Қор биржасы: мәні, міндеттері және операциялары
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I ҚОР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1.1 Қор биржасы қаржы жүйесінің негізгі элементі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... .9
II ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1 Қазақстан қор биржасының (KASE ) қалыптасуы және даму тарихы ... ... ..11
2.2 Қазақстан Республикасы қор биржасы операцияларын статистикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3 Қазақстан қор биржасының қаржы нарығындағы атқаратын қызметтері ... 18
ІІІ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қаржы рыногының құрамдас бөлiгi ретiнде бағалы қағаздар – мүлiктiк құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай құжаттарды шығарған ұйымға олардың иелерi қарызының қатысы. Бағалы қағаздар рыногы – шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлерi сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлiгi. Бұл рыноктың қызмет етуi көптеген экономикалық, әсiресе инвестициялық процестердi реттеп, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiлiк бередi. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардардың сан алуандығымен қол жеткiзiледi. Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектiлерiнiң өздерiне қажеттi ақша ресурстарын алуының кең мүмкiндiктерiн жасайды және алудың жолдарын жеңiлдетедi.
Өзiнiң ұйымдық және құрылымдық ерекшелiктерiне орай бағалы қағаздардар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтiн құқықтық ережелермен қатар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң тұтас бiр бөлiгiн құрайды.
Осы бағалы қағаздар нарығының қызметтері мен операциялары, оған қатысушы тұлғалар жиналатын және бағалы қағаздарды сату, сатып алу шарттарының жүргізілетін орталығы қор биржасы болып табылады.
Сонымен, қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесiн ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндiрiстiк капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерiнiң бiрi болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етедi.
Сондықтан, мен курстық жұмысымның тақырыбын «Қор биржасы: мәні, міндеттері және операциялары» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі қор биржасының тиімді қызмет етуі жалпы елдің қаржы секторының дамуына, ұлттық компаниялардың әлемдік рыноктағы орнының жоғарылауына өз септігін тигізеді. Сонымен қатар, қор биржасында бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың әділ жүруін, оған қатысушы тұлғалардың мүдделерін сақтауды қамтамасыз етеді және өзіне басты міндет етіп алады.
Сондықтан осы тақырыпты зерттеу, оның экономикалық мәнін ашу, негізгі атқаратын бағалы қағаздар нарығындағы қызметтері мен міндетерін атап өту мен талдау, қор биржасына қатысушылардың мүдделері мен олардың қызметтерін, қор биржасының құрылымын және оның қалыптасу негізін зерттеу осы жұмысты орындаудағы басты мақсатым мен мінедеттерім болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстанның нарықтық қатынастарға өтіп, өзінің жеке бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына және шетелдік бағалы қағаздардың пайда болуына байланысты еліміздегі қор биржасы KASE-нің қалыптасуы мен даму барысын, осы биржаның бүгінгі таңдағы еліміз үшін маңыздылығын, сондай-ақ жалпы бағалы қағаздар нарығының жағдайын талдауды өзіме міндет етіп алдым.

1. Бағалы қағаздар нарығы туралы ҚР-ның заңы. 1997ж 10 шiлде.
2. «Акционерлiк қоғам туралы» ҚР-ның заңы. 1998ж. 10-шiлде.
3. ҚР-ның Азаматтық кодексi. 2002 ж.
4. Ақша, несие, банктер. / Сейтқасымов .С. – Алматы : Экономика, 2003.
5. Көшенова Б.А. / Бағалы қағаздар нарығы : Оқу құралы – Алматы: Экономика – 1999г.
6. Брокеры и Регистраторы на РЦБ / Алматы 2002.
7. Рынок ценных бумаг. / Галанова В.А. Басова А.И. – Москва 1996.
8. Миркин Я.М. / Ценные бумаги и фондовой рынок. Москва 1995г.
9. Байдельдинов Ж.Б. Развитие инфраструктуры рынка ценных бумаг в РК. // Вестник КазНУ. №3,1999г.
10. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,
№ 8- 2008г. 2-4стр.
11. Бауржан Есенов « Перспективы совершенствование Казахстанского фондового рынка» // РЦБК №11, 2007 г.
12. «О ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №10, - 2008 г. 2-6 стр.
13. «Итоги развития биржевого фондового рынка за январь-сентябрь 2008 года» // РЦБК №19, 2008 г. 12-23 стр.

ЖОСПАР
КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
I ҚОР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
1. Қор биржасы қаржы жүйесінің негізгі элементі ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар
... ... ... ... ... ... ... ... .9
II ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2.1 Қазақстан қор биржасының (KASE ) қалыптасуы және даму тарихы
... ... ..11
2.2 Қазақстан Республикасы қор биржасы операцияларын статистикалық
талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3 Қазақстан қор биржасының қаржы нарығындағы атқаратын қызметтері ... 18
ІІІ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ЖҮРГІЗІЛІП
ЖАТҚАН ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қолданылған әдебиеттер

... ... ..28
КІРІСПЕ
Қаржы рыногының құрамдас бөлiгi ретiнде бағалы қағаздар – мүлiктiк
құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай құжаттарды шығарған ұйымға
олардың иелерi қарызының қатысы. Бағалы қағаздар рыногы – шаруашылық
жүргiзушi субъектiлер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан
түрлерi сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлiгi. Бұл рыноктың
қызмет етуi көптеген экономикалық, әсiресе инвестициялық процестердi
реттеп, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiлiк бередi. Бұған осы
рыноктың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардардың сан алуандығымен қол
жеткiзiледi. Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектiлерiнiң
өздерiне қажеттi ақша ресурстарын алуының кең мүмкiндiктерiн жасайды және
алудың жолдарын жеңiлдетедi.
Өзiнiң ұйымдық және құрылымдық ерекшелiктерiне орай бағалы қағаздардар
қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтiн құқықтық
ережелермен қатар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң тұтас бiр бөлiгiн құрайды.
Осы бағалы қағаздар нарығының қызметтері мен операциялары, оған
қатысушы тұлғалар жиналатын және бағалы қағаздарды сату, сатып алу
шарттарының жүргізілетін орталығы қор биржасы болып табылады.
Сонымен, қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және
қайта бөлу процесiн ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады.
Ол қаржы және өндiрiстiк капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық
дамудың қозғаушы күштерiнiң бiрi болып саналатын инвестициялық процеске
ықпал етедi.
Сондықтан, мен курстық жұмысымның тақырыбын Қор биржасы: мәні,
міндеттері және операциялары деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі қор
биржасының тиімді қызмет етуі жалпы елдің қаржы секторының дамуына, ұлттық
компаниялардың әлемдік рыноктағы орнының жоғарылауына өз септігін тигізеді.
Сонымен қатар, қор биржасында бағалы қағаздармен жүргізілетін
операциялардың әділ жүруін, оған қатысушы тұлғалардың мүдделерін сақтауды
қамтамасыз етеді және өзіне басты міндет етіп алады.
Сондықтан осы тақырыпты зерттеу, оның экономикалық мәнін ашу, негізгі
атқаратын бағалы қағаздар нарығындағы қызметтері мен міндетерін атап өту
мен талдау, қор биржасына қатысушылардың мүдделері мен олардың қызметтерін,
қор биржасының құрылымын және оның қалыптасу негізін зерттеу осы жұмысты
орындаудағы басты мақсатым мен мінедеттерім болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстанның нарықтық қатынастарға өтіп, өзінің жеке
бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына және шетелдік бағалы қағаздардың
пайда болуына байланысты еліміздегі қор биржасы KASE-нің қалыптасуы мен
даму барысын, осы биржаның бүгінгі таңдағы еліміз үшін маңыздылығын, сондай-
ақ жалпы бағалы қағаздар нарығының жағдайын талдауды өзіме міндет етіп
алдым.

1.1 Қор биржасы қаржы жүйесінің негізгі элементі ретінде
Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын
негізгі нарықтың орталығы. Қор биржаларына ірі банктер қожалық етеді.
Сонымен, биржа – нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным
негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер
жалданады. Ол – сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін
орын.
Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардыңдың бiрқалыпты айналысы үшiн
қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ететiн ұйым және бағалы қағаздар сатып
алынатын және сатылатын негiзгi нарық көзi. Қор биржаларында iрi банктер
қожалық етедi. Биржа деген термин ежелгi грек сөзi – бурзэ, яғни
“әмиян” деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда
бағалы қағаздар (облигация, содан кейiн акция) шығару және сату үшiн пайда
болған. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезi капитализмнiң монополизм
сатысына өту кезi, яғни XXғ. бас кезi. Ол уақытта қор биржаларының негiзгi
операциялары өндiрiс кәсiпорындарының акцияларын шығару және сату болды.
Биржа өнеркәсiп циклын және жалпы елдiң экономикасын қадағалап отыратын
барометр сияқты.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу
процесiн ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы
және өндiрiстiк капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың
қозғаушы күштерiнiң бiрi болып саналатын инвестициялық процеске ықпал
етедi. Сонымен, биржа – нарықтың ұйымдасқан түрi, онда сұраным мен ұсыным
негiзiнде тауармен, БҚ-мен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол –
сатушылар мен сатып алушылар келiсiмге келу үшiн кездесетiн орын. Биржаның
басшы орган болып биржалық комитет саналады. Сонымен, қор биржасы – бағалы
қағаздар иелерiнiң биржа мүшлерi, яғни делдалдары арқылы БҚ-ды сату және
сатып алу жөнiнде мәмiле жасайтын нарық.
Қор биржасының толық мәнi экономикадағы атқаратын мынадай
қызметтерден көрiнедi:
• Қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен
уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
• Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүргізу, сұраныс пен ұсыныс
деңгейiн көрсететiн бағаларды белгiлеу және жалған капиталды
қалыптастыру.
• Өндiрiстi және ел үкiметiнiң шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
Бағалы қағаздар рыногы басқа нарықтардан өзiнiң айрықша тауарымен
өзгешеленедi. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар және оның сан алуан
түрлерi. Олар бiрiншiден, меншiк белгiсi, екiншiден, қарыз мiндеттемесi,
яғни олар арқылы табыс алу құқы және табыс төлеу мiндеттемесi пайда болады.
Бұл тауардың өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады.
Егер БҚ-ға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы
көрсетiлген құнынан (номиналынан) жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның
ауытқуы, БҚ-дың жалған капитал екенiн көрсетедi.
Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгiсi, яғни өндiрiстiк
капиталдың оқшауланып шыққан бiр бөлiгi.
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принциптеріне қызмет істейді. Қор
биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасын құру,
оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы
және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталады. Бағалы қағаздар
нарығында клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып
операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға
болмайды. Брокерлер сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады.
Брокерлермен қатар өз есептерінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын
дилерлер де жүреді. Дилердің қор биржасынан табатын пайдасы бағалы қағаздың
сататын және сатып алатын бағасының айырмашылығына тен проценті арқылы
есептеледі. Сонымен, қор биржасы - бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері,
яғни делдалдар арқылы бағалы қағаздар сату және сатып алу жөнінде мәміле
жасайтын нарық.
Қор биржасы – бұл бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары
жүретін биржалар. Қазіргі уақытта әлемде 200 астам қор биржалары бар, олар
халықаралық қор биржалары федерациясына біріккен. Әлемдегі ең ірі биржалар
болып Нью-Йорктік, Токиолық, Лондондық, Амстердамдық және Париждік биржалар
болып табылады.
Қор биржалары акционерлік формада болады, оның жарғылық капиталы оның
құрылтайшыларының салымдарынан тұрады. Қор биржалары коммерциялық ұйым
болып табылмайды, яғни оның мақсаты пайда табу емес. Қор биржасының негізгі
мақсаты бағалы қағаздардың сауда саттығы үшін қажетті барлық жағдайларды
жасау, бағалы қағаздарға ақща қаражаттар салуға инвесторларды тарту, сондай-
ақ осы рынокқа қатысушы инвесторлардың , клиенттердің және бағалы қағаздар
эмиссиялап отырған тұлғалардың мүдделерін қорғау болып табылады.
Биржаның қызметі өзін-өзі сатып алушылыққа негізделеді. Оның таптақ
табыстары өз қызметін жалғастыруға, техникалық қамтамасыз етілуіне, қор
нарығын зерттеуге, ақпараттық бюллетень шығаруына, әлеуметтік дамуына
кетеді. Биржаның табысы оның келісімдерді тіркегені және қызмет көрсеткені
(ақпараттық, кеңсе берушілік және т.б.) үшін төлемдерден, биржа мүшелерінің
міндетті салымдарынан, сондай-ақ биржа мүшесі болуға құқық беретін қор
биржасының акциясын сатудан түскен қаражаттардан құралады.
Қор биржаларын ұйымдастырушылық құрылымы мен оның органдары барлық
елдерде бірдей болып табылады. биржаны басқарудың жоғарғы органы –
акционерлердің жалпы жиналысы, олар пайданы бөлу, биржа кеңесінің барлық
мүшелерін тааңдау, документтерге және жарғыға түзету енгізу, биржа
қызметінің бағдарламасын талдау және бекіту, сонымен қатар қаржылық жылға
есеп беру сияқты қызметпен айналысады.
Биржаны басқару органының ең негiзгiсi барлық акционерлердiң жиналысы
болып табылады. Бұл жалпы жиналыста басты деген мәселелер қарастырылады.
Мысалы, ортақ пайданы қалай бөлу керектiгiн, биржалық кеңестiң барлық
мүшелерiн сайлауда, биржа жарлықтарына және т.б. құжаттарды өзгерткенде
немесе толықтырулар енгiзгенде, биржаның жылдық есебiн қарастырғанда және
даму бағдарламаларын жасағанда осы акционерлердiң жалпы жиналысы арқылы
шешiледi. Ал осы жиналыс аралығы уақытында биржа қызметтерiн және оны
басқаруды биржа кеңесi iске асырады. Ол кеңес биржаның неғұрлым сенiмдi
акционерлерiне тапсырылады. Осы биржа кеңесiнiң құрамына биржа президентi
және ревизионды комиссияның мүшесi тағайындалады.
Қазақстан Республикасы заң актiлерi бойынша биржа мүшелерi жеке немесе
заңды тұлға бола алады. Оперативті басқару және биржа қызметіне бақылау
жүргізумен биржалық кеңсе айналысады. Ол биржа акционерлерінен құралады.
Оның құрамында биржа президенті мен тексеру комиссиясының өкілі болады.
Биржадағы арбитраждық комиссия – қор биржасының атқарушы органы, ол
келісім тараптарының қандай да бір операция бойына заңды әрекет етуін
қамтамасыз етеді. Төлем мерзімі өтсе және документтерді дер кезінде
өткізбесе брокерлік компанияларға айыппұл салады, кінәлі фирмаларды
биржаның мүшелігінен шығарады. Қор биржасының ағымдағы қызметін оперативті
басқарумен айналысатын орган болып Басқарма табылады. оның құрамына оның
президенті және көмекші персоналдар кіреді.
Биржаның қаржы шаруашылық қызметіне ішкі бақылауды тексеруді
комиссиясы жүзеге асырады. Оның биржаның барлық құрылымдық бөлімшелерінің
экономикалық жағдайына тексеру жүргізеді, соның негізінде биржаның жылдық
балансы толтырылады.

биржаның мүшелігінен шығарады.
Листинг бөлімі акционерлік компанияларды листингтік тізімге тарту
бойынша жұмыстар атқарады. Қор биржасына толық сенімді емес бағалы
қағаздарды жібермеу үішн оған ұсынылатын бағалы қағаздарға толық тексеру
жүргізіледі. Сөйтіп инвесторлар мүдделі қорғалады және олардың биржадағы
бағалы қағаздарға деген сенімі артады. Мысалы, АҚШ-та 20 мыңнан асқан
фирмалар бағалы қағаздар шығарады, бірақ оның оннан бірі ғана қор биржасына
өз қағаздарын ұсына алады.
Сауда саттық пен брокерлік бөлімі биржа залында саудаласу жүргізілу
үшін қажетті жағдайлар жасайды, оның барлық процедурасын реттейді,
саудаласуға қатысушылардың қызметін жақсартады.
Клиринг бөлімі келісім жасалғаннан оның қатысушыларының қолма-қолсыз
есеп айырысуын ұйымдастырады. Бағалы қағаздардың әрбір түрі бойынша есеп
айырысуын арнайы тіркелімі құрылады.
Ақпараттық –аналитикалық бөлім орталық ақпараттық қамтамасыз етумен
және бағамдық ауытқудың бақылауымен айналысады, биржалық бюллетеньді
анықтаманы, есеп айырысуларды, жарнамаларды зерттейді және кеңес берумен
айналысады, бағалы қағаздардың бағамы туралы ақпараттарды зерттеп отырады.
Әкімшілік –қаржылық бөлім қор биржасының барлық бөлімдерінің жақсы
жұмыс істеуі үшін ұйымдастырушылық – көмектік қызметті жүзеге асырады.
Биржа ұлттық және халықаралық деңгейдегі барлық экономикалық, саясаи,
қаржылық, әлеуметтік жағдайларға өте сезімтал келеді. Себебі, капиталдардың
ағымы осыларға тәуелді. Қандай да бір елдің экономикалық жандануы қор
биржаға қаражаттардың салынуын ынталандырады.
Бағалы қағаздардың бағамы туралы үнемі ақпарат алу үшін биржалық
индекстер құрылады және қызмет етеді. Қазір көптеген биржалық индекстер
бар, әр ел өз индекстерін қалыптастырады.
Биржалық механизм экономикалық қатынастарды (саудалық, ақша
айналысының) негізгі реттеуші болып табылады, қаржылық және тауар
нарықтарының бақылауды және реттуді жүзеге асырады.
Қор биржасындағы бағалы қағаздар бағамының түсіп кетуі барлық қор
нарығына, жалпы қаржы секторына көптеген шығындар әкеледі және сол елдің
компанияларының халықаралық өтімділігін төмендетеді. Осының нәтижесінде
көптеген инвесторлардың банкротқа ұшырау, фирмалар мен ұйымдардың қаржылық
жағдайына теріс әсер етеді. Сондықтан биржалық жүйе мен механизмді әрдайым
жетілдіріп, қолдап отыру керек.
Бағалы қағаздар рыногының жұмысын қамтамасыз етiп, оның мiндетiн
атқаратын кәсiби мамандар, яғни дилерлер. Ол жұмыс баға белгiлеу үшiн және
қажеттi хабарлардытарататын кампютерлiк техниканы қажет етедi.
Бағалы қағаздар рыногының кәсiби мамандары:
1. Брокерлер делдал ретiнде келiсiмге қатынасатын адамдар. Брокер келiсiм
жасасатын әрбiр жақты табыстыруды көздейдi. Ол әрбiр жеке келiсiмдi
жасасуға арнаулы өкiлеттiк берiледi және сол өкiлеттiк шеңберiнде ғана
әрекет етедi.
2. Джобберлер нарық конъюнктурасын бақылаушылар.
3. Дилерлер өз капиталымен келiсiм жасайтын делдалдар.
Бұл мамандар мен қатар БҚ нарығында банк қызметкерлерi, инвестициялық
қорлардың қызметкерлерi және заң қызметкерлерi қатысады.
Құрылымы жөнiнен брокерлiк фирма дирекция, әкiмшiлiк бөлiм, кеңес
беретiн бөлiм, бағалы қағаздарды сату бөлiмi және хабарлама техникалық
бөлiмiнен тұрады. Шамамен фирмада 15-25 адам қызмет жасайды.
Дилердiң атқаратын қызметi:
1. БҚ-ды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;
2. Клиенттердiң тапсырмасын орындау;
3. БҚ нарығындағы өзгерiстердi бақылап отыру. Егер сату-сатып алу
баяуласа, онда БҚ-дың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз
есебiнен операция жүргiзедi;
Қор биржасында айналысқа түсетін бағалы қағаздар рыногының қызметі
жалпы нарықтық қызмет және айрықша қызметтерге бөлінеді, яғни оны басқа
нарықтардан өзгеше көрсететiн қызмет.
Жалпы нарықтық қызметi:
• Коммерциялық функция, яғни осы нарықта пайда табу.
• Баға қызметiн, нарықтық бағаны және оның үздiксiз қозғалысын
қамтамасыз етедi.
• Ақпараттық қызмет, нарық өзiнiң қатысушыларын ақпаратпен қамтамасыз
етедi.
• Реттеушi қызмет, нарықтық құқықтар белгiлейдi, яғни саудада және
оған қатысушылар арасындағы дауларды реттейдi.
Айрықша қызметiне:
• Қайта бөлу, тарату функциясы.
• Баға және қаржы тәуекелдiлiгiн сақтандыру қызметi.
Қайта бөлу және тарату қызметi үш түрге бөлiнедi:
• Нарықтық қызметте ақша қаржыларын салалары бойынша қайта бөлу.
• Жинақ ақшаны ауыстыру, барлық халыққа өндiрiстiк немесе өндiрiстiк
емес формасында.
• Инфляциялық емес негiзде республикалық бюджеттiң тапшылығын
қаржыландыру.
Осымен бірінші бөлімде қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігі болып
табылатын қор биржасының экономикалық маңызы мен мәнін аша келе, оның
негізгі қызметтеріне, қор биржасына қатысушы тұлғалар мен бағалы қағаздар
нарығына тоқтала келе келесі екінші бөлімде қор биржасының негізгі
операциялары туралы айтып өтсек.
1.2 Қор биржасының негізгі операциялары
Биржа операциялары кассалық және мерзiмдiк болып екiге бөлiнедi.
Кассалық операция бойынша келiсiмге келген бойда есеп жүргiзiледi, яғни
сатып алушы қағаз үшiн ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағаздарды
алады. Мерзiмдiк операцияда есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi:
ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және уақыт өткеннен
кейін болуы мүмкін. Онда касалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін
қағаздардың бағасына өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің
айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік
мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды. Алыпсатарлардың мақсаты –
биржадағы құндылықтардың сатып алу –сату бағасы арасындағы айырмасынан
пайда табу. Келесі суретте көрсетілгендей мерзімдік мәміле түрлерінің бір
бірімен түбегейлі айырмашылығы жоқ. Олар тек кейбір іс-әрекет варианттармен
ерекшеленеді. Сондықтан мерзімдік мәміленің барлық басқа күрделі түрлерінің
негізі болатын жай көрінісіне тоқтап өтейік.
Сурет-1 - Биржа операциясының түрлерi
Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай, белгілі
бір келісілген уақытта - әлбетте бір айдың ішінде немесе ай ортасында
өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың курсымен
жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе
пайданы сатушы алады да, жоғарыласа сатып алушы алады.
Қор биржаларының мәмiлеге қатысушыларын, яғни алыпсатушыларды
аюлар және бұқалар деп екiге бөледi. Аюдың әдетi – табанымен таптау. Ал
бұқа деп атау – жағымсыздық әдетi – қарсыласты мүйiзiне iлу. Сонымен,
биржада ойыншылар – “аю” бағалы қағаз курсының төмендеуiне, ал “бұқа” оның
жоғарылауына iс-әрекет жасап ойнайды.
Мерзімдік мәміле бойынша жасалған шарт акцияның бағасы , мөлшері және
қандай мерзімге қашан сатылатынын көрсетеді. Мерзімдік мәмілелер үш түрге,
яғни: тұрақты (немесе фьючерстік) шартты және пролонгациялық болып
бөлінеді.
Тұрақты мәмілеге қатысушылар бағалы қағаздар бумасын белгілі бір
мерзімде сатқанда онда көрсетілген шарттар өзгермейтіндігі туралы өздеріне
міндеттеме алады. Сату және сатып алу кезінде тек буманың бағасы туралы
өзара келіседі.
Ал шартты мәміле бойынша оған қатысушылардың бірі екіншісіне сыйлық
ақы беріп, өз міндеттемесін орындаудан бастартуына құқы бар. Олардың
мақсаты – биржа операциясы кезінде бағалы қағаздың курсының өзгеруінен
келетін шығыннан қорғану. Мәмілеге қатысушылардың қайсысы және қалай
мәміленің шартынан бас тарту құқын пайдалануы жөнінен төрт түрге:
• Алдын ала келісілген сыйлық ақымен жасалатын мәміле;
• Қайтарылып алынатын сыйлық ақымен жасалатын мәміле;
• Опциондық мәміле;
• Стеллаж болып табылады.
Мұндағы опцион мерзімдік мәмілеге кіргізілетін талап. Ол бойынша екі жақтың
бірі мәміленің кейбір қарама қайшы талаптарының бірін талдау немесе оның
алғашқы ережесін өзгерту құқы беріледі.
Стеллаж – бағалы қағаздар бойынша мерзімді мәміленің түрі, мұнда екі
жақтың бірі мәміле мерзімі басталғанда сатып алушы мен сатушы жағдайының
бірін таңдауына құқы болады.
Пролонгациялық мәміле – бағалы қағаздар бойынша жасалатын мәміленің
түрі немесе бағалы қағаздардың нарқының өзгеруіне қарай есеп айырысудың
мерзімін кейінге қалдыру.
Репорт – мерзімді мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздың иесі оларды
белгілі бір уақыттан кейін жаңа, неғұрлым жоғары бағамен сатып алуға
міндеттеніп, банкке сатылады; осы екі бағаның айырмасы репорт деп аталады.
Депорт – оған белгілі бір мерзімнен кейін төмен курспен кері сату
шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі курс бойынша сатып алу тән.
Қор биржасы акционерлiк қоғамдардың жұмысын қадағалап оны көрсетiп
отыратын анықтаушы тәрiздi. Биржадағы акция курсының динамикасы (баға
қозғалысы) – акционерлiк қоғамның қаржы жағдайын жақсартатын немесе
нашарлататын маңызды фактор. Экономикасы дамыған мемлекеттерде акция
курсының қозғалысы баспасөзде жарияланып тұрады.

Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды
дамыту барысы көрсеткендей, бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс
iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған
ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде
бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың
құралы болып табылады.
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан рыноктық экономикаға
өтуi қоғамдық өндiрiстiң сипатын өзгертуде. Олар меншiк қатынастары;
шаруашылық субъектiлерiнiң құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмi;
олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық
топтарының шаруашылық нәтижесiнде мүдделiгiнiң дәрежесi. Сонымен қатар
елiмiздегi мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының
мемлекеттiк стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау
механизмдерiн жоғалтып, бүгiнгi күнгi ауадай қажет болып отырған қаржы
тапшылығын жауып отыр.
Ал бұл механизм несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, рынокқа
қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне бағалы қағаз
түрiнде мiндеттеме алады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы
мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады.
Қазақстанда ен алғаш қаржы жүйесінде биржалық қызмет 1991 жылы 11
маусымда “Қазақ ССР-нiң бағалы қағаздар айналысы және қор биржасы” туралы
Заң қабылданды. Содан кейiн елiмiзде алғашқы акционерлiк қоғам КТК
(Коммерцеский телевизионный канал) тiркелдi. Ол өз қызметiн және
басқарылуын акция үлесi арқылы iске асырып отырды. Осы жылы елiмiзде бағалы
қағаздар рыногында алғашқы маманданған – брокерлер мен дилерлер ұйымы
құрылды. Сондай-ақ Алматыда қор биржасы құрылып, өзiнiң бағалы қағаздармен
алғашқы саудаларын жүргiзе бастады.
Сонымен қатар, 1995 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының
президентi “Бағалы қағаздардың ұлттық комиссиясы” туралы Жарлығы шықты. Осы
жарлыққа сәйкес елiмiзде бағалы қағаздар жөнiдегi ұлттық комисия (БҚЖҰК)
құрылды. Биржа өнеркәсiп циклын және жалпы елдiң экономикасын қадағалап
отыратын барометр сияқты. Оның толық мәнi экономикадағы атқаратын мынадай
қызметтерден көрiнедi:
• қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен

• өндiрiстi және ел үкiметiнiң шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
• БҚ-мен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс

Осы бағалы қағаздар рыногының барометрi болып табылатын қор биржасы
Қазақстанның 1991 жылы рыноктық қатынастарға өтуiне байланысты елiмiздiң
қаржы рыноктары мен бiрге құрыла бастады. Ең алғашқы елiмiздегi қор
биржалары Алматы, Қазақстандық және Қостанай қор биржалары құрылды. Бiрақ
елiмiзде алғашқы кезеңдерде қор биржасының қызметi мардымсыз болды, себебi
биржа – екiншi деңгейлiк рынок ретiнде бағалы қағаздар сату мен сатып алу
процестерi жүргiзiледi. Ал ол үшiн экономикадағы кәсiпорындар жекеменшiк
немесе корпорациялар есебiнде қалыптасуы керек едi. Сондықтан 1992 жылы
мемлекеттiк меншiктегi кәсiпорындар мен өндiрiс орындары жекешелендiру
туралы ұлттық бағдарлама қабылданды. Осыдан бастап елiмiзде жекелеген
кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар құрылып, бағалы қағаздар рыногының
жағдайы жақсара бастады.
1994 жылы желтоқсанда Алматы және Қазақ қор биржалары бiрiгiп,
нәтижесiнде Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) құрылды және олардың ең алғашқы
саудасы 1995 жылы 19 сәуiрде басталды. 1995 жылы осы қор биржаларының
аймақтық бөлiмшелерi Қарағандыда, Ақмолада, Шымкентте, Павладарда
филиалдары ашылды. Қазақстан құқықтық Заңнамалары бойынша қор биржасын
құруда оның минималды жарғылық капиталы 10 мың минималды еңбекақыдан кем
болмауы керек. Елiмiздегi қор биржасы KASE коммерциялық емес ұйым болып
табылады. Оның басқадай рынокта қызметтермен айналысуына құқығы жоқ.
Оның негiзгi мақсаты бағалы қағаздардың тиiмдi және толық рыноктық
қолайлы жағдайда сатып алынуын және сатылуын, жеке және институционалды
инвесторлардың ұзақ мерзiмдi салымдарын бағалы қағаздармен алуын қамтамасыз
ету, инвесторлар қызығушылығын тудыру, клиентер мен биржа өкiлдерiн қолдау
мен қорғау болып табылады.
Елiмiздегi бағалы қағаздардың дамуының қазiргi кезеңдерiне тоқталатын
болсақ, оның басы 1999 жылдардан басталады. 1999 жылы қор рыногында
барлығы 442 млрд. теңгеге, яғни 3,534 млн. долларда сауда жүргiзiлдi.
Мұның нәтижесiнде бiз бiлетiндей, 1999 жылдан бастап елiмiздiң ЖIӨ-нiң
көлемi 10%-дан астам шамада тұрақты өсiп келедi. Мұның өзi елiмiздегi қаржы
рыногының тұрақты дамуынан және бағалы қағаздар рыногының тиiмдi iске асып
келе жатқандығынан көре аламыз. Бұған дәлел ретiнде елiмiздiң бүгiнгi таңда
ТМД елдерi iшiнде қаржы рыногы ең тиiмдi дамыған сала екендiгi ешкiммен дау
тудырмайды. Осының негiзiнде елiмiзде бағалы қағаздардың дамуы да нашар
емес. Өйткенi, бүгiнде бағалы қағаздар рыногы өзiнiң дамуында толықтай
әлемдiк стандарттарға өттiк және елiмiздiң экономикалық дамуы, өндiрiстiң
жандануы, жекешелендiрудiң аяқталуы, инфляция деңгейiнiң тұрақтануы және
Ұлттық операцияларының тиiмдi жүргiзiлуi халықтың ұлттық экономиканың даму
болашағына деген сенiмдерiнiң артуына себеп болды.
Ендi елiмiздiң облигация рыногындағы жалпы жағдайын шетелдiң басқа
елдерiмен салыстырып көрейiк. Оны 4-шi суреттен көре аламыз. Бұл суреттен
көретiнiмiз елiмiздегi облигация рыногының үлесi Батыс Еуропа және Балтық
түбегi елдерiнен әлi де болса артта, ал ТМД елдерi iшiнде алдынғы орындарда
екенiн көре аламыз.
Сондай-ақ елемiздiң Ұлттық банкiнiң құрамында 2004 жылдан бастап
бағалы қағаздар рыногын реттейтiн департамент құрылды. 2006 жылдан бастап
елiмiздегi барлық қаржылық ұйымдар есеп беру мен қызмет көрсетуде
халықаралық стандарттарға өттi. 2007 жылы KASE–нiң барлық бағалы
қағаздармен операция көлемi 33,7 млрд. АҚШ долларына жеттi.
Сурет-2 - Облигация рыногындағы бiрнеше дамушы елдерге сипаттама
Сонымен, жұмыстың екінші тарауының бірінші бөлімінде Қазақстан қор
биржасының қалыптасуы мен даму тарихын осы уақытқа дейін талдай келе,
келесі екінші бөлімде қаржы нарыығндағы қор биржамыздың атқаратын негізгі
қызметтері мен ондағы бағалы қағаздар айналысының құрылымын көре аламыз.
2.2 Қазақстан Республикасы қор биржасы операцияларын статистикалық талдау
2007 жылы KASE - да мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу – сату
операцияларының көлемі жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын
қосқанда 631,8 млрд.теңге (4754,2 млн.долл) асқан жоқ және 2006 жылмен
салыстырғанда 16,1% төмендеді. Ал 2006 жылы сәйкесінше мемлекеттік бағалы
қағаздардар операцияларының көлемі 753,1 млрд.теңге (5558,6 млн.долл)
құрады. Кестеде 2007 жылдың әрбір айына мемлекеттік бағалы қағаздарады
сатып алу-сату келісімдерінің көлемі және айналым құрылымы сонымен қатар
2006 жылдың берілген мәліметтерімен салыстыру көрсетіледі.
2007 жылы желтоқсанда KASE – да мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып
алу – сату секторында жалпы сомасы 40 467,0 млн. теңге (302,5 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz