Кәсіпкерлік. Дәрістер жинағы
1 ТАҚЫРЫП. Кәсіпкерлік . экономикалық белсенділіктің ерекше бір түрі.
1. Кәсіпкерліктің даму тарихы
2. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.
3. Кәсіпкерлік қызметтің шарттары мен кезеңдері
4. Кәсіпкерлік процесс және құбылыс ретінде
КӘСІПКЕРЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ АЙРЫҚША ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ. КӘСІПКЕРЛІК ТИПОЛОГИЯСЫ
2 ТАҚЫРЫП. Кәсіпкерлік құрылымды топтастыру және кәсіпкерліктің формалары
1. Кәсіпкерліктің типологиясы
2. Кәсіпкерліктің түрлері мен типтері
3 ТАҚЫРЫП. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік әрекеті
1. Кәсіпкерлік ортаның мәні.
2. Сыртқы кәсіпкерлік орта.
3. Нарық . кәсіпкерлердің тіршілік ету ортасы.
4. Ішкі кәсіпкерлік орта.
4 ТАҚЫРЫП. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық.құқықтық формасы. Кәсіпкерлік әрекеттің субъектілері мен объектілері

Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліктің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.
Экономикалық теорияда кәсіпкерлік түсінігін өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі «кәсіпкерлік теориясының» классигі Р. Кантильон есімімен байланысты. Ол бірінші рет кәсіпкердің негізгі тұлғасын анықтады. Кәсіпкер – белгілі бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам. Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі ретінде тәуекел үшін табыс алу ретінде қарастырылды. Тәукелді төмендету үшін негізгі өндіріс факторларын : жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестіруге тура келеді дейді Ж.Б.Сэй.
Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші кезеңнің ерекшелігі – ұйымдастырушылық және кәсіпкерлік икемділігінен қосымша фактордың бөлінуі. А. Маршалл өз кезегінде кәсіпкерлік қызметтегі технологияны үйлестірудің жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарын тиімді деп есептеген. Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына И. Шумпетердің «тиімді монополия» концепциясының ролі ерекше. Оның айтуынша, кәсіпкерліктің мәнін жаңашылдық механизмі құрайды. Кәсіпкер – экономикадағы барлық динамикалық өзгерістерге негізгі жаңалық енгізуші. Капиталистің қызметі: кәсіпкер барлық уақытта таза күйінде қандай да бір мүлікке меншік құқығына ие бола бермейді. Сондықтан да ол қарсы тәукелге бармайды. Кәсіпкер ол менеджер емес, оның міндеті – жасаған жаңалығын жүзеге асыру және оның экономикалық дамуына септігін тигізу. Кәсіпкер – бұл меншік иесі, әрі ол шаруашылықпен тікелей айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес жауапкершілігі арқылы тәуекелге баратын адам. Ал менеджмент – жалпы өндіріс пен тауар айналымын (бизнесті) тиімді жүргізу мен пайда табу мақсатында басқару жүйесі мен әдістерінің жиынтығы.
И. Шумпетер кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы капиталға ерекше көңіл аударады. Капитал - ол қозғаушы күш. И.Шумпетер капиталды кәсіпкердің кез – келген уақытында иелігінде бола алатын қаржыны айтады.
И.Шумпетер алғашқы капитал деп кәсіпорынның құрылуы мен қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қаржыны айтады. Алғашқы капитал негізгі және айналмалы болып 2-ге бөлінеді. Алғашқысы жер учаскісін, ғимарат, машина және т.б. алуға жұмсалса, екіншісі – қажетті шикізат, еңбек ақысын төлеуге жұмсалады.
И.Шумпетер кәсіпкерлік қызметке итермелейтін мотивтер мен дәлеледерді бөліп көрсетеді. . Ол оны келесідей топтарға жіктейді:
1. үстемдік етуге талпыныс
2. жеңіске деген құлшыныс
3. шығармашылық қуаныш. И. Шумпетер кәсіпкерлік табыстың теориясын жасайды.

1 тақырып. Кәсіпкерлік – экономикалық белсенділіктің ерекше бір түрі.
1. Кәсіпкерліктің даму тарихы
2. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері.
3. Кәсіпкерлік қызметтің шарттары мен кезеңдері
4. Кәсіпкерлік процесс және құбылыс ретінде
Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен байланысты.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды
түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік
экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны
жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік
иесі ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл
қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліктің теориясы мен
тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.
Экономикалық теорияда кәсіпкерлік түсінігін өзіндік ерекшеліктеріне
сәйкес бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші
кезеңі кәсіпкерлік теориясының классигі Р. Кантильон есімімен байланысты.
Ол бірінші рет кәсіпкердің негізгі тұлғасын анықтады. Кәсіпкер – белгілі
бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам.
Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі
ретінде тәуекел үшін табыс алу ретінде қарастырылды. Тәукелді төмендету
үшін негізгі өндіріс факторларын : жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестіруге
тура келеді дейді Ж.Б.Сэй.
Кәсіпкерлік теориясының дамуындағы екінші кезеңнің ерекшелігі –
ұйымдастырушылық және кәсіпкерлік икемділігінен қосымша фактордың бөлінуі.
А. Маршалл өз кезегінде кәсіпкерлік қызметтегі технологияны үйлестірудің
жаңа әдістеріне, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа нысандарын
тиімді деп есептеген. Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуына И. Шумпетердің
тиімді монополия концепциясының ролі ерекше. Оның айтуынша,
кәсіпкерліктің мәнін жаңашылдық механизмі құрайды. Кәсіпкер – экономикадағы
барлық динамикалық өзгерістерге негізгі жаңалық енгізуші. Капиталистің
қызметі: кәсіпкер барлық уақытта таза күйінде қандай да бір мүлікке меншік
құқығына ие бола бермейді. Сондықтан да ол қарсы тәукелге бармайды.
Кәсіпкер ол менеджер емес, оның міндеті – жасаған жаңалығын жүзеге асыру
және оның экономикалық дамуына септігін тигізу. Кәсіпкер – бұл меншік иесі,
әрі ол шаруашылықпен тікелей айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес
жауапкершілігі арқылы тәуекелге баратын адам. Ал менеджмент – жалпы өндіріс
пен тауар айналымын (бизнесті) тиімді жүргізу мен пайда табу мақсатында
басқару жүйесі мен әдістерінің жиынтығы.
И. Шумпетер кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы капиталға ерекше көңіл
аударады. Капитал - ол қозғаушы күш. И.Шумпетер капиталды кәсіпкердің кез
– келген уақытында иелігінде бола алатын қаржыны айтады.
И.Шумпетер алғашқы капитал деп кәсіпорынның құрылуы мен қалыпты жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін қаржыны айтады. Алғашқы капитал негізгі және
айналмалы болып 2-ге бөлінеді. Алғашқысы жер учаскісін, ғимарат, машина
және т.б. алуға жұмсалса, екіншісі – қажетті шикізат, еңбек ақысын төлеуге
жұмсалады.
И.Шумпетер кәсіпкерлік қызметке итермелейтін мотивтер мен дәлеледерді
бөліп көрсетеді. . Ол оны келесідей топтарға жіктейді:
1. үстемдік етуге талпыныс
2. жеңіске деген құлшыныс
3. шығармашылық қуаныш. И. Шумпетер кәсіпкерлік табыстың теориясын
жасайды.
И. Шумпетер кәсіпорындардың табысқа деген талпынысына ерекше көңіл
бөледі. Оның нәтижесінде жаңа кәсіпорындар пайда болады, жаңа қондырғылар
қолданыла бастайды, өнімділік артады, бәсекелестік дамиды, ескі
кәсіпорындар ығыстырылады, жұмысшылардың бір бөлігі жұмыс орнын босатады
және т.б. бұл процесс қайталанып тұрады. И.Шумпетер ойынша, кәсіпкерлік
табыс – бұл жаңа комбинациялар орындалудың нәтижесі.
Ф. Хайектің ойынша, кәсіпкер ерекше мінез – құлыққа ие болу керек. Өзге
субъектіге әлі белгісіз жаңа табысты табудың көзін аша білу керек. Қазіргі
жағдайда кәсіпкерлер жоғарғы нарықтық бәсекелестікте қызмет жасайды және
осы бәсекеге қабілетті ғана кәсіпкер табысқа жете алады.
Кәсіпкерлік теорияның дамуына атақты ғалым П. Друкер де үлкен үлес
қосты. Ол өз еңбектерінде кәсіпкерлік теорияның дамуында француз экономисті
Ж.Б. Сэйдің орнын ерекше атап өтеді. Ж.Б. Сэй 1800 жылдың өзінде кәсіпкер
экономикалық ресурстарды өнімділік пен табысты төменнен жоғарылататынын
атап көрсеткен.
Оның ойынша кәсіпкер деп - өзінің кіші бизнесін ашқан адамды айтуға
болады, бірақ кез –келген кіші бизнес кәсіпкерлікке жатпайды, тек жаңа
нарық пен жаңа тұтынушыларға ие бизнесті айтуға болады. П.Друкер
кәсіпкерлікті не ғылымға, не өнерге жатқызбайды. Бұл нақты қызмет,
практика. Әрине кәсіпкерліктің де өзінің білім базасы болады, ал білім
кәсіпкерлікте табысқа жету үшін қажет. Бірақ көптеген мамандар
кәсіпкерлікті ерекше бір қабілеттің, таланттың көрінісі ретінде
қарастырады. Сонымен қатар , П.Друкер кәсіпкерлікті де оқыту қажет деп
санайды. АҚШ-тың колледж пен университеттерінде кәсіпкерлерді дайындайтын
мамандықтар ашылған.
Кәсіпкерді ойлау қабілетінің инновациялық типі ерекшелендіреді.
Инновация – кәсіпкердің ерекше құралы. Кәсіпкерлер табиғатта адамзатқа
(қоғамға) қажетті зат тауып, оны экономикалық бағаландырған кезде ғана
табысқа жетеді. Друкер табысқа жететін кәсіпкерліктің төрт стратегиясын
жіктейді:
1) бірінші ену және жаппай әсер ету;
2) аяқ – асты және жылдамдылық;
3) экономикалық әлсіз жерін тауып, оны басып алу;
4) өнім, нарық немесе бір саланың экономикалық ерекшелігін бағалау.
Кәсіпкерлік туралы ғылыми және тәжірибелік көзқарастар К.Веспер,
Г. Пиншат, Р. Хизрич, М. Питере, А. Хоскинг және т.б. шет ел ғалымдарының
еңбектерінде де ерекше көңіл бөлген.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері. Кәсіпкерлік – бұл
қоғамдық пайдамен жеке бас мүддесін үйлестіру негізінде коммерциялық
жетістіктерге және басқа да табыстарға жету мақсатында мүлікті, қаржы
құралдарын және басқа ресурстарды жаңаша пайдаланумен тығыз байланысты
шаруашылық субъектілердің бастамалы әрекеті. Туристік салада кәсіпкерлік
көп дәрежеде қызмет көрсетумен байланысты. Кәсіпкерліктің субъектілері
өзінің мүліктік жауапкершілігі мен өз атынана әрекет жасайтын жекелеген
адамдар, сондай – ақ заңдық жауапкершілікпен әрекет жасайтын серіктестер
ұйымы болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік белсенділіктің негізгі субъектісі болып кәсіпкер табылады.
Бірақ кәсіпкер – жалғыз субъект емес, кез-келген жағдайда кәсіпкер
тұтынушымен және мемлекетпен қарым-қатынаста болады. Тұтынушы да,
мемлекетте, сонымен қатар жалдамалы жұмысшы мен бизнес серіктестері де
кәсіпкерлік белсенділіктің субъектілері категориясына жатады (сурет 1).
Сурет 1 Кәсіпкерлік іс-әрекеттің субъектілері
Кәсіпкерліктің 2 үлгісі белгілі: классикалық кәсіпкерлік және
жаңашылдық (инновациялық) кәсіпкерлік.
Классикалық кәсіпкерлік – бұл қызмет көрсету номенклатурасын жаңарту
мен ұйымдар әрекетінің рентабельділігін арттыру үшін шаруашылықтың дәстүрлі
тәсілдерін қолдану арқылы ресурстардың жоғарғы (макимальді) деңгейін беруге
бағытталған дәстүрлі, консервативті кәсіпкерлік.
Ал, инновациялық кәсіпкерлік ең алдымен кәсіпкерлік әрекеттегі
жаңашылдықпен тығыз байланысты. Кәсіпкердің рөлі экономиканың дәстүрлі
факторын пайдалану арқылы, оларды жаңаша үйлестіру арқылы бұрын белгілі
болмаған жаңа бір нәрсені жасап шығумен ұштасады. Мұндай жаңашыл
кәсіпкерлік дәстүрлі кәсіпкерлікке қарағанда барынша әсерлі нәтиже береді,
бірақ кәсіпкерге айрықша талаптар қояды.
Кәсіпкер: әрекет етуші заң шеңберіндегі іскерлік қызметтің кез – келген
мәселесі бойынша шешім қабылдауға ешкімге тәуелді болмауы және өз бетімен
әрекет ету қасиетіне ие болуы тиіс;
– өз қызметі нәтижесінде экономикалық және де басқа да қызығушылықтары
болуы, яғни мүмкіндігінше максимальді кіріс алуы есептелуі тиіс;
– тәуекелге барып, жауапкершілікті өз қолына алуы тиіс. Тәуекелге бару
сөзінің астарынан шығынға ұшырататын жағымсыз жағдайлар барысында өз
жоспарларын жүзеге асырып жіберу мүмкіндігінің туындауын түсінеміз.
Тәукелдің өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық
түрлерін ажыратады. Тәуекелге бару жағдайы туындағаннан шығынды азайтып,
тәукелді төмендету әдістері болып: сақтандыру, нарық дамуын болжап отыру,
шығынның алдын – алуға арналған, оның орнын жабатын құралдарды қорландыру
табылады.
– өз әрекеті барысында қашан да инновациялық тәсілдері бар болуы қажет.
(яғни өндіріс факторлары мен қызмет көрсетудің жаңа тұтынушыларын іздеу,
оларды тартуда жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалану). Ізденіс пен жаңашылдық
енгізуші кәсіпкер үшін қозғаушы күш – шамадан тыс пайда түсіруді күту болып
табылады.
Жаңа заманғы жағдайда кіріс кіргізу ісін табысты ұйымдастыру үшін
кәсіпкердің мықты кәсіби дайындығы, қызмет көрсету және өнім өндіруді
ұйымдастыру саласында, заң, психология, саясат, экономика саласында қажетті
білімі болуы қажет, сондай – ақ қаржы тізгінін қолына ұстаған тұлғалармен,
маркетинг мамандарымен, ғалымдармен бірлесіп еңбек ете білуі тиіс.
Кәсіпкерлік әрекеттің (қызметтің) шарттары мен кезеңдері. Кәсіпкерлік
қызметте келесідей кезеңдерді бөліп қарастырады:
1. Нарық қажеттіліктері мен кәсіпкердің мүмкіндіктерін бір арнаға
тоғыстыратын кәсіпкерлік идеяларды іріктеу және жинақтау;
2. Қызмет көрсету өндірісін (немесе тауарлар) және маркетинг
жоспарларын, сондай-ақ қаржылық және ұйымдастыру жоспарларын
қайта жасауды жоспарлау;
3. Ресурстардағы (оның ішінде қаржы құралдарын) және
тасымалдаушылардың қажеттіліктерін анықтау;
4. Техникалық, қаржылық жобаларды орындау, қызмет көрсету өндірісін
ұйымдық дайындау және жоспарланған әрекетті жүзеге асыру.
5. Фирманы басқару – жаңа идеяларды іздеу, тәжірибе жинау,
әрекеттерді сараптау, бақылау.
Жағарыда аталып өткендей, кәсіпкер мен кәсіпкерліктің мәнін анықтауға
көптеген шетелдік ғалымдар көңіл аударуда, демек нарықтық экономиканың
дамуымен кәсіпкерліктің рөлі күшеюде, ал алдыңғы қатарлы шаруашылық
субъектілері кәсіпкерлік ұйымдар (фирмалар, компаниялар және басқа да
күрделі кәсіпкерлік ұйымдар) болуда. Ғылыми әдебиетте кәсіпкерліктің бір
мағыналы анықтамасы жоқ. Экономистер, философтар, әлеуметтанушылар,
құқықтанушылар секілді ғылымның әр түрлі салаларының өкілдері бұл терминді
өздерінше түсіндіреді. Алайда кәсіпкерлік терминінің мағынасын түсіндіру
кәсіпкерлік әрекеттің экономкалық, әлеуметтік, қаржылық рөлін ғана емес,
оның шаруашылық жүйе ретіндегі мәнін ашатынын сенімді түрде айтуға болады.
Кәсіпкерліктің мәні. Алдымен батыс елдеріндегі кәсіпкерліктің мәнін
анықтау тәсілдері туралы айтайық. Мысалы, америка ғалымдарының түсінігінше
кәсіпкерлік – бұл қиын да маңызды жобаларды жүзеге асыру әрекетінің түрі.
Кәсіпкерлік – бұл аса маңызды, жауапкершілікті талап ететін іс. Кәсіпкерлік
- әлдебір жаңа нәрсені жасауға, немесе бар нәрсені жақсартуға талпыныс
жасау. Кәсіпкерлік динамизм, инициатива, жігерлілік бастама секілді
ұғымдармен ажырамас байланыста және көптеген қызықты идеяларды шындыққа
айналдырады.
Батыс елдерінде жаңа заманғы кәсіпкерлік шаруашылықтың айрықша, жаңаша
стиль ретінде сипатталады. Біздің көзқарасымызда мұндай тәсіл барынша
маңызды мәнге ие, яғни үнемі жаңа мүмкіндіктер іздеу, жаңашылдыққа
бағытталу, алға қойылған мақсатқа жетуге талпыну біздің еліміздегі
кәсіпкерліктің дамуына пайдасы зор. Өзінің кәсіпорынының дамуы үшін
кәсіпкер әрекет етуші заң негізінде ресурс көздерін іздеп отыруы қажет.
Америка ғалымы Р.С. Ронстадтың пікірі бойынша, кәсіпкерлік – бұл
байлықты өсірудің динамикалық процессі. Байлық өз мүлкін, ақшасын,
карьерасын бәске тігіп, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға уақытын аямайтын,
сатып алушыларға жаңа тауар мен қызмет түрін ұсынатындарға ғана келеді деп
есептейді. Бұл тауар мүлде жаңа болуы шарт емес, бастысы кәсіпкер оған жаңа
сапа дарытып, оның құндылығын арттыруға күш сала білуі керек.
Өз кезегінде американдық ғалым профессорлар Р. Хизрич пен М. Питере де
кәсіпкерліктің барынша ыңғайлы анықтамасын беріп кетеді. Олардың пікірінше:
Кәсіпкерлік – бұл құнды әрі жаңа бір нәрсені жасап шығару, өзіңе қаржылық,
әлеуметтік, моральдік жауапкершіліктерді ала отырып уақыт пен күшіңді сарқа
пайдалану процессі; ақшалай кіріс кіргізу процессі. Олар: жеке іс бастаған
адамның өмірі үміт пен күдікке, сәтсіздік пен тынымсыз еңбекке толы болады
деп жазады.
Р. Хизрич болса кәсіпкерліктің мәнін ашатын ең қысқа анықтама береді:
бұл – құны бар жаңа нәрсені жасап шығару.
Кәсіпкерліктің ұғымдық мәнін ашатын ресейлік ғалым – экономист А.В.
Бусыгиннің көзқарасы бізге қызығушылық тудырады. Ол кәсіпкерлік нақты бір
іскерлік идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру үшін талпыныс жасау деп
түсінеді. Кәсіпкерлік – ең алдымен іскерлік жоба түрінде жүзеге асатын
ойлау процессі деп түсіндіреді. Оның пікірінше кәсіпкерлік жеке бизнесіңді
ұйымдастырып, жеткілікті дәрежеде табысқа жету үшін қызмет ету.
Біздің пікірімізше, кәсіпкерлік – қоғамды тауармен, әр түрлі қызмет
түрлерімен қамтамасыз етуші нарықтық қатынастың бір түрі.
Кәсіпкерлік – бұл кәсіпкердің жаңа бір идеяны ойлап тауып, оны қолдана
білуі, нақты бір кәсіпкерлік жобаға айналдыруы болып табылатын
шаруашылықтың жаңа түрі. Бұл әрине өте қатерлі іс, бірақ тәуекелге бармаса,
ешкім де табысқа жете алмайды.
Алайда, көзді жұмып алып, тәуекел етуге тағы болмайды. Жеке кәсіппен
айналасуға шешім қабылдамас бұрын кәсіпкер бәрін мұқият есептеп,
бәсекелестер мен нарық жағдайын ескеріп алуы қажет.
Кәсіпкерлік бірінші кезекте өндірістің барлық факторларын қоғам және
жекелеген азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, экономикалық өсу
мақсатында тиімді қолдана білуге байланысты. Кәсіпкерліктің негізгі қызметі
нақты бір тауар немесе қызмет түрін өндіріп, сол үшін материалдық және
моральдік сыйақы алу болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтің мәнін заңдық актілерді анықтау. Өз бизнесін
табысты жүзеге асыру үшін еңбек етуге қабілеті бар азамат немесе
кәсіпкерлік ұйым осы бизнесті қалыпты ұстап тұратын азаматтық заңнаманы
жақсы білулері тиіс. Тұңғыш рет кәсіпкерлік қызмет ұғымының мәні туралы
барынша толық анықтама ҚР-ның Кәсіпкерлік қызмет туралы Заңында
қалыптасты. Онда кәсіпкерлік қызметтің астарынан азаматтар мен олардың
бірлестіктерінің табыс табуға бағытталған әрекетін түсінуге болатындығы
жайлы айтылған.
Аталған Заңда кәсіпкерлердің құқықтары, міндеттері мен
жауапкершіліктері, сондай – ақ оларға мемлекет тарапынан берілетін кепілдік
мәселесі анық, әрі нақты көрсетілген.
Азаматтық заң кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар арасындағы қарым –
қатынасты реттеп отырады. ҚР Мемлекеттік Комитеті кәсіпкерлік қызметтің
мәнін кешенді түрде анықтайды – бұл – мүлікті пайдаланудан, тауарды
сатудан, қызмет көрсетуден түскен ақшаны белгілі бір заңдық тәртіпте
айналымға келтіріп, пайда табуға бағытталған әрекет дейді.
ҚР Мемлекеттік Комитеті орнатқан кәсіпкерлік қызмет ұғымының
анықтамасына сәйкес кәсіпкерліктің бірнеше ерекшелігі мен өзіне тән сипатын
бөліп алуға болады:
1. Бұл жеке бас ғана емес, сонымен бірге қоғам мен адамдардың да
қажеттіліктерін қанағаттандыруға және кәсіпкердің өз қабілетін
іске асыруға бағытталған бастамашыл әрекет.
2. Бұл еңбек етуге қабілеті бар кез – келген азаматтың өз еркімен
жасайтын әрекеті. Ешкім де бір адамды осы іспен айналысуға
күштеп көндіре алмайды.
3. Бұл аса жауапкершілікті талап ететін қатерлі іс, сол себепті
болашақ кәсіпкер өзін күтіп тұрған қиындықтардың алдын – алу
керектігін естен шығармауы керек, оның үстіне мемлекет кәсіпкер
сәтсіздікке ұрына қалса жауапкершілікті өзіне алмайды.
4. Кәсіпкерлік – бұл бір рет қана жасалатын шаруа емес, заң
негізінде жүйелі түрде пайда табу процессі, демек бұл ұзақ уақыт
қажырлы еңбекті талап ететін кәсіби әрекет.
5. Бұл жекелеген кәсіпкерлер мен заңдық тұлғалар ретінде тіркелген
адамдар жүзеге асыратын әрекет, демек кәсіпкерлік – арнайы
заңдық актілерге сәйкес орындалатын заңды әрекет.
6. Азаматтық заңда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың негізгі
себептері – табыс табу, кіріс кіргізу көрсетілген, ал бұған қол
жеткізу үшін тұтынушыларға тауар мен қызмет түрлерін үздіксіз
жалғастыра беру қажет.
7. Заңда мүлікті пайдалану, тауарды сату, қызмет ету жолымен пайда
көзін табудың әдіс – тәсілдері көрсетілген.
Сонымен, көріп отырғанымыздай кәсіпкерліктің өзіне ғана тән бірінші
сипаты – мүлікті пайдалану болса, екінші сипаты – тауарды сату болып
табылады. Сонда тауар өндірудегі қызметті қайдан табамыз деген сұрақ туады?
Негізінде ҚР Мемелкеттік Кодексінде сауда коммерциялық әрекет орнатылған
әлдебір нәрсені сату үшін ең алдымен сапасына қарай өнім, тауар, қызмет
түрлерін енгізу қажет. Демек, ҚР Мемлекеттік комитеті орнатқан кәсіпкерлік
туралы анықтамасы толықтыруларды қажет етеді, мысалы кәсіпкердің өз
бизнесінің нәтижелі болуына жауапкершілігі туралы тезис енгізу.
Кәсіпкерлік құбылыс және процесс ретінде. Кәсіпкерлік құбылыс ретінде
кәсіпкердің өз ісін алға бастырып, оны ұйымдастыруымен байланысты болатын
экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, жекелеген қатынастардың
жиынтығын көрсетеді. Ол құбылыс ретінде жергілікті басқару, билік
органдары, банктер, жалдамалы жұмысшылар, тұтынушылар, тасымалдаушылар
арасындағы өндірістік факторларды (шикізат, құрал – жабдықтар, энергия,
жылу және т.б.) бірігіп пайдаға жарататын әлеуметтік, қаржылық,
экономикалық қатынастардың жүйесін қамтиды. Кәсіпкерлік – экономикалық
құбылыс ретінде нарықтық экономиканың сұраныс пен ұсыныс, бәсекелестік, құн
секілді заңдылықтары негізінде тауарлық сипатқа ие болады.
Кәсіпкерлік – кәсіпкердің нақты бір идеяны өмірге әкеліп, оны үлкен
жобаға айналдырғанға дейінгі аралықта болған әрекеттерінің күрделі
шынжыры. Кәсіпкерлік – бұл тұтынушылар үшін құны бар жаңа тауар, қызмет
көрсету түрін ойлап табу процессі, қолда бар ресурстарды жақсы нәтижелерге
жету жолында сарқа пайдалану процессі.
Бұл үздіксіз процесс болып табылады, ол үнемі жаңарып отырады, демек
кәсіпкерлер қанағаттандыратын қажеттіліктерде өзгеріп отырады деген сөз.
Бұл процесс өндіріс факторларының үлкен шығынын талап етеді, уақытша
сәтсіздіктерге жиі соқтырады, бірақ нәтижесінде кәсіпкерді пайдаға, кіріске
жолықтырады, оған үлкен мөлшерде қаржылай табыс әкеледі. Ендеше,
кәсіпкерлік құбылыс ретінде: жаңа шығармашылық идеяларды іздеу, оларды
сараптау, оған экономикалық пайда мен нарық қажеттілігі тұрғысында баға
беру, идеяны жүзеге асыруға мақсат қалыптастыру, өндірісте жаңа өнім алуға,
нақты нәтижеге жетуге ұмтылу секілді әрекеттерді қамтиды.
Сұрақтар:
1. Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше формасы.
2. Кәсіпкерлік қызмет туралы заң.
3. Кәсіпкерлік теориясының даму тарихы.
4. Кәсіпкерліктің обьектісі мен субьектісі
5. И.Шумпетердің пікірінше кәсіпкерлік дегеніміз не?
КӘсіпкерлік экономикалық белсенділіктің айрықша формасы ретінде.
КӘсіпкерлік типологиясы
2 тақырып. Кәсіпкерлік құрылымды топтастыру және кәсіпкерліктің
формалары
1. Кәсіпкерліктің типологиясы
2. Кәсіпкерліктің түрлері мен типтері
Кәсіпкерліктің типологиясы. Кәсіпкерліктің типологиясы ұғымының
астарынан оны нақты бір түрге, типке жатқызуға және белгілеріне қарап
анықтауға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік әрекеттің әртүрлі типтері, түрлері,
салалары туралы ілімді түсінеміз.
Кәсіпкерлік теориясында оны топтастыруға мүмкіндік беретін белгілерді
орнату, сол белгілердің сапалық және сандық сипатын анықтау секілді сан
алуан тәсілдер бар, сол себепті кәсіпкерлік әрекетті белгілі бір түрге
жатқызу салыстырмалы түрде ысылған, шамадан тыс байытылған тәсіл болып
табылуы мүмкін. Кәсіпкерліктің түрлерін орнату барысында кәсіпкерлік
әрекеттің объектілері, оны іске асырудың заңдылығы, оның нәтижелері, өсу
қарқыны, оны енгізу басты мәнге ие.
Кәсіпкерлікті классификациялау (топтау). Кәсіпкерлік әрекетті сан алуан
сипаттық белгілеріне қарай классификациялауға болады, алайда кәсіпкерліктің
теориясы мен тәжірибесінде келесідей белгілері бойынша топтау қалыптасқан:
– меншік формасы бойынша;
– заңдылығы бойынша;
– аймақты қамтуына және әртүрлі территорияда таралуына қарай;
– құрылтайшылардың санына қарай;
– персоналдардың саны мен капиталдың көлеміне қарай;
– түсімнің өсу қарқыны мен деңгейіне қарай;
– жауапкершілік формасына қарай т.б.
Меншік формасы туралы айтар болсақ, онда нарықтық экономикада
кәсіпкерлік меншіктің жеке және мемлекеттік формасында дамуда. Жеке
меншіктік ол жеке дара және әріптестік формада көрініс табады. Кәсіпкерлік
муниципиалды, сондай-ақ аралас және бірлескен формада, шет ел инвесторлары
формасы ретінде де дамиды.
Заңдылық белгісі бойынша кәсіпкерлік заңды, заңсыз, жалған кәсіпкерлік
болып бөлінеді.
Заңсыз кәсіпкерлік болып осы әрекетті заңдастырмай, тіркеуден өткізбей,
лицензиясыз жүзеге асыру жағдайы табылады.
Жалған кәсіпкерлік – кәсіпкерлік әрекет пен банк қызметін жүзеге асыру
ниетімен емес, азаматтарға, мемлекетке зиян келтіретін тыйым салынған
әрекетті жасап, жалған жолмен несие алу, салықтан жалтару секілді ниетпен
коммерциялық ұйым құру. Заңсыз және жалған кәсіпкерлікті ұйымдастыруға
қылмыстық жауапкершілік белгіленген.
Кәсәпкерлік әрекеттің әртүрлі территорияда таралуына қарай: жергілікті,
аймақтық, ұлттық, халықаралық және әлемдік болып бөлінеді.
Кәспкерлікке қатысушылардың құрамына байланысты әйелдердің және
жастардың кәсіпкерлігін атауға болады. Көптеген елдерде кәсіпкерлікті
дамытуға үлес қосып, ат салушы әйелдер мен жастар ассоциациясы жұмыс
жасайды. Мысалы, Қазақстанда әйел кәсіпкерлер Ассоциациясы құрылған.
Өсу қарқыны, түсімнің деңгейі тұрғысында кәсіпкерлік ұйымдарды: тез
дамушы, баяу қарқынмен дамушы компаниялар, жоғары түсім алушы және төмен
рентабельді ұйымдар, бизнестің аса қауіпті түрлерін жүзеге асырушы фирмалар
деп бөлеміз.
Жеке іс жасауға қатысушылардың санына байланысты кәсіпкерлік
индивидуальды (жеке) және ұжымдық, әріптестік болып бөлінеді.
Персоналдардың саны мен капиталдың көлеміне қарай , кәсіпкерлік шағын,
орта және ірі бизнес болып жіктеледі.
1. Шағын кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлға құра отырып,
жұмысшыларының саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің
орташа жылдық құны ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 60 мың
еселенген айлық көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік іс - әрекетті
айтамыз.
2. Орта кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлға құра отырып,
жұмысшыларының саны 250 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің
орташа жылдық құны ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 325 мың

3. Ірі кәсіпкерлік (бизнес) - заңды тұлға құра отырып, жұмысшыларының
саны 250 адамнан асатын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық
құны ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 325 мың еселенген айлық
көрсеткіштен асатын кәсіпкерлік іс - әрекетті айтамыз. Бұл шарттар
бұзылған жағдайда шағын кәсіпкерлік орта кәсіпкерлікке, ал орта
кәсіпкерлік ірі кәсіпкерлікке айнала алады.
Жауапкершілік формалары бойынша кәсіпкерлік ұйымдардың жасаған
қызметтерінің нәтижелері бойынша толық жауапкершілікті ұйымдар, сондай-ақ
солидарлы және субсидиарлы жауапкершілікті ұйымдар деп бөлуге болады.
Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері. Кәсіпкерлік әрекеттің бағыттылығын,
капитал салудың объектісін нақты нәтижелер алуды есептегенде кәсіпкерліктің
келесі түрлерін бөліп аламыз.
Біріншіден, өндірістік кәсіпкерлік. Бұл нақты бір тауарларды өндіру,
жұмысты жүзеге асыру және оларды іске асыруға арналған қызмет көрсету,
тұтынушыларды қамтамасыз ету процессі. Демек, өндірістік кәсіпкерлік
материалдық өндіріс аясында жүзеге асырылады, ол шаруашылық әрекеттің
салаларына байланысты өндірістік, құрылыстық, ауыл шаруашылық т.б. болып
жіктеледі. Осыған сәйкес кәсіпкерлікті сала бойынша ажыратады, мысалы,
өндірісте кәсіпкерлік әрекет машина жасау, станок жасау арқылы
ұйымдастырылады.
Халық шаруашылығы тұрғысынан қарағанда өндірістік кәсіпкерлік
мемлекетке, азаматтарға, жалпы тұтынушыларға арнап тауар шығаратын
кәсіпорын, фирма, компания секілді ұйымдардың әрекетінен көрініс табады.
Нақты бір тұтынушыларға (халық, мемлекет т.б.) арналған қызмет көрсету мен
тауар түрлерінің бәрі өндірістік кәсіпкерліктің субъектілері болып
табылады. Дегенмен де, өндірістік кәсіпкерлік өз бетімен жұмыс жасамайды,
тәуелсіз деп айтуға болмайды, себебі оның дамуы қоғамның әлеуметтік деңгейі
мен экономикалық өсу қарқынын шешіп береді.
Өндірістік өнімдердің іске асырылмауы, ұзаққа созылған төлемдердің
болмауы, көптеген салықтар, мемлекеттік төлемдер кәсіпкерліктің өндірістік
салада дамуын тежеді, осыған қарамастан коммерциялық сауда кәсіпкерлігі
кәсіпкерлік әрекеттің екінші түрі ретінде жоғарғы қарқынмен дамуда.
Бұл кәсіпкерлік әрекет өте ыңғайлы, қажеттілікті тез арада қамтамасыз
ете алады, нақты тұтынушылармен тығыз байланыста. Сауда кәсіпкерлігінің
дамуына өндірушілерден төмен бағада тауар сатып алу және сатылып жатқан
тауарға барынша тұрақты сұраныс секілді екі жағдай қажет деген пікір бар.
Сауда кәсіпкерлігі ұзаққа қолданылатын өндірістік тауарлар сатуды
ұйымдастыруда үлкен мәнге ие.
Кәсіпкерліктің үшінші түрі қаржылық-несиелік кәсіпкерлік болып
табылады. Кәсіпкерлік әркеттің мамандандырылған бұл саласында бағалы
қағаздар (акциялар, облигациялар т.б.), валюталық құндылықтар және ұлттық
ақшалар сату-сатып алу құралдары ретінде танылады. Қаржылық-несиелік
кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін ұйымның мамандандырылған арнайы жүйесі
құрылады, олар: коммерциялық банктер, қаржы-несиелік ұйымдар, қор
биржалары, валюталық биржалар және басқа да мамандандырылған ұйымдар.
Кәсәпкерлік әрекетті жалпыға бірдей тәсілмен топтағанда кәсіпкерліктің
келесідей түрлерін бөліп қарастырады.
1. Өндірістік – қызмет көрсету мен басқа да өнімдерді тікілей жасап
шығару;
2. Коммерциялық – жасалып шыққан өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізіп
беретін арадағы делдалық әрекет;
3. Қаржылық – қызмет көрсету мен өнім өндіру мақсаты мен қаржы
құралдарын түзудің айрықша түрі.
4. Кеңестік (консультативті) – қаржыны, маркетингті басқару,
өндірушілердің мүмкіндіктерін бағалау, жалпылай басқару мәселелері
бойынша көмек пен кеңес беру әрекеті.
Кәсіпкерліктің аталған осы әрекеттерінің алғашқы үш түрін кезең бойынша
ажыратып, негізгі түрге жатқызады, демек, бұл әрекеттердің нәтижесі тауар,
қызмет түрлерін өндіру, оны тұтынуға дайындау болып табылады. Соңғы,
төртінші түрді кәсіпкерлік әрекеттің көмекші түріне жатқызады, оның мәні
тауар мен қызмет көрсетудің сапасын, бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, әр
түрлі тәсілдер, әдістер, технологиялар, жобалар ойлап табуда жатыр.
Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік әркеттеріндегі қызмет көрсету
ерешеліктеріне байланысты туристік қызмет көрсету де осылардың қатарына
жатады.
Сонымен, туроператорлардың әрекеттері көп жағдайларда туристік өнімнің
ұйымдық дайындығын, оның бөлшектеп өндірілуін, тұтынушыға сатылу секілді
бөліктерді құрайды. Сол себепті, туроператорлардың әрекетін шартты түрде
өндірістік кәсіпкерлікке жатқызуға болады.
Туристік агенттер сатушы делдал турлардың қызметін атқарады. Сонымен
қоса, олар қызмет көрсетудің басқа да түрлерін, мысалы, сақтандыру,
консульдік қызмет көрсетуді орындап отырады. Бұл кәсіпкерлік әрекеттің
аралас түрі.
Контрагенттер – туристік өнімді тұтынушыларға қызмет көрсетіп, қонақ
үйлер, мейрамханалар, экскурсиялық бюро секілді қызметтермен туристерді
қамтамасыз етеді.
Туристік ұйымдар қызмет көрсетуді атқару, сатуды ұйымдастыру секілді
әрекеттерді ұштастыра алады. Мұндай жағдайда фирма бір уақытта кәсіпкерлік
әрекеттің бірнеше түрін орындайды.
Кеңестік кәсіпкерлік әрекет туризм саласында кең қолданылады. Туристік
қызметтердің сапасы жоғары және құрамы күрделі болған сайын, туристік
қызмет көрсетуді жүзеге асыру және жасау процессіне қатысатын кеңесші
мамандардың да саны да арта түседі. Мысалы, клубтық демалыс (таймшер)
келесідей қатысушыларды пайдаланады: промоутерлер (жобаны жасаушылар), сату
мамандары, курорт басқарушылары, клубтық демалыс орындарын алмастыру
мамандары.
3 тақырып. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік әрекеті
1. Кәсіпкерлік ортаның мәні.
2. Сыртқы кәсіпкерлік орта.
3. Нарық – кәсіпкерлердің тіршілік ету ортасы.
4. Ішкі кәсіпкерлік орта.
Кәсіпкерлік ортаның мәні. Жоғарыда атап кеткендей, кәсіпкелік елде
белгілі бір сыртқы және ішкі факторлардың, өркениетті кәсіпкерліктің
дамуына жақсы мүмкіндіктер туғызып, қамтамасыз ететін жағдайлардың
арқасында ғана дами алады, яғни белгілі бір кәсіпкерлік орта қалыптасқан
болса.
Кәсіпкерлік ортаның астарынан нарықтық-экономиканың барлық
субъектілерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпкерлік
әрекетпен айналыса алатын еңбекке қабілетті азаматтарды экономикалық
бостандықпен қамтамасыз ететін елдегі қалыптасқан әлеуметтік –
экономикалық, саяси, азаматтық – құқықтық жағдайларды түсінеміз.
Кәсіпкерлер алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруда табысқа жетуіне,
кәсіпкерлік жобалар мен келісім – шарттарда іске асыруға, кіріс алуға
мүмкіндік беретін объективті және субъективті факторлардың жиынтығы
негізінде және кәсіпкерлік орта құрайтын белгілі бір жағдайлар негізінде
қызмет етеді. Күрделі жүйе ретінде кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерге тәуелсіз
сыртқы және кәсіпкерлер тікелей қалыптастыратын ішкі орта болып бөлінеді.
Кәсіпкердің табысқа жетуі оның қызмет ету жағдайларына байланысты. Осы
жағдайлардың бірнешеуін келтірейік;
Кәсіпкерлік орта – бұл кәсіпкерліктің нәтижелеріне әсер ететін, оны
жүзеге асыратын қоғамдық жағдайлар. Сол қоғамдық жағдайлардың келесідей
топтарын ажыратады:
Экономикалық жағдайлар – бұл тауарлардың ұсынысы және оларға деген
төлемге қабілетті сұраныс; кәсіпкерлікке арналған заемдық қарыз
құралдардың мөлшері және қол жетерлілігі; альтернативтік қызметтердің және
олардың бағасының болуы; нарықтың инфрақұрылымның дамығыштығы; бәсекелестік
жағдайдың болуы.
Әлеуметтік жағдайлар - бұл қоғамның кәсіпкерлікті дамыту жолдары мен
оған деген қатынас туралы түсінігі; мемлекеттің (басқару аппаратының)
кәсіпкерлікке қатынасы; кәсіпкер іскерлікке қарым-қатынасқа түсетін
мамандардың білім деңгейі.
Құқықтық жағдайлар – бұл кәсіпкерлік әрекетті реттеп отыратын және
кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызатын заңдық актілер. Ең маңызды заң ол
кәсіпкерлік әрекеттің кепілділігі, меншікке құқықтылық және келісім-шарт
міндеттемелерін сақтау туралы заңдар болып табылады.
Сыртқы кәсіпкерлік орта. Сыртқы кәсіпкерлік ортаның жағдайы елдегі,
жекелеген аймақтардағы кәсіпкерліктің дамуына едәуір әсер етеді. Сыртқы
кәсіпкерлік орта дегенде кәсіпкерліктің құрылуы, қалыптасуы, дамуына
тікелей және жанама әсер ететін жағдайлар мен факторлардың жиынтығын
түсінеміз. Сыртқы орта кәсіпкерлер тұрғысынан алғанда объективті орта болып
табылады және адамның тілегінен тәуелсіз түрде әрекет етеді. Көздеген
табысқа жету үшін кәсіпкерлер барлық сыртқы факторлар мен жағдайларды жақсы
білулері тиіс. Осы факторларды білу оларға өз бизнестерінің ақырғы
нәтижелерін алдын-ала болжауға көмектеседі. Сыртқы экономикалық орта
келесідегідей жүйелерді қамтиды:
– елдегі және аймақтағы экономикалық жағдай;
– қоғам мен мемлекет дамуының қалыптылығын сипаттайтын саяси жағдай;
– кәсіпкерліктің және нарықтық экономиканың басқа да субъектілерінің
жауапкершілігін, міндеттерін, құқықтарын белгілейтін құқықтық орта;
– мемлекеттік реттеу мен кәсіпкерлікті қолдау;
– жұмыссыздық деңгейімен, тұтынушылардың, халықтың сұранысымен
байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдай;
– халыққа кәсіпкерлік бизнестің белгілі бір түрімен айналысуға
мүмкіндік беретін білім деңгейін айқындайтын мәдени орта;
– ғылыми – техникалық, технологиялық орта;
–кәсіпкерліктің дамуына қажетті табиғи өндірістік факторлардың
жеткілікті түрде болуы;
– кәсіпкерлік ұйымдардың қызмет ету процессіне әсер ететін климаттық
жағдайлармен байланысты физикалық орта;
– табиғи катаклизмдердің жоқ болуы;
– іскер байланыстарды, коммерциялық операцияларды жүзеге асыру
мүмкіндіктері мен қамтамасыз ететін ұйымдардың жеткілікті болуын
куәландыратын институциональды – ұйымдық орта;
Сыртқы кәсіпкерлік ортаның басқа да жүйелерін қарастырмай-ақ даму
жағынан кәсіпкерлікке маңызды болып табылатын институциональді ұйымдық
ортаға қысқаша мінездеме беріп кетейік.
Мұндай институттарға жататындар: коммерциялық банктер және басқа да
қаржылық-несиелік ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, жарнамалық компаниялар,
кәсіпкерлердің мүддесін қорғау, консалтинг, аудит секілді кәсіби қызметтер
бойынша мамандандырылған ұйымдар, кәсіпкерлік ұйымдарға арналған мамандар
дайындайтын оқу орындары, нарықты зерттейтін компаниялар, шикізат,
материал, энергия, жылу басқа да қызмет түрлерін тасымалдаушыларды зерттеу
орындары.
Нарық - кәсіпкерлердің тіршілік ету ортасы. Егер елде нарық болмаса,
онда кәсіпкерлік те болмайды. Ғылыми әдебиеттерде нарыққа берілген көптеген
анықтамаларын сараптай келе келесідей ой тұжырымдалады. Нарық дербес,
бөлек шешім қабылдай алатын субъекттер арасындағы қарым-қатынас формасы.
Нарық бұл күрделі және көп құрылымды экономикалық құбылыс, бұл сұраныс пен
ұсыныстың қосындысы, бұл кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасындағы тауарды
сату-сатып алумен байланысты қоғамдық-экономикалық қарым-қатынас формасы.
Тек нарықта ғана өндірілген тауардың нақты бағасы анықталады. Осыған
байланысты нарық кәсіпкерлердің тірішілік ету ортасы болып қоймай, елде
кәсіпкерліктің дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қазіргі нарық кәсіпкерлерге тауардың көлемі мен түрлерін сату және
шығарудың әдістеріне еркіндік беретін қалыптасқан, ұйымдасқан жүйе болып
табылады. Ол барлық тұтынушыларға сатып алу еркіндігіне кепілдік береді.
Ешкім заңды түрде біреуді бір нәрсені өндіруге немесе сатып алуға күштей
алмайды.
Ешбір елде еркін нарық болмайды, өйткені оған белгілі экономикалық
жағдай жоқ. Керісінше жеке меншіктің әртүрлі формалары бар бәсекелестік
нарық болады. Мұнда мемлекеттік емес меншіктер басым болады. Дамыған
нарықтық инфрақұрылымның негізігі үш элементі бар: тауарлар және қызмет
нарығы, өндіріс нарығы және қаржы нарығы.
Дамыған бәсекелестік нарық күрделі құрылымымен және күрделі жүйемен
(биржа, коммерциялық банктер, аудиторлық мекемелер, сақтандыру
компаниялары, жарнамалық компаниялар, кәсіпкерлер ассоциациясы және т.б.)
ерекшеленеді.
Қазіргі нарық әртүрлі категориялар бойынша топтастырылады:
а) нарықтық қарым-қатынастағы экономикалық бағыты бойынша –
тұтынушылардың тауар және қызмет нарығы, өндіріс нарығы, тауараралық нарық,
ноу-хау нарығы (патенттелмеген техникалық маңызы бар ақпараттар, формула,
документация, өндірісті ұйымдастыру схемалары) шикізат нарығы, еңбек
нарығы, бағалы қағаздар нарығы және т.б.;
б) географиялық ауқымы бойынша – жергілікті, аймақтық, ұлттық, әлемдік;
в) бәсекені шектеу дәрежесі бойынша – монополистік, олигополистік,
монопсонистік, еркін, аралас;
г) әрекет етуші заң шеңберінде – заңды және заңсыз;
д) сала бойынша – көліктік, компьютерлік, мұнай, газ, туризм және т.б.;
е) нарықтық қатынастарды ұйымдастыру түріне қарай – көтерме және
бөлшектік, экспорттық, импорттық.
Нарықтың басқа экономикалық саламен салыстырғанда басым артықшылықтары
бар. Біріншіден, нарықта барлық ресурстар түрлері тиімді сатылады. Нарық
тұтунышыларға қажетті тауар өндірісіне ғана бағыттайды. Екіншіден, әрбір
адамда нарық туралы экономикалық ақпараттар : (бағалар, бәсекелестер,
өндіріс көлемі сияқты мәліметтер) болғанда қалыптасады. Үшіншіден, нарықтың
артықшылығы болып өндіріс жағдайларының өзгеруіне бейімділігі табылады.
Төртіншіден, нарыққа қатысушылардың ғылыми-техникалық прогрестің
нәтижелерін оңтайлы қолданылуында. Бесіншіден, кәсіпкерлер еркін таңдау мен
әрекеттерге құқылы. Олар шешім қабылдауға , әртүрлі келісімдер жүргізуге
ешкімге тәуелсіз. Алтыншыдан, нарық тұтынудың әртүрлі қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар нарықтың кемшілік тұстары да бар. Шетелдік тәжірибеге
сүйене отырып мынадай кемшіліктерді бөліп алуға болады:
1. Нарық қажетсіз ресурстарды сақтауға кепілдік бермейді.
2. Нарық қоршаған ортаны экономикалық тұрғыда қорғай алмайды, тек
мемлекет қана кәсіпкерлерді экологиялық таза өнімдерді шығаруға
мәжбүрлейді.
3. Нарық мемлекеттік ресурстарды дұрыс оңтайлы қолдануды қадағалай
алмайды.
4. Нарықта тауарларды өндіруге деген құлшыныстар тудырмайды.
5. Нарық барлық азаматтардың еңбек пен табыс құқығына кепілдік бермейді.
6. Нарық ғылыи зерттеулердің дамуын қамтамасыз етпейді.
7. Нарық әлеуметтік қажетті тауарлардың өндірілуіне бағытталмайды,
керісінше ақшасы көп азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыруға
бағытталған.
8. Нарық инфляциялық процесстерге байланысты тұрақты дами алмайды.
Сондықтан нарық істей алмаған кейбір бағыттарды мемлекет өз қолына
алады.
Нарықтың маңызды бөлігі оның бәсекелестігі болып табылады. Бәсеке – бұл
кәсіпкерлердің тұтынушылармен және өзара бәсекеге түсетін жүйеленген
механизмі. Бәсеке - экономикалық прогрестің қозғаушысы. Бәсекенің келесі
түрлерін ажыратады:
1. функционалды (белгілі бір тауар бәсекесі);
2. түр ішілік– баға және сапасы жағынан;
3. фирма аралық – белгілі бір фирма, кәсіпорын арасында;
4. сала ішілік және салааралық;
5. жетілген және жетілмеген.
Ішкі кәсіпкерлік орта. Кәсіпкерліктегі жетістік көптеген факторларға
байланысты, оның ішінде маңыздысы ішкі кәсіпкерлік орта болып табылады.
Ішкі кәсіпкерлік орта субъективті: ол кәсіпкердің тікелей өзіне, ықыласына,
күш-жігеріне, қойылған мақсатқа жетуіне, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізе
алуына байланысты. Ішкі ксәіпкерлік ортаға мына факторларды жатқызуға
болады: капиталдың қажетті көлемінің болуы, фирманың ұйымдық – құқықтық
формасын дұрыс таңдау, бір саланы таңдау, әріптестер командасын іріктеу,
нарықты білу, кадрларды таңдау және персоналды басқару, кәсіпкерлік құпияны
сақтай алу механизмі және т.б.
Кәсіпкерлік табыстарға жету үшін нақты бизнес-жоспар құру қажет,
тәуекелді болжау және олардың алдын алу, жаңа технологияларды енгізу,
фирманың дамуының нақты стратегиясын құру және енгізу керек. Сонымен қатар
ішкі орта факторларына кәсіпкерлердің және жалдамалы менеджерлердің
заңдарды және нормативті актілерді орындалуын сақтауды жатқызуға болады.
Жетістікке тек қана өз білімдерін үнемі жетілдіреп отыратын, бизнесті
ұйымдастыру мен жүргізудің заңды механизімін жақсы білетін, келісім-
шарттарды жүргізе алатын кәсіпкерлер жете алады.
4 тақырып. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-құқықтық формасы. Кәсіпкерлік
әрекеттің субъектілері мен объектілері
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкерлік әрекеттің субъектілері болып
әрекет қабілеті бар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар, яғни коммерциялық
ұйымдар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетел ұйымдары айналыса
алады.
1. Жеке тұлғалар – кәсіпкерлік субъектілері. ҚР Ата заңынды айтылғандай
әрбір азамат өз мүмкіндіктері мен мүлкін кәсіпкерлікке және өзге де заңға
қайшы келмейтін әрекетпен айналасуға құқылы. Елеміздің тарихында бұл заң
негізгі заңдар тармағына тіркеліп, азаматтардың заңды кәсіпкерлікпен
айналысуға экономикалық еркіндікке кепілдік береді. Бірақ та ҚР Ата заңының
80 бабында Қазақстан азаматы өзінің толық құқығын тек 18 жастан ғана бастай
алады. Осыған сәйкес кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға құқықтық тұрғыдан
өзінің бизнесін мемлекеттік тіркеуден өткізген кезде 18 жасқа толғаннан
бастап әрекет етуге құқылы.
ҚР АК 15 бабына сәйкес әрбір азамат өзінің құқылы әрекетіне, азаматтық
міндеттері мен олардың орындалуы кәмелет жасына толғаннан басталады деген.
Ал егер заң жүзінде азамат 18 жасқа дейін некеленген болса, некеге түскен
уақытынан бастап толық әрекетке ие болады. Некеге түскен уақытта ие болған
құқыққа 18 жасқа дейін некені бұзған жағдайда сақталып қалады. Осыған
сәйкес 18 жасқа толған жеке тұлға жеке және заңды тұлға ретінде
кәсіпкерлікпен айналысуға толық құқылы.
Бірақ кәсіпкерліктің белгілі бір түрімен айналысуға азаматтың арнайы
жоғары білімі, шартты түрде кәсіби төлқұжаты және кәсіби біліктілігі болуы
қажет.
Азаматтық заңнамаға сәйкес әрекет етуге қабілеті бар азаматтардың
кейбір бөлігі кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға құқысы жоқ. Мемлекеттік
биліктің атқарушы тұлғалары және мемлекеттік басқарушыларға жеке
кәсіпкерлікпен айналысуға, жеке меншігінде кәсіпорынның болуы, өзінің
тиесілі акциялар, пайларымен, үлес арқылы шаруашылық серіктестердің
жиналысында жеке өзі немесе өкіл арқылы дауыс беруге құқығы жоқ. Сонымен
қатар кәсіпкерлікпен әскери адамдар, қарулы күштер министрлігінің
қызметкерлері, полиция қызметкерлері және салық полиция қызметкерлеріне
айналысуға болмайды. Әрекет қабілеті бар азамат заңды тұлға құрмай-ақ жеке
кәсіпкерлікпен айналысуға және осы мақсатта заңды тұлғалармен және жеке өзі
заңды тұлға құра алады.
Азамат жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін жеке кәсіпкерлік куәлігін алу
керек, ал сауданы жүргізу үшін патент алу керек.
1. Заңды тұлғалар – кәсіпкерлік субъектілері. ҚР АК 21 бабына сәйкес
заңды тұлға деп сотта жауапкер және талапкер бола алатын, мүліктік
және жеке мүліктік емес құқықтарды жүзеге асыра алатын және оларға
ие бола алатын, өзінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруында
оқшауланған мүлкі болатын және өзінің міндіттемелері бойынша осы
мүлікпен жауап беретін ұйым танылады. Заңды тұлға деп міндетті түрде
мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан танылады. Заңды тұлғаның ұйымдық
– құқықтық формасын белгілейтін атауы болады. Ұйымдық – құқықтық
формасына байланысты заңды тұлға жарғы немесе құрылтайшылардың келісім-
шарттары негізінде әрекет етеді.
ҚР АК 45 бабына сәйкес, заңды тұлғалар екі түрге жіктеледі:
коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.
Өзінің әрекетінде табыс табуды мақсат тұтқан ұйымды коммерциялық ұйым
дейміз. Белгіленген заңға сәйкес, коммерциялық ұйымдар таза табысты
құрылтайшылар арасында бөліседі. Осыған байланысты барлық коммерциялық
ұйымдарды кәсіпкерлік ұйымдар деуге болады. Коммерциялық ұйымдар
шаруашылық серіктестік және серіктестік түрінде, өндірістік кооперативтер
түрінде құрылады.
Өзінің әрекетінде табыс табуды мақсат тұтпайтын және табысты
құрылтайшылар арасында бөлісе алмайтын ұйымды коммерциялық емес ұйым дейміз
(сурет 2).
ҚР заңына сәйкес, коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық және діни ұйымдар,
коммерциялық емес серіктестер, мекемелер, әлеуметтік, қайырымдылық және
өзге де фондттар, ассоциациялар түрінде құрылады. Коммерциялық емес ұйымдар
әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ғылыми мақсаттарды, азаматтардың
денсаулығын қорғау, денешынықтыру және спортты дамыту және қоғамдық
игіліктерді көздеуі мүмкін.
Заңды ұйымдар филиалдар мен өкілдіктерін аша алады, бірақ олар заңды
тұлғалар бола алмайды. Оларды құрған заңды тұлғалардың мүліктеріне ие
болады және олар бекіткен ереже бойынша қызмет жасайды. Филиал деп заңды
тұлғаның оның орналасқан жерінен басқа жерде орналасқан және олардың барлық
функцияларын атқаратын оқшауланған бөлігін айтамыз. Өкілдік деп – заңды
тұлғаның оның орналасқан жерінен өзге жерде орналасқан және заңды тұлғаны
қорғайтын оқшауланған бөлігін айтамыз. Филиалдардың және өкілдіктердің
басшылары заңды тұлғамен бекітіледі.
Заңды тұлға деп міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан
бастап танылады. Заңды тұлға жарғы немесе құрылтайшылық келісім – шарт
негізінде жұмыс атқарады.
Заңды тұлғаның реорганизациясы (қайта құрылуы, ұйымдасуы) –
құрылтайшылардың келісімі бойынша бірігуі, бөлінуі, қайта құрылуын айтамыз.
2 сурет. Заңды тұлғалардың жіктелуі
2. Кәсіпкерлердің құқықтары. Кәсіпкерлердің құқықтары дегенде, біз жеке
және кәсіпкерлік ұйымдардың құқықтарын түсінеміз. Кәсіпкерлердің
құқықтары заңдармен белгіленеді. Кәсіпкерлердің азаматтық құқықтары
мен міндеттері:
заңда қарастырылған келісім-шарттар мен мәмілелерден (айырбас шарты,
факторинг шарты, франчайзинг шарты және т.б.), заңда қарастырылмаған бірақ
заңға қайшы келмейтін келісім-шарттар мен мәмілелерден;
азаматтық құқықтық міндеттерін белгілейтін сот шешімдерінен;
заңмен жол берілетін мүлікке ие болу нәтижесінде;
ғылыми, мәдени, әдеби, туындылар құру нәтижесінде;
өзге тұлғаға зиян келтіру нәтижесінде;
азаматтардың және заңды тұлғалардың өзге әрекеті нәтижесінде туындайды.
Қолданыстағы заңнамада кәсіпкер келесідей құқықтарға ие:
заң рұқсат беретін кәсіпкерліктің кез-келген түрімен айналысуға;
кез-келген ұйымдық – құқықтық формадағы жеке кәсіппен айналысуға;
кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға қажет өз қарамағында кез-келген мүлікке ие
болуы.Мүліктің көлемі заңмен шектелмейді.
өз бизнесін жеке жоспарлауға;
Тауарды, тұтынушыларды таңдауға, өндірістің барлық факторларын
тасымалдаушыларды таңдауға, заңға сәйкес кәсіпкерлік келісім-шарттарды
жүргізуге;
жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақы мөлшерін бекітуге, қосымша материалдық
көмек көрсетуге, бірақ бұл құқықтар құрылтайшылар құжаттарында көрсетілуі
қажет және еңбек заңына қайшы келмеуі тиіс;
жалдамалы жұмысшыларға қосымша демалыс беруге;
жұмысшыларды еңбек заңына сәйкес келісім-шарт арқылы жұмысқа тартуға;
сыртқы экономикалық, сыртқы сауда әрекетімен айналысуға;
кез-келген банкте есеп-шот ашуға;
тауар өндіруге, қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алуға, зейнетақы,
медециналық және әлеуметтік сақтандыруға, мемлекеттік билік органдарының
заңсыз шешімдеріне өзінің заңды құқығын қорғауға құқылы.
ҚР Салық кодексінің бірініші бөліміне сәйкес кәсіпкер салық төлеуші
ретінде келесідей құқықтарға ие:
1. тіркелген жеріне байланысты салық органдарынан қолданыстағы салықтар
және жиындар туралы тегін ақпарат алуға;
2. салық органдарынан салық туралы заңдардың қолданылуы туралы жазбаша
түсініктемелер алуға;
3. салық туралы заңдарда бекітілгендей белгілі бір жағдайда салық
жеңілдіктерін қолдануға;
4. салық несиесін кейінге қалдыруға, ұзартуға болады;
5. салық органдарының басшыларынан салық туралы заңдарды орындауды талап
ете алады;
6. салық заңына сәйкес келмейтін заңдарды орындамауға;
7. салық органдарының қызметкерлерінің шешімдеріне белгіленген тәртіпте
шағымдануға;
8. салық құпиясын сақтауды талап ете алады;
9. салық органдары қызметкерлерінің заңға қайшы келетін шешімдеріне
белгіленген тәртіпте шығын көлемін қайтаруды талап ете алады.
Ал жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде жоғарыда аталып өткен құқықтармен
қатар келесідей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz