XIX ғ. II жартысы, XX ғ. бас кезіндегі қазақ әдеби тілінің діни лексикалық сипаты


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

XIX Ғ. II ЖАРТЫСЫ, XX Ғ. БАС КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ДІНИ ЛЕКСИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Ата-бабаларымыз сан жылдардан бері аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері руханиятымыздың тамыр-тарихына қан жүгіріп, елімізде Ислам дінінің қарқынды дамып келе жатқаны баршамызға аян. Бұған республика көлемінде жүргізіліп жатқан оң өзгерістер дәләл. Айталық, діни баспалардың ашылуы, діни бірқатар газет-журналдар т. б. күннен күнге көбеюі. Кеңес заманында аты аталуға тыйым салынған «халық жауларының» еңбектерін зерттеп, өз ата-бабаларымызбен қайта қауышудамыз. Сол кісілердің еңбектерін оқып, көп дүниелерге көз жеткізіп, ата дініміз қайта ашық уағыздалып, халықтың көкірек көзі ашыла бастаған тәрізді.

Қазақ топырағынан нәр алып, халқына қызмет еткен көптеген ақын-жазушыларды білеміз. Олар халыққа тек қана дүнияуи білім беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар дінияуи білім де беріп, соған көптеген еңбектер жазды. Себебі, халыққа тек қана материалдық білім ғана емес, сонымен бірге рухани тәрбие, рухани білім керек екенін түсінді. Сол арқылы қазақ жастарына тәлім-тәрбие берді. Ислам шариғатымен жүріп, ислами тәрбие берген ақын-жазушылардың қатарында төмендегілерді кіргізсек болады. Олар: Абай, Шәкәрім, Шортанбай, Мақыш Қалтаев, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Әбубәкір Кердері, Ыбырай, Т. Ізтілеуов т. б. Бұлардың ішіндегі біразын әдебиетшілер «зар заман» ақындары деп бөледі. Зар заман ақындары шығармаларында сол дәуірдегі кемшіліктер, халық жағдайы айқын көрініс табады. Олар сол кезеңдегі арамза, дүмше молдаларды қатты сынға алады. Өз еңбектерінде молдалардың өлік аңдып жүретіндігі келтіріледі. Дүмше молдаларды сынағандардың бірі - Абай, Шәкәрім. Бұлайша молдаларды сынау үшін, сол молдалардан асатын білім болуы керектігі айтпаса да түсінікті. Біз әңгіме қылып отырған халық зиялылары осы сатылардан өтіп, өз көзқарастарын ашық жеткізді.

Біздің халқымызда жақсы ақындар Аллаға шүкір, баршылық, алайда, Абайдың жолы бөлек, парасат-пайымы кең, ойы терең, өресі биік. Оның әрбір сөзі мағынаға толы, қайсы бір өлеңін алып қарасаң да әсем сурет, бейнелі, кестелі, түпсіз терең тұңғиықтан ақырын-ақырын шымырлап, тұла бойыңды билеп кететін бір құпия сиқыры тағы бар.

Жастайынан медреседе тәрбие алған жас Абай мұсылманша сауат ашады. Жас Абайдың бұлайша тәрбиеленуіне себеп болған - әкесі Құнанбай. Бұлай болуы заңды да. Өйткені, қазақ жерінде ең алғаш қажылық сапарын орындаған кісілердің бірі - осы Құнанбай.

Енді осы Абай шығармаларындағы мұсылманшылықты сөз ететін діни лексикондарды шама-шарқымыз жеткенше тауып көрейік. Көп оқып, ғылымға телміре үңілген Абай он сегіз мың ғаламды жаратып, соған патша болған жалғыз жаратушы Алланы өз өлеңдерінде кең қолданды. Мысалы:

Алланың өзі де рас, сөзі де рас

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан, оның төрті

Алланы танытуға сөз айырмас . . .

Осы өлеңінде Абайдың діннен біраз сусындағанын көреміз. Себебі, бұл өлең жолдарының барлығы тек діни ұйқасқа құрылған. Мұндағы «Алла» сөзі баршамызға мәлім. Өзі деп отырғаны - Өзі, ал сөзі деп отырғаны - қасиетті Құран Кәрім. Осы кітаптар жөнінде қасиетті Құранда және пайғамбар хадистерінде жиі айтылады. Солардың ішінде төрт кітапқа «әһли кітап» деп түсінік берген. Олай дейтініміз, алдыңғы үш кітаппен бір кездері шариғат үкімдері жүрген. Уақыт өте келе, кітаптар өзгеріске ұшырап, соңғы ахирет шариғаты немесе кітабы - Құран түсті. Тағы да мысал келтіре кетейік:

Аманту оқымаған кісі бар ма?

Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,

Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.

Бұл жолдардағы бізге түсініксіз термин - аманту , уактубиһи сөздері. Алғашқы жолдағы аманту - араб сөзі (ә-мән), иман келтірдім, яғни сендім деген мағынада. Уәктубиһи - араб сөзі, кітаптарына мағынасын береді. Жоғырыда айтып өткеніміздей, бұл өлең жолдары бірыңғай дін тақырыбы. Енді басқа да өлең жолдарына көз жүгіртіп көрелік:

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңінде де дін лексикасы көрінбей қалмаған. Мысалы:

Әуелі аят, хадис - сөздің басы,

Қосарлы бәйітмысал келді арасы.

Қисынымен қызықты болмаса сөз,

Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы.

Қазақта сөздің басы «бісміллә» деп бекер айтылмаса керек. Осы қазақтықты бойына сіңірген ақынымыз өз өлең жолдарында бұл ұстанымды жақсы бейнелеп кеткен. Абайдың өлең жолдарында мұндай тіркестерді көптеп кездестіруге болады, алайда біздің мақаламыздың көлеміне сыймайтын болғандықтан, Абайдың қарасөздерінен де бірнеше мысал келтіре кетуді жөн деп ойлаймын. Абай өзінің қарасөздерінде Алла, ахирет, сенім, пайғамбар туралы да ойларын айтып кетеді. Мысалы он үшінші қарасөзінде былай дейді:

Иман деген - Алла табарака уа тағаланың шәриксіз , ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәсәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі - не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел - испатқылырға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі - кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман тақлиди дейміз.

Алғашқы сөйлемдегі шәриксіз сөзі - (араб. Ширк) ортақ, серік деген мағынаны береді. Бұл дегеніміз - Алла жалғыз, әйелі, баласы жоқ және де Алладан басқа ешқандай күш-құдірет жоқ деген мағынада. Қасиетті Құран Кәрімде Аллаһ Тағала құлдарына маған ешқашан ортақ қоспаңдар деп көп сүрелердің аяттарында бұйырады. Мысалы, Ниса сүресінің 116-шы аятында былай дейді: « Негізінен Аллаһ өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа кімді қаласа жарылқайды. Ал кім Аллаһқа ортақ қосса, расында өте қатты адасты». Және де « Аллаһпен бірге басқа тәңірді шақырма! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оның өзінен басқа барлық нәрсе жоқ болады. Үкім оған тән. Сондай-ақ оған қайтарыласыңдар» (28. Қасас-88) . «Аллаһқа бойұсынған түрде Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі ортақ қосушы болмаңдар» (30. Рум-31) . Осы секілді Құранда Аллаһ көп жерде өзінің серігі жоқ жалғыз екенін адам баласының есіне салып отырады. Бұл турасында пайғамбарымыз (с. ғ. с) « Сіздерге күнәлардың ең үлкенін айтайын ба? Олар: Аллаһқа серік қосу, ата-анаға қарсы келу және жалған куә жасау ». (Бухари, Әдеп-6; ) .

Абай осы қарасөзінде иман мәселесін сөз қылса, жиырма жетінші сөзінде Сократ хакім мен Аристодим екеуінің әңгімесі арқылы адам баласының Жаратушыға мұқтаж екенін айтып жеткізеді.

Отыз алтыншы сөзінде: Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәсәлләмнің хадис шәріфінде айтыпты: «мән лә хаяһун уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Сонымен қатар, отыз сегізінші сөзі тұнып тұрған ислам. Онда Аллаһтың сипаты, адамның білімге құштар болуы, адамның ақылы шектеулі, Алланың шексіз екені, өлгеннен кейін ахиретте қайта тірілу т. б. осы сияқты оқиғаларды суреттейді.

Абай өз заманында діни білімді жетік меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар дүние білімін де жетік меңгергені көрініп тұр. Олай болуы, Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) «Дін білімі мен дүние білімі құстың екі қанаты секілді» деген хадисіне амал етілген сияқты.

Қазақ халқының көзін ашуға өзіндік үлесін қосып, аянбай еңбек еткен тұңғыш педагог, ақын, жазушы ірі тұлға - Ыбырай(Ибраһим) Алтынсарин. Барша қазақ азаматтарына өзінің бес саусағындай таныс болған Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» өлеңінде осы күнге дейін алғашқы жолы белгісіз болып келгені баршамызға белгілі. Мектеп қабырғасында жүргенде, үш жол өлең екен деп те ойлап келдік. Алғашқы жолы айтуға тыйым салынып, Кеңестік идеологияның құрбаны болды. Себебі, Құдай атаулыны атауға тыйым салынған өтпелі кезеңде біздің зиялыларымыз өмір сүрді. Өзінің асыл дінін, салт-дәстүрін сақтап қаламыз деп, көптеген көзі ашық азаматтарымыз итжеккенге айдалып, оқ құшқандар қаншама? Міне, осы таяқтың бір ұшы тиген бабаларымыздың бірі - Ыбырай.

Жоғарыда атап кеткен өлеңнің алғашқы жолы жасөспірімдерді хақ дінге жетелейтін, Құдай атаулыны тануына себеп болатын жолдар болған. Ол жолдар:

Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанда көңілге -

Ықыласпен тоқылық!

Істің болар қайыры,

Бастасаңыз Аллалап.

Оқымаған жүреді -

Қараңғыны қармалап.

Бұл жолдарда ақын, кез келген істі Алланың атымен, яғни «бисмилләһпен» бастау керектігі жөнінде айтады. Себебі, Аллаһтың атымен басталған қандай да бір іс болмасын, ол өзінің берекесін табады.

Оқу білген таниды,

Бір жаратқан Құдайды:

Танымаған Құдайды,

Неғылғанда ұнайды -

деп, біздерге Құдайды қалай тану керектігі жөнінде сілтеме беріп кетеді.

Бір кездері біздерге Абай, Ыбырайлар шоқынған. Себебі, олар орыстармен дос болды деген ақпарат берген болатын. Солақай саясаттың кесірінен ол кісілерді қазақ баласының көбі жақтырмаған сыңай танытты. Бірақ, бұл авторлардың еңбектерімен таныса келе, алғашқы алып-қашпа, ілеспе сөздер екеніне анық көз жеткізгендей болдым. Ы. Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» (Шариат-ул-ислам) атты еңбегіндей туынды көрмедім. Көлемі жағынан кішігірім болғанымен, ішіндегі түсінігі мол. Бұл кісі Алланы бір, Құранды шын, Мұхаммедті (с. ғ. с) хақ деп білген адам. Осындай Исламнан хабары бола тұрып, «шоқынған» деген сөз қауесет екені саналы адамға бірден түсінікті бола қалады. Бұл еңбек Кеңес заманында тіпті оқытылған да жоқ. Жабулы күйінше қала берді. Егер де еңбектер мектеп балаларына, жоғары оқу орнының студенттеріне оқытылғанда, қазіргідей ата дінін дүниеге айырбастап, кейбіреулері хақ дін осы екен деп қаракөз бауырларымыз адасып кете бармас еді. Аталған еңбекте автор былай дейді:

«Қанша мақтау бір Құдай табарак уа тағалаға лайық, ол лайықтығында ешбір зат, мақлұқта теңдесі жоқ. Бұл үстіміздегі шеті-шегі жоқ көк, күндіз болса дүниені жарық еткен күн, кеш болса күлімсіреп туған ай, жұлдыздарымен бұл дүнияны айналып жатқан шеті жоқ мұхит, теңіздері һәм таулардан таза жауһардай жылтырап аққан өзендері, ішінде неше алуан мақұлықтар, балықтарыменен, астымызда біздің дүниямыз атанған жер қазып қарасақ, алыстан тұманданып көрінген, ішіне кірсең жапырақтары жайқалып дүнияған хош иістер жайған биік орман ағаштар».

Ы. Алтынсарин Алланы бар деп айтудан гөрі, құдіреттің бізге берген ризық, нығметтерін, хикметтерін айтып жеткізгенді жөн санаған. Өйткені, адам баласы көзімен көрген нәрсеге сенгіш келеді. Ыбырайдың осы тұстары Абаймен үндестік тапқандай: «Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне һәм қандай лайықты жарастықты законмен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне таңғажайып қаласың һәм ақылың жетпейді, осының бәрі де кез келгендікпенен бір нәрседен жаралған ба, яки бұлардың иесі бір өлшеусіз ұлы ақыл ма? Егер ақылменен болмаса, бұлайша бұл хисабына, өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние әрбір түрлі керекке бола жаратылып һәм бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын мықты көркем законға қаратылып жаратылды».

Қасиетті Құран Кәрімде « Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте енсапсыз, аса шүкірсіз »(14. Ибраһим-34) . « Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Рас, Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді» (16. Нахыл-18) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби тіл туралы ұғым, қазақ әдеби тілі жайындары пікілрлер
Миссионерлік әдебиеттің қазақша аудармаларының тілі
Қазақ тіліндегі көптік тұлға мен көптік мағына және олардың ғылыми стильдегі қолданысы
Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы
Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы
Қазақ тілі
Қазақ тіліндегі араб әдеби кірме сөздері
Ыбырай Алтынсаринның қазақ жазба әдебі тілінің негізін салудағы ролі
Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz