Кәсіпорынның негізгі құралдардың келіп түсуі мен шығуының есебі мен аудитінің ерекшеліктері



Кіріспе 9
1.Негізгі құралдардың ұйымдағы есебімен маңызы 11
1.1 Негізгі құралдардың мәні түрлері мен ХҚЕС . да ашылуы 11
1.2 «Өркен несие» ұйымының сипаттамасы мен негізгі көрсеткіштерін
талдау 20
1.3 Ұйымның бухгалтерлік есеп жүйесі мен саясаты 25

2.Негізгі құралдардың есебі 31
2.1 Негізгі құралдардың қозғалысының есебі 31
2.2 Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының есебі 38
2.3 Негізгі құралдардың түгендеуін жүргізу 48

3. Негізгі құралдардың талдауы 55
3.1 Негізгі құралдардың құрамы мен құрылымын талдау 56
3.2 Негізгі құралдардың тиімділігін талдау 60
Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Қосымшалар А
Қосымшалар Ә
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасында «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамыту» - деп атап көрсетуі дәлел бола алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін жандандырғыш күш деп білу қажет.
Сонымен қатар Жолдауда былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық табыстың біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқымның экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы - өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс» [1].
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру және ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету, қоданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Мұнда ерекше рольді кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құралы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының, оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылауды жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Кәсіпорынның қалыпты өндірістік-шарушылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет, олар қандай да болмасын кәсіпорынның материалдық техникалық базасын құрайды. Сондықтан бүгінде негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты орын алады.
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен, еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Өндіріс процесінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық, т.б.) өндірістік процестің жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік ғимараттар, гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар, көлік құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек заттары мен өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік негізгі қорлар болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек өнімнің тұтыну құнын құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 9
1.Негізгі құралдардың ұйымдағы есебімен маңызы
11
1.1 Негізгі құралдардың мәні түрлері мен ХҚЕС – да ашылуы
11
1.2 Өркен несие ұйымының сипаттамасы мен негізгі көрсеткіштерін
талдау
20

1.3 Ұйымның бухгалтерлік есеп жүйесі мен саясаты
25

2.Негізгі құралдардың есебі
31
2.1 Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
31
2.2 Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының есебі
38
2.3 Негізгі құралдардың түгендеуін жүргізу
48

3. Негізгі құралдардың талдауы
55
3.1 Негізгі құралдардың құрамы мен құрылымын талдау
56
3.2 Негізгі құралдардың тиімділігін талдау
60
Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
67
Қосымшалар А
Қосымшалар Ә

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің жағдайын жақсарту, экономикалық
дағдарыстан шығу мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселелер бойынша
күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр. Бұған Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 атты стратегиялық
бағдарламасында Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды
бағыты шағын және орта бизнесті дамыту - деп атап көрсетуі дәлел бола
алады. Сондықтан да кәсіпкерлікті еліміздің шаруашылық қызметін
жандандырғыш күш деп білу қажет.
Сонымен қатар Жолдауда былай делінген: біздің еліміздің мұраты ұлттық
табыстың біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқымның
экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты
Қазақстанды сомдау деп санаймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі,
қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы - өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды
сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл
сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс [1].
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру және ғылыми-
техникалық прогрессті жеделдету, қоданылып жүрген негізгі құралдарды
тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салған
әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық
салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Мұнда ерекше рольді кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметін
басқарудың маңызды құралы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының, оның
ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді
пайдалануына қатаң бақылауды жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп
атқарады.
Кәсіпорынның қалыпты өндірістік-шарушылық қызметін қамтамасыз ету үшін
негізгі құралдар қажет, олар қандай да болмасын кәсіпорынның материалдық
техникалық базасын құрайды. Сондықтан бүгінде негізгі құралдардың
бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты орын алады.
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды
пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша
кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған
шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін
жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық
мәнімен алғышартталған.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен, еңбек
құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Өндіріс
процесінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық, т.б.)
өндірістік процестің жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік
ғимараттар, гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар,
көлік құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек
заттары мен өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік
негізгі қорлар болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек
өнімнің тұтыну құнын құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда
қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.
Қаржылық ресурстардың шектелуі, негізгі құралдардың тозуының жоғары
дәрежесі жағдайында кәсіпорындарда есептік саясатты дұрыс таңдау маңызды
орын алады. Негізгі құралдардың есебі мен аудитінің қажеттілігі субъектінің
актив ретінде олардың сақтығына мүдделілігімен түсіндіріледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Кәсіпорынның негізгі құралдардың келіп
түсуі мен шығуының есебі мен аудитінің ерекшеліктерін жалпылау және
теориялық түсіну.
Қойылған мақсатқа жету үшін келісі міндеттер қойылды:
- негізгі құралдардың экономикалық мәнін ашу, жіктелуі мен бағалануын
қарастыру;
- негізгі құралдардың қозғалысын рәсімделуін зерттеу;
- негізгі құралдардың синтетикалық есебін қарастыру;
- негізгі құралдардың тозуының есебін қарастыру;
- негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын талдау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні – кәсіпорындардағы негізгі құралдардың
мәнін ашу, негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалауын зерттеу, синтетикалық
және аналитикалық есебін көрсетіп, талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ЖШС Өркен несие.
Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі,
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан
Республикасының Заңы, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары,
бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары, шетелдік және отандық
экономистердің ғылыми әдебиеттері, кезеңдік басылымдар, сонымен қатар
зерттеліп отырған объектінің есептік мәліметтері негізінде жазылды.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Негізгі құралдардың ұйымдағы есебі мен маңызы.
1.1 Негізгі құралдардың мәні түрлері мен ХҚЕС – да ашылуы

Ұйымдардың каржылык жағдайын өлшеп бағалаушы негізгі элементтерге:
активтер, меншікті капитал және міндеттемелер жатады.
Ұйымдардың экономикалык тиімділігін сипаттаушы элементтерге таза пайда
немесе шеккен- зиян, ал түскен таза пайданы өлшеу - алынған табыс пен
жұмсалған шығындарды салыстырып өлшеу арқылы жүргізіледі. Қаржылық қортынды
есеп дайындау барысында осы жоғарыда айтылған элементер есеп акпараттарын
пайдаланушылардың экономикалык шешім кабылдауына ыңғайлы болуы үшін арнайы
үлгідегі бухгалтерлік балансқа сабақтастық жолдармен орналасуы керек.
Капитал рыногына сенімді және тұнық даярланған қаржылық қорытынды есеп
арқылы қатысу үшін компаниялар өз меншігіндегі активтерін аса сенімді және
әділетті бағалауы керек. Сенімді және объективті бағаланған активтер
жөніндегі көрсеткіштер нарыктық катынастарға катысушылар: сатушылар мен
сатып алушылар, жалға алушылар мен берушілер, кепілдік алушылар мен
берушілер, міндеттемелер алушылар мен тәуекелшілікке түсушілер үшін аса
маңызды экономикалык категория.
Барлық ұлттық және экономикалық жүйедегі бухгалтерлік есепке тән
объектілердін барлығы да бағаланады. Ұйымдар мен т.б. кұрылымдар
меншігіндегі активтердің барлық түрлерін бағалау, сондай-ақ капитал мен
міндеттемелер қозғалысын тура көрсету, бұларды бағалау үшін бағалаудың әр
түрлі әдістерін қолданады. Өз кезегінде тура қолданылған бағалау әдісі
табыстарды, шығындарды және пайданы анықтауға тікелей әсер етеді.
Активтерді және басқадай каржылық қорытынды есеп элементтерін тану мен
өлшеу процесінде ақшалай өлшем және акша массасы қолданылады. Ақша
көлемінің артып отыруы кәсіпкерлік кызмет нәтижесі болып табылады. Есеп
объектілерін ақшамен өлшеуді бағалау деп атаймыз. Ақша номиналымен есепке
алынған объектілерді, осы объектілердін кұны деп атаймыз.
Қандайда болмасын, ойланып атқарылған жұмыстар мен қызметтер нәтижелі
мағынады аяқталуы керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерліктің максаты—ақша қаражатын
барынша тиімді және шапшаң жұмсау жолымен қаржылық нәтижеге жету, яғни
бастапқыда салынған ақшамен жұмсалған ақшаның айырымы есептелініп отыруы
керек.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде (рентабельдік, акшаның массасы, пайда
(зиян)) көрсеткіштері бухгалтерлік қаржылық қорытынды есеп жүйесінде
қалыптасады. Сондықтан қаржылық корытынды есеп элементтерін бағалау,
элементтердің базалык капитал сапасындағы кұны анықталған жағдайдан
басталады.
Ұлттық және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының барлығы да
бір нүктеге—пайда түсіру максатына бағытталған. Алайда түскен пайданы
бағалау әр елде әр түрлі әдістермен іске асырылады. Пайданың мөлшері
активтерді бағалау және бұлардың кұнын есептеу арқылы анықталады.
Өнім өндіру процесі, айналыс сыртындағы активтерді сатып алу мен
кұрау, өндірістік босалкылар, өнім өндірудегі өндірістік шығындар мен
кызмет көрсету шығындары, өндірілген өнімдердің кұны, тауарлар, жұмыстар
және қызметтер сатудан түскен табыс, осының барлығына жұмсалған шығындар
құндық бағалау аркылы есепке алынады. Бағалау процесінің негізділігіне және
дәлдігіне байланысты қаржылық қортындының шындығы немесе тұнықтығы
есептеленіп шығарылады.
Активтер үш сатыдан: анықтау, тану және бағалаудан тұрады. Анықтау
сатысында шаруашылық фактілерінің негізіне карай алынған және есеп
бакылауына түскен ұйымдар қызметінін қалыпты жағдайында қызмет аткаруына
және алдағы кезеңде экономикалық табыс келтіретін активтер жатады. Активтер
ұзақ мерзімді және ағымдағы болып екіге бөлінеді. Балансқа түскен
активтердің барлык сомасының көлемін -жинакталған активтер деп атайды. Егер
барлық жинақталған активтер сомасынан басқадай тұлғалардың алашағын
шегерген жағдайда, қалған соманы нетто- активтер немесе ұймдардың меншікті
капиталы деп атайды.
Активтерді тану деп - активтерді бірегейлік өлшемге келтіріп, қаржылық
қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушыларды талабына карай
қанағаттандыруды айтады.
Активтерді, меншікті капитал және міндеттемелерді, қаржылық
қорытындының басқа да элементтерін бағалау ақшалай өлшеммен өлшенетіндігін
есте сақтаған жөн. Жоғарыда көрсетілген қаржылық кортынды есеп элементтерін
бағалау мүмкіндігі, бүлардың базалык бастапқы құны дәлме-дәл қойылған
жағдайда ғана дұрыс анықталып отырады. Біздер қаржылық есепке тән барлық
объектілер әр түрлі дәрежеде және әр түрлі ауыстыруларға (комбинация)
байланысты бағалаудың бірнеше әдістерін білеміз. Олар:
-бастапқы;
-қалдык;
-ағымдағы немесе әділетті;
-нарықтык (келісім-шарт);
-келтірілген (дисконттелеген);
-сату кұны сияқты.
Ендігі жерде жоғарыда айтылған бағалау әдістерінін. әркайсысына жеке-
жеке тоқталып, бұлардың маңызын ашу керектігі туындайды.
Бастапқы құн деп тарихи немесе нақтылы өзіндік құнды айтамыз.
Активтерді немесе осы және басқа да есеп объектілерін бағалаудағы нақтылы
бағадағы өзіндік құнды бастапқы құн деп атаймыз. Нақтылы өзіндік құн
активтерді сатып алуға немесе бұларды ұйымдардың өз күшімен дайындауға
жұмсалған нақтылы акша қаражаттары, бұлардың эквиваленттері сомасынан,
сондай-ақ бұларды тасымалдауға немесе басқадай жүмсалған шығындар сомасының
жиынтығынан тұрады. Бастапкы кұн негізінен каржылық қорытынды есеп
элементтерін (негізгі күралдарды және материалды емес активтерді) бағалау
үшін колданылады.
Бастапқы күн объективті күн. Мұның өзі бірдей кұкықтағы
серіктестіктердің немесе бәсекеге қатысушы жақтардың сатушылар мен сатып
алушылардың өзара келіскен әрекетінің негізінде туындайды. Сатушы жак,
сатуға түскен объектіге жұмсаған шығының орнын толтырып, ең төмен сомада
болсын пайда табуды мақсат тұтады. Сатып алушы жақ сатып алған есеп
объектілері алдағы кезенде табыс алуды камтамасыз ететін бағадан жоғары
бағаны колданбауды мақсат тұтады. Сондыктан, есеп объектілерінін. бастапкы
кұны сұраныс пен ұсыныстан теңестірілген сату әрекеттері орындалған сәттегі
ағымдағы нарықтык кұнға сәйкес келеді.
Активтерді бастапкы құнмен бағалау, бұлардың ұйымдарға қандай
жолдармен түскендігіне байланысты болады. Бухгалтерлік есеп тәжірбиесінде
активтерді кіріске алу әдістері төмендегіше ажыратылған:
- ақшаға сатып алу;
- ұйымдардың өзінде дайындау;
- өсім малдарын негізгі табынға көшіру; жарғылык капиталға үлес қосу
есебінен;
- сыйға тарту келісіміне сай ақша алмай тегін беру.
Ақша бірлігінің, сатып алу қасиеті өзгермейтін тұрақты жағдайда
активтерді сатып алудағы бастапқы кұн есеп ақпараттарын
пайдаланушылар көзкарасы тұрғысынан қараганда бағалаудың ең сенімді әдісі
болып табылады.
Бұл жерде айта кететін мәселе — ол ұйымдардың үздіксіздік қызмет
атқару принципі активтер мен міндеттемелерді бағалаудың жалпы ережелерінің
туындауын қамтамасыз етіп отырады.
Ұйымдардың активтері жалпы ережеге байланысты екі рет бағаланады:
1) активтерді кіріске алған сәтте;
2) бұларды есептен шығарған кезде. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдар
меншігіндегі активтер сатылып алынған және осы ұйымда құрылған кездегі
бұлардың тарихи кұнымен, яғни бастапқыдағы сатып алу немесе нақтылы
өзіндік қүнымен бағаланады.
Тарихи кұн - бухгалтерлік бағалаудың негізі сипатында басқада
бағалауларға қарағанда сенімді дәрежені көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп өрісіндегі өзіндік кұн принципінің талабына сай
өзіндік кұнды аныктау мейілінше объективтілікті, ал нарықтық кұнмен бағалау
субъективтілікті көрсетеді.
Сондықтан, объективтік тұрғыдағы нарықтык құн немесе нарықтык бағаны
қолдану активтерді сату процесінде жиі қолданылады.
Міндеттемелерді бағалаудың жалпы ережесі үздіксіздік
принципке негізделген. Міндеттемелер көздері активті қаражаттарға
айырбасталған (айналған) кезде тарихи бағамен бағаланады. Айырбастау
процесінде қолданылған тарихи баға катысушы жактардың келісшіне сай
белгіленеді. Мысалға, кұны келісім шартта көрсетілген тауарлы-материалды
босалқыларды алган кезде алушы ұйым тауарлы-материалды босалқылар кұнын
төлеу жөнінде қоюшы (беруші) ұйым алдында міндеттеме қабылдайды. Осы
операцияның негізінде қабылданған міндеттеменің мөлшері алынған ТМҚ
сомасымен бірдей дәрежеде болады.
Сондықтан, ұйымға түскен активтер және міндеттемелердің сомасына сай
тарихи кұн калыптасады. Яғни сатып алудағы нақтылы өзіндік құн сомасы
активтер мен міндеттемелердің тарихи күнының бастапқы негізін қүрайды.
Бастапқы құнмен (тарихи) бағалау әдісі көпшілік жағдайда басқа да
бағалау әдістерімен кисынды түрде үштастырылып колданылады. Мысалға, ұзақ
мерзімді сипаттағы активтер өз кұнын амортизация есептеу арқылы төмендетіп
(жойып) отырады. Амортизацияланған активтер (материалды емес активтер,
негізгі құралдар) бухгалтерлік баланста қалдык құнымен, яғни бұлардың
бастапқы кұнынан есептелінген амортизациялық соманы шегергендегі қалған
сомамен көрсетіледі.
Қалпына келтіру құн. Активтер- жұмсалған ақша қаражаты сомасы немесе
бұлардың эквивалентімен есепке алынып бағаланады. Бухгалтерлік есеп
тәжірибесінде негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде қалпына келтіру
құны (термині) қолданылынып, пайдаланудағы негізгі кұралдар қалпына келтіру
кұнымен қайта бағаланып көрсетіледі.
Әр жылдағы құнсыздану (инфляция) процесінін пайда болуына байланысты
негізгі кұралдардың бастапқыда көрсетілген құны едәуір төмендеп кетуі
мүмкін. Сондықтан, негізгі құралдар әр кезеңде қайта багаланага, бұлардың
қайта бағаланғандығы құнын қалпына келтіру кұны деп атап, бухгалтерлік
баланска жазып отыру керек. Қалпына келтіру құны қолданылынады, егер
негізгі құралдар өздерінін. бастапқыдағы өндірістік (өнім өндіруге катысы)
қасиетін сактаған жағдайда.
Басқаша айтсақ, қалпына келтіру кұнына өнім өндірудін технологиялық
және операциялық тиімділік факторлары әсер етеді. Сондықтан, бизнестің әр
түрлі салаларында, сонай-ақ ұзақ мерзім аралығындағы барлық жағдайларда
активтерді дәлме-дәл физикалық тұрғыда басқада активтерге айырбастау мүмкін
емес. Номиналдық тұрғыдағы бірдей активтерді пайдаланғанның өзінде әр түрлі
активтердің өндірістік дәрежесі әр түрлі деңгейде болады.
Бухгалтерлік есеп ережесіне тән, қайта бағаланғандағы негізгі құралдар
объектілерінің құнына косымша қосылған сомалар, үйым активтерінің құрамында
көрсетіліп жазылады, ал негізгі қүралдар объектілерінің бастапқы құны
төмендетілген жағдайдағы сомалар шығындар счетына жазылады.
Міндеттемелерді бағалау, бұларды қабылдап алу кезіндегі уақытта жарияланған
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің валюталык, бағамына сай
бағаланады.
Сатудағы мүмкін болатын баға немесе сатудың құны. Қалыпты жағдайда
және қазіргі уақытта активтерді сатудан түсетін түсімдер акшалай өлшеммен
немесе бұлардың эквиваленттерінің сомасымен бағаланып, активтер кұрамында
көрсетіледі. Сатудың кұны терминін колдану арқылы орын алған
ұтымдылықтың дәрежесін (егер көрсетілген объект сатылмай қалғанда)
анықтауға да болады. Сатудың кұнын аныктайтын сома материалды объектілерді
жоюдың мерзімі келген кезде де анықталады. Басқаша айтқанда, активтерді
мүмкіндігінше сатуда ұтымды бағамен сатқан кездегі түсетін соманы айтуға
болады. Сату нәтижесіндегі таза сату құн (жоюдағы құн) барлық сатуға
байланысты жұмсалған шығындарды бастапқы кұн сомасынан шегергендегі қалған
сома сатылған кұн деп аталынады,
Нарықтык кұн деп базарлы саудаға түскен активтерді сату нәтижесінде
алынған ақша каражаттарының сомасын айтамыз. Бірқатар активтер мен
міндеттемелер нарықтык бағамен немесе тарихи бағаның ең төменгі дәрежесімен
және ағымдағы нарықтық бағамен бағалануы мүмкін. Нарыктық кұн немесе осы
кездегі базарлы саудаға түскен физикалық және технологиялык бірдей
касиеттегі ұксас мүліктердің құны арнайы күжаттар рәсімдеу арқылы немесе
сараптаушы эксперттердің бағалануымен анықтадып бекітіледі.
Әділеттілік құн. Бүл термин ХҚЕС бір-біріне тәуелді емес, бірінің
каржылық жағдайын бірі жақсы түсінетін танымал жақтардың әрекетке түсуінің
нәтижесінде қолданылады. Тұрақты рынок жағдайында әділеттілік құнмен
активтер сатып алған кезде қолданылатын бағалаудың бұл түрін нарықтык
құнмен ауыстыруға болады.[2]
Айта кететін мәселе — орыс тіліне аударылған окулықтар мен оқу
құралдарында бағалаудың бұл түрі анык немесе шын қойылған баға (достоверная
стоимость) деп аталынған, Қалай аталынғанына қарамастан әділеттілік құнды
қолдану арқылы әрекетке түсуші жақтар ақша қаражаттарын немесе бұлардың
эквиваленттерін активтерге айналдырып, бағалап отыруына болады.
Әділеттілік құн тек қана ұйымдардын үздіксіздік принципі жағдайында
ғана қолданылады. Яғни, ұйымдар банкротқа ұшырап, жойылмауы және өз
қызметінің көлемін кысқартпауы керек.
Активтердің әркайсысын бағалау. Ең әуелі активтер ағымдағы (өтеушілігі
жоғары) және ұзақ мерзімді (өтеушілігі төмендеу) болып бөлінеді. Өтеушілігі
жоғары активтерге ақшалар, нарықтық құнды қағаздар, депозиттер, алдағы
кезең шығындары (мысалға жал төлемі), төленбеген счет-фактуралар, дайын
өнімдер, аяқталмаған өндіріс, шикізаттар мен баскада материалды қаражаттар
жатады. Есеп тәжірбиесінде ұйымнын, акшалары валютаның ағымдағы құнымен
бағаланады. Нарықтык кұнды қағаздар-бастапқы құнымен немесе сату бағасынан
төмен бағамен, депозиттер және алдағы кезең шығындары бастапкы кұнымен,
төленбеген счеттардағы сомалар күмәнды қарыздар резервін шегергеннен кейін
қалған күнымен, дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс табиғи жағдайдан
пайда болған кем шықкан сомаларды шегергеннен кейін қалған құн бойынша және
ағымдағы нарыктық күнның төменгі дәрежесімен бағаланады.
Өтеушілігі төмендеу активтерге ғимараттар, кұрылғылар мен жабдықтар,
аспаптар, орнатылған жабдыктар, тасымалдау құралдары т.б. ұзақ мерзімді
активтер жатады. Өтеушілігі төмендеу активтер есептелінген амортизациялық
тозу сомасын шегергеннен кейін қалған бастапқы құнымен бағаланады.

Өз қызметі үшін үйымдар қаржыландыру көздерін көбейтуді мақсат
тұтатыны белгілі. Қаржы көздері негізгі құралдар алуды, құрылыс салуды,
басқа да ұзақ мерзімді активтер алу мүмкіндігін, сондай-ақ шикізаттар және
материалды қүндылықтар мен басқа да ағымдағы активтер алу мүмкіндігін
қамтамасыз етуі керек. Біздер қаржы көздері (пассивтер), меншікті капитал,
үзақ және қысқа мерзімді міндеттемелерден тұратындығын білеміз. Меншікті
капитал деп осы ұйымға заңды және құқылы түлғалардың салған ақшасын
айтамыз. Меншікті капитал үшін салынған ақша түптің түбінде акция
үстаушыларға дивиденд түрінде қайтарылады.
Ол меншікті капитал ұйымның алған жалпы міндеттемесінің белгілі бір
бөлігі болып есептелінеді. Ұзақ мерзімге есептелініп алынған міндеттемелер
ұзақ мерзімділік болып танылған. Қысқа мерзімді міндеттемелер есеп жүргізу
ережесіне сәйкес бірінші кезекте жабылады. Бухгалтерлік баланста сырттан
алынған міндеттемелердің көлемін жеке көрсетеді. Ұйым қызметінің жақсы
жағдайда өрістеуіне байланысты бухгалтерлік баланс мәліметтері негізінде
ұйымның нетто-активтер құнын есептеп шығаруға да болады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, біздер үздіксіздік
принципіне тән активтер мен міндеттемелерді бағалаудың негізгі әдісі-тарихи
құнмен бағалау екендігін, ал бағалаудың басқа да әдістері косымша, көмекші
әдістер екендігін және бұл әдістер ұйымдардың каржылық кызметі жөніндегі
ақпараттарды анықталып пайдалануды қамтамасыз ететіндігін түсіндік.
Қаржылық қортынды есептің көптеген элеметтерінің мазмұны
Қазакстандық тұжырымдамалық (концепция) негізде каралған. Ресми түрдегі
осы тұжырымдамалык кұжатта қаржылык қортынды есеп жөніндегі ұғым және оның
сипаты, сондай-ак активтерді, пассивтерді, табыстар мен шығындарды,
меншікті капитал мен міндеттемелерді танудың мазмұны мен қасиеттері
берілген Бұл тұжырымдамада қаржылық қортынды есептің кұрамдас элементтері,
капитал қалыптастыру және оның қозғалысы, ақпараттарды танып білудің
критерийлері, бүлардың мақсаты мен құрылымы, сондай-ак қаржылық қортынды
есептің негізгі элементтерін есеп тәжірбиесінде қолдану жөніндегі ұсыныстар
қаралған.
Халықаралық қаржылық есеп стандартында 1 Қаржылық қорытынды есеп
тапсыру қаржылық қортынды есептің негізгі мақсаты:
-ұйымның қаржылық жағдайы;
-ұйымның қызметінің нәтижесі;
-ұйымның қаржылық жағдайының өзгерісі жөнінде анық және толық
ақпараттар даярлау болып анықталған. [3]
Аталған стандарт халықаралық қаржылық қортынды есеп стандарттарына
негізделіп, Қазақстан Республикасы 28 ақпан 2007 жылғы Бухгалтерлік есеп
және қаржылык кортынды есеп жөніндегі Заңына сәйкес каржылық қортынды есеп
үлгілерінің барлығын жасау үшін қолданылады.[4]
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; машиналар және
құрал жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал жабдық);
машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу асаптары және қондырғылар мен
лабараториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналармен құрал –
жабдық; көлік құралдары; құрал – сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар;
шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал көп жылдық екпе ағаштар;
жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі
құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕС сәйкес
ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің,
субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару
жүйесін анықтайды. [5]
Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып
табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың
есебін дұрас ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына (машина, құрал - жабдық, құрал – саймандар т.б.) әсер ету
жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын
жасайды (ғимараттар, құрал жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі
өндірістік құралдарының пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық
көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдарының бір
өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді
көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал – жабдықтар – тұтынуға арналған
құрал – жабдықтар. Олар ұжымның мәдени – тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын – үй
коммуналдық шаруашылық, денсмаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ
мерзімі бойы өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған
болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның
балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгілінген мерзімге шарт
бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар
болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы
001 – ші шотта жүргізеді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған,
істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүлікті және мүліктік
емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және
өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары
(ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар
(жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған
негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
жер – субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны.
Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек.
Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік объекті
болып саналады;
үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік – мәдени қызмет
көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған
әлеуметті – құралыс объектілері. әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып
табылады;
ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір
қызметтерді орындау жолымен өндіріс процессін жүзеге асыруға арналған
инженерлік – құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет,
көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік
объект болып табылады;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар) – электр, жылу немесе
механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері,
трансмиссиялар, құбылар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы
бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу
қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан
трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар;
жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар ; әрбір машина, егер ол басқа
мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды,
соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда,
мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы топтан
тұрады;
күш беретін машиналар және жабдықтар – жылу және электр
энергиясын өндіретін генератор – машиналары; түрлі энергияны механикалық
энергия, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель – машиналары
(тракторлар мен өздігінен жүретін шассиелер, бу двигательдері, турбиналар,
іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер).
жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау
процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған
машиналар, аппараттар және құрал – жабдық (токарьлық бұранда кесетін
станоктар, ағаш кесетін аралар);
есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға
арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және
басқа есептеу машиналары);
басқадай машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және
басқа құрал – жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы,
өрт сөндіргіш машиналар);
көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған
қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы
құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш
құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады; [7]
Негізгі құрал – жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату,
жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды алуға немесе салуға
кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен
алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдар
Материалдық емес активтердің аудиті
Негізгі құралдар бухгалтерлік есебі
Ұзақ мерзімді активтер жайлы
Қазіргі кезде Қайнар құс
Негізгі құралдардың аудиті
Кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысының есебі
Негізгі құралдар аудитінің жүргізілуі
Оңтүстік жарық транзит ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары
Негізгі құралдардың амортизациясы, есеп объектілері
Пәндер