Евразия даласындағы Шыңғыс хан тұлғасы және көрші тайпаларды бағындыруы


Евразия даласындағы Шыңғыс Хан тұлғасы және көрші тайпаларды бағындыруы.
Шыңғыс ханның (ол кезде Темучин деген атпен белгілі) көрші тайпаларды жаулап алуын баяндаумен қатар, олардың өсіп өрбу тарихына және таным тағылымына, өмір салты мен тұтас болмысына аз да болса тоқтала кетуді мақұл көрдік. Өйткені біздің ата мұрамыз, асыл қазынамыз-тарихымызды білмей тұрып бүгінгі өмір шындығын жас ұрпақ пен кейінгі толқынға ұғындыру қиын іс. Адам дегеніміз - тарихи құбылыс. Өз ұлтының тарихи дамуын сезінген адам ғана өзінің қалай дамып келе жатканын сезінеді. Шыңғыс хан дәуіріне дейін, яғни IX-XII ғасырдарда Монгалия аймағында қоныс тепкен найман, керейт, жалайыр, уақ, меркіт, татар, рулары сол өлкеде түркі тайпаларының мемлекеттік бірлестігі-ұлыстар құрауға алып келді.
- «Ұлыс» деген сөз ел, халық билігі деген ұғымды білдіреді. Алғашқы да оның құрамына өзара жақындығы жоқ адамдар тобы да қосылды. Көпшілік жағдайда, ұлыс құрамына ханның руластары мен туыстары, көңіл жақын адамдары кірді. Ұлыстың турақты жер аймағы, ал ірі найман, керейт, кыпшақ, татар ұлыстарының өз шекаралары болды, кейде олар кузетілетін еді.
Бұл тайпалар тарихта «татар» атымен белгісі болған ежелгі түркі шивэйлерінің бір тобы еді. Олар IX ғасырдың бас кезінде түстікке, Тянь-Шань тауларына қарай қозғалып, мүмкіндік туа салысымен, Батысқа қарай етек жайып, Керулен өзеніне дейін жетеді, сөйтіп 966 жылы Сун империясы мен қидандарға қарсы бағытталған одақ құрмақшы да болады. Әрине, бұл кезде қидандар татарлардан әлдеқайда күшті болатұғын, ал қытайлар болса «татарларға» ешбір көмек көрсетпейді, керісінше оларды бір-біріне айдап салуға тырысады.
Дегенмен, XII ғасырдың басында аталмыш тайпалар біраз уақыт даладағы саяси басшылықты қолына ұстап тұрған сәтте, Қытай қорғанынан бастап Сібір тайгасына дейінгі барша түз халықтарын «татарлар» деп атай бастағаны да тарихтан белгілі. Бірақ бұл далада, кең мағынасында айтқанда, басқа да тайпалар тұрған, олардың бір бөлігі бізге белгілі болса, ал көпшілігінің Қытай жазба негіздерінде «татар» аты ғана сақталған.
Әйгілі көшпелілер арасынан бәрінен бұрын XI ғасырда хатқа түскен керейттерді атауға болады. Наймандар ол кезде бұл жерде болмаған сияқты, олардың болашақ қоныстарында тикин деген халық тұрған, тегі олар Алтай тауларында жасырынып қалған ежелгі түріктердің бір тармағы болса керек, дейді Л. Н. Гумилев.
XII ғасырдың бастауында Шығыс Моңғолия тайпаларының ішіндегі басшылық татар тайпаларының қолында болады, сол себепті қытай тарихшылары моңғолдарды татарлардың бір тармағы деп қарады. XIII ғасырда жағдай күрт өзгерді, енді татарларды моңғолдардың бір бөлігі деп қараған. Мұның үстіне «татар» аты Орта Азияда жоғалып кетеді де, Алтын Орданың бағыныштылары Еділ бойындағы түркілерге ауысады, ал, уақыт өте осы арадағы этнонимге айналады.
XIII ғасырдың басында Шыңғыс хан салған қанкешті оқиғалардың барысында аталған тайпалардың көпшілігі моңғолдардан жеңіліп, ел бірлестігінің ұйтқысы бұзылды, бірсыпырасы моңғол ортасына сіңісіп кетті. Енді бір бөлігі мың өліп, мың тірілген заманда жеңіліске ұшырап, ежелгі түркі тайпаларының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдени-тұрмыстарының сан-алуан сырын өн бойында сақтап Орта Азия мен Дешті Қыпшақ даласына жетті.
Моңғолдар мен меркіттердің алғашқы қарым-қатынасы Шыңғыс ханның аталары Онон, Керулен, Толы өзендерінің бойын, Бұрқан Қалдұн тауларының қойнауын қоныстанған кезден бастау алады. Бұл шамамен X ғасырдың екінші жартысы болса керек. Бұл кезеңде олардың арасында жауласу байқалмаған, тіпті XI ғасырда меркіт тайпасының билеушісі Тудур Білгенің бүкіл моңғолдың ханы Амағайдың ұлы Қадаған ханзадамен анда болғаны туралы мәліметтер бар. Бұл кезде көрші отырған көшпенділердің арасында алыс-беріс, жекжаттық байланыстар біршама кеңіген.
Алайда, XII ғасырдың екінші жартысынан бастап, екі тайпаның ымырасы бұзылады да, ел арасында жауласу етек алады. Осы кезеңде екі көрші тайпа үш жылда екі мәрте соғысты бастарынан өткізеді. Бірінші ұрыста меркіттердің билеушісі Тудур Білге Чигин жау қолынан қаза тауып, олардың шығыс бағыттағы жауынгерлері түгелдей моңғолдардың қолына түседі. Денесі жау оғынан шұрық-тесік болған Білгенің ұлы Тоқтаға бек батыс жақтағы әскерін алып кейін шегінуге мәжбүр болады. Үш жылдан соң болған екінші соғыста да меркіттер жеңіліп, Тоқтаға бек Селенгі бойымен кейін шегінеді.
Шыңғыс хан заманында Тоқтаға бек меркіт тайпасындағы тарихи тұлғалардың бірі болды. Оның Тоғыз, Қосын, Құтұ, Чилағұн, Жабақ және Ққлтуған атты ержүрек, үйелмелі-сүйелмелі алты ұлы болды. Тағдырдың жазуымен олардың барлығы да қанды қақтығыста қаза тапты. Тоғыз батыр Уаң ханның қолынан, ал қалған бесеуі Шыңғыс ханмен болған үздіксіз соғыстарда қаза болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz