Ұлытау аймағындағы туризм


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҰЛЫТАУ АЙМАҒЫНДА ТУРИЗМНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ. 5
1. 1 Табиғи-климаттық алғышарттары . 5
1. 2 Тарихи алғышарттары 14
1. 3 Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары . . . 17
2 ҰЛЫТАУ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК НЫСАНДАРЫ . . . 19
2. 1 Аймақ бойынша туристік нысандарының жағдайы 19
2. 2 Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық
және табиғи нысандары … . . . . . . …. 20
2. 3 Өлкенің тарихи нысандары . . . 22
3 ӨЛКЕДЕГІ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ . . . 40
3. 1 Ұлытау амағында туристік инфрақұрылымды құру . . . 40
3. 2 Ұлытау аймағы бойынша туристік-экскурсиялық
маршруттар . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Б
ҚОСЫМША В
КІРІСПЕ
«Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен емес, суының көптігінен емес, тарихтың үлкен оқиғаларында бүкіл ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген жері болғандықтан Ұлытау атанған . . . » деп Әбіш Кекілбайұлы атап кеткендей Қарағанды облысының Ұлытау аймағының Қазақстанда орны ерекше.
Ұлытау аймағы Шығыс пен Еуразияның мәдениет тарихы мен халқының қоныстану географиясында қызығушылық тудыратын шетелдік туристері үшін өзіндік бір Меккеге айналды. Қазақ халқының тарихи орталығы, дала цивилизациясының көшпенді мәдениетінің орталығы. Бұл ежелгі тауларының ұлылығы - Қазақстанның ұлттық тарихының оқиғалар маңыздылығында. Мұнда ұлы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының ордасы болған, бұл жерден Батый хан шығысқа бағытталған жорығын бастаған.
Әр адамның санасында өз қара шаңырағы, Отаны, Атамекені жарық дүниенің кіндігіндей сезіледі. Ұлттық мәдениет, туған халықтың әдет-ғұрпы содан бастау алады. Қазақтар үшін сондай ата-баба мекені -Ұлытау. «Ұлы», «тау» деген - қазақтың төл ұғымы. Оның ұлылығы тек атының халық арасында әйгілі болуында ғана емес, ұлт тарихындағы қазақ руларын біріктірген аса ұлы оқиғалар туғызған тарихи мәнділігінде.
Аймақ территориясында 1500 астам тарих пен мәдениет ескерткіштері табылған. Әсіресе жиі кездесетін аудандар Сарысу, Сарыкеңгір мен Қаракеңгір өзендерінің алыбында. Ұлытау аймағына туристік сапарлар жасау үшін Жезқазған қаласы шығу нүктесі, ал Сәтпаев қаласы байланыстыратын қала, сондай ақ Қарсақпай, Жезді серік қалалары және туристік қызығушылықтарды тудыратын қалашықтар болғандықтан, жұмыс осы қалалармен байланыстырылады.
Жұмыстың мақсаты: Ұлытау аймағының туристік мүмкіндіктерін ашып, көрсету. Міндеті:
- рекреациялық табиғи ресурстарын бағалау;
- мүмкін болатын туристік инфрақұрылымды жасау;
- аймақта бар, туристердің қызығушылығын арттыратын, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштерді және өндірістік нысандарды ашып, көрсету;
- туризмді дамытуға қолайлы ресурстарды анықтау.
Жұмыста Ұлытау аймағының географиялық орны мен табиғи-климаттық ресурстары, аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы талданып, келешек туристік потенциалына талдау жасалынды.
Жұмыстың бірінші тарауында аймақта туризм қалыптасуының алғышарттарына талдау жасалынған. Негізінен аймақтың туризм дамуына географиялық орналасуы, тарихи алғышарттары және халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы әсер етеді. Климаттың қатаңдығына қарамастан аймақта туризмді дамытуға мүмкіндіктері бар. Жер қойнауы мысқа бай болғанына байланысты ежелден бұл аймақты тайпалар мекен етіп, өз іздерін ежелгі тұрақтар мен обалар, артефактар түрінде қалдырған.
Екінші тарауында Ұлытау аймағындағы негізгі туристік нысандарына сипаттама берілген. Аймақ тарихи-археологиялық ескерткіштеріне бай. Дәл осы аймақ, көшпенділердің орталығы болып табылады. Ал, ерекше қорғалатын табиғат территорияларында көптеген эндемик өсімдіктері өседі.
Үшінші тарауында аймақта туризм дамыту мүмкіндіктері бойынша нұсқаулар берілген. Аймақта танымдық экскурсияларды ұйымдастыруға болады, сонымен қатар, аңшылық, эклогиялық туризм түрлерін дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар.
Өлкенің тарихи және табиғи ескерткіштерінің бар болуына қарамастан, инфрақұрылымы мүлдем дамымаған.
1 ҰЛЫТАУ АЙМАҒЫНДА ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
- Табиғи-климаттық алғышарттары
Аймақ Қарағанды облысының оңтүстік батысында орналасқан, солтүстік-шығысында Қарағанды облысының Нұра ауданымен, солтүстік-батыста Қостанай облысымен, оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарымен, оңтүстік-шығысында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі. Ұлытау тауларының биіктігі 1181 м жетеді. Аймақ территориясын 400-1200 м абсолюттік биіктікке көтерілген жазықтар аллып жатыр, арасында ретсіз созылған төбелер мен аласа таулар бар. Ұлытау аймағының биік шыңдары: Жақсы-Арғанаты (757м), Ұлытау (1133м), Едіге (1064м) . Оңтүстік және оңтүстік батысында құм массивтері орналасқан. Бұлар: Арал маңы Қарақұмдары, Мибұлақ, Мойынқұм, Жетіқоңыр.
Ұлытау - Қазақстанның географиялық орталығы. Картада Ұлытау республикамыздың солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай созылған шекараларынан бірдей қашықтықта орналасқан. Сарыарқаның оңтүстік батыс шетіндегі ұсақ шоқылы, аласа таулы массив. Рельефі -таулы-қыратты, жазықты, топырағы ашық қара және сортаңдалған ашық қара.
Шұғыл континенталды ауа райы қалыптасқан аймақ болғандықтан Ұлытау өңірінде Сібірдің сақылдаған аязы мен Орта Азияның ауыз аштырмас аптабы тоғысып тұрады. Ұлытаудың қысы қатаң, жазы ыстық. Жаздағы орташа температура +22 ºС болса, қыста бұл көрсеткіш -22 ºС тең. Аудан бойынша ең суық ай - қаңтар, бұл айда орташа температура -14 -16 ºС болғанмен, абсолюттік минимум -42 -50 ºС дейін төмендейді. Жыл бойындағы ең ыстық ай - шілде, оның орташа температурасы +19-25 ºС, алайда абсолюттік минимум (ең жоғарғы температура) +38-46 ºС деңгейді көрсетеді. Осыған сай ауа температурасының жылдық ауытқуы (ең төменгі және жоғарғы температуралар қосындысы) - 96 ºС.
Аудан аумағының басым бөлігінде жыл бойына жауын-шашын 200 мм-ден кем түседі. Өлкенің оңтүстігі және батысындағы құмдарға жаңбыр мен қар тіпті аз жауады. Арал маңы Қарақұмдағы бұл көрсеткіш мүлдем төмен, бар болғаны 80 мм шамасында ғана.
Аудан жерінің таулы, қыраттары бөлігінде яғни солтүстікке қарай жылдық ылғал мөлшері анағұрлым артады. Оның көлемі 200-250 мм-ге жетеді. Ең ылғалды жауын-шашынды жер - Ұлытау тауының айналасы. Бұл маңайда жылдық ылғал мөлшері 300-350 мм.
Ұлытау аймағына жауын-шашын жыл бойына да біркелкі жаумайды. Жылы маусымдарда суық маусымдарға қарағанда ылғал молырақ түседі. Бірақ ол жылдам буға айналады да, ауа өте құрғақ болады. Бұл өңірде орташа салыстырмалы ылғалдық 55-60 пайыз болса, шілдедегі бұл көрсеткіш небары 35-40 пайызға тең.
Климаттың қалыптасуына күн сәулесінің әсері орасан зор. Ұлытау ауданы қоңыржай белдеудің оңтүстігінде жатыр. Күн сәулесі бұл өңірге мол түседі. Бұл өңір материктің орталық ішкі аймағында болғандықтан бұлтты күндер көп емес. Ашық, жарқырап күн нұрын сеуіп тұратын күндердің жылдық орташа ұзақтығы 2000 - 2500 сағатқа созылады. Бұл - Ұлытау өңірінде ауыл шаруашылық өнімдері толық пісіп үлгере алады деген сөз, әр күн сәулесін техникалық мақсатта пайдалануға толық мүмкіндік барын білдіреді.
Ұлытау аймағына көктем айларының соңына дейін және күздің алғашқы айларында аракідік солтүстіктен арктикалық ауа еніп тұрады. Осындай тәуліктерде үсік (замороски) жиі қайталанып, ауылшаруашылығына, оның ішінде егіншілікке, бау-бақшаға, мал төлдетуге зардабын тигізеді.
Аудан климатының шұғыл континенталдығын жыл мезгілдерінің алмасу ерекшеліктерінен де байқауға болады. Бұл өңірде қыс қазан мен қараша айларының тоғысар тұсында басталады. Осы кезде Сібір антициклонының әсерінен солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғатын желдердің екпіні күшейіп, кейбір күндері желдің жылдамдығы секундына 13-16 метрге дейін артып, қарлы борасындар соғады. Ұлытау - Кішітау сілемдері төңірегінде ауаның температурасы жазық даламен салыстырғанда 2-3 ºС жоғары болып келеді. Өйткені тау қырқалары желге қалқан болып ішкі бөліктерге өткізбейді.
Бұл өңірде қар жамылғысы желтоқсан айының бірінші жартысында тұрақталады. Оның қалыңдығы әртүрлі - негізінен 15-25 см болып келеді. Тоңның орташа тереңдігі (қалыңдығы) 30-40 см, кейбір қыс қатты болған жылдары жер 150 см тереңдікке дейін қатады. Ол наурыз айының екінші жартысынан бастап ери бастайды. Әдетте тоңның қалыңдығы күзгі жауын-шашынның мөлшеріне байланысты болады.
Көктемгі ауа райы Ұлытау жерінде өте құбылмалы. Көктем бұл өңірде тез өтеді. Көктем айларында үсік әрбір 10-15 күн сайын қайталанып тұрады, оның ең кейінгісі мамырдың соңғы аптасында соғуы ықтимал. Бұл аймаққа жылдық ылғал мөлшерінің 40 пайызы осы көктем айларында түседі.
Жаз келісімен ауа температурасы шұғыл көтеріліп, жердің беті тез қызады. Бұл кезеңде ылғалдың көпшілік мөлшері маусым айының үлесіне келеді. Бірақ күн қызуы күшті болғандықтан, ылғал жерге сіңіп үлгермей, буланып кетеді [26] .
Ауаның құрғақшылығы аңызақ желдер соққан уақытта тіпті күшейеді. Секундына жылдамдығы 15 м, кейде одан да көп жел бұл аймақта жазда жиі соғады. Жерден шаң-тозаң көтеріліп, дауыл тұрады. Мұндай құбылыстар әсіресе Қарсақпай мен Жезқазған айналасында үнемі қайталанып отырады.
Аңзақ желдер мен солардың әсерінен туындайтын қуаңшылық зардабы жаз айларында жазық далаларға, олардың өсімдіктер әлеміне зардабын молырақ тигізеді. Дала сарғайып, өсімдіктер қурап, табиғат шөлдік рең алады.
Күз айларын да жылдам өте шығуын Ұлытау өңірі табиғатының ерекшелігіне жатқызуға болады. Бұл кезде түн салқын болса да, күндіз жылы. Қыркүйектің екінші онкүндігінен күзгі үсіктер басталады. Қазан айында циклондар соғып, аспанды әлсін-әлсін бұлт басып, жауын-шашын жиі жауады да, қарашаның басында жаңбырдың арты қарға айналады. Ұлытау өңіріндегі жыл мезгілдерінің ауысу ерекшеліктерін төмендегі кестеден байқауға болады.
Ұлытау өңірінің жер бедері оңтүстік-батысқа қарай бірте-бірте аласара бастайды. Аудан жерінің ең биік нүктесі - Ұлытаудағы Ақмешіт шыңы. Оның биіктігі 1134 метр. Аудан аумағының ең төмен, ең аласа алқабы - Қарсақбай қыратының оңтүстік беткейінде жатқан Мыңбұлақ ойысы. Оның өзі теңіз деңгейінен 100 метр шамасында жоғары жатыр. Ойыстың сыртқы көрінісінде ғажап ерекшеліктер көп. Оның айнала шекарасы биіктігі - 50-170 метр аралығындағы тік жарқабақтармен қоршалған. Табан алқабында пішіні конусқа ұқсас биік (15-20 метр) төмпешік төбелер жатыр. Олардың ұшар басынан бұлақ суы атқылап тұрады. Мыңбұлақ атауы осы бұлақтардың көптігінен шыққанға ұқсайды.
Ауданда Ұлытаудан басқа Арғанаты (757 метр), Желдіадыр (629 метр), Кішітау (793 метр), Майтөбе (628 метр), Суықтөбе (546 метр), Ақмола (601 метр), Қарауылшы (503 метр) және т. б. да таулар бар. Жалпы алғанда аудан аумағының 65-70 пайызын қазақтың ұсақ шоқылары алып жатыр.
Қарсақбай қыраты - Ұлытау-Кішітау тау сілемдерінің жалғасы екеуінің арасын Бұланты - Білеуті өзен аңғары бөліп тұр. Қыраттың орташа биіктігі - 500-600 метр, шыңдарының ішіндегі ең биігі - Қарамола тауы (644 метр) . Қырат батыс, шығыс, оңтүстік бағыттарда созыла келе бірте-бірте аласарып, жазық далаға ұласады. Оның Торғай қолатына қосылатын батыс беті өзен аңғарларымен көп тілімделген. Осы өңір аудан жеріндегі өзендер жүйесі айтарлықтай дамыған аймақ болып табылады.
Ұлытау - Сарыарқа тауларының ішіндегі ең көнесі. Оның Едіге, Қыземшек, Айыртау, Ақмешіт әулие сияқты шоқылары мыңдаған ғасырлар бойы толассыз жүріп жатқан қоршаған ортадағы табиғат құбылыстарының әсерінен әбден қажалып, әр түрлі үгітілу процесіне бой алдырған. Тау шоқыларының тік жарқабақтарының құлау бұрышы 20-25 градус арасында болғандықтан, олардың арасындағы шатқалдардың ені тар.
Сарысу-Теңіз қыраты - Ұлытау ауданы территориясының шығысында жатыр . Ол Теңіз ойпатының оңтүстік беткейдегі Сарысу алқабынан бөліп тұр. Қыраттың жер бедері дөңес жазық болып келетіндігімен ерекшеленеді. Оның екі жағынан құлап ағып жатқан өзендердің табандары кең әрі енді.
Бетпақдала үстірті - Ұлытау ауданының оңтүстік бөлігін алып жатыр, ол Шу мен Сарысу өзендері аралығында орналасқан. Оның шығыс бөлігі ұсақ шоқылардан, аласа таулардан тұрады. Ұлытау ауданы жерінің құрамына Бетпақдаланың батыс бөлігі кіреді. Екеуінің арасын бөліп тұрған жазық Қоғашық деп аталады [26] .
Қоғашықтан батысқа қарай кебір сазды, құмақты және тастақты алқаптардан тұратын жазық дала басталады. Әр жерде сорла мен табақтай дөңгеленген ойпаңдар басталады. Жай көзбен қарағанда әрең білінетін жал-жал қырлардың мұхит деңгейінен ең жоғары тұрған жоталарының биіктігі 200-250 метрдей болып келеді.
Сарысу өзенін бойлай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған құм сілемдерінің салыстырмалы биіктігі 15-20 метрге жуық. Олар бұйрат-бұйрат төбелерден, жал-жал қырқалардан тұрады. Құм ішіндегі ойпаңдарға жер асты суы жақын болғандықтан шөптесін өсімдіктер қаулап өседі де, құм көшкініне тосқауыл болады.
Ұлытау ауданының оңтүстік-батысы Тұран ойпаты аумағына кіреді. Бұл өңір сусымалы құмдармен ерекшеленеді. Арал маңы Қарақұмы шығыс бағытта Арысқұм алқабымен қосылады. Құм шоқылар мен жалдардын дізбегінің ұзындығы 100-200 шақырымға дейін созылады. Үлкенқұм мен Жіңішкеқұмның ендері кейбір жерлерде мардымсыз, бас-аяғы 3-5 шақырым болса, кей олар жалпақтанып 60-70 шақырымға ұлғаяды. Өңірдің оңтүстік -шығысында Жетіқоңыр және Қрақойын құмды алқаптары бар.
Ұлытау ауданының аумағында солтүстіктен оңтүстікке қарай үш табиғат зонасы - құрғақ дала, шөлейт және шөл қалыптасқан. Осы зоналардың шекараларының ендіктер бойымен алғанда түзу емес екендігі байқалады. Бұл құбылыстың Сарыарқаның ұсақ шоқыларының тізбегінің әсерінен екендігі білінеді.
Құрғақ дала зонасы ауданның қиыр солтүстігіне ғана тән. Оған Арғанаты, Ұлытау таулар, Қайдауыл және Жыланшық жазығы, Қаптадыр ұсақ шоқылары аймағы кіреді. Зонаның жер бедері жазықты және қыратты болып келеді. Қайдауыл мен Жыланшық жазықтары (500-600 метр) Торғай қолатына қарай бірте-бірте аласара бастайды. Бұл жазықтардың бедері - өзен аңғарларымен тілімденген, жыралы-сайлы. Көктемде қар еріген кездегі су тасқындарының әсерінен жер бедері осылай қалыптасқан.
Таулардан шығып жатқан су көздерінен Терісаққан, Ұлы Жыланшық, Құланөтпес, Көң өзендері бастау алады. Өзендердің су қорының 95 пайызы көктемсде, қар ерігендегі тасқынға ағады. Ауа райының құбылуына қарай су деңгейі өзгеріп отырады, ылғалы мол жауын-шашынды жылдары өзендер арасынан ағыс үзілмейді, ал құрғақшылық жылдары арналар қарасуларға бөлініп қалады.
Өсімдік жамылғысы алқаптардың ылғалдану мүмкіндігіне қарай әртүрлі болып келеді. Қызғылт топырақты бетегелі - селеулі дала алаптары жиі кездеседі. Бұл зонада Ұлытау ауданының астық өндіретін шаруашылықтары орналасқан.
Шөлейт зонасы Ұлытау ауданы көлемінің үштен біріндейін алып жатыр. Ол құрғақ дала зонасымен шөл зоналары арасында қалыптасқан аралық зона болып есептеледі. Батыста Солтүстік Торғай жазығынан басталып, Қарсақбай қыратын оңтүстіктен айналып, Сарысу өзені алқабымен Жезқазған қаласы тұсына келіп, Одан әрі Сарысу-Теңіз қыраты арқылы Ақмола облысымен, Жаңарқа ауданымен шектеседі.
Шөлейт зонаның климаты даламен салыстырғанда құрғақ. Батыстан шығысқа жүрген сайын бұл зонаның бойында қазақтың ұсақ шоқылары аймағындағы жер бедері түрлері түгел кездеседі. Солтүстік Торғай жазығы (300-400 метр) қарсақбай қыратына (500-600 метр) жалғасып одан Ұлытау тауларымен (1134 метр) тоғысып, әрі қарай шығыс бетте Сарысу-Теңіз қыратына қосылады. Зонаның теңіз деңгейінен біршама биікте жатқанының әсерінен мұндағы ауа шөлейттің басқа аудандарына қарағанда ылғалдау болып келеді. Бұл зонада қар жамылғысы қарашаның орта шенімен желтоқсанның бас кезінде тұрақтала бастайды. Оның жату ұзақтығы - зонаның солтүстік және шығыс бөліктерінде 180 күн, ал батысы мен оңтүстігінде 60-120 күн аралығында. Қардың орташа қалыңдығы - 10-20 см-ге тең.
Күз бен көктем мезгілдері қысқа, өтпелі. Ауа райы тез құбылып, Жауын-шашын жиі болады. Суық ызғарлы күндер ашық шуақты күндермен жиі алмасып отырады. Көктемгі ылғалы мол кездерге ғана жер беті клемдей құлпыратын болса, шөптер жаз шыға тез сарғайып, қурап кетедң.
Шөл зонасы Ұлытау өңірінің оңтүстік бөлігін тегіс қамтиды деуге болады. Бұл зона батыста Арал мен Қарақұмнан басталып, Мойынқұм Жетіқоңыр және Бетпақдаланы тұтас алып жатыр. Табиғи ерекшеліктеріне қарай аудан аумағында құмды және сазды шөлдер орналасқан. Сазды шөлдерге Бетпақдаланың батысы мен жезқазған жазығы жатады. Топырағында тұз көп болғандықтан, өсімдік жамылғысы жұтаңдау болып келеді.
Шөл далады жылу қоры мол болғанымен, судың тапшылығына байланысты егіншілікке кеңінен пайдаланылмайды. Шөлді алқаптарды қыс, көктем айларында маусымдық жайылым ретінде пайдалануға болады.
Ұлытау өңірінің жер бедері өте күрделі. Оның аумағына тасты, таулы, құмды, шөлді-шөлейтті зоналар кіреді. Мұның өзі аудан көлемінде шаруашылықтың көптеген салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Жайылымдары шұрайлы, ауыз суы мол аласа қасқырлар мен ұсақ шоқылардан тұратын алқаптар мал шаруашылығын дамытуға қолайлы. Жер бетінің жазық аймақты өлке қойнауындағы пайдалы қазбалар қорларын игеруге ыңғайлы. Таулардан басқа бағытқа тарап ағып жатқан өзендердің жалғаулары суармалы егістікпен, бау-бақша өсірумен айналысуға кеңінен мүмкіндік береді.
Ұлытау өңірінің гидрографиясынгың өзіндік ерекшелігі тұрақты ағыны бар өзендер торының сиректігімен уақытша ағысы бар кіші өзендердің көпшілігімен сипатталады [24] .
Ұсақ шоқылы аласа таулы солтүстігінде өзен торы жиі, оңтүстігінде жазық, шөлді бөлігінде өзендер торы сирек.
Сонымен жер беттік ағын қар жамылығысындағы су қорына тікелей тәуелді. Қардағы су қоры Терісаққан мен Кеңгір өзендердің су айрығында 110 мм-ден асады. Бірақ жер беттік ағын тек қана қар жамылғысына байланысты. олар; еріген кездегі булану, инфильтрация, су жиналатын алқапта аккумуляциялануы, т. б. Кей жылдары еріген судың буланып кетуі едәуір көп. Өңірдің өзендерінің сипаттамасын алаптар бойынша беруге болады.
Сарысу өзенінің алабы өңірдің шығыс жартысын қамтиды. Суағарлардың орналасу сипатына қарай одан тағы екі алаб асты бағыттарды көруге болады; Кеңгір өзендері алабы және Қосөзен (Сарыкеңгір мен Қаракеңгір) . Сарысу өзенінің маңызды салалары Қосөзен Кеңгір, Сарыкеңгір, Жыланды және Жезді өзендері болып табылады. Соңғы үшеуі кеңгір өзенінің маңызды салалары болып табылады.
Сарысу өзені Жаңаарқа ауданындағы Атасу елді-мекеніндегі Жақсы мен Даман Сарысу өзендерінің қиылысынан бастау алады. Сарысу өзені Ұлытау ауданы территориясының шығысы арқылы ағып өтеді. Ол осы жерден Кеңгір өзенінің мүйісіне дейін ешқандай ағыстарға ие болмастан, біренше баурайларынан айырылады. Сонымен бірге соңғы 10 жылда Сарысу кеншеры территориясында және 23-ші партсъезд атындағы кеншарда көптеген лимандар салыну нәтижесінде өзенге құятын ағыстардың көлемі азайды. Кеңгір өзеніне құятын тұста судың ағысы екі есеге дейін ұлғайып, бұндағы су әжептәуір тұщиды. сарысу өзенінің жайылмасы мен иірімдердің жағасы өсімдіктерге толы. Сарысу өзенінің көрсетілген бөлігіндегі иірімдердің ені бірнеше ондаған метрлердан бастап 5-6 шақырымға дейін жетеді.
Кеңгір өзені негізгі саласы болып табылады және мүйіске 384 шақырым бойлық арқылы келіп оң жағынан келіп құйылады. Ұлытау ауданы шетіндегі басқа ад ағыстар ұзындығы 1-2 шақырым бірнеше оншақты шақырымға дейін жететін құрғақ арналардан тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы Сарысу өзеніне сол жағалаудан барып құятын Талдысай (52 шақырым) және Құмдыеспе (70 шақырым) болып табылады.
Кеңгір өзені зерттелген территорииясындағы ең суы көп өзендердің бірі болып табылады. Ол Қосөзен, Қаракеңгір және Сарыкеңгір өзендердің қосылысынан түзіледі. Кеңгір өзенінің ұзындығы Сарыкеңгірөзенінің сағасынан Сарысу өзеніне құяр тұсқа дейін 138 шақырым, ал әлдеқайда алыс гидрографиялық желіліердің ұшы 3000 шақырым құрайды. Ол Ұлытау тауының оңтүстік шығцысында орналасқан қатпарлы далаларды кесіп өтеді. Өзеннің жайылымдары екі ждақты, ені 0, 5-1, 0 шақырымды құрайды. Өзеннің жағалаулары шалғындар мен бұтақтарға толы. Кейбір жерлерде бірыңғай итмұрындар, шоқ талдар және басқа да өсімдіктер кездлеседі. Өзеннің негізгі салаларын - Қаркеңгір, Сарыкеңгір, Жыланды және Жезді өзендері құрайды.
Құрлықтың ортасында, Еуразия кіндігінде орналасқандықтан Ұлытау ауданының ішкі суы тұйық алабта жатыр. Тек Терісаққан өзені ғана Солтүстік Мұзды мұхитқа құятын өзендердің саласы болып табылады. Сулары жазда тартылып, кесіліп қалса да, Ұлытаудан бастау алатын өзендер көп. Алпыс төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін өтеп отыр. Сондай-ақ аудан аумағында үлкенді-кішілі, ащылы-тұщылы көлдер де аз емес [24] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz