Кемел адам идеясының ақын – жыраулар поэзиясындағы жалғастығы



1. Ахмет Иүгінеки
2. Әбу Наср әл. Фараби
3. Қожа ахмет Йассауи
4. Сүлеймен Бақырғани
5. Абай (Ибраһим) Құнанбаев
Кемел адам (араб « инсан-и камил» - толық адам ) ақыл – ойы толысқан кісі. Діни ілімде кемел адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып, рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қомыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Кемел адамның әрбір іс – әрекеті Алла- Тағалаға арналады. Ол адасқандар үшін темірқазықтай жол көрсетуші, жолда қалғандар үшін – көпір, үміті үзілгендер үшін – ашылар есік. Кемел адам ұғымы қазақ әдебиетінде кітаби ақындар мен Абайдан бастап сөз болып келеді.Бұл ұғымның арғы төркіні Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» дастаны мен сопылық сарындағы туындылардан тамыр тартады. Сопылық сарындағы позияда кемел адам ұғымы екі таным тұрғысынан бір – біріне тығыз байланыста жырланады.Бұл құбылыс әсіресе,»Құдатғу білік» дастанында өзінің ақын белгісін аңғартып, ондағы Күнтуды (Әділет), Айтолды (Дәулет), Огдүлміш (Ақыл) үшеуі, Яғни, Әділет, Дәулет, Ақыл осы өмірге қызмет етуге ұмтылған. Кемел адам бейнесінде жырланады. Кемел адам туралы ой Абай шығармаларында толық адам, жарым адам, камили нисани, толық сөздер арқылы жүйелі түрде жәуәнмәртілік (көне түркі тілінде zomard - жомарт ) ілімі негізінде таратылып отырады. Абайдың адамгершілік негіздері туралы ой – пікірлері жәуәнмәртіліктегі ақыл, әділет, рақым жайлы ізгілік ұғымдармен сабақтасып жатады. Кемел адам смпатына – суық ақыл, сай келеді. Нұрлы ақыл әділетсіз іске аяқ баса ала алмайды. Суық ақыл әділетті белден басып, ардан түсіп, өз пайдасы үшін зиянды іске көз жұмып бара береді.
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020 ж.ш., Жетісу өңірі, Баласағұн қ.ө.ж.б.) –ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.Өмірі туралы аз мәліметтер сақталған. Ж.Б. есімі әлемдік әдебюиет пен мәдениет тармхында «Құдатғу білік» (Құтты білік) дастаны арқылы қалды. Ж.Б. Бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы , қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген.Дастанды «хандардың ханы» - Қарахандар мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға (908-955) тарту етеді. Сол үшін хан жарлығымен Ж.Б-ға «хас хажиб» -бас уәзір және ұлы кеңесші деген лауазым берген.
ҚҰЭ, 1- ші том, 11-17 бет аралығы(Алматы,1998ж).
ҚҰЭ,4- ші том, 490 – бет(Алматы, 1998 ж).
ҚҰЭ, 4- ші том, 107-110 бет аралығы(Алматы,1998ж).
ҚҰЭ, 1- ші том, 572- бет(Алматы,1998 ж).
Қазақтар, 2- ші том,36-42 бет аралығы,
(“IDK-TIPO» Баспа – Редакциялық орталығы, Алматы, 1998ж).

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кемел адам идеясының ақын – жыраулар поэзиясындағы жалғастығы

Кемел адам (араб инсан-и камил - толық адам ) ақыл – ойы толысқан
кісі. Діни ілімде кемел адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып,
рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қомыбы мен негізіне мейлінше
жақындаған асыл адам. Кемел адамның әрбір іс – әрекеті Алла- Тағалаға
арналады. Ол адасқандар үшін темірқазықтай жол көрсетуші, жолда қалғандар
үшін – көпір, үміті үзілгендер үшін – ашылар есік. Кемел адам ұғымы қазақ
әдебиетінде кітаби ақындар мен Абайдан бастап сөз болып келеді.Бұл ұғымның
арғы төркіні Жүсіп Баласағұнидің Құтты білік дастаны мен сопылық
сарындағы туындылардан тамыр тартады. Сопылық сарындағы позияда кемел адам
ұғымы екі таным тұрғысынан бір – біріне тығыз байланыста жырланады.Бұл
құбылыс әсіресе,Құдатғу білік дастанында өзінің ақын белгісін
аңғартып, ондағы Күнтуды (Әділет), Айтолды (Дәулет), Огдүлміш (Ақыл) үшеуі,
Яғни, Әділет, Дәулет, Ақыл осы өмірге қызмет етуге ұмтылған. Кемел адам
бейнесінде жырланады.

Кемел адам туралы ой Абай шығармаларында толық адам, жарым адам,
камили нисани, толық сөздер арқылы жүйелі түрде жәуәнмәртілік (көне түркі
тілінде zomard - жомарт ) ілімі негізінде таратылып отырады. Абайдың
адамгершілік негіздері туралы ой – пікірлері жәуәнмәртіліктегі ақыл,
әділет, рақым жайлы ізгілік ұғымдармен сабақтасып жатады. Кемел адам
смпатына – суық ақыл, сай келеді. Нұрлы ақыл әділетсіз іске аяқ баса ала
алмайды. Суық ақыл әділетті белден басып, ардан түсіп, өз пайдасы үшін
зиянды іске көз жұмып бара береді.

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020 ж.ш., Жетісу өңірі,
Баласағұн қ.ө.ж.б.) –ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.Өмірі туралы
аз мәліметтер сақталған. Ж.Б. есімі әлемдік әдебюиет пен мәдениет тармхында
Құдатғу білік (Құтты білік) дастаны арқылы қалды. Ж.Б. Бұл дастанын хижра
есебімен 462 жылы , қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып
бітірген.Дастанды хандардың ханы - Қарахандар мемлекетінің негізін салушы
Сатұқ Қара Бұғра ханға (908-955) тарту етеді. Сол үшін хан жарлығымен Ж.Б-
ға хас хажиб -бас уәзір және ұлы кеңесші деген лауазым берген. Дастанның
бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар:Біріншісі, герат қаласында 1439 жылы
көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы корольдік кітапханада
сақтаулы) , екіншісі, 14 ғасырдың 1- ші жартысында Египетте араб әрпімен
(Каирдің Кедивен кітапханасы қорында ) көшірілген. Ал, Наманган қаласынан
табылған үшінші нұсқасы 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл
қолжазба ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр.

Қарахан әулеті билік жүргізге дәуірде ұлан – ғайыр өлкені алып жатқан
осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай- ақ қоғам
мүшедлерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді.
Міне, елдегі осы олқылықтың орнын тролтыру мақсатымен Жүсіп Баласағүн
өзінің Құтты білікдастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада
елдегі Ата – заң (Конституция) қызметін атқарған. Ж.б. дастанда патшалар
мен уәзірлердің , хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің , әскербасылар
мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, дихандар мен малшылардың т.б.
қоғам мүшелерінің мінез- құлқы, білім дәрежесі, ақыл- парасатты, құқықтары
мен міндеттері қандай болу керектігін жеке- жеке баяндап шығады. Ақын
мәселені әмірші патшаның өзінен бастайды. Ел- жұртты басқаратын, адам ақыл
парасатты ұшан теңіз,ниеті түзу, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан
болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған әкімдері күншілдік, ашкөздік, сауық
– сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты джаман қылықтардан
сақтандырады. Бұдан кейін ақын патшаның көре көзі, естір құлағыхас хажиб
яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірліктерін айтып шығады.
Бас уәзір халықтың талап – тілектерін (ауызша( патшаға, ал
патшаның айтар ой – пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы
тиіс.Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген .Біріншісі,
мемлектетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңнын болуы.
Автор әділдіктің символьдық бейнесі ретінде Күнту патшаны
көрсетеді.Укіншісі, бақ – дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ –
дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнелейді. Үшіншісі, ақыл –
парасат. Ақыл – парасаттың қоғамдық әлеуметтік, рөлі уәзірдің баласы
Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат – ынсап мәселесі. Бұл
мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме
болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім танымды көркем және
ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Ж.Б. ғибратында суреткерлік, ойшылдың,
ғұламалық, философтың қасиеттердің үйлесім, ғылым даналығының
біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлә бұлағынан сусындап,
мұсылман өркениетінен қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығармашылығында
адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғамын құруды
армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Білімге мол
сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізі алады. Оның пікірінше
білім – даналық, денсаулық, және жан толысуы.

Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укум деп біледі
ол.

Ойлау қызметі тек адамға тән , жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер
сезім алдамшы болса ,и онда оған толық сенуге болмайды, ал, ақыл , зерде
әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ.

Құтты біліктің негізгі айтар ойы адамның адами жетілуі мен кісілік
кемелденуі, сол арқылы осы мемлекет пен (адамды) қоғамды қуатты, құтты,
мықты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам- өзінің қасиетіне , қалыбы
мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан.

Дастан оқырманына құт- берекемен , бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен
ғана жетуге болатынын ұқтыврды. Ондағы өзіңді сақтау , өзіңді ұмытпау
қағидасы адамның адамшылдығын танытар қасиеті – адамгершілікпен кісілікті
бағыттауға арналған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады.
Оның ойынша өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі
жетегінде кетіп, діл залалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам
өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өкініштілігінде ұштаспауы қажет.
Мұнан өзге Ж.Б. шығармашылығына ізгілікке, құштарлық пен іңкәрлік, сопылық
танымдағы Алланы сүю , әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық
белгілер тән.

Құтты білік дастаны 6520 бәйіттен( екі жолдық өлең) тұрады. Демек
дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген.

Ахмет Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдың соңы,
Түркістан өңірі 13 ғасырдың басы, сонда) ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл.

Ақыл- ойы толысып, діни танымы кемелденген шағында А.И. қысқаша тақырып –
тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең – жырларын
өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерлердің басы біріктіріліп һибат
ұл - хақаиқ ( Ақиқат сыйы) деп аьалатын дидактик өлеңдер жинағына
айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда Ақиқат сыйы - Әбу Наср
әл – Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи
мұраларымен іштей астасып, 9-13 ғасырлар аралығындағы түркі дүниесінің
рухани қазыналарының жарқын туындысына айналады.

А.И. Ақиқат сыйының14- ші ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі ,
транскрипцисы қазақ тіліне қара сөзбен жолма – жол және өлеңмен аударылып,
1985 жылы жарық көрді.

А.И. өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелірін ислам қағидалары
негізінде түсіндіреді. Барлық нәрсе бір Алланың еркінде екендігін және
оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол
өмірмен алмасып отырады дейді ол. Жоқ дедім, жараттың және жоқ қылып ,
екінші бар етерсің немесе өліні тірі, тіріні өлі етерсің. Ал,
тіршіліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар,
пайдалы нәрсе – тірі, ал, пайдасыздық- бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім
арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, Өйткені білімдінің ( өзі)
өлуімүмкін, бірақ аты өлмейді.

А.И. үшін білім – көп білу емес, таным ақиқатты білу. Ал, ақиқаттың негізі
Аллада болса, оны да Білім арқылы тануға болады. Бақыт жолы білім
арқылы білінеді. Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні сөз. Тіл –
жаратушымен байланыстырушы құрал, адам күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну
арқылы құлшылық етеді. Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да
тигізуі мүмкін, ол тағы да өзіңе байланысты. Сөз адамның ойлау қабілеті
мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. А.И. пайдалы мен пайдасыздық, ақиқат
пен жалғанның нарқыын өкініш айыратындығын қандай іс істесе де
білімсіздің еншісі – енші, оған одан басқа өкініш жоқ,, көп сөйлеген көп
өкінеді, Ашкөздіктің соңы – өкініш, қайғы - қасірет деген жолдары арқылы
байқатады. Өкініш мұнда этикалық нормалардың аражігін ажыратушы ұғым. Осы
ұғымға сүйене отырып, біз А.И-дің этикалық көзқарасын анықтай аламыз. А.И.
үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгерді Жас қартайады,
жаңа ескіреді, Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді . Сол себепті
дүниенің қызығы да жалған өткінші. Мұнда менікі деген жоқ. Өйткені
Менінкі дегенің ертен өзгелердің еншісі болып шығады. Сондықтан
дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал, оны ойлай берсең,
ол сенің текуайым – қайғыңды көбейтеді, одан да еңбек ет деп
тұжырымдайды. Кішіпейілдік пен жомарттықты сабырлық пен көңбістікті
мадақтайды.А.И. гуманизмі діни- этикалық қағидалармен қабысып
жатады:Біреу зәбір жапа- жасаса , қарымына рахат көрсет. Өйткені қанды
қанмен қанша жусаң да тазармайды. Адамгершіліктің басы - осы. Яғни
зұлымдықты тудырады деген.Қағиданы хадистерінің қазығы ете отырып,
кешірімді болғанды хош көреді.Бір айыпқа бола бас кесуші дүниеде тірі
адамсыз қалады дейді. Бірақ дүние мен адамдардың кемелсіздігіне орай
айтылған . Мың досың болсын мейлі, біреуі де адал емес, дүние бір қол
мен бал, бір қолмен у ұстатады немесе шырақ, сырың өзіңде сақталып,
тұрмаса , досың сақтала ма? деген сөздерінен үмітсіздік сарындар да
аңғарылып қалады. А.И.-дің нақыл сөздері түркі жұртында бүгінге дейін мақал
– мәтел түрінде сақталып, айтылып келеді.

Әбу Наср әл- Фараби , әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл
–Фараби(870, Отырар қаласы, 950, Сирия, Шам)- қыпшақ даласынан шыққан.
Тарихи деректер бойынша 70- ке жуық тіл білген.Өздігінен көп оқып, көп
ізденген ойшыл- ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасқан. Қасиетті
Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай
ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Наср әл-
Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған – иджтихад (ойлау
қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджатахид
(иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаналықтарын Құран Кәрім мен Хадас
Шариф – парыз – сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес
өкіметі тұсында атеистік идеологияның ықпалымен әл – Фараби діннен тыс
ғалым ретінде көрсетіледі. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан
зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын
баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған
қарамат елін талқандаған соң, Ә.Н. әл – Фарабимен кездеседі. Меккеге
барар жолды кесіп қажылық жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне
қуанған Ә.Н. әл – Ф. Іштей қажылық етуге ниет етіп, араб халифының саид –
задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін
мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы
және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтардыжоюға күш салып жүргенін
мәлімдейді. Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді.
Сол сөздің ақиқаттылығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырамыз деп
саид – задалар Ә.Н. әл – Ф – дің қолын құрметпен қысады.

Фарабидың пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең
бірінші талап – ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз
халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы
мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде, адам философияны үйрене
алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби. ,Аристотельдің Никомахтың
этикасында келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл – Фараби
философияны теориялық және праетикалық деп екіге бөлді. Теориялық философия
өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе
жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, әл – Фарабидің білуінше,
адамда ғана болатын ең ерекше игілік – ақыл, парасат арқылы меңгеріледі.
Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса солай бет – алды жүргізілмеуге тиіс,
онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын
ойлаудың дұрыс әдістерін құрады. Ә.Н. әл Ф – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясында троптардың қолданылуы
Жыраулар шығармашылығы
АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ШЕШЕНДІК ОРАЛЫМДАР
Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшеліктерін талдау
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
КӨНЕ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздер
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Жетісу поэзиясындағы «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбындағы шығармалардың жиілігін, оның ерекшеліктерін, таралымын анықтау
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
Пәндер