Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін сабақта тиімді қолдана білу әдісі, дидактикалық ойынның мәні, ерекшеліктері мен қызметі


Кіріспе
Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімге білімді біржақты формада ғана емес, оқушылардың оқуын басқару, бағыт-бағдар көрсетіп, жол сілтеп, кеңес беріп отыру қызметін жүктейді. Қазақ тілі пәні бойынша оқушы ереже немесе ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс-жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық түрлі мәселелер, қағидалар меңгертілуі тиімді болып табылады.
Қазақ тілін оқытудың негізгі бірлігі - сабақ. Қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді, ойын түрлерін қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру. Уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу мұғалімнің жеке басының интелектісін, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де, білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.
Біздің елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі - сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.
Әр сабақта педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, гигиеналық талаптар қарастырылады. Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек.
1. Оқыту. Білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Ол қандай мөлшерде, қалай қабылдату керек.
2. Үйрету. Осы білгенін студент практикада қолдана ала ма. Ережеге байланысты тапсырманы оқушы қиналмай орындауы керек.
3. Тәрбиелеу. Ендігі бір жауапты кезең - тәрбиелеу, екінші әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
4. Дамыту. Оқушылардың логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шыңдай отырып, өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар беру. Ғылымға қызықтыру. Оқушыға беретін ойын түрлері де дәлелдейтін, түсіндіретін, пікірмен келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан-жақты ойландыратын жұмыстар болуы керек.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін сабақта тиімді қолдана білу әдісі, дидактикалық ойынның мәні, ерекшеліктері мен қызметі, өзге де ойын түрлерінен айырмашылығы және дидактикалық ойын түрлеріне қойылатын талаптарды анықтау.
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы. Сабақта ойын түрлерін тиімді қолдана білу, дидактикалық ойын түрлерін ұтымды пайдалану, педагогикалық және ақпараттық жаңалықтардан хабардар болып, жан-жақты сапалы білім беру, кәсіби шеберлікті қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу үдерісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдалану.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерінің тиімділігімен, ерекшеліктерімен таныстыру, оқушыны қызықтыра отырып білімді меңгерту, дидактикалық ойын түрлерін қажетті бағытта дұрыс қолдана білу, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге, түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу зерттеудің негізгі мақсаты болса, бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
1. Білім-білік, икем-дағдыларын жетілдіре отырып, дидактикалық ойын арқылы оқу және тәрбиені ұштастыру. Ойната отырып білімге жетелеу.
2. Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашыл ойлауын қалыптастыру, танымдық қызметі мен ой-өрісін кеңейту, оқушыларды дербес шығармашылық жұмысқа жетелеу, қабілеттерін дамыту.
3. Дидактикалық ойын түрлері арқылы өзіне деген сенімін арттыру, бүгінгі өмір талабына сай саналы да, білімді азаматты тәрбиелеу.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Қазақ тілі сабағын дидактикалық ойын түрлері арқылы меңгерту дипломдық жұмысымыздың зерттеу нысаны ретінде алынды.
Дипломдық жұмыстың болжамы. Қазіргі заманауи мектептерде қазақ тілі сабағында дидактикалық ойын түрлерін өткізудің негізгі шарттарын анықтау, қолдану тиімділігін нақтылау.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеуде орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі, оқыту үдерісінде дидактикалық ойындарды қолдану жолдары жайлы ғылыми-әдістемелік, философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттер, оқулықтар және оқу құралдары, ойын технологиясы туралы еңбектер негізге алынды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы оқытудың тиімді әдісі сұрыпталып, ойынның түрлері анықталды;
- Ойын элементтерін қолдану барысында оқушылардың қол жеткізген жетістіктері білім сапасының көрсеткіші арқылы анықталды;
- Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы игертудің әдістемесі ұсынылды;
- Қазақ тілі сабағында қолданылатын интеллектуалдық, ізденімдік, рөлдік және іскерлік ойындарға қойылатын талаптар анықталды;
- Дидактикалық ойындардың оқушылардың ой-өрісін, сөз байлығын дамытудағы, сабаққа қызығушылығын арттырудағы ықпалы көрсетілді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері . Ғылыми жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану барысында оқушылардың когнитивті іс-әрекеттері айқындалып, оны дамыту мақсатында тапқырлық, ізденімдік, рөлдік және іскерлік ойын түрлері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың базасы. эксперимент жұмысы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Приречная ауылы №22 орта мектебінде жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың мазмұны бойынша «Дидактикалық ойын - оқушы шығармашылығын дамытудың тәсілі» атты мақала «Бъдещето въпроси от света на науката» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағында жарияланды (Болгария 2015) . «Дидактикалық ойынның ерекшелігі» атты мақала студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағында жарияланды (Жезқазған 2016) .
Уақыт талабына сай қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттерін, оқушыларды сауатты жазуға, ойын, сөзін еркін сөйлеп, білікті, жан-жақты тәрбиелі азамат болуға тәрбиелеуді, қазақ тілін оқыту әдістемесін педагогика ғылымдарының жетістіктерімен ұштастыра білген, шығармашылықпен еңбек ететін, ғылыми дүниетанымы кең ұстаз ғана атқара алады. Қазақ тілі сабағы құрғақ өтілмей мәдениетті сөйлеу, жазу дағдысымен ұштасып жатуы үшін, әрбір категорияның өмірде қолдану аясын ашатындай мақсат қойылуы керек. Бұл мәселені бүкіл сабақ үдерісінде сіңіріп, қайталап отыру керек.
Оқыту әдісі дегеніміз - оқушының білімді меңгерту жолындағы тәсілі. Әдіс - оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты.
Құралдардың әртүрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қарастырылады.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.
Оқу жоспарын жасағанда, оның бағдарламасы мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеп таңдауға оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Әрбір сабақтың мазмұнына қарай амал-құралдарды қолдануда оқушылардың жеке қабілеттері мен деңгейлеріне үлкен мән беріледі. Оқушы материалын терең түсініп, саналы меңгеруі үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысын дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет. Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс, буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері - нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді оқып үйренеді.
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді.
Мұғалім - мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы сабақ берудегі бір ерекшелігі - ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсынады.
Мұғалім көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлу керек. Оқушы бірлесіп үйретуде, кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауға, ортақ үдерісінде талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.
Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тіл мен сөйлесу - адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.
Қазақ тілі әдістемесінің негізін салушы А. Байтұрсынов «Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында айтқандай, қай әдісті қалай пайдаланам десе, мұғалім өз еркі. Осы әдістеменің бәрін ғылыми жағынан да, практикалық жағынан да жетік игерсе, беріліп отырған тақырыптың мазмұнына сай қай әдісті пайдалану қажет екенін мұғалім ой елегінен өткізіп алып, сабақтың жоспарын жасауға кіріседі.
Мұғалім барлық әдістерді шеберлікпен меңгере білсе, күнделікті сабақтың тақырыбына, мазмұнына қарай, күніне 6-7 әдісті бір сабақта пайдалануға болады. Мысалы, түсіндіру әдісі, баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, техникалық жұмыс істеу - компьютерді пайдалану, әдісі, жаттығу әдісі, үйге тапсырма беру әдісі, т. б. жұмыстармен аяқталады.
Тағы да бір сабақта: блокпен түсіндіру әдісі, проблемалық сұрақтар қою әдісі, жаттығу әдісі, деңгейлеп оқыту әдісі (даралап, саралап оқыту, тапсырма беру), демонстранциялық әдіс - (экранды пайдалану немесе осы жерде интерактивті тақтамен жұмыс істеу) қайталау, пысықтау әдістері - тапсырмалар, тестпен жұмыс істеу әдісі, т. б. әдістерді пайдалану жолдарын көрсеткен сабақ жоспары жасалады. Сөйтіп, кестеде берілген барлық әдіс те белгілі бір этаппен жүзеге асырылып отырады.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Бүгінгі таңда, оқу үдерісінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни, инновациялық әдістері де жиі қолданылады.
Мысалы: қалыптасқан әдістер:
а) сұрақ-жауап; б) суретті немесе көрнекілікті пайдалану; в) аударма; г) сөйлем және сөзді толықтыру; д) мәтін бойынша әңгімелесу; е) тест сауалдарымен жұмыс; ж) мақал-мәтелдер жарысы; з) өлең, тақпақтар жарысы т. б.
Жанама жаңғыртып оқыту әдісі:
а) пікірсайыс (дебат) әдісі;
б) коммуникативтік әдісі;
в) драматизация әдісі;
г) іскерлік әдіс;
д) видео (бейне) арқылы сабақ беру әдісі;
е) жобалы сабақ өту әдісі;
ж) саралап оқыту әдісі т. б.
Оқу үдерісінде оқытудың озық технологиясын қолдану - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай, оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде, әр сабақта олар тест сауалдарымен жұмыс істейді, әр технология мұғалімдерінің шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалықтарды дер кезінде қабылдап, өңдеп, оны өз ісінде тиімді қолдана білуін айырықша талап етеді.
1. Дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық негізі
1. 1 Дидактикалық ойынның қалыптасу жолдары
Ерте заманнан-ақ адам өзінің қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал, айнала дүниені танып-білудің белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшуін нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осының таным-түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұлғаның дамуындағы ойын теориясы мен тәжірибесінің әсерін ерте заманның өзінде-ақ отандық және шетелдік педагогтар, атақты ғұлама ойшылдар, философтар, социологтар, психолог ғалымдар көріп, байқап оны іске асыру жолдарын ұсынған. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Оның көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан. Ертедегі ұлы ойшылдар Я. Коменский, Ж. Руссо, Дж. Локк, И. Песталоцци, т. б. ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген [1, 65] .
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен басталды. Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.
Оқыту барысында ойын әдісін қолданудың мүмкіндіктері туралы бұрыннан белгілі.
А. С. Выготский мен А. М. Леонтьев зерттеулері шеңберлеріндегі психологиялық теория адам әрекетінің негізгі үш түрін бөліп көрсетеді: еңбек, ойын және оқу. Осы түрлердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ойынның пайда болу теориясы бойынша психологиялық әдебиеттерді талдау тұтас алғанда оқушылардың дамуы мен өзін-өзі көрсете білуіне арналған бағыттар аясын анықтауға көмектеседі. Неміс психологі К. Гросс ойынды мінез-құлықтың бастауыш мектебі деп атады. «Ойын - хаос секілді объективті алғашқы стихиялы мектеп, ол баланың өзін қоршаған адамдардың мінез-құлық дәстүрлерімен танысуына мүмкіндік береді» деген ғалым.
Ғылымда соңғы жылдары қоғамдық тәжірибеде ойын ұғымы аса маңызды қоғамдық категория ретінде пайдаланады. Сонымен байланысты ойын түрлері дидактикаға аса белсенді түрде ене бастады.
Ойынның дидактикалық мәнін К. Д. Ушинский бұрын да дәлелдеген. Ойынның педагогикалық арена иесі А. С. Макаренконың, В. А. Сухомлинскийдің, Д. Б. Элькониннің және т. б. ғалымдардың еңбектерінде түсіндірілген. Осы бағыттағы Н. Н. Аникеев, О. С. Анисимов, В. В. Петрусинский, Л. С. Выготский, Г. А. Кулагин, В. Ф. Смирнов сияқты ғалымдардың практикалық зерттеулері құнды болып табылады. К. Д. Ушинский, Дж. Селли, О. Бюллер ойынды пайымдау немесе фантазияның көрінуі ретінде қарастырады, ал А. И. Сикорский және Дж. Дьюн оны ойлаудың дамуымен байланыстырады. Ғалымдардың пікірлерін көзқарастарын жүйелесек, ойынның белгілі бір қабілеттердің қосындысы екені айқындалады, оны былай көрсетуге болады: қабылдау + ес + ойлау + пайымдау [2, 22] .
К. Д. Ушинский: «Ересектер ойын сипатын бұзбай ойынға тек бір жақты әсер ете алады, ол дегеніміз - ойын құруға арналған материалды жеткізу, одан әрі не істеу керек екенін бала өзі біледі. Бірақ осы материалдардың бәрін ойыншық сататын дүкеннен аламын деп ойлауға тиіс емес. Сіз балаға ашық түсті әдемі үй сатып алып бердіңіз, ал ол одан түрме жасайды, сіз оған шаруалар мен олардың әйелдерінің қуыршақтарын алып бердіңіз, ал балаларды солдаттар қатарына қойды; сіз оған әдемі аң сатып алып бердіңіз, ал ол оның басын кесті; ол сіз әперген ойыншықтарды мәнсіз қайта жасап және құрайтын болады, оларды өзін қоршаған ортаға сай бұзады, - міне осы материал туралы тәрбиешілер аса қамқоршылық танытуы тиіс» [3, 29] .
Ойын әдісінің көрнекті зерттеушісі Д. Б. Эльконин ойынның табиғатының әлеуметтік сипатқа ие екенін және ересектер әлемінің бейнесіне тікелей тәуелді болатындығын айтады. Ойынды «әлеуметтік қатынастардың арифметикасы» деп атай келе, Д. Б. Эльконин ойынды белгілі бір кезеңге пайда болатын қызмет ретінде, ересектер әлемін баланың тану қабілеті мен психологиялық қызметінің дамуының жетекші формаларының бірі ретінде түсіндіреді. Ойын қызметінің психологиялық механизмдері өзін-өзі көрсететін, өзін-өзі ұстай алатын, өзін-өзі анықтайтын, өзін-өзі реттейтін және іске асыра алатын жеке тұлғаның іргелі сұраныстарына сүйенеді.
Дидактикалық ойын - қоғамдық практиканың бір түрі, нақты өмір құбылыстарын әрекет арқылы қайта жаңғырту. Ол әрқашан екі шақтық өлшемде көрінеді: осы шақта және келер шақта, уақытша қуаныш сыйлай отырып, сондай-ақ ол жеке тұлғаның пісіп-жетілген өзекті сұранысын қанағаттандыра алады. Онда өмір жағдайлары модельденеді, қасиет, сана, жағдай, шеберлік, қабілет, сондай-ақ, әлеуметтік, кәсіби және шығармашылық қызметті орындауға арналған қажетті тұлғалар қалыптасады.
Ойын - мәдениеттің ерте кездегі жетістігі. Ол қоғаммен бірге өмір сүріп келеді. Әрбір жеке адамның өмірі ойын арқылы өтеді. Біздің заманымыздағы ойын тек әрекеттің жеке түрі ғана емес қоғам өмірінің барлық саласында оның әмбебеп құрамына айналды: экономикада, саясатта, басқару ісінде, ғылымда, әрине, білім саласында да. Адам өмірінде ойын әрекеті төмендегідей қызметтер атқарады:
- ойын-сауық (бұл ойынның негізгі қызметі - ойнату, қанағаттандыру, қызықтыру) ;
- қатысымдық (қатынас диалектикасын меңгеру) ;
- болжамдық (әдеттегі мінез-құлықты анықтау, ойын барысында өзін-өзі тану) ;
- ойын арқылы емдеу басқа қызмет түрінде пайда болатын әр түрлі қиындықтарды жеңу;
- өзін-өзі көрсете алу (қабілеттің және жасырын мүмкіндіктердің көрінуі) ;
- әлеуметтендіру (қоғамдық қатынастар жүйесіне ену) ;
- халықаралық қатысым (барлық адамдарға бірдей әлеуметтік - мәдени құндылықтарды меңгерту) ;
- эстетикалық ойыннан ләззат алу.
Жоғарыда айтылғандай, ойынды оқыту әдістемесі ретінде аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа берілген тәжірибе ретінде адамдар ерте кезден-ақ пайдаланған.
Қазіргі заманғы мектептерде ойын әрекеті төмендегі жағдайларда пайдаланылады:
1) белгілі бір тақырыпты меңгеру үшін жеке әдіс ретінде;
2) кейде тіпті өте маңызды қандай да бір әдістің элементі ретінде;
3) тұтас сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде (кіріспе, түсіндіру, бекіту, бақылау немесе жаттығу) ;
4) сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру кезінде ойынды пайдалануы мүмкін.
Оқытудың ойын түрін пайдаланған кездегі мұғалімнің міндеті, ең алдымен, оқушының танымдық қызметін ұйымдастыру, соның барысында олардың қабілеттерін, әсіресе, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz