Тұлғаны кәсіби дамыту


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар және Әлемдік экономика кафедрасы

СОӨЖ

Тақырыбы: «Тұлғаны кәсіби дамыту»

Орындаған : ӘЭ-51қ ІI курс студенті

Қабылдаған : профессор

Алматы, 2015ж.

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім:

1. Тұлғаның кәсіби даму туралы түсінік.

2. Адамның кәсіби дамуының деңгейлік жоспары.

3. Кәсіби өзіндік даму.

4. Болашақ маман тұлғасының өзін -өзі дамытудың моделі.

5. Тұлғаның даму сатылары.

  1. Қорытынды

Кіріспе

Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

Философияда тұлға әлеуметтік және биологиялық сипаттамалары бар адам ретінде анықталады. Әр адам, тұлға бола тұра, бір жағынан, жеке болады, екінші жағынан - әлеуметтенген болады, яғни әлеуметтік маңызы бар қасиеттерімен сипатталады. Әлеуметтік сипаттамалар маңызды болып анықталады: дәл солар өмірдегі жетістікті анықтайды. Кезкелген адамның әлеуметтік түрі болады. Тұлғаның түрі қоғамның түрімен анықталады.

Психологтар үшін тұлға - психиканың сапасы, ол адамның қоғамда дамуының нәтижесі ретінде анықталады. Тұлға психикалық ұйымдастыру түрлері иерархиясының жоғары ерекше деңгейі ретінде, өмір мен іс-әрекет субъектісі ретінде, қоршаған ортаны және өзін-өзі өзгертетін адам ретінде, индивидтің бір әлеуметтік қасиеті ретінде, әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды дамытудың және болмысының жеке формасы ретінде қарастырылады.

Педагогиканы тұлғаның өз қасиеттерінің, процестерінің, жағдайларының, өзінің психикалық мүмкіншіліктерінің реттеушісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, «тұлға» ұғымы басқарудың, өзін-өзі басқарудың, өз қабілеттерін, қажеттіліктерін, сезімдерін реттеудің тұлғалық деңгейі туралы көзқарастарды кіріктіреді.

Осыған орай әрі қарай қарастыруды талап ететін негіздемелері ретінде келесі тұжырымдамаларды айтамыз: педагогикалық процестің тұтастығы, адам мәдениеті мен адамгершілігінің қайта жаңаруы ретіндегі тәрбиенің тұтастығы, аксиологиялық көзқарас. Оларды тұлғаға-бағдарлаушылық білім берудің ғылыми негіздерін өндіріп, біріктіреді. Оның мәні - болашақ маман тұлғасының өзін-өзі дамытуына және әлеуметтенуіне бағытталған, индивидтің тұлғалық қызметтерін дамытуға бағытталған педагогикалық жүйенің бағдарлануында. Біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарасы оқыту процесі барысында әр студенттің тұлғасы дамуы үшін ыңғайлы білім беру ортасын жасауға бағытталған.

Өзін тұлға ретінде қабылдайтын болашақ маман қоршаған адамдарды қабылдауға деген өзіндегі мүмкіншілігін ашады (әріптестерін, балаларды, оқушыларды және т. б. ), оларды өзіндей көреді және олардың жеке ерекшелігін сыйлайды.

Негізгі бөлім

Кәсіби даму - (лат. profiteor - өз ісімді хабарлаймын) - еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби рөлдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.

Кәсіби даму - нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.

Кәсіби даму іс - әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.

Кәсіби даму - бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.

Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті: өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады.

Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.

Адамның кәсіби дамуының деңгейлік жоспары мынадай бағытта болғаны жөн: [1]

  1. Жұмыс, еңбек әрекеті ;
  2. Кәсіби дағдылар;
  3. Құндылықтар;
  4. Оқу.

Қазіргі уақытта білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық тұлға болу үшін қойылатын талаптар да күрделене түсуде. Бұл адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту қажет дегенге әкеледі. Оған білім беруді гуманизациялау сай келеді.

Білім берудегі гуманизация да тұлғаның ақыл - ой, эмоциональдық, еріктік және адамгершілік әлеуетін байыту, өзін - өзі көрсету, өзін - өзі дамыту шекарасын кеңейту және өзіндік қалыптасу үшін ақиқат жағдайлар туғызуды талап етеді. Мұны білім берудің гуманистік мақсаты деп санаған философ Э. В. Ильенков еді. Аталған гуманистік мақсат әр адамның жеке дамуының адамдық мәдениетінің шегін, танылған және танылмаған, жасалған және жасалмаған аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Адамды мәдениеттің жаңа деңгейін меңгеруге көшіру, оның әлемге, басқа адамдарға және өзіне деген қатынасын өзгерту, өз іс - әрекеттері және оның әкелер жағдайына деген жауапкершілігін арттыру - білім беруді гуманизациялаудың басты нәтижесі. [2]

Психологтар кәсіпке «ену» дегеніміз - бұл «суперроль», «өсу», адамның өмірінің бейнесі мен стильін анықтау дейді. Адамның жалпы қанағаттануы көп жағдайда онда іргелі қажеттіліктерінің қаншалықты болуына байланысты: шығармашылық өзін - өзі жетілдіру қажеттілігі, қоршаған ортадағы референтті тұлғалардың жекелік құндылықтарын түсінуі мен мойындауы, өзін - өзі дамыту және даму қажеттілігі және тағы басқа.

Әр адам тек өз жұмысын орындауы және «тек өмір сүруі» мүмкін емес, ол өз жұмысы немесе кәсібі, өзі немесе өз әрекеттері кәсібінде белгілі орын алатындай мақсат қоюы тиіс. Осындай жағдайда ғана тұлғалық және кәсіби қасиеттері мен кәсібі арасында қайшылықтар болмайды, болашақта кәсіби іс - әрекетінде құнды қатынастарды күтуге болады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуінде бірлік байқалады.

Тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби өсуі кәсіпте өсу үрдісінде (мамандық таңдау, кәсіби білім алу, педагогикалық әрекетті жүзеге асыру) қайшылықтарды мақсатқа бағытталған шешу жүзеге асқанда ғана шектеулі бірлік болады.

Кәсіби дамуда тұлғаның кәсіби өзіндік даму мен өзіндік білім алу психологиясы ерекше. Әр адам өзін іштей үнемі оқуға, ізденуге итермелеп, дайындап отыру керек. К. Д. Ушинский айтқандай, «мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Өмірдің өзі педагогтың алдындағы күн тәртібіне педагогикалық білім берудің үздіксіздігі мәселесін қойып отыр.

Кәсіби өзіндікдамуда, басқа да әрекет сияқты, мотивтердің күрделі жүйесі мен белсенділіктің қайнар көздерінің өзіндік негізі бар. Тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен қайнар көзі - өзін - өзі жетілдіру қажеттілігі болып табылады. Өзіндік дамуда өзін - өзі бағалау деңгейі үлкен мәнге ие.

Психологтар дұрыс өзін - өзі бағалаудың қалыптасуының екі әдісін бөліп көрсеткен: біріншісі - өзінің жеткен жетістіктерінің деңгейімен мақтану, ал екіншісі - өз жетістіктерін қоршаған ортадағылардың көзқарастарымен салыстыру. Кәсіби өзіндік бағалауда тұлға әрекеті, кім алдына жоғары міндеттер қойса, онда қиындықтар болатынын көрсетті. Қиындықтармен күресу педагогикалық - психологиялық жағдайды реттеп, түзетіп, дамуға әкеледі. Бұл әрине шығармашыл тұлғада кездесетін жағдай. Егер тұлға өз алдына жоғары міндеттер қоймай жеткен жетістіктерімен шектеліп қана қойса, олардың кәсіби дамуы төмендей берері сөзсіз. Сондықтан да жеке кәсіпті таңдаған әрбір адам өз санасында адам бейнесін қалыптастыра алуы қажет.

Егер өзіндік дамуды мақсатқа бағытталған әрекет деп қарасақ, онда оның негізгі міндетті бөлігі - өзіндікталдау болуы шарт. Педагогикалық әрекет танымдық психикалық үрдістерді дамытуға ерекше талаптар қояды: ойлау, қиял, ес. Әр педагог өз психикалық үрдістернің дамуын талдап, реттеп отырса, өзіндік дамуын байқай алады.

Кәсіби өзіндік дамудың құрамдас бөлігі - тұлғаның өзіндік білім алу жұмысы. Кәсіби өзіндік білім алудың тиімді жолы - адамдар арасындағы ұжымның шығармашылық ізденіс жұмысына қатысу, білім беру мекемесін дамытуда жаңашыл жобалар, авторлық курстар мен педагогикалық технологияларды жасақтау.

Өзіндікдамудың екі педагогикалық нәтижесі бар. Бірінші жағынан - тұлғалық даму мен кәсіби өсуде болатын өзгерістер, екінші жағынан - өзіндік дамумен айналысуға қабілеттілікті игеру. Аталған нәтижелердің жүзеге асқандығын төмендегі әрекеттерден көруге болады: [3]

- Мақсат қоя білу; өз алдына кәсіби мәнді мақсат пен өзіндікдаму міндеттерін қою;

- Жоспарлау: өзіндікдаму құралдары мен әдістерін, әрекеттері мен тәсілдерін таңдау;

- Өзіндік бақылау: өзіндікдамудағы қадамдар мен нәтижелерді салыстыру;

- Түзету: өзімен жүргізілген жұмыс нәтижелеріне қажетті түзетулер енгізу.

Мұндай әрекеттерді меңгеру және жүзеге асыру белгілі іскерліктер мен уақытты талап етеді. Сондықтан зерттеушілер кәсіби өзіндікдамудың сатыларын бөліп көрсеткен:

Бастапқы сатысында кәсіби өзін - өзі тәрбиелеуді меңгерудің мақсаты мен міндеттері нақты емес, мазмұны толықтыруды қажетсінеді. Құралдары мен әдістері толық анықталмаған.

Екінші сатысында мақсаты нақтылана бастаған. Алға қойылған мақсат пен міндеттер белгілі тұлғалық қасиеттерді керек етеді. Өзіндікталдау жүзеге асады.

Үшінші сатысында тұлға мақсат пен міндеттерді өзбетімен және негізделген түрде қояды. Сондықтан өзіндікдаму мазмұны жекеленген сапалардан маңызды және жалпы кәсіби мәні бар тұлғаның қасиеттерін қажетсінеді. Жұмысты жоспарлау, құралдарды таңдау, өзіндік әрекет жасау жүзеге асады. Өзіндікдамудың барлық негізгі әрекеттері - мақсат қоюшылық, жоспарлау, өзіндік бақылау, түзету күштеусіз, автоматты түрде жүзеге асады.

Кәсіби өсу - технологиялық әрекеттің үнемі жүзеге асуы, бағытталудың, құзыреттілік және кәсіби қажетті сапалардың баюшылығы, еңбектік қалыптасудың тиімділігін арттыру. [2]

Болашақ маман тұлғасының өзін -өзі дамытудың моделіне маман мәдениетінің негізгі компонентері (білімдер, біліктер, дағдылар, тұлғалық қасиеттер; кәсіби-шығармашылық және эмоциялық тұрғысынан құнды іс-әрекет тәжірибесі; кәсіби этика) ; кәсіби-тұлғалық мәдениетінің құрылымдық компоненттері (мотивациялық; бағдарлаушылық; бағалаушылық; мазмұндық-операционалдық) ; болашақ маман моделінің қомпоненттері (сауаттылық; біліктілік; кәсіби құзырлылық; мәдениет; менталитет) кіреді.

Осы моделдің сұлбасы төмендегі суретте көрсетілген:

Болашақ маман тұлғасының өзін -өзі дамыту моделінің сұлбасы.

Болашақ маманның моделін жасауға кірісу барысында тұлғаның кәсіби іс-әрекетінің пәндік және қызметтік жақтарынан басқа тұлғалық жағын ескеру маңызды болады, сонымен бірге маман іс-әрекетінің шығармашылық жақтарын. Шынында, қазіргі білімберудің міндеті ұрпақтан ұрпаққа түрлі ғылымдарды жеткізу, технократиялық бағдарланған білімдер, біліктер мен дағдылардың қалыптасуын қамтамасыздандыру деп танылмайды. Білімберу сферасы “материалды және рухани әлемның тұтас суретін қалыптастыруға, рухани, мәдени, адамгершілік құндылықтарды олардың ұлттық және жалпыадамзаттық түсінуіндегі” міндетті (Б. С. Гершунский) .

Сонымен, ажырамас параметрлері ретінде, болашақ маманның моделін құрайтын, келесілерді қарастыруды ұсынылады:

  1. Сауаттылық, оқытушылық деңгейі деп түсініледі, қазіргі адамның әрекеттенуі үшін қоғамда талап етілетін және оған қосқанда қажетті білімдерді, белгілі бір ғылым мен техникада, өнердегі және т. б. мағлұматтарды білуді қамтиді.
  2. Біліктілік- қажетті кең ой-өрістің және тұрлі мәселелерді түсіну тереңдігі бойынша белгілі бір таңдаушылықтың болуын қамтитын жүйе.
  3. Кәсіби құзырлылықдегеніміз өзіндік кәсіби деңгейімен, тәжірибесімен, тұлғаның жеке ерекшеліктерімен, оның білім алуға ұмтылыстарымен, шығармашылыққа қабілеттілігімен, іске жауапкершілігімен анықталатын жүйе.
  4. Мәдениетдегеніміз белгілі бір іс-әрекетті немесе білімдер кәсібін меңгеруде қол жеткізген жетілудің деңгейі.
  5. Менталитетдегеніміз әлемді қабылдаудың терең негіздерін, мінез-құлық пен дүниетанымдық негіздерін, адамның қылығы мен оның қоғамның өміріне түрлі жақтарын қамтитын жүйе. [4]

Тұлғаның даму сатылары. Фрейдтен айырмашылығы сол Юнг даму сатыларын туғанына бастап есейгенге дейінгі кезеңдерді жазбайды. Ерте жаста либидо белсенділік тірі қалу үшін соған инвестицияланады. Бес жасқа дейін сексуалды құндылықтар көрініп жеткіншек жасында өз шыңына жетеді. Жасөспірім мен жас кезде негізгі өмірлік инстинктер мен виталды процестер үстемдік етеді.

Жас адам энергиялы, импульсивті, ынтыққыш әлі де болса басқалардан тәуелді болады. Отыз жасқа таман қырық жасқа таяу кезде құндылықтар жүйесі ауысады. Жасөспірімдік қызығулар мен ұмтылулар көбірек мәдени бола бастайды, биологиялық жағы азаяды. Орта жастағы адам интровертті бола бастайды, импульсивтілігі азаяды. Даналық пен өткірлік физикалықтың орнына ақыл-ой энергиясына әкеледі. Тұлғаның құндылықтары әлеуметтік, діни, азаматтық, философиялық символдарға сублимацияланады, адам рухани болады.

Прогрессия және регрессия. Даму не прогрессивті не регрессивті болады. Регрессияда тұлғаның саналы эгосы сыртқы ортаның талаптарына қанағаттандырумен және бейсаналықтың қажеттіліктерімен келіседі, Эгоның объективті құндылықтары субъективтілікке трансформацияланады. Регрессия прогрессияның антитезі.

Индивидуация процесі. Адам тұрақты бірлікте даму тенденциясына ие деп көрсетті Юнг. Дамудың негізгі мақсаты өзіндік таратылу. Кедергілер көп болса тұлғаның жүйкесі жұқара береді. Тұлға дені сау және интеграциялануы үшін әрбір даму жүйесі дифференциалдану мүмкіндігіне ие, соған жету процесі индивидуация процесі деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жеке тұлғаның даму ұғымы
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушы тәрбиесіне ықпалы
Дене тәрбиесі мен спорт мамандарын дайындауда жеке тұлғаны әлеуметтендірудің рөлі
Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі психологтың атқаратын рөлі
Тәрбие технологиялары ұғымының мәні
Жеке тұлғаның дамуының педагогикалық сипаттамасы
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz