Гегельдің тарих философиясы



Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф.Гегель (1770 – 1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағдайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, 17-18 ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттң жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланады.
Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан- қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – «Кім абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды.
Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым– нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық – ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан- ашық қарсы шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей, қаралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін тарихын ашып беруге дәрменсіз. Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін көрсетті. Олай болса таным процесі негізінен нақтылыққа ұмтылады. Нақтылық дегеніміз көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бірлігі. Яғни нақтылық қандай да мәселеге болмасын, обьективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етеді. Ендеше, таным процедурасы абстрактылықтан басталып, нақтылықта қарай өрлейді. Бұл-таным процесіндегі негізгі принцип. Бұл принципте К.Маркс өзінің «Капиталын» жазу процесінде шебер пайдалана білді. Атақты философ Э.В.Ильенков К.Маркс «Капиталындағы» нақтылықпен абстрактылықтың диалектикасы деген кітабында Гегель айқындап берген, К.Маркс пайдаланған осы әдістің мәнін жан-жақты талдап алады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Гегельдің тарих философиясы.

Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны
ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының
ірі өкілі Г.Ф.Гегель (1770 – 1831) болатын. Оның шығармашылығының даму
кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағдайының біршама үлкен өзгеріске
түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол
өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, 17-18 ғасырлардағы ағылшын және
француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым
мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттң жетістіктерін толық зерттей отырып,
оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланады.
Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана
қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан- қилы шығармашылық
кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық
шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша
назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ
диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі –
Кім абстрактылы ойлайды? деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек
болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол
ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек
сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды.
Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым– нақтылықтың
бейнесі, ал абстрактылық – ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты
деген көзқарас айрықша орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель
ашықтан- ашық қарсы шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз,
білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана
болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан
соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі
сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі
мән бермей, қаралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін тарихын ашып
беруге дәрменсіз. Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды
мысалға ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін
көрсетті. Олай болса таным процесі негізінен нақтылыққа ұмтылады. Нақтылық
дегеніміз көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бірлігі. Яғни
нақтылық қандай да мәселеге болмасын, обьективті, тарихи, ішкі
байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етеді. Ендеше, таным процедурасы
абстрактылықтан басталып, нақтылықта қарай өрлейді. Бұл-таным процесіндегі
негізгі принцип. Бұл принципте К.Маркс өзінің Капиталын жазу процесінде
шебер пайдалана білді. Атақты философ Э.В.Ильенков К.Маркс Капиталындағы
нақтылықпен абстрактылықтың диалектикасы деген кітабында Гегель айқындап
берген, К.Маркс пайдаланған осы әдістің мәнін жан-жақты талдап алады.
Танылу процесінде логика мен диалектикаға ерекше назар аудара отырып,
пайым мен зерденің өзара байланысын тереңнен зерттеген Гегель өзінің
алғашқы еңбектерінің бірі Рух фономенологиясында зерделі ойдың негізін
көрсетті. Бұл шығарма Гегель философиясының ақиқаттың қайнау көзі және
жасырын сыры рухтың көріну формаларын, яғни оның саны, өзіндік саны, рух,
абсолюттік субьект арқылы даму жолдарын суреттеп берді.
Гегель осы шығармасында зерде мен пайымның даму процесін тарихи
негізде қарай отырып, көптеген жаңалықтар ашқанымен, негізгі бір мәселеге
келгенде үлкен бір қайшылықта келіп тірелді. Оның ойынша, философия бұрынғы
өзінің даналыққа ұмтылу деген бейнесінен бас тартып, ендігі жерде ол
білімнің саласына айналып, ғылым болуға ұмтылғаны жөн. Ұлы ойшылдың мұндай
көзқарасы, біріншіден, ұзақ ғасырлар бойы философияға қатысты қалыптасып
қалған анықтамадан бас тарту болып табылады. Екіншіден, философияның мәні
даналыққа ұмтылу және даналық емес дей отырып, оны ғылымдардың біріне
айналдыру мақсатын көздеді.
Егер бұл мәселені адамның саяси- экономикалық, қоғамдық
қатынастармен түсіндірсек, нағыз қайшылықтардың бел ортасына барып бір-ақ
түсеміз. Осындай иррационалды формалар практикалық жағынан іске аса
отырып, басқаша саяси- экономикалық қатынастар тудырып отырады. Бұл
формалардың қолдаушылары оларға бойлары үйреніп, бұл жағдайдан ешқандай
жасырын сырды көре алмай, осы қатынастармен қатар өсіп, қабаттасып кетеді.
Сондықтан олардың ойлары дәл осы дүниедегі қайшылықтарға ұрынбай, су
ішіндегі балықтай емін-еркін жүзіп жүре береді. Олар үшін рационалдық
жағдайдың өзі иррационалды болып, керісінше, иррационалды болып тұрған
дүние рационалды қолдауға ілігіп шыға келеді.
Сөйтіп, пайым өз қызметінің жемісі болған, өңін айналдырған дүниені
және туған қайшылықтарды түсіне де, меңгере де игере де алмайды. Осы
себепті оған, яғни пайымға басқа бір күштің көмегі қажет-ақ. Бұл күш осы
өңі өзгертілген, сезімнен дүниені анықтауға тиіс. Мұндай күш тек қана
ғылымға тән. Пайым соған сүйенеді.
Ғылым, ең алдымен, обьективті шындықтың заңдары мен заңдылықтарын
ашады. Бірақ, ол мәнді ашуға бғытталған. Ал пайым болса,мәнге онша жолай
алмай, құбылыстарды ғана айқындайды. Құбылыс жекелеген заттардың өзара
байланысын, өзара іс- қимылын анықтайды. Заң осы құбылыс арқылы өз
мақсатына жетіп, заттарын ішкі байланысын ашуға ұмтылады. Сөйтіп, Гегель
бұл жерде өзнің әріптесі Шеллингтен кейін жаратылыстану саласы арқылы
шындық өмірдің негізін ашуға ұмтылғанын байқаймыз. Осы мәселеге келгенде
оның ашқан жаңалықтары да аз емес. Ол, ең алдымен, қайшылықтарды атап
көрсете отырып, қарама- қарсылықтардың өзара бірлігі мен күресінің негізін
диалектиканы ретінде ашты. Гегель сондай-ақ, тепе- теңдік, бірлік, қарама-
қарсылық категорияларының өзара байланысын ашып, оладың мәнін анықтады.
Пайым ғылымға қаншама сүйенсе де, осы өні айналдырылған, әрі
түсініксіз дүниені тануға дәрменсіз болып шықты. Өйткені бұл дүниенің
қайшылығы үлкен бір кесел жазылмайтын ауру сияқты бой алып, бүкіл қоғамдық
қатынастардың (саяси, экономикалық, идеологиялық, т.б.) ішін кеңінен сайлап
кеткен еді.
Гегельдің бұл философиялық ұлы жаңалығы сол өз заманында ғана емес,
қазіргі біздің дәуірімізде де ерекше маңыз атқарып келеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық философиясы пәнi
Гегель философиясы
Классикалық неміс философиясы жайында
Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуы
Гегельдің философиясы
Неміс философиясы – неміс халқының философиялық білімдер жүйесі
XVIII—XIX ғасырлардағы неміс философиясы
Қазіргі заманғы әлеуметтiк философия пәнi
Тарих философиясы туралы
Неміс классикалық философиясының негізгі сипаттары
Пәндер