Инвестициялық жобалаудың негізгі ережелері



1. Жоба мен жобалық цикл түсініктері
2. Инвестициялық жобалардың түрлері
3. Жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын ала кезеңі
4. Экономика салаларының пісіп.жетілуінің мысалдары
5. Жобаның коммерциялық орындалуын талдау
6. Техникалық талдау
7. Ең үздік техникалық шешімді тацдау үлгісі
8. Қаржылық талдау
9. Экономикалық талдау
10. Институционалдық талдау
11. Тәуекелді талдау
12. Жобаны бағалау критерийлері
13. Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым
14. әдістері
15. Өтелімділік мерзімі
16. Табыстың қарапайым нормасы
17. Дисконтталған критерийлер
18. Ағымдағы таза құндылық
19. Табыстылық индексі
20. Табыстың ішкі нормасы
21. Жобаларды салыстыру
22. Ақшалай жылыстаулар көлемдерінің сәйкессіздігі
23. Ақшалай түсімдердің уақытта сәйкес келмеуі
24. Инфляцияның инвестиция тиімділігінің бағасына әсері
25. Ең төменгі құн критерийі бойынша шешім қабылдау
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды және т.с.с. құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу т.с.с.) өзгерісін қарастыратьн жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгерумен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бүрынғы уақытта айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялык жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
1. Жобаның тұжырымдалуы. (кей уақытта «идентификациялау» термині қолданылады). Бұл кезенде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндетгерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
2. Жобаны дайындау. Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны (яғни бизнес-идеяны) ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында — коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және т.б. - оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезенде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өндей алуға және бастапқы ақпараттардың шынайылығына тәуелді екенін түсіну керек.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жоба мен жобалық цикл түсініктері
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде
көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған
сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса,
онда ол ол инвестициялық жоба деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген
жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы
түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның
іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады.
Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық
кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды
және т.с.с. құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі,
толық автоматтандырылған өндіріске көшу т.с.с.) өзгерісін қарастыратьн
жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің
өзгерумен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен
байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бүрынғы уақытта
айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы
кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып
табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және
жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық
мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялык жобалау
тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы
реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге
ие.
1. Жобаның тұжырымдалуы. (кей уақытта идентификациялау термині
қолданылады). Бұл кезенде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы
кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай
дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы
түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндетгерін шешуге
бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді
аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше
идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және
іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен
неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық
жобалар әзірленеді.
2. Жобаны дайындау. Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен
өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға
дейін оны (яғни бизнес-идеяны) ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба
жоспарының барлық бағыттарында — коммерциялық, техникалық, қаржылық,
экономикалық, институционалдық және т.б. - оны бірте-бірте нақтылау мен
жетілдіру талап етіледі. Бұл кезенде жобаның жекелеген міндеттерін шешу
үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып
табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын
мәліметтерді дұрыс өндей алуға және бастапқы ақпараттардың шынайылығына
тәуелді екенін түсіну керек.
3. Жобаны сараптау. Жобаның жүзеге асыру алдында оның білікті
сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу
керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен
қаржыландырылатын (несиелік немесе тікелей) болса, онда
инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске
асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл
кезенде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін
жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны
негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды
жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де
сараптама қажет.
4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның
іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің
орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен
шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген
кезең іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның - бастапқы
инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін
тексеру және инвесторлардың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын
қамтамасыздандыру.
5. Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңыңда, сондай-ақ жобаны орындау
процесі кезіңде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің мақсаты жобаға салынған
идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты
кері байланысты алу болып табылады. Мүндай салыстырулардың нәтижесінде
жобаны құрастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бүл тәжірибені басқа
жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобалардың түрлері
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және
типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде
кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген.
1. Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде
ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және
күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас
қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің
басымдылығын дәлелдеу керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.
2. Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды
ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына
неғүрлым жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға
қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі
әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада
неғүрлым жетілдірілген қондырғы қаржылық жағынан неғұрлым тиімді бола
бермейді.
3. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту.
Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі
қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын
нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін
арттырудың табыстың өсуіне алып келу-келмеуін анықтай отырып, жобаның
қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
4. Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл
түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және
бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін
талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді.
Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды
неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.
5. Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалау барысында
экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық
жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны
ластауымен әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі
барынша қиын болып табылады. Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен
дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма жобалардың қай түріне
назар аудару керек: 1) капиталдық шығындарды кебейте отырып,
қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану немесе 2)
ағымдағы шығындарды көбейте отырып, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.
6. Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі.
Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с.
қамтиды.

Жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын ала кезеңі
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясы тұжырымдалғаннан кейін,
кәсіпорын сол бизнес-идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл
сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы
мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдын ала
кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте
төмендегі критерийлерді қолданады:
• саланың пісіп-жетілуі;
• кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы (оның нарықтағы жағдайы).
Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу
арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп-жетілген немесе
ескірген (3.3.1-кесте).
Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның
бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет
көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен
салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын
қолданады: басым, мықты, жағымды, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.
Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру
арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруга болады және ол
матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын
қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер
береді.
Жобаны талдаудың алдын ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген
критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып
табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы қандай нақты торға
жататындығын білдіреді.
Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала
кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларга негізделеді. Соған
қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет:
• стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың
пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер
міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;
• егер кәсіпорынның басқарушылары (менеджерлері) талдауға назар
аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң
нәтижелерге келмеуі мүмкін.

Экономика салаларының пісіп-жетілуінің мысалдары
1-кесте
Пісіп-жетілу кезеңі
Эмбрионалдык Өспелілік Пісіп-жетілген Ескірген
Күн Видеокассеталар Кеме жасау
Энергетикасы өндірісі (Еуропа)
Сағат өңдірісі
Үй компютерлері Көмір алу (АҚШ) Велосипед
өндірісі

Жобаның көптүрлілігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы
сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық,
экономикалық жөне институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы
бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс
жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын жоба
қабылданбайды резолюциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн.
Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар
жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін
және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

Жобаның коммерциялық орындалуын талдау
Қағида бойынша, маркетинггік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың
жауабына байланысты:
1. Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
2. Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде пайда
көре аламыз ба?
Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша, үшінші әлем
елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% - ды құрайды.
Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі -маркетингтің жеткілікті болмауында.
Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:
1. Жоба қандай нарыққа фокусталған? Халықаралық нарық па немесе ішкі
нарық па?
2. Жоба халықаралық нарық пен ішкі нарық арасындағы байланысты
ойластыра ма?
3. Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған болса, онда оның мақсаты
мемлекеттің саяси қағидалық шешімімен сәйкес келе ме?
4. Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның мақсаттары
мемлекеттің ішкі саясатына жауап бере ме?
5. Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны
ары қарай қарастыру керек пе?
Жобалар қолданыстағы нарықта іске асатындықтан, жобаларда олардың
сипаттамасы келтірілуі болу керек. Маркетингтік талдауда да, тұтынушылар
мен бәсекелестерді талдау болуы қажет. Тұтынушыларды талдау тұтынушылардың
сұранымын, нарықтың потенциалды сегментттрі мен сатып алу процесінің
сипатын анықтауы керек. Ол үшін жобаны жасаушы нарықты мұқият зерттеп, оған
әсер ететін институционалды шектеулер мен нарық құрылымының шеңберінде
негізгі бәсекелестерін талдау керек. Маркетингтік талдау нәтижесінің
негізіңде маркетингтік жоспар құрылады. Ол жоспарда өнімді әзірлеу
стратегиясы, баға белгілеу, тауардың нарыққа жылжуы мен өтуі анықталуы
тиіс. Бүл аралас маркетинг элементтері тұтасқа бірігіп, нарықта өнімге
неғұрлым бәсекеге ыңғайлы жағдай жасауы керек. Маркетингтік жоспар фирманың
басқа да шығаратын өнімдерінің бар болуын және фирма қызметінің
ұйымдастырушылық, қаржылық, өндірістік және жабдықтау аспектілерін есепке
алу керек. Маркетингтік жоспар шеңберінде мүмкіндігінше бәсекелестерінің
әрекеттерін және оның осы жоспардың орындалу мүмкіндігіне тигізетін әсерін
болжау керек.
Маркетингтік талдау сұранысты алдын ала болжауды қамтиды. Инвестициялық
жобаны даярлау барысында жобаны дәлдігін қалаулы дәлдікке жету
шығындарымен салыстыра отырып анықтау керек. Шешім қабылдау процесі
белгісіздік жағдайында іске асса да, дұрыс болжау осы белгісіздік дәрежесін
азайтады.
Инвестициялық жобалаудың барлық маркетингтік аспектілерін қарастырудың
мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі мағыналық бөлімдеріне
тоқталайық. Маркетингтің барлық сұрақтарының түйісуі келесі блоктарды атап
көрсетуге мүмкіндік береді: нарықты талдау, бәсекелік ортаны талдау,
өнімнің маркетингтік жоспарын жасау. Аталған бөлімдердің қажетті шарты
қолданылатын ақпараттардың шынайылығы болып табылады. Төменде
көрсетілген блоктардың қысқаша сипаттамасы көрсетілген.
Нарықты зерттеу мақсаты ~ тұтынушылардың сұранымын анықтау, маркетинг
бойынша шешім қабылдауды жеделдету және сапаны жоғарылату үшін нарық
сегменттері мен сатып алу процесін анықтау. Сұрыныс пен өнімді өткізуді
талдауда келесі сүрақтар қарастырылуы керек:
• Потенциалды сатып алушы кім?
• Өнімді сатып алу себептері қандай?
• Сатып алу қалай жүргізіледі?
• Қандай ақпараттар керек және оларды қалай жинауға болады?
Нарықты құрылымдық зерттеуді мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындардың,
жергілікті, ұлттық немесе халықаралық компаниялардың, дәстүрлі немесе жаңа,
маркіленген немесе маркіленбеген өнімдердің бәсекелестерін анықтаудан
бастау керек. Нарыққа енген жаңа қатысушылардың (болашақ бәсекелестер)
мүмкіндіктері мен мәнін және тауар алмастырушылар тарапынан (мысалы, мақта
мен синтетика, алкагольсыз сусындар мен жеміс-жидек шырындары) бәсекені
бағалау керек. Міндетті түрде жауап беретін негізгі сұрақтар мыналар:
- Берілген өнімнің нарықтық құрылымы қандай?
- Берілген саладағы бәсекенің базасы қандай?
- Бәсекелік ортаға институционалды шектеулер қалай әсер етеді?
Маркетингтік жоспар жобаның құрамдас бөлігі болу керек. Оны жасау
кезінде маркетолог келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
• Өнім қаншалықты жақсы өнделген?
• Баға белгілеудің дұрыс стратегиясы анықталды ма?
• Тауарды нарыққа ұсынудың дұрыс стратегиясы анықталды
ма?
• Өнімді өткізу жүйесі сатушы мен сатып алушы арасында
тиімді байланыс қалыптастыра ала ма?
• "Аралас маркетинг" элементтері істі жүргізіп отырған біртұтас
маркетингтік жоспарға біріктірілді ме?
Қорыта келгенде, маркетингтік бөлім жобаларды талдауды анықтаушылық
мәнге ие, өйткені жобаның өмірге қабілеттілігін бағалау үшін керекті
нарықтық ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда сапасыз
маркетингтік талдау нәтижесіңде фирма едәуір ақша құралдарын шығындап,
жабдықтау мен өнімді өткізу операцияларын іске асыруға күш жүмсағанымен,
ойдағы пайдаға ешқашан жете алмайтын жағдайлар кездеседі.
3.5. Техникалық талдау
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
• жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін
технологияларды анықтау;
• жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға,
жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
• жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды
мүмкіндіктерін тексеру;
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы
мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты
процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен
қатар келесі критерийлерді басшылыққа алу керек: 1) технология
өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек;
2) технология - импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.
Егер өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегі
схемалардың бірі бойынша біреуімен шетелдік технология мен қондырғыларды
тарту мүмкіндігіне талдау жүргізіледі:
• шетел фирмасымен бірлескен кәсіпорын - бөлшектеп инвестицияландыру
және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;
• технологиялық ноу-хауды іске асыратын жаңа
қондырғыны сатып алу;
• Turn-key - қондырғы сатып алу, зауыт салу, технологиялық процесті
қалыптастыру;
• Product-in-hand - turn-key + кәсіпорынның қажетті дайын өнім
шығарғанға дейін персоналды оқыту;
• өндіріс үшін лицензиялар сатып алу;
• шетелдік технолог тарапынан техникалық көмек. Технология таңдау
ережесі кейбір альтернативті технологияларды кешендік талдауды
және қандай да бір агрегатталған критерийдің негізінде жақсы вариантты
таңдауды қарастырады.
Альтернативті технологиялардьщ ішінен таңдаудың негізгі факторлары
технологияны қолдануының келесі аспектілеріне негізделеді:
1. Сәйкес масштабтарда тандалған технологияларды бұрынғы бойынша
қолдану (нақты бір нарық үшін масштабтар аса үлкен болуы мүмкін).
2. Шикізатқа қол жеткізушілік (потенциалды жабдықтаушылардың саны
қанша, олардың өндірістік қуаттылығы қандай, шикізаттың сапасы,
шикізатты басқа тұтынушылардың саны қанша, шикізаттың құны,
жеткізудің әдісі мен құны, қоршаған ортаға қатысты тәуекелі).
3. Коммуниқациялар мен коммуналды қызметтер.
4. Технологияларды сатып отырған ұйымның патенті мен лицензиясы бар
екендігіне көз жеткізу керек.
5. Ең болмағанда технологияны сатушының өндіріспен серіктесе жүруі.
6. Технологияның жергілікті жағдайларына бейімделуі (температура,
ылғалдылық, т.с.с.).
7. Жүктемелік фактор (пайыз түрінде номиналды қуаттылықтан жобаның
жағдайларымен) және толық өнімділікке сәйкес, тұрақты жағдайына шығу үшін
уақыттың керектігі.
8. Экология мен қауіпсіздік.
9. Капиталдық және өндірістік шығындары.
Ең үздік техникалық шешімді тацдау үлгісі
3.5.1-кесте
таблица
3.5.1-кестеде көпбаламалы тандаудың үлгісі келтірілген, онда әр фактор
он баллдық шкала бойынша бағаланады.
Жалпыланған критерий мына формула бойынша есептеледі:
G = 1G1 +2G2 +... + nGn
Мұндағы — жеке критерийдің салмағы, Gk — жеке критерийдің
шамасы.
Критерийдің жоғарғы мәніне ие техникалық жоба ең жақсысы болып
саналады. Қарастырған мысалымызда A және D техникалық баламалары бірдей
дерлік, бірақ D басымырақ.

Қаржылық талдау
Инвестициялық жобаның бұл бөлімінің көлемді және еңбек сыйымдылығы
жоғары. Бүл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тараулар арналады.
Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенін қарастырайық.
Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым
тізбекке негізделген:
1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегі қаржылық
жағдайына талдау жасау.
2. Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық
жағдайына талдау жасау.
3. Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша
ағымдарын болжамдау.
5. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.
Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына
қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару
тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық
коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі. Әдетте
бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы
негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру аса
қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін
дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс
мемлекеттің форматтарына келтіру керек.
Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн
құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының
айнымалылар (өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгеруіне орай өзгереді) мен
тұрақтыға (өндіріс көлемі өзгеруіне байланысты өзгермейтін) бөлінуін
қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негізгі мақсаты -шығынсыздық нүктесін
анықтау, яғни пайданың нольдік мәніне сәйкес келетін тауар көлемін сату.
Шығынсыздықты талдаудың маңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы
инвестициялық жоба процесінде шығынсыздық нүктесі мен кәсіпорынның пайданы
алып келетін іскерлігі сенімінің кейінгі бағасымен салыстыруына
негізделген.
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның
инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
• жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажет-тіліктерін анықтау;
• инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу
(және ары қарайғы ізденіс);
• инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың
құнын бағалау;
• жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;
• жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы;
Жобаның іске асу мерзімінде оның өтелімділігін бағалау мәселесі
әдістемелік тұрғыдан өте қиын. Жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын
ақша ағымының көлемі, ақшаның құны уақыт өтуіне қарай деген қағиданы
есепке ала отырып, сомалық инвестиция шамасын жабуы керек. Бұл принцип
бойынша: Доллардың қазіргі құны бір жылдан кейінгі алынған доллардың
құнынан үлкен, яғни бір жыл кейін алынған әрбір жаңа ақша ағымы бір жыл
ерте алынған оған көлемі тең ақша ағымынан төмен мәнге ие. Ақша ағымының
уақыттық мәнділігін өлшейтін сипаттамасы ретінде инвестициялық жобаны іске
асыру нәтижесінде алынған ақша ағымын инвестициялаудан түскен түсімнің
нормасы көрінеді.
Сонымен, инвестициядан туындайтын жалпы ақшалай ағым жоғарыда
керсетілген қаржылық феноменді есепке ала отырып, оның (инвестицияның)
шамасын жабатын болса, жоба қаржылық критерийлер түрғысынан қабылданады.
Жобаның өтелімділігін бағалау кезіндегі инфляцияны алу
мәселесі қарама-қайшылықты болып келеді. Әрине, уақытта өріс алған ақша
ағымдарын ақшаның сатып алушылық қабілетінің өзгеруіне байланысты қайта
санау керек. Сонымен инвестициялық жобаның тиімділігі туралы соңғы
қортынды инфляциялық әсерді ескерусіз жасалуы мүмкін. Баға деңгейлерінің
инфляциялық өзгеруі қазіргі уақытқа келтірілген таза ақша ағымы
мәнінің бағасына әсер етпейтіні тарауда көрсетілген. Бұл ақша ағымы
базасында инвестициялық жоба тиімділігінің негізгі
көрсеткіші анықталады.

Экономикалық талдау
Қаржылық талдаудың негізгі сұрағы: жоба кәсіпорын иелерінің
(акционерлері) байлығын көбейте ала ма? Бұл сұраққа 3.6 бөлімінде
көрсетілгендей, ақша ағымдарын талдау арқылы жауап беруге болады.
Экономикалық талдау жобаның мемлекеттік (ұлттық) байлығын ұлғайтуға әсер
етуін бағалаудан тұрады.
Экономикалық талдау міндеті қойылымының мысалын қарастырайық.
С деген компания кез келген бір тауарды келесі шарттармен өндірсін:
• компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйым сатсын;
• импортталатын қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет
халықаралық бағалардан төмен сатсын;
• кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік
стандартының деңгейіңде төлесін;
• нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдің
еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен ,бағамен сатады.
Мұндағы міндет - мемлекеттің осындай жобаны іске асырудан табатын
пайдасын төменде көрсетілген нұсқалармен салыстыра отырып анықтау:
• компанияға шикізат пен қосалқы бөлшектерді нарықтық бағамен сату,
жұмысшыларға еңбекақыны әлемдік стандарттар бойынша төлеу, содан соң
компаниялардан тауарларды еркін бағамен сатып алу;
• ұқсас тауарларды (ең бастысы, сапа көрсеткіштері бойынша)
шетелден сатып алу.
Осылайша, экономикалық талдау процесінде бұл жобаның іске асуының
нәтижесінде түскен кәсіпорын иелерінің пайдасын емес, мемлекеттің пайдасын
анықтау керек.
Экономикалық талдаудың қажеттігі неде? Егер нарық толығымен (идеалды)
еркін болса, онда экономикалық талдау жүргізудің керегі жоқ, себебі
компанияның иелеріне не пайдалы болса, қалғандарға да сол пайдалы болып
табылады. Келесі анықтамалардың ғаламилығына үміт артпай-ақ, еркін нарықтың
негізгі белгілерін көрсетейік:
• сатушылар мен сатып алушылар санының көп болуы;
• барлық өндіріс факторлары (еңбек, капитал, материалдар) мобильді
болу керек;
• бағалар сатушылар мен сатып алушылардың қалауымен қалыптасады;
• нарыққа жаңа компаниялардың енуіне бөгеттер қойылмауы керек.
Осындай жағдай алдыңғы қатарлы батыс елдері үшін де мінсіз екенін
мойындау керек. Шынында да, көп тауарлардың бағасын мемлекет жасанды түрде
өзгертеді (көтереді немесе төмендетеді) және егер жобаның қаржылық үлесі
белгілі болса да, экономикалық үлес өте сирек бағаланады. Сондықтан да ірі
инвестициялық жобалар үшін олардың қаржылық тиімділігінен гөрі,
экономикалық тиімділігі мен экономикалық тартымдылығын талдау қалыптасқан
(яғни жобаның үлттық басымдылық міндеттеріне сәйкес дәрежесі).
Инвестициялық жобаның экономикалық тартымдылығын өлшеу келесі нұсқау
бойынша іске асуы мүмкін.
1 қадам. Мақсаттарды таңдап, оларды өлшейді. Мысалы:
Мемлекеттің мақсаттары Мақсаттың салмағы
Қатты валютаның ағылуы
0,30
Қатты валютаның үнемделуі
0,20
Жергілікті нарықта өнімнің көбеюі
0,15
Халықтың жүмыспен қамтылуын қамтамасыз ету 0,20
Аумақтарды дамыту
0,15
Барлығы
1,00
2 қадам. Альтернативті жобалардың әрқайсысына әр мақсатқа жету үшін
сандық өлшемін анықтайды (абсолютті мәнде немесе жақсысына қарай пайыздық
қатынаста). Әр жоба үшін кешендік (комплекстік) критерийдің салмақталған
мәнін есептейді:
G0 = 0,31 +0,22 +0,153 +0,24
+0,155
3 қадам. Үздік вариантты таңдауы жалпыланған критерийдің максимум
критерийі бойынша жүргізіледі.
Экономикалық тиімділік дайын өнім мен ресурстардың мүмкін болатын сатып
алу құнымен, ішкі бағамен (әлемдік бағалардан ерекшеленетін) және
мемлекеттің айырықша ерекшелігі болып табылатын және әлемдік бағалармен
және қағидалармен сәйкес келмейтін (мысалы, басқа мемлекеттердің
валютасымен жұмыс істеу шарттары) тағы басқа нәрселерді есепке ала отырып
бағаланады.
Экономикалық тиімділікті бағалаудың іріленген процедурасы мынадай түрге
ие:
1) қаржылық талдаудың қорытындысын ұсыну;
2) экономикалық талдау тұрғысынан шығындар мен табыстың жаңа
жіктелуін жасау;
3) қаржылық мәндерді экономикалык мәндерге ауыстыру (олар сыртқы және
ішкі нарық бағасы мен шығындардың үйлеспеуіне байланысты);
4) ресурстарды қолдану және өнімдер алу үшін басқа мүмкіндіктердің
құнын бағалау;
5) ішкі төлемдер бойынша барлық есептеулерді шығарып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық жобалар
Қазақстан Республикасында Еуронормаға өту мәселесі
Инвестициялық жобаға түсінік
Жобалық талдаудың концептуалды негіздері
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Инвестиция және инвестициялық тартымдылық. Инвестициялық жобалардың негізгі ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс саласы нысандарын жобалаудың экономикалық тиімділігін бағалау
Жоба ұғымының анықтамасы
Педагогикалық жобалаудың пайда болуы
Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігі
Пәндер