Коғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау
Кіріспе
1. Аса мәжбүрлік қажеттілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Қажетті қорғану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Қорғануға байланысты қажетті қорғануды қолдаудың заңға сыйымдылық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Жалған қорғану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6. Орынды тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Әрбір азаматтың конституциялық борышы — коғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке карсы бағытталған іс-әрекеттерді дер көзінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық және баска да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материаддық белгісі болып табылатын басты белгі — қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе үкімді орындау әрекеттері жатады.
Осы аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұксағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар коғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.

1. Казакстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін зандарды соттардын қолдануы туралы» № 7 нормативтік каулысы (Қазақстан Рес¬публикасы Жоғарғы Сотының жаршысы, № 1.1995); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы «Қорғану құкығын ретгейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы» № 26 нормативтік қаулысы//3аң газеті. 2002. 15 каңтар.
2. Баулин Ю. В. Обстоятельства, исключающие преступность деяния. Харьков, 1991.
3. Гринберг М. С. Проблема производственного риска в уголов¬ном праве. М., 1963; Его же. Технические преступления. Новоси¬бирск, 1992.
4. Кириченко В. Ф. Основные вопросы учения о необходимой обороне в советском уголовном праве. М.-Л., 1948.
5. Казак В. Н. Вопросы теории и практики крайней необходи¬мости. Саратов, 1981.
6. Козаченко И. Я., Сухарев Е. А., Кузьменок О. П. Спорные воп¬росы квалификации задержания преступника: Текст лекции. Еқатеринбург, 1992.
7. Красиков А. Н. Сущность и значение согласия потерпевшего в советском уголовном праве. Саратов, 1976.
8. Наумов А. В. Уголовное право. Общая часть: Курс лекций. М, 1996.
9. Паше-ОзерскийН.Н. Необходимая оборона и крайняя необ¬ходимость. М., 1962.
10. Сидоров Б. В. Уголовно-правовые гарантии правомерного, социально-полезного поведения. Казань, 1992.
11. ТишкевичИ. С. Право граждан на задержание преступника. Минск, 1979.
12. ТкаченкоВ. И. Необходимая оборона по уголовному праву. М., 1979.
13. Шавгулидзе Т. Г. Необходимая оборона. Тбилиси, 1966.
14. Практикум по уголовному праву. М., 1996.

Жоспар
Кіріспе
1. Аса мәжбүрлік
қажеттілік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
2. Қажетті
қорғану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
3. Қорғануға байланысты қажетті қорғануды қолдаудың заңға сыйымдылық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .
4. Қажетті қорғану шегінен асып
кеткендік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
5. Жалған

... ... ... ... ... ... ... .
6. Орынды
тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
Кіріспе
Әрбір азаматтың конституциялық борышы — коғамдық қатынастарды
қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда
жеке адамға, қоғамға, мемлекетке карсы бағытталған іс-әрекеттерді дер
көзінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті
тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға
материалдық, моральдық және баска да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай
әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл
әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай
әрекетте қылмыстың материаддық белгісі болып табылатын басты белгі —
қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық
қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға
пайдалы іс-әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша
бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; жедел-іздестіру
шараларын жүзеге асыру; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу
немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе үкімді орындау әрекеттері
жатады.
Осы аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай
қылмыс белгілеріне ұксағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан,
қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар коғамға пайдалы
іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.
1. Аса мәжбүрлік қажеттілік
1. Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян
келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне,
денсаулығына, кұкықтары мен занды мүдделеріне, коғамның немесе мемлекеттің
мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер
бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажетті
шектен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс бо-лып табылмайды (34-бап, 1-
бөлігі).
Төнген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіптің жойылған жағдайына
сөзсіз сәйкес келмейтін зиян келтіру заңмен қорғалған мүдделерге оларды
сактап қалғаннан гөрі көбірек зиян келуі аса қажеттіліктің шегінен шығуы
болып табылады. Мұндай шектен шыққан зияндылық үшін тек қасақана
әрекеттерде ғана жауапқа тартылады. Осы заңнан туатын қорытынды: аса
қажеттілік деп біріншіден заң қорғайтын мүдделерге төнген қауіпті жоюға
бағытталған әрекет, екіншіден осы төнген қауіпті баска амалдармен жоюға
болмайтындай болса, үшіншіден заңмен қорғалған мүдделері сақтап қалу үшін
келтірілген зиян болғызылмаған зияннан кем болуы, төртіншіден бұл істелген
әрекет аса қажеттіліктің шегінен шығып кетпесе, онда істелген әрекет қылмыс
болып табылмайды.
Аса қажеттілікте қауіп кұқықтық норма қорғайтын белгілі бір мүддеге
немесе мүдделерге төнеді. Осы мүддеге немесе мүдделерге төнген зиянды
немесе қауіпті заң қорғайтын басқалай мүддеге зиян келтіру жолымен ғана
тойтаруға болады. Мұндай жағдайда келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған
зиян мөлшерінен кем болуы керек. Аса қажеттілікте қылмыстық заң қорғайтын
екі мүдденің қақтығысы орын алады. Мұндайда біреуі жойыл-майынша, екіншісін
сактауға мүмкіндік болмайды. Мысалы, тұрғындарды тасқын су басып кету қаупі
болғанда оны болдырмау үшін үйіп қойған ұнтақ тастарды рұқсатсыз алып
пайдалануды айтамыз. Бұл жерде елді мекенді су алып кетпеу үшін рұқсатсыз
ұнтақ тасты алып пайдалану аса қажеттіліктен туып отыр. Жайшылықта осы
ұнтақ тастарды рұқсатсыз алу, рәсуә ету, заң-ды бұзушылық болып табылар
еді. Ал көрсетілген жағдайда аса қажеттіліктен туындайтын осы әрекетті
істеу қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені келтірілген зиян тойтарылған
зияннан анағұрлым кем. Аса қажеттілік кейбір жағдайларда екі бірдей
міндеттілікті қатар орындау қақтығысы жағдайында да болуы мүмкін. Мысалы,
екі бірдей ауру дәрігерді бір мезгілде көмекке шақырса, дәрігер ауыр
сырқатқа алдымен жәрдем кәрсетіп, жеңілірек аурумен ауырған адамға кешігіп
келеді. Сөйтіп, ол ауыр қауіпті бұрынырақ тойтарады.
Объективтік жағынан алғанда аса қажеттілік көп жағдайларда әрекет
арқылы, кейбір уақыттарда әрекетсіздік арқылы істелуі мүмкін. Мысалы,
әрекетсіздікке жоғарыда айтылған екі бірдей ауру адамның, ауыр науқаспен
ауырғанына барып, жеңілірек ауруға бармай немесе оған кешігіп келуін
айтамыз.
Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекет заң қорғайтын кез келген
мүддеге келтірілетін зиянды тойтару арқылы жүзеге асырылады. Аса
қажеттілікті сылтау етіп, өзінің заңсыз, заңға қайшы мүдделерін заң
қорғайтын баска мүдделерге зиян келтіру жолымен жүзеге асыруға болмайды.
Аса қажеттілікті қолдану жеке адамның немесе басқа адамдардың өміріне,
денсаулығына, құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне қоғамнын
немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті тойтару үшін
қолданылады. Іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында болуы үшін бірнеше
шарттардың жиынтығынын болуы қажет.
Бірінші шарт: нақтылы қауіп қылмыстық заң қорғайтын мүддеге тікелей
төнеді. Бұл қылмыстық заңның өзінде тап осы адамның немесе басқа адамдардың
өміріне, денсаулығына, құқығына және заңмен қорғалатын мүдделеріне,
коғамнын, мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін істелетін
әрекет деп көрсетіліп отыр. Ол қауіп стихиялық апаттардан, машиналар мен
механизмдердің ақауынан, хайуанаттардың шабуылынан, адам организмінде
болатын физиологиялық өзгерістерден, басқа да бір адамның тарапынан орын
алған тікелей төнген қауіптен болуы мүмкін.
Табиғат апаттары (су тасқыны, жер сілкіну, кешкін жүру, өрт шығуы),
машиналар мен механизмдердің ақауы (әуе ұшағының двигателінің істен шығуы,
жүріп келе жатқан автокөліктің тежегішінің істемей қалуы), хайуанаттар
шабуылы (сүзеген бұқадан қашып, адамның баска үйдің шарбағын бұзып, ішке
кіруі немесе сүзеген бұқаны мерт ету) адам организмінде болатын
физиологиялык өзгерістер (ауру болуы, аштықка ұшырауы, жаралануы) қауіп
төндірудің көздері болып саналады. Мысалы, тұнғиық орман ішінде адасқан
адамның аңшылар үйінде қалған азық-түлікті өз пайдасына тұтынуы. Ауру
адамды ауруханаға жеткізу үшін тіл алмаған адамның машинасын иесінен тартып
алып, ауыр науқасты ауруханаға жеткізу.
Аса қажеттілік актісін қолдануға адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетті
жасауы да негіз болады. Егер адам заң қорғайтын белгілі бір мүддені
қорғауда қиянат жасаушыға зиян келтіру жолымен жүзеге асырса, бұл сөз жок
қажетті қорғану болады. Мұндай жағдайда аса қажеттілік жоқ. Себебі бұл
жерде зиян тікелей қиянат жасаушыға келтіріліп отыр. Егер тікелей төнген
қауіпті тойтару үшін зиян үшінші бір жаққа келтірілсе, онда ол аса
(мәжбүрлі) қажеттілікке жатады. Мысалы, Просвещенец демалыс үйінің
жүргізушісі Д. тынығушыларды демалыс үйінен Медеу мұз айдынына автобуспен
апара жатып, шұғыл бұрылыстан өзіне қарама-қарсы жолмен жол жүру ережесін
өрескел бұзып келе жатқан автокөлікті көріп, карсы келе жатқан машинамен
соғысып қалмау үшін, өзі жүргізіп келе жатқан автобусты жалма-жан сол жаққа
бұрып үлгереді. Нәтижесінде автобус аударылып, 3 жолаушы орта дәрежелі
жарақат алған. Д. аса қажеттілік халіңде әрекет жасау арқылы үлкен зиянның
алдын алған, өйткені екі машина бетпе-бет келіп соғысса, орасан зор зиян
орын алуы, адам шығыны болуы сөзсіз еді. Бұл жерде аз зиян келтіру арқылы,
ірі зиянға жол берілмеді. Осы мысалда қауіп тудырудың көзі болып қарсы келе
жатқан автокөлік жүргізушінің қоғамға қауіпті іс-әрекеті болып отыр. Заң
бойынша тікелей төнген қауіпті жою осы мерзімде баска бір заң қорғайтын
мүддеге зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Болашақта болжанатын қауіпті
нәрселерге аса қажеттілікті қолдануға болмайды. Сол сиякты өтіп кеткен
қауіпке де аса қажеттілікті қолдануға болмайды.
Аса қажеттілікті қолданудың екінші шарты: заң қорғайтын мүддеге зиян
келтіру арқылы ғана жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда ондай зиян, залал
келтірмей оны тойтару ешбір мүмкін емес. Заң қорғайтын басқа мүддеге зиян
келтірмей-ақ қауіпті тойтаруға болатын жағдайлар аса қажеттілікке жатпайды.
Мұндай жағдайларда мүддеге зиян келтіру кінәлі жағдайда зиян келтіру деп
саналып, ол үшін қылмыстық жауаптылық белгіленеді.
Үшінші шарт: Аса қажеттілік болу үшін келтірілген зиянның мөлшері
тойтарылған зиянның мөлшерінен кем болуға тиіс. Келтірілген зиян
тойтарылған зиянмен бірдей болса да, іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында
істеледі деуге болмайды. Ол туралы заңның өзінде Құқык қорғау мүдделеріне
алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген, төнген
қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатар жойылған жағдайға көрінеу сәйкес
келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мұндай
шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана
жауаптылыққа әкеп соғады, — делінген (34-бап). Сондықтан да өз өмірін
сақтап қалу үшін баска біреудің өмірін қиып жіберу аса қажеттілікке
жатпайды, оның шегінен шығу болып табылады. Аса қажеттілікті қолданып көп
адамның өмірін сақтап қалушылық қылмыс болып табылмайды. Мысалы, қатты
жүріп келе жатқан поездың ен даладағы күзетілмейтін, өтуге рұқсат етілмеген
жолында көлденең тұрған машинаны шұғыл тежеп, тоқтатпастан, ақырын тежеп
келіп, соғып, машинаны және оның жүргізушісін таптап өтуі, соның
нәтижесінде поездағы азаматтардың өміріне зақым келмеуі аса қажеттілік
жағдайында жасалған деп саналады. Сол себепті поезд жүргізушінің іс-
әрекетінде қылмыс құрамы болмайды.
Келтірілген зиянның сақтап қалынған зияннан азырақ екендігі нақты
жағдайларға байланысты шешіледі. Бұл жерде тікелей төнген қауіп қаңдай
мүддеге бағытталады, ол мүдденің маңыздылығы, қауіп төнген жағдай,
тойтарылған зиянның мөлшері т.б. мәселелер еске алынады. Кейбір жағдайларда
зиянды тойтарған адам, өзінің келтірген зиянын сактап калынған зияннан
азырақ деп ойлайды, ал іс жүзінде оның іс-әрекеті қоғамға қауіпті болады
да, мұндай жағдайда аса қажеттілік актісі бұл жерде қолданылмайды. Бірақ та
мұндай жағдайда аса қажеттілік шегінен шығып кеткен адам шын қателесіп,
өзінің тойтарылған зиян мен келтірілген зиянның ара қатынасы жөніндегі
қателіктерге ауыр жан күйзелісі үстінде немесе басқадай негізді себептермен
кінәсіз түрде жол берсе, онда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Аса
қажеттілікті қолдануда әр түрлі тәсілдер арқылы келтірілген зиян сақтап
қалынған зияннан азырақ болуы негізгі шарт болып табылады.
Абайсыздык пен аса қажеттілік шегінен шығушылық қылмыс болып
табылмайды.
Аса қажеттілік те қажетті қорғану сияқты занды және қоғамға пайдалы іс-
әрекет болып табылады. Бірақ та бұл екі институттын өзара өзгешеліктері
бар. Кажетті қорғануда қауіпті қиянаттың көзі болып әр уакытта да адамның
коғамға қауіпті іс-әрекеті болады. Аса қажеттілік жағдайын қолдану
адамдардың ғана іс-әрекетінен емес, сондай-ақ табиғат апаттарынан,
міндеттер қайшылықтарынан да туындайды. Тіпті, қиянат жасаушыдан қашып
құтылуға, басқадай кемек сұрау мүмкіндігі бола тұра қажетті қорғануды
қолдану занды болып табылады. Ал аса қажеттіліқ, төнген қауіпке зиян
келтіру тәсілін қолданбаса жүзеге аспайды.
Қажетті қорғануда қиянат жасаушыға келтірілген зиян, тойтарылған
зияннан көп болуы мүмкін. Аса қажеттіліктің бұдан өзгешелігі сол, ол
тойтарылған зиян болғызылған немесе орын алған зияннан гөрі көбірек
болғанында ғана занды болып саналады. Қажетті қорғануда зиян тек қиянат
жасаушыға келтіріледі, ал аса қажеттілікте мұндай зиян бөтен, тікелей
төнген қауіпке қатысы жоқ үшінші жаққа келтіріледі.
2. Қажетті қорғану
Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы
даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға
құкығы бар. Бұл кұқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа
адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне
қарамастан тиесілі болып табылады. (32-бап, 2- бөлік). Қажетті қорғану
жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге
бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және баска да
құқықтарын, коғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін
коғамдық қауіпті кол сұғушылықтан кол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау
көзінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол
берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды делінген (32-бап, 1-бөлігі).
Бұл жерде мемлекеттік, коғамдык мүдделерге қорғанушының өзіне, баска
адамның занды құқықтарына, кұкықтык тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған
істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік, қылмыстық
құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен қылмыс болып саналмайды
делініп отыр.
Қажетгі қорғану — әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін
әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға
қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары,
өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т. б. баска да игіліктерін
қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды,
зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, баска да қылмыстарға қарсы
күресудің пәрменді құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақ-тандырушылық
мәні зор. Өйткені, қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс
берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.
Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Конституцияда көрсетілген
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы
әрекет деп саналады.
Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы, меншігі оның
қылмыс істеуіне байланысты қылмыстық заңның қорғануынан тысқары қалады.
Қажетті қорғану жағдайында оған зиян келтіру қылмыстық құқылық, әрекетпен
заң қорғайтын объектіге кол сұғушылық болып табылмайды. Қажетті қорғану
қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны болып
табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей әрекет болып
саналады. Сол себепті де мемлекет занда белгіленген тәртіппен кейбір тәртіп
сақшыларына мұндай реттерде қару қолдану құқығына да жол береді.
Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сұғу-шылықтан
құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мүмкіндігі болғанына
қарамастан қажетті қорғануды қолдануға құқылы.
Көмек сұрау мүмкіндігіне қауіпті қиянаттан қашып кету, жасырынып қалу,
жұлкынып шығу, қиянат жасаушыға басқадай бөгеттер жасау, айғайлап көмекке
шақыру, телефонмен құқық қорғау органдарына, туысқандарына, көршілеріне,
таныстарына хабарлау сияқты әрекеттер жатады. Заң бойынша барлық азаматтар
— кәсіби немесе өзге де даярлығын, қызмет жағдайына қарамастан қажетті
қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде құқылы. Занда лауазым адамдары
немесе басқадай құқық қорғау органдары үшін қажетті қорғануды қолданудың
ерекше талаптары белгіленбеген. Көптеген азаматтар үшін қажетті қорғануды
қолдану олардың жеке құқығы болып табылады.
Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар
тек қана моральдық жағынан айыпталады. Керісінше заңға, уставка, басқадай
нормативті актілерге сәйкес қажетгі қорғануды жүзеге асырмаса оның әрекеті
қылмыстық немесе тәртіптік жауаптылыққа жатады. Мысалы, полиция қызметкері
Қазакстан Республикасының Жоғарғы Сотының Азаматтарды нөмірі мен
денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін зандарды
соттардың қолдануы туралы 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 каулысын
Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қажетті қорғану кұкығы
азаматтардың өмірін, денсаулығын, арын, беделін, сондай-ақ мүлкін коғамдық
қауіптерден қорғаудағы конституциялық кұкығын жүзеге асырудың ең бір кепілі
екендігіне соттардың назарын аудару керек.
Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан қашып қорғанудан немесе басқа амалдар
қолданудан тыс, заңға сәйкес қоғамға қауіпті шабуылға қарсы залал жасау
жолымен белсенді шараларды қолдануға қақысы бар. Мұндай кезде олар қоғамға
қауіпті шабуылдан қорғану жағдайында келтірілген залалы үшін жауап
бермейді, деп атап көрсетілген. Қажетті қорғануды жүзеге асырудың заңға
сыйымды негізгі шарттары бар.
Қиянатқа байланысты қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылық
шарттары: оның біріншісі қиянат қоғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат
арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру
қаупін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.
Қоғамға қауіпті қол сұғушылық жоқ болса, қажетті қорғану да жоқ. Қол
сұғушылықтың түрлері Қылмыстық кодекстің 32-бабында қорғанушылықты немесе
басқа адамның жеке басына тікелей төнген қауіпті қиянаттан болған әрекеттер
деп керсетілген. Бұл әрекеттер шабуыл арқылы жүзеге асырылады. Шабуыл—бұл
ашықтан-ашық кенеттен пайда болған зорлык әрекет. Өмірге қауіпті зорлық
өлімге әкеліп соғуы, ал өмірге қауіпті емес зорлық денсаулыққа зиян
келтіруі мүмкін. Зорлық көрсетемін деп қоркыту өмірді жоюға немесе
денсаулыққа зақым келтіруге нақты бағытталуы мүмкін. Қажетті қорғану
қауіпті тудыру ошағына арналғандыктан, оны кім немесе не төндіргеніне
карамайды. Қорғаныс заңсыз істеудің нәтижесінде заң қорғай-тын мүддеге
қауіп төндіретін лауазымдық жағдайын пайдаланушыға да, жасы қылмыстық
жауаптылықка толмағандар мен есі дұрыс еместерге, қорғаудың шегінен асып
кетушілік әрекеттеріне және жалған қорғануға қарсы қолданылуы мүмкін. Занда
бұларды бір сөзбен айтқанда, қауіпті қиянатты төндіруші деп айтады, Қауіпті
төндірушілерге заң бойынша жоғарыда айтылған іс-әрекетгі істегендердің бәрі
жатады.
Қажетті қорғануды занды әрекетке қолдануға болмайды, сол сиякты қажетті
қорғануды қандай да бір әрекетінде қылмыстың формальдық жағынан белгілері
бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекетсіздікке қолдануға болмайды. Мұндай
әрекеттерге өте арзан заттарды ұрлау, жасөспірімдердін бау-бакшадан жеміс-
жидек ұрлауы сиякты әрекеттері жатады. Адам мұндай іс-әрекеттері арқылы
зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде жауаптылыққа тартылады.
Қажетті қорғану әкімшілік теріс қылықка да қарсы қолданылуы мүмкін.
Мысалы, ұсақ бұзақылыққа қарсы. Қажетті қорғануды қолдануда негіз болатын
қоғамға зиянды қасақана әрекеттің (абайсызда емес) өмірге, денсаулыққа,
бостандыққа, меншікке, басқа да құқықтарына, қоғам немесе мемлекеттің занды
мүдделеріне, қоғамдық тәртіпке дереу зиян келтірілуі мүмкін болғанда ғана
қолдануға болады. Мысалы, кісі өлтіруге, әйелді зорлауға, ұрлыққа, тонауға
оқталу. Егер қиянаттың қоғамдык қатынастарға дереу, тез зиян келтіруге
қабілеті болмаса, онда ондай әрекеттерге қарсы қажетті қорғануды қолдануға
болмайды. Мұндай жағдайда төнген залалды тойтару басқа жолмен жүзеге
асырылады.
Қажетті қорғануды қарсы әрекетке ғана қолдануға болады. Құқылық
міндетін орындамаған әрекетсіздікке қажетті қорғануды қолдануға негіз жоқ.
Мұндай құқық міндетті орындамаушылық орын алған жағдайда оған зиян
келтірмей-ақ, оны зорлап орындатушылық орын алады. Занда көрсетілген
қылмысты
қиянатпен кол сұғу касақана болуы қажет, абайсыздықпен кол сұғу басқа
жолмен токтатылады.
Қажетгі қорғануды қолданудың екінші шарты — қорғану қол сұғушылык
пакты бар болғанда ғана қолданылады. Қол сұғушылыктың объективтік категория
ретінде басталуы және аяқталуы болады, Нақтылы төніп тұрған қол сұғушылық
деп заң қорғайтын объектіге зиян келтіруге кірісуді бастағалы жатқан немесе
кіріскен әрекетті айтамыз. Яғни, қол сұғушылықтың кірісуі деп қоғамға
қауіпті әрекеттің басталған уақытын айтамыз. Қасақана қылмыстар үшін қол
сұғушылықтың бастамасы болып қылмыс істеуге оқталғандық әрекеті айтылады.
Ал қол сұғушылықтың аяқталуы болып іс-әрекеттің нақты біткен, шын мәнінде
оның доғарылған уакыты саналады. Қол сұғушылық алға қойған мақсатқа жетуге
немесе одан ерікті түрде бас тартуға байланысты доғарылуы мүмкін. Егер де
қол сұғушылык бітіп кетсе, оған қажетті қорғануды қолдануға болмайды.
Өйткені қажетті қорғанудың мақсаты — болатын, орын алатын зиянды тойтаруға,
оны болғызбауға бағытталған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің
1994 жылғы 23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы
әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін зандарды соттардың қолдануы
туралы нормативтік қаулысында қажетті қорғану құқығы тек коғамға қауіпті
кол сұғушылық сәтінде ғана емес, шабуыл жасау қаупі анық төнген кезде
қолданылатынын көрсеткен. Яғни, қажетті қорғануды нақтылы қауіп төніп
тұрған қол сұғушылыққа ғана қолданады. Нақтылы төніп тұрған қаупі біткен
қылмыска оны қолдануға болмайды. Осыған орай, кейде қажетті қорғануды
қолданушы қылмыстын біткен немесе бітпегенін ажырата алмаудан қолдану
жағдайлары да кездесуі мүмкін. Жоғарыда аталған Жоғарғы Сот қаулысының 21-
тармағына сәйкес мұндай реттерде Шабуыл аяқталғаннан кейін, бірақ істің
мән-жайларына сәйкес қорғанушы үшін онын бітіп қалу сәтінің түсініксіз
жағдайына сәйкес қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмай біткен
қылмысты бітпеген қылмыс деп ұғып, қажетті қорғануды қолдаса, ол әрекетті
қажетті қорғануға жатқызуы керек, — делінген. Егер қорғанушы қауіптің
біткенін біле тұра қажетті қорғануды қолданса, ондай әрекет қорғану шегінен
шығып кеткен деп есептеледі. Қауіпті емес әрекетті оның қауіпті екендігін
білуге мүмкіндігі болмай шынымен қауіпті іс деп санап, қажетті қорғану
қолда-нылса, ол үшін қажетті қорғануды қолданушы жауапкершілікке жатпайды.
Егер қорғанушы іс-әрекеттің қауіпті емес екендігін байқауға мүмкіндігі
болып тұрып, қорғануды қасақана емес күйде жүзеге асырса, бұл жағдайда ол
абайсыздық түрінде істелген әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Қажетті қорғанудың үшінші бір шарты — қоғамға қауіпті қол сұғу айқын,
шын мәнінде, яғни қоғамдык қатынастарға анық зиян келтіретін болуы керек.
Адамның санасында ғана елестетілетін қиянаттың зиян келтірумен ешқандай
байланысы жоқ. Елестетілетін қиянаттан қорғануды жалған қорғану дейміз.
Қорғануға байланысты қажетті қорғануды қолдаудың
заңға сыйымдылық шарттары
Бірінші шарт. Қорғану занда тура атап көрсетілгендей, тек әрекет
күйіңде жүзеге асырылады. Әрекетсіздік өмірге, денсаулыққа, меншікке зиян
келтірмейді, соңдықтан да ондай қиянатқа тойтарыс берілмейді. Мазмұны
жөнінен әрекет дене немесе мүліктік зиян келтіруден кұралады. Денеге
келтірілген зиян адам өмірін жоюға, денеге жарақат келтіруге да байланысты
болуы мүмкін. Мысалы, С. деген адам маскүнемдіктің әсерінен үйде пышақпен
пияз турап отырған К. деген оз әйелін сабап қана қоймай, оның мойнын бұрап,
тұншыктырып далаға қарай сүйреген. К. өзін-өзі қорғау мақсатымен қолындағы
пышакты күйеуіне қарсы жұмсауға мәжбүр болған, нәтижесінде күйеуі ауыр
жарақат алып, ауруханада қайтыс болған. К-нің жағдайын сот қажетті қорғану
жағдайында істелген әрекет деп тапкан.
Жолда келе жатқан Ж. деген азаматты М. деген адам шалып құлатып,
қолындағы төмір балғамен жанды жерінен ұрғылай берген. Ж. М-ден қорғану
мақсатымен өзі кұлаған жерден қолына түскен таспен қиянат келтірушінің
басынан ұрып, оған ауыр дене жарақатын келтірген. Ж-нің әрекеті қажетті
қорғану халінде істелген әрекет деп танылған. Қажетті қорғану халінде
қиянат келтірушіге оның мүлкін жою, бұлдіру, қирату арқылы да зиян
келтірілуі мүмкін. Мысалы: Автобус ішіңде отырған бір топ жас жігіттер
магнитофонды барынша айқайлатып музыка тындаған. Автобуста отырған
Жапсарбай деген азамат жастарға келіп, магнитофонды өшіріп, тыныштық
сақтауды өтінген. Бұл өтінішке магнитофон иесі жауап ретінде оны одан әрі
қаттырақ сөйлетіп, өзі де қарқ-қарқ күледі. Бұл әрекетке ыза болған
Жапсарбай әлгі жас жігіттің,колындағы магнитофонды жұлып алып,жүріп келе
жатқан автобустың ашық терезесінен тысқа лақтырып жіберген. Магнитофон
қирап, іске жарамсыз болып қалған, ал Жапсарбайдың әрекеті қылмыс емес деп
танылған.
Екінші шарт. Қорғанушы зиянды қиянат келтірушінің тікелей өзіне
(басқаға емес) келтіреді. Өйткені қажетті қорғанудың негізі қажетті
қорғануды тудыратын қиянат келтірушінің өзі ғана болады. Ондай болса
қажетті қорғану сол қиянат келтірушінің өзіне тікелей қарсы қолданылады.
Мұндай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz