Қазақстан Республикасындағы төлем операцияларының маңызы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . 3
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ. Төлем жүйесі түсінігі, маңызы . . . 5Төлем жүйесіндегі Ұлттық Банктің ролі . . . 14Төлем жүйесінде қолданылатын құралдар . . . 24
- БАНКАРАЛЫҚ АҚША АУДАРУ ЖҮЙЕСІ. Банкаралық ақша аудару жүйесіне қатысушылар қызметі . . . 29Есеп айрысу тәсілдері және тәуекелділік . . . 36Бөлшек төлем жүйесінің қызметі . . . 40
- БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘНІ. Бағалы қағаздар бойыша есеп айырысу жүйелері . . . 45Қазақстандағы Банкаралық «Kazcard»
карточка жүйесінің қызметі . . . 51
Қорытынды . . . 55
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 58
Қосымша . . . 60
Кіріспе
Төлем жүйесі елдің қаржы жүйесінің негізгі компоненті болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы өтпелі кезең басталған сәттен бері төлем жүйесінің дамуына баса назар аударуда.
Төлем жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар нәтижесінде қазіргі уақытта Қазақстанда екі негізгі төлем жүйесі жұмыс істейді. Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) және Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) .
БААЖ - нақты уақыт режимінде жалпы есеп айрысу жүйесі (бұдан әрі - RTGS) Қазақстанның Ұлттық Банкінде БААЖ пайдаланушыларының шоттарында ақша аударымдарын жүзеге асырады. БААЖ арқылы ірі және жоғары артықшылықты төлемдер жүзеге асырылады. Жүйе операциялық күн ішінде үлттық валютада (теңгеде) пайдаланушыларға түпкіліктілікті қамтамасыз етеді.
БТЖ - ұсақ төлемдерге арналған клиринг жүйесі. Бұл - төлемдер жеке өнделетін, таза негіздегі есеп айырысудың көп жақты жүйесі, бұл ретте таза позициялар да есептеледі. Операциялық күннің соңында кіріс және шығыс төлемдерді ескере отырып, әрбір пайдаланушының таза позицияларын есептеу жүзеге асырылады, одан кейін есептеу қорытындылары бойынша ААБЖ-не ақша аударымдары жүзеге асырылады.
Ұлттық Банк (ҚҰБ) 1994 жылы төлем жүйесі реформасын жүргізуді бастады. Оның негізгі мақсаты банктер мен оның клиенттерінің арасында төлемдер жүргізуді тездету болып табылды.
1995 жылы ҚҰБ-нің құрамында Қазақстанда бірінші клиринг палатасы (Алматы клиринг палатасы) құрылды, ол жан-жақты клиринг әдісі бойынша жұмыс істеді. Сондай-ақ жергілікті клиринг палаталары жергілікті клирингті жүзеге асырды. Осы сатыға дейін барлық төлем тапсырмалары қағаз негізінде болған еді.
1996 жылы SWIFТ-ке негізделген төлем жүйесі қатысушыларының арасында төлемдер бойынша ақпарат алмасу үшін электронды хабарлардың форматтары әзірленді және ендірілді. Осы жылы Алматы клиринг палатасы ҚРҰБ-нің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) болып қайта ұйымдастырылды. Ол БААЖ мен ТБЖ-нің операторы болып табылады. 1996 жылғы тамызда КБАО базасында электронды төлем тапсырмаларын өңдейтін, жалпы негізде есеп айырысуды жүзеге асыратын және RTGS сипаты бар ірі төлемдер жүйесі (ІТЖ) ендірілді.
Корреспондентік шоттарды орталықтандыру Ұлттық Банкке банктің есеп айырысу функциясын жедел жүзеге асыруға, төлем жүйесін және тұтастай алғанда банк жүйесін бақылау функцияларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Соңғы жылдар ішінде Ұлттық Банк ТЖ жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізді. Қорытындысында, 2000 жылдың соңында ҚБЕО ІТЖ Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) болып қайта құрылды.
Бөлшек төлемдер саласында қолма-қол ақща мен төлем тапсырмалары Қазақстандағы төлемнің кеңінен тараған әдісі болып табылады. Чектер мен тікелей дебеттеу сияқты дебеттік төлем құралдары кеңінен қолданылады. Кредиттік және дебеттік карточкаларды қоса алғанда, төлем карточкалары саласы жоғары қарқынмен даму үстінде.
Бағалы қағаздарды сатуға қатысты Қазақстан қор биржасы, сондай-ақ биржадан тыс рынок мынадай қаржы құралдарымен жұмыс істейді: шетел валюталары, мемлекеттік бағалы қағаздар, корпоративтік бағалы қағаздар, мерзімді келісім-шарттар. Есеп айырысулар: бағалы қағаздар «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» (БҚОД) ЖАҚ арқылы «төлемге қатысты жеткізілім» (бұдан әрі - DVP) принципі бойынша (Т+0 жағдайында мемлекеттік бағалы қағаздар, қалғандары Т+3 жағдайында) ; шетел валютасынан теңгеге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі биржадағы корреспонденттік шоттар арқылы, шетел валютасында - шетелдің корреспонденттік банктерде жүргізіледі. Бағалы қағаздармен операциялар бойынша түпкілікті есеп айырысу есеп айырысу күнінде БААЖ арқылы жүзеге асырылады.
Бұл тақырыптың өзектілігі төлем жүйесі тұтастай алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттырады, экономикадағы операциялардың құнын төмендетеді, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, қаржы рыноктарының өтімділігін жақсартады және монетарлық саясатты жүргізуге ықпал етеді. Соңғы жылдары экономикалық тиімділікке және төлем жүйесінің қаржы тәуекелдерінің барлық түрлеріне жататын мәселелерге үлкен мән беріліп отыр.
Орталық банктер төлем жүйесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тиімділікті жетілдіруге мүдделі. Олар ішкі төлем жүйесін дамытуда негізгі рөл атқарады және көп жағдайда ірі төлемдер жүйесін басқарады. Кейбір орталық банктер тікелей өз елдерінде төлем жэне есеп айырысу тетіктерін қоғамдық түсіну, сондай-ақ осындай тетіктермен байланысты түрлі мэселелерде қоғамдық мәліметтілікті жақсартуға едәуір әсер етіп отыр.
Төлем жүйесіне коммерциялық мақсат үшін кәсіпорындар мен тұтынушылар пайдаланатын ақша аударудың бөлшек жүйесі ғана емес, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында ақша және кредит рыноктарын нығайтатын ақша аударудың ірі халықаралық жүйесі де кіреді. Бағалы қағаздар және онымен байланысты төлемдер бойынша есеп айырысу жүйесі де қаржы жүйесінің негізгі элементі болып табылады.
I. Қазақстан Республикасындағы төлем операцияларының маңызы.
1. 1. Төлем жүйесі тісінігі, маңызы.
Төлем дегеніміз-есеп айрысу міндеттерін қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, есеп айрысу туралы бұйрығы ьар төлем құжатын беру арқылы жүргізілетін қызмет.
Төлем құжаты дегеніміз-ақша төлемімен, ақша аударымын жасауға көмектесетін құжат.
Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесі ҚР Ұлттық Банкі арқылы басқарылып, төлем және аударым қызметін нормативтік заңды талаптарға сәйкес жүргізіледі. Ұлттық Банк арқылы басталған төлем жүйесі ҚР Банкаралық есеп айрысу орталығы деп аталады.
Қазақстан Республикасындағы банкаралық есеп айрысу орталығы екі ірі төлем жүйесіне бөлінеді:
1. ірі төлем жүйесі;
2. бөлшек төлем жүйесі.
Төлем жүйесінде жүргізілетін төлемдерін және аудандық операциялар келісім шарты негізінде жүргізіледі. Төлем жүйесіндегі әр түрлі талаптарын кедергісіз қамтамасыз ететін жүйе.
Төлем жүйесінде жүргізілетін төлемдік, айдарымдық өнеркәсіптер қолма-қол және ақша формасы бойынша атқарылады. Төлем жүйесі арқылы жүргізілетін төлемдік және аударымдық өнеркәсіптер ҚР стандарттық талаптарына сай жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының аумақтарында жүргізілетін төлем жүйесінде мынандай тәсілдер қолданылады:
- Қолма-қол ақша табыстау
- Төлем тапсырмаларын орындау.
- Чектер беру, төлем карточкаларын пайдалану.
- Банк
- Инкасатор қызметтерін көрсету.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде беогіленген өзге де тәсілдерді қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан территориясындағы төлем жүйесін жүргізіп басқарушы күнделікті төлем аударымдық операцияларды бақылаушы болып табылады. ҚР мемлекеттік жинақтаушы зейнеткерлік қоры және бұл саланы қалалық, облыстық, аудандық бөлімдердің бөлімшелері. ҚР қаржы министрлігі арқылы басқарылатын аймақтық, қазыналық басқарма. Бұл басқарма арқылы мемлекеттік бюджеттің бөлінетін ақшаның қаржылар арнайы орындаушылар арқылы жүргізіліп, бақылау функциясы бағаланып отырады.
Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын коммерциялық Банктер.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғау еңбек министрлігі және зейнетақы төлеу қызметін атқаратын мемлекеттік орталықтар
Мемлекет кәсіпорындары болып саналатын мемлекеттік почта банктер.
Құнды қағаз депозиттер орралығы. Бұл орталық биржалық және биржадан тыс келісім шарттар бойынша жүргізілетін құнды қағаздар операциялар қызметі тіркеледі.
Қағаздар қор биржасы биржалық сатылымдар бойынша шетелдік қорытынды жүргізіп есеп айрысу операцияларын айқындайды.
Банк арқылы жүргізілетін міндетті төлемдер нақтылы жүйесіне сәйкес аталады. Банк жүйесі төлем ауларымдарды қабылдау кезінде әрбір жүргізілетін төлемдерді және аударымдарды операциялық тарифтерін белгілейді. Банк жүйесі белгілейтін тарифтік құндастардың талаптарға сәйкес іске асырылады.
Сенімді төлем жүйесінің қызиеті қаржы жүйесінің тұрақты істеуінің мүмкіндіктерін анықтайды. Қазақстаннығ төлем жүйесіне:
1. автоматтанған банкаралық аударымның жүйесі.
2. автоматтанған бөлшек төлемдер жүйесі кіреді.
Банкаралық ақша арудару жүйесі Швейцария банкінің ірі төлемдер жүйесінің принципімен құрылған. Бұл жүйелер электрондық форматта банкаралық есеп айрысудың уақытылы және тоқтаусыз жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сол сияқты екінші деңгейдегі коммерциялық банктер банктік қызметінің жекелеген түрлерін көрсететін барлық қаржы ұйымның корреспонденттік шоттарын жүргізуді жүзеге асырады.
Қазақстанның төлем жүйесінің халықаралық қаржы ұйымдардың төлем жүйесіне қойылатын негізгі талаптарды толық орындалып нормативтік заңдылыққа сай көрсетіледі. Банкаралық ақша аудару жүйесінің пайдалануы:
- Екінші деңгейлі коммерциялық банктер;
- Ұлттық Банк;
- Қаржы министрлігінің қазыналық комитеті және онвң аумақтық бөлімшелері;
- Қазақстан қор биржасы;
- Почта банктер;
- Бағалы қағаздардың депозиттік орталығы;
- Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы және онығ бөлімшелері;
- Облыстық клиринг палаталары.
Банк аралық ақша аудару жүйесі Қазақстан территориясындағы әр елдің нақтылық уақыт режимінде және жалпы есеп айрысу негізінде электрондық ақша аударатын қызметін жүзеге асыратын жоғары төлемдерді жүргізу жүйесі болып табылады.
Жалпы есеп айрысу жүйесі әр түрлі тақырып негізінде жеке өңделіп төлем құжаты бойынша жүргізілетін операция. Ақша аудару процессі аударым жіберілуінің есептік шоттарда бар қаражат шегінде жүзеге асырылады. Бөлшек төлем жүйесі клирингтік палаталардың жүргізетін қызметтік талаптарға сәйсек негізделген. Бөлшек төлем жүйесіндегі айдарым ақша алдын ала резервтеу талабы бойынша орындалады немесе НЕТТО есеп айрысулар жүйесі бойынша жүргізіледі.
Аударым ақша айрысу кезінде пайда болған таза дебеттік сальдо мөлшерінде талап етіледі. НЕТТО есеп айрысу қызметіне негізделген төлем жүйесі банк төлемдерді және аөша аударымдардың жүзеге асырған кезде жүйеге келіп түскентөлемдік хабарларды тәуілік бойы қабылдауға мүмкіндік береді. Тәуілігіне бір рет төлем құжаттарын қабылдау тоқтатылып банк қарсы талаптар мен міндеттерін есепке алу жүргізеді. Әр бір банк талаптары мен міндеттері сомаларын арасында алынған айырма есептеу үшін жалпы есеп айрысулар жүйесінде беріледі.
Банк аралық есеп айрысу жүйесі арқылы негізделген ірі сомадағы төлем өтеді. Ал бөлшек төлем жүйесінің белгілі немесе шектеулі мөлшердегі төлемдік сомалар өтеді. Барлық жүйеде жүргізілетін төлемдік сомалар электрондық есептеу және сақтау жұйесі бойынша қабылданады.
Халықаралық электрондық қатынастағы барлық операциялар әр түрлі тәуекелділікке байланысты жүргізіледі:
- шетелдік сатып алушының тауарлар тасымалдау уақыт тәуелділігі бойынша;
- басқа елдердің заңын ережелері мен дәстүрін білмеу тәуекелі;
- өз елінде экспорттық және импорттық сау-ы шектеуге байланысты үкіметтің іс-әрекетін және заңдық талаптарын білмеу тәуекелі;
- валюталардың айырбас бағамдардың өзгеруі
Халықаралық саудағы төлемнің әртүрлі әдістері жоғарыда айтылған тәуекелді есепке ала отырып қарастырылуы қажет.
Халықаралық саудада сатып алушымен сатушы арасында жүргізілетін төлемдік аударымдар келісім шарты негізінде жүргізіледі. Келісім шартқа есеп айрысудың әдістері көрсетіледі:
- аванстық төлем немесе жартылай төлем;
- қайтарылмайтын аккредетивтер;
- құжаттық инкассо;
- ашың шот бойынша жүргізілетін сауда.
Келісім шартта көрсетілген төлем әдісі стаушы мен сатып алушының арасындағы келісім шартта көрсетіліп әр елдің банк жүйесіне келісімді байланыс ретінде сақталынады. Есеп айрысудың әдісі ретінде чектер аудармалы вексельдер банк тратталар почталық төлем тапсырмалар, инструкторлар, сейф жүйесі халықаралық ақшалай төлемдер қолданылады.
Төлем жүйесінде тауарды жөнелту құжаты маңызды орын алады. Ондай құжаттарға мына мазмұндағы құжаттар жатады:
- шот фактура;
- сақтандыру туралы уақытша куәлік;
- сақтандыру сертификаты немесе полисі;
- коносамент.
Әр елдердегі банк жүйесі аудармалық төлемдерді өңдеу барысында дебеттік кредиттік сальдоларды анықтайды. Ақша аударымдары электрондық негізде жүргізіледі. Халықаралық ақша аударымдары СВИФ жүйесінің хабары жиі қолданылады. СФИВ жүйесінің нұсқауымен банкаралық аударымдардың тақырыптық мазмұны компьютерлік коммуникациялық жүйе арқылы жүзеге асады.
Банктік аударым дегеніміз төлемдік тапсырмаларға сәйкес бір банктің екінші банкке телекоммуникация құрылымы арқылы жіберетін есеп аурысу немесе есептік шот операциясы.
Банктік аударымдарды қолдану банктік жүйедегі ағымдық мәліметтерді қайта есептеудің топтаудың реттеудің қажеттілігі болып табылады.
Банктік аударымдар мынандай операциялық құрылымдардан тұрады:
- жасалынған келісімге сәйкес сатушы сатып алушыға құжаттарды тапсырады.
- Сатып алушы төлемдік тапсырмаларды өзіне қызмет көрсететін банкке шығарады.
- Стаушыға қызмет көрсететін банк төлемдік тапсырмалардың келіп түскені жөнінде хабарлайды. (авизо жібереді)
- Авизо келіп түскеннен кейін қаражат сатып алушыға қызмет көрсететін банктың есептік шотына аударылады.
Қазіргі уақытта төлемдердің басым бөлігі свифт жүйесі арқылы орындалады.
Свифт жүйесі арқылы орындалған төлемдік және аударым операциялары сенімді және жылдам түрде жүргізіледі. Қаражатты аудару аударым иесінің өтініш негізінде жүзеге асырылады. Аударымдар қаражаттың құжаттық мазмұны:
Аударымдардың ақша соммасы цифрмен және жазба т. рінде бейнеленеді.
Тапсырманы орындау әдісі телеграф немесе телефакс түрінде бейнеленеді.
Аударымды алушының (бенефицио) толық және дәл аты-жөні, мекен жайы көрсетіледі.
Аударымды алушыға қызмет көрсететін банктің толық және дәл аты есептік шотының номері жазылады
Аударымдардң мақсаты мен атауы (тақырыбы) міндетті түрде жазылып көрсетеді.
Аударымдардың келісіа шарт бойынша жүргізілуін растайтын келісім шарттың номері мен уақыты көрсетілуі қажет
Ақша аударымы жіберетін бенефицио пайдасына ақша аудару туралы алушы банк берген нұсқау негізінде жүргізіледі. Банктік аударым нысанындағы есеп айрысулар келісушініңкелісімі негізінде тәуекелділікпен жұмыс істейді.
Банктік аударым Қазақстан территориясында әр елдің нақтылы уақыт режимінде жалпы есеп айрысу негізі бойынша электрондық ақша аударымдар қызметі арқылы жүзеге асырылатын ірі төлемдерді жүргізу жүйесі.
Есеп айрысу дегеніміз әрбір жеке өңделген төлем құжаты бойынша жүргізілетін ақша аударымдарын айтады. Банк жүйесінде жүргізілетін аударымдар ақша аударушының есептік шотындағы бар қаражатының негізінде жүргізіледі.
Автоматтанған немесе бөлшек төлемдер жүйесі есеп айрысу қызметінің ақша аудару қызметінің клирингі негізінде жүргізіледі. Банк аралық ақша аудару жүйесі арқылы ірі соммадағы төлемдер өтелі. Ал автоматтанған бөлшек төлемдер жүйесінде арнайы шектеулі сомалық төлемдер жүргізіледі немесе несиелік аударымдар пайданылады.
Шаруашылықтағы өнімді жабдықтар мен тұтынушылар арасындағы қолма-қол есеп айрысудың жүзеге асырылуы барысында банктер арасындағы өзара есеп айрысулар туындайды. Банк аралық есеп айрысулар төлеуші мен қаражат алушының әртүрлі банкте қызмет көрсететін процесс арқылы іске асырылады. Мұндай есеп айрысулар банк жүйесінде корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылады.
Нарықтық экономикаға өту барысында көптеген дербес коммерциялықбанк құрылып қызмет көрсетсетуіне байланысты банк аралық есеп айрысу жүйесі толық өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістер банк арасында өзара корреспонденттік қатынастар арқылы қызмет атқаруды сипаттайды. Өазіргі уақытта корреспонденттік шоттар арқылы банк аралық есеп айрысуы ұйымдастырудың екі варианты кездеседі:
Орталық (маған немесе корреспонденттік қатынас орнатуы негізінде жүргізілетін операциялар.
Орталықтанған немесе коммерциялық банк арасындағы есеп айрысулар Ұлттық банктегі Қазақстандағы банкаралық есеп айрысу орталығында ашылған корреспонденттік шоттар негізінде жүргізіледі.
Корреспонденттік шоттар дегеніміз-бұл коммерциялық банктердің өзара есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған елдердің орталық банкте жүргізілетін операциялар бойынша банктың бірінде ашылатын шоты.
Корреспонденттік шотта банктың меншікті құжаттары және несиелік есеп айрысу кассалық қызмет көрсетуіне байланысты операциялардың мазмұны көрсетіледі. Мұндай операцияға:
Банк шектелмеген ақшалай қаражатын аудару және есептеу немесе клиенттер қаражатын есептеу.
Банк клиенттің бюджет пен зейнетақы қоры және басқа ұйымдармен есеп аурысулары.
Клиенттерге қолма-қол ақша беру және қабылдау.
Банк аралық зайымдар депозиттер бағалы қағаздар.
Ұлттық Банк жүргізілетін кассалық операциялар.
Берілген несиелер үшін алынған проценті және басқа табыстар.
Депозиттік шоттар бойынша процент төлеу.
Банк өзі төлейтін бюджеттік төлемдері (салықтар) .
Банктың басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындары.
Корреспонденттік шотты ашуға қажетті құжаттар (бұл құжаттар ҰБ тапсырылады)
Корреспонденттік шотты ашу туралы өтініш,
Банк жарғысының көшірмесі.
Банктік операцияларды жүргізуге берілген рұқсат лицензиялардың көшірмесі.
Қолдармен мөрдің үлгісі бар карточка.
Бұндай құжаттардың барлығы өтініштен басқасы нотариалдық құжаттарынан өтеді. Ұлттық Банк осы құжатты толығымен қабылдағаннан кейін өтініш беруші банкте корреспонденттік шот ашады.
Банктік жүйеде жүргізілетін тқлемдік және аударымдық есеп айрысу операциялары арнайы заңмен бекітілген құжаттар негізінде қызмет атқарады.
Төлем тапсырысы мен есеп айрысу бұл қазіргі кезде жиі қолданылатын есеп айрысу формасы.
Төлем тапсырысы бұл ақша аударудың аталған тапсырысқа көрсетілген ақша сомасын бенефицияларға немесе алушыға аудару туралы қызмет көрсеткіші банкке берген тапсырысы.
Төлем тапсырысымен есеп айрысу мынандай төлемдер негізінде жүзеге асыру үшін қолданылады:
алынған төлеммен көрсетілген қызметтер үшін.
Тауарлы немесе операциялар бойынша.
Жабдықтар мен мелдігерлерге тауар және көрсетілген қызметтер үшін алдын ала төлеуге аванстық төлемдер.
Төлем тапсырысы толтырылған күннен бастап 10 күнге жарайды және оның мазмұны төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады. Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырысына мерзімді және кешікпейтін болуы мүмкін.
Мерзімді төлем бұл тауарды жөнелткенге дейін тауарды жөнелткеннен кейін немесе тікелей келісім беру жолымен ірі келісімдер бойынша бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімнен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл төлеушінің қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.
Есеп айрысу әдісі ретінде чектер, аудармалы вексельдер, банктік тратталар, почталық төлем тапсырыстары мен телеграфтық, телефакстық төлем тапсырыстары нұсқаулар СВИФТ жүйесі халықаралық ақша төлемдер қолданылады. Халықаралық есеп айрысу несиелік құжаттарда есеп айрысудың әр түрлі әдістері қолданылады, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, чекті қолдану есеп айрысу әдусін бәсеңдетті немесе төлемді алушы чектің трассант болып келуін күтуі тиіс.
Банк траттасы арқыры жасалған төлем банк өзінің бір банк шотының есебінен жасалған чекті білдіреді. Мысалы сол елдің банк траттасының жазасы да онда оның шетелднгі банк корреспондентінің шотына төлеу туралытапсырысы көрсетіледі. Бұндай операциялардың басты артықшылығы экспорттық операциялардың өзіне тиісті төлем соммасын алуға тікелей мүмкіндік тудырады.
Почталық аударым бір банктің екінші бір банкке жіберілген сомасын көрсететін және онда көрсетілетін сомманы бенефициаларға төлеу туралы жазбаша төлем тапсырысын береді. Почталық аударым банк әуе почтасы арқылы шетелдік банкке жіберіледі.
Банктік тратталардың почталық аударымдардан айырмашылығы мұнда банк клиентінің шетелдік жабдықтарға емес банк басқа банкке аударым жасайды.
Телеграфттық аударым почталық аударым сияқты процедуралармен жүргізіледі. Төлем тапсырысын қарастыра отырып телеграф немесе телефакс арқылы жіберіледі. Сонда телеграфтық ауларымдар клиент үшін біршама қымбат болғанымен төлемдерді жылдамдатады.
СВИФТ телефакс арқылы қаржылық есеп айрысуды халықаралық банк операцияларын ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Мұнда төлем туралы хабар алушы банк принтрінде қағазға басылып шығады.
СВИФТ жүйесінің жеделдігі мен тиімділігіне байланысты телеграфттықжәне почиалық аударымдар біршама баяулап жүргізіледі. СВИФТ жүйесінің хабары Хплпқаралық ақшалай экспрес аударымы деп атайды.
СВИФТ жүйесінің ацырмашылығы есеп айрысудың жылдам жедел тұрғыдан жүзеге асырылуы бойынша ерекшеленеді.
Төлем жүйесінің заңды анықтамасының және ақша аударудың техникалық механизмің нарықтық экономикадағы ақшалық несие жүйесінің негізгі бөлігі болып төлем жүйесі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz