Абай Құнанбаевтың дүниетанымындағы адам мәселесі


Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарғы білім министрлігі.
Философия және психология факультеті
Философия тарихы кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
'' '' 20__ ж
Дипломдық жұмыс
Абай Құнанбаевтың дүниетанымындағы адам мәселесі
Студент
Ғылыми жетекші
Жоспар
Кіріспе
I-тарау
- Абай адамның қалыптасу ерекшеліктері
II - тарау
2. Абай адамның қалыптасуындағы этиканың алатын орны
III - тарау
- Абайдың адам туралы прблемасының тарихи маңызы.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Абай дүниетанымындағы ең өзекті мәселе адам проблемасы және адамның толық адам ретінде қалыптасуы.
Абай көтерген бұл мәселелер адам өмірінде әлі де болса да өз орнын алып келе жатыр. Бірнеше жылдар өтсе де бұл мәселенің маңыздылығы жойылған жоқ. Өмір өзерсе де, заман өтсе де адамның табиғаты, адам өзгерген жоқ.
Сол баяғы Абай дүниетанымында көтерілген адам бойындағы жаман және жақсы қасиеттер әлі де болса да адам бойында өз өрнегін табады. Сондықтан да Абай дүниетанымындағы адам мәселесінің адам өмірінде әлі де болса да өз маңызын жойған жоқ, әлі де маңызды. Абайдың кең арнаулы ақындығы мен кемеңгер ойшылдығы оның шығармаларында, дүниетанымында ерекше орын алады. Абай қазақ халқының -ұлы кемеңгер, дана ойшыл екені-ақиқат. Оның ұлылығы қазақ дүниетанымын дүниежүзілік көркемдік ойдың деңгейіне көтере білуінде.
Абадйың ағартушы болып қалыптасуына Батыс Еуропа елдерінің мәдениетінің игі әсері мол болса, ал гуманист ойшыл болуына Шығыс және төл халықтың мәдениетінің орны да ерекше болған.
Физули, Шәмси, Сейхали, Сағди, Фирдауси, Хожа Хафиз сияқты гуманситердің көптеген шығармалары қазақ даласында ортағасырларда мәлім болған Абай оларды бала жасынан жаттап өседі.
Ең алғаш Абай шығармаларын халқының санасына тезірек жеткізуге белсене ат салысқан “Қазақ” газетінің төңірегіне топтасқан қоғам қайраткерлері болды.
Ахмет Байтұрсынов 1914 жылы “Қазақтың бас ақыны” деген тақырыппен газеттің үш санында көлемді мақал жариялап көптеген байсалды пікірлер білдіреді. Дүниеде өткенше он жыл өткеннен кейінде Міржақып Дулатов жазады “Қазақ халқының атасы тарихта аты алтынмен жазылар Абай” [4] - деп қарастырады.
Ғасырдың басында аса көрнекті ақындары Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыров та Абай атын ұран етіп, оның баға жетпес мұраларына бас иеді. Мағжанның 1912 жылы жазылған “Алтын хаким Абайға” атты өлеңі ең алғашқы көркем шығармалардың бірі еді. Сонымен қоса Абайдың шыққан тегі, тәрбиеленген ортасы, алған білім, азаматтық қызметі, шығармашылық жолы туралы идеялар қазақтың кемеңгер ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” атты поэмасында толық баяндалады. Абайдың шығармаларына Абай дүниетанымына әлі де болса да зерттеулер өте көп.
Абайтануға елімізде мол жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстың басты мақсаты Хаким Абай мұрасындағы адам туралы идеяларына талдау жасау, оның қазіргі қоғамның адамдардың дамуы үшін қосатын үлесін анықтау. Зерттеу көздері: Ұлы ақын-пәлсапашының қазақ жастарын тәрбиелеу дамыту және оқыту жөніндегі ғылыми әдеби мұрасы абайтанушы ғылымдардың монографиялық еңбектері мен дүнияуи әдебиеттерін қолданады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
І кезеңде. Абай адамның қалыптасу ерекшеліктері туралы материалдар жинастырылады.
ІІ кезеңде Абай адамның қалыптасуындағы этиканың алатын орны тұжырымдалады.
ІІІ кезеңде Абайдың адам туралы проблемасының тарихи маңыздылығын қарастырамын.
Ұлы ақынның мұрасы туған халқы үшін сан рет басылып шықса да сарқылмайды. Абай мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа ғасырдан-ғасырға өтпек ол зертелген сайын жаңа қырларымен алмаздай нұрланып, жарқырап, жасарып нұр төге бермек.
Табиғаттың көркемдендіретін орман, көктем сайын жасарып, шешек атып әлемге шырай беріп тұрмай ма. Сусыз жерге, ауасыз жерге орман өсеме, олар жоқ жерде орман да жоқ, гүл де жоқ, кеуіп құрғап қалмақ. Сол сияқты Абай поэзиясына суарып жасартып тұратын ауа мен нәрлі бұлақ туған халқы, көп тілді -ем, өлеңдері басылып зерттеулер жүргізілген сайын Абайда көктемгі ормандай жасара бермек.
Абайдың өзі көзден таса болса да, сөзі көңілге ыстық көрінеді. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі қалдырған аманаты осы асыл сөздерді, өлмес шығармашылығы, рухани мұрасы мәңгі өлмес құндылықтар.
Біз оны ардақтаймыз, мәпелейміз. Аз өмір сүріп, азапта өткен Абай бүгін бізбен бірге мың жасасып отыр. Абай дүниетанымы шығармалары өз айтқандай кең байтақ өмір базары. Әркімнің өз іздеген нәрсесі бар, саналап ақшасына соны алар дегендей іздеген адамдар өз мұқтажын осы қазынадан таба бермек
І тарау. Абай адамының қалыптасу ерекшеліктері
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы- халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.
Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сопырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жорқырай ашылып, арта түсуде.
Абайдың дүниеге келгеніне біржарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.
Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы ел мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында айнымас темір қазық.
Абай шығармасы әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды. Ана сүті жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, Абай дүниетанымы сол ұрпақтың азаматтық рухының көтерілуіне және де жанына мәңгі азық бола алады деп білеміз. Абай шығармалары әрбір өсіп келе жатқан ұрпақ, әрбір азамат өз өмір жолдарындағы, көлденең тартылған сұрауларға тиісті жауапты, дұрыс көзқарасты Абай шығармаларынан іздеп, Абай даналығынан табады, -деп білеміз.
Жоғарыда қарастырылып өткендей Абай дуниетанымындағы, шығармашылығындағы ең негізгі көтерген мәселе адам проблемасы және адамның адам ретінде қалыптасуы. Ең негізгі бұл идея оның қара сөздерімен, өлеңінде өз өрнегін тереңнен табады.
Атымды адам қойған,
Қайтіп надан болайын. [1]
Міне Абайдың шығармашылығындағы адам мәселесінің алатын орнын осы ойдан-ақ байқауға болады. Бұл жолдан мынадай ойды байқауға болады.
Әрбір адам өзінің атына сай, адам деген болмысына сай әрекет ету қажет.
Өмірде адам бойынан адамдық әрекеттерден де басқа хайуандық әрекеттерде бой алады. Оны біз өмірде жиі кездестіреміз. Мысалы: тек ғана жеп, ішіп асхана мен дәретхананың арасын жалғастыру бұл тек әрине хайуандық қана әрект емес пе.
Хайуанда сол сияқты тамақтанады өзінің тән қажеттілігін ғана қамтамасыз етеді. Ал адамды алып қарастырсақ хайуаннан ол ақыл-ой, санасы арқылы өзгешеленбейді ме? Міне адам сол ақыл-ой, санасын өзінің өткізген өмірінде ертең өкінбейтіндей “Ей өтіп кеткен қайран күндерім -ай” демейтіндей өзінің адами табиғатына сай қызмет еңбек қылу қажет.
Бұл жөнінде немістің ұлы философы Хайдгер “Адам ғана өле алады ал жануарлар сеспей қатады” -дейді. Дәл осы Абайдың идеясына жақтас идея.
Көбінесе адам да биологиялық қажеттіліктері басым. Мысалы: іштарлық, өзімшілдік, менмендік т. б. қасиеттерді атап көрсетуге болады. Өмір өткінші сондықтан да адамдар өзінің адамдық, адами болмысна тән өмір кешу, адами табиғатына сай әрекет ету. Ол адам үшін өлмес құндылыққа қол созу болып табылмай ма? Ол осы ойына сай жиырма үшінші сөзінде ой толғайды. Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар. Оның қуанышы- елде бір жаман туып иә бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса қуанады. “Құдай пәленшеден сақтасын, ода адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәлелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе?” -деп.
Оған құдай тағала айтып па? “Пәленшеден тәуір болсаң болды”-деп. “Өзінің наданшылығыңнан асқан жаманшылығы артылған кісі табылса сен жаманға қалмайсың”- деп. Жаманға салысып жақсы боладыдағы.
Екінші жұбаныш- “Жалғыз біз бе елдің бәрі сөйтіп -ақ жүр ғой көппен көрген-ұлы той, көппен бірге болсақ болды дағы” деген сөзді жұбаныш қылады.
Абай өзінің жиырма үшінші қара сөзінде осылай дейді. Енді тоқталсақ өте орынды айтады адам өмірінде осы айтылған идея жиі кездеседі.
Көппен көрген ұлы той деп өз-өзіне жұбаныш қылады. Бұл қате. Біреу надан болса, сен де надан боласың ба. Ғылым көпке келіппе еді, біреуден тарайды. Көп ақымақ бір ақымаққа несі жұбаныш? Әркімнің өзінің ақылы, өзінің ойы болуы қажет. Жақсы адам өзінің ақылымен біреудің сезімімен жүреді. Сол жаман адам біреудің ақылымен, өзінің сезімімен жүреді. Міне, Абайдың ойы осылай осыған сай. Адам өзінен жаман адам арқылы өзін сынауға болмайды, жақсы адаммен салыстыру арқылы өзін сынау қажет.
Көбінесе адамдар өздерін осындай қуаныш, осындай бір жұбаныш арқылы надандылыққа жол бастайды. Мұның бәрі қателік. [2]
Өте орынды Абайдың он сегізінші қара сөзінде қозғайды. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де -ақымақшылдық, кербездің ісі. Кербеөздің екі түрлі қылығы болады. Бірі- бет пішіні, сақал-мұртын, мүшесін, жүріс -тұрысын, қас-қабағын қолдан түзеп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ.
Біреуі-атын, киімін “айран ішемін деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбақ. ”Өзінен ілгер-ілгерілерге елеулі болып, өз қатардың ішінен күйдіріп, өзінен кейінгіге Әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?-дейтұғынын болмаққа ойланбақ.
Шындығына қазіргі заманда осы мәселе терең орын алған.
Кейбіреулер киімін, затын, пішінін сыртын түзеп соны мақтан етіп соодан басқа адамдардан өзгешелендім, ерекшелендім-деп біледі.
Шындығында жоғарыда айтылғандай адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озбақ.
Менің ойымша ақыл, ғылым ар мінез адам бойында табылса ондай адам өмірде мәңгі құндылықтарға әкетеді.
Мұндай адамға-атақты, мансапты бәрі іздемей-ақ өзі келеді.
Адам олрынды әрекет етсе, бәрі де іздемей -ақ келеді. Орынды әрекет етіп, еңбек қылса білім алып, арлы болып, ақылды болса сол бақыт. Басқа тегін бақыт іздеп қажеті жоқ. Тағы да мына өлеңінде үлкен ойды байқауға болады.
Тоты құс түсті көбелек.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қой жон билемек?
Замана оны илемек. [1]
Деген өлең жолдарында бүкіл өмір философиясы, пенденің болмысы адам мен қоғамның және заманның ара қатынасы белгіленіп тұр.
Заманға жаман күйлемек.
Заман оны илемек -деген жолдарында жаман адам заманға мойынсына береді, езіле береді, өзінде ынта, жігер, талап жоқ заманға мінген сайын, міндетсінген сайын замана оны езгіге салады. Күнделікті тіршілікте көп кездеседі.
Керісінше сенде талапта, жігерде, ынта да болып өмірдің қырына байланысты әрекет етсең онда сен замана көтереді.
Болмасаң да ұқсап бақ-дейді.
Кез-келген адамда талап болу қажет. Талапсыз адам өмірге жігерленбейді, ынталанбайды. Талаптану арқылы ғана адам үлкен зиялыларды, оқымыстыларды, кемеңгер ойшылдарға қарап мен ондай бола алмаймын. Маған ондай болу қайда-деп ойласа онда ол өзін-өзі құртқан адам.
Керісінше ол да мен секілді қарапайым адам болды-ғой, ол да талаптану, іздену, өзінен жоғары кемеңгерлерге еліктеудің нәтижесінде осындай дәрежелерге жетті ғой-деп ойлап өзінің рухын күшейтіп, жігерлендіре болмасаң да ұқсап бақ-дегендей, соған еліктеп қалай солай боламын -деп тырысуы қажет.
Сонда ғана адам өзінің рухын жігерлендіреді.
Мысалы: бір ер жігіт соғысқа аттанды дейік.
Егерде ол сол соғыста қорқып мен жеңіліп қаламын деп ойласа немесе өліп қаламын ау деп ойласа, онда ол өз-өзінің рухын, барлық күш-жігерін жоғалтып алады. Керісінше мен жеңем онда оның рухы, жігері қайраттанып күшіне-күш, жігеріне-жігер қосылып қиыншылықтан оп-оңай өтеді.
Ертеде дәл осылай қазақ халқының ұлттық санасы өте мықты болған.
Оны біз сол замандағы жыраулар ілімінен аңғарамыз.
Ереулі найза қолға алып
Ажалымыз қайдан дүр, деп жырлай отырып жауға қарсы тұрған. Соның нәтижесінде өз халқының ұлттық санасының жоғарылығының нәтижесінде жеңіске жеткен. Сол сияқты адамдарда рухын жоғары қойып кез-келген әрекетте ол менің қолымнан келмейді-демей керісінше мен істей аламын деп алға ұмтылуы қажет.
Көбінесе адамдар осындай жағдайда өз-өздерін құртып алады.
Болмай жатып сөнсе істемей жатып жоққа шығарса әрине ондай жағдай орындалмайды. Сондықтан әр дайын “Қалай сондай боламыз” -деп ұмтылуы қажет. Әйтпесе бәрі бос әурешілік болып табылады.
Жиырма сегізінші сөзінде.
Ей, мұсылмандар ! “Біреу бай болса, біреу ең кедей болса біреу, есер болса, біреудің көңілі жақсылыққа мейілді, бір елдің көңілі жаманшылыққа мейілді бұлар неліктен?”-десе біреу, сөздер айтасыңдар: Құдай тағаланың жаратуынан, бұйрығынша болған деп.
Жә, олай болса, біз құдай тағаланың ғайыбы жоқ, міні жоқ, өзі әділ деп иман келтіріп едік.
Енді құдай тағала бір антұрғанға еңбек сізге мал береді екен. Бір құдайдан тілеп, еңбек қылып, пайда іздеген кісінің еңбегіне жандырмай қатын баласына жөндеп асырарлықта қылмай, кедей қылады екен. Ешкімге залалсыз бір момынды ауру қылып, қор қылады екен. Қайда бір ұры, залымның денін сау қылады екен.
Әке шешесі бір екі баланың бірін есті, бірін есер қылады екен. Тамам жұртқа: “Бұзық болма, түзік бол”, -деп жарлық шашып жол салады екен.
“Түзікті бейіске шығарамын, бұзықты тозаққа саламын” -деп айта тұрып, пендесінің біреуін жақсылыққа мейірлендіріп біреуін жаманшылыққа мейірлендіріп, өзі құдайлық құдіретімен біреуін жақсылыққа бұрып, біреуін жамандыққа бұрып жіберіп тұрады екен.
Осының бәрі құдай тағаланың ғайыпсыз, мінсіз ғафур, рахимдылығы ( кешіруші) .
Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қалған ғибадат не болады?
Жоқ: сен ”жақсылық, жамандықты жаратқан -құдай, ләки ауыртқан құдай емес, байлықты кедейлікті жаратқан құдай, бай қылған, кедей қылған-құдай емес” -деп нанып, ұқсаң болар, әйтпесе жоқ. Өте орынды ой. [7]
Себебі шындығында адамдар біреу кедей болса ауру болса, біреу өз қатарынан ілгері болса көбінесе адамдар басына қиыншылық түссе ауыртпашылық көрсе адамдар көбінесе о құдайдың қылғаны ғой -деп өзіне аудара салады.
Дәл өзіне келсек, байлықты да, бақытты да, дәулетті де, жақсылықты да, кемеңгерлікті те, барлық бағалы құндылыққа жету жолы адамдардың өз қолында емес пе?
Сен егер білім алып, өткінші өмірдің өтпелі екенін біліп барлық әрекетіңді орынды харекетке жұмсап әрекет қылсаң, сенің қолыңнан ешкім тартып алмайды ғой.
Кедейлікке, бейшаралыққа, өмірдің өз қатарласыңнан кейін қалуға өзің себепші емессің бе, өзіңнің жалқаулығыңнан өзіңнің білімсіздігіңнен, өзіңнің талапсыздығыңнан өзіңнің ақылсыздығыңнан, ойсыздығыңнан тек тәндік мұқтаждықтарды қамтамасыз етудің нәтижесінде осындай нашар халге түсесің.
Адам өмірінде барлық мүмкіншіліктер берілген, тек соны өзі жасай орындай білу қажет.
Күн сәулесі шуағын қалай таратып тұр, сол сияқты адамға жақсылықты құдай мейірлене солай беріп тұр.
Мысалы: Күн шуағын құдай сен кедейсің, сен бейшарасың, сен сорлысың, сен ақылсызсың, сен байсың, сен ақылдысың, сен бәрін білесің жақсы және жамансың деп бөліп жара отырып таратып отырған жоқ қой.
Бәріне бірдей тең нұрын таратады. Құдайда дәл солай бәріне жақсылықты, жақсылық нұрын, жақсылық шуағын тең бірдей дәл күн нұрын қалай шашады, құдайда дәл солай жақсылық нұрын солай төгеді.
Сондықтан бақытты да, байлықты да барлық жер бетіндегі Ұлылықты, қол жетпес құндылықтарға, қол соза отырып қол жеткізу әркімнің өз қолында және әркімнің өзіне байланысты.
Әркім өз тағдырын-өзі жасайды. Оның жақсы немесе жаман болуы өзіне байланысты, оны ешкімнен көріп керегі жоқ. Сондықтан адам өз бақытының кілті өз қолында, оны дұрыс бұрап аша білу қажет. Біз өмірде дәл осы проблеманы адам бойынан жиі кездестіреміз. Мысалы: Кім де кім білім алып, оқып үнемі жоғары құндылықтарға ұмтылып, үйреніп, алға бассам, білсем деп тек орынды әрекет харекет қылып, бар мүмкіншілігін қолданып, өзгелерге үлгі боларлықтай жоғарғы құндылыққа қолы жетеді.
Ал керісінше, ештемеге ұмтылмай, жігерсіз, талапсыз, еріншек, жалқау (болса сол өмірге) тек тәндік мұқтаждықты қамтамасыз ететін болса, ол тек ішіп-жеудің жолында өмірін сарп етсе, оған қойдан келеді қол жетпес құндылықтар.
Ондай адамды өмір одан сайын езгіге салады, бейшара қылады сорлылығына сорлылық қосады, түскен қиыншылығынан құтқарудың орнынан одан сайын оның қиыншылығына қиыыншылық қоса түседі.
Жоғарыда айтып өткендей:
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
Деген ойы дәл келеді. Адам неғұрлым төменгі деңгейде өмір сүрсе талпыныс болмаса одан сайын төмендете береді.
Кім талпынады, кім тырысады оны жоғарылатады, көтереді.
Сондықтан, адам өмірдің бірақ рет берілетінін біле отырып тек қана орынды харекетте өмір кешкен дұрыс сияқты.
Бұдан әркім өз тағдырына өзі жауапты. Абайдың жоғарыда айтылған ойы өте дұрыс.
“Жақсылық, жамандықты жаратқан құдай, ләкин ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес”- деп айтқан сөзі өте орынды сияқты. Дәл осы идеяға Абайдың
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек деген өлеңінде мына шумағында өрнектелген. [1]
Ел бұзылса құрады шайтан өрнек,
Періште төменшіктеп, қойды жемек.
“Өзімнің иттігімнен болды”-демей,
“Жеңді ғой”- деп шайтанға берер көмек.
Өзі істеген ісін, өзінің жіберген қателігін өзгеге жабу нәтижесінде өзінің үмітін арттырады. Өзіне рақат сезінеді, біреуге сілтеу нәтижесінде. Ал шындығында сол қателікті түсінуі, жоюудың нәтижесінде ғана адам адами болмысын аша алмай ма?. Оны түсіне білу қажет. Абай өз шығармаларында тағыда бір көтерген проблема адамның адам ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететін оның өскен ортасы-деп біледі.
Оны былай дейді: Адамның адамшылығы -ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады- деп айтады.
Шындығында кейбіреулер адамға адамшылық туа бітеді-деп айтады. Ал, Абай дүниетанымында адамға адам ретінде қалыптасуына адамның адамшылығына әсер ететін оның өмір сүрген ортасы деп таниды.
Дәл осы ойын оның жетінші қара сөзінен аңғаруға болады.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz