Қарахан мемлекеті


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
І Қарахан мемлекетінің құрылуы
ІІ Қарахан мемлекеті соғыс жылдарында
ІІІ Қарахан мемлекетінің әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктері
Қорытынды
Кіріспе
IХ ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың көптеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды. Қарахан мемлекеті тарихының бастапқы кезеңі жөнінде сенімді мағлұматтар деректемелерде сақталмаған деуге болды, осы мемлекеттің басында болған түрік әулетінің этникалық атрибуциясы әлі де толық айқындалмай қалып отыр, ал алғашқы Қарахандар туралы әнгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді.
Қарахан мемлекетінің құрылуында және алдынғы тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор рөл атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге жікілдер мен яғма кірді. X ғасырда яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуда, Нарыннан оңтүстікке таман мекендеді. Кейінірек, XI ғасырда яғма анағұрлым солтүстікке таман - Іле өзенінің алқабында өмір сүрді. Ал осы алқапта Ыстықкөл өңірінің солтүстік аудандарынан көшіп келген жікілдер қоныстанды. Жікілдер Тараз маңында, Құяста, Барсхан сыртында. Жікіл мекенінде және т. б. өңірлерде шоғырлана қоныстанған бірнеше топ болды.
Қарахан мемлекетінің құрылуы
Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испиджабка дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан-байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді.
Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың жікілдердің яғмалардың Саманилерге қарсы сондай-ақ шығыстан дүркін-дүркін шабуыл жасаған тоғыз-ғұздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қазақстан аумағының оңтүстігі мен онтүстік-шығысындағы түрік тайпалары тобының этникалық-саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар басты рөл атқарды. 840 жылы қарлұқтардың жетекшісі, Испиджабты билеуші Білге Күл Қадыр-хан қаған атағын қабылдап, сол арқылы жоғарғы өкіметті алуға хақысы барын мәлімдеді. Нақ сол жылы Саманилер Испиджабты бағындырды. Білге Күл Қадыр-хан өлгеннен кейін қағанаттағы билік үшін күресте оның екі баласы суырылып шықты: Базыр Арслан-хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ Қадыр-хан Таразды билей бастады. Таразды саманилік Исмаил ибн Ахмад басып алғаннан кейін (893 ж. ) Оғұлшақ тегінде аз уақытқа Қашғарға баруға мәжбүр болса керек, одан 904 жылы ол Саманилер иелігіне шабуыл жасады.
Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра-ханды (915-955) Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғра-хан Оғұлшаққа карсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашғарды бағындырды; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.
Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек, тегінде, Баласағұнды иеленсе керек. Бұл өңірді оның баласы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсланханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді.
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі әулеттің - Әли Арслан-хан мен Хасан (Харун) Боғра-ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (әлилер) ұрпағының ықпалы күштірек болды, ал кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына (хасанилерге) көшті.
Мауараннахрды жаулап алу . Бір кездегі Саманилердің қуатты державасы X ғасырдың екінші жартысында өз ішіндегі әлеуметтік қайшылықтармен, феодалдық топтардың өзара қырқысқан жанжалдарымен титықтап, құлдырау халіне жетті. Диқан ақсүйектері мен мұсылман дінбасылары орталық өкіметке қарсы шықты да, оларды түрік ұланының (ғұлямдар) қолбасшылары да қолдай бастады.
Саманилер державасының бір кездегі күш-қуаты Нух ибн Мансұр (977- 999) билеген тұста феодалдық қырқыстардан ерекше қатты әлсіреді. 990 жылы Саманилер әмірлерінің бүліктерін және олардың билігі әлсіреуін пайдаланған Хасан (Харун) Боғра-хан Испиджабты басып алды. Қарахан әскері мұнда ешқандай дерлік қарсылыққа кездеспеді, ал әскердің қалаға келуін жергілікті шонжарлар құптаған ниетпен қарсы алды. Екі жыл өткен соң Қарахандар Саманилердің астанасы - Бұхараны алды. Алайда көп кешікпей Хасан Боғра-хан Бұхараны, сондай-ақ өзі алған Самарқанды тастап, Жетісуға кетуге мәжбүр болды. Қарахан армиясыньң Мауараннахрдан шегінуіне бәрінен де гөрі Жент ауданында тұрған және Нух ибн Мансұрға көмектескен тайпалар тарапынан шабуыл жасалу қатері себеп болған еді. Мауараннахрға жасалған сәтсіз жорық Қарахандардың басқыншылық желікпесін баса қоймады. Нақ сол 992 жылы Хасанның баласы Жүсіп Қадырхан Хотанды басып алды. Бірақ Қарахандардың негізгі әскери-саяси ұмтылыстары Мауараннахрды көздеді. 996 жылы Әли Арсланның баласы Насыр Саманилерге жаңа жорық жасады. Қарахандарға қарсы тұратын күші болмаған Нұх ибн Мансұр өзінің газневилік вассалы Себұк-тегіннен көмек сұрады. Алайда Себұк-тегін Қарахандармен бітім жасасты; бұл бітімге сәйкес бүкіл Сырдария аңғары Қарахандар билігінде қалды, ал Әмудариядан оңтүстікке таман жатқан жерлер Газневилерге көшті. Самани мен Қарахан мемлекеттері аралығындағы шекара Самарқандтан солтүстікке таман жатқан Қатуан даласы деп танылды.
X ғасырдың аяғында Самани мемлекетінің ұзаққа созылған драмасыньң соңғы көрінісі болды. 999 жылы Қарахан билеушісі Насыр ибн Әли Мауараннахрға бет алды. Халық бұқарасы Самани билеушісінің тағдырына селқос қарады, сондықтан ол Саманилердің астанасы Бұхараны оп-оңай басып алды. Нұх ибн Мансұрдың баласы Әбді әл-Мәлік және Самани әулетінің басқа да мүшелері Үзкентте тұтқынға қамалды. Қарахандарға қарсы күресті Саманилердің соңғы билеушісі Әбд әл-Мәліктің інісі Әбу Ибраһим Исмаил (лакап аты әл-Мұнтасыр) одан әрі жүргізді. Өзінің ата-бабаларының тағын қайтаруға тырысқан әрекеттерінде ол Газневи әміршілерінен көмек сұрады.
Мауараннахр үшін болған күреске бастапқыда Саманилерді қолдаған оғыз тайпалары да (салжұқтар) араласты. Салжұқ тайпаларының отаны Сырдарияның орта ағысы өңірі болатын. Осында Сығанақ ауданы мен Қаратаудың баурайын мекендеген оғыздардан тұратын олардың негізгі тобы қалыптасты. Салжұқ топтарының көсемдері мен оғыз жабғуларының арасындағы жайылым үшін болған қақтығыс X ғасырдың орта шенінде салжұқтарды Сырдарияның орта ағысынан кетуге мәжбүр етті. Салжұқ тайпаларының бір бөлігі 80-жылдардың аяғында Жентті алды да, Сырдарияның төменгі бойына қоныстанды, енді бір бөлегі Самарканд пен Бұхара маңындағы далада қоныс тепті.
Әбу Ибраһим Исмаил мен Салжұқ жасақтарының біріккен күштері Қарахандарды жеңген 1004 жылғы Самарканд түбіндегі шайқаста жеңіске жеткеніне қарамастан, Саманилер Мауараннахрдағы өз билігін сақтап қала алмады. Салжұқ қолбасшылары мен соңғы Саманилер арасындағы одақ уақытша жасалған болып шықты. Салжұқ көсемдерінің біреулері Қарахандарға қарсы күресе бергілері келсе басқалары олармен жақындасудың жолын іздестірді.
1005 жылы Әбу Ибраһим қаза тапқаннан кейін Мауараннахр Қараха-ндар қолына түпкілікті көшті. Саманилер державасы Қарахандар мен Газневилер арасында бөліске түсті. Шекара Әмудария бойымен өтті.
Қарахан мемлекетінің соғыстары мен ыдырауы. Үлесті жүйеде негізі қаланған Қарахан мемлекеті шығыс және батыс иеліктерінен тұрды. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс иелігіне, Мауараннахр батыс иелігіне кірді; шығыс иелігінің саяси орталығы Баласағұнға жақын маңдағы Орда (Қара Орда, Күз Орда), содан сон Қашғар батыс иелігінін орталығы Үзкент, кейінірек Самарканд болды. Екі иелік бертін келе жеке-жеке мемлекетке - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінді.
Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғасырдың басында Туған-хан билеп тұрды. Онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадыр-хан Жүсіп бәсекелес болды (араб тіліндегі кейбір деректемелерде Қадыр-хан Хотанды иеленді деп көрсетілген) . 1005 жылы Қадыр-хан Жүсіп Қашғардан Туған-ханды тықсырып, қаланы каратып алды.
1017-1018 жылдары Жетісу шығыстан Баласағұнға бағыт ұстаған көшпелі тайпалардың шабуылына ұшырады. «Туған-ханға карсы және ислам елдерін, түрік елдерін және қалған Мауараннахрды басып алу үшін әскерлер жорыққа аттанды», - деп жазады әл-Утби. Хан әскерлері басқыншыларға қарсы шықты да, олардың ізіне үш ай түсіп, жеңіліске ұшыратты. Шайқастан кейін көп ұзамай Туған-хан дүние салды. Осы кезде Қадыр-хан едәуір күшейіп, Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік соның қолына кешті. 1026 жылы шығыс Қараханның басшысы Қадыр-хан мен Газневи сұлтаны Доахмұт Қараханның батыстағы үлесін иеленуші Әли-тегінге қарсы бағыт қалған әскери келісім жасасты, Әли-тегіннен олар Мауараннахрды тартып алып, оны Қадыр-хан Жүсіптін баласы Йинал-тегінге бергілері келді. Алайда, уақытша жеткен табыстарына қарамастан, одақтастар Әли-тегіннін үлесін басып ала алмады.
Қадыр-хан Жүсіптің иелігі 1032 жылы Жетісудан басқа, Испиджаб пен Тараз өңірлерін және астанасы Қашғар болған Шығыс Түркістанды қамтыды. Ол өлгеннен кейін Шығыс Түркістан арсланхан жоғары атағын қабылдаған үлкен баласы Боғра-тегін Сүлейменге қалды. Тараз бен Испиджабты Қадырханнын екінші баласы боғрахан атағын қабылдаған Яған-тегін Мұхаммед билей бастады. Олардың екеуі де Газневи сұлтаны Махмұдтың баласы Масудпен байланыс жасады. Олар Әли-тегіннен Мауараннахрды тартып алу және оны Боғра-ханға әперу әрекеттерін қайта бастады, бірақ бұлар да сәтсіздікке ұшырады. Мауараннахрды билеушілер бөлектенуге және дербестікке ұмтылды да, кейде Қарахан мемлекеті шығыс бөлігінің қағанын өзінің әміршісі деп мойындамады. XI ғасырдың 40-жылдарында саяси аренада Ибраһим ибн Насыр көрнекті орын алды. Әулеттің ішкі ұрыс-таластарында ол Әли-тегін балаларына қарсы күресте көп ұзамай табысқа жетіп, тамғаш богра-хан атағын қабылдады, сөйтіп 1040 жылы Мауараннахрдың толық билікті қожасына айналды.
Оның тұсында Қарахан мемлекеті екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына түпкілікті бөлініп тынды. Ибраһим Тамғаш Боғрахан Батыс қағанаттың астанасын Үзкенттен Самарқандқа көшіріп, Ферғананы өз иеліктеріне қосып алды.
Жоғары билеуші саналған Арслан-хан Сүлеймен (Шараф-ад-Даула) 1042 жылы өзіне Қашғар мен Баласағұнды қалдырып. Шығыс қағанат әулетінің мүшелері арасында жер бөлінісін жүргізді.
Қарахан мемлекетінің бұрын аға немесе жоғарғы ханның нақты билігінде болып келген дербес және жартылай тәуелді үлестеріне іс жүзіндегі ыдырауының, заң тұрғысынан бекітілуі осылайша орын алды.
Алайда Шығыс қағанаттағы кескілескен күрес тоқтамады. 1056 жылы Яған-тегін Мұхаммед Боғра-хан өзінің ағасы Арслан-хан мен оның иелігін талқандады, кейін мұра туралы мәселені шешумен байланысты қаскөйлікпен у беріп өлтірілді. Таққа Боғра-ханнын баласы Ибраһим отырды, бірақ ол көп ұзамай Барсханнын билеушісі Йинал-тегінге қарсы соғыста қаза тапты. Бұдан кейінгі Шығыс қағанатта он бес жыл бойы (1059-1074) Қадыр-хан Жүсіптін балалары: Тоғұрыл-хан мен Боғра-хан Харун билік жүргізді. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа біріктірілді, ал екі қағанаттың шекарасы Сырдария өзенінің бойымен өтті.
Тоғұрыл-ханға оның баласы Тоғұрыл-тегін мұрагер болды, бірақ екі ай өткеннен кейін Тоғұрыл-тегіннін немере ағасы Боғра-хан Харун (1074-1102) билікті басып алып, Баласағұнды, Қашғар мен Хотанды билеп тұрды.
Боғра-хан билеп тұрған кезде Қарахан мемлекетіне сол уақытта өзінің жоғары саяси қуаты әбден толысқан Салжұқ мемлекеті тарапынан қатерлі қауіп төнді. 1089 жылы Салжұқ сұлтаны Мәлік-шах (1072-1092) көп әскермен Батыс қағанат шекарасына басакөктеп кіріп, оның астанасы Самарқандты басып алды. Салжұқ әскері Үзкентке жеткеннен кейін Боғра-хан өзін Мәлік-шахтың вассалы деп мойындауға мәжбүр болды. Сөйтіп Қарахан мемлекеті Салжұқтардың жоғарғы билігіне өтті, бірақ олар Қарахан әулеті мүшелерінен өздеріне қолайлы хандарды тағайындаумен шектелді. Нақ осы кезде Тоғұрыл (бәлкім, ол Тегіннің баласы болса керек) Қашғарды қоршады. Боғра-хан Харун тұтқынға алынды, бірақ Атбашыны билеуші Якубтың қолдаушылығы арқасында ол босатылып жіберілді. Мәлік-шах Якубпен келісім жасап, Үзкенттен кетті. 1102 жылы Боғра-хан өлгеннен кейін Тараз бен Баласағұнды билеуші Қадыр-хан Жабыраил Салжұқтардың Орта Азиядағы саяси үстемдігіне қарсы шықты. Мауараннахрды басып алған ол Салжұқтардың иелігіне беттеді, бірақ Термез түбінде жеңілді де, тұтқынға алынып, жазаланды. Осы оқиғалардан кейін Салжұқ сұлтаны Санжар Ибраһим Тамғаш-ханның шөбересі Арслан-ханды (1102-1130) Мауараннахрдың билеушісі етіп тағайындады. Арслан-хан тәуелсіз саясат жургізуге әрекеттенді. Оның мемлекет билігін орталықтандыруға ұмтылуына дін басылары да, ақсүйектер де, соның ішінде әскери шонжарлар да қарсы шықты. Арслан-хан өзінің баласы Насырды бірлесіп билеуші етіп тағайындады, бірақ мұсылман дін басылары қастандық жасап. Насырды өлтірді. Содан Арслан-хан көмекке Санжар-сұлтанды шақырды, Санжар әскермен Мауараннахрға бет алып, Самарқандты қоршады да, оны 1130 жылы алды. Ауыр науқасқа ұшыраған Арслан-хан көп ұзамай Балқыда өлді. XII ғасырдың бірінші жартысында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды.
Саяси құрылысы . Сарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес. біртіндеп, жаулап алған жерлерде Қарахан шонжарлары билігінің орнығуына қарай қалыптасты. Қарахандар өздері бағындырған жергілікті халықтардың көптеген мемлекеттік дәстүрлерін мұра етіп алды, оған ежелгі түрік мемлекетінің Түргеш, әсіресе Қарлұқ қағанаттарының терең ықпалы болды. Қарахан мемлекетінде басқару құрылымына тегінде Қарахан бірлестігінің құрамына енген көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардың қоғамдық институттары, ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы барысында езгеріске ұшыраған әдеттегі құқық (төру) нормалары елеулі ықпал жасауы ықтимал. Газневилер сияқты. Қарахандар да Саманилердің мемлекеттік құрылысының кейбір сипаттарын қабылдады, алайда бұл ауыс-түйіс атүсті болған жоқ. Қарахан мемлекетіндегі билік құрылымы - жоғарыда аталған үш негізгі бастаудың диалектикалық жиынтығы.
Қарахан державасындағы жоғарғы билік тек сырттай ғана пафиархаттық (рулық-тайпалық) шапанын жамылды, ал шын мәнінде ол феодалдық иерархия приниипіне негізделді. Зерттеушілердің екі тайпалық федерация: жікіл және яғма шонжарлары арасында саяси билік қатаң белінді деген пікірінің шындыққа қаншалықты сәйкес келетіндігін дәлме-дәл айту әлі де қиын. Соған қарамастан, егер көшпелілер құрған басқа мемлекеттерге ұқсастық бойынша пайымдайтын болсақ, онда Қарахан мемлекетінде қалай болғанда да оның тарихының ерте кезеңінде жеңіп алған өңірлерге билік жүргізу нақ сол ең ірі және күшті этникалық-саяси бірлестіктер басшыларының, бірінші кезекте жікіл және яғма көсемдерінің қолына шоғырланған деп жорамалдауға болады. Бұл «арслан» («арыстан») және «боғра» («бура») құрметті атақтарымен атанған жоғарғы Қарахан билеушілерінін атақтарымен дәлелденеді. Арслан, дәлірек айтқанда, арслан хан (арслан қара-хақан) атағын жікілдердің билеушісі, ал боғра (боғра қара-хақан) атағын яғма көсемі алды. Арслан қара-хақан басты билеуші деп саналды немесе сондай билеуші болуға дәмеленді, ал боғра қара-хақан, тегінде оны-мен бірге билік еткен болуы мүмкін.
Атактар иерархиясында, әр түрлі кезеңде қолданылатын атақтар жиынтығы бірдей болмады, жекелеген атақтарлың манызы өзгеріп тұрды.
Барлық жер билеуші әулеттің меншігі болып есептелді және оның ыдырауына дейін бүкіл мемлекетті көбіне тамғаш-хан атанған «хандардың ханы» биледі.
Қарахандар мемлекеті құрылымының негізі өзінің мәні жағынан феодалдық үлестік жүйе болды. Мемлекет өз билеушілері басқарған бірқатар ірілі-ұсақты өңірлерге - үлестік жерлерге бөлінді. Олардың көпшілігі, әдетте ірі үлестік жерлерді иеленушілер билеуші әулеттерден болды. Округтердің орталықтары болған Тараз, Испиджаб және Баласағұн ірі үлестер еді. XI ғасырдың басында Баласағұн жоғарғы қағанның үлесі, ал Тараз бен Испиджаб олардың жақын тумаларының қолында болды.
Үлестік жүйе езара қырқыстар туғызып, оларға қоса билеушілер жиі алмасып отырды. Үлестерді, ең алдымен ірі және экономикалық жағынан дамыған провинцияларды иеленушілер, әдетте өз билеушілерінің билігін сөз жүзінде ғана мойындады. Бұдан бұрын атап көрсетілгеніндей, мемлекеттің бүкіл аумағы формальды түрде билеуші әулеттің меншігі болып есептелді және мемлекеттік жерлерге қожалық ету құқығы тек жоғарғы қағанда болды. Іс жүзінде жергілікті билеушілер өздерінің үлестік жерлерін көбейту үшін кез келген сылтауды пайдалануға тырысты, ал жоғарғы өкімет үлестік жерлерді қайта бөлу арқылы бағынбаған вассалдарды әлсіретуге ұмтылды, мұның өзі екінің бірінде феодалдық қырқыстарға әкеліп соқтырып отырды.
Өкімет ұйымы. Мемлекет басшысы - хақан - сонымен бірге Қарахан әулетінің басшысы болып есептелді, бірақ оның билігі іс жүзінде көбінесе «ілек» атағын алған үлестік билеушілермен шектелген еді. Әсірелеп «әлем билеушісі» (азұн тұтқушы) деп аталған хақанның сарай маңындағы адамдары мен чиновниктерінің (тапұқшылар) штаты болды. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір саналды; оны деректемелер кейде атқосшымен, ал халық - сарайдың көрмесінде дайын тұрған атпен салыстырады. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды және, мәселен, қарлұқтарда болған көл-еркін лауазымына қайсыбір тұрғыда жақын ұқсастығы да бар; ал Қарахан әулеті сол қарлұктардың арасынан шыққан болатын. Көл-еркін лауазымының мәнісін Махмұд Қашғари көл-көсір акыл-ой иесі деп түсіндіреді, бұған жоғарғы билеушінің кеңесші-қосшы билеушілері немесе, «наместниктері» жатты.
Хан сарайы, оның басты ставкасы (ордасы) мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Хан төңірегінде сарай адамдары болды, олардың арасында сарай күзетінің бастығы (қапығ- башы) есік қорушылар (қорықшылар), қазынашылар (ағнашылар), аспазшылар (ыдысшылар) және т. б. аталады. Чиновниктердің (тапұқшылардың) дені жергілікті шонжарлардың өкілдері болды. Олардың арасында хат жүргізушілер (бітікшілер) аз емес еді.
Деректемелерде хақанның тапсырмаларын орындайтын елшілер (яла-вашылар) де аталады. Деректемелерде сақталған мардымсыз деректер мемлекеттің әкімшілік құрылымының кейбір белгілері туралы ғана жорамалдауға мүмкіндік береді. Ол, тегінде, бірегей құрылым болмай, отырықшы және көшпелі аймақтарда өз ерекшеліктері болса керек. Егіншілік округтері толық болмаса да, негізінен Саманилер тұсында қолданылған құрылымды сақтады. Жетісу мен Мауараннахрдың шұрайлы алқаптарында бұрынғысынша қоныс және қала басшылары (мехтарлар, әкімдер, раистар) болды. Сонымен бірге ілік-хандар тұсында сахиб-барида (мәліметшілік қызметтерді қоса атқаратын почта бастықтары), мұстауфалар (қаржы-салық ведомствосының чиновнигі мен бастығы) және басқа да лауазымдар сақталды.
Далалық аймақтағы мал шаруашылығымен айналысатын халықты басқару тәртібі басқаша болды. Ол да иерархиялық принциптерге негізделе тұрса да, көшпелі қауымдардың әкімшілік басқаруы рулық-тайпалық басшы топтар арқылы, көбіне елші басына, бектер мен хандарға бағынатын ру басылары арқылы жузеге асырылды. Елші-басшы, яғни «ел» басшысы ретінде өздерінің вассалдары бар бай және атақты бектер болды. Далалық аймақта төменгі әкімшіліктің шоғырланған жері, бәлкім, «киіз үйлердің алқа-қотан қонуы» болып табылатын көшпелілердін мекені болса керек.
Қарахан бектерінде едәуір кең өкілеттік болды. Олар тәртіп сақталуын қадағалады, оларға сот үкімдерінің және әдеттегі құқық (төру) нормаларының орындалуын бақылау міндеттелді, шекараларды корғау да соларға жүктелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz