Ежелгі үнді философиясы


Жоспары:
Кіріспе. .
Негізгі бөлім : Ежелгі үнді философиясы
1) Жайнизм
2) Буддизм
3) Локаята (Чарвака) .
Қорытынды: Философия ғылымының міндеті
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Философия - барлық қоғамдық ғылымдардың түп атасы. Ол - үнемі дамып, адамзат ақыл-ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Сондықтан бұл пәнді дүние жүзі өркениетті елдерінің бәрі де бағалайды. Өкінішке қарай, кешегі Кеңес одағындағы барлық республикаларда коммунистік идеология жеке-дара үстемдік құрып тұрған кезде орта, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында философия марксизмнің үш негізінің бірі - маркстік-лениндік философия тұрғысынан ғана оқытылды. Сондықтан философияның негіздері, заңдары мен категорияларына, әлемдік философия дамуының тарихында дүниеге келген түрлі философиялық ағымдар мен бағыттарға сыңаржақ көзқарас үстем болып, дәлірек айтқанда, оларға тек маркстік-лениндік әдістеме тұрғысынан баға беріліп келді. Әрине, марксизм де - әлемдік философия дамуынан өзіне лайықты орын алатын ілім, сондықтан оны философия тарихынан мүлде сызып тастауға болмайды. Мәселе оны үстем философиялық ғылым ретінде қарастырмай, дүние жүзілік философиялық ой-сананың дамуы контексінде қарастыруда. Егер бұрынғы Кеңес дәуірінде философтар әйтеуір оның үстемдігін, бірден-бір дұрыстығын дәлелдеуге тырысып келсе, ендігі мақсат - оның әдістемелік негізін, ұстаған бағыт-бағдарын, ішкі мәнін талдау арқылы марксизм-ленинизмнің қасаң қағидаға, догматизмге негізделгендігін, қате-кемшіліктерін ашып көрсету. Сонымен қатар оның бүгінгі қоғамдық дамудың қажетіне жарайтын тұстарын да шығармашылықпен дамытып, ғылым игілігіне айналдыру.
Ертедегі үнді философиясы
Ертедегі Үндістан төрт кастаға бөлінген. Бірі - эскери, аристократиялық каста (кшатрий), екіншісі - абыздар кастасы (брахмандар), үшіншісі -дін басы бос қоғам мүшелері (вайшилер), төртіншісі - төменгі каста (шудралар) . Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Олардың теңсіздік жағдайы діни ұғымдармен орнықтырылып отырды. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына (дәрісіне), немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын. Әрбір веда кейін өз алдына брахмандар дамытқан кітапта жазылған діни араньямаға (тоғай кітабы) айналады, оны таратқан шайқылар, сондай-ақ упанишадтар (ұстаз қасында отырып дәріс тыңдайтын шәкірттер) болды, Бірақ веданың нағыз шын берілген қолдаушысы жоғары каста - брахмандар болды. Ең алдымен бұларға күмәндана қарап, қарсы тұрғандар рахаттан безген диуаналар еді. Біздің заманымыздан бұрынғы VII-VI ғасырларда брахманизм ішінен түрлі ағымдар пайда болды. Олардың ішіндегі бастылары джайни қалыптасты.
Джайнизм - этикалық ілім. Оның негізі - адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм - материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат (атом не атомдар қосындысы) субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеңістік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі джайнизм бойынша - сана. Жан мәңгі, оның мүмкіндіктері шексіз. Бірақ ол денемен бірге өмір сүреді, Бұл оны шектегендік болып табылады. Материалдық бөлшектер - дейді ол, -жанды белгілі бейнеге келтіреді. Құмарлық, кұштарлық білмегендік болады. Олай болса, жанды бұғаудан босату негізі танымда жатыр. Сондықтан джайнизмнің. мақсаты - жанды денеден ажырату, оған еркіндік беру. Джайнизмнің ұстанған тәртібі буддизмнен де қатаң. Мәселен, ахинсы принципі. Мәнісі - ешбір тірі жәндікке кішкентай да зиян келтірмеу. Ол жер жыртуды қуаттамады, оған қарсы. Бұл аскетизмге, тіршіліктен безуге экеледі. Жайнизм мокша тіршілік пен тіршілігі жоқтардың арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді, сөйтіп, мәңгі әлемдік процесс жүріп жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Онын бірі денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген жанұямызды айқындаса, екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі - тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есеп-телетін құштарлыкқа, ләззаттануға катынасты айқындайды.
Ал сансардан азат болу үшін "үш қазынаны" сактау керек. Олар: дүрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім - тиртханкалар деп аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық - тазалықты, шындыкты, сабырлыкты, өзіне қаталдықты, салмақтылықты т. б. сактау. Ал шынайы білім - жанның, сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып білу процесінде жан карастырып отырған заттар мен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса мұндай байланысқа кедергі жасайды. Танымның үшінші түрі өз тарапынан үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысында - жан алшақтығы және ұсақ заттарды түйсінеді, екінші сатысында - өз бойындағы адамдарға деген қызғанышты, жек көрушілікті жеңген жан адамдардың қазіргі және өткен кездегі ойларын тіке-лей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында - азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дарыдық.
Жайналардың пікірінше, әлем бірінін үстіне бірі орналаскан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатында - әзәзіл (перілер), ортаншы кабатта - жер, келесі қабатта - құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта - құдайларға ұқсас джиндар орналасқан. Шындап келгенде, жайналардың пікірінше, құдай жок, оның бар екендігі туралы келтіріліп жүрген дәлелдердін бәрі негізсіз, қате, сондыктан да құдайға емес, 24 тиртханкараға(әулиелер) және джиндарға сену керек. .
Жайнизм кейінірек келе дигамбар және шветамбар деген екі сектаға бөлініп кетті. Жайнизмге Үндістанда казірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді.
Буддизм - біздің заманымызға дейінгі ХІ-Х ғасырларда діни ілім мен буддизм еді. Ол брахманизмге қарсы, әділдік көксеген тап-тар арасында пайда болды. Бірақ кейін үстем таптар оны өзінің құралы ретінде қолдады. Брахманизм беделді абыздарға сүйенсе, буддизм құлдық қоғам пайда болған соң ірі үстем таптарға сүйенді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған - Сиддхартха Гаутама Будда (б. з. д. 623-524 жж, ) . Ол Гималай таулары етегінде тұрған шакья тайпасы патшасы отбасында дүниеге келген. Кейін патша сарайын тастап, жеті жыл жер кезіп, тоғай аралап, жападан жалғыз арып-ашып жүріп бір ағаш түбінде шаршап отырғанда оның санасына даналық нұр енеді. Сол кезден бастап ол будда дінінің негізін салушыға айналады. Бұл дін Шығыс елдеріне (Қытай, Жапония, т. б. ) кең тараған. Буддизм теориялық фи-лософиядан гөрі діни этикаға негізделген. Мақсаты - адамдарды түрлі рухани азаптан босату және оған жетудің жолын іздестіру. Буддизмде төрт басты мәселе бар: 1) өмір азапқа толы; 2) ол азаптардың себебі бар (ол - қанағатсыздық, ұдайы бола берсе деген құштарлық, тыйымсыз әуестік) ;
3) азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар; 4) азаптан құтылудың кезі барының негізінде тұңғыш үнділік фило. Олай болса, бұл дін бойынша, адам өмірі, оның рахат, ләззатқа ұмтылуы азаппен қабаттас болады Буддизм пікірінше, азаптан құтылу о дүниеде емес, осы дүниеде болмақ- Ол үшін адам талабын, нәпсіні тарту керек. Оны «нирвана» дейді. Буддизм кейін бірнеше ағымдарға бөлінеді. Ертедегі үнді философиясында материалистік ағым да болды. Оны локаята (немесе чарвактар) дейді. Локаята бұл дүниеден басқа о дүние бар дегенге сенбестік білдіреді. Табиғаттағы заттар ауа (жел), от (сэуле), су, жерден тұрады дейді. Өлген организм ыдырап алғашында өзін құрған бөлшектерге айналады-мыс. Олардың түсінігінше, ләззат пен азап бірлікте, азапты жою мүмкін емес, бірақ жеңілдетуге, азайтуға болады.
Локаята ағымындағылар жұмақ, мұк (тозақ) дегенге сенуді, құдайы беруді бос қиял, жалған сенім деп ұғындырады. Локаятаның шығу себебі -ежелгі рулық қоғам ыдырып, таптық қоғамның, мемлекеттің пайда болуы. Сонымен қатар жаңа әлеуметтік топтарға - сауда, қолөнер, жер өңдеумен айналысатындардың пайда болуы. Олар бұрынғы топтар: діни адамдарға (брахмандар), әскери адамдарға кері бағытта пайда болды. Сөйтіп, үнді философиясы сол кезден бастап осы заманға Дейін буддизм, джайнизм, локаятадан басқа 6 бағдарда өмір сүреді.
Олар: ведена, санкхья, йога, ньяя, вайшешик, миманса. Мәселен, санкхья б. з. б. VI ғасырда пайда болды. Ол философия бойынша дүние екі бастамадан тұрады: бірі - зат, екіншісі -жан. Ол екеуі біріне-бірі себепкер, біріне-бірі бастама. Олардан басқа ешқандай себепкер жоқ. Йога бағыты санкхьядан шығады. Бірақ олар дүниеде жанды, рухты басты элемент деп есептейді. Олар Құдай бар деп, соған сенеді.
Йогтар тән талабын басуды уағыздап, ләззаттан бас тартуға шақырады. Олар адамның тынысын, демін, тамақтануын реттеудің ережесін жасады. Йогтар екі түрге бөлінеді. Бірі - өмірден безу, екіншісі - этикалық қатаң тәртіпке жүгініп, өзін тек қыспақта ұстау. Ньяя философиясы - таным ілімі, логикалық қорытындыларға негізделген бағыт. Олар дүниені тану, сезіну, оны логикалық қорыту арқылы қалыптасады дейді. Жалпы алғанда ньяя философиясы - тұрпайы материалистік бағытқа жатады. Ол б. з. б.
III ғасырда пайда болды. Вайшилер философиясы б. з. б. VI-V ғасырларда дүниеге келді. Ол атомистік теорияға сүйенеді. Ньяя философиясы сияқты вайшилер философиясы да этикаға көбірек мән берді. Адамның «меніне» бостандық беру үшін оны рухани азаптан, қыспақтан босату қажет дейді. Бүкіл әлем - от, су, жер, жел атомнан кұралады. Қозғалыс сапа емес, қасиет дейді. Бірақ бұл материалистік пікірді олар идеализмге жендірді. Өйткені атомды да билейтін ырық, күш бар екенін мойындайды.
Буддизмге сенушілер Үндістанның езінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі (Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон т. б. ) . Ал Үндістанның өзінде буддизмнің орнын брахманизм басады .
Локаята (Чарвака) . (Лока - "аймақ, ел, кеңістік, әлем, жер, өмір". Ал көпшілік түрде - "адамдар, халық, адамзат" деген мағыналар береді) . Локаяттар Веда ілімдерін жоқка шығарады. Осы тұрғыдан Веда дінін, оның беделін, ғұламаларын, ілімдерін сынға алады. Веданың дінбасылары, локаятиктердің пікірінше, халықты алдап, соның арқасында байып жүр. Локаяттардың пікірінше, дене өлгеннен кейін жан да өмір сүрмейді. бұлардың пікірінше, әлемдегі барлықденелер, заттар махабхутдеп аталатын
4 түпнегізден тұрады. Олар: ауа (ваю), от (агни), су (ап) және жер (кшита) . Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Махабхуттар өзіне тән күштің, белсенділіктін арқасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ қасиет - сана пайда болады. Алденелеролгенде, олар қайтадан өздерін өмірге әкелген махабхутгарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхутгармен бірге сана да жойыладъг.
Локаяттар өмірдін мәні бақытта, ал бақыттың кезі - ләззат деп түсінген. Олардың түсінігінше, ләззат пен қасірет байланысты, бірақ, қасірет буддизмдегі сияқты өмірдіңмәні емес, оны толығымен жою мүмкін емес, оны азайту, жеңілдету өз колымызда. Табиғатты әлеуметтік құбылыстарды танып-білуде ақыл-ойдан, сырт күш туралы ілімдерден, беделділіктен пайда жоқ, білімді тек сезім мүшелері арқылы ала аламыз. Кейінірек келе, локаяттар сушикши (нәзік) және дхурта (тұрпайы, дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Философия тарихы
Философия ғылымының зандылықтары басқа ғылымдар зандылықтарын жокқа шығармайды. Өйткені оның заңдары басқа ғылым зандарын бірдей қамти алатын жалпы қасиетке ие. Солармен қатар және бірге өмір сүреді. Кейбір әдебиеттерде философия бұдан 2500 жыл бұрын грек жерінде дүниеге келді делінген. Бұл -біздің заманымызға дейінгі V ғасыр шамасы. Ол - Афины демократиясының гүлденген дәуірі, философияның әбден қалыптасқан, он-солын ажыратқан тұсы болатын. Ол кезде философияда материалистік және идеалистік, диалектикалық және антидиалектикалық бағыттардың ара жігі ашылып, әбден айқындала бастаған еді. Шынында, философия одан әлдеқайда бұрын шығыс елдерінде дүниеге келді. Ең алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен қүралған: mifos - аңыз, Іоgоs - ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болады. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланды. Ал дін еш нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Олар әр нәрсенің түбіріне үңіліп, сол туралы әрқилы пікір айтты. Ондайларды философ деп атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio - сүйемін, sорhіа - даналық, екеуі қосылып "философия" деген сөзді туғызады) . Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп "фәлсафа" деп атаған. Бірақ қазірде "философия" деген сөз бұл ұғым шеңберімен шектелмейді. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Философтарды ойландырған мәселе-лер қашанда мыналар болатын: Дүние қалай құралған? Рухани материалдықтар қалай қалыптаскан? Шындық деген не? Адам өмірінің мәні неде? Дүние мәңгі ме? Философия осы сиякты сүрауларға жауап іздеді. Дегенмен, адам санасын оятуда мифологияның да рөлін жоққа шығаруға болмайды. Ол зерек адамдардың даналық қиялмен ізденіс жасауына түрткі болды. Егер дін мифо-логияны қабылдал, оның қағидаларын, аңыздарын бүтін-дей қолдану негізінде калыптасқан болса, философия ой-лау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүние
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz