Ғ.Мұстафиннің сыншылық табиғаты



Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Ғ.Мұстафиннің сыншылық көзқарасы зерттелуі
2.Ғ.Мұстафин шығармаларындағы мақал.мәтелдердің танымдық бейнелілігі
3.Ғ.Мұстафин және тіл шеберлігі мәселесі
4.Жазушының «сөз өнері» мен «әдебиет» жайлы көсемсөздері
ІІІ.Қорытынды
Бұл курстық жұмыс барысында мен Ғ.Мұстафиннің сыншылық қыры, жазушының өзіндік стліне, шығармаларындағы мақал-мәтелдердің қолданылуына баса назар аудардым. Ғ.Мұстафин мұрасын оқи түскен сайын оның баба тілінің қорғаушысы болғанына көз жеткіздім. Ғ.Мұстафиннің сын табиғатының эстетикалық сипатын, ғылыми негіздерін саралаған ой-толғамдары да әдебиет жанашырларына және сыншыға тән тұлғалы тұтастықты танытады.
Қаламгердің аз сөзбен көп мағына беруді мұрат еткен сөз ұстасының өз дәуіріндегі қоғамдық-әлеуметтік, эстетикалық ой-пікірлері, қазақ әдебиетінің озық үлгілері, яғни, мақал-мәтелдер тәрізді афоризмдері-өмірден көрген-білген, көңіліне түйген сөздер түйіні. Сондай-ақ, бұл курстық жұмыста Ғ.Мұстафиннің жазушы болмысы мен еңбек, көркем тіл шеберлігі мен сөз саптау ерекшелігі жайлы шығармашылық лабораториясы, тәжірибе-бақылауларынан түйіндеген эстетикалық көзқарасы сараланады.
Бұл жұмыста Ғ.Мұстафиннің сыншылық қырын қарастыру барысында Р.Әбілхамитқызының «Ғ.Мұстафиннің әдеби сыншылық көзқарасы» деген авторефератынан материал алдым. Себебі, бұл жұмыстың ғылыми жаңалығының өзі- мұнда жазушының әдеби сыншылық көзқарасы жүйелі түрде қарастырылған.
1.Әбілхамитқызы Р. Ғ.Мұстафиннің әдеби сыншылық көзқарасы. (автореферат). Астана,2003.-29 бет
2.Ғ.Мұстафин және қазіргі қазақ прозасы. (конф.мақалалары) Қарағанды,2002
3.Қанапина С.Ғ. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі. (С.Мұқанрв, Ғ.Мұстафин шығармалары бойынша) (автореферат) Алматы,2006
4.Қазақ тілі мен әдебиеті. -1997. №11-12
5.Сахариев Б. Күрескер тұлғасы: мақалалар, зерттеулер. Алматы, 1972
6.Жұмағұл C. «Сыншыл ойлар сәулесі»//Қазақ әдебиеті. №11(32) қараша. 2002

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Негізгі бөлім
1.Ғ.Мұстафиннің сыншылық табиғаты

Ғ.Мұстафиннің әдеби сын еңбектері бұрын арнайы зерттеу нысаны болмаған,
жазушының сыншылық көзқарасы жүйелі түрде тұңғыш рет ғылыми тұрғыда
Р.Әбілхамитқызының Ғ.Мұстафиннің сыншылық көзқарасы деген
диссертациясында қарастырылады. Бұл жұмыста қаламгердің шығармашылық жолы,
сыншылық қызметі мен жазу шеберлігі тарихи-әдеби заңдылықтарға сәйкес
сараланған. Жазушының қазақ әдебиеті мен сынының өсіп-өркендеуіне қосқан
үлесі ол жасаған баяндамалар мен сын мақалалары арқылы айқындалады. Оның
қазақ әдебиетінің түрлі мәселелеріне байланысты жазылған проблемалық
мақалалары мен баяндамалары, шығармашылық болмысы мен таным деңгейін,
жазушылық, сыншылдық даралығын ашу диссертацияның негізгі ғылыми жаңалығы
болып табылады.

Кіріспеде зерттеу нысанына алынып отырған тақырыптың өзектілігі, зерттелу
деңгейі мен ғылыми жаңалығы көрсетіліп, жұмыстың мақсаты мен міндеттері,
теориялық және практикалық маңыздылығы, зерттеу әдіс-тәсілдері айқындалады.

1-тарау Ғ.Мұстафин және қазақ әдеби сыны деп аталады. Мұнда жазушы
Ғ.Мұстафиннің қоғамдағы, әдебиеттегі алатын орны, ұлттық әдебиетіміздің
проблемалық мәселелеріне арналған мақалалары мен ой-пікірлерінің сыншылық
сипаты сөз етіледі.

Жазушы-сыншының әдеби сын көзқарастары мен ой-толғамдары жинақталып, Ой
әуендері (1978) атты еңбек өмірге келген. Бұл жинақтағы әдебиет туралы ой
әуендері, сыни пікірлері мен игі тілектері, естеліктері мен шығармашылық
портреттері әдеби зерттеу ісі үшін де, сын үшін де аса маңызды.

Ой әуендері әдеби сын кітабы: әр кезде, әр қилы ой келеді. Көре келе,
жүре келе, уақыт, жағдай өзгерген сайын ой да өзгере береді. Ол өзгерістің
бәрі бірдей есте қалмапты. Керексізімен қоса талай керектісі өлген болар.
Ал қағазға түскен ой өлмейді, жарамдысын бір уақытта біреу болмаса біреу
пайдаланады. Сондықтан кейінгі ұрпақтың бір керегіне жарар деген үміттемін-
деген осындай терең оймен басталады да, Сұрыпталған сөздер атты салиқалы
шағын топтамамен аяқталады. Бұл жинаққа автордың 70-ке жуық дүниесі енген.

Алғаш жазылған Сын әділ болсын атты мақаласы 1946-жылы 30-қыркүйекте
Правда газетінде жарияланады. С.Төлешевтің Шығанақ романындағы қателер,
Т.Жароковтың Есеп пе, өсек пе деген тақырыптағы сын мақалаларына жауап
ретінде жазылған. Аталмыш сын мақалалар ВКП (б) Орталық Комитетінің
идеодологиялық мәселелеріне арналған арнайы қаулыларын жүзеге асыруды
көздеді. П.Кузнецовтың айтуынша, Ғ.Мұстафин көшпенді қазақ халқының ішінен
шыққан Ш.Берсиевтің кеңес өкіметі мен компартияның, Сталин мен орыс
халқының көмегімен даңққа бөленгенін біле тұра, оны өзінің бойға біткен
табиғи диқаншылық қабілетімен, қайрат-жігерімен жетті деп,- жалған идеяны
ұстанады.Феодалдық байшылдықты мадақтайтын Шығанақ романы-ұлтшылдық пен
идеясыздыққа бастайтын шығарма. Әрине, бұл сыңаржақ сын. Бұлай дейтініміз,
сол кездегі басты талап көркем әдебиетте социалистік өмірді жырлау, кеңес
адамдарын, партия басшысын басты кейіпкер ретінде алып, олардың көркем
бейнесін сомдау болатын. Ғ.Мұстафин атына айтылған сындар да Совет
адамдарының, совет қоғамын басқарушы партия басшысының, большевиктердің
образын жақсылап жасай алмады-деген сияқты сол кездің талабы еді. Өзіне
айтылған сындарды дұрыс қабылдаған Ғ.Мұстафин: Қабылдаймын. Жасадым,
жетілдім деуден аулақпын. Шаш ағарып, қалтырағанша жазармын, сонда да совет
қоғамының өмірін мүлтіксіз жаздым демеспін -дейді. Десек те, сындағы
кейбір келеңсіз адам ар-ожданына қол сұғатын біржақты пікірлерге өз
қарсылығын білдіреді. Дұрыс сын түзейді, теріс сын бұзады. Қайсыбір
адамдар осындай көпшілік дабылын пайдаланып, өзінің бықсық пікірін өткізуге
тырысады-деп, С.Төлешевтің Шығанақ романындағы қателер атты сын
мақаласына қарсы жауап жазады. Таласпаймын. Қате бар, болуы да заңды,
бірақ сыншы ненің жақсы, ненің жаман екенін талдап жазуы керек-деп жазады.
Жазушы сөз қорытындысында Шығанақ романы туралы айтылған пікірлердің
бірін зерттеусіз қалдырмаймын, көпшілігі дұрыс екенін қазір-ақ мойындаймын.
Романды қайта жазамын, түзетемін,-деп, шығарманың идеялық-көркемдік
тұрғысынан сәтті шығуына баса назар аударады. Сын-мұқалту құралы емес,
эстетикалық таным-біліктің арнасы-деп білсек, Ғ.Мұстафиннің әрбір жауабы
мәдениетті, білікті көзқарасы қалыптасқан қаламгер екенін айқындай түседі.

Ғ.Мұстафин кезінде уақыт талабына сай айта алмаған ойларын, әр кезде
толғантқан дүниелерін Сыр дәптерлері деп аталатын күнделік дәптеріне
жазып отырған. Сол Сыр дәптерінен алынған Төрт арыс деген мақаласында
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердивтің аты аталып, осы
төрт адам атаусыз қалып барады деген жабулы көмбені ашуға тырысады. Бұл
жерде М.Дулатовтың аты аталмайды. Себебі сол кездегі М.Дулатовқа
Амангелдінің өлтірілуіне қатысы бар деген жалған жала таңылуының әсері бар.
Аталған қоғам қайраткерлері өмір сүрген кезеңде тап тартысын желеу қылып,
өз мақсатын іске асыруды көздеген шолақ белсенділер аз болған жоқ.
Көрегендікпен айтқан Ғ.Мұстафин пікірлерінің сыры кешігіп болса да ашылды.
Араға он жыл салып барып, шындыққа айналды. Бүгінгі күні қазақ әдебиетінде
олар Төртеу емес, Бес арыс аталып, ақталып, олардың мұраларын
насихаттау үшін арнайы зерттеу еңбектері жарық көре бастады.[1;6-9]

Жазушының жазғандарын бүгін қарап отырсаңыз, оның қазақтың ұлттық мұраларын
жинап, Ғабиденнің өзінің құпия ойларын жазып жүретін Сыр дәптері атты
күнделігінің үзінділері болмаса, әлі толық жарияланған жоқ. Соның
беттерінде кейінгіге үлгі, ғибрат боларлық ойлар тіпті мол.

Ғ.Мұстафиннің ұлттық мұрат, мүдде жөнінде айтқандары бүгін елдің аузында
жүр. Ой әуендері кітабында да бұл салада жазғандары көп. Бір кезде
ұлтшылдықпен күресіп едік, енді ұлтсыздықпен күресу керек дейтін қанатты
сөзді де Ғабиден айтқан Сыр дәптерінде. [2;16]

Қаламгердің Ой әуендері кітабында топтастырған сын мақалаларының басты
ерекшелігі-әдебиет пен әдеби сынның өзекті мәселелеріне қозғау салуында.

Ғ.Мұстафиннің Әдебиетіміздің жас буынын тәрбиелейік, Жазушының моралі
таза болсын, Жазушы атағын жоғары ұстайық! атты мақалаларының
эстетикалық сипатының құндылығы жоғары. Ғ.Мұстафиннің қай сын мақаласында
болмасын, нағыз сынның айқын белгісі-әдебиетті сүю деген талап тұрғысынан
келіп, қаламгерлерге өздерінің шығармасында қоғамдық өмірімізде орын алып
келе жатқан кемшіліктерді заңды, дертті құбылыстарды қайта әшкерелеуге ой
салды. Оқырман талабы мен талғамына әдеби сын назарын аудартты.[6;42]

Ғ.Мұстафин поэзия жайында сөз қозғағанда, алдымен поэзия сыны мен
жеке адамдар шығармаларына баса назар аударады.Т.Жароковтың таңдамалы
шығармалары жайында жазған орынды сындар айта отырып, көркем сөздің
ерекшелігін түсінбей қалғанын аңғартады. Т.Жароковтың поэмасында пейзаж
көрінбей, Абай жырлап кеткен сұрықсыз күз кескіні көз алдыңа келе береді-
дейді де, оны кірпігіне қырау қонған сұрғылт күз тәрізді ең көркем
жолдармен дәлелдегенде өзіне-өзі қарсы шығады. Сондықтан көрікті сөзге
көлеңкесін түсірер осындай ойға тоқталады. Ақынның поэма жазудағы үлкен
жетістіктерін айта келе, кейбір жалаң ұйқасқа құрылған мағынасыз сөздер
легін сынға алады. Мысалы, самолетке самал отты ұйқастырады. Отта
самал бола ма?-деп, мағынасыз, ұғымсыз ұйқасқа, поэзияға мысал келтіре
отырып, тұжырымды ой түйеді.

Ғ.Мұстафиннің ойынша, поэзия екі түрлі: бірі-өмір бойы есіңнен кетпейтін
сұлу поэзия, екіншісі- сол арада қалып қоятын поэзия. Ал оқырман қауымға
керегі, әрине, біріншісі. Осындай әсерлі поэзияның ақыны деп Д.Әбілевті
атайды. Оның Алтай жүрегі поэмасын өндіріс тақырыбына өлеңмен жазылған
роман дей келе, ақын сөзбен сурет салуға әлі шорқақ,-деп сынға алады.
Ақынның :

Жұлдыздай түнгі аспанға шыққан шыншып,

Зейнептің меруерттері жанын шымшып,

Күн нұры шағылысқан күміс шықтай.

Күлімдеп жүр біріне бірі ыршып,-

деп поэмадан үзінді келтіре отырып: Бұл шумақта автор не суреттемек болды
екен-Зейнепті ме, оның меруертін бе? Түсіну қиын. Жұлдыз, түн, аспан, шық,
күн, күміс немесе күлімдеп, ыршып, шымшып деген сөздердің ұйқасын ғана
жасады. Ол ұйқастар ештеме атқара алмады,-деп, Д.Әбілевтің шығармаларына
оқиғалы поэзиялық тілде суреттеу тәсілі жетпей жатқандығын атап көрсетті.

Сонымен қатар, Ғ.Мұстафин европалық, шығыстық өнердің озық үлгісін
көрсеткен Абай шыңына әлі ешкім де жеткен жоқ,-деп, атап көрсетеді. Абайды
сөз өнеріндегі ұстаздықтың ұлы мектебі,-деп атап, Қараңғы түнде тау
қалғып өлеңіндегі сурет, образ, ой жаңалығы мен сөз сонылығына
ыждағаттылықпен қарады. Ой парқына терең мән берген жазушы Абайдың Адасқан
күшік секілді, ұлып жұртқа қайтқан ой,-деген сөзіне жете үңіле, Абай ойды
жұртта қалған күшікке теңегенде жұпыны сөздің өзімен қандай беріп әдемі
сурет, күшті әсер, терең мағына беріп тұр,-деп тамсанады.

Ғ.Мұстафиннің сыншылық табиғатының бір қырын танытатын-М.Әуезовтің Түнгі
сарын, Ғ.Мүсіреповтің Амангелді, Ә.Әбішевтің
Жолдастар , М.Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің Қынаптан қылыш пьесалары жайлы
жазған сындары. Күрделі жанрда көшбасшы болған драмматургтер М.Әуезов пен
Ғ.Мүсірепов атына айтылған артық-кем сындар бар. Қалай айтылған күнде де,
Сын мұраты-көркем туынды, не әдеби процесс хақында қате болсын, алғаш
пікір білдіру болса, бұл мақалалары да маңызды ойлар айтуымен бағалы.

Ғ.Мұстафиннің әр кез сынға алған адамы-Ә.Әбішев. Оның Жолдастар, Достық
пен махаббат, Отан үшін, Қырағылық деген төрт пьесасының ішінен
біреуін ғана ерекше атайды. Ол -Жолдастар пьесасы. Қалған үшеуі жаңалық
емес, қайталау, бір орында шиырлау -деп, әр пьесадағы ұқсас кейіпкерлер
бейнесін сынға алады. Аттары өзгертіліп әр уақытта көрінгені болмаса, бәрі
біркелкі адамдар,-дейді. Негізінен алғанда, Ә.Әбішевтің аталған
шығармалары –өз уақытында ресми қажеттіліктен туған пьесалар.Сондықтан оның
пьесаларында өз кезеңінің қоғамдық -саяси талаптары басым болып, драмалық
жанр табиғатына тән тартыс солғын. Бұл жағдайлар негізгі ойды жеткізуге
бірден-бір кедергі болып табылады. Ә.Әбішевтің кемшін жағын көре білген
Ғ.Мұстафин пьесаларының құрылымына баса назар аударады. Драматургтің сюжет
шашыраңқылығы мен жеке интрига арасындағы байланысының әлсіздігін сынға
алады.

Ә.Әбішевтің атына айтылған сындардың бірі-сөз шығыны. Кейіпкер тіліндегі
ұзақ сонар баяндаушылық пен көп сөзділікке қарсы болады. Ойларын сөз аспау
керектігін және сөзді шыңдап, мөлшерлі қолданылуын талап етті. Диалогтегі
сөз саны мен сөздерді қолданылу ретіне үлкен мән береді. Ә.Әбішевтің
Махаббат пен достық пьесасында Сәулеге 126 рет кезек береді. Монолог
емес, диалогында, бірінші орында, онда да көбінесе барлық 25 жолдың пікірін
беруге болар еді. Өзгесі ысырап болған сөздер деп сынға алады. Ал,
Ғабитте, Мұхтарда ысылғандық бар. Кебек ең ұзақ сөйлегенде, бір-ақ рет 12
жол сөз сөйлейді. Сөйлеуік Қарабайға Ғабит бір-ақ рет 12 жол сөйлеуге
рұқсат етеді,-деп, сөз берудің маңызы мен мәніне ерекше көңіл бөлді. Әр
кейіпкер өз кезегінде регламент сақтау қажеттігін ескертеді. Жазушының
сыншылық қырын ашу оңай емес. Ғ.Мұстафиннің сыни көзқарасы әдебиеттің
ғылымымен тоғысып отырады. Жазушының ойынша, Әдебиет –адам жанынын, адам
пиғылын тәрбиелейтін ең керекті құралдардың бірі, бірі болғанда бірегейі

Эстетикалық тәрбие құралы болып есептелетін әдебиет дарынсыздардың
далбасысына айналмауы тиіс,-дейді Ғ.Мұстафин.

Көркем туындының тынысын тап баса білетін талғампаз Ғ.Мұстафиннің
мақалалары ой тереңдігімен құнды.

Жазушы не жайында айтса да, азаматтық тұрғыдан қазақ әдебиетінің даму
жолдарымен сабақтастықта қарайды. Тұлғалы ойлары, мейлінше, қысқа, жинақы.
Әдебиеттің қай саласы әңгіме етілсе де оның мәні, түйіні ықшамдалып,
түйіндеп айтумен оқшауланады.

Әдеби даму мен көркем сынның жетілуі хақындағы пікірлері белгілі проблеманы
сөз етіп, сол арқылы талап қоя отырып, оқушысын ордалы ойға жетелейді. Ол
ойлары сынға құрылып, өскелең әдебиет алдына тың міндеттер мен мақсаттар
қояды. Автордың ой-пікірлері әдебиеттің өзекті проблемалары мен ұлттық
сипаттағы рухани даму фактілеріне толы келеді. Әдеби өмірде болып жатқан
даму бағыттары идеялық-эстетикалық жетістіктер-кемшіліктермен қоса
қамтылып, сол кезеңнің күн тәртібіндегі зәру мәселелері көтеріліп
отырады.[1;16]

2.Ғ.Мұстафин шығармаларындағы мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі

❖ Мақал-мәтелдердің, афоризмдердің кейіпкер тілінде қолданылуының
мәдени-ұлттық семантикасы:

Жазушы Ғ.Мұстафин өзінің баяндауында болсын, немесе кейіпкер тілінде болсын
мақал-мәтелдерді сөз орамына бейнелік, көркемдік нақыш беру мақсатын көздеп
пайдаланады.

Кейіпкер тілінде кездесетін мақал-мәтелдер кейіпкерлердің бейнелерін
нақтылауға көмектеседі. Айталық, еңбеккер халықтың образын бойына жинаған
халық уәкілі Шығанақтың тілін жандандырып, басқа кейіпкерлерден
дараландыратын тілдік мінездеу, мақал-мәтелдер, афоризмдер арқылы береді.
Мысалы: Жер жайын жорытқан біледі. Мал жайын баққан біледі(82б), Өмір
қызығы сыйласу, бір үй толған жансың, бір-біріңе қонақсың-деп отырады үй
қожасы Шығанақ(45б) Ақыл ойдан артық емес (47б) –деп , өз пікірін
жалтартпас шындықпен дәлелдейді.

Шығанақтың келесі бір сөздерінде оның адамгершілік қасиеттерін аша түсетін
мына сияқты мақал-мәтелдер, афоризидер ұтымды берілген.

Қаз орғанына семіреді. Қара құс тойғанына семіреді Біз қара құс емеспіз.
Асқанды айтпа, сасқанды айт, етті айтпа, ниетті айт(64б)

Шығанақтың ақылшы, тәрбиеші қасиетін мына сияқты афоризмдерден байқауға
болады. Жастықтың қызығын өз шағында көріп, бағасын кейін береді екен
(73б) Іргесі бекіген ескілік жаңалыққа жол бере қоймас.Жаңалық жағаласып
жеңіп алады. Ескінің бәрі іріп тұрмайды. Айыра білу керек. Мұның ең айқын
белгісі-сезім (83б) Бір құлаған бәйтерек, орнатсаң да орнамас.(86б)

Шығармадағы басқа кейіпкерлерде шығарма бойында бір сарында қалып қоймайды.
Кейбір кейіпкердің әлеуметтік хал-жайын суреттейтін мақал-мәтелдер әр түрлі
әлеуметтік ортаның адамдарына лайықтап алынған. Мысалы, Кедейдің бір
тойғаны -шала байығаны тәрізді болып келеді немесе Рақатсыз байлық-
кеедейліктен жаман екен(Дауылдан кейін, 235б)

Романдағы қаһармандардың өнеге, ақыл-өсиеттері де көбінесе мақал-мәтел,
афоризмдер арқылы беріліп, ұтымды болып шыққан. Мысалы, Миллионер
романындағы басты кейіпкерлер Жомарт, Алма, Жанаттың бір-біріне деген
сезімдері, нағыз достықты бағалай алатындықтары мына афоризмдер арқылы өте
ұтымды, әсерлі болып беріледі. Күн қабағын жабылса, жер қысылады. Сенің
қабағың жабылса, мен қысылам. Сені қысып күн болғанша, жанып бітіп күз
болам (352б)

Ғ.Мұстафинде афоризмдердің барлығы дерлік кейіпкер тілінде ұшырайды.

Кейбір афоризмдер философиялық ой қорытындысын береді. Жазушының өзіндік
стиліне жататын мына сияқты түйдекті тізбектерді атауға болады. Мысалы,
Көруге қырағылық, алуға батылдық керек, Кеме қанша үлкен болса да, теңіз
көтереді. Теңіз қанша үлкен болса да, теңіз түймедей темірді
көтермейді(Шығанақ,83б) Шындық шырағы дауыл соқса да, өшпейді (
Дауылдан кейін,87б)

Бұл келтірілген мысалдардан біз жазушы шығармаларының негізгі тілі, арқауы
афоризмдік үлгімен құрылғанын аңғарамыз.

Ғ.Мұстафин шығармаларының барлығының дерлік сөйлеу тілінде халықтық мақал-
мәтелдер, авторлық афоризмдер елдің қоғамдағы алатын орнына, ой-өрісіне,
білім дәрежесіне, рухани өсуіне, өмірге көзқарасына, әлеуметтік тегіне,
саяси бағытына сай беріліп, кейіпкерлердің бейнелерін нақтыландырудағы
тілдік амалдың біріне айналғандығын көрсетеді.

❖ Мақал-мәтелдердің, афоризмдердің автор бейнесін берудегі тілдік-
стильдік көрінісі:

Автор бейнесі Ғ.Мұстафиннің шығармасындағы композицизиясын, тілін
ұйымдастырушы, барлық кейіпкерлерді, сюжет тарамдарын орайлап әкеліп бір
қазыққа байлаушы орталық тұлға. Автор оқиға өтетін ортаны суреттеуден
бастайды да, диалог арқылы өрбітеді. Мұның бәрінде автор сырттан бақылаушы.
Оның сөзі көп емес, көбінесе кейіпкерлерді сөйлетеді, өзі кей тұста ғана
түсініктеме береді және де барлық мақал-мәтелдер кейіпкер тілінде
ұшырасады.

Автор, көбінесе, кейіпкерлерінен бөлінбейді, олармен бірге болады. Тіпті өз
атынан баяндаулары да солармен тілегі бір екендігін көрсетіп отырады.
Мысалы, Мінін көріп безгенше, мінін алып түзе Басшылықтың басты міндеті
осы болар.Тым өрсің Жомарт. Өзім білемін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
ДҮЛДҮЛІ ДАРХАН ДАЛАНЫҢ (Ғ. Мұстафиннің Дауылдан кейін романы Б. Шалабаев талдауында)
Заманынан озып туған азамат еді Сағат Әшімбаев туралы
Ғабиден Мұстафин өмірі және шығармашылығы
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Т.Әлімқұлов сыншы және әдебиет зерттеушісі
Әдеби портрет ұғымының әдебиетте қолданылуы
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Мұхтар Әуезовтың әдеби-сын еңбектерi
Пәндер