Қауіпті ауруларды және ғасыр дертін күштеп емдеу


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе . . . 2

ІІ. Негізгі бөлім

1. ВИЧ/СПИД ауруларын күштеп емдеу . . . 3

2. Туберкулездың жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды күштеп емдеу . . . 4

3. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды күштеп емдеу және әлеуметтік оңалту . . . 5

4. ЖҚТБ-мен ауыратын азаматтарды емдеу шаралары . . . 7

ІІІ. Корытынды бөлім . . . 8

Пайдаланылған әдебиеттер:

І. Кіріспе бөлім

Қазақстан республикасының тәуелсіздік алғанына небәрі 17 жыл, осы аралықта мемлекетіміз де көптеген өзгерістер болғаны белгілі. Қазіргі кезде әлемде көптеген емі жоқ, қоғамға өте қаіпті аурулар таралып жатыр, сондықтан мемлекетіміз денсаулық саласына аса мұқиятпен көңіл бөлуде. Бұл заңды да. Мемлекетіміздің өміршеңдігін сақтап қалуға әсер ететін факторлардың бірі бұл халықтың денсаулық жағдайы, егер біздің қоғамда аурулар етек жайып кетсе онда халықтың саны болған мен сапасы болмайды. Халқымызда «Басты байлық денсаулық» деген ұран бар, біздің байлығымыз әрбір қазақстандықтардың денсаулығы, келешек ұрпақтың дені сау болуы үшін оларға қазіргі жағдай да көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-тамызда қабылданған Конституциясында Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау құқығы бар (29-бап 1-тармақ) бар деп көрсетілген, бұл дегеніміз мемлекет азаматтардың денсаулығын сақтауына кепілдік беріп отыр. Бұл құқықтарды ешкім шектей алмайды. Қазақстан Республикасы қазіргі кезде денсаулық саласына көптеген қаражаттар бөліп, шетел мемлекеттерінен құрал жабдықтар, олар мен тәжірибе алмасу арқылы халыққа қызмет көрсетудің жан-жақты жетістіктеріне талпынуда. Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демакратиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтыары мен бостандықтары деп бекітілген. (1-бап, 1-тармақ) .

Республика азаматтарының денсаулығын сақтау үшін мемлекеттік уәкілеттік берілген органда өз уәкілеттігі шегінде кез -келген шараларды қолдана алады. Соның бірі қоғамға қаіпті ауруларды күштеп емдеу шаралары болып саналады. Республика азаматтарын күштеуге болмайды, бірақ қоғамға қаіптілігі бар сырқатпен ауыратын азаматтар егер олар емделуден жалтаратын болса, заң шеңберінде бұл азаматтарды уәкілеттік берілген органдар мен ұйымдар күштеп сауықтыру, емдеу шараларына тарта алады. Қоғамға қаіпті ауруларды күштеп емдеу туралы айтпастан бұрын мемлекеттің денсаулық саласына байланысты функциялары мен басты принциптері туралы тоқтала кеткен дұры.

Қазақстан Республикасының 2006 жылы 7 шілдеде қабылданған «Азаматтардың денсаулыңын сақтау туралы» заңның 3-бабында Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері көрсетілген. Олар:

  1. медициналық көмектің қол жетімділігы мен сапасы;
  2. мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;
  3. Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуді қамтамасыз ету;
  4. денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуді қамтамасыз ету;
  5. секторлық өзара іс қимыл жасау;
  6. пациенттердің құқықтарын қорғау негізінде жүргізіледі.

Аталған саяси пинциптер негізінде мемлекет қоғамның денсаулығын қамтамасыз етеді. Осы заңның 17-бабында Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету жағдайлары көрсетілген. Яғни бұл қоғамға қаіпті аурулар болған жағдайда олардың келісіміне қарамай мәжбүрлеп емдеу шаралары жүргізіледі.

1. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге;

1) өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз жағдайдағы;

2) айналасындағы адамдарға қаіп төндіретін аурулардан зардап шегуші;

3) психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші;

4) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші және қоғамға қаіпті әрекет жасаған адамдарға қатысты жол беріледі.

2. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға және заңда заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келісімді олардың заңды өкілдері береді. Заңды өкілдері болмаған кезде медициналық көмек көрсету туралы шешімді консилуим қабылдайыды, ал консилуимды жинау мүмкін болмаған жағдайда, медициналық ұйымның лауазымды адамдарын және заңды өкілдерін кейіннен хабардар ете отырып, тікелей медицина қызметкері қабылдайды.

3. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету қоғамға қаіпті басқада аурулар мен ауырған адамдарға соттың шешімі негізінде қолданыла береді.

ІІ. Негізгі бөлім

1. ВИЧ/СПИД ауруларын күштеп емдеу

ВИЧ инсфекциясы дүние жүзіне тез тарала отырып, пандемия сипатына ие болуда. Неғұрлым жоғары ауру Африка, америка, Батыс Европа елдері-Щвеция, Франция, Испанияда орын алуда. ТМД мемлекеттерінде ВИЧ жұқтырудың 2 мың оқиғасы тіркелген.

Қазақстан Республикасы ВИЧ/СПИД жөніндегі қолайсыз елдер мен халықаралық қарым-қатынастары мен байланыстарының дамуы, сондай халықтың көші-қоны ВИЧ-ті шетел азаматтарының әкелуі мен таратуына мүмкіндік туғызады.

ВИЧ инфенкциясының Алматы қаласының жоғарғы оқу орныдарында осы паталогия бойынша қолайсыз Африка елдері студенттерінің арасындағы оқиғалар анықталды.

ВИЧ инфекциясының пайда болуы мен таралуы тұрғысында «қатер тобы» -гомсексуалистер, наркомандар, жезөкшелер, тұрақты орны мен жұмысы жоқ адамдар эпидемиалогиялық қаіп туғызады. ВИЧ инфекциясының таралуына жыныс жолдары мен ауруларды беретін ауру (ЖЖАБ) адамдар мүмкіндік туғызады. Инфекция берудің жыныстық жолы негізінен алғанда ВИЧ үшін де, сондай-ақ мерез бен соз үшін де СПИД-пен аурудың көтерілуіне әкеліп соғатын аурудың көбеюі болып табылады. Инфекциясының қан арқылы берілуі мүмкіндігі қан беретін және дене мүшелерін беретін донорларды ВИЧ инфекциясының бар екндігін міндетті түрде зерттеу қажеттілігіне себепші болады. Республика халқының ВИЧ/СПИД туралы жеткілікті хабардар болмаушылығы халықтың, ең алдымен оқушы жастардың дені сау өмір салтын қалыптастыру жөніндегібұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдың бірлестіктердің қатысуы арқылы алдын алу жұмысын күшейтуде. Мелекет тарапынан уәкілеттік берілген арнайы органдар осындай ВИЧҺСПИД ауруларымен ауратын азаматтар егер олар емделуден жалтаратын болса олар белгіленген заң шеңберінде күштеп, мәжбүрлеп емдеу жүргізіледі.

2. Туберкулездың жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды күштеп емдеу.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының 1999 10 желтоқсанда «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» арнайы заң қабылдады. Бұл заңның басты мақсаты мемлекет пен туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтардың арасындағы құқтық қатынасты реттейді және азаматтардың денсаулығын айналадағы адамдарға қауіп төндіретін аурудан қорғаға бағыталған.

Туберкулездің жұқпалы түрі дегеніміз- ауру адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын біліп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауіп төндеретін ауру. Осындай аурумен ауратын азаматтарды сот шешімі негізінде стационарда едеу шаралары қолданылады. Бқұл шараларды арнайы мамандандырылған емдеу мекемелері жргізеді. Мамандандрлған орган -алдын алу ұйымы туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтардың мәбүрлепемдеуге де, ерікті түрде емделуге де арналған орган. Егер адам медициналық тексеруден немесе емделуден жалтарса аталған органдар өз құзыреті шегінде мәжбүрлеп емдеу шараларын қолданады, ол тек қана сот шешімі негізінде. Азаматтарды туберкулездің жұқпалы түріен ауырады деп тану ол медициналық тексеруден өту арқылы арнайы органдар анықтады. Туберкулезбен ауыруы себептi есепте тұратын азамат медициналық тексеруден жалтарған жағдайда оны тиiстi денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша мәжбүрлеп тексеруден өткiзу үшiн денсаулық сақтау қызметкерiнiң қатысуымен iшкi iстер органдары арнаулы медициналық автокөлiкпен жеткiзедi. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының шешiмiне оның жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдана алады. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардыѕ дәрiгер тағайындаған емдеуден бас тартуы негiз болып табылады.
Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешiмдi денсаулық сақтау органдарының не қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң әкiмшiлiгi жанындағы дәрiгерлiк комиссияның ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
Қылмыстық-атқару жүйесiнің түзеу мекемелерiнен босатылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, жазасын өтеу кезеңiнде емдеудiң толық курсынан өтпеген азаматтарға соттың шешiмiмен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшiн түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi босатылғанға дейiн бiр ай бұрын материалдарды сотқа жiбереді. Міжбүрлеп емдеуге жiберу туралы материалдарды, олар келiп түскен күннен бастап бес күн мерзiмде, сот мәжбүрлеп емдеуге жiберiлетiн азаматтың жіне мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы ұсыныс енгiзген ұйым өкiлiнiң қатысуымен қарайды. Туберкулездiң жұќпалы түрiмен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы сот шешiмiн орындау аумақтыѕ әдiлет органдарының сот орындаушыларына жүктеледi. Мәжбүрлеп емделуде жүрген аурулар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында болу режимiн сақтау қажеттiгiне байланысты шектеулермен пайдаланады. Туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында міжбүрлеп емдеуге жiберу соттылыққа әкеп соқпайды. Мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген аурудың жұмыс орны сақталады. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында жалпы еңбек стажы үзiлмейдi және оған есептеледi. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үйiнде тұратын, мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген аурулардың емдеуде болуының бүкiл уақыты iшiнде тўрғын үйi сақталады. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымдарында ауруларды емдеу және күтiп бағу мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында мәжбүрлеп емдеудi ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбi, сондай-ақ онда аурулардың болу режимi Қазақстан Республикасының азаматтар денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органы бекiткен ережелермен белгiленедi. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу олардан туберкулездiң микробактериялары бөлiнiп шығуы тоқтатылғанға дейiн жалғастырылады, содан соң олар туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ўйымынан шығарылуға тиiс жіне емдеудi жалғастыру үшiн тұрғылыќты жерiне жiберiледi. Аурудың медициналық тексеруде болған уақыты мәжбүрлеп емдеу кезеңiне есептеледi. Мәжбүрлеп емдетiлген аурулар туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымынан шығарылғаннан кейiн тұрғылықты жерi бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтар денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырудың қайталануын болдырмайтын ем алып тұруға мiндеттi. Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымынан шығарылған ауруларға жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке және тўрмыстық жағынан орналасуына көмек көрсетеді. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

3. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды күштеп емдеу және әлеуметтік оңалту

Қазақстан Респубикасында 2002 жылы 27 мамырда «Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы» арнайы заң қабылдады. Бұл заң шеңберінде елімізде нашақорлыққа салынған азаматтарды ерікті және еріксіз мәжбүрлеп емдеу жағдайлары көзделген.

Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту - медициналық және әлеуметтік іс-шараларды кешенді түрде пайдалана отырып, отбасылық және қоғамдық өмірге тарту арқылы, нашақорлықпен ауыратын адамдардың нашақорлыққа тәуелділігін емдеуге, олардың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған наркологиялық көмек түрлерінің бірі; наркологиялық ұйымдар - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен наркологиялық көмек көрсететін ауруханалар, диспансерлер, орталықтар, бөлімшелер немесе кабинеттер; уәкілетті орган - азаматтардыѕ денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалыө бiлiм беру саласында басшылыөты жүзеге асыратын орталық атөарушы орган. Қазақстан Республикасының нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту саласындағы мемлекеттік саясаты: заңдылық, ізгілік, еріктілік, адамныѕ және азаматтың құқықтарын сақтау;
нашақорлықпен ауыратын адамдарға қол жетімді медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету;
наркологиялыќ көмек беру кезінде азаматтардың әлеуметтік қорғалуы принциптері негізінде жүргізіледі. Медициналық-әлеуметтік оңалту мақсатында наркологиялыќ ұйымдарға жіберу үшін:
1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды наркологиялық ұйымдарда (стационарлық және амбулаториялық буында) емдеуде қол жеткен нәтижелерді бекіту қажеттігі;
2) нашақорлықпен ауыратын адамдарды еңбекке тарту мен оларды отбасылыќ және қоғамдық өмірге қосу үшін кешенді медициналық және әлеуметтік-еңбек іс-шараларын жүргізу өажеттігі негіздеме болып табылады.
Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналыќ-әлеуметтік оңалту орталықтарына (бөлімшелеріне) жіберудің, нашақорлықтан зардап шегетін ауруларды онда ұстаудың тәртібін және оларға көрсетілетін көмектің көлемін уәкілетті орган белгілейді және Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледі. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне оңалту іс-шараларын тоқтатудың ықтимал зардаптары түсіндірілуге тиіс. Медициналық-әлеуметтік оңалтудан бас тарту, оныѕ ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, медициналыќ ќұжаттамаға жазбамен рәсімделеді, оған нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр-нарколог дјрігердің қолы қойылады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, нашақорлық диагнозының болуы, наркологиялық ұйымда диспансерлік қадағалауда тұру фактісі негізінде ғана нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары мен бостандыќтарын шектеуге жол берілмейді. Заңды бўзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгіленеді

4. ЖҚТБ-мен ауыратын азаматтарды емдеу шаралары.

ЖҚТБ-мен ауыратын науқас - жұқтырылған қорғаныш тапшылығы салдарынан осы аурудың органдар мен жүйелердi жаппай зақымдай отырып өлiмге апаратын үдемелi дамуымен сипатталатын АҚТЌ инфекциясының терминалды сатысындағы адам. Ал АҚТҚ дегеніміз- адамның қорғаныш тапшылығынығ қоздырғышы. АҚТҚ инфекциясы - АҚТҚ-дан туындаған ауру. Ал АҚТҚ инфекциясын жұқтырушы адам ол- АҚТҚ жұқтырған адам. ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу жөнiндегi iс-шаралар ұйымдастыруды жүзеге асыратын органдар - өз құзыретiндегi мәселелер бойынша ЖҚТБ-ның алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары.
ЖҚТБ дегеніміз - жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгiсi - адамның қорєаныш жүйесiнiң АҚТЌҚ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгiлер байқалатын АҚТҚ инфекциясының соңғы сатысы. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасына бақылау жасау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ќұзыретi шегiнде жүзеге асырады. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтар мен денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының заѕнамасына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шегiнде АҚТҚ жұқтырңандарңға және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарға тегiн медициналық және дәрi-дәрмектiк көмек көрсетуге міндетті. АЌТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды әлеуметтiк және құқықтық қорғауға, АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды ауруының сипатына байланысты қандай да бiр кемсiтушiлiк нысандарына жол бермеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шегiнде АҚТҚ инфекциясы мен ЖҚТБ кезiнде қоздырєыштарға қарсы тегiн әрi арнайы емдеуге, АҚТҚ инфекциясы таралуының алдын алудың халықаралық бағдарламалары шеңберiнде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және ұдайы ақпарат алмасып отыруға кепiлдiк бередi. АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар мынадай принциптермен жқзеге асырылады:
1) АҚТҚ жұқтырғандарға денсаулық сақтау ұйымдарында берiлетiн медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi
2) АҚТқ инфекциясының алдын алуға қатысты ақпараттың қолжетiмдiлiгi
3) ведомствоаралық (сектораралық) өзара iс-қимыл;
4) халықтың арасында АҚТҚ инфекциясының алдын алу мақсатында қоғамдық ұйымдарды тарту.
АҚТҚ инфекциясының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар:
1) халықтың әртүрлi топтарына арналған нысаналы алдын алу және бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АҚТҚ инфекциясы бойынша эпидемиялық ахуал және оның алдын алу шаралары туралы хабардар ету;
3) халықтың әр түрлi топтары үшiн ақпараттық материалдар әзiрлеу және тарату;
4) АҚТҚ инфекциясының жыныстық қатынас пен қан арқылы жұғуынан қорғау жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру;
5) сенiм, жасырын тестiлеу, психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар беру пункттерiн ашу;
6) халыққа терi ќабаттары бүтiндiгiнiң бұзылуына байланысты қызметтер көрсету кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар олар AҚTҚ жұқтырған болуы мүмкiн деген жеткiлiктi негiздер болған ретте денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу мен сот органдарының сұрауы бойынша медициналық куәландырудан өтуге мiндеттi.
Куәландырудан өтуден немесе алдын алу бақылауынан жалтарған Қазақстан Республикасының аумаєында тўқратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге аластатылады.
Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын шет мемлекеттердiң дипломатиялық, өкiлдiк және консулдық мекемелерiнiң ќызметкерлерi мен өзге де адамдары куәландырудан тек өздерiнiѕ келiсiмдерiмен ғана өтедi. Оларды куәландырудан өткiзу өажеттiгi туралы ұсынысты уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен алдын ала келiседi. АҚТҚ жұқтырєандардың және ЖҚТБ-мен ауыратындардың:
Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасыныѕ заңдарында, Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиiстi халықаралық шарттарда көзделген Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын пайдалануға рұқсат етліген.
АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратындар өз денсаулығын және айналасындаєылардың денсаулығын сақтау жөнiнде сақтық шараларын орындауға мiндеттi, егер аталған ьалаптарды орындамайтын болса онда сот органдарының арнайы рұқматы болған жағдайда уәкілеті орган азаматтың келісімінсіз мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдана алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық аурулар сараптамасы
Шығыс және қазақ емшілігінің мәдени үйлестігі
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары түсінігі
Қоғамға қауіпті ауруларды күштеп емдеу
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары туралы
Әбу Әли ибн Сина
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау
Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы
Қоғамның құқық өмірі саласында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мүмкіндіктеріне кешенді талдау
ҒАСЫР ІНДЕТІ - СПИД
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz