Тауар ақша қатынастары және қаржы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3


1.ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ТАУАР.АҚША ҚАТЫНАСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1Тауар.ақша қатынастары және олардың қаржы жүйесіндегі орны ... ... ... .. 5

1.2 Ақша және қаржы қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9


2.АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.1 Ақша қаражаттарының қорлары және оның қоғамдық қатынастардағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Қаржы және тауар.ақша қатынастарының әлемдік шаруашылықтарындағы маңызы мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Нарықтық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырдың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Ал өз кезегінде қаржы-ақша қатынастарының мәні ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. Қаржының экономикадағы басты қажеттігі объективті мән-жайдан- тауар- ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Қаржы механизмі арқылы мемлекет өзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік сфералардағы көптеген қызметтерін атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесі аталынады.
Экономикадағы ақша қорлары негізінен орталықтандырылған, яғни, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қорлардың негізінде жинақталған ақша қорлары болса, ал орталықтандырылмаған ақша қорлары бұл қызмет етуші кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорлары болып табылады. Ал ақша қорларының қалыптасуы ақша қаражаттарының қорларының қалыптасуының негізінде пайда болады. Осы жинақталған ақша қорлары қаржы қатынастарын іске асырудың негізі болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбын осылайша «Тауар ақша қатынастары және қаржы» деп алдым.
Тақырыптың өзектілігі қаржы тауар ақша қатынастарының объективтілік сипаты бола тұра, мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржы қорларының үздіксіз қалыптасып отыруы мен қаржы қатынастарын, қаржы қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттарымен тауар ақша қатынастарының тиімді қалыптасуын қамтамасыз етудің маңыздылығын, еліміздегі бүгінгі таңдағы негізгі қорлар мен ақша қаражаттарының қорлары негізінде жұмылдырылатын қаржы қатынастарының ерекшелігі туралы тоқталу болып табылады және жұмысты жазудағы мақсатым: тауар-ақша қатынастарының қаржының қоғамдық дамуда қажеттілігі мен экономика дамуының үздіксіз қызметін қалыптастырудағы рөлін анықтау болып табылады.
1. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы:
Институт развития Казахстан, 2001. – 285с.
2. Ақша, несие, банктер: Оқулық\ Ғ.С. Сейітқасымов. – Алматы:
Экономика, 2001,- 466б.
3. Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 543 бет.
4. Ақша несие, банктер: Оқулық \ Ғ.С Сейітқасымов.- Алматы:
Экономика, 2001ж.- 466б.
5. С.Б. Мақыш, Оқу құралы\ «Ақша айналысы және несие» - Алматы,
Қазақ университеті, - 2004ж.- 248бет.
6. Ильясов К.К, Зейнелғабдин А.Б, Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
7. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов.- Алматы:
2001. 252с.
8. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 527с.
9. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы.- Алматы: Мерей, 2000.-154бет.
10. Байгесейов Майдан-Әли \ Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы - Алматы: Қазақ университеті, 2004. -302бет.
11. Финансы, деньги, кредит. Учебник. Под. Ред. О. В. Соколовой –М: ЮРИСТ, 2001. 785с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1.ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ТАУАР-АҚША ҚАТЫНАСТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5

1.1Тауар-ақша қатынастары және олардың қаржы жүйесіндегі орны ... ... ... ..
5

1.2 Ақша және қаржы
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 9

2.АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ
МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... .. 13

2.1 Ақша қаражаттарының қорлары және оның қоғамдық қатынастардағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Қаржы және тауар-ақша қатынастарының әлемдік шаруашылықтарындағы маңызы
мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .. 18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... . 23

Кіріспе
Нарықтық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың
құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырдың құралы. Бұл орайда
қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет
етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Ал өз кезегінде қаржы-ақша қатынастарының мәні ол әрқашан
экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері
арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын
білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша
қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. Қаржының экономикадағы
басты қажеттігі объективті мән-жайдан- тауар- ақша қатынастарының болуынан
және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы
– табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін
қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Қаржы механизмі арқылы мемлекет өзінің саяси, экономикалық
және әлеуметтік сфералардағы көптеген қызметтерін атқаруға қажет ақшалай
қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және
пайдалану туралы қатынастардың жүйесі аталынады.
Экономикадағы ақша қорлары негізінен орталықтандырылған, яғни,
мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қорлардың негізінде жинақталған ақша
қорлары болса, ал орталықтандырылмаған ақша қорлары бұл қызмет етуші
кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорлары болып табылады. Ал ақша қорларының
қалыптасуы ақша қаражаттарының қорларының қалыптасуының негізінде пайда
болады. Осы жинақталған ақша қорлары қаржы қатынастарын іске асырудың
негізі болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбын осылайша Тауар ақша қатынастары
және қаржы деп алдым.
Тақырыптың өзектілігі қаржы тауар ақша қатынастарының
объективтілік сипаты бола тұра, мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің қаржы қорларының үздіксіз қалыптасып отыруы мен қаржы
қатынастарын, қаржы қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттарымен тауар
ақша қатынастарының тиімді қалыптасуын қамтамасыз етудің маңыздылығын,
еліміздегі бүгінгі таңдағы негізгі қорлар мен ақша қаражаттарының қорлары
негізінде жұмылдырылатын қаржы қатынастарының ерекшелігі туралы тоқталу
болып табылады және жұмысты жазудағы мақсатым: тауар-ақша қатынастарының
қаржының қоғамдық дамуда қажеттілігі мен экономика дамуының үздіксіз
қызметін қалыптастырудағы рөлін анықтау болып табылады.

1.ҚАРЖЫЖӘНЕТАУАР АҚША ҚАТЫНАСТАРЫ

1.1 Тауар-ақша қатнастары олардың қаржы жүйесіндегі орны

Қаржының экономикадағы басты қажеттігі объективті мән-жайдаң – тауар-
ақша қатнастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен
туындайды.
Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген
қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына
бақылау жасау.3,17б
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатнастары елеулі
дәрежеде қоғамдық немесе әлемметтік тауарлар деп аталанылатындарды –
мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынатын материалдық және сол
сияқты материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көсетуді
өндірумен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржының экономикалық мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан
туындайды.Бұл қозғалыс шарты тауар- ақша қатнастарының болуы және
экономикалық заңдардың, соның ішінде құн заңының іс–әрекеті болып табылады.

Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар–ақша
қатынастарын әлдеұайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Тауар өндірісінің негізінде тауар өндірушілердің экономикалық алдын
ала келісіп алушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі қойылған.
Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық–заттық факторларының саралануы
олардың әртүрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас
тауарлар нақты және затталынған еңбектің әрүрлі шығындарымен өндіріледі.
Бұл теңсіздіктің салдарынан қажырлы еңбек пен жұмсалынған күш–жігерге
баламалы болып келетін тұтынудың өлшемін объективті түрде ескере алатын
шығындар мен еңбек нәтижелері өлшемінің айрықша механизмінің объективті
қажеттігі туындайды. Бұдан ақша және оның туындауы экономикалық
категорияларының, соның ішінде қаржының да көмегімен қол жеткізіледі. Яғни,
бір сөзбен айтқанда қаржы тауар қатнастарынан тыс өмір сүре алмайды.
Тек өндірілген тауарлар, көрсетілген қызметтер, адам еңбегінің
өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламалармен
өткізгенде өндірушілердің ақшалай немесе қаржылық түсімдері жасалынады.
Қаржының түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның
маңызды ерекше белгісі болып табылады.
Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша – қаржы қорлары қоғамдық
өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық
әдістердің көмегімен жасалынады. Әдістер, қаржы қатнастарындағы іс-қимылдың
амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын міндетті
сипатты игеріп алады, мұның өзі экономикны реттеудің қажеттігімен және
қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын
алдын ала қарастыру қажеттігімен байланысты болады.
Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі
сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы
құнын біржақты қозғалысының негізінде жасалады. Кез–келген қаржы операциясы
баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақша
қаражаттарының ішкішаруашылық мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты
қолданылады. 5, 24 б
Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары
өсуінің басты шарты болып табылады. Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза
табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері,
жарналар нысанындағы) амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары
( қорланым, босалқы қор) – қаржылық әдіспен қалыптастырылады белгілі бір
қажеттіліктерді пайдаланатын мақсатты ақша қаражаттары.
Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық
органның немесе шауашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау
мүмкіндіктерін түсіндіреді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы,
ақша қаражаттарына мақсатты босалқы қорларындағы “байланылған” қаражаттар,
сондай–ақ әлі мақсатты бағыттылығы қорлар бойынша қалыптаспаған ақша
қаражаттары. 3, 32 б
Мысалы ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты
болмайды – бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері
тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің
басқа шарттарын бұзғаны, үшін алатын айыппұлдарды, өсімдерді тұрақсыздық
төлемдері.
“Қаржы ресурстары” ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
1. Шаруашылық практикасында қаржы ресурстары ұғымы деп мемлекеттің,
кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңіндегі барлық ақша
қаражаттарының кірістері мен қорларымдарының жиынтығы яғни ақша
қорларының, кредит ресурстарын, ақша қаражаттарының резервтерін
айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шарушылық есеп пратикасы тұсынан
туындаған практикалық тәсілдеме. Расында, банктегі оның шотындағы
белгілі бір күндегі ақша қаражаттары, олар кәсіпорынның меншікті
немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық
нақты қаржы ресурстарын құрайды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржылық
ресурстарының негізгі көзін мемлекеттік бюджет құрайды. Бюджет
–мемлекетің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен
қамтамассыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандағы жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекетің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және
халықпен қалыптасқан қаржықатнастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің
ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға
арналған орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлететік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет- араларындағы өзара өтелетін операцияларды
есепке алмағандағы, республикалық және жергілікті бюджеттерді
біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге
жатпайтын жиынтық бюджет.1
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік
бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның
өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің
қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты.
Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз
ету үшін қажет.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатнастардың экономикалық нысаны
бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды- жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің меншікті капиталының маңызы
зор. Себебі ол осы кәсіпорынды ашудағы негізгі соманы құрайды және
кәсіпорынның нарықта сенімді қызмет етуін қамтамассыз етеді. Яғни қызмет
етуші корпорациялардың материялдық және ақшалай қорлар негізінде меншікті
капиталдары болады. Олардың бір бөлігі айналым активтеріне жұмсалады.
Осы меншік капиталының негізі болып құнына сала пайда болатын жарғылық
қор негізінде көрініс табады. Бұл жарғылық қордың құрамы кәсіпорынға
қатысушы инвесторлардың және қатысушылардың инвестициялары немесе заттай
салымдары арқылы іске асады. 8,42б
2.егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттық және құндық құрлымына,
оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы
ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін
шығарып тастасақ, онда қаржы ресурстарының ұғымы тікелей мемлекетпен
кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын
құндық нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін
білдіреді.
Қаржы ресурстарын пайдалану негізінен арнайы мақсаттағы
арналымның ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық
шаруашылықта іс-әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды
бөлігі. Қаржы ресурстарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы
өндірістің қажеттері негізінде объективті түрде алдын-ала анықталады және
қор емес нысанымен салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары бар.3,34б
Қаржы мен қаржы ресурстары бара-бар ұғымдар емес. Қаржы
ресурстары өзінше қаржының мәнін анықтайды, оның ішкі мазмұнымен қоғамдық
арналымын ашпайды. Қаржы ғалымы тап мұндай ресурстарды жасау бөлу және
пайдалану негізінде туындайтын қоғамдық қатнастарды зерделейді; ол қаржы
қатнастары дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің 50% құрай отырып,
мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім
мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және бөлу процесінде қалыптаса отырып,
олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға,
ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамассыз етуге және жалпымемлекеттік
қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жасайтын материалдық ресурстардың бір
бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы
ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол экономика дамуы үшін
тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін
арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық
шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты.3,35б
Қаржы ресустарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында (қаржы
ресустары мен мемлекеттің шығыстары балансында) қамтып көрсетеді. Алайда
баланста кредит ресустарының бір бөлігінде қамтып көрсетеді.
Қаржы ресустарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін
бөліп көрсетуге болады:
1.мемлекеттің кірістері-республикалық және жергілікті бюджете
шоғырланады. Мемлектің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және
мемлмкеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін
жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотореялар,
мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер, сыртқы көздерден түсетін
түсімдер;
2. Бюджеттен тыс қаражаттар-шаруашылық жүргізуші субектілердің
қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстары
мен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы
қаржы сметалары, қазыналық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың
қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы
сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуде, нағыз қаржылық жағдайды
бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын
анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап
кеткен.

1.2 Ақша және қаржы қатынастары

Ақша- қаржы активі бола тұра, тауардың жалпы эквивалентінің
тиянақталған түрі. Құнның эквиваленттік формасы. Оның негізгі қасиеті
өтімділік болып табылады.
Ақша- жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық
басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуменен
тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала
береді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қағамдық
өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып
келеді. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-қолсыз
немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа
иеленушіге беруі болып табылады. Алайда кез келген ақша операциясы,
мәміле қаржы операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі құндық
экономикалық категориялардың- бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының,
несиенің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын
ортақтастырып,жүзеге асырады. Тікелей қаржы операцияларына мыналарды
жатқызуға болады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-
қол ақшасыз жасалатын есеп айырусылары, негізгі капиталға жұмсалатын
амортизациялық соманы есептеу; табысты бөлу және қайта бөлу, қаржы
қорларын қалыптастыру, мемлекеттік бюджеттің кірісіне салық төлемдерін
аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу және т.б 4.18б
Қаржы- ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан
экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері
арасындағы бүкіл аұша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын
білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша
қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпықоғамдық өнім ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресустар бөлігінің ақшалай көрінісі болып
табылады.
Алайда қаржы ақша қатнастарының бүкіл сферасын қамтиды деп
санау дұрыс болмас еді. Ақша қатнастары ішінен тек олар арқылы
мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші
субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатнастардың мазмұны болып
табылады. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен
қорланымдардың қозғалысымен байланыты болып ақша қатнастарын ғана
қамтиды. Басқа ақша қатнастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы
қатнастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай
есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу,
өзіндік құнды калькуляциялау және өнім бағасын анықтау, ақшалай түсімді
есепке алу мен сақтау, ақша айналасын реттеу және басқалары кіреді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да айырмашылығы бар. ақша-бұл ең
алдымен өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетің жалпыға ортақ балама, ал
қаржы- жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің
экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың
құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті
сипатта болады. Қаржы өндірістік қатнастардың белгілі бір сферасын
білдіруді және базистік категорияға жатады.
өз кезегіндегі "қаржы" қолма-қол ақша,"табыс" ұғымын білдіруден
орта ғасырдары латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың
қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық
арналымы бар өндірістік қатнастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан
экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде
қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай –ақ
ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен айшықталады.)3,6б
Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын құзайтын
қатнастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық
ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша
қатнастарын ғана білдіреді.
Сонымен қаржы қатнасының ақшалай сипаты- қаржының маңызды
белгісі. Қаржының ақшалай сипатта оны жүзеге асырудың нысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін баса көрсетеді.
Ақша қаржының қызмететуінің міндетті шарты болып табылады.
Қаржы ақша қаражаттарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі,
ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатнастарын білдіреді, сондықтан оның
рөлі мен маңызы экономикалық қатнастарда ақша қатнастарының қандай орын
алатындығына байланысты.
Қаржының басты бегілерінің бірі – оның тұлғалануының ақша
нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатнастарының пайда болуы
өзі жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады. Алайда
қаржы ақша қатнастарының бүкіл сферасын қамтымайды. Ол ақша қатнастары
ішінен мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің сондай – ақ шаруашылық
жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатнастардың мазмұны
болып табылады. Ақша қатнастары жалпы алғанда қаржыдан кен мағынада
болады. Қаржы тек ақша қорларымен ресустарының қозғалысымен байланысты
болатын ақша қатнастарын ғана қамтиды.3,9б
Экономикалық категория ретінде қаржынаң мазмұның құрайтын
қатнастардың өзгешілі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысанында
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы
өндірістің әртүрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатнастарын
ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатнастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оның жүзеге асырудың нысанын
және қаржының құндылық экономикалық категорияларға тиістілігін көрсетеді.
Ақша қаржының іс- әрекет етуінің мәндеті шарты болып келеді.
Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты
болатын жалпы нышан. Ақша айналыс құралының қызметін орындай отырып,
капитал, яғни үдемелі құн немесе табыс әкелетін құн бола бастайды.
Сөйтіп, ол ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатнастарының бір
бөлігі ретінде қаржының пайда болуына жағдай жасайды.
Қаржы қатнастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып
саналады. Қаржы қатастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының
аса маңызды белгілері болып табылады, яғни қаржының нақтылы жұмсауға
арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуінің оның
маңызды белгісі екендігі көрініп тұр. Ақша қорлары істің шын мәнісінде
қаржы қатынастарының объектілері болып табылады. 3,15 б
Қаржы қатынастары бұл:
• Мемлекет пен заңды және жеке тұлғалардың арасында;
• Физикалық және заңды тұлғалардың арасында;
• Заңды тұлғалар арасындағы;
• Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастар.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып
табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрымдылық бөліктерінде
және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлеріде қоғамдық өнім құнын қайта
бөлудің сан алуан процестері жузеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік
сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі табылады.
Осы қатынастар жүйесі қаржы жүйесі деп аталады. Қаржы жүйесінің
буындары: әр дережедегі бюджеттерден, әлеуметтік, мүліктік және жеке
адамды сақтандыру қорлары, мемелекеттің валюта резервтері,
кәсіпорындардың фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес
құрылымдардың ақша қорлары.
Жүйе термині өзара байланысты элементтердің түрлі критерийлері
бойынша сыныпталады қосалқы жүйелердің іс – қимылын білдіреді. Осыған
байланысты қаржы жүйесі мынандай үш бөлікке бөлінеді:
● Қаржы қатнастарының жиынтығы:
● Ақша қорларының жиынтығы;
● Басқарудың қаржы аппараты.6,29б
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық
жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында
пайда болатын экономикалық, ақша қатнастарын құрайды.
Қаржы қатнастары негізінен мынандай екі сфераны құрайды:
1)мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған
ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық
ақша қатнастары;
2)кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы
айналымын ортақтастыратын эконономикалық ақша қатнастары.
Қаржының түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның
маңызды ерекше белгісі болып табылады.Ақша қорлары, істің шын мәнінде,
қаржы қатнастарының объектілері болып табылада. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша – қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының
барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен іске
асады.

2.Ақша қаражаттарының қоры және қаржы қатнастарының қызмет ету
механизмі

2.1Ақша қаражаттарының қорлары және оның қоғамдық қатынастардағы
орны

Қоғамдық қатнастардың иерархиясында ақша қатнастары экономикалық
қатнастарға жатады, лал экономикалық қатнастар өз кезегінде қоғамдық
қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатнастарға кіреді.
Бұдан қаржы қатнастары өндірістік қатнастардың бір бөлігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша теориясы, түрлері, даму кезеңдері қызметі
Тауар-ақша қатынасы және қаржы
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша
Қаржының ғылыми-теориялық аспектілері
Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Қаржы-ақша қатынастары
Қаржының мәні, функциялары және рөлі туралы ақпарат
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Қаржының мәні мен қызметі. Қаржылық жүйе
Пәндер