Қасым хан өмірі



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Қасым ханның өмірбаяны.
2. Қасым ханның билік басына келуі.
3. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
4. Қасым ханның жүргізген сыртқы және ішкі саясаты.
5. «Қасым ханның қасқа жолы»
III. Қорытынды
Тарихта ұлы адамдар аса маңызды оқиғалар мен өте күрделі бетбұрыс кезеңдерде айқын көрінетіні белгілі. Өйткені олар белгілі бір тарихи дамулардағы ірі өзгерістерге белсене қатынаса отырьп, оқиғалардың даму барысының жетегінде кетпейді, керісінше өзгерістердің тез немесе баяу болуына, оқиғалардың объективті даму, өрбу бағытына өзіндік жеке рөлін қосады. Олардың қоғам дамуына қосқан үлесі неғұрлым ауқымды, неғұрлым терең болса, соғұрлым олардың есімі халықтың тарихи санасында өшпестей болып сіңіп, уақыт өте ұрпақтар алдында биікке көтеріле береді. Халқының тарихында мұндай ұлы адамдар өте көп, "бірақ та" олардың қатарында, 1511-1521 жылдар ішінде Қазақ хандығын билеген Қасым ханның орны ерекше. Қасым хан туралы сөз қозғасақ, бірден ойымызға ешбір жазба деректерде кездеспейтін, тек қана халық ауыз әдебиеті арқылы күні бүгінге дейін жеткен «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз тіркесі оралады. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Ол — біріншіден, Қасым ханның өмірі, хандық билігі, сол жылдардағы Мауреннахрдағы шайбанилер әулетімен, Моғолстандағы шағатайлар әулетімен жүргізген саясаттың, қарым-қатынастың нәтижесі; екіншіден—Қазақ хандығын күшейтудегі, қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы сіңірген енбегіне халықтың берген бағасы; үшіншіден — қазақ халқының этникалық, ұлттық территориясын қалыптастыру жолындағы атқарған жұмыстарының жемісі; төртіншіден — мемлекетті басқару ісіндегі келесі ұрпақтарға қалдырған өнеге жолы.

Қасым ханның жеке өмірбаянына арнайы жазылған ортағасырлық дерек жоқ, тек қана оның сұлтандық және хандық дәуірінен үзік-үзік мәліметтер Қадырғали Жалайыри, Мухаммед Хайдар мырза Дулат, Бабыр, Бинай, Шади, Рузбехан Исфахани, Махмуд ибн Уәли, Хайдар Рази, Гафари, Абдаллах Балхи, Әбілғазы және т. б. авторлардың еңбектерінде кездеседі. Орыс деректерінде де ол туралы - мәліметтер баршылық.
Қасым хан туралы айтпас бұрын, алдымен оның ата-тегіне қысқаша тоқтала кеткен жөн. Қасым хан — Шыңғыс хан ұрпағы. Шыңғыс ханның кім екендігі баршаға мәлім. Қасым хан оның үлкен ұлы — Жошыдан тарайды. Жошының он төрт ұлының бесеуі және олардан тараған ұрпақтар ХШ-ХV ғасырларда Еуразияның шығыс бөлігіндегі саяси тарихта үлкен рөл атқарады. Орда Ежен, Батый, Шайбан (Шибан), Тұқай Темір ұрпақтары Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Қазан, Қырым, Астрахан, Сібір, Хорезм хандықтарының, Мауреннахрдың (XVІ-XVІІІ ғ.ғ.) хандары болған.
1. «Аңыз адам» республикалық журналы, #21, 2014 жыл, қараша айы.
2. «Қазақстан тарихы», Ч. Мусин, Алматы, 2003ж.
3. «Қазақстан тарихы» очерктер, Алматы «Дәуір», 1994ж.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар және Әлемдік экономика кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырып: Қасым хан

Орындаған: ӘЭ 51қ І курс студенті
Қабылдаған: т.ғ.д., профессор Сайлан Б. С.
Алматы, 2015ж.
Жоспары:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
1. Қасым ханның өмірбаяны.
2. Қасым ханның билік басына келуі.
3. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.
4. Қасым ханның жүргізген сыртқы және ішкі саясаты.
5. Қасым ханның қасқа жолы
III. Қорытынды

Тарихта ұлы адамдар аса маңызды оқиғалар мен өте күрделі бетбұрыс кезеңдерде айқын көрінетіні белгілі. Өйткені олар белгілі бір тарихи дамулардағы ірі өзгерістерге белсене қатынаса отырьп, оқиғалардың даму барысының жетегінде кетпейді, керісінше өзгерістердің тез немесе баяу болуына, оқиғалардың объективті даму, өрбу бағытына өзіндік жеке рөлін қосады. Олардың қоғам дамуына қосқан үлесі неғұрлым ауқымды, неғұрлым терең болса, соғұрлым олардың есімі халықтың тарихи санасында өшпестей болып сіңіп, уақыт өте ұрпақтар алдында биікке көтеріле береді. Халқының тарихында мұндай ұлы адамдар өте көп, "бірақ та" олардың қатарында, 1511-1521 жылдар ішінде Қазақ хандығын билеген Қасым ханның орны ерекше. Қасым хан туралы сөз қозғасақ, бірден ойымызға ешбір жазба деректерде кездеспейтін, тек қана халық ауыз әдебиеті арқылы күні бүгінге дейін жеткен Қасым ханның қасқа жолы деген сөз тіркесі оралады. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Ол -- біріншіден, Қасым ханның өмірі, хандық билігі, сол жылдардағы Мауреннахрдағы шайбанилер әулетімен, Моғолстандағы шағатайлар әулетімен жүргізген саясаттың, қарым-қатынастың нәтижесі; екіншіден -- Қазақ хандығын күшейтудегі, қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы сіңірген енбегіне халықтың берген бағасы; үшіншіден -- қазақ халқының этникалық, ұлттық территориясын қалыптастыру жолындағы атқарған жұмыстарының жемісі; төртіншіден -- мемлекетті басқару ісіндегі келесі ұрпақтарға қалдырған өнеге жолы.

Қасым ханның жеке өмірбаянына арнайы жазылған ортағасырлық дерек жоқ, тек қана оның сұлтандық және хандық дәуірінен үзік-үзік мәліметтер Қадырғали Жалайыри, Мухаммед Хайдар мырза Дулат, Бабыр, Бинай, Шади, Рузбехан Исфахани, Махмуд ибн Уәли, Хайдар Рази, Гафари, Абдаллах Балхи, Әбілғазы және т. б. авторлардың еңбектерінде кездеседі. Орыс деректерінде де ол туралы - мәліметтер баршылық.
Қасым хан туралы айтпас бұрын, алдымен оның ата-тегіне қысқаша тоқтала кеткен жөн. Қасым хан -- Шыңғыс хан ұрпағы. Шыңғыс ханның кім екендігі баршаға мәлім. Қасым хан оның үлкен ұлы -- Жошыдан тарайды. Жошының он төрт ұлының бесеуі және олардан тараған ұрпақтар ХШ-ХV ғасырларда Еуразияның шығыс бөлігіндегі саяси тарихта үлкен рөл атқарады. Орда Ежен, Батый, Шайбан (Шибан), Тұқай Темір ұрпақтары Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Қазан, Қырым, Астрахан, Сібір, Хорезм хандықтарының, Мауреннахрдың (XVІ-XVІІІ ғ.ғ.) хандары болған. Ортағасырлық кейбір дерек мәліметтері мен соларға негіздеп жазылған қазіргі тарихи зерттеулерде Қасым ханның Жошының қай ұлынан тарайтындығы жөнінде екі түрлі көзқарас бар. Бірінші көзқарас бойынша, қазақ хандары Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды, ал екінші пікірдегілер қазақ хандарын Жошының ең кенже ұлы -- Тұқай Темірден өрбітеді. Тұқайтемірлік пікірді -қостаушылардың сүйенетіні XVI және XVII ғасырларда жазылған Тауарих-и гузида-йи нусрат наме мен Әбілғазының Түрік шежіресіндегі мәліметтер. Осы жолдардың авторы бұл жөнінде тұқайтемірлік пікірді сынап, дерек мәліметтеріндегі қателердің жіберілу себептері туралы аз дәлелдемелерін айтқан болатын.
Орда Ежендік пікірді ұстанушылар негізінен XIV және XV ғасырдың басында жазылған Рашид-ад Диннің Жамиғ ат-тауарихы мен атышулы Ескендірдің анонимі атты деректеріне сүйенеді. Біз де осы пікірді қостай отырып, Қасым ханнын шежіресін былайша өрбітеміз: Шыңғыс хан -- Жошы - Орда Ежен - Сасы Бұқа -- Шымтай -- Орыс хан -- Қоиыршақ -- Барақ хан . Қасым хан жай ғана Шыңғыс ұрпағы емес, ежелден бері келе жатқан хандық әулеттің тікелей жалғасы, заңды өкілі, Орда Еженнен Орыс ханға дейін Қасым ханның аталары Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігінде билік құрған. Алғашында Орда Ежен ұлысы деп аталған бұл бөлік, XIV ғасырдың басынан бастап Ақ Орда деп аталады. Саяси әкімшілік орталык, Сыр өңіріне көшіріліп, астана алғашында Сауранда, сосын Сығанақта болады. Дешті Қыпшақтағы Мүбәрәк қожа ханның бүлігінен кейін Ақ Орда тағына Алтын Орда ханы Жәнібек ханның арнайы жарлығымен Қасым ханның бесінші атасы Шымтай отырады және оның билігі 17 жылға созылады. Одан кейін хандық билік 4-ші ата Орыс ханға (Мухаммед ханға) көшеді. Ол тіпті 1370-ші жылдар ортасында Алтын Орда тағын да билейді. Орыс хан туралы мәліметтер ортағасырлық деректерде мол кездеседі.
Орыс ханның төртінші ұлы және Қасым ханның үшінші атасы Қойыршақ 1395-96 жылдарда Жошы ұлысын билейді. Ақсақ Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы күресінде Қойыршақ алғашқысын қолдап, жәрдем береді. Ол туралы Хайдар Рази: Қойыршақ-оғлан Орыс ханның ұлы. Ол да Темірдің көмегімен (Ақсақ Темірдің) ұлысы мен елін биледі. Біршама уақыттан кейін қайтыс болды, -- деп баяндайды. Гафари де Қойыршақ оғланның Ақсақ Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы жасаған екінші жорығына қатынасқанын, Тоқтамыс хан жеңілгеннен кейін, Ақсақ Темір оған Жошы ұлысының билігін тапсырып, Еділ бойынан Дештіге жібергенін айтады. Қадырғали Жалайыри болса Койыршақты хан атағымен қосып жазады.
Ал Қасым ханның атасы Барақ хан Ақ Орданың соңғы билеушісі болып, 1425 жылы Алтын Орда тағын тарихта белгілі Ұлық Мухаммед ханнан тартып алған. Және сонда 1428 жылға дейін хандық құрады. Замандастары Барақ ханды Алтын Орда тағына үміткерлер ішіндегі күшті бураға теңеп, батыр, әрі алып болған, -- деп суреттейді.
Қасымның әкесі Жәнібек ханның кім болғандығы көпке мәлім. Қазақ хандығының негізін қалаушы және Керей ханнан кейін қазақта хан болған. Билік құрған жылдары шамамен 1460-шы жылдар соңы мен 1470-ші жылдар басы.
Жоғарыдағы қысқаша шолудан байқағанымыздай, атақты Қасым хан жай ғана ІІІыңғыс ұрпағы емес. Ата-бабасынан қалған дәстүр, тектілік оның бойынан да табылады. Ол тек қана хандық әулеттің жолын жалғастырушы емес, сонымен бірге қалыптасқан жаңа саяси, этникалық жағдайларға сай хандық билікті, мемлекеттілікті дамытушы қайраткер.
Тарихи Рашиди атты еңбекте Қасым ханның қай жылы дүниеге келгендігін анықтайтын мәлімет бар. Онда автор 1513 жылы шағатайлық Сұлтан Сайд ханның Шу бойындағы Қасым хан Ордасына келгені жөнінде жаза келіп, бұл кезде Қасым ханның жасы алпыстан асып, жетпіске жақындап қалған болатын, -- деп баяндайды. Осыған сүйене отырып, 1513 жылы Қасым ханның жасы 67-68-дерде десек, онда ол 1445-46 жылдарда дүниеге келген болады. Ортағасырлардағы Қазақстан тарихының зерттеушісі Т. И. Султанов Қасым ханды 1445 жылы шамасында дүниеге келген деп есептейді. Қасым ханның өміріне байланысты деректер 1470-ші жылдарға дейін ешбір еңбекте кездеспейді. Оның себебі түсінікті де. Қазақ хандығы құрылғаннан 1470-ші жылдар басына дейін мемлекеттегі ірі саяси тұлғалар Керей мен Жәнібек хандар болды. Ал Бұрындық, Қасым, Махмут, Әдік және т. б. сұлтандар хандардың жанында жүріп сол кездегі оқиғаларға араласқанымен, жазба деректерде негізгі хандар аталып отырған. Алғаш рет жазба деректе Бұрындық хан 146970 жылғы оқиғаға байланысты кездеседі. Өйткені бұл кезде оның әкесі Керей қайтыс болған еді. Сол сияқты Қасым да алғаш рет жазба дерек мәліметтерінде Жәнібек қайтыс болғаннан кейін, яғни 1470-ші жылдар басынан бастап айтыла бастайды. Қасым ханның қай жылы қайтыс болғандығы жөнінде. Шығыс жазба деректеріндегі мәліметтер әртүрлі жылдарды айтады. Дулати мен Хайдар Рази 151819 жыл десе, Гафари және басқалар 152324 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұрындық және Қасым хандар билеген кезеңдегі қазақ хандығы.
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын қорынан сақталған қымбат қазыналар
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
Ж.Қ.Қасымбаевтың өскен ортасы мен еңбек жолының басталуы
Қазақ халқының тарихына шолу
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар
Қазақтың ежелгі заңдары. Қасым ханның касқа жолы
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҰЛЫ ҚАЙРАТКЕРІ – ҚАСЫМ ХАН
Қазақ хандарының негізгі заңдары қазақ тарихының дерек көзі
Пәндер