Ислам және өркениет


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ИСЛАМ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ

Ислам және өркениет мәселесі қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі. Ол әлі бір ізге түспеген проблема. Өркениет ұғымын екі жақты қарастыруға болады. Біріншіден, ол қоғамның даму сатысы. Екіншіден, дамыған елдердің, мемлекеттердің деңгейі. Өркениетті біз дамыған елдердің көрсеткіші деп түсінеміз. Өркениет ғасырлар бойы қалыптасып, қоғамдық қатынастарды реттеп отыратын рухани және материалдық дүниелердің жиынтығы.

Өркениет сөзін кейде қазақтың өркендеу немесе даму сөзі деп түсініп, байланыстырып жатады. Яғни өркениет қоғамның мәдениеттің өркендеуі, дамуы болып табылады. Мәдениет пен өркениет халықтың дәстүрлері мен этномәдени және діни құндылықтарымен тығыз байланысып, мемлекетте адамгершілік қоғамның құрылуына ықпал етеді.

Өркениетте бүгінгі таңда мәдениеттану, антропология, және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды. Дінсіз қоғам, мәдениет және өркениет те болмас еді. Дін әлеуметтік құбылыс, қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні дүние жүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық уақиқиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айтып кету жөн. Дін осы салаларға бағыт бағдар беретін күштің бірі.

Дін өркениетті қалыптастырушы басты күш. Біздің өтпелі кезеңімізде азаматтардың өзін-өзі танып білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ ғасырдағы халқымыздың өсіп өркендеуінің басты құралы болып табылады.

Ислам діні мен өркениет мәселесін Иранның Президенті, философ Сеийд Мұхаммед Хатами “Түрлі этномәдени ареалы және тарихи қалыптасқан өркениеттер диалогы” концепциясында: “Бір де бір өркениет өзінің даму барысында, басқа мәдениеттерден, өркениеттерден дербес дамыған емес, керісінше олар бір-бірін толықтырып, байытып отырды. Әсіресе, бір-бірімен келісімге келген өркениеттер дами келе, тұрақты бейбітшіліктің кепілі бола алады”, - деген.

Мәдениет және өркениет халықтың дәстүрі мен этномәдени және діни құндылықтарымен тығыз байланысып, мемлекетте адамгершілік қоғамның құрылуына ықпал етеді.

Сеийд Мұхаммед Хатами концепциясында “диалогты мұсылмандықтардың ұсынуы, олардың ислам әлеміне және мұсылмандық елдердің өзіне деген сенімін көрсетіп отыр”, - деген. Мұсылмандық диалогқа шақырған мұсылмандықтар өздері бай мәдениетті және өркениетті ел болып табылады. Өркениеттер диалогына даналықты құрметтеген жан ғана келеді. Ол тарих және дін аясындағы сана мен түсіністік болған кезде ғана өркениеттер диалогы орнайды.

Өркениеттер диалыгы халықтар мен мемлекеттер арасындағы теңдік. Ол тек адамдар бір-біріне мейірімділік және сүйіспеншілікпен қарағанда жүзеге асады. Ал ол келісім мен бірліктің кепілдігі.

Қазіргі кезде ислам діні өзекті мәселе болып отыр. Исламды саяси бір идеологияға айналдырған және 1979 жылы Иран ислам реформасымен басталып, кейінгі Палистина мәселесі, Босня қырғыны және Кавказдағы кейбір окруктердің егемендік алу жолындағы әрекеттермен жалғасқан оқиғалар ислам діні мен мәдениетін жағымсыз көріністе танытты. Осындай оқиғалар ислам дініне кір келтірді. Әсіресе, 2001 жылдың 11-ші қыркүйектегі АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында оналасқан сауда орталығына жасалған қастандық. Бұл әрекет ислам дінін терроризммен теңестірді. Терроризм таралуының себепшісі діни фундаментализм болып табылады. Фундаментализм белгілі бір ілімнің түпкі приціпін сақтауға ұмтылып, даму барысындағы ауытқушылықтарды жеңуді білдіреді. Яғни “фундаментализмді” исдам мен “радикал” исламның бір-бірімен шатастырудың нәтижесінен туынданды. Фундаменталист ислам - бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер шешімін іздеу, исламға орнықты бір жер табу, ислам қайнарларына қайтадан карауды алдына мақсат етіп қойған ғылыми ой - сенім түсінігі болып табылады.

Радикал ислам - фундаменталистерді мысал алып исламды саяси идеология ретінде қолдану жолымен, “Ислам мемлекетін” құруды мақсат тұтқан қозғалыс.

Екеуінің арасында көп айырмащылық бар. Біріншісі, жаңашыл және демократияға ашық, одан бас тартпайды, екіншісі болса, дамуға және демократияға қарсы “Ислам мемлекетін” кұруды өзіні мақсат тұтқан саяси бір әрекет болып табылады.

Бұл ұғымдардан басқа исламды экстремизм мен де байланыстырады. Бұл ұғымдар барлық халықты үрей туғызады. Экстремизм шектен тыс әрекет. Осы әрекеттердің барлығы ислам дінін, исламдық өркениеттің артта қалуының басты себепшісі. Ислам елдеріндегі саяси ислам ағындарының барлығының мақсаты пайғамбар және одан кейін болған төрт үлкен халифа дәуіріндегі “Ислам мемлекетін” қайта құру. Ал бұл мүмкін емес. Ол дәуірдегі өркениет сол заман талабына сай. Яғни оның уақыты өтті.

Осыған байланысты Сеийд Мұхаммад Хатами концепциясын мысалға алуға болады. Қазіргі ислам дінінің болып жатқан қиыншылықтар ислам қоғамының алғашқыда беделді, алдыңғы қатарлы өркениеттер қатарында болып, ақыл мен өркениеттің иеленушісі болса, кейінгі жүз жыл ішінде әлсіреген қоғамға айналып отыр. Өкініштісі, сол кездегі өзгерістердің себебінен болған ислам қоғамының әлсіреп, өз беделін жоғалтуының нәтижесі.

Қазіргі заманда өткен өркениетті қайта жаңғырту мүмкін емес, өйткені оның уақыты өтіп кеткен, Ал мүмкін болса да оның қажеті жоқ.

Егер біз өркениетті адамзаттың өз-өзіне әлем және өзі туралы қойылған сұраққа, талғамдарына жағдай жасауға талпыныс, адам үшін талғамдарынан бөлек, оның танымға ұмтылысы ретінде қарасақ, онда бұл сұрақтардың мәні де, мағынасы және талғамы уақыт пен кеңестікке байланысты өзгеріп тұрады.

Өркениет адамдар жаңадан пайда болып жатқан сұрақтарға жауап беріп, адамдардың талғамдарының мүдделерінің өзгеруіне байланысты жағдай жасаған уақытқа дейін дамиды. Біздің уақытымызда адамзат алдына қойған сұрақтар, біздің ата-бабаларымыздың сұрақтарынын өзгеше. Біздің өркениетіміздің Батыстан төмендігі осы сұрақтардың қойылмайының нәтижесі. Ал сұрақтардың болмауы, ойдың жойылуына, ал нәтижесінде әлсіздікке, енжарлыққа алып келеді. Бірақ алғашқыда беделді өркениетті қалыптастырған адамдар, ол өркениетті қайта жаңғырта алады. Ол үшін санасына терең үңіліп, ойлана бастау керек.

Қазіргі кезде дін бар жерде сананың керегі жоқ деген пікірлер де, діни қоғамда жие кездеседі. Бірақ сана арқылы дінді де, өркениетті де меңгереміз. Сана- барлық адамдарды біріктіреді. Сана мен ақыл әлемді танытудың ең жоғарғы дәрежесі. Өркениеттердегі діндер қақтығысын осы сана арқылы тоқтатуға болады. Сана мен дінді бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Болашаққа қадам жасау үшін қазіргі әлемді түсініп, ондағы өркениетті адамзат дамуына қолдануымыз қажет. Ал бізді осыған жеткізетін- сана. Көптеген жағдайда дін мен бостандықты да бір-біріне қарсы қойып жатады. Либералды саяси жүйелері бар мемлекеттерде бостандық болса, руханилық жоқ болып жатады. Ол өркениетті дамуға алып келмейді. Тек дін, бостандық, сана ғана өркениетті дамытады. Дін және сана- бостандықтың кепілі.

Біздің әлеміміз тыныштық пен бейбітшілікті керек етеді. Бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін алдымызға жаңа өркениетті мақсатын алдыны қойып, бір-бірімізге түсіністік пен сүйіспеншілікпен қарасақ жетеміз. Оны жүзеге асыру үшін бар күшімізді салып, талпынуымыз қажет.

Қазіргі уақытты дұрыс түсініп, өткен заманның қайталанбас тарихи және мәдени мүмкіншіліктер мен негізгі құндылықтарын алу қажет. Ол өткенді қайта жаңғырту емес, өткен заманның құндылықтарын, қазіргі жаңа жетістіктермен, ғылым, техника, әлеуметтік өмірде пайдалана отырып, алға қойған мақсатты жүзеге асыру.

Исламдық қоғамда қауіпсіздік, тұрақтылық, тәуелсіздік орнату үшін жан-жақты даму қажет. Ал ол дамуды жүзеге асырушы басты фактор- адам болып табылыды.

Қазақстан өркениеті егемендік алған кезден бастап өте жоғары дамып келуде. Қазақстан өркениеті тек онтологиялық проблема емес, ол мәдени, рухани бағдарымызды анықтауға жол ашатын идея. Өркениеттің теориясы да, тарихы да бар. Ұлттық өркениетте саяси басқару жүйесі, экономика, тіл, дін, мәдениет, адамзаттық және өзге өркениеттермен қарым-қатынас болу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет және өркениет туралы
Қазақстанның өркениеттік даму ерекшеліктері. Діни мәдениеттің қазақстандық қоғамдағы алатын орны
Мәдениет философиясы туралы
Егеменді елдің діни басылымдары
Ислам өркениетінің европаға ықпалы
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Қазақ халқының мәдениеті
Дін рухани мәдениеттің бөлігі ретінде
Батыс өркениеті жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz