Қазақстан дипломатиясының кезеңдері. Ирак Республикасы



1.КІРІСПЕ
а) Қазақстан дипломатиясының кезеңдері
2.Ирак Республикасы
б) Саддам Хусейн . МАРШАЛ
3.Баспасөзге шолу
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар фокторлардың ықпалымен қалыптасты. Жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп – қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық мәселелерді шешуге қатысты жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.
ҚАЗАҚСТАН ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ:
Кеңес Одағының күйреуі және қос кіндікті дүниенің құлауына байланысты халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі пайда болды. Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Нұрсылтан Назарбаев өзінің 1992 жылғы мамыр айында щыққан «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетеді. Еліміз өзінің геосаяси жағдайын, этнодемографиялық және басқа фокторларды ескере отырып, икөп бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кірісті. Мұның мәні - әлемдік деңгейдегі істерде елеулі орын алатын және еліміздің нақты мүдделері тоқайласатын мемлекеттердің бәрімен достық және өзара сенімділік сипаттағы қарам – қатынастарды дамыту деген сөз. Шетелдік ықпалдастармен қарым – қатынастардың құқықтық негізін жасау керек болды. Қазақстанға инвестиция тарту үшін, ең алдымен, екі жақты дипломатиялық қатынас орнату шарты алға қойылды.
ҚАЗАҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ 5 ТОМ
АҚИҚАТ ЖУРНАЛЫ 1999 ЖЫЛ № 5

ГАЗЕТТЕР: ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН 2005 ЖЫЛ 14 ҚАҢТАР
ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН 2003 16 МАМЫР
ТҮРКІСТАН 2003 ЖЫЛ 28 НАУРЫЗ
ЗАҢ 2003 ЖЫЛ 12 НАУРЫЗ
АЛТЫН ОРДА 2003 ЖЫЛ 28 НАУРЫЗ

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1.КІРІСПЕ

а) Қазақстан дипломатиясының кезеңдері

2.Ирак Республикасы

б) Саддам Хусейн – МАРШАЛ

3.Баспасөзге шолу

4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін
бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның
ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар фокторлардың ықпалымен
қалыптасты. Жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына,
планеталық сипаттағы қауіп – қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық
құрылымның қалыптасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың
тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер
мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге
мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық мәселелерді шешуге қатысты жедел әрі
икемді үн қатуға, осы мәселелерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске
асыруды талап етеді.

ҚАЗАҚСТАН ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ:

Кеңес Одағының күйреуі және қос кіндікті дүниенің құлауына байланысты
халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі пайда болды. Қазақстанның сыртқы
саясатының тұжырымдамасын Президент Нұрсылтан Назарбаев өзінің 1992 жылғы
мамыр айында щыққан Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы атты еңбегінде атап көрсетеді. Еліміз өзінің геосаяси
жағдайын, этнодемографиялық және басқа фокторларды ескере отырып, икөп
бағытты дипломатияны жүзеге асыруға кірісті. Мұның мәні - әлемдік
деңгейдегі істерде елеулі орын алатын және еліміздің нақты мүдделері
тоқайласатын мемлекеттердің бәрімен достық және өзара сенімділік сипаттағы
қарам – қатынастарды дамыту деген сөз. Шетелдік ықпалдастармен қарым –
қатынастардың құқықтық негізін жасау керек болды. Қазақстанға инвестиция
тарту үшін, ең алдымен, екі жақты дипломатиялық қатынас орнату шарты алға
қойылды. Сыртқы саясаттың қалыптасу кезеңі мынандай өрелі міндеттерді
жүзеге асырудан басталды. Біріншіден, мемлекеттің тың сипатын таныту,
екіншіден, Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі
мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық
жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласу қажет болды. Бұл
міндеттерді жүзеге асыруда, әрине, Президент Нұрсылтан Назарбаевтың еңбегі
аса зор. Қазақстанның қуаты мен мүмкіндіктерін шетелдерге кеңінен
насихаттау үшін дүниежүзі мемлекет басшыларымен тікелей жеке байланысқа
шықты, әлемдік қауымдастыққа тең құқылы және тәуелсізәріптес ретінде
танылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін екі айдың ішінде әлемнің 92 мемлекеті
елімізді таныды. Қазақстанның сыртқы дүниемен өзара қарым – қатынасының
шарттық – құқықтық базасы жасалды және дамыды, ядролық державалар АҚШ,
Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тарапынан қаіпсіздік кепілдігі
қамтамасыз етілді.

