Қазақстан болашағы, қазақ тілінде



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілді БАҚ басшыларымен өткізген сұхбаты қазақ қоғамындағы толғағы жеткен мәселелерді қозғап, халыққа үлкен әсер қалдырды. Бұл сұхбаттан кейін республикамыздың зиялы қауымы нені дұрыс, нені бұрыс түсініп жүргеніне сараптама жасайды-ау деп ойлаймын. Ұлттық идеологияның біраз тармақтарын айқындап, бағыт-бағдарын көрсетіп бергеніне көзіміз жетті.
Елбасымыз сұхбатында: «Қазақтың қазақтығының басты белгісі – қазақша сөйлеу. Үйде де, түзде де. Баласымен де, немересімен де. Досымен де, туысымен де. Бажасымен де, құдасымен де. Тек осыны жасаған адамның өзі ана тілін өркендетуге өзінің титтей де болса үлесін қоса алады… Осы 17 жылдың ішінде ол (орыс тілді қазақтар – С.Қ.) өзінің ана тілін – үйренуге міндетті еді. Бұл талап ешқандай да адам құқына қол сұғу ретінде қаралмауға тиіс. Бұл – парыз. Перзенттік парыз. Адамдық парыз», – деп әрбір қазақ азаматына ұлт алдындағы азаматтық парызын көрсетіп берген. Қазақ азаматтарына бұдан артық қалай айту керек.
Одан ары Елбасымыз: «Менің ел басшысы ретінде де, қазақ ретінде де парызым қазақ тілін өсіріп-өркендету… Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді. Мен «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген сөзімді тағы қайталағым келеді. Қазақ тіліне қамқорлық жасау менің перзенттік те, президенттік те парызым», – дейді. Бұл – Елбасымыздың жүрекжарды сөзі, мәңгілік ұстанымы, азаматтық көзқарасы. Бұл – үш жүз жылға таяу уақыт бойы ата-бабамыздың армандаған егемендіктің нәтижесі. Сол егемендікті өз қолымен орнатып, елі үшін, ұлты үшін күндіз күлкі, түнде ұйқысынан айырылып, еңбек етіп, ел тұтқасын ұстаған қазақ елінің тұңғыш Президентінің ұстанымы. Президент – елдің символы. Елдің егесі. Қазақстанның бүкіл халқы тағдырын, арман мүддесін, келешегін сеніп тапсырып отырған тұлға. Осы тұлғаның әрбір сөзі бізге Құранның аятындай әсер етіп, Конституцияның бабындай заңдық көрсеткіш болуы шарт. Олай болса, Елбасының сенімін жүктеп, қазақ халқының атынан ел басқарып отырған министрлер, шенеуніктер тіл мәселесіне келгенде түйсіктері неге оянбайды екен деп іштей қынжыласың, жаның ауырады.
Егемендік – бүкіл қазақстандықтардың бақыты. Егемендікті аялайтын, егемендікті құрметтейтін әрбір азамат осы жолда өзінің жанын құрбан етуге дайын болу керек. Әсіресе, егемендіктің жемісін татып, жентектеп отырған шенеуніктердің ойлануы парыз. Егемендікке деген махаббатымызды еш нәрсемен айырбастауға болмайды. Өйткені ол – бабалар арманы, бүгінгі біздің бақытымыз, ұрпақ келешегі. Ол келешек Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей – қазақ тілінде.
Елбасы сұхбатында қазақ және орыс, ағылшын тілдерінің қоғамдағы орнын ашық көрсетіп берді. Қоғамда туындаған бұл қажеттілік Елбасының алдына аса күрделі де күрмеуі қиын мәселені көлденең тартты. Бірақ БАҚ Елбасының ұсынған идеясын дұрыс түсінбей жатып үш тілге орысша «триединство языков», қазақша «үштұғырлы тіл» деген атау берді де, бас-көз жоқ біржақты насихаттап келе жатыр.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Реферат Қазақстан болашағы, қазақ тілінде

Қазақ тілі – тұғыр, қалғаны – балама

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілді БАҚ басшыларымен өткізген сұхбаты
қазақ қоғамындағы толғағы жеткен мәселелерді қозғап, халыққа үлкен әсер
қалдырды. Бұл сұхбаттан кейін республикамыздың зиялы қауымы нені дұрыс,
нені бұрыс түсініп жүргеніне сараптама жасайды-ау деп ойлаймын. Ұлттық
идеологияның біраз тармақтарын айқындап, бағыт-бағдарын көрсетіп бергеніне
көзіміз жетті.
Елбасымыз сұхбатында: Қазақтың қазақтығының басты белгісі – қазақша
сөйлеу. Үйде де, түзде де. Баласымен де, немересімен де. Досымен де,
туысымен де. Бажасымен де, құдасымен де. Тек осыны жасаған адамның өзі ана
тілін өркендетуге өзінің титтей де болса үлесін қоса алады... Осы 17 жылдың
ішінде ол (орыс тілді қазақтар – С.Қ.) өзінің ана тілін – үйренуге міндетті
еді. Бұл талап ешқандай да адам құқына қол сұғу ретінде қаралмауға тиіс.
Бұл – парыз. Перзенттік парыз. Адамдық парыз, – деп әрбір қазақ азаматына
ұлт алдындағы азаматтық парызын көрсетіп берген. Қазақ азаматтарына бұдан
артық қалай айту керек.
Одан ары Елбасымыз: Менің ел басшысы ретінде де, қазақ ретінде де парызым
қазақ тілін өсіріп-өркендету... Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі.
Өркендейді. Мен Қазақстанның болашағы қазақ тілінде деген сөзімді тағы
қайталағым келеді. Қазақ тіліне қамқорлық жасау менің перзенттік те,
президенттік те парызым, – дейді. Бұл – Елбасымыздың жүрекжарды сөзі,
мәңгілік ұстанымы, азаматтық көзқарасы. Бұл – үш жүз жылға таяу уақыт бойы
ата-бабамыздың армандаған егемендіктің нәтижесі. Сол егемендікті өз қолымен
орнатып, елі үшін, ұлты үшін күндіз күлкі, түнде ұйқысынан айырылып, еңбек
етіп, ел тұтқасын ұстаған қазақ елінің тұңғыш Президентінің ұстанымы.
Президент – елдің символы. Елдің егесі. Қазақстанның бүкіл халқы тағдырын,
арман мүддесін, келешегін сеніп тапсырып отырған тұлға. Осы тұлғаның әрбір
сөзі бізге Құранның аятындай әсер етіп, Конституцияның бабындай заңдық
көрсеткіш болуы шарт. Олай болса, Елбасының сенімін жүктеп, қазақ халқының
атынан ел басқарып отырған министрлер, шенеуніктер тіл мәселесіне келгенде
түйсіктері неге оянбайды екен деп іштей қынжыласың, жаның ауырады.
Егемендік – бүкіл қазақстандықтардың бақыты. Егемендікті аялайтын,
егемендікті құрметтейтін әрбір азамат осы жолда өзінің жанын құрбан етуге
дайын болу керек. Әсіресе, егемендіктің жемісін татып, жентектеп отырған
шенеуніктердің ойлануы парыз. Егемендікке деген махаббатымызды еш нәрсемен
айырбастауға болмайды. Өйткені ол – бабалар арманы, бүгінгі біздің
бақытымыз, ұрпақ келешегі. Ол келешек Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап
көрсеткендей – қазақ тілінде.
Елбасы сұхбатында қазақ және орыс, ағылшын тілдерінің қоғамдағы орнын ашық
көрсетіп берді. Қоғамда туындаған бұл қажеттілік Елбасының алдына аса
күрделі де күрмеуі қиын мәселені көлденең тартты. Бірақ БАҚ Елбасының
ұсынған идеясын дұрыс түсінбей жатып үш тілге орысша триединство языков,
қазақша үштұғырлы тіл деген атау берді де, бас-көз жоқ біржақты
насихаттап келе жатыр.
Конституцияда мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жазып қойған. Олай болса,
қалайша үш тілдің бірлігі (три единство языков) болады. Қазақшасы қалайша
үш тұғырлы тіл болмақ. Мемлекеттік тіл – тұғыр тіл. Өз сұхбатында
Елбасымыз: Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің
біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі –
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оған көңіл де, қаржы да солай
бөлінеді, – деп, нақтап, нығарлап, айшықтап, айқындап, миға сіңіре
дәлелдеп берді. Қазақстан Республикасында қазақ тілі Конституциямен
қорғалған тұғыр тіл екенін, қалған екі тіл қоғамдағы қажеттілікке сай
қолданылатын балама тіл (альтернативный язык) екенін соқырға таяқ
ұстатқандай көрсетіп берді.
Елбасы балама екі тілдің мүмкіндігін соншама нәзік, әрі терең түсінген. БАҚ
пен ғалымдар біздер Елбасының осы түйсік түсінігіне ілесе алмай жүрміз-ау
деймін. Қоғам қажеттілігіне сай деп айта салу оңай. Ол қандай қажеттілік?
1. Екі жүз алпыс жыл бойы қазақ халқы Ресей отары болды. Сондағы империя
тілінің әсері, қуаты әлі сақталуда.
2. Қазақ халқының 40 пайызы орыс тілінде сөйлейді.
3. Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»
Мемлекеттік тіл мен қазақ тілі
Қазақстанның болашағы - мемлекеттік тіл қазақ тілінде
Білім беруді дамыту
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ұлт тілі
Менің Қазақстаным — менің болашағым
Қазақ халқының ұлттық тілі - қазақ тілі, ұлттың өмір сүруінің барлық саласында пайдаланылатын ана тілі
Қазақ тілінің кешегісі мен бүгінгісі
Латын әліпбиін оралу идеясының маңыздылығы мен ұтымды тұстары
Ұлттық тілдің қуаты – ұлттық намыста
Пәндер