Микроэкономикадағы сұраныс және ұсыныс моделі



КІРІСПЕ

1 ТАРАУ. СҰРАНЫС ЗАҢЫ. СҰРАНЫС ҚИСЫҒЫ
1.1. Сұранысқа бағалық емес факторлардың ықпал жасауы ... ... ...6
1.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.4. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... ...11

2 ТАРАУ. ИКЕМДІЛІК ҰҒЫМЫ. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС
ИКЕМДІЛІГІ
2.1. Тұтынушылық мінез.құлық теориясының негіздері.
Тұтынушылық таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Кондитер кәсіпорындарындғы сұраныс пен ұсыныс ... ... ... 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Рыноктық экономика – бұл сұраныс пен ұсыныстың үздіксіз арақатынасы. Мұндай қарым-қатынасты қарапайым моделінің тууы, экономикалық ғылым тарихында үлкен маңызды дәуір болып саналады. Сол мезеттен бері екі ғасырдан астам уақыт өтсе де, рыноктық экономикамен теориялық танысу осыдан басталады. Өйткені осы модель арқылы барлық экономикалық процестер ашылып көрсетіледі.
Расында-ақ кез келген сатып алу-сату актісіне екі феномен қатысады – «сұраныс» және «ұсыныс», олардың шамасының үлкендігі рыноктағы мәмілесінің көлемі мен баға деңгейі арқылы анықталады. Ал рыноктық экономика бағалардың динамикасы мен мәмілелердің көлемі болып табылатындықтан, тек сұраныс шамасы (тұтынушының табысына әсер ете отырып) мен ұсыныс шамасы (өндірушінің пайдасына әсер ете отырып) реттеу арқылы оларды өзгертуге болады. Бұл макро және микроэкономика үшін әділді болып саналады.
Жоғарыда айтылғанмен рыноктық теорияның сұраныс пен ұсыныс анализіне көңіл бөлінетіні түсіндіріледі. Мұндай анализ макро мен микро экономиканы байланыстыратын жіп болып табылады.
Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар.
Неге бір ғасыр уақыт бойы политикалық экономиканың ядросын құрайтын, негізінде бағалар қаланатын сұраныс пен ұсыныс моделін атақты бір автор былай деп түсіндірді: «мұндай ұзақ өмір сүрудің себебі модельдің нақты шындықты көрсетуінде емес, анық және бірмәнді тұжырымға әкелуіне. Мұндай тұжырымдарды әртүрлі экономикалық проблемалардың анализіне қолдануға болады. Берілген модель жалпы шындық суретінен алыс, бірақ ол қарапайым формада кейбір шаруашылықта істеп тұрған күштерді суреттейді және шынайы өмірдің маңызды аспектілердін көрсетеді».
Біздің елімізде рынок енді дамып келе жатқандықтан, сұраныс пен ұсынысты зерттеу, Қазақстанның рыноктық экономикасының даму жолдарын оқуда өте маңызды болып табылады. Сонымен бірге сұраныс зерттеулерінің нәтижесін практикада пайдалана білу де өте маңызды. Қазіргі кезде сұраныс пен ұсыныс туралы мағлұматсыз практикада бірде – бір фирма өмір сүре алмайды. Міне, сондықтан мен осы проблеманы тереңдеп оқығып келді.
1. Я.Ә. Әубәкіров, Қ. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е. Байжұманов, С. Досқалиев, Ж. Жәйшебеков. Экономикалық теория. Алматы. «Қазақ университеті», 1999 ж.
2. Я.Ә. Әубәкіров, Қ. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е. Байжұманов, С. Досқалиев, Ж. Жәйшебеков. Экономикалық теория негіздері. Алматы. «Санат баспасы», 1998 ж.
3. Экономическая терия (политэкономия). В.И. Видяпин, Г.П. Журавлена. Москва. Издательство «Российская экон. академия», 2000 г.
4. Нарықты экономиканың негіздері. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ұ.Е. Ақтобе, 1993, I-бөлім.
5. Курс экономической теории. М.Н. Чепурин, Е.А. Киселева. Издательство «Аса». 1998 г.
6. С.С. Мәуленова, С.Қ. Бекмодин, Е.Қ. Құдайбергенов «Экономикалық теория» оқулық I-бөлім Алиаты 2004 ж.
7. Осипова Г.М. «Экономикалық теория» Алматы 2002 ж.
8. Курс микроэкономики: Учебник длы Вузув. – М.: Инфра – М., 1998 г.
9. «Экономическая теория»: Практикум/Под.Ред. Н.И. Базылева, Л.В. Воробьевой. 2-ое изд. Перераб. Ии доп. – Минск: БГЭУ, 2000 г.
10. Основы эконеомической теории. М.А. Сажина, Г.Г. Чибриков. Москва. Издательство «Экономика» 1999 г.
11. Д.Қ.Іллиясов. Маркетинг: теориясы мен практикасы.. Алматы. «Қазақ университеті» 2002 ж.
12. С.ННысанбаев,Г.А.Садыханова. Маркетинг негіздері. Алматы. «Қазақ университеті» 2002 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және
Ғылым Министрлігі
әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес факультеті
Макро-микроэкономика кафедрасы

Курстық Жұмыс
Тақырыбы:Микроэкономикадағы сұраныс және ұсыныс моделі

Тексерген: Дуламбаева Р.Т.
Э.ғ.к;доцент
Орындаған: Жекенова С.Т.
МК04К1

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 тарау. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы
1.1. Сұранысқа бағалық емес факторлардың ықпал жасауы ... ... ...6
1.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс
қисығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...8
1.3. Ұсынысқа ықпал етуші
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 9
1.4. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттері
... ... ... ... ... ... ... ...11

2 ТАРАУ. Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс
икемділігі
2.1. Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздері.
Тұтынушылық
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Кондитер кәсіпорындарындғы сұраныс пен ұсыныс ... ... ... 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..27

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Кіріспе

Рыноктық экономика – бұл сұраныс пен ұсыныстың үздіксіз арақатынасы.
Мұндай қарым-қатынасты қарапайым моделінің тууы, экономикалық ғылым
тарихында үлкен маңызды дәуір болып саналады. Сол мезеттен бері екі
ғасырдан астам уақыт өтсе де, рыноктық экономикамен теориялық танысу осыдан
басталады. Өйткені осы модель арқылы барлық экономикалық процестер ашылып
көрсетіледі.
Расында-ақ кез келген сатып алу-сату актісіне екі феномен қатысады –
сұраныс және ұсыныс, олардың шамасының үлкендігі рыноктағы мәмілесінің
көлемі мен баға деңгейі арқылы анықталады. Ал рыноктық экономика бағалардың
динамикасы мен мәмілелердің көлемі болып табылатындықтан, тек сұраныс
шамасы (тұтынушының табысына әсер ете отырып) мен ұсыныс шамасы
(өндірушінің пайдасына әсер ете отырып) реттеу арқылы оларды өзгертуге
болады. Бұл макро және микроэкономика үшін әділді болып саналады.
Жоғарыда айтылғанмен рыноктық теорияның сұраныс пен ұсыныс анализіне
көңіл бөлінетіні түсіндіріледі. Мұндай анализ макро мен микро экономиканы
байланыстыратын жіп болып табылады.
Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты
бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар.
Неге бір ғасыр уақыт бойы политикалық экономиканың ядросын құрайтын,
негізінде бағалар қаланатын сұраныс пен ұсыныс моделін атақты бір автор
былай деп түсіндірді: мұндай ұзақ өмір сүрудің себебі модельдің нақты
шындықты көрсетуінде емес, анық және бірмәнді тұжырымға әкелуіне. Мұндай
тұжырымдарды әртүрлі экономикалық проблемалардың анализіне қолдануға
болады. Берілген модель жалпы шындық суретінен алыс, бірақ ол қарапайым
формада кейбір шаруашылықта істеп тұрған күштерді суреттейді және шынайы
өмірдің маңызды аспектілердін көрсетеді.
Біздің елімізде рынок енді дамып келе жатқандықтан, сұраныс пен
ұсынысты зерттеу, Қазақстанның рыноктық экономикасының даму жолдарын оқуда
өте маңызды болып табылады. Сонымен бірге сұраныс зерттеулерінің нәтижесін
практикада пайдалана білу де өте маңызды. Қазіргі кезде сұраныс пен ұсыныс
туралы мағлұматсыз практикада бірде – бір фирма өмір сүре алмайды. Міне,
сондықтан мен осы проблеманы тереңдеп оқығып келді.

I.Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы.

Микроэкономикадағы негізгі мәселе - әртүрлі рыноктардағы тауарлардың
бағасының құрылуына әсер ететін факторларды талдау.Альфред Маршаллдың
концепциясы бойынша баға құрылудағы негізгі факторлар болып сұраныс,
ұсыныс және оларға әсер ететін өндірістік шығындар, ресурстардың
сиректілігі, тауардың пайдалылығы, фирманың өндірістік мүмкіндіктері,
уақыт интервалы және т.б. аталады. Микроэкономика сұраныс пен ұсынысты
зерттеуден басталады.
Сұраныс төлем қабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді.
Сұраныс – бұл рыноктық баға құрылу процесіне әсер ететін жақтарының
бірі.
Сұраныс деп белгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы
тиіс тауардың мөлшері де аталады. Сонымен, сатып алушының ақша қаражатымен
қамтамасыз етілген қажеттілік сұраныс немесе төлем қабіліттілі деп аталады.
Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп
ұйғарғандағы, әртүрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.
1-кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар осіне түсіріп,
бейнелеуге болады. Бұл қисықты Д әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп
атаймыз.
Етке сұраныс
1 кг-ның бағасы(теңгемен) Сұраныс көлемі (1айға, кг)
700 3
600 5
650 6,5
500 8
550 9,5
400 11
350 14,5
300 17

1-кесте. Еттің бағасы өзгерген кезде оған сұраныстың өзгеруі.
Сұраныс қисығы зерттеліп тауардың сатып алынатын бағасы мен оның
сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікп көрсетеді. Егер баға 500-ден 600
теңгеге дейін жоғарласа, онда сұраныс көлемі 8кг-ден 5кг-ға дейін
төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы
тауардың бағасы мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны
арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, олардың негізгісі болып баға
аталады. Баға мен сұраныс шамасының арасында кері байланыс бар: бағаның
көтерілуі сұранысты түсіреді және керісінше. Яғни неғұрлым баға жоғары
болса, соғұрлым сұраныс төмен және керісінше, неғұрлым баға төмен болса,
соғұрлым сұраныс жоғары. Бұл сұраныс заңы деп аталады. Бұл заң нақты
ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.(1 сурет)
Сұраным қисығының конфигурациясын және тұтынушының мінез-құлқын
экономикалық теориядағы әйгілі 2 тиімділікпен немесе әсер мен түсіндіруге
болады: табыс әсері және орнына басу әсері.

1 сурет. Сұраныс қисығы.
Табыс әсері тұтынушының шынайы табысы мен сұранымының тауардың бағасы
өзгергенде қалай өзгеретінін көрсетеді. Мысалы, алманың бағасы 3 есе
арзандаса, (300 ден 100 теңге 1 кг үшін) сіз өзіңіздің тұрақты 3000 теңге
табысыңызға 10 кг емес, 30 кг алма ала аласыз. Ал есер сіз алманың көлемін
бұрынғы қалыпта сақтағыныз келсе, яғни 10 кг, онда қалған ақшаға ет, конфет
және т.б. Сатып алуға болады. Бағаның төмендеуі сізді байытты және сұраным
көлемін ұлғайтты.
Орынын басу әсері тауарға қатысты баға мен тұтынушының сұраным
көлемінің арасындағы байланысты көрсетеді. Алманың бағасының төмендеуі
басқа тауардың мысалы, алмұрттың бағасы төмендегенде арзандайды. Тұтынушы
алмұрттың орнына 10 кг алма емес, 15 немесе 20 кг сатып ала алады (2
сызба).
Сұранымның біртіндеп кему заңының барлық тауарға қатысы бар. Оның
себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың
табыстарының шектеулігіне байланысты. Егер бағалы тауарды тек бай адамдар
ғана сатып алса, бағаның төмендеуі тауарды сатып алуға, біріншіден, рыноққа
жаңа сатып алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның төмендеуі тұтынушыны
қосымша тауар сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту
керек, осы тұтынушының сұранымының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан
әрі төмендеуінде төмен деңгейдегі адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы
себепті рыноктағы сатып алу сомасы ұлғая береді.
Сұраным қисығы бойымен қозғалыс, баға өзгерісіне тәуелді тауардың сатып
алынған мөлшері өзгерістерін көрсетеді. Бұл сұраным көлемінің өзгеруі деп
аталады.
Сұраным қисығы боймен қозғалу мен сұраным қисығының қозғалуын айыра
білу керек
Сұраным қисығының қозғалысы сұранымның бағалық емес факторлардың
әсеріне өзгерген кезде айқындалады. Егер, мысалы, тұтынушылар әр бір баға
бойынша қисығы оңға Д1-деп Д2-ге ауысады. Тауарды аз қалау сұранымды
азайтады және сұраным қисығын солға Д1-ден Д3-ке қозғалтады.(2 сурет)
Бұдан шығатын қорытынды сұраным қисығы боймен қозғалыс пен сұраным
көлемінің өзгерісі тауардың бағасы әсерінен болады және сұраным қисығының
қозғалысы мен сұранымның өзгеруі бағалық емес факторлар дың әсерінен
болады.

2 сурет Сүраныс қисығының қозғалысы.
Сұраныс бойымен қозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол
бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің өзгеруін
анықтайды.
Оны математикалық тәсілмен көрсетсек, сұраныс функциясы деп атаймыз
және ол төмендегідей түрде жазылады:
QD= f (P),
Мұнда, QD -сұраныс көлемі; P -зерттеліп отырған тауардың бағасы.

1.2. Сұранысқа бағалық емес факторлардың ықпал жасауы

Сұраным заңына байланысты сұранымға ықпал хасаушы басты фактор –
баға.Сонымен бірге бағалық емес факторлар да бар. Олар:
- тұтынушылар таңдауы (талғамы);
- сатып алушылар саны;
- сатып алушылар табысы;
- балама тауарлардың бағалары;
- қолайлы жағдайды күту;
- рыноктың көлемі;
- тауарлардың жеңілдіктері;
- халықтың өсімі жатады.
Осы жоғарыда айтылған факторлар өзгерген уақытта сұраныс көлемі де
өзгеріп отырады, бұндай тәуелділікті экономикада жалпы сұраныс функциясы
деп атайды және оны былай көрсетеді:
QD= f (P, Pa,Pb,...,I,T),
Мұнда, QD - белгілі бір уақыттғы берілген тауарға деген сұраныс көлемі;
P, Pa,Pb - берілген тауардың және басқа тауарлардың бағасы;
I - тұтынушылның табысы,
T- тұтынушының талғамы.
Тұтынушылар әрқашанда тауарды арзан сатып алғысы келеді, ал өндірушілер
қымбат сатқысы келеді. өндірушілер тұтынушыға шекті максималды бағаны
ұсынады.
Тұтынушылар таңдауы өте субьективті және оларды ескеру қиын, бірақ даму
бағыттарын анықтауға болады. Бір тауар тұтынушылар ұнатуы жағымды өзгерсе,
ол сұранымды көбейтеді және сұраным қисығын оңға жылжытады. Керісінше
жағдай сұранымды азайтады, қисықты солға жылжытады.
Сатып алушылар санының көбеюі сұранымды көбейтеді.(мысала, өмірдің
ұзақтығының дәрә-дәрімекке сұранымды азайтады.
Табыс мөлшер әсері күрделі құбылыс. Көптеген тауарларға қатысты жағдайы
табыстың көбеюі сапалы тауарларға сұранымның өсуіне әкеледі. Сұранымы
табыстың өзгеруіне тікелей байланыстыа өзгеретін ьауралар жоғарғы
категориялы тауарлар деп аталады. Сұранымы табыстың түсуі кезенде өсетін
тауарлар төменгі категориялы тауарлар деп аталанады.(мысала,сары майдың
орнына маргарин). Табыс өсуінің белгілі шектерінде сұраным өзгермейтін
жағдайлар көп кездеседі.
Балама тауарлардың бағалары. Тауарлар әдетте 2 топты құрайды:
алмастырушы(субститут) және толықтырушы(комплементарлы). Олар сұранымға
әсер етеді. Толықтырушы таурларда бір тауардың бағасының төмендеуі екінші
тауардың сұранымының көтерулуіне әкеледі. Бұл тауарларға сұраным бір
уақытта ұсынылады. Мысалы, фотоаппараты сатып алу, пленканы сатып алуды
тудырады, егер фотоаппараттың бағасы өссе, пленкаға сұраным түседі. Екі
өнім өзара алмастырылса, онда олардың біреуінің бағасы мен екіншісінің
сұранымының арасында тура байланыс болады. Мысалы, кофенің бағасының өсуі,
шәйге сұранымды өсіреді.
Болашақтағы бағаға қатыстыф тұтынушының күтуі, оның болуы және табыс
өзгерістері мүмкін болатын сұранымды өзгерте алады.
Егер бағаның немесе табыстың өсуі күтілсе, онда тұтынушылар тауарды мол
сатып алады да күнделікті шығындарды көбейтеді. Керісінше, баға мен
табыстың түсінің күтілуі тауарға күнделікті сұранымның азаюына әкеліп
соғады.
Сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің маңызы зор. Баға
төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол тауарға
қажеттіліктің көрінісі рітінде өзгермейді. Егер, әрбір бағада ( жоғары,
төмен) сатып алушылар осы тауарды көп сатып алатын болса, сұраныстың ұлғаюы
туралы айтуға болады. Мысалы: жа здың ыстық күндерінде сусындар мен
балмұздаққа сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда Д1, қисығымен қозғалмайсыз,
өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпта болады Д2.(3 сурет)

3 сурет .
Одан басқа атап өтетін нәрсе, сұраныс көлеміне бағадан басқа табыстар
деңгейі, рынок мөлшері, басқа тауарлар бағасы мен пайдалылығы өз әсерін
тигізеді. Мысалы: сатып алушылардың орта табыстары өссе, онда басқа тең
жағдайларда сұраныс қисығы Д1 оңға жоғары ойысады. Бағаның сол деңгейіне Р1
сұраныстың өскен деңгейі сәйкес келеді.

1.2 Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы.

Ұсыным – бұл өндірушілердің сату үшін рынокта ұсынатын тауардың
мөлшері. Ұсынымның көлемі тауардың бағасы мен басқа факторларға тәуелді.
Ұсыным қисығы ұсыным тауарларының көлемі мен оның бағасының арасындағы
тәуелділікті көрсетеді. өндіріс ресурстары мен технологиялардың бағалары
ұсыным қисығы тұрақты болып қалады, яғни өзгермейді.
Баға неғұрлым жоғары болса, өндірушілер рынокқа өнімнің көлемін
соғұрлым көп әкелгісі келеді және керісінше.
Баға мен ұсынылып отырған өнімнің мөлшерінің арасындағы тура тәуелділік
ұсыным заңы деп аталады. Бұл тәуелділік графикалық түрде ұсыным заңы деп
аталады. Бұл тәуелділік графикалық түрде ұсыным қисығы S түрінде
бейнеленеді, бұл жерде S (supply)- ұсыным, P(price)-баға, Q(quantity)-
мөлшер, сан.
Сұраным қисығына қарағанда ұсыным қисығы солдан жоғарылап оңға
көтеріледі. Ұсыным көлемінің өзгеруі графикте S ұсыным қисығының бойымен
қозғалу ретінде көрсетіледі. Ұсыным көлемі тек тауардың бағасы өзгергенде
ғана өзгереді. Ұсыным қисығының бойымен қозғалу мен ұсыным қисығының өзінің
қозғалысын айыра білу керек.
Ұсыным қисығы егер осы тауарға шығындар тұрақты кезінде рынокта көп
өнім ұсынылады, S-тен S1-ге оңға қарай жылжиды. Тауардың ұсынымының өзаюы
ұсыным қисығын солға S-ден S2-ке қозғалтады.( 4 сурет)
Ұсыным қисығының қозғалысы ұсынымның өзі бағалық емес факторлардың
әсерінен өзгерген кезде болады. Бұл кезде ұсынымның өзгерісі туралы айтады.
Ұсыным қисығы бойымен қозғалу мен ұсыным көлемінің өзгеруі тауардың
бағасының әсерінен болады.
Ұсыным қисығының өзінің қозғалысы мен ұсынымның өзгеруі бағалық емес
факторлардың әсерінен болады.

4 сурет Сұраныс қисығы.
Ұсыныс қиығы баға мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы тура
пропроционалды қатынасты көрсетеді. Енді осы айтылған байланысты функция
түрінеде белгілесек, онда төмендегідей формуламен жазуға болады:
QS = f (P),
Мұнда, QS -ұсыны көлемі,
P -тауардың бағасы.

1.3. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар

Ұсынысқа ықпал етуші факторларға:
- баға
- өндіруге кеткен шығындар
- технология
- өндірістің монополияда алатын орны
- басқа тауарлардың бағасы
- ресурстардың бағасы
- салықтар мен дотациялар жатады.
Ұсынымға ықпал етуші факторларға сонымен бірге сатушылардың саны,
табиғат-климаттық жағдайлар жатады.
Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ұсыныс функциясының жалпы
түрін былай жазуға болады:
QS= f (P, Pa,Pb,...,Рn,T,K,F),
Мұнда, QS - ұсыныс көлемі
P -зерттеліп отырған тауардың бағасы;
Pa,Pb -осы тауарды өндіруге кеткен материалдар мен шикізаттың бағасы;
Рn -бірдей ресурстар көмегімен өндіруге болатын тауардың бағасы;
T -салық мөлшері;
K -қолданылатын технология тәсілі;
F -нарықтағы осы тауарды сатушылар саны.
Ұсыным детерминаторы: ұсыныс қисығы сызығының өзгеруін тудыратын
факторлар.
Ресурстар бағасы. Олардың түсуі өндіріс шығындарын азайтады және
ұсынысты көбейтеді, яғниұсыныс қисығын оңға жылжытады ресурстардың
бағасының өсуі керісінше әсер етеді.
Минералдық тыңайтқыштарға бағаның төмендеуі бидайдың ұсынымын
көбейтеді: жаңбырлатқыш қондырғыларға бағаның өсуі жүгеріні ұсынды
азайьады.
Технология. Оның жетілуі ресурстарға бағаны түсіреді. Жүрегі
зиянкестеріне қарсы тиімді инсектицидты жасау оның ұсынымын көбейтеді.
Салықтар мен дотациялар. Салықтың көтерілуі өндіріс шығындарын
көбейтеді және ұсынымын азайтады, қисық солға жылжиды. Мысалы, шылымда
акциз салығые көбейту олардың ұсынуды кемітеді.
Басқа тауарлардың бағасы. Олар ұсыныс қисығын қалай болса да жылжыта
алады. Мәселен, фирма егерде футбол доптарына баға өссе, баскетбол
доптарының өндірісін азайта алады. Қой немесе шошқа етіне бағаның төмендеуі
сиыр етін көбейтеді.
Бағаның өзгеруін күту. Болашақта мұнайғабағаныңтөмендеуінің күтілуі,
мұнай компанияларының ағымдағы ұсынысын көбейтеді.
Ұсыным көлемі таурдың бағасы өзгергенде ғана өзгергенді және ұсыным
басқа факторлар өзгергенде өзгереді. Мысалы, жаңа технология пайдаланылды
делік. Ол бұрынғы шығындарды өзгертпей көбірек өнім өндіреді, салық
көбейеді, пайдалану да көбейеді.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор - өндіріс шығындары, сондықтан, егер
техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе алуан
шаруашылығыны қатысты болса, қолайлы ауа райы жағдайында өндіріс шығындарын
азайту ұсыныс қисығы оңға төмен ауысады.
1.4. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттері.

Егер мемлекет рыноктық механизмге араласпаса, яғни бағаны қадағаламаса,
бәсекелік рынокта сұраным мен ұсынымның арасында тепе-теңдік орнайды және
тауардың рыноктық бағасы мен оның жалпы көлемі белгіленеді.
Ұсыным көлемі сұраным көлеміне сәйкес келгенде тепе-теңдік баға пайда
болады.(5 сурет)
Сұранымның артуы тепе-тең баға мен тауардың тепе-тең мөлшерін өсіреді.
Сұранымның кемуі тепе-тең баға мен тауардың тепе-тең мөлшерін кемітеді.
Тауаоға ұсынымның өсуі тепе-тең бағаның азаюына және тауардың тепе-тең
мөлшерінің көбеюіне әкеледі.
Ұсынымның кемуі тепе-тең бағаның өсуіне және тауардың тепе-тең
мөлшерінің азаюына әкеледі.
Сөйтіп, рынокта сұраным мен ұсыным барлық кезде тепе-теңдікте бола
алмайды, бірақ рынок тепе-теңдікке ұмтылады.
Сонымен, тепе-теңдік баға – бұл баға мен тауардың мөлшерінің
өзгерістері теңелген жағдайдағы сатып алу мөлшері мен сату мөлшері
үйлесетін баға.
Егер, баға тепе-теңдіктен жоғары болса, онда ұсыным сұранымнан асып
кетеді де, нәтижесінде тұтынушыда артықшылық болады немесе керісіншке –
тапшылық.
Жоғары баға өндірушілерді көп өнім өндіруге итермелейді. Мұндай бағада
сатып алушылар саны азаяды. өндірілген өнімнің аз бөлігі ғана сатылуы
мүмкін. Ал қалған бөлік артықшылық бағаның төмендеуіне әкеледі. Бағаның
одан әрі төмендеуі өндірістің қысқаруына, сұраныстың көбеюіне әкеліп,
сұраным мен ұсыным теңеседі. Баға одан әрі төмендегенде сұраным ұсынымнан
асып кетеді. Бұл дефицит деп аталады.
Тепе-теңдік баға көптеген факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін, олардың
ең маңыздысы-салық салу мен бағаны бақылау. Бұл мемлекет араласуымен іске
аырылады.
Салық салу салдары тұтынушыларға да, өндірушілерге де терісәсер етуі
мүмкін, себебі, салықтың өсуінен баға өседі, яғни тұтынушы сұранымы азаяды,
соның нәтижесінде өндіріс қысқарады.
Бұл кезде рыноқтық тепе-теңдік нүктесі өте жоғары деңгейге жылжиды.
Рыноктық баға құруға мемлекеттің араласуы да сұраным мен ұсынымның тепе-
теңдігін бұзады. Ол әлеуметтік маңызы бар тауарларға рыноктық тепе-
теңдіктен төмен деңгейде баға белгілеуде мәжбүр ету арқылы көрсетіледі.

2-кесте.Сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс.
Нарықтық жағдай Сұраныс көлемі мен Нарықтық баға
ұсыныс көлемінің
арасындағы байланыс
Тепе-теңдік QD= QS Тепе-теңдік
Тапшылық QD QS Төмендейді
артықшылық QD QS Жоғарылайды

5 сурет. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы.

Сұраныс немесе ұсыныс өзгеруі нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеруіне әкеліп
соқтырады.
Нарықтағы тепе-теңдік Е нүктесінде болған. Сұраныс көбейгеннен кейін (
Д→Д2) тепе теңдік Е2 нүктесіне дейін жылжиды. Ал сұраныс азаюы (Д→Д2) тепе-
теңдік нүктесін Е1-ге дейін өзгертті.(6 сурет )

6 сурет. Сұраныс өзгерунің нарықтағы тепе-теңдікке тигізетін ықпалы.
Нарықтағы алғашқы тепе-теңдік Е нүктесінде орналасқан. Ұсыныс
жоғарлауына ( S→ S1) байланысты нарықтағы теңдестік жағдайы Е1 нүктесіне
жылжиды.
Ұсыныс азайған уақытта (S → S2) нарықтағы бтепе-теңдік Е2 нүктесінде
болады.(7 сурет).

7 сурет. Ұсыныс өзгеруінің нарықтағы тепе-теңдікке тигізетін ықпалы.
Егер сұраныс пен ұсыныс бір мезгілде өзгеретін болса (мысалы, сұраныс
көбейіп, ал ұсыныс азайса), онда нарықтағы тепе-теңдік Е0 нүктесінен Е1
нүктесіне ауысады. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру қатынастарына байланысты
теңдестік нүктесі де әртүрлі болады;
Нарықтық баға жоғарылайды, ал сату көлемі көбейеді немесе азаяды, тіпті
өзгермеуі де мүмкін.(8 сурет).

8 сурет. Сұраныс пен ұсыныстың бір мезгілде

II. Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі.
Бір фактордың екінші факторға әсерінің нәтижесінде сұраным
сезімталдығын анықтау үшін икемділік деген түсінік пайдаланылады.
Барлық факторлардың арасындағы ең қызықтысы баға немесе табыстың
өзгерісіне сұранымның сезімталдығы және қиылысушы (жанама) икемділік болып
табылады.
Сұранымның баға бойынша икемділігі баға 1% өзгергендегі сұранымның
қанша процентке өзгергенін көрсетеді. Мысалы, бағаның 10% өскендегі
автомобильдердің сату көлемнің өзгерісін анықтау керек.
Сұранымның табыс бойынша икемділігі тұтынушылардың табысы 1%-ға
өзгергенде, сұранымның қанша процентке өзгергендігін көрсетеді. Мысалы,
жергілікті халықтың табысы 12%-ке өзгеріп, яғни өскен кезіндегі
автомобильге сұраным қалай өзгеретінін аңықтау керек.
Сұранымның қиылсқан икемділігі А өнімнің сұранымының Б өнімінің
бағасының өзгеруіне қаншалықты сезімтал екенін білдіреді.
Икемділіктің өлшем бірлігі болып икемділік коэффиценті табылады.
Сұранымның баға бойынша икемділігі былай анықталады:

Мұндағы, ЕрD –баға бойынша икемділік коэффициенті;
Q-тауар саны;
Р-тауардың рыноктық бағасы.
Тауардың бағасының өзгерісіне реакциясы күшті, әлсіз және нейтралды
болуы мүмкін. Олардың әрқайсысына сай сұранымдар бар: икемді, икемсіз,
бірлік икемді, кәміл икемсіз, кәміл икемді.
- Икемді сұраным: егер бағаның азғана түсуі кезіндесату көлемінің
елеулі өсуі. Икемді сұраным кезінде, бағаның 1%-ға түсуі сату
көлемін 1%-дан көп мөлшерге көбейтсе, икемділік коэффициенті 1-ден
кіші болады( 9 сурет.).
- Икемсіз сұранымның икемсіздік коэффициенті 1-ден кіші болады. ( 10
сурет).
- Сұраным бірлігі икемді: егер баға 1%-ға өзгергенде сату көлемі 1%-ға
өзгереді. Бұл кезде икемділік коэффициенті 1-ге тең болады.(11
сурет).
- Бағаға тәуелді болмағанда сұраным мөлшері өзгермейді. Бұл кәміл
икемсіз сұраным деп аталады.(12 сурет).
- Бағаның белгілі бір деңгейінен түссе, тауардың өткізу процесіне шек
жоқтығын кәміл икемді дейміз.(13 сурет).
Ұсыным көлемінің бағаның өсуіне байланысты өзгеруінің дәрежесі
ұсынымның икемділігімен сипатталады. Ол ұсынымның икемділік коэффициенті
көмегімен (Еs) өлшенеді.
Егер бағаның өзгерісі ұсынымды өзгертпесе, ұсыным икемсіз. (14 сурет)
Ұсыным икемді, егер тауардың бағасының (Р) азғана төмендеуі ұсынымды
(Q) нөлге дейін қысқартады және керісінше баға өсуі ұсынымды арттырады.(15
сурет)
9 сурет.Икемді сұраныс. 10 сурет. Икемсіз сұраныс.

11 сурет Икемділігі 1 тең сұрыныс. 12 сурет. Өте икемсіз сұраныс.

13 сурет.Өте икемді сұраныс. 14 сурет. Икемсіз ұсыныс.

Фирмалар ұсыным икемділігін 3 кезеңге бөліп қарастырады: қысқа
мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

15 сурет. Икемді ұсыныс.

Қысқа мерзімді кезеңде фирманың ұсынымды өзгертуге уақыты жоқ. Бұл
қысқа мерзімді кезеңде ұсынымның абсолютті икемсіз екенін білдіреді.
Орта мерзімді кезеңде фирма резервтерін пайдаланады және өндірісті
көбейтеді. Ұсыным икемділігі оң, яғни нөлден үлкен болады.
Ұзақ мерзімі кезеңде фирма ескі құралдарды жаңасымен ауыстыру арқылы
өндірісті қайта құра алады. Бұл кезеңде икемділік коэффициенті максималды
болады.
Шаруашылық практикасында икемділік анализі бөлім тауарлар мен қызмет
көрсетулердің мөлшерін аңықтауға, фирманың бағалық сасатын жоспарлауға,
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кезеңде шығынды азайтуға, табысты
көбейтуге көмектеседі.
Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тауардың рыноктағы бағасына тәуелділігі
нақты қарауды керк етеді. Әр түрлі тауарлар бір-бірінен сұраныс пен
ұсыныстың бағаның өзгеруіне жауап беру деңгейімен ерекшеленеді..
Рыноктағы сұраныс көлемнің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіні
баға өскенде кемитіні бағаға байланысты сұраныстың икемділігінің дәрежесін
сипаттайды.

Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздері.
Тұтынушылық таңдау
Тұтынушы таңдау іс-әрекеті моделі (мінез-құлқы) – тұтынушылардың әр
түрлі тауарлар мен қызметтерге сұраныманаң қалыптасу процесі.
Тұтыну игіліктерін алу сферасындағы адамдардың әрекеттері санасына
тәуелді және айқын болжауға келмейді. Алайды кез келген тұтынушы өмір
салтынан бірқатар айрықша белгілерді табуға болады:
- Тұтынушы сұранымы оның жеке бюджет мөлшеріне әсер ететін табыс
деңгейіне тәуелді болады. Табысы шекті болғандықтан, тауарлар саны
шекті.
- Әрбір тұтынушы өз ақшасына барлық мүмкін болатын заттарды, яғни
хиынтық пайдалылықты барынша арттыруға ұмтылады.
- Орта қалыпты тұтынушының талғамының айқын жүйесі және әсемдік,
сәндік көзқарасы бар.
- Тұтынушы сұранымына рынокта өзара алмасатын және бір-б3р3н
толықтыратын тауарлардың бар немесе жоқ болуы әсер етеді.
- Берілген заңдықтарға тіпті саяси экономика классиктерініңөздері
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МИКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ӨНДІРІС ФУНКЦИЯСЫ
Микроэкономикадағы өндiрiстiк функция туралы
Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар
Сұраныс қисығы
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Экономикалық заңдар
Сұраныс көлемінің өзгеруі
Қазақстан Республикасындағы тұтыну рыногы және оны дамыту мәселелерI
Қазақстандағы тұтыну рыногы және оны дамыту мәселелері
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Пәндер