Сыртқы саяси қызметтің тиімділігі көбіне дипломатиялық кадырларға
шешіледі. Сондықтан алғашқы кезде КСРО Сыртқы Істер министрлігінің Орталық
аппаратында және шетелдерде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар еліміздің
сыртқы саяси қызметтеріне шақырылды. Республикаға он екі жоғары маманданған
дипломаттар келді, солардың бірі – Қасымжомарт Тоқаев – 1994 жылдың қазан
айынан бастап еліміздің Сыртқы Істер министірі. 1992 жылғы 2 шілдеде
Республика Президенті Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер
министірлігі туралы Ереже қабылданды. 1997 жылғы қарашаның 12
Дипломатиялық қызметтер туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Онда дипломатиялық қызмет органдарына мынадай міндеттер жүктелді: Қазақстан
Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар жасау;
дипломатиялық құралдар мен әдістер арқылы Қазақстан Республикасының
егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығы мен шекараларының
мызғымастығын қорғауды, басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және
халықаралық аренада оның саяси, сауда, экономикалық және өзге де мүдделерін
қамтамасыз ету және тағы басқалары.

Қазақстан сыртқы саясат тұжырымдамасында көрші мемлекеттермен арадағы
өзара қарым – қатынасқа айқын басымдылық берді.

Ресей Федерациясымен 25 мамыр 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және
өзара көмек туралы шартқа, 28 наурыз 1994 жылы Интеграция және
экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы шартқа, 20 қаңтар
1995 жылы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету
туралы бірлескен деклорацияға қол қойылып, оларға мемлекеттік егемендікті
және аумақтық тұтастықты өзара сыйлау, күш қолданбау, мәселелерді бейбіт
түрде шешу, теңдік және бір – бірінің ішкі істеріне қол сұқпаушылық, адам
құқығын жүзеге асыру принциптерін басшылыққа алатындықтарын жариялады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты
басшылыққа ала отырып, екі ел аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және
қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту пинциптерін бекітті.

Еліміздің сыртқы саяси ведомствосы алдындағы басты міндеттің бірі –
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі (статусы) туралы конвенцияны жасау
болып табылды. Мұны Каспий жағалауына қатысты мемлекеттер, яғни Әзірбайжан,
Ресей, Қазақстан, Түркменстан, Иран белгілеуге тиіс. Құқықтық мәртебеге:
кеме қатынасы, биологиялық және минералды ресурстарды пайдалану, экология,
теңіз деңгейінің көтерілуін қоса алғанда, жағалау бойындағы мемлекеттер
юристикциясының шектерін де белгілеу мәселелерін реттеу кіреді. Каспийді
тек бейбіт мақсаттарда ғана пайдалану; осы теңізді бейбітшілік, тату
көршілік, достық пен ынтымақтастық аймағы ретінде сақтау; Каспийге
байланысты мәселелердің барлығын бейбіт құралдармен шешу; қоршаған ортаны
қорғау және Каспий теңізінің ластануын болдырмау, оның биологиялық
ресурстарын сақтау, ұдайы өндірісі және оларды ұтымды пайдалану; Каспий
жағалауы мемлекеттерінің қоршаған ортаға және бір – біріне теңізді
пайдалану және оның ресурстарын игеру жөніндегі қызметінің нәтижесінде
келтірген зияны үшін жауапкершілігі; Каспий жағалауы мемлекеттерінің сауда
кеме қатынасының еркіндігі мен қауыпсіздігін қамтамасыз ету енеді.
Бағдарлама бойынша геофизикалық және геологиялық барлау жұмыстарын,
көмірсутегі шикізатының кен орнын игеруді қоса алғанда, өзара тиімді
ынтымақтастықты дамыту туралы нақты ұсыныстармен алмасатын болады.

Қытай Халық Республикасымен қарым – қатынасқа ерекше маңыз берілді.
Екі ел арасында 1992 жылғы 3 қантарда дипломатиялық қатынастар орнату
туралы бірлескен мазмұндамаға, 1992 жылдың 26 ақпанында бірлескен
мазмұндамаға, 1993 жылғы 18 қазанда бірлескен диклорацияға, 1995 жылғы 11
қыркүйекте бірлескен диклорацияға қол қойды. Екі жақ өздерінің арасындағы
тату көршіліктің ұзақ мерзімді және тұрақты қатынастарын, достық пен өзара
тиімді ынтымақтастықты қолдау және дамыту екі елдің және халықтардың
түпкілікті мүдделеріне жауап береді, Азиядағы және бүкіл дүниежүзіндегі
бейбітшілік, тұрақтылық пен дамуды сақтау мен нығайтуға қолайлы жағдай
жасайды; екі жақты қатынастардың саяси, экономикалық ізгілік және басқа
салаларда одан әрі дамуы үшін кең болашақтар мен зор әлеует бар деп санады.

Қазастан мен Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылғы 26 сәуірде
қол қойыған келісім қатал сақталынатындығы аталды.

Сауда экономикалық салада біздің елдеріміз географиялық жақындық пен
экономикалардың өзара толығатын сипатымен берілген артықшылықтарды барынша
пайдалана, теңдік пен өзара тиімділік принципін ұстана, халықаралық
стандарттарға сәйкесті шаруашылық байланыстарының нысандарына өтуді бірте –
бірте жүзеге асыра отырып, энергетика, металлургия, мұнай – химия
өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастыққа басым көңіл бөлінетіндігі аталып
көрсетілді.

Әскери - саяси салада Қазақстан мен Қытай екі елдің Қорғаныс
министірліктерінің арасындағы байланыстарды дамытуға көмектесу, шекара
ауданындағы достық, сенім және ынтымақтастық ахуалын одан әрі нығайту үшін
қорғаныс күштерді өзара қысқарту мен шекара ауданындағы әскери салада
сенімді баянды ету шаралары туралы келісімді тезірек әзірлеуге күш
жұмылдыру, өзара тиімділік негізінде және екі елдің өздеріне алған
халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, әскери – техникалық
серіктестікті жүзеге асыру жөнінде уағдаласты. Қазақстан Қытай Халық
Республикасының үкіметін Қытайдың бір ғана заңды үкіметі ретінде,
Тайванының Қытай аумағының ажырамас бөлігі болып табылатынын мойындайтынын
атап көрсетті. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында
Қытайдың Ляньюьган теңіз портын Оңтүстік – Шығыс Азия, Солтүстік және
Оңтүстік Америка елдеріне және кері бағытта жөнелтілетін Қазақстан жүктерін
өңдеу және тасымалдауға пайдалану туралы келісімге қол қойды.

1995 жылғы 15 ақпандағы сыртқы саясат мәселелеріне арналған алғашқы
мәжілісте еліміздің сыртқы саясатының тактикалық және стратегиялық
міндеттері белгіленді.

1996 жылғы 11 қыркүйектегі екінші рет өткен Сыртқы істер министірлігі
алқасының кеңейтілген мәжілісінде Президент Назарбаев дипломатиялық қызмет
алдындағы міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, сыртқы саясат ведомствасы
тек қана сыртқы саясаттың елімізге тиімді жүргізілуіне ғана жауап беріп
қоймайды, сонымен қатар ол – барлық халықаралық акциялардың үйлестіруші
рөлін атқаруға тиіс, дүние жүзіндегі саяси және экономикалық жағдайларды,
шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың
қызметін зерттеуі керек.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 11 қазан 1997 жылғы Қазақстан -
2030 атты Қазақстан халқына жолдауындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықтың ең
біріншісі ұлттық қауіпсіздік деп аталады. Оның мәні – аумақтық тұтастығын
толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын
қамтамасыз ету.

1998 жылғы қыркүйектегі 14 күні Сыртқы Істер министірлігі алқасының
үшінші рет өткен кеңейтілген мәжілісінде Президент Назарбаев қатысты.
Мәжілісте сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қасымжомарт Тоқаев баяндама
жасады. Өткен жылдарда Қазақстан мен әлемнің бірде – бір елінің арасында
қарсыласу болған емес. Қазір шетелдерде біздің 29 елшілік, 4 дипломатиялық
миссия, екі бас консульдық пен алты консул жұмыс істейді. Осының
нәтижесінде көршілес мемлекеттермен өзара қарым – қатынас едәуір нығайып,
АҚШ, Европа мен Азияның жетекші елдерімен арадағы ынтымақтастықбелсенді
түрде дамып отыр.

1999 жылдан бастап Қазақстан Байқоңыр ғарыш аймағы мен басқа да
полигондарды жалға бергені үшін ақы алатын болды.

Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен, ең алдымен Қырғыстанмен және
Өзбекстанмен одақтастық қарым- қатынастың бекем ірге тасы қаланды.

Сонымен, Қазақстан дипломатиясы қалыптасу кезеңін ойдағыдай аяқтап,
қазіргі кезде кемеліне келуіне байланысты еліміздің халықаралық қатынастар
жүйесіндегі орны мен рөлін айқындауға қызмет етіп отыр.

ИРАК РЕСПУБЛИКАСЫ

Ирак Республикасы оң түстүк Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері
бойында орналасқан мемлекет.

Жер көлемі – 444 шаршы шақырым.

Халқы – 22,4 миллион адам.

Тұрғындарының 75% - арабтар, 20% - курттар, қалғандары түрікмендер,
ассириялықтар, парсылар, армяндар, т.б.

Мемлекеттік тілі – араб тілі.

Халқының 62% - ислам дінінің шиеет бағытын, 34% - сунит бағытын
ұстанады.

Астанасы – Бағдад. (3 миллионнан астам тұрғыны бар).

1970 жылы қабылданған конституциясы бойынша Революциялық кеңестің
төрағасы елдің Президенті және жоғарғы Бас қолбасшы қызметін қатар
атқарады. Заң шығарушы орган – бір палаталы Ұлттық кеңес, 250 депутаттан
тұрады. Елдің ұлттық мейрамы – 17 шілде, Ұлттық Республика күні және
Тәуелсіздік күні. Ирак 18 провинциядан (мухафаз) тұрады.

Ақша бірлігі – Ирак динары.

Табиғаты. Жерінің көбін Жоғарғы Месопотамия мен Төменгі Месопотамия
жазықтары алып жатыр. Сол түстік және Сол түстік – Шығыс жақтарын Армян
және Иран таулы қыраттары алып жатыр. Ең биік жері – Боздаг тауы (3612 м).
Пайдалы қазбалары: мұнай мен газ, фосфорит, күкірт. Басты өзендері – Тигр
мен Евфрат. Жерінің көпшілігі шөгінді және шалғынды топырақты, батыс жері
сары топырақты келеді. Ел территориясының негізгі бөлігі дала, оң түстік -
батысы шөл және шөлейт, тау беткейлері мен өзен жағалары бұталы, сүрек
орманды келеді.

Саяси партиялары мен кәсіподақтары.

Араб социялистік қайта өркендеу партиясы ( АСҚӨП, немесе БААС) –
жалпы арабтық. АСҚӨН – нің регионалдық бөлімшелері ретінде 1954 жылы
құрылған. Курдистан демократиялық партиясы (КДП) 1946 жылы құрылған. Ирак
жұмысшы кәсіподақтарының жалпыға бірдей федерациясы 1959 жылы құрылған.

Экономикасы. Ирак экономикасы әлеуетті үлкен ел. Елде аса ірі мұнай,
табиғи газ, фосфат қорлары бар. Ирак – Иран соғысына дейін ел тек мұнай
экспортынан ғана жыл сайын 21 – 26 миллиард ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
АҚШ - тың Қазақстанмен сыртқы саясат орнатуының тарихын
Екі белдеулі әлем жағдайында екі ірі мемлекеттің бір бірінің саяси ахуалына, сыртқы саясатына қызығушылығы - заңды табиғи құбылыс
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы
ӘСКЕРИ - ТЕҢІЗ КҮШТЕРІ
1925-1933 жылдар арасындағы халықаралық қатынас
Б. Клинтон әкімшілігі мен саясаты
АҚШ - тың Ауғаныстан және Иракпен соғыстары
Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы
Пәндер