Жаңаөзен кен орыны туралы



КІРІСПЕ
1. Технико.технологиялық бөлім
1.1 Жаңаөзен кен орыны туралы жалпы мәлімет
Ауданның физико.географиялық және экономика.географиялық сипаттамасы.
1.2. Геологиялық оқытылудың және Өзен кенорынының
игерудің тарихы.
1.3. Стратиграфия
1.4. Тектоника
1.5. Мүнайгаздылық
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы үшін ең басты экономикалық мәселе материалдық – техникалық базаны жасаудан маңызды роль ауыр индустрияға тиесілі, және оның ішінде алдымен энергетика, қара металлургия, мұнай, газ, химия және мұнайхимия өнеркәсіптері, машина жасау.
Қазіргі кезде материалдық өндірістің бірде – бір саласы мұнай мен газ өнеркәсібінің өнімін пайдаланбай дами алмайды.
Мұнай мен газдың мұнайхимия өндірістерде шикізат ретінде қолданудың өсуіне байланысты мұнай мен газ өнеркәсібінің ары қарай жетілуі қарастырылған.
Өндіру тиімділігін жоғарлатуға рационалды игеру жүйелерін қолдану, бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіру, олардың техникалық жабдықталуын жақсарту, қабаттар мұнай бергіштігін арттырудың қазіргі жаңа әдістерін кеңінен еңгізу және прогрессивтік технологиялық процестерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
Қазіргі кезде су айдау – мұнай кен орындарын пайдаланғанда қолданылатын ең негізгі әдістердің бірі. Су айдаудың әртүрлі әдістері болады, бірақ олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Жобалау кезінде су айдау жүйесін таңдау толығымен кеніштің құрылысына байланысты.
Өзен кен орны өнеркәсіптік игеруге 1965 ж. берілген. 1998 ж. мұнай өндіру жоспары орындалған жоқ, бұған ең басты себептердің бірі – игерудің басынан бастап ұсынылған жобалық технологиялық ережелердің сақталмауы (су айдауға көшірілудің тым кеш болуы, әсіресе ыстық суға).
Дипломдық жобада Өзен кен орнындағы осы және басқа да проблемалар шешімдерін табу көзделген.
1. Нүрсүлтанов Ғ.М. Алматы 1999ж. "Мүнай мен газды өндіріп өндеу".

2. Надиров Н.К. Алматы, 1995ж. "Нефть и газ Казахстана".


3. Надиров В.Ю., Таджиев А.Н. Алматы-90 "Нефть Мангышлака".

4. Ф. Керимов В.Ю. Алматы 1990ж. "Геология и нефть".

5.Тайкулакова Г.С. Алматы, 1999ж. "2001 мамандығы бойынша щпломдық жобаға нүсқаулар,,

6.Утебаев С. У. „Нефтяная промышленность.

7. Щуров В.И. "Технология и техника добычи нефти.

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы үшін ең басты экономикалық мәселе
материалдық – техникалық базаны жасаудан маңызды роль ауыр
индустрияға тиесілі, және оның ішінде алдымен энергетика, қара
металлургия, мұнай, газ, химия және мұнайхимия өнеркәсіптері, машина
жасау.
Қазіргі кезде материалдық өндірістің бірде – бір саласы
мұнай мен газ өнеркәсібінің өнімін пайдаланбай дами алмайды.
Мұнай мен газдың мұнайхимия өндірістерде шикізат ретінде
қолданудың өсуіне байланысты мұнай мен газ өнеркәсібінің ары қарай
жетілуі қарастырылған.
Өндіру тиімділігін жоғарлатуға рационалды игеру жүйелерін
қолдану, бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіру, олардың
техникалық жабдықталуын жақсарту, қабаттар мұнай бергіштігін
арттырудың қазіргі жаңа әдістерін кеңінен еңгізу және прогрессивтік
технологиялық процестерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
Қазіргі кезде су айдау – мұнай кен орындарын пайдаланғанда
қолданылатын ең негізгі әдістердің бірі. Су айдаудың әртүрлі
әдістері болады, бірақ олардың әрқайсысының артықшылықтары мен
кемшіліктері бар. Жобалау кезінде су айдау жүйесін таңдау толығымен
кеніштің құрылысына байланысты.
Өзен кен орны өнеркәсіптік игеруге 1965 ж. берілген. 1998 ж.
мұнай өндіру жоспары орындалған жоқ, бұған ең басты себептердің
бірі – игерудің басынан бастап ұсынылған жобалық технологиялық
ережелердің сақталмауы (су айдауға көшірілудің тым кеш болуы,
әсіресе ыстық суға).
Дипломдық жобада Өзен кен орнындағы осы және басқа да
проблемалар шешімдерін табу көзделген.

1. Технико-технологиялық бөлім
1.1 Жаңаөзен кен орыны туралы жалпы мәлімет
Өзен кен орны оңтүстiк Маңғышлақ ойпаты деген атпен белгiлi
Маңғышлақ жарты аралының оңтүстiк шөлдi бөлiгiнде орналасқан. Кен
орны аумағтық бойынша Қазақстанын Маңғыстау облысы кұрамына кiредi.
Орографиясы бойынша оңтүстiк Маңғышлақ кен түрде тараған биiк келген
Үстiрттен тұрады. Абсолюттiк биiктiгi теңiз жағасынан, оңтүстігінде 260 м-
ден, солтүстiгiнде 24 м-ге дейiн жетiп, оңтүстiк, оңтүстiк батысына
қарай құлап жатыр. Районның орталық және оңтүстiк бөлiгiнде жалпы
бiркелкi емес, соның iшiнде кен орнының түртiпсiз орналасқан
ойпаттарының бiрi болып тiк абсолюттi тереңдiгi 132 м. болатын
Қарақия ойпаты орналаскан. Өзен кен орнының жер бедерi өте күрделi.
Құрылымның орталық бөлiгiн Өзен және Төңірекшың ойпаттарының
ортасында орналасқан Үстiрт қыраты орналасқан. Батысында және
солтүстiк батысында кен орны алаңының көлемiнде Өзен ойпаты жағынан
бұзылыс жарықтар кен тараған. Өзен ойпаты алаңы 500 км2 ауданды
алып жатыр. Ойпаттың фундаментi терең жарықтармен кесiлген. Кен орны
алаңының шығыс бөлiгiнде Төңірекшың ойпаты орналасқан. Ол меридиан
бағытымен созылып жатыр. Көлемi мен тереңдiгi Өзен ойпатына
жетпейдi, жоғарғы көрсеткiшi 132 м. Өзен кен орны Солтүстiк Маңғышлақ
мұнайгазды провинциясының Орталық Каспий мұнайгаздылы обласына
жатады. Бұл кен орны жалпы Қазақстан аумағындағы ең iрi кен
орындарының бiрi болып есептеледi. Жалпы алғанда Орталық Каспий
мұнайгаздылы обласы аумағы, геологиялық, тектоникалық орналасу жағынан
ерекшеленедi. Өзен кен орнының өнiмдi қабаты көп тарағандықтан,
олардың литологиялық, фациялық және т.б. қасиеттерi ерекше қаралып
зерттелген.
Өзен кен орын әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Маңғыстау
обласына қарайды.
Обылыс орталығы Ақтау қаласы, ол кенорыннан 150 км. қашықтықта
орналасқан, бұдан басқа елді мекендер Жаңаөзен қаласы 5,5 км., Жетібай елді
мекені 67 км., ал Құрық елді мекені 150 км. қащықтықта орналасқан.
Өзен кен орыны Өзен-Атырау-Самара магистральды мұнай құбырына және
Өзен-Жетібай-Ақтау газ құбырына жақын орналасқан. Кенорынның шығыс жағынан
Орта Азия-Орталық магитральды газ құбыры өтеді. Жүк темір жол және
автобиль транспорттарымен тасымалданады.
Аймақтың климаты континенталды. Жаз айлары ыстық және
ұзақ болып келеді. Кейбір жылдары ауаның температурасы + 45ºС ыстыққа дейін
жетеді. Қыс айларында қар аз жауады және күшті желді болып келеді, жиі
боран соғады. Желдің орташа жылдамдығы секундына 6-8 метр болады. Қыс
айларында кейбір жылдары ауаның температурасы -30ºС дейін томендейді.
Өсімдік әлемі шөл және жартылай шөлейіт аймаққа тән. Жабайы аңдардан
қарақұйрық, киік, қоян, қарсақ, түлкі және қасқыр көп кездеседі.

. Тектоника

Өзен қатпары Жетібай - Өзен зонасының біршама ірі
құрылымы болып есептеледі. Келловей ярусының табаны бойынша, оның
изогипс контуріндегісі 900 м, ұзындығы 45 км, осі бойынша 9 км,
теңселу шегі 200 м.

Өзен қатпарының геоморфологиясы өзінше ерекше келген. Ол
зоналарының өткір кескінделген ассиметриясымен және
периклиналімен кескінделген. Иілістердің бірінде ұзын формалы
Өзен және Төңірекшың ойпаттарының арасында биіктіктері
ұштастырылған. Қатпардың солтүстік қанаты көлбеу, ойысты келген.
Онда жазық тектес аудандар пайда болуына шөгінді жыныстар
біркелкі емес әсер етеді. Әсіресе шығыс және солтүстік
бөлігінде қанаттары мен бұрыштарында елеулі өзгеріс білінеді.

Жалпы алғанда Өзен қатпарлы белдемі Солтүстік – Кавказ –
Маңғышлақ мұнай газ правинциясы құрамына жатады. Солтүстік – Кавказ –
Маңғышлақ провинциясы негізінен жас платформалар қатарына кіреді.
Мұндағы жас платформаға тән бір қасиет, ондағы терең опаңдарда
қатпарлы іргетастармен, қалқанды кешендермен байланыста болып
келетін шөгінді - вулканды қабаттар кездеседі. Метоморфизм жағынан
шөгінді – вулканды қабаттары палеозой жасты каледондық және
төменгі герциндік жыныстарынан жаралып пайда болған болеп келеді.
Олардың жалпы қалыңдықтары платформалық іргетас қалыңдықтарымен
сәйкес келеді. Өз кезегінде Солтүстік – Кавказ – Маңғышлақ мұнай
газ провинциясы Оңтүстік- Маңғышлақ мұнай газ обласынан тұрады.
Оңтүстік – Маңғышлақ обласының пермь – триас қабатының қалыңдығы 4- 5
км – ді құрайды және де карбонатты – терригенді жыныстардан
құралған. Геологиялық жағынан келгенде Оңтүстік – Маңғышлақ обласы
Солтүстік – Кавказ – Маңғышлақ провинциясының шығыс бөлігінде
эпигерцинді платформаның бір бөлігі болып есептеледі. Герцин жасты
түзілімдердің қатпарлы іргетасының жалпы тереңдігі - 9-10 км
құрайды.
Өзен қатпарының платформалық іргетасында үш құрылымдық
кабат бөлінеді, олар: 1) J-ға дейінгі жасты. 2) J-P жасты. 3) N-Q
жасты. Мұндағы шөгінді қабаттың қалыңдығы шамамен 8 – 9 км дейін.
Бұл қабаттардағы РТ түзілімдері бізге негізінен мұнай газ
түзілімдерін іздеу ретінде керек болып табылады. Бұл түзілімдер
жер батіне Маңғышлақ таулары районынан шығады. Оңтүстік – Маңғышлақ
обласының Өзен – Жетібай қатпарында бұл түзілімдер 4 – 5 км
шамасында орналасқан. Бұл түзілімдер өз кезегінде J – T
түзілімдерімен тік құлау бұрыштары арқылы үйлесімсіз орналасқан.
Мұндағы J – T түзілімдері терригенді – карбонатты, қызыл, қызыл-қоңыр
түсті алевролиттерден, аргиллиттерден және линзалы конгломераттардан
тұрады.
Өзен қатпарлы қабатының P – T жасты қабатының тереңдігі 2292
м шамасында. Структураның негізгі биіктігінен батысқа қарай
жергілікті индуляциялық мінезді күмбез байқалады: Батыс және Шығыс
Қарамандымас, Пасумурын, Шығыс Пасумурын, Солтүстік–Батыс, Ақсай және
Хумурун күмбездері. Іс жүзінде өңдеуге оның үшеуі ғана қатысады.
Парсумурун, Солтүстік–Батыс, Хумурун қарастырылып отырғандарының ең
ірісі күмбезі батысында Өзен көтерілімінің орталық бөлігімен
бірігеді және одан тектоникалық бұзылу 10-15 м амплитудалы
субмеридианалды бағытта бөлінеді, көтерілім барлық структуралық
карталарда жақсы байқалады, оның размері 10,8 * 4 км, амплитудасы
105 м.
Литологиялық–стратиграфиялық қатынасында батыс күмбездерінің 22
– 24 горизонттарында қабат Өзен кен орнының негізгі бөлігіндей, жасы
бойынша J2 аален, байосс ярустарымен байланысты және терригенді
жыныстардың кезектесіп келетін кезекті қалыңдығын көрсетеді. Күрделі
құмтастар, алевролиттер, континенталды саздар және жартылай
генезистерден тұрады. Коллектор жыныстары алевролиттік, полимиктілі
және құмтастармен сипатталады. Бөлшек болып келетін сазды горизонттар
пачка қабаттары арасында қара–қоңыр бірқалыпты емес, алевристік
слюдалы, тығыз өсімдік детритінен құралған. Осының нәтижесінде Өзен
қатпары көп қабатты, жарылым бұзылыстардан құралған, күрделі келген
алып құрылымдық қабат болып табылады.

Ауданның физико-географиялық және экономика-географиялық

сипаттамасы.

Газды мұнайлы Өзен кен орны Маңғыстау түбегінде
орналасқан, оның далалы жазықты бөлігі Оңтүстік-Маңғышлақ ойпаты деген
атпен белгілі.

Административті жағынан қарағанда бұл территория
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан Маңғыстау облысының қарамағына
кіреді.

Географиялық жағынан қарағанда Оңтүстік Маңғышлақ ойпаты
кең байтақ, аз төбешікті, 240м солтүстікте, 260м-ге дейін оңтүстікте
абсалютті белгілермен теңіздің оңтүстік батыс бөлігіне қарай аздап көлбеу
орналасқан. Оңтүстік және орталық бөліктерінде кең байтақ түйық
ойпатты жерлер орналасқан. Солардың ішіндегі ең ірісі Қарағия шұңқыры,
оның түбінің ең кіші абсолюттік деңгейі — 132м.

Кенорынның ауданның орталық бөлігін шоқылар алып жатыр.
Олар ені жінсіз ойпаттар Өзен және Төңіректің ойпаттарының
ортасында орналасқан.

Батысындағы шоқыда қүралған Сармат әк тасы мен саз, Хумурун мысын
қүрып, Өзен брахиантиклиналды осьтік сызығы бойымен шоқы күйінде Өзен
ойпатының ішіне кіреді. Өзен ойпатының ауданы шамамен 5ООкм2.

Оның солтүстік-шығыс және оңтүстік қүламаларының үстірт деңгейінің
айырмасы 1ЗОм-ге дейін.

Ойпаттның түбiнiн кей-жерлерi терең жыралар, мұнда құмды массивтер
мен борпылдақ көп болуынан афтотранспорттың өтуі қиынға соғады. Төңірек
шыңы кен орынның шығыс жақ бөлігінде орналасқан. Ол меридианальды бағытта
созылып жатыр. Тереңдігі мен көлемі Өзен ойпатына қарағанда анағүрлым кіші.
Ауданы 150-200км2, түбінің ең кіші абсолютті белгісі 132м. Өзен
брахиантиклиналының шығыс жақ аяқталуы мұнда да жаңа бедерде де өзінің
бұрынғы қалпын сақтаған, осьтік сызығында Төңірек шыңының батыс
баурайындағы кішкентай мыс қатпарлары оның анық айқын көрінеді. Бұл
ауданның климаты жартылай шөлді, қатаң континенталды, жазы қапырық және
қүрғақ, ауаның температурасы +40°С, +45°С. Қыста ауаның 1; — 30°С-қа дейін
көтеріледі.

Атмосфералық ылғал, жауын-шашын аз түседі. Көбі апрель айынан
сентябрь айларына дейін болады, 63-тен 85 мм-ге дейін болады.
Өсімдік және жануарлар әлемі тек шөл дала және жартылай шөл далаға
тән. Ауданда түрақты гидрографиялық жүйе жоқ, табиғи су көздері де жоқ.
Оңтүстік Маңғышлақ жергілікті қүрылыс материалдарымен бай. Әсіресе,
үлу тас, әк тасымен бай. Ол қабыршақ материал ретінде қолданылады. Оны
механикалық өндіру және блоктан төсеу түбектің көптеген жерлерінде
жүргізіледі, әсіресе Ералыда және Жетібайда. Оңтүстік Маңғышлақтағы газ
мұнай кен орындарының ашылуы және бұл районның мұнайгаздылығының үлкен
болашағы осы аймақта еліміздің ірі жағар-май-энергетикалық базасын
ұлғайтуға жол ашады.

1.2. Геологиялық оқытылудың және Өзен кенорынының
игерудің тарихы.

Маңғышлақ түбегінің геологиялық қүрылысын оқып үйреі алдыңғы
ғасырдың соңына басталды. Алғашқы кезде жұмыстардың ең маңыздысы
И.И.Андрусовтың жалпы геологиялы зерттеулері, онда негізінен
стратиграфияның игеру және территорияны тектоникалық аудандау жағы
қаралған.
Өзенді көтеру мәселесі 1937-1947 жылдары С.Н.Алексейченні
Маңғышлақта геологиялық зерттеу жүргізген кездегі еңбектеріңл айтылған.
1951 жылы Қазақстан мүнай газ барлау терестініі геологиялық кен
іздеу конторасы Маңғышлақ жарты аралын бүрғылау партиясын жіберді. Олар
Түбектің ауданында қүрыльв кен іздеу, бүрғылауды бастап кетті.
1952-1955 жылдары 1:200000 масштабында районныі геологиялық
көрінісін түсіргеннен кейін Бүкілодақтыь аэрогеологиялық трест Өзен және
Төңірек шыңдарын көтеруд өзіндік қүрылымды және мүнайға барлауперспективалы
дег қарайды.
Маңғышлақты геологиялық зерттеудің келесі кезеңі 1957-61 жыддар.
Бүл жылдары Маңғышлақтың өнеркәсіпті мүнайгаздылығын жаңарту мәселесі
қаралды, бүл кезде Жетібай және Өзен қүрылымында мүнай газ кен орындары
табыдды. Ауданды комплексті зертеу арқасында геологиялық карталардың
сериясы қүрастырылды және мәлемдеме жасалды. 1959-61 жылдары МНГР трестінің
геологиялық кен іздеу конторасында қүрылым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Арқалық қаласының дамуы туралы
Маңғыстау мұнай-газ кенорындары: сипаттамасы және карта құрастыру
Әлемдік мұнай әлемдік үлесі өндірісіндегі үлесі
Мегаполистегі экологияны жақсарту
Маңғыстау мұнай өндіру заводы
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
Маңғыстау облысының тарихы мен физикалық -географиялық жағдайы
Әжемнің құрақ көрпесі
Маңғыстау туризмін дамытуды алға тарта отырып, осы аумақтағы ерекшеліктерді туристік нысан ретінде көркейту және осы арқылы Қазақстанның туризм саласының дамуына үлес қосу мәселелері
Маңғыстау облысындағы іскерлік туризмді дамыту және жақсарту-арттыру жолдары
Пәндер