Құқық жүйесі және құрылымы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2. ҚҰҚЫҚ РЕТТЕУ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН САЛАЛАРҒА БӨЛУ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Қазақстан Республикасының құқық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 Құқық саласы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

Республикамыз өз тәуелсіздігін алып, небір қиыншылықтарды артқа тастап, бүгінгі күнде экономикасы дамыған мемлекетке айналған тұста да елімізде ақсап жатқан кейбір келесі мәселелер бар екендігі да жасырын емес.
Ел болған соң, соңғы кездері жалпы халықтық құқық бұзушылық теріс әрекеттерінің қоғамда өршіп, оның алдын алудағы құқықтық тәрбие берудің кемшін тартып отырғаны қоғамдағы өзекті мәселеге айналуда. Қазақта «ел боламын десең-бесігіңді түзе» деген нақыл сөз бар. Осы сөз арқылы айтылған бабалар аманатындағы жауапкершілікті ата-анаға ғана тиісті деп емес, қоғамдағы әрбір адамзат баласының саналы ұрпақты тәрбиелеудегі, білім берудегі қағидалы мақсаты деп түсінгеніміз жөн шығар.
Сондықтан да қоғам болашағы құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда ұлттық дәстүрлі ерекшелігімізді негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жалпы білім беру мазмұнында қарастырудың маңыздылығы бүгінгі күні өз қажеттілігін танытып отыр.
Себебі күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ұжданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, заңды сыйламау арқылы қоғамда құқық бұзушылықтың кең өршіп отырғаны ойланарлық жағдай. Осының өзі жас ұрпақтың, одан қала берсе жалпы халықтың құқықтық санасын жетілдіру идеясын қуаттайды.
Бұл идея тек халық арасында айтылып қалмай, билік тізгінін ұстаған лауазым иелерін ойлантқаны да көңілімізге сенім үмітін ұялатады. Олай дейтініміз, қоғамда орын алған құқық бұзушылық сипаттағы келеңсіз құбылыстарға үн қатып, оған білім беру мекемелері арқылы құқықтық насихат жүргізу іс-шарасы ұйымдастыру жұмыстары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі тарпынан арнайы қолдау тапты.
“Құқық” терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтық мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. “Құқық – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, адамзаттардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда “құқық” түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғалар) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.

1. А.С. Ибраева, Н.С. Ибраев Теория государства и права: учебное пособие.- Алматы, «Жеті жарғы», 2003, - 65-71стр.
2. А.С. Ибраева Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша қысаша түсіндірме сөздігі.- Алматы, «Жеті жарғы» 1996ж.
3. А. Жакупова «Конституция – основа развития государства» // Заң және заман.-2005ж. №9-17б.
4. Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж.-№25-3-5 б.
5. Б. Қонақбаев «Азаматтарды құқықтық қорғау және олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту» // Заң.-2005ж.-№31.-26-28б.
6. Г. Адрасулова «Юридическое значение, функции и эффективность применения норм права» // Фемида.-2006ж.-№10-11-14б.
7. Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева Мемлекет және құқық теориясы: оқу құралы.- Алматы, «Жеті жарға», 1998ж.,-88-89б.
8. «Қазақстан Республикасының Конституциясы»: Түсініктеме.-Алматы, «Жеті жарғы», 1999ж.,-26-32б.
9. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері» : оқулық.-Алматы, 2003ж.,-112-116б.
10. Қ.А. Мустафаев «Құқықтық тәлім - тәрбие мен жалпы оқытудың іс-шаралары» // Заң.-2005ж.-№5.-31-33б.
11. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мухтарова, А.Н. Таукелов мемлекет және құқық теориясы: оқулық.-Алматы, ҚазМЗУ-дың баспа- полиграфия орталығы 1999ж.,-124-127б.
12. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» 27.12.1994ж.
13. Н.Ә. Назарбаев «Қазақтан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы .- Астана, 2006ж.,-9-11б.
14. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» Алматы, 1998ж.
15. Н.Дулатов, С. Амандықова, А. Турлаев Мемлекет және құқық негіздері: Фолиант.- Астана, 2001ж.,-10-14б.
16. Н. Елікбаев, М. Нуршаев «Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жаңа сатысы» // Заң.-2004ж.,-№13-30-34б.
17. Н.И. Матузов, А.В. Малько Теория государства и права: курс лекции.- Юристъ, Москва,1997ж.,-313-316б.
18. «Общая теория государства и права»: Академический курс 1-том.-Москва, Зерцало, 1998ж.,-70б.
19 «Общая теория государства и права»: Академический курс 2-том.-Москва, Зерцало,1998ж.,-74-78б.
20. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері: оқулық.-Алматы, 2004ж.,-28б.
21. С.А. Дьяченко «Сильная власть- сильное государство» // Заңгер.-2002ж.-№15-4-6б.
22. С. Ынтымақов « Қоғамдық қор: құқықтық жағдайының өзекті мәселелері» // Заңгер.-2005ж.-№12.-42-44б.
23. Т. Мамедсупиев «Правовая природа нормативных постановлений Верховного суда Республики Казахстан» // Фемида.-2006ж.-№4.-12б.
24. Т. Мырзамбетов «Конституция еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі» // Заңгер.- 2005ж.-№19.-40-44б.
25. Т. Ағдарбеков Мемлекет және құқық теориясы: оқулық.- Алматы, 2003ж.,-212-216б.
26. Т. Айтмухамбетов «Қазақстанның сот өндіріснде сот шешімдерін қайта қарау» // Заң.-2004ж.,-№21.-8б.
27. Т. Айтмухамбетов «Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қайта қарау институты» // Заң.-2004ж.,-№21.-9б.
28. С.А. Комаров Общая теория государства и права: учебник.-Москва, 1997ж.,-191б.

Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Құқық жүйесі мен заң жүйесінің
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. Құқық реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлу
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.18
2.2 Қазақстан Республикасының құқық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .18
2.3 Құқық саласы және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .39
Кіріспе
Республикамыз өз тәуелсіздігін алып, небір қиыншылықтарды артқа
тастап, бүгінгі күнде экономикасы дамыған мемлекетке айналған тұста да
елімізде ақсап жатқан кейбір келесі мәселелер бар екендігі да жасырын емес.
Ел болған соң, соңғы кездері жалпы халықтық құқық бұзушылық теріс
әрекеттерінің қоғамда өршіп, оның алдын алудағы құқықтық тәрбие берудің
кемшін тартып отырғаны қоғамдағы өзекті мәселеге айналуда. Қазақта ел
боламын десең-бесігіңді түзе деген нақыл сөз бар. Осы сөз арқылы айтылған
бабалар аманатындағы жауапкершілікті ата-анаға ғана тиісті деп емес,
қоғамдағы әрбір адамзат баласының саналы ұрпақты тәрбиелеудегі, білім
берудегі қағидалы мақсаты деп түсінгеніміз жөн шығар.
Сондықтан да қоғам болашағы құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра
қарап отырған шағымызда ұлттық дәстүрлі ерекшелігімізді негізге ала
отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жалпы білім беру мазмұнында
қарастырудың маңыздылығы бүгінгі күні өз қажеттілігін танытып отыр.
Себебі күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ұжданын,
ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, заңды
сыйламау арқылы қоғамда құқық бұзушылықтың кең өршіп отырғаны ойланарлық
жағдай. Осының өзі жас ұрпақтың, одан қала берсе жалпы халықтың құқықтық
санасын жетілдіру идеясын қуаттайды.
Бұл идея тек халық арасында айтылып қалмай, билік тізгінін ұстаған
лауазым иелерін ойлантқаны да көңілімізге сенім үмітін ұялатады. Олай
дейтініміз, қоғамда орын алған құқық бұзушылық сипаттағы келеңсіз
құбылыстарға үн қатып, оған білім беру мекемелері арқылы құқықтық насихат
жүргізу іс-шарасы ұйымдастыру жұмыстары Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым Министрлігі тарпынан арнайы қолдау тапты.
“Құқық” терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті
өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан,
әрбір адамның құқықтық мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны
сөзсіз.
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден, “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. “Құқық – ресми
түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет
жасау мүмкіндігі. Мысалы, адамзаттардың еңбек ету бостандығы, білім алу,
меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да
құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда “құқық” түсінігі
субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.
Субъективтік (тұлғалар) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру
мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық
мүмкіндіктері.
Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-
құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа
тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер
пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол
құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне
бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға
хақылы. Ол мүлікті өз иелігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін
пайдалануда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған:
“Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де
қызмет етуге тиіс” (6 бап).
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет – құқықтық мүмкіндік берілген
құқық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық
тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу
нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті
орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, “құқық” дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген
жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке
адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке
нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы
Конституция былай дейді: “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық
актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де
міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және
Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. (4 бап).
Үшіншіден, “құқық” термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде
қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық,
әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық
құқық, қаржылық құқық тағы басқа. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық
құқық – мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық – қылмыс жасауға, жазалауға
байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, “құқық” термині тұлғалық құқық пен объективтік құқық
жүйесінің жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты “құқық жүйесі”
деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық
жүйесі қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқық жүйесінің мәнін терең түсінген адам оның
түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі
құқық жүйесінің өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқық жүйесінің түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де
түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың
мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну
қажеттілігі туады. Азаматтарға сан-қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп,
оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік
орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда,
мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір
текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты тараптық және жалпы
әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді. Маркстік ілім
құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді.
Бұл ілім бойынша құқық – үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап,
мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы
барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып
саналады. Қандай ілім болса да құқық жүйесінің әлеуметтік мәні бар екенін
айтады. Бірақ Маркстік ілім құқық жүйесінің әлеуметтік мәнін өте тар
тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-
ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке
теңдегені белгілі. Бірақ, бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы
мемлекеттерге теңеуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін
болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап,
жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық
азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау
керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай
жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз.
Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың
қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетін немесе белгілі бір топқа
артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық
әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін
қанағаттандыруға бағытталған.
Курстық жұмыс мақсаты: құқық жүйенің түсінігі мен құрылымын анықтау.
1. ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны
Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған
қарым-кдтынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік
дилектикалық процесс. Осы процесті реттеп, басқару барысында қоғамдағы
құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың
объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де
ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
1 Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесі –– бұл құқықтың өзіннің құрылымы,
оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқықтың жүйелік құрылымы оның
белгілі бір байланыстағы көптеген элименттерден құралған біртұтас құрылым
екендігін білдіреді.
Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:
1) оның алғашқы элименті болып құқық нормалары табылады, олар, өз
кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды –– институттарды,салаларды
құрайды;
2) оның элименттері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлескен, тығыз
байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;
3) ол әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи
факторлармен тығыз байланысты;
4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы қатынастарға
тәуелді және адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін
емес.
Сондықтан құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы емес. Ол
қоғамның әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы
қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық
процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге
қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын
реттеп, басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып,
кемшіліктерін толықтырып, құқықтық нормаларды қоғамның объективтік
процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл
процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылықка құқықтың
құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері:
Бірінші – құқық қоғамның объективтік-диалектикалық даму процесіне
сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның
даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субъективтік жолмен
қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз
байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде
қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса, қоғам
дағдарысқа ұшырайды.[2,25]
Екінші – құқық қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-
қатынастарын реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нормалар.
Құқықтың жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып сол саланы
реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп, қоғамдық
құқықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсаггы орындайды.
Құқық құрылымы. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұнына
сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай іске асуын, қалай
орындалу тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымының жақсы,
дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық,
әлеуметтік, рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді.
Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік-
экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі
төмен болса, құқық құрылымы да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы екінші
сұрақта толығырақ айтылады.
Құқықтық жүйе. Құқық теориясында құқық жүйесі және құқықтық жүйе деген
екі дербестік ғылыми ұғым бар. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттердің құқық
құрылымы, жүйесінің қалыптасуы, дамуы бірдей – ешқандай айырмашылығы жоқ.
Ал, құқықтық жүйенің қалыптасуы, сол арқылы құқықтың тарихи өмірге келуі,
дамуы әр елде әртүрлі болады. Өйткені әр елдің тарихи дамуы, ұлттың
қалыптасуы, мемлекеттік саяси-экономикалық құрылысы бір-біріне ұқсамайды.
Сондықтан құқықтық жүйелерінің де қалыптасуы, дамуы әр түрлі болады. Мұны
жан-жақты зерттеп білу өте пайдалы. Әр елдің құқықтық жүйелерінің жақсы
тәжірбиелерін алып, пайдаланып, өз ұлттық құқықтық жүйені жақсы дамытуға
болады.
Құқықтық жүйе дегеніміз – әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне
қарай, әдет-ғұрып, дәстүрінде қалыптасатын құқықтық жүйелер.
Құқық құрылымы дегеніміз – құқыктық нормалардың ішкі құрылымы және
олардың дамуының, орындалуының әдістері мен тәсілдері.
Құқық жүйесі дегеніміз – құқықтың өмірге келуімен оның жүйе-жүйеге
бөлінуінің объективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптың ең күрделі
өзекті мазмұны. Құқық құрылымы мен құқықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту,
нығайту үшін, оның жұмысын жақсарту үшін қалыптасады.
Қоғамның даму процесінде көпшілік қарым-қатынастар өмірге келеді. Сол
қатынастарды реттеу, басқару үшін объективтік жолмен құқық жүйелері
қалыптасады. Қоғамдағы құқықтың қалыптасу деңгейіне қарай нормативтік
актілерді бірнеше салаға, топқа бөледі.
Ең төменгі деңгейдегі бірінші бөлім – құқықтық норма. Бұл деңгейде
норма бір қатынастың ішкі мазмұнын, оның, орындалу жолдарын, субъектілердің
екі жақты құқық, міндет, жауапкершіліктері көрсетіледі. Өмірде қатынас бір
нормамен шектелмейді. Ол қатынастың немесе бірнеше ұқсас қатынастардың
толық дұрыс орындалуына бірнеше құқықтық нормаларды біріктіруге тура
келеді. Мысалы: азаматтық қатынастар, қылмыскердің құқықтары т.б.
Құқықтық институт – бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нормалардың және
қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық
құқықта меншік, шарттық байланыстары т.б. мәселелері; әкімшілік құқықта
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, мемлекеттік органдарының
қызметтерінің қағидалары мен функциялары т.б.
Құқықтық бөлім – бұл жүйеге құқық саласының бір тарауындағы
қатынастарды реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықтағы авторлық
қатынастарды реттейтін нормалар; еңбек құқығындағы еңбекті қорғау, айлық
төлеу т.б. мәселелер жөніндегі нормалар.
Құқық саласы – қоғамдағы барлық нормативтік актілерді жүйе-жүйеге, сала-
салаға бөлу. Мысалы, мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, еңбек,
қаржы, отбасы т.б. құқықтар.[3,36]
Құқық – салалық құқықтарды біріктіріп зерттеу, қолдану, пайдалану.
Сонымен, құқық жүйесі өзінің құрамына жеке норманы, құқықтық
институтты, бөлімді және құқықтық саланы біріктіреді. Қазіргі кезеңдегі
құқық жүйесінің негізгі салалары:
1. Мемлекеттік (конституциялық) құқық бұл сала әр елдің қоғамдық және
мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағдайын, мемлекеттік
аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп, басқарып отырады.
2. Әкімшілік құқық – бұл сала қоғамды, мемлекетті басқару қарым-
қатынастарын реттеп, дамытып отырады.
3. Қаржы (қаражат) құқығы – бұл сала әр елдің мемлекеттік қаржы-қаражат
көлеміндегі қатынастарды басқарады.
4. Жер құқығы – бұл сала жер, су, өсімдік, табиғат, экологиялық
бағыттағы қатынастарды реттеумен шұғылданады.
5. Азаматтық құқық – қоғамның ең күрделі саласындағы мүліктік
қатынастарды реттеп отырады.
6. Еңбек қүқығы – азаматтардың еңбек бағытындағы қатынастарын дамытып,
реттейді.
7. Жанұялық құқық – осы саладағы ерлі-зайыптылардың, олардың
балаларының өзара қатынастарын реттейді.
8. Азаматтық-процессуалдық құқық азаматтардың азаматтық, еңбектік,
жанұялық шағым істерін қарағандағы қарым-қатынастарды реттеумен
шұғылданады.
9. Қылмыстық құқық – қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу
барысындағы мәселелермен шұғылданады.
10. Қылмыстық-процессуалдық құқық – милиция, прокуратура, сот т.б.
құқық, қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс
шешім, үкім жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.
11. Еңбекпен түзеу құқығы – қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға
салып, қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қатынастарды
қамтиды.
12. Халықаралық құқық – мемлекеттердің арасында туындайтын қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалар.
Құқық жүйесі қоғаммен бірге дамып, жаңарып отырады. Қоғамның даму
процесінен өмірге келген жаңа қатынастарды реттейтін, басқаратын
нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, құқық жүйелерін, салаларын
жаңартып, елдің жақсы дамуына мүмкіншілік жасап отырады.
Бұл процесте ерекше маңызды рөл атқаратын құқық жүйесінің азаматтық,
мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық, процессуалдық салалары. Себебі осы
салалар қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени негізін
құрастырып, дамытады. Сондықтан бұл салалар құқық жүйесінің діңгегі,
ұйтқысы, басқа салаларға өзінің әсерін тигізіп, олардың жақсы дамуына
жағдай жасап отырады.
Дамыған елдердің тарихында құқық жүйесінің өз ішінде кешенді
(комплексный) салалар қалыптаса бастайды. Бұл объективтік, диалектикалық
даму процесінің нәтижесі. Мысалы: теңіздік құқық әкімшілік, азаматтық, жер,
процессуалдық жүйелерден тұрады. Бұл процесс құқық жүйесінің екі-үш қабатқа
айналуы. Жаңа салалар өзінің негізгі жүйелерінен байланысын үзбейді.
Қоғамдағы нормативтік актілердің, жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ету
үшін оның жүйеге, салаға бөлінуін және олардың бірлестігін мемлекет қатаң
түрде бақылап, нығайтып, дамытып отырады. Құқықты жүйеге, салаға бөлудің
екі себеп-мақсаты бар: біріншісі – жүйеге, салаға жататын (кіретін) қарым-
қатынастардың мазмұнын, негізгі бағытын анықтау; екінші – сол жүйелік,
салалық қатынастарды реттеудегі, басқарудағы құқықтық жұмыстардың тәсілдері
мен әдістерін анықтау.
Бұл әдіс-тәсілдердің түрлері мемлекет және құқық теориясымен бірге
дамып, нығайып келеді. Құқық жүйесінің әр саласының өзіне тән әдіс-
тәсілдері бар. Мысалы: қоғамдағы қатынастардың субъектілеріне құқықтық
нормалар басым көпшілігіне толық бостандық береді. Өз еріктерімен Құқықтық
норма арқылы қарым-қатынас жасап, мүдде-мақсаттарына жетуге мүмкіншілік
береді. Субъектілердің екінші тобына құқықтық нормалар тиісті міндеттер
жүктейді. Қатынастардағы субъектілердің үшінші тобына құқықтық нормалар
шектеулі, нақты тыйым салады. Осы көрсетілген құқық жүйесінің тәсілдері мен
әдістері құқықтың барлық салаларында бар.
Құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістерін дамытуға, нығайтуға материалдық
және процессуалдық құқықпен бұқаралық және жеке тұлға құқықтары көп үлес
қосады. Бұлардың нормативтік актілерінің дұрыс, тез, жақсы орындалуында
маңызы өте зор.[4,26]
Материалдық құқық – қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, жақтап, қорғап
отыратын нормалар. Мысалы: қылмыстық құқықтық нормалар, азаматтық құқықтық
нормалар, әкімшілік құқықтық нормалар т.б.
Процессуалдық құқық – материалдық құқықты калай, қашан, қандай жағдайда
қолдануды көрсетеді. Мысалы: қылмыстық-процессуалдық және азаматтық
процессуалдық құқықтарда керсетілген нормалар.
Қоғамның тарихи даму процесінде құқық жүйелері азаматтардың,
бірлестіктердің, ұжымдардың, мемлекеттің мүдде-мақсаттарын қорғап, дамытып
отырады. Бұл мүдде-мақсаттар екіге бөлінеді: бұқаралық және жеке тұлға
мақсаттары. Осы екі мүдде-мақсатқа сәйкес қоғамда бұқаралық және жеке тұлға
құқығы қалыптасады.
Бұқаралық құқық – мемлекет бұқаралық және жеке тұлға арасындағы
қатынастарды реттеп, басқарады; жеке тұлғаның құқығы – жеке адамдардың
арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады. Бұл екі құқық бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Бұқаралық құқық мемлекеттік билікпен байланысты, оның реттеп,
басқаратын қатынастары өте күрделі мәселелерді қамтиды. Өйткені олар
қоғамдық мүдде-мақсаттарды іс жүзіне асыру бағытында қызмет атқарады. Бұл
топқа көбінесе конституциялық, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық,
процессуалдық, әскери нормалар жатады. Жеке тұлға құқығы адамдардың және
заңды тұлғалардың мүдде-мақсаттарын іске асырады, қорғайды. Бұл топқа
азаматтық, еңбек, отбасы, сауда, кәсіпшілік, кооперативтік нормалар жатады.
Бұқаралық құқық – мемлекеттік істермен, ал жеке тұлғалар құқығы – жекелік
істермен шұғылданады. Жеке тұлғалар құқығы жеке меншікпен тығыз байланыста
дамиды. Жеке меншік болмаса жеке тұлғалар құқығы да болмайды. Біздің елде
Кеңестік дәуірде жеке тұлғалар құқығы жоқтың қасы болды. Қазіргі нарықтық
жүйе қалыптасу кезінде меншіктің неше түрлері өмірге келіп, жеке тұлға
құқығын жан-жақты дамытуға мүмкіншілік туды.[5,26]
1.2. Құқық жүйесі мен заң жүйесінің қатынасы
Құқық жүйесі объективтік құбылыс. Ол қоғамның диалектикалық даму
процесінің объективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан,
құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық
нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес
қалыптасып елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп, басқарып жатады.
Сондықтан мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса
солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарының даму
процесіне сәйкес құқықтық нормалар жан-жақты талқыланып, бекітіледі.
Қоғамдық қатынастарды реттеп, басқару процесінде нормативтік актілер сала-
салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады.
Заң шығару жүйесінің өмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде
субъективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсы
дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті
дағдарысқа ұшыратпай басқару керек. Бұл мәселемен мемлекеттің заң шығару
бағытындағы аппараттары шұғылданады. Осылай қоғамда заң жүйесі қалыптасады.
Заң жүйесі дегеніміз – құқықты құрастыратын (қалыптастыратын)
нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері). Нормативтік актілерсіз, заңсыз
құқық болмайды. Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.
Заң шығару жүйесінің негізгі салалары:
1. Бір салалық қатынастарды реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің бұл
түрі құқық жүйелерімен ұқсас. Мысалы: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т.б.
2. Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар нормативтік
актілер. Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су
заңдарының ішіндегі тау-кен, экология туралы заңдар т.б.
3. Кешенді заңдар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар). Мысалы:
шаруашылық, транспорттық т.б. заңдар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше
салаларының ұқсас қатынастарын реттеп отырады.
4. Қорғаныс-әскери заң жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым
көпшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер,
қылмыстық т.б. құқық салаларын біріктіреді.
Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен, қоғамдағы
құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін,
бостандығын т.б.
Заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді
субъективтік тұрғыдан біріктіріп, дамытып отырады. Құқықтың дамып,
қалыптасу кезеңдері:
1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.
2. Қатынастарды реттеп, басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.
3. Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне
айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын
жеңілдету, нормативтік актілердің орындалуын жақсарту.
Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланысты болады.
Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға міндетті. Өз нормативтік
актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс. Егер қайшылықтар
болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.
Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары – құқық пен заңның дамуы
қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл
процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да тереңдеп, жақсара түседі.
Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары: 1). Қоғамдағы диалектикалық
құбылыстардың құқық пен заңды объективтік тұрғыдан дамытуы; 2). Құқық
жүйесінің дамуы; 3). Заң шығармашылық процестің сапасының жақсаруы.
Қоғамның диалектикалық даму процесінде адамдар мен құқықтың өзара
байланысы жақсарып, шеңбері кеңейіп, адамдардың бостандығы мен құқықтары
нормативтік актілердің негізгі қызметіне айналып, жеке тұлғалар құқығы
қоғамдағы ең күрделі, ең маңызды құқық саласына айналуы объективтік
процесс. Сөйтіп, келешекте мемлекет пен құқықтың міндеттері мен бостандығы
бірте-бірте теңесуге тиісті. Бұл құқықтық мемлекет кезінде шындыққа
айналады.[5,14]
Қоғам объективтік даму процесінде көп мәселені реттеп, басқаруды бірте-
бірте қоғамдық ұйымдарға, бірлестіктерге, ұжымдарға беріп, құқықтың қызметі
азая беруі өмірге келеді. Бұған күмән келтіруге болмайды. Мұндай процесс
мемлекетаралық, халықаралық құқықта да болуы мүмкін.
Келешекте құқық жүйелері де дамып, сапалы өзгерістерге ұшырауы
объективтік процесс. Бірнеше құқық салалары бірігіп, нормативтік актілердің
кешенді жүйелері қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл процесс нормалардың мазмұнын,
сапасын, маңызын жоғары деңгейге көтеруі даусыз деуге болады.
Жоғарыда көрсетілген құқық жүйесінің келешекте объективтік даму процесі
міндетті тұрде заң шығармашылық қызметті де көтеруге, жақсартуға
объективтік, заңды негіз деп толық сеніп айтуға болады. Қоғамның даму
процесінде заң шығармашылық қызметті бірте-бірте Парламенттен төменгі
органдарға беруге болатынына сенуге болады. Ол органдар өздерінің әкімшілік
территориясында мәселелердің басым көпшілігін өздері толық реттеп,
басқаруға көшуі мүмкін.

қарастырудың маңыздылығы бүгінгі күні өз қажеттілігін танытып отыр. [6,26]

Төртіншіден, “құқық” термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың
жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты “құқық жүйесі” деген
түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі
қалыптасуда.
Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі
жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың
өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі
болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың

саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады.
Бірақ Маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге
тырысады. Әрине құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл
иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңдегені
белгілі. Бірақ, бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы

қанағаттандыруға бағытталған. [6,74]
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай
анықтама беруге болады.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті,
мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін,
заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің
жиынтығы.
Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.
Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның
бір бөлігі – табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына
байланысты әлеуметтік талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі,
денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге
бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан
Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: Әркімнің өмір сүруге
құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. (15 бап).
Құқықтық жүйенің екінші бөлігі – мемлекеттегі қолданылатын барлық
заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі – субъективтік
(тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде
байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы,
тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы
қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі
болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам
өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді
әрекет жасауы қажет. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы –
оны мемлекеттің тануы, қорғауы қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты – құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық
қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида – тұлғалардың мінез-
құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз
іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері
қажет. Сондықтан құқықтың нормалары – тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-
құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай
дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.
(Қазақстан Республикасының Конституциясының 19-бабы). Тұлғалардың мінез-
құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға
бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады,
бассыздықтан қорғайды. Формальдық анықтылық – құқықтың тағы да бір
маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді.
Құқықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді
жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет.
Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды
жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атынан
жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң
шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде
тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің
әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың
мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
Құқықтың енді бір белгісі – мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет
құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе,
олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның
органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай
жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде
азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда
көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген
нормаларға сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы
көтеретін ақыға беріледі. (25 бап) Егер азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар
құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына
келтіріледі.
Құқықтың тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-
бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және
еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға береді. (3бап) Сонымен халық заңдарды өзі тікелей
қабылдай алады. Мұндай жағдайды заң тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған
мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқының Конституцияны қабылдауы.
Конституция – құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып
келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге
асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет
органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады.
Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің
шеңберінде нормативті актілер – заң күші бар жарлықтар, жай нормативті
жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан
құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар
тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана
қорғамайды. Ол – халық үшін қызмет істейді.
Сонымен, қорыта келе айтарым, құқықтық норманың түсінігін ашпастан
бұрын құқық ұғымын ашу керек екен. Ал құқық ұғымы – бұл ресми түрде
танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау
мүмкіндігі.
Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлу
негіздері ретінде. Құқық нормаларын салаларға бөлу үшін екі негізді
басшылыққа алады: құқық реттеу пәні мен әдісін.
Құқықтық реттеу пәні –– бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар. Ол
басты негіз болып ьтабылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде
қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарыды
талап етеді. Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы
қатынастары отбасы – неке құқығының реттеу пәні болып табылады.
Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады. Егер пән құқықтың
нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді.
Құқықтық реттеу әдісі –– бұл олардың көмегімен біртектес қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы.
Құқықтық реттеудің төмегідей негізгі әдістері болады:
1) императивтік –– бұл тыйымдарға, мінеттерге, жазаларға негізделген
биліктік ережелер, субординация әдісі;
2) диспозитивтік –– рұқсат етуге негізделген, тараптардың теңқұқылығы,
координация әдісі;
3) марапаттаушы –– белгілі бір жақсы жүріс-тұрас үшінмарапаттау әдісі;
4) ұсынушылық –– мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге
асыруға кеңес беру әдісі;
2. Құқық реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлу негіздері.
2.1 Қазақстан Республикасының құқық жүйесі.
Құқық жүйесінің жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай

Енді, құқық жүйесінің негізгі белгілерін қарастырайық.

бір бөлігі – табиғи құқық жүйесінің мазмұны адам мен қоғамның табиғатына

оны мемлекеттің тануы, қорғауы қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.[2,63]
Нормативтік сипаты – құқық жүйесінің негізгі белгілерінің бірі. Құқық

қажет. Сондықтан құқық жүйесінің нормалары – тұлғалардың іс-әрекетінің,
мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және
қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.

бассыздықтан қорғайды. Формальдық анықтылық – құқық жүйесінің тағы да
бір маңызды белгісі. Ол құқық жүйесінің мемлекетпен байланысты екенін
көрсетеді.

Құқық жүйесінің енді бір белгісі – мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер
мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын
қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді.
Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға
жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының
Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін
жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын
үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорларынан
олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі. (25 бап) Егер азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды
бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына
келтіріледі.
Құқық жүйесінің тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіруі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық
референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін
жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. (3бап) Сонымен халық заңдарды
өзі тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайды заң тікелей халықтың еркін паш
етеді. Оған мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқының
Конституцияны қабылдауы. Конституция – құқық жүйесінің өзегі, ұйтқысы. Олай
болса, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың
еркін білдіреді, ойын жүзеге асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды.
Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер
қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан
әрекет жасап, өз өкілеттігінің шеңберінде нормативті актілер – заң күші бар
жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің
нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып
есептеледі. Құқықты құратын нормалар тек бір адамның немесе әлеуметтік
топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол – халық үшін қызмет
істейді.

2.2 Құқық саласы және оның түрлері
3 Құқық саласы –– бұл белгілібір қоғамдық қатынастар түрін реттейтін заң
нормаларының жиынтығы.
Құқық саласының белгілері;
–әрбір саланың өз пәні болады;
–әрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады;
–құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқықтар мен
міндеттерді жүзеге асыру тәсілдерін және құқықтық нормаларды жүзеге асыруға
бағытталған мемлекеттік-құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі
болады.
Құқықтық салаларының түрлері:
1) негізгі салалар; бұлар басты құқықтық режимдерді қамтиды, жалпы
алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында конститутциялық құқық, одан
кейін материалдық құқықтар – азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқықтар және
оларға сәйкес іс жүргізушілік салалар – азаматтық іс жүргілушілік,
қылмыстық іс жүргізушілік және әкімшілік іс жүргізушілік құқықтары
орналасқан;
2) арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше сфераларына
бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы, қаржылық құқығы, әлеуметтік
қамтамасыз ету құқығы, түзеу-еңбекқұқығы;
3) кешенді салалар; бұларға негізгі және арнайы салалардың әртүрлі
институттарының бірігу тән: шаруашылық құқық, аграрлық құқық,
экологиялыққұқық, саудақұқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы.
4. Құқық институты – бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін
заң нормаларының жиынтығы. Құқық институты – заң нормаларының құқық
саласына қарағанда аз жиынтығы. Әрбір құқық саласында бірқатар институттар
болады. Мысалы еңбек тәртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқықта
– ескіру мінезімі инстетуты, өкілдік иститутаты және т.б.[6,25]
Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық инстиутты қалыптасуының
заңды негізі болып үш белгі табылады: 1) құқықтық нормаларыдың заңды
теңдігі ; 2) қоғамдық қатынастарды реттеудің толықтығы;3) құқықтық
институтты құраушы нормаларды реттеудің заңдар мен басқа нормативтік-
құқықтық актілердің тарауларында, бөлімдерінде және басқа да құрылымдық
бірліктерінде жинақталуы..
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында былай делінген:
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен
бостандықтары танылады және оларға кепілдік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz