде Әмудария өзенінің Қарақұм құмды алқабының солтүстік бөлігімен өтуіне байланысты Арал теңізінің суы молая түсті. Арал маңы ойпатының оңтүстік шығыс жағынан Сырдария немесе Қызылорда ойпаты басталады және ол шығыста Түркістан қаласы тұсына дейін созылады. Арал теңізіне қарай көптеген өзен аңғарлары тармақталып жетеді, оларға Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария сияқты өзен арналары дәлел бола алады. Сырдарияның оң жағалаулық аңғарын Дариялықтақыр жазығы алып жатыр. Қызылқұм жазығының солтүстік шығысы ғана Қызылорда аумағына енеді, яғни Сырдария өзенінің аңғары мен Жаңадария өзенінің аралығы. Мұнда тұтас алқаптың біразы өсімдіктермен бекіген.

Облыс жер бедерінің басым бөлігі тегіс, кей жерлері белесті, адырлы болып келеді. Әр жерлерде көзге алыстан көрінетін оқшау төбелер, шоқылар кездеседі. Жазықтың абсолют биіктіктері Сырдария өзенінің ағысымен біртіндеп төмендейді. Ол оңтүстік шығыста 200 метрден Сырдарияның төменгі атырауында Арал теңізі жағалауында 50-53 метрге дейін төмендейді. Облыстың қиыр оңтүстік шығысында Қаратау жотасының (1419) солтүстік батыс шеті кіреді. Оның беткейлері тар шатқалды, тек көктемде ғана су жүретін өзен аңғарларымен тілімделген. Облыс аумағының жер бедерін жалпы үш геоморфологиялық ауданға бөліп қарастыруға болады. Олар: аллювийлі жазық және Сырдария аңғары; эолды-құмды жазықтар; Арал теңізі жағасы және бұрынғы теңіз табаны.

Бірінші геоморфологиялық ауданға Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы аудан орталықтары мен Қызылорда қаласының жерлері жатады. Эолды-құмды жазықтарға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Қызылқұм құмдары кіреді. Оның жер бедерінің құрылымы негізінен, құм төбелі аккумулятивтік эолды-аллювийлік жазық болып келеді. Құм төбешіктер аралығында тақыр жерлер кездеседі. Арал теңізінің жағалық белдемі өз алдына жеке аудан. Сондықтан теңіз суынан жалаңаштанған шығыс жағалары төрттік дәуірдің шөгінділерінен түзілген жазық және ойпатты келген, кей жерлерде құмды аралдар кездеседі. Ал, теңіздің солтүстік жағалауы биіктеу болып келеді. Түбектерде палеоген жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Жазықтың басым бөлігі Сырдария, Сарысу өзендері, ежелгі Қызылқұмды кесіп өткен Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Облыс аумағынан ағып өтетін Сырдария өзені бойында геологиялық деректер бойынша екі үлкен қазаншұңқыр болған. Оның бірі - Қызылорда қазан шұңкыры. Ол Сырдария, Сарысу өзендерінің таудан ағызып келген шөгінділерімен толған. Қызылорда қазаншұңкыры сумен келген шөгінді жыныстармен толып, қазіргі жер бедері пішіні қалыптасқан. Бұл аймақ оңтүстік-шығысында Қаратау, оңтүстік-батысында Қызылқұм төбелерінің аралығын ала Сырдария өзенінің арналық бағытымен кең жайылып жатыр.

Облыс аумағында салыстырмалы түрде бірнеше ірі жазықтар орналасқан. Бикесары жазығында шаруашылық мәні біршама, жеткілікті өсімдік жамьлғысы бар ежелгі төбешік құмдар кең таралған. Бикесарыға қатарласа Дариялықтақыр жатыр. Егер су көзін тапса шаруашылыққа пайдалануға болады.

Жаңадария жазығы 1848, 25 мың га жерді алып жатыр. Негізгі топырақ жамылғысы-шөлдің тақыр тәріздес топырағы. Сортаң, құмдақ пен құм аралас шөгінділермен толған. Облыстың солтүстік-батысындағы екінші қазаншұңқырда Арал теңізі орналасқан. Қазаншұңқырдың батысы және солтүстік жағалауы тік, ал шығысы мен оңтүстік жағалауы қайраңды, құмды және тайыз. Бұл теңізге (қазаншұңқырға) құятын өзен суының әрекеттерінен болған. Сонымен қатар, желдін әрекетінен өзгеріп тұратын құмдар арасында эолдық шұңқырлар кездеседі, олар кейде жауын-шашын, еспе суларға толып, уақытша көлшіктер түзейді.

Жер бедерінің кейінгі өзгерістеріне ауыл шаруашылығы үлкен әсер етті. Он мыңдаған гектар жерлер тегістеліп егістікке айналдырылды. Топырағы сортанды, сор болып келеді. Оның бетін құм жапқан. Жел үрлеген жерлерде ойдым-ойдым тақырлар кездеседі. Жазықтың көп жері өте құрғақ болғандықтан жайылымы да құнарсыз. Ал оңтүстік -шығыс бөлігінде соры шамалы топырақ жамылғысы таралған.

Қуандария жазығы 621, 25 мың га жерді алып жатыр. Біршама тегіс жазық. Топырақ жамылғысы сорланған тақыр тәріздес. Мал шаруашылығы үшін көктем-қыс айларында өте тиімді жайылым ретінде пайдаланады. Жер асты және артезиан суын пайдалануға болады.

Облыс аумағында бұлардан басқа Айкөлдің жазығы, Қоскөңнің жазығы, Кесікқырдың жазығы деген жерлер де бар.

Облыстың жазық өңірінде әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал-жал бұйраттар ұшырасады. Мұндай бұйрат құмдар Қуаңдария мен Жаңадария өзендері аралығында үлкен аумақты алып жатыр. Кей жерлерде жазық бетінде жалғыз төбелер кездеседі, олар: Аққыр , Жосалы, Жетітөбе, Қостөбе, Көксеңгір, т. б. Бұл төбелердің биіктігі 60 м-ден 80 м-ге жетеді. Кейбіреулері желдің үру әсерінен тік жарлы шоқылар құрайды. Сондай-ак, облыс жерінде ертеден қалған тарихи қорғандардың орындары көп. Олар: Ордакент, Сығанақ , асарлар: Жетіасар, Кұмқала, Шірік Рабат ., т. б.

Облыс аумағы Тұран тақтасы шегінде орналасқан ерекше жазық аймақ. Солтүстік Қызылқұм синеклизасы Қаратау-Есіл ойпаңының девон-карбон әктастары бетінде орналасқан. Ойыстың ортаңғы бөлігі төменгі бордың континентік кесекті жыныстарынан құралған. Арал Қаракұмының оңтүстік бөлігі бор шөгінділерінен тұрады. Сырдарияның сол жағалауындағы Қазалы массивінің тұсы палеогендік жыныстардан түзілген. Ал қалған аумақ түгелімен дерлік антропоген шөгінділерінен тұрады. Төменгі протерозойда Сырдарияның оң жағалауын саяз теңіз басып жатты, ал сол жағалауы құрғак жазық болды. Венд шөгінділері каледон антаклинорийлерінің осьтік бөліктерінде дамыған. Жыныстардың құрамы әртүрлі. Қаратауда конгломерат-құм-саз құм-қабаттары, орта және қышкыл құрамды вулканиттер, туффиттер, карбонатты-кремнийлі жыныстар қалыптасқан. Палеозой тобыньң жыныстары бүкіл ел аумағында өте кең тараған. Тұран тақтасында палеозойлық іргетасын мезо-кайнозойлық шөгінділер жауьп жатыр. Төменгі кембрий жыныстарындағы фосфоритті және ванадийлі горизонттар Қаратау жотасында кездеседі. Девон кезеңінің басы теңіз аумағының кішіреюімен сипатталады. Неогенде облыс аумағы қазіргі келбетіне келген.

Климаты. Облыстың климаты тым континентті, қысы суық, қары аз, жазы аңызақты, ыстык, ең жоғары температурасы 40-42°С көрсетеді. Әсіресе климаты Орталық Азия үшін басты рөлді циклондар атқаратын ерекше және ауыспалы әуе массасы атмосфералық процесстермен анықталады. Батыстың ылғал және солтүстіктің суық әуе массасы ауа температурасының төмендеуіне және облыс территориясының шөгуіне алып келеді. Күзгі-қысқы мезгілде Қызылорда облысында ашық құрғақ күндер болады. Көбінесе жылдың салқын мезгілінде Сырдария өзенінің сағасы ұзақ шөгулі салқын ауа райын тудыратын баяу циклонды туындатады.

Климатының мұндай жағдайлары облыс жерін Қызылқұм, Мойынқүм, Бетпакдала және Тұран ойпатының қоршай орналасуы әсерінен қалыптасқан. Ауаның орташа температурасы қаңтарда -7 -13°С, шілдеде 26 -28°С. Кей жылдары қыста температура -40°С-қа дейін төмендейді. Жазда максимум температура 42-44 0 С дейін жетеді. Құм 60-70 0 С дейін қызады. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 100-115мм аспайды және бұл көрсеткіштің 60%-ға жуығы қыс-көктем айларына келеді. Жылдың 235-275 күнін 0°С-тан жоғары жылы күндер құрайды. Құрғақшылық соңғы 30 жылда жиі байқалып келеді, бұл облыс климатына тән. Республика бойынша атмосфералық жауын-шашын ең аз түсетін өңір. Арал теңізінің тартылуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттар және экологиялық ортаньң нашарлауына байланысты соңғы 20-30 жылдай қышқыл жаңбыр жауатын болды. Қар жамылғысы тұрақсыз. Алғашқы қар қарашаның 2-жартысында түседі. Ал, жылыну жылдың басында, ақпан айының екінші, үшінші онкүндігінен басталады. Облыс аумағында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы қысты күндері аз өзгереді, орташа алғанда 70-85%. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының төмендеуі күннің жылынуымен басталады (акпан айынан) да, жаз айларында 11-16%-ға төмендейді. Қызылорда қаласының маңында солтүстік шығыс пен солтүстік батыс желдері басым болады. Желдің орташа жылдамдығы облыс аумағының басым бөлігінде 3-5 м/с-ті көрсетеді. Облыс аумағында жылы мезгілдің басталуымен бірге шаңды дауылдар байқалады. Аудаңдардың көбінде жылдың бір мерзімінде 2-ден 20 күнге дейін, Қызылорда қаласында 30 күнге дейін желді күндер болып тұрады.

Ішкі суы. Облыс жерімен Сырдария өзенінің 1 мың км-ге жуық төмен ағысы өтеді. 1956 жылы маусымда Сырдария өзенінде Қызылорда бөгеті іске қосылды. 1958 жылы Сырдарияның ескі арнасы Жаңадарияға өзен суы жіберілді. 1950-60 жылдары Қызылорда су тораптарының сол жақ және оң жақ каналдары қазылды. 1969 жылы Қазалы су торабы егіс даласы мен жайылымдық жерлерді суаруға берілді. Өзендер суының теңізге құю мөлшерінің кемуімен Арал теңізі Үлкен және Кіші Арал болып екіге бөлінді.

Арал теңізінің алабының өзендері сирек, шөлді аймақта орналасқан. Теңізге Қазақстан аумағы арқылы ағып өтетін Сырдария өзені құяды. Сырдария өзені Орталық Тянь-Шань тауларынан Нарын мен Қарадария өзендері қосылған жерінен бастауын алады. Оның жоғарғы ағысына бірнеше сала қосылса, ал республика аумағында Арыс, Келес өзендері құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 2212 шақырым. Оның 1400 шақырымы құмды аңғармен ағып өтеді. Арналары иір-иір, жарқабақты келеді, лессты-саздақты жыныстарды шайып әкетеді. Сырдария өзенінің қатты ағыны жылына 100 миллион тонна шамасында шөгіндіні ағызып алып келеді. Республикадағы суы ең лайлы өзен. Соңғы жылдары Сырдария суын шаруашылық пен егістіктің әртүрлі салаларына пайдалануға байланысты суы Арал теңізіне жетпей тартылып қалды. Қазақстан жеріндегі Сырдария өзені бойында Шардара су қоймасы, Қызылорда бөгеті, Қызылқұм, Қазалы суару жүйелері салынған.

Облыс көлемінде есепке алынған Майкөл, Бәйбіше, Серкеш, Жаңабай, Шынар, Бақаш, Момын, Берлімбет, Иіркөл, Көкшекөл, Қаракөл, Қарасу, Сарыкөл, Мақпалкөл, Шағала, Жаңадария, Лайкөл, Сасықкөл, Соркөл, Қамыстыбас, Арыскөл, Жақсықылыш және т. б. сияқты көлдер бар. Осыдан қырық-елу жыл бұрынғы жүзден астам көлдің көпшілігінің аты ғана қалған. Мысалы, Бәймен көлі, Домалақ көл, Бидайкөл, Табанкөл.

Топырақты-өсімдік жамылғысы. Сырдария өзені ойындысының жайлы жерінің жалпы көлемі 10℅ алып жатыр, шөлейт аймағы-25%, шөл аймағы-65%.

Топырақты жамылғы айтарлықтай әр түрлі болып сипатталады және екі үлкен ауданға бөлінеді: егіншілік алқаптағы топырақтың дымқылдануы және шөл аймақтағы қуаң топырақ. Жер бедерінің әртүрлі дымқылдану шарттары, шөгіндінің бір текті еместігі, жеке табиғи аудандарға ауылшаруашылық пайдалануды бағыттау күрделі үйлестіру мен жиынтыққа жиі ұшырасатын айтарлықтай өте көптеген алуан түрлі топырақты (тақыр елсіз топырақ, тақыр сортаң топырақ, тоғайлық топырақ, аллювиальды-шабындық ескі тоғайлық топырақ, шабындықты-батпақты топырақ, батпақты топырақ, ақ сортаң типті, құмды топырақ) қалыптастырады. Қызылорда облысының территориясы негізінен құмды массивпен қамтылып, дәнді-бұталы (жүзген, сібір еркекшөбі, гигант қияғы, құмды қияқ және т. б. ) өсімдік топтарымен жабылған. Құм арасынан ақтаспа, жүзген, бидайық және т. б. өсімдіктер өнген. Едәуір бөлігін сексеуіл ормандары алып жатыр. Сырдария өзен алқабында жайылма өсімдіктері, сонымен қоса тоғайлық орман (жиде-тал-жыңғыл), қамысты ну өсімдік, сортаңда жыңғыл ну өсімдіктері өседі.

Облыста шипалы өсімдіктердің 54 түрі өседі. Бұл өсімдіктер облыстың аллювийлі-шалғындық (тоғайлық), аллювийлі-шалғындық, шалғындык-батпақты және басқа топырақ типтерінде өсуге бейімделген. Осындай түрлердегі шипалы өсімдіктер түрлері 34 тұқымдасқа: бұршақтар, жиделер, сарғалдактар, түйетабандар, көкнәрлер, алабұталар, тарандар, сүттігендер, т. б. тұқымдастарға жатады.

1997 жылы "Экология лекарственных растений" деген атпен Кызылорда қаласында шықкан кітапшада 21 тұқымдасқа жататын дәрілік өсімдіктердің 33 түрі сипатталған. Бастылары: бұршақтар, түйетабандар, тарандар, көкнәрлер, күрделі гүлділер, т. б. тұқымдастар. Мұнан баска Қызылорда флорасында дәрілік мәдени өсімдіктер түрі - 28. Олардың ішінде: арпа, сұлы, қант қызылшасы, шырғанақ, асқабақ, итмұрын, жүгері, сарымсақ, жуа, картоп, капуста, т. б. бар.

Жануарлар әлемі негізінен дала және суда жүзетін құстармен (қаз, үйрек, балшықшы), шөл құстарымен (шұбар), тұяқты (ақ бөкен) , жыртқыш (түлкі-қарсақ, қасқыр және т. б. ) аңдармен, әртүрлі кеміргіштермен, бауырымен жорғалаушылармен ерекшеленеді.

Бұл аймақта сексеуіл шұбарторғайы, даланың бозторғайы, кекілік және шөл қарғалары, қамысты жерлерді оқпақ, көкқұтан, ал ыза тепкен шалғындарда сауысқан тектес балықшы қызғыш, шағала, балығы бар суларда карабай, бірқазан, ал шалшық айдындарда ұзын сирақ тырна, жыртқыш құстардан бүркіт, дала қыраны қарақұс, дала ителгісі, дала және жай бөктергі, қара лашын (кезқұйрық), сұңқартұйғын, күшіген, шөл далада кесіртке, жылан, қарақұрт, бүйі, бұзаубас сиякты бауырымен жорғалайтын жәндіктер кездеседі. Бекіре тектес күретұмсық, тыран, сазан, тісті, қаяз, ақбалық, шип, шәмейке, жайын, алабұға, шортан және баска да балықтардың кәсіпшілік маңызы зор болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Медициналық - географияның зерттеу әдістері
Облыс жерінде қар жамылғысы тұрақсыз
Сырдария өзенінің тармағы
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы
Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Сырдария өзенінің экологиялық мәселелері
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz