Кедендік режимдер
Кіріспе.
1. Бөлім. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту қағидалары.
1.1. Кедендік режимдердін түсінігімен маңызы.
1.2. Кедендік режим жағдайында тауарлар мен көлік құралдарының
жылжуының ерекшеліктері.
1.3. Кедендік режимнің шарттарымен талаптарын сақтамағандығы үшін жауапкершілік.
2. Бөлім. Кеден режимдерін қолдану ерекшелігі.
2.1. Кеден режимдерінің түрлері және оны тағайындау.
2.2. Кедендік режим жағдайында тауарлармен көлік құралдарының жылжу ерекшеліктері.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке ие болуы жана заңдарды қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұрылымдардың құрылуы жана басты бағыттар мен заң шараларын қабылдауына алып келеді. Осындай басты бағыттардын бірі – кеден жүиесі. Кеден саласын ғылыми негіздеу үшін қазақстандық қана емес, сондай – ақ бұрынғы одақтық және халықаралық кеден заңдарының негізінде қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінің орны мен рөлін, ерекшелігін анықтау өте маңызды.
Соны мен қатар өзінің толық тұрақты дамуы үшін Қазақстан бір жағынан өнеркәсібі дамыға мемлекеттермен, 2-ші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіктестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет. Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, темір жол, автокөлік және құбыр сияқты көлік түрлері, көліктік инфрақұрлымын дамытуы керек.
Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның импорттық – экспорттық операциялардын көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудін өсуіне әкеледі. Бұл жағдайларда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына басқа мемлекеттерден әкелінетін немесе транзит арқылы әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік өткізу бекеттерінде кірген тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылап отыру үшін кедендік кодекске сәйкес әр көлікке не тауарға арнайы режимдер белгіленеді. Сол кедендік режимдер арқылы тауарлардын сатылу немесе тұтынылу бағыттарын анықтап статистикалық есеп жүргізіп отырады. Кеден органдарының басқару құрлымы өзгеріп отырса да, негізгі мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалып отырады.
Кедендік бақылау агентігі (КБА) –2003 жылда қайта құрылып Үкіметке тікелей бағынбайтын, бірақ құрамына кіретін мемлекеттік басқару органдарының өкілеттігі берілген мемлекеттік мекеме. Оның негізгі мақсаттары республикамыздың экономикалық мүддесін қорғау және отандық өңдірушілерді, сондай-ақ тұтынушыларды қорғап, олардың өнеркәсібін дамытуға ықпал жасау. Шетелдік инвесторларды тартып немесе арнайы экономикалық аймақтар құру арқылы отандық өнеркәсіптің дамуын жеделдету.

1. Кеден ісін ұйымдастыру. Мадиярова Д.
2. Кеден органдарының құқықтық мәртебесі: теориялық және практикалық мәселері. Жақашев.
3. Кеден құқығы. Әлібеков Д.С.
4. Кеден кодексі 2003 ж.
5. Кеден жаршысы.

Жоспар.
Кіріспе.
1. Бөлім. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту
қағидалары.
1.1. Кедендік режимдердін түсінігімен маңызы.
1.2. Кедендік режим жағдайында тауарлар мен көлік құралдарының
жылжуының ерекшеліктері.
1.3. Кедендік режимнің шарттарымен талаптарын сақтамағандығы үшін
жауапкершілік.
2. Бөлім. Кеден режимдерін қолдану ерекшелігі.
2.1. Кеден режимдерінің түрлері және оны тағайындау.
2.2. Кедендік режим жағдайында тауарлармен көлік құралдарының жылжу
ерекшеліктері.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке ие болуы жана заңдарды
қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық
инфрақұрылымдардың құрылуы жана басты бағыттар мен заң шараларын
қабылдауына алып келеді. Осындай басты бағыттардын бірі – кеден жүиесі.
Кеден саласын ғылыми негіздеу үшін қазақстандық қана емес, сондай – ақ
бұрынғы одақтық және халықаралық кеден заңдарының негізінде қоғамдық
қатнастардың құқықтық реттелуінің орны мен рөлін, ерекшелігін анықтау өте
маңызды.
Соны мен қатар өзінің толық тұрақты дамуы үшін Қазақстан бір жағынан
өнеркәсібі дамыға мемлекеттермен, 2-ші жағынан ТМД бойынша әдеттегі
серіктестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет. Қазақстан
өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, темір жол, автокөлік және құбыр
сияқты көлік түрлері, көліктік инфрақұрлымын дамытуы керек.
Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның
импорттық – экспорттық операциялардын көлемінің өсуі, кеден тарифтік
реттеудін өсуіне әкеледі. Бұл жағдайларда Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасына басқа мемлекеттерден әкелінетін немесе транзит арқылы
әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік өткізу бекеттерінде
кірген тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылап отыру үшін кедендік
кодекске сәйкес әр көлікке не тауарға арнайы режимдер белгіленеді. Сол
кедендік режимдер арқылы тауарлардын сатылу немесе тұтынылу бағыттарын
анықтап статистикалық есеп жүргізіп отырады. Кеден органдарының басқару
құрлымы өзгеріп отырса да, негізгі мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз
қалып отырады.
Кедендік бақылау агентігі (КБА) –2003 жылда қайта құрылып Үкіметке
тікелей бағынбайтын, бірақ құрамына кіретін мемлекеттік басқару
органдарының өкілеттігі берілген мемлекеттік мекеме. Оның негізгі
мақсаттары республикамыздың экономикалық мүддесін қорғау және отандық
өңдірушілерді, сондай-ақ тұтынушыларды қорғап, олардың өнеркәсібін дамытуға
ықпал жасау. Шетелдік инвесторларды тартып немесе арнайы экономикалық
аймақтар құру арқылы отандық өнеркәсіптің дамуын жеделдету.
1. Бөлім. Кедендік режим түсінігі және Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен
көлік құралдарының өту қағидалары.
1.1. Кедендік режимдердің түсінігі мен маңызы.
Кедендік режим- Қазақстан Республикасының кедендік аумағында немесе одан
тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлармен көлік
құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу
кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын нормалардың
жиынтығы.
Кеден шекарасы арқылы тауарлармен көлік құралдарын өтккізу, әкелу мен
әкету құқығын бекіту келесі негізгі қағидаларға негізделеді: әкелу мен
әкетуге тыйым салу; әкелу мен әкетуді шектеу; өткізу тәртібі; кедендік
режимді тандау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндеттілігі;
кедендік шекарадан өтетін орынмен уақытын анықтау, кеден шекарасынаң
өткізілетін тауарлармен көлік құралдарынабилік ету, шартты түрде шығарылған
тауарлармен көлік құралдарын пайдалану және басқару. Осы институттың
мазмұнын толықтыра түсу үшін кеден шекарасы арқылы тауарлармен көлік
құралдарын өткізуді жүзеге асырудың құқықтық механизмі және кеден
режимдедің жиынтық мәселелерін қарастыру өте маңызды болып келеді.
Кеден режимдердін қолдану тәрірибесі оларды құқықтық реттеудің
ерекшелігін айқындауды немесе басқа кедендік режимді анықтауды талап етуі
мүмкін. Міне, сондықтанда Қазақстан Республикасындағы кеден ісіне
жалпыжәне тікелей басшылықты жүзеге асырып отырған Үкіметке және кеден
органдарына жоғарыда айтылған мәселелерді шешу құқығын беру керек. Бір
жағынан мемлекет тауарлармен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тыйым
салуды, мемлекеттің қауіпсіздік, моральдық-имандылық мүдделері және адам
өмірі мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлармен
өсімдіктер дүниесін, Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем,
тарихи, археологиялық игіліктерін, меншік құқығын қорғау, интеллектуальды
меншікті, тұтынушылардың және мемлекеттің басқа да өмірлік маңызы бар
мүдделерін қорғау тұрғысынан негіздейді.
Тауарлармен көлік құралдарын әкелу мен әкетуді шектеу қағидасы
Үкіметтің, Президенттің заң актілерінде және халықаралық шарттарға
негізделген. “ Қазақстан Республикасы Кеден ісі туралы ” Заңының 21- бабы
бойыншашектеулер қолданылатын тауарлармен көлік құралдарын сыртқа шығаруды
кеден органдары тек Республика заңдарымен белгілеген талаптарды сақтаған
жағдайда ғана жүзеге асады.
Кеден шекарасы арқылы тауарлармен көлік құралдарын өткізу тәртібі
оларға мәлімдеген кеден режиміне, сондай-ақ кеден рәсімдеуі мен кеден
бақылау процедурасына сәйкес кеден заңымен анықталады.
Тұлғанығ кез- келген уақытта тауар мен көлік құрамыныңсипатына, санына,
шыққан еліне қарамастан кез келген кеден режимін таңдауға немесе өзгертуге
құқығы бар.
Тауарлармен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізу орны мен
уақытының практикалық маңызы зор, мұнда өткізу орны кеден органымен
белгіленеді, ал уақыты олардын жұмыс уақытымен анықталады. Ал басқа
жерлерде және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс уақытта көлік
құралдары мен тауарларды кеден шекарасынан өткізу тек кеден органдарының
келісімі арқылы жүзеге асады.
Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларында (әлеуметтік, мәдени) макро
деңгейде, ал қазіргі өндірістік кәсіпорындар мен шаруашылықтарды дамыту
ісінде микро деңгейде ашық экономикалық саясат бағытын ұстанатын болады.
Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 ж 1-қаңтарындаға Жарлығында,
барлық заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге
және әкетуге құқығы бар делінген. Қазіргі кезде ұлттық экономиканың
ашықтығы және мемлекетаралық байланыстың одан әрі дамуы кедендік заңдылық
дамуымен қатар кедендік істе нақты тәртіптің орнауын қажет етеді. Тиісінше,
мемлекет протекционализммен айналыса отырып, шет елдермен тауар айналымын
арттырып отыр.
Кедендік режимде-Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
тауарлар мен көлік құралдарының өтуінің нақты тәртібі мен жағдайлары
көрсетілген. Оларға жататындар: кедендік құжаттау кезінде қажетті шарттарды
қадағалап дәйекті түрде орындау; нақты кедендік төлемдер жинау; лицензия
беру және тауарларды сақтау үшін, тауарларды кедендік алып бару, кедендік
құжаттау бойынша жоғарғы білімді, білікті маман аттестатын беру үшін түрлі
кедендік аламдар жинау.
Тауарлардың пайдаланылуына байланысты кедендік режимді таңдаудың
маңызды және анықтаушы шарты ретінде 17 режимнің біреуі таңдалады. Тауар
иесі келісім-шарттың өзгеруіне немесе басқа бір жағдайларға байланысты
режимді өзгерте алады. Ал бұл өзгеріс кедендік режимді дұрыс таңдау тым көп
қаржылық шығындарды азайтады.
Сонымен, кедендік режимдер екі жақты міндетті орындайды. Бір
жағынан, тауарлар мен көлік құралдарының өтуін регламенттесе, екінші
жағынан, кедендік режимдердің ынталандырушы рөлі әсіресе тауар иесінің
коммерциялық операциялардан табыс және пайда алуында. Оған мысал: кедендік
қойма режимі бола алады, ол әкелінген тауарларды бажсыз сақтауды мақсат
етеді. Көптеген елдер үшін сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда
тауарлар экспорты мен импорты басым рөл атқарады. Экспорт-валюта
түсімдерінің негізгі көзі ретінде, ал импорт дамыған салаларды өтемін
жасайтын қызмет ретінде. Алайда, тауар елден шикізат немесе өнім түрінде
өңдеу мақсатымен шығарылып, қайтадан дайын өнім түрінде қайтып келуі
мүмкін. Негізгі 17 режимді атап өтейік:
1) Тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
2) Тауарлардың кері импорты;
3) Кеден қоймасы;
4) Бажсыз сауда дүкені;
5) Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу;
6) Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу;
7) Тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу;
8) Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу;
9) Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;
10) Тауарлар экспорты;
11) Тауарлар кері экспорты;
12) Тауарлар транзиті;
13) Тауарларды жою;
14) Мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;
15) Еркін кеден аймағы;
16) Еркін қойма;
17) Арнайы кедендік режим.
Сондай-ақ тауарларды кедендік режимде мәлімдеу және орналастыру
дегеніміз-кеден органы кеден декларациясын тірекген күн тауарларды белгілі
бір кедендік режимде мәлімдеген күн болып есептеледі. ҚР-ның кеден
кодексінде белгіленген тәртіппен кеден органы тауарларды шығарған күні
тауарларды кедендік режимге орналастырылған күн болып есептеледі.
1.2. Кедендік режим жағдайында тауарлар мен көлік құралдарының жылжу
ерекшеліктері.
Республиканың тәуелсіз мемлекет және әлемдік шаруашылықтың толық
құқығы бар қатынасушы ретінде аталуы бұдан бұрынғы жүйе ірге тасының
–тұтастай өзгеруін қажет етеді.
Бұл процесті талдаудын бірінші буынында әлемдік шаруашылыққа ену
дәрежесін жатқызуға болады, ол экономика ашықтылығы денгейімен сипатталып
бағаланады.
Екінші буын. Бұл мақсатты жүзеге асыру және күтілетін нәтиже алу
бүкіл мемлекетпен және әрбір жеке адам үшін мемлекеттін сыртқы
экономикалық, сыртқы сауда, қаржы, салық, валюта салаларына деген ғаламдық
дәрежедегі қызығушылықты арттыру болып табылады.
Үшінші буын. Бұған кедендік саясат жатады және ол кедендік іс арқылы
жүзеге асырылады. Кедендік іс Қазақстан Республикасы кеден саясатының мына
мақсаттарын ұстайды: Қазақстандық нарықты және Қазақстандық өндірушілер мен
тұтынушыларды қорғау; мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал ету; одан
кейінгі экономиканыңқұрылымдық жағынан қайта құрылуына көмектесу;
бәсекелестікті нығайту; дайын өнім экспорты мен импорты алмастырушы
өңдірісті ынталандыру; шетел инвестицияларын тарту және т.б.
Осыған сәйкес 995 жылы 20 шілдеде “Қазақстан Республикасындағы кеден
ісі туралы ” Қазақстан Республикасының Президентінің заңы қабылданды.
1991 жылы Қазақстан Республикасындағы кеден ісі экономиканың ең
маңызды салаларымен бір қатарда тұр.
Қазақстан Республикасы ашық экономикаға көшуі басқа мемлекеттермен
кедендік одақ, еркін сауда аймақтарын құруды, халықаралық экономикалық
бірігуді одан әрі дамытумен тереңдету мақсатында кеден мәселелері жөнінде
келісімдер жасау дегенді білдіреді.
Сол сияқты жеке және заңды тұлғалар әлемдік қоғамдастық өмірге
қатысуға, республиканың кеден шекарасына және одан тыс жерлерде сыртқы
экономикалық қызмет жасауға құқылы .
Мұндай процестерді реттеуде мемлекеттің кедендік шекарасынан
тауарлармен көлік құралдарын өткізудін негізгі қағидаларын қарастыру керек;
олар “ кеден ісі туралы ” 1998 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының
Президентінің жарлығында қабылданған.
Бірінші қағида. Республиканың кеден аумағына тауарлармен көлік
құралдарын еркін әкелу және оларды аумақтан шығару жатады. Мұнда кедендік
аумаққа жататындар: еркін кедендік аймақтармен еркін қоймалардан басқа
құрғақ жолды аймақтар, аумақтық сулар, ішкі сулар және Қазақмстан
Республикасының әуе кеністігі.
Екінші қағида. Республикаға тауарлармен көлік құралдарын енгізу мен
оған рұқсат бермеу жатады. Алғашқы қағиданы ескере отырып, мұндай қарама
қайшашы тәжірбиеде болатын тауарлар мен көлік құралдарын еңгізу, шығаруға
шек қойуға қажеттілікпен түсіндіріледі.
Оның мынандай себептері бар:
- ұлттық қауіпсіздіке қауіп төну;
- азаматтардын занды және жеке тұлғалардын денсаулығына қауіп.
өсімдіктермен жануарлар дүниесіне аурулар тарау қаупі;
- Қазақстан Республикасының шығармашылық тарихи және археологиялық
мұрасына қауіп;
- Меншік құқығына, оның ішінде интелектуалды меншік құқығына қауіп;
- әкелінетін және шығарылатын тауарлар, көлік құралдары сатушылар мен
тұтынушылардың мүдделеріне қауіпті.
Кейбір жағдайларда шетел өнімінің мөлшерден тыс көп болып кеткенінде
ұлттық экономикаға теріс әсер етуі мүмкін, сол кезде оған шек қойылады.
Сыртқы сауда айналымын реттеудің мұндай әдісі тәуекелді және
ыңғайсыз болып келеді, сондықтан кедендік баждар орнату тиімдірек.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге рұқсат етілмеген немесе шектелген
тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
иелеріне қайтарылады немесе кеден органдары арқылы конфискациялау, соттың
шешімімен мемлекет меншігіне ауысып, аукционға шығарылып, сатылуы мүмкін.
Үшінші қағида. Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен шығаруға
лимит қою. Жаңадан қойылған шектеулер-заңды акті түрінде 30-күннен кейін
күшіне енеді.
Төртінші қағида. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекара
арқылы өту қағидасы-кедендік режиммен сәйкес жүзеге асырылады. Бұл қағида
бірінші қағиданың салдары және құрамдас бөлігі болып келеді.
Оның мағынасы мынада: Шекара арқылы тек еркін қозғалуға сәйкес
кедендік режим таңдауға мүмкіншілік береді. Мұнда дұрыс кедендік режим
таңдап алу керек, өйткені дұрыс таңдаудан кедендік төлемдердің көлеміне
байланысты болады. Мұндай тауар иесі алдында таңдалған кедендік режимді
өзгерте алады. Кедендік заңға сәйкес 17-кедендік режим белгіленген.
Шекарадан өтпес бұрын тауарлар мен көлік құралдары кедендік құжаттау
және кедендік бақылаудан өтуі керек.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жататындар: кедендік
аумақ периметрі, кедендік аймақтар және еркін қоймалар периметрі.
Кедендік құжаттауды жүзеге асыру кезінде кедендік режим анықталады
және кедендік шекара арқылы өту процесі аяқталады.
Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарымен, кеден
заңын орындау және осы заңды бұзуды болдырмау үшін жүзеге асырылады.
Процестің көп векторлығын ескере отырып, тауарлар мен көлік
құралдарының кеден шекарасынан белгілі уақытта және белгілі жерде өту
тәртібі кеден органдарының жұмыс уақытына сәйкес келуі керек.
Бесінші қағида. Кедендік режимдерге сәйкес тауарлар мен көлік
құралдарын тауар иесі пайдалана алады. Оны бақылау және оның орындалуын
кеден органдары жүзеге асырады. Мысалы: экспортқа арналған тауарлар
кедендік аумақтан тыс жерлерде өңделе алмайды.
Соңғы қағида- Шартты шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын
пайдалану және қолдану бойынша жеңілдіктер беріледі. Тауарлар иесі
белгіленген мақсаттармен кеден органдары белгілеген түрлі шарттарды
орындауға міндеттеледі.
1.3. Кедендік режимнің шарттары мен талаптарын сақтамағандығы үшін
жауапкершілік.
Деклорант кедендік режимнің Қазақстан Республикасының кеден
кодексінде белгіленген шарттары мен талаптарын сақтамағандығы үшін
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тұлғалар кедендік режимнің шарттары мен талаптары кедендік
бақылаудағы тауарлардың олар екрін айналысқа шығарылғанға дейін не олар
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге іс-жүзінде
әкетілгенге дейін апатты не ырық бермес күштің әсері салдаранан біржола
жоғалуы, зақымдануы немесе жойылуы себепті сақталмайтын, сондай-ақ
тауарлардың саны немесе жай күйі тасымалдаулардың, көлікпен тасудың,
сақтаудың және пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезінде тауарлардың табиғи
тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген жағдайларда жауапты
болмайды.
Тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары
жерлерге қайта өңдеу үшін әкелінген тауарларға немесе олардын қайта
өңделген өнімдеріне қатысты мынадай мән- жайларда жауаптылықта болмайды.
Тауарлардын немесе олардың қайта өңделген өнімдеріне апатының немесе
ырық бермес күштін әрекеті салдарынаң жоғалуы немесе жоылуы себепті
қайтарылмалауы.
Тауарлардың немесе олардын қайта өңделген өнімдерінің санының
тасмалдаудын, сақтаудың және пайдаланудың ( қолданылуы) қалыпты жағдайлары
кезінде олардын табиғи тозуы мен немесе табиғи кемуінің салдарынаң өзгеруі.
Тауарлардын немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің шетел
мемлекеті мемлекеттік органдардын немесе лауазымды адамдардың іс -әрекеті
салдарынаң иеліктен шығуы.
Тауарлардын бір жола жоғалуына, немесе жойылуына, олардың саны мен
жай –күйінің өзгеруіне әкеп соқтырған мән –жайларды растау міндеті осы
бөлімде айқындалған тұлоғаларға жүктеледі. Шет мемлекеттердің аумағында
болған мән-жайларды Қазақстан Республикасының шетелдеріндегі консуалдық
мекемелері немесе жоғарыда аталған мән-жайлар болған мемлекеттін құзіретті
органдары растайды.

2.1. Тауарларды еркін айналыс үшін шығару.
Ол ең көп таралған кедендік режимдердін бірі. Бұл кедендік режим
шетелдік өндіріс тауарлары мен көлік құралдарының осы аумаққа еркін еңуін,
тұтынуын, айналымын білдіреді. Тауар түсінігіне материялдық дүниеде
қозғалатын кезкелген затты жатқызады. Бұлар атап айтқанда басқа ұлттық
аумақта өндіріліп, жолаушылармен тауарларды халықаралық тасымалдауға
арналған көлік құралдарынаң басқа соңғы және аралық тұтыну өнімдері,
өңдіріс құралдары, валюта, валюта құндылықтары, электр, жылу және
энетгияның басқа түрлері, көлік құралдары.
Тауарлардың кері импоры.
Тауарлардың кері импортына кедендік режимді тағайындау және орналастырудың
шарттары.
Тауарлардың кері импорты – бұрын Қазақстан Республикасының кедендік
аумағынан тауарлар экспортының кедендік режиміне сәйкес әкетілген тауарлар
Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 122-бабында белгіленген
мерзімде, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, тауарлардың
қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы
шараларды қоспағанда, кедендік баждардан және салықтардан босатыла отырып,
кері әкелінетін кездегі кедендік режимді айтамыз.
Сондай-ақ тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды
орналастырудың шарттарын атап өтейік:
1. Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастыру
үшін:
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі кезінде
қазақстандық тауарлар мәртебесі болуы;
2) Әкету сәтінен бастап үш жылдың ішінде тауарлардың кері импортының
кедендік режиміне мәлімдеуі;
3) Тасымалдаудың, сақтаудың немесе пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезінде
табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан өзгеруді қоспағанда, олар
өзгеріссіз жағдайда болуы тиіс;
2. Тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде кәсіпкерлік
мақсаттарға пайдалану, сондай-ақ олармен ұсақ жөндеу операцияларын,
техникалық қызмет көрсету және тауарларды қалыпты ұстау үшін қажетті басқа
да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін
қажетті операциялар жасау, жөндеуге байланысты операциялар олардың
әкетілген сәттегі құнымен салыстырғанда тауарлар құнының өзгеруіне әкелетін
жағдайларды қоспағанда, тауарлардың кері импортынның кедендік режиміне
орналастыруға кедергі келтірмейді. Бұл ретте әкетілген күнгі құн мен
әкетілген күнгі құны арақатынасы тауарлардың кедендік декларациясында
көрсетілетін статистикалық құнының негізінде айқындалады.
Кеден қоймасы.
Кеден қоймасының кедендік режимін тағайындау және тауарлар мен көлік
құралдарын осы режимге орналастырудың шарттары.
Кеден қоймасы – тауарлардың қауіпсіздігі жөнінднгі талаптарды қоспағанда
әкетілген тауарларға кедендік баждар, салықтары алынбай және тарифтік емес
реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесі бар арнайы үй-жайларда
немесе орындарда кедендік орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған
кедендік режимді айтамыз.
Сондай-ақ тауарларды кеден қоймасынан кедендік режиміне
орналастырудың шарттары төмендегідей болуы қажет:
1. Кеден қоймасы кеден қоймасынан кедендік режиміне, тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды қоспағанда, кез-келген
тауарлар орналастыруы мүмкін.
2. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудың ерекше
жағдайларын талап ететін тауарларға мұндай тауарларды сақтаудың талаптарына
сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуы мүмкін. Сондай-ақ
тауарларды кеден қоймасында сақтаудың мерзімдері төменде көрсетіледі.
1. Тауарларды кеден қоймасында сақтаудың мерзімін тауарларды кеден
қоймасына орналастырушы тұлға белгілейді, бірақ ол тауарлар кеден
қоймасының кедендік режиміне орналастырылған күннен бастап үш жылдан аспауы
керек.
2. Сақтау, тұтыну және сату үшін шектеулі жарамдылық мерзімі бар тауарлар
өзге де кедендік режимге мәлімделуі және аталған мерзімдер аяқталғанға
дейінгі күн тізбелік 60-күннен кешіктірілмей кеден қоймасынан әкетілуі
тиіс.
Бажсыз сауда дүкені.
Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимін тағайындау және осы режимге
орналастырудың алғышарттары.
Бажсыз сауда дүкені – тауарлардың кейін Қазақстан Республикасының кедендік
аумағынан әкетілуі жағдайында, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі
талаптарды қоспағанда, тауарлар жеке тұлғаға кедендік баждар, салықтар
алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатын кедендік
режимді айтамыз.
Сондай-ақ осы режимге орналстыру талаптары келесідей көрсетіледі: 1)
бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне Қазақстан Республикасына әкелінуге
және Қазақстан Республикасынан әкетілуге тыйым салынған, Қазақстан
Республикасының аумағында азаматтық айналымнан аланған тауарларды, сондай-
ақ ҚР-ның Үкіметі белгілеген өзге де тауарларды қоспағанда, кез-келген
тауарларды орналастыруы мүмкін.
2) Қазақстан Республикасының аумағында сатылуы шектелген тауарлар бажсыз
сауда дүкенінің кедендік режимінде ҚР-ның заңдарында белгіленген талаптар
сақталынбаған жағдайда сатылады.
3) Бажсыз сауда дүкенінің жұмыс істеуін қатамасыз ету үшін пайдаланылатын
тауарлар бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастырылуға
жатпайды.
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу.
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу режимін тағайындау
және осы режимге орналастырудың талаптары.
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу – тарифтік емес реттеу
шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта
өңдеу өнімдерін кейіннен ҚР-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете
отырып ҚР-ның кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін
пайдалануңа арналған редимді айтамыз.
Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 17-тарауында белгіленген
жағдайларда кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режиміне
орналастырылған шетел тауарларын Қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол
берілмейді.
1. Сондай-ақ тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу режиміне
таурларды орналастыру талаптары мынандай:
1) Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 157 бабында белгіленген
тәртіппен кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы
тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол
беріледі. Егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны
беру талап етілмейді;
2) Кедендік режим Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 160-бабына
сәйкес қайта өңдеу өнімдерін, балама тауарларды әкету мен аяқталатын
жағдайды қоспағанда кеден органдары шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдеріне
бірдейлендірілген дғадайда жол беріледі.
2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе
бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса, кедендік
аумақта аумақтық тауарларды кедендік қайта өңдеу режимін пайдалануға жол
берілмейді.
3. Кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режимін Қазақстан
Республикасының кеден кодексінің 374-бабына сәйкес декларант ретінде болуы
мүмкін тұлға мәлімдеуі мүмкін.
4. Шетел тауарларын қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру
кезінде Қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу.
Тауарлардың еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне тағайындау

Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу – қайта өңдеу өнімдерін
тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне кейіннен
орналастыра отырып, кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес
реттеу шаралары қолданылмай, кедендік бақылау мен кедендік аумақта шетел
тауарлары қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырайтын кедендік режимді
айтамыз.
1. Сонымен қатар тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік
режиміне тауарларды орналастыруға мыналар жатады:
1) тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің талаптары туралы ҚР-ның
кеден кодексінің 168-бабында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті
мемлекеттік орган қроытындысы ұсынылған;
2) кеден органдары шетел тауарларына қайта өңдеу өнімдеріне
бірдейлендірілген;
3) кедендік бақылаудан тыс, таурлар мен қайта өңдеу өнімдерін алып қою
мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етуді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz