Қасақаналық қылмыс және оның түрлері
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қасақаналық және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Қасақаналық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
3. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның ... ... ... ... ..14
4. Абайсыздық және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
5. Абайсыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды: Қылмыстық ниет және мақсат
Пайдаланған әдебиет тізімі:

Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның кезінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық, құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға кауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.
Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек кана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық — өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мем¬лекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қыл¬мыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.

1. А. Ағыбаев, 1998 «Жеті жарғы», 1998 ж. А. Ағыбаев, 2007«Жеті жарғы» ЖШС, өнд. толықт., 2007 ж.
3. Табанов С.А.,2003 "Жеті жарғы" ЖАК, 2003 ж.
4. ҚР қылмыстық кодекс
5. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері., Алматы, 2004ж.
6. ҚР құқық негіздері. Е.Баянов, Алматы, 2001ж
7. ҚР Конституциясы, Алматы, 2004ж.
8. Волков Б. С. Мотивы преступлений (уголовно-правовое и социально-психологическое исследование). Казаңь, 1982.
9. Волков Б. С. Неосторожность. Уголовно-правовые и крими-нологические проблемы. М., 1977.
10. Дагель П. С. Проблемы вины в советском уголовном праве// Уч. зап. Дальневосточного гос. ун-та. Владивосток, 1961. Вып. 21. 4.1.
11. Злобин Г. А. Никифоров Б. С. Умысел и его форма. М., 1972.
12. Кириченко В. Ф. Значение ошибки по советскому уголовно¬му праву. М., 1950.
13. Лунев В. В. Мотивация преступного поведения. М., 1991.
14 . Макашвили В. Г. Уголовная ответственность за неосторож¬ность. М., 1957.
15. А. Ағыбаев, 1998 «Жеті жарғы», 1998 ж.
16. А. Ағыбаев, 2007«Жеті жарғы» ЖШС, өнд. толықт., 2007 ж.
17. Табанов С.А.,2003 "Жеті жарғы" ЖАК, 2003 ж.
18. ҚР қылмыстық кодекс
19. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері., Алматы, 2004ж.
20. ҚР құқық негіздері. Е.Баянов, Алматы, 2001ж
21. ҚР Конституциясы, Алматы, 2004ж.

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қасақаналық және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Қасақаналық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
3. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның ... ... ... ... ..14
4. Абайсыздық және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
5. Абайсыздық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
Қорытынды: Қылмыстық ниет және мақсат
Пайдаланған әдебиет тізімі:
Кіріспе
Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық
жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі
қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң
шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға
кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам
қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген
нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау,
ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т. б. Мұның
кезінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін
қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық, құқылық норманы бұзудың
нәтижесі, қоғамға кауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады.
Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң
бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін
қылмыстық жауаптылық тек кана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның
көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің
тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық
жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық — өзінің
нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.
Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген
адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті
шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың
әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей
отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға
беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және
заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).
Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
1. Қасақаналық және оның түрлері
Өйткені, іс-әрекеттің қылмыстық заңға қайшылығын сезінуді заң
шығарушы қасақаналықтың белгісі ретінде арнайы көрсетпеген. Дегенмен де
кейбір реттерде заң шығарушы іс-әрекеттің қасақана қылмыс құрамына
жатқызылуы үшін қылмыстық жауаптылықтың шарты ретінде кінәлінің өзінің іс-
әрекетінің қылмыстық заңға қайшы екендігін сезінуін тиісті қылмыстық
құқылық нормада тікелей атап көрсетеді. Мысалы, біреуді біле тұра заңсыз
тұтқынға немесе қамауға алу, анықтама, тергеу, прокуратура немесе сот
органдарынын біреуді біле тұра заңсыз қылмыстық жауапка тартуы, әкімшілік
шараларды қолданғаннан кейін тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған
жерлерде тыйым салынған мерзімде заңсыз аң аулау.
Қасақаналықтың интеллектуалдық элементін сипаттайтын бір қажетті
белгісі, қылмыс субъектісінің өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен
болатын зиянды зардабын болжауы болып табылады.
Егер айыпкер мұңдай зардаптың болуын болжамаса және болжауға
мүмкіндігі болмаса, ол қылмыстық жазалауға тартылмайды. Қоғамға зиянды
зардаптың тууын болжау деп кінәлінің өзінің іс-әрекетінен туындайтын,
қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға келтірілетін зиянды оймен
елестету болып табылады. Тікелей қасақаналықта болжаудың мазмұнын іс-
әрекеті арқылы келтірілген зардаптың нақты түрлері, оның қоғамға
зияндылығы, соңдай-ақ осы іс-әрекетпен келтірілген зардаптың арасындағы
себепті байланыстың орбуі сияқты белгілер құрайды.
Тікелей қасақаналықта қоғамға қауіпті зардаптың тууының болмай
қалмайтындығы болжанады. Белгілі бір зардап келтіруге ниет еткен адам
өзінің ниетінің сөзсіз іске асатындығына кәміл сенеді және туындайтын
зардапты ой-сана арқылы елестетіп, оның сөз жоқ болмай калмайтындығына көз
жеткізеді. Кейбір реттерде ғана тікелей қасақаналықпен қылмыс істегенде
қоғамға қауіпті зардап сөзсіз болатын түрде емес, тек қана нақты мүмкін
болатын зардап ретінде болжануы мүмкін. Мысалы, жүріп келе жат-қан поездан
жәбірленушіні лақтырған адам өзінің қылмысының нәтижесі — құрбанының өлуі
немесе оның кез келген дәрежедегі дене жарақатын алатындығын сезеді. Мұндай
жағдайда істелген әрекеттің нәтижесінен кісі өлімін тілеу заңды құбылыс
болғанымен, кісі өлімінің орын алуы сөзсіз түрде емес, бірақта әйтеуір
жүзеге асатындай болып елестейді немесе кінәлі адам өзінен біршама
қашықтықта тұрған адамды әдейілеп көздеп атқанда, ол жәбірленушінің өлуінің
нақты мүмкін болатынын ғана болжайды.
Қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде
жол беру тікелей қасақаналықтың еріктілік элементін құрайды.
Тілеу — бұл белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету деген ерік
білдірушілік болып табылады. Тікелей қасақаналықта қоғамға зиянды зардаптың
болуын тілеу, әр түрлі нысанда көрінуі мүмкін:
а) Қоғамға зиянды зардап келтіру кінәлінің түпкі мақсаты немесе
қоғамға зиянды зардап түпкі мақсатка жетудің қажетті құралы болса я
болмаса,
б) қоғамға зиянды зардап кінәлі адам үшін түпкі мақсатқа жетудің
белгілі бір сатысы болуы мүмкін. Қылмыстық заңда қасақаналықтың анықтамасы
материалдық құрамдағы қылмыстарға арналып берілген.
Формальдық құрамдағы қылмыс үшін қасақаналықтың мазмұнын осы тұрғыда
қылмыстардың объективтік жағының белгісі болып табылатын істелген қоғамға
қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығын сезу ғана
жеткілікті болып табылады. Кылмыстың зардабы формальдық құрамдағы
қылмыстардың объективтік жағының міндетгі белгісі болмайтындықтан, кінәлі
адамнан мұндай жағдайда қоғамға зиянды зардаптың болуын болжауды талап
етуге болмайды.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, оның қоғамдық кауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе
болмай коймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе,
қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

ұғынып, онын қоғамдық кауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала
білсе осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не
бұған немқұрайды қараса қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (20-
бап).
Тікелей және жанама қасақаналықтағы іс-әрекеттің қоғамға қауіпті
мәнін білудің айырмашылығы жоқ, екеуінде де бірдей. Жанама қасақаналықтағы
қоғамға зиянды зардапты болжаудың тікелей қасақаналықпен болжауға қарағанда
айырмашылығы бар.
Егер тікелей қасақаналықта қоғамға зиянды зардаптың болуы мүмкін
екенін немесе болмай коймайтынын алдын ала білсе, жанама қасақаналықта
қоғамға зиянды зардапты болжау сөзсіз болатын түрінде емес, болуы мүмкін
зардап ретінде алдын ала болжанады. Сонымен, жанама қасақаналықтың
интеллектуалдық белгісі істелетін іс-әрекеттің қоғамға зияндылығын сезу
және қоғамға зиянды зардаптың болу мүмкіндігін болжау арқылы си-патталады.
Жанама қасақаналықтың еріктілік белгісі қоғамға зиянды зардаптың
болуына немқұрайды қарап саналы түрде жол беру арқылы көрінеді. Жанама
қасақаналық тікелей қасақаналықтан негізінен осы еріктілік белгі бойынша
ерекшеленеді. Тікелей қасақаналықта адам зиянды зардаптын болуын тілейді.
Жанама қасақаналықта, тікелей қасақаналыққа қарағанда кінәлі адам
зардаптың болуын тілемегенімен, бірак оның болуына саналы немесе немқұрайды
түрде жол береді.
Қоғамға зиянды зардапқа саналы, немқұрайды түрде жол беру деп
кінәлінің сол зардаптың болу мүмкіндігін болжауын және оны тойтаруды
ойланбауын, яғни жүзеге асуына немқұрайдылықпен парықсыз қарауды айтамыз.
Мәліков облыстық соттың үкімімен кісі өлтіруге (ҚК-тін 24,96-бап, 2-бөлік,
б тармағы) оқталғандығы үшін төмендегі жағдайда сотталған. Жәбірленуші
Шәріпов сотталған Мәліковтен түнде ұрланған екі кап жемді қоймасына әкеліп
қоюды ұсынады. Осы үшін кек алуды көздеген Мәліков фермаға келіп,
Шәріповтың желке тұсынан пышак салып, екінші рет пышақ кезеген, бірақ
жәбірленушінің қарсылық көрсетуі нәтижесінде соңғы соққы жеңілдеу тиген.
Мәліковтың өз әрекетін одан ары жалғастыруына сол жерде тұрған біраз
адамдар жол бермеген. Мәліковтың әрекетін Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер
қарайтын алқасы 24,96-бап 2-бөлігі б тармағынан 103-баптың 3-бөлігіне
(денеге қасақана ауыр зиян келтіру) жатқызып, қайта саралаған. Сот үкімінде
Мәліков жәбірленушінің желкесіне пышақ салып, екінші мәрте ұруға ұмтыла
отырып, өзінің іс-әрекетінің қоғамға зиянды зардабын сезеді, жәбірленушінің
өлетінін болжайды және оған саналы түрде жол береді, яғни жанама
қасақаналықпен әрекет жасаған деп көрсетілген.
Мұндай қорытыңдымен келіспеген Жоғарғы Соттың Президиумы кассациялық
ұйғаруды бұзып, облыстық соттың үкімін күшінде қалдыра отырып өз қаулысында
кінәлінің қасақаналығының мазмұнын анықтауда сот істелген қылмыстың барлық
мән-жайлар жиынтығын, соңдай-ак қылмыстық тәсілін және қолданылған қаруын,
дене жарақатының адам өміріне маңызды органына келтірілуі сипатын, санын,
кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себептерін еске алуы қажет деп
көрсетті. Осы іс бойынша қылмыстың нақтылы істелу жағдайлары: пышақпен
адамнын өміріне қауіпті жері — желкесіне пышақ салуы, ол әрекетті екінші
рет істеуге әрекет жасау, бірақ жәбірленушінің белсенді түрдегі қарсылығына
байланысты, сондай-ақ бөтен адамдардың кінәлінің қылмысты әрекетін тыюға
байланысты, дер кезінде дәрігерлік көмектің нәтижесінде ауыр зардапты
тойтарудың өзі Мәліковтың өз әрекетінен жәбірленушінің өлуін тілегенін және
ондай зардаптың сөз жоқ болатындығын болжағанын және соны тілегенін, яғни
тікелей қасақаналықпен әрекет істегенін көрсетеді.
Тағы бір мысал: қатардағы Әбенов мас болып өзі күзетіп тұрған
постының жанынан қаранғы кезде өтіп бара жатқан Сәрсенов жаққа қаратып,
бұзақылық ниетпен автоматтан оқ жаудырған. Сәрсеновтың қолы және аяғы
жарақаттанған. Республика Жоғарғы Сотының әскери коллегиясы Әбеновты жанама
қасақаналықпен кісі өлтіруге бұзақылық ниетпен оқталғандығы үшін кінәлі деп
тапқан. Себебі, ол Сәрсеновке қаратып оқатқанымен, оны өлтіруді немесе оған
ауыр зардап тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы түрде жол берген.
Жанама қасақаналықта қылмыс құрамына тән қоғамға зиянды зардапты
болғызу кінәлінің іс-әрекетінін түпкі немесе аралық я болмаса басқа
мақсатка жету құралы болып табылады. Бұлар кінәлінің іс-әрекетінен
туындаған бөгде нәтиже болып табылады. Жанама қасақаналықпен істелген
қылмыстар үшін қоғамға зиянды зардаптың қажеті жоқ, мұндай жолмен істелген
іс-әрекетте зардап келтіру туралы ниет те болмайды. Бірақ алға қойған
мақсатына жету үшін адам осындай зардаптың болу мүмкіндігін теріске
шығармайды, оған саналы түрде жол береді. Сөйтіп, жанама қасақаналықпен
қылмыс істеу тікелей қасақаналықпен қылмыс істеу арқылы жүзеге асырылатын
басқа қылмысты істеуде де кездесіп калады. Жанама қасақаналықтың ерекшелігі
сол, ол формальды қылмыс құрамында болмайды. Өйткені формальды қылмыс
құрамының объективтік жағы тек қана қоғамға зиянды іс-әрекеттен (әрекет
немесе әрекетсіздік) ғана құралады. Сол себепті белгілі бір қоғамға зиянды
әрекеттің орындалуы мұндай қылмыс құрамының белгісі ретінде көрсетілмейді.
Формальды қылмыс құрамындағы қылмыстарды істегенде адамның еркі іс-
әрекеттің өзіне ғана бағытталғандықтан тек қана тікелей қасақаналық
нысанында жүзеге асады.
Жанама қасақаналықпен қылмысқа даярлану, қылмыска оқталу, құрамында
арнаулы мақсатты көрсеткен қылмыстарды істеу, сондай-ақ қылмысты
ұйымдастыруды, азғыруды және көмектесуді жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл
тұрғыдағы қылмыстар тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Тікелей және жанама қасақаналықты бір-бірінен жіктеп белудің қылмысты
дұрыс саралауда маңызы ерекше. Көптеген қылмыстар тек кана тікелей
қасақаналықпен істеледі. Жанама қасақаналықты дұрыс анықтау оны мендікпен
істелетін кінәнің абайсыздық нысанынан дұрыс ажыратуға да мүмкіндік береді.
Қасақаналықтың осы екі түрін бірінен-бірін ажырата білу қылмыстық-құқылық
нормаларды дұрыс қолдану үшін, кінәнің дәрежесін анықтау үшін, іс-әрекеттің
қоғамға зияндылығының дәрежесін, қылмыскердің жеке басының, қылмыстық
жауаптылық пен жазаны саралау үшін өте қажет.
Қылмыстық заң (20-бап) қасақаналықтың тек қана екі түрінің тікелей
және жанама қасақаналықтың ғана анықтамасын береді. Қылмыстық құқық
теориясы және сот тәжірибесі қасақаналықтың баска түрлерін бөліп керсетеді.
Пайда болу мерзіміне қарай қасақаналық алдын ала ойластырылған немесе табан
астында пайда болған қасақаналық болып бөлінеді. Алдын ала (күні бүрын)
ойлаудан туатын қасақаналықта кінәлі адам қылмыс істеуден бұрын, ол туралы
күні бұрын ойланып, сол ойын аздаған уақыт өткізіп алып іске асырушылық
жатады. Алдын ала ойлау мен сол ойды жүзеге асыру аралығында кінәлі адам
қылмысты істеудің жоспарын ойластырады, қол сұғылатын объектіні, қылмыстың
затын тандайды, ойын жүзеге асырудың тәсілін анықтайды. Көп жағдайларда
адамның алдын ала ойлау арқылы істеген қылмысының дәл осындай қылмысты
табан асты пайда болған қасақаналықпен істеген адамға қарағанда зияндылық
дәрежесі зор болады. Өйткені, қылмыс істеуді алдын ала, күні бұрын
ойлаған адам оны жүзеге асыруға дайындатумен бірге, істеген қылмысы үшін
жауаптылықтан қалай құтылудың да амалын қарастырады. Табан асты пайда
болған қасақаналықта қылмыс істеу туралы ниет аяк астынан, кенеттен пайда
болып, сол ниет тез арада іске асады. Табан астында пайда болған
қасақаналық жай және аффектілік болуы мүмкін.
Табан астында пайда болған жай қасақаналыққа кінәлінің қылмыс істеу
туралы ниеті оның, өзінің дені дұрыс күйінде пайда болып, сол ниеттің сол
арада тез не болмашы уақыттан соң іске асырылуы болып табылады.
Аффектілік қасақаналыққа жәбірленушінің тарапынан кінәліге немесе оның
жақындарына заңсыз күш жұмсау немесе тіл тигізіп, қатты қорлау салдарынан
табанда болған жан күйзелісі үстінде ашуға байланысты болған қасақаналық
жатады. Мысалы, жан күйзелу жағдайында жасаған ашумен болған адам өлтіру
немесе жан күйзелу жағдайында денсаулыққа зиян келтіру.
Кінәлінің өзінің істелетін іс-әрекетінен келетін қоғамға зиянды
зардаптарын дәл болжауына байланысты қасақаналық айқын (нақтыланған) және
екі үшты (нақтыланбаған) болып бөлінеді. Айқын (нақтыланған) қасақаналықта
кінәлі нақтылы, дәл анықталған қоғамға зиянды зардаптың болуын болжайды.
Айқын қасақаналық жәй және баламалы (альтернативті) болып екіге бөлінеді.
Жәй айқын қасақаналықта кінәлі адам өзінің іс-әрекетінен белгілі бір нақты,
қоғамға зиянды зардаптардың болуын болжайды (Мысалы, кісі өлімі немесе
денеге жарақат келтіру). Адамға мұндай ретте нақты орын алған нәтижеге
байланысты кінә таңылады.
Балама нақтыланған қасақаналықта кінәлі адам екі немесе одан да көп
айқын анықталған қоғамға зиянды зардаптың болу мүмкіндігін болжайды
(Мысалы, кісі өлімі немесе ауыр дене жарақаты).
Екі ұшты (нақтыланбаған) қасақаналықта кінәлі адам қоғамға зиянды
зардаптардың нақты қайсысының орын алатынын және оның қандай болатынын
дәлме-дәл елестете алмайды. Екі ұшты қасақаналықта кінәлі адам нақты орын
алған зардап үшін ғана жауапты болып табылады.
1. Қасақаналық
Қылмыстық заңда және сот-тергеу практикасында ең көп кездесетін
кінәнің нысаны қасақаналық болып табылады. Кінәнің қасақаналық нысанын
дәлме-дәл анықтаудың заңдылық маңызы ерекше. Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының 1994жылғы 23 желтоқсанда қабылдаған Азаматтардың өмірі мен
денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды
соттардың қолдануы туралы қаулысында баска да мән-жайларды анықтаумен
бірге соттар жаза тағайындағанда қасақаналық түрін, істелген қылмыстың
ниеті мен мақсатын ескеруге міндетті, деп көрсетілген. Қасақаналықтың
мазмұны Қылмыстық кодекстің 20-бабының 1-бөлігінде көрсетілген. Мұнда
тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп
танылады, — делінген. Қылмысты қасақана істеу тікелей немесе жанама
қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қасақаналықтың ұғымы негізінен екі түрлі элементтен — интеллектуалдық
және еріктілік кезеңнен құралады. Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің
қоғамға кауіпті мәнін сезіну және сана-сезім арқылы өтетін онын қоғамға
зиянды зардабын болжау қасақаналықтың интеллектуалдық (сезім) кезеңін
құрайды. Зардаптың болуын тілеу немесе онын тууына саналы түрде жол беру
еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс-әрекеттің қоғамға кауіптілігін
сезіну қасақаналықтың кажетті элементі болып табылады, мұндай элементтің
болмауының езі кінәліліктің болмағандығын дәлелдейді.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті мәнін сезіну деп сол әрекет немесе
әрекетсіздіктен тікелей туындайтын зардаптың мәнісін және мазмұнын түсінуді
айтамыз.
Адам өзі белгілі бір қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеу кезінде өзінің
қылмыстық заң қорғайтын қандай объектіге қол сұғатынын, одан келтірілетін
зиянды, соңдай-ак осы іс-әрекеттің жүзеге асырылу уақыты, орны, тәсілі,
жағдайы сияқты мән-жайларды ой елегінен өткізіп, елестетеді. Осы
компоненттердің барлығының да кінәлінің санасы арқылы елестетілуі, оның іс-
әрекетінің белгілі бір әлеуметтік игілікке қарсы бағытталғанын, нәтижесінде
одан қоғамдық қатынастар жүйелеріне зиян келетінін, яғни оның қоғамға
қауіптілігін сезінуге мүмкіндік береді. Әрбір адам өзінің саналы ойына,
өмірлік тәжірибесіне, біліміне, құқылық мәдениетіне сәйкес өзінің іс-
әрекетінің қоғамға кауіптілігін сезінуге қабілетті болып табылады.
Іс-өрекеттің қоғамға қауіптілігін сезінуді қылмыстық заң тыйым
салған, оған кайшы іс-әрекеттерді істеуді сезумен теңестіруге болмайды.
Қасақана қылмыс істегендердің басым көпшілігі өзінің іс-әрекетінің
қылмыстық заңға қайшы екенін сезеді. Бірақ та қылмыстық заң тыйым салған
әрекет немесе әрекетсіздікті білмей істейтін жәйттер де кездесіп қалуы
мүмкін. Мысалы, түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторларында, тәрбиелеу және
емдеу профилакторийлерінде ұстайтын адамдар ішімдіктерін, дәрілік немесе
есірткі заттарды, сондай-ақ беруге тыйым салынған басқа да бұйымдарды қарап
тексеруден жасырып беру немесе кез келген әдіспен беруге әрекеттенудің
қылмыстық заң тыйым салған, жазалайтын әрекет екенін әркім біле бермейді.
Соған қарамастан адамның мұндай әрекеті қасақана қылмыс істегендік болып
есептелінеді.
3. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі
және оның маңызы
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-
әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып
табылады.
Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда
субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден
шығатын қорытынды қылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері
өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Соңдықтан да қылмыстың
субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә,
қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген,
яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған
ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп
береді.
Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағының осы белгілерінің заңдылық
маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс құрамының
субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. Кінәсіз қылмыстың
құрамы болмайды. Мұның өзі кінәсіз жағдайда қылмыстық жауаптылық туралы сөз
болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға
қарағанда, кейбір құрамдар үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі
болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс құрамының
факультативті белгісі ғана болып саналады.
Істелмекші болған қылмыс жөніндегі абыржу, өкініш білдіру немесе жазадан
қорқу психологиялық әрекеттің элементтері болып табылмайды, сондықтан ол
қылмыстың субъективтік белгісіне жатпайды.
Қылмыстың субъективтік жағының белгілері — кінәні, ниет пен мақсатты
дұрыс анықтаудың маңызы мынада:
біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде ол
қылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, қылмыстын субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұксас
құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстың
субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген
адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады.
Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауға мүмкіндік
береді.
Сонымен қылмыстың субъективтік жағының қылмыстық жа- уаптылықтың бар
жоғын анықтау үшін, істелген қылмысты дұрыс саралау үшін және әділ жаза
тағайындау үшін маңызы ерекше. Осыған байланысты Қазақстан Республиқасы
Жоғарғы Соты көптеген қаулыларында қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын,
кінәнің нысандарын, қылмыстық қаскүнемдік пен арам ниеттің және оның
мақсатының мазмұны мен бағытын терең зерттеуді талап етеді.
4. Абайсыздық және оның түрлері
Орта есеппен әрбір оныншы қылмыс абайсыздықпен істеледі: осыған орай
оның зияндылығы немесе басқадай теріс әсері жоқ деп санауға болмайды.
Кейбір жағдайларда абайсыздықпен істелген қылмыстардан келетін зардаптардың
жүгі ауыр, таукыметі аз болмайды. Техниканың, тұрмыстық химияның, көліктің
әр түрінің дамуының, эқология саласындағы жол берілетін ұқыпсыздық
салдарынан болатын абайсыздық қылмыстары туралы жауаптылық мәселесі қазіргі
уақытта ең көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Абайсыздықпен істелетін қылмыс негізінен жауапсыздықтан,
байқаусыздықтан, өзінің кәсіптік немесе басқадай міңдеттеріне
немкеттілікпен, енжарлықпен қараудан, адамдардың өмірі мен денсаулығын
қорғауға жете көңіл бөлмегендіктен, сондай-ақ өзіне жүктелген кінәлі
адамдардың кәсіби шеберлігінің, тәжірибесінің, білімінің жетіспеуінен
немесе басқадай себептерге байланысты болады.
Абайсыздық туралы ұғым Қылмыстық заңда берілген (21- бап). Онда
менмендіқпен немесе немқұрайдылықпен жасалған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz