Қазақстан Республикасының еңбек құқығы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Еңбек құқығының пәні және әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2. Еңбек құқығының принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

3. Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек туралы заңдардың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... .11

4. Еңбек құқықтық қатынастары және еңбекпен байланысты өзге де құқықтық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

5. Қазақстан республикасының еңбек туралы заңы ... ... ... ...18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ҚОСЫМША
Еңбек құқығының пәні деп ұжымдық еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік қатынастарды және оған тығыз байланысты қарым-қатынастарды айтады.
Еңбек құқығының пәніне жататын қоғамдық қарым-қатынастардың түрлері туралы қазіргі қолданыста жүрген ғылыми басылымдардағы, оқу құралдарындағы пікірлер алуан түрлі, өйткені нарықтық экономика жағдайында өмірге прогрессивтік жаңа еңбек қатынастары келеді. бұл қоғамдық қарым-қатынастардың пайда болуы олардың бір-бірімен байланысы еңбекті ұйымдастырудағы ерекшеліктеріне, оның мазмұнына байланысты. Қазіргі кезде еңбек құқығының қатынастары бұрынғыдай тек жұмыскер мен мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, ұйым арасындағы қатынастар емес, жаңа жағдайда заңға сәйкес меншік түріне байланысты заңды тұлғалар мен жеке адамдар арасындағы еңбек қатынастары.
Жаңа жағдайда пайда болатын еңбек құқығының қатынастары мынадай топтарға жіктеледі:
Бірінші топқа бұрыннан қалыптасқан мемлекет меншігіне байланысты пайда болатын еңбек құқығы қатынастарын жатқызуға болады. мұндағы ерекшелік, еңбек ұжымдары заң жүзінде кәсіпорынның мүлкіне меншік иесі бола алмайды, бірақ бұл жағдайда еңбек ұжымы кәсіпорынды басқарудан мүлде шеттетілді деуге де болмайды, өйткені олар кәсіпорынды, оның құрылымдарын жолға немесе ұжымдық меншікке айналдыра алады.
Мемлекеттік кәсіпорындардағы еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі басты қағиды ол мемлекет тарапынан басқарудан еңбек ұжымының өзін-өзі басқаруымен және кәсіпорын әкімшілігінің жеке-дара басқаруымен тығыз байланыстыру.
Екінші топқа кооперативтік, акционерлік заңды ұйымдардың меншігіне негізделген еңбек қатынастары кіреді. Бұл еңбек қатынастарының өзіндік ерешеліктері бар, оның тараптары: бір жағынан – меншік иесінің ұжымы, оның өкілдері (басқарма, бастық); екінші жағынан әрбір меншік иесі (өзі еңбеккер болуы мүмкін), жалдамалы жұмысшы болып саналады, ал кәсіпорынды басқару - өзін-өзі толық басқаруға негізделген.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының 10-желтоқсанда 1999 жылы қабылданған “Еңбек туралы Қазақстан Республикасының Заңы // Егеменді Қазақстан, 20-желтоқсан, 1999 жыл.
3. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздерің, Алматы: «Жеті Жарғы», 2001. - 624 бет.
4. Айымханова Н.М. «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы», Алматы: «Жеті Жарғың, 2001. – 336 бет.
5. Уваров В.Н. Трудовое право Республика Казахстан. Учебник. – Алматы, “Жеті жарғы”, 2000 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

Қоғамдық пәндер кафедрасы
Құқық негіздері секциясы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының еңбек құқығы

Орындаған:
Қабылдаған

АЛМАТЫ 200 ЖЫЛ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Еңбек құқығының пәні және әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

2. Еңбек құқығының принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

3. Еңбек құқығының қайнар көздері
Еңбек туралы заңдардың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... .11

4. Еңбек құқықтық қатынастары және еңбекпен байланысты өзге де
құқықтық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

5. Қазақстан республикасының еңбек туралы заңы ... ... ... ...18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..24

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Еңбек құқығының пәні деп ұжымдық еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік
қатынастарды және оған тығыз байланысты қарым-қатынастарды айтады.
Еңбек құқығының пәніне жататын қоғамдық қарым-қатынастардың түрлері
туралы қазіргі қолданыста жүрген ғылыми басылымдардағы, оқу құралдарындағы
пікірлер алуан түрлі, өйткені нарықтық экономика жағдайында өмірге
прогрессивтік жаңа еңбек қатынастары келеді. бұл қоғамдық қарым-
қатынастардың пайда болуы олардың бір-бірімен байланысы еңбекті
ұйымдастырудағы ерекшеліктеріне, оның мазмұнына байланысты. Қазіргі кезде
еңбек құқығының қатынастары бұрынғыдай тек жұмыскер мен мемлекеттік
кәсіпорын, мекеме, ұйым арасындағы қатынастар емес, жаңа жағдайда заңға
сәйкес меншік түріне байланысты заңды тұлғалар мен жеке адамдар арасындағы
еңбек қатынастары.
Жаңа жағдайда пайда болатын еңбек құқығының қатынастары мынадай
топтарға жіктеледі:
Бірінші топқа бұрыннан қалыптасқан мемлекет меншігіне байланысты
пайда болатын еңбек құқығы қатынастарын жатқызуға болады. мұндағы
ерекшелік, еңбек ұжымдары заң жүзінде кәсіпорынның мүлкіне меншік иесі бола
алмайды, бірақ бұл жағдайда еңбек ұжымы кәсіпорынды басқарудан мүлде
шеттетілді деуге де болмайды, өйткені олар кәсіпорынды, оның құрылымдарын
жолға немесе ұжымдық меншікке айналдыра алады.
Мемлекеттік кәсіпорындардағы еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі
басты қағиды ол мемлекет тарапынан басқарудан еңбек ұжымының өзін-өзі
басқаруымен және кәсіпорын әкімшілігінің жеке-дара басқаруымен тығыз
байланыстыру.
Екінші топқа кооперативтік, акционерлік заңды ұйымдардың меншігіне
негізделген еңбек қатынастары кіреді. Бұл еңбек қатынастарының өзіндік
ерешеліктері бар, оның тараптары: бір жағынан – меншік иесінің ұжымы, оның
өкілдері (басқарма, бастық); екінші жағынан әрбір меншік иесі (өзі еңбеккер
болуы мүмкін), жалдамалы жұмысшы болып саналады, ал кәсіпорынды басқару -
өзін-өзі толық басқаруға негізделген.
Кооперативтерді ұйымдастыру, олардың шаруашылық жағдайы Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылы шыққан Өндірістік кооператив туралың
заң күші бар Жарлығы негізінде және кооперативтің жалпы жиналысында
қабылданған жарғысы бойынша анықталады. Еңбек қатынастарының субъектісі
ретінде кооператив өздігінен еңбекті ұйымдастырып, жұмыс күнінің ұзақтығын,
демалыс беру тәртібін, жалақы төлеу жүйесін белгілейді.
Акционерлік қоғамдағы еңбек қатынастарының субъектісі болып жеке
еңбеккер, оның ішінде акция ұстаушы және өз атынан жалдау шартын жасаушы
акционерлік қоғам болып табылады.
Меншіктің әр түріне негізделген шаруашылық серіктестіктер акционерлік
қоғамдардың моделімен жұмыс істейді, бұлардың құрылтайшылары мемелкеттік,
кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар, шетелдік фирмалар мен азаматтар
болады, сондықтан бұл саладағы еңбек қатынастары нормативтік құқықтық
актілермен, кәсіпорын жарғысымен және құрылтай құжаттарымен анықталады.
Еңбек қатынастарына түсуші тараптардың құқықтық жағдайы жеке еңбек
шарттарында (контрактілерінде) қарастырылып, толықтырылады.
Азаматтардың өз меншігінен пайда болған еңбек қатынастары үшінші
топты құрайды.
Мұны екі түрге бөлуге болады: жеке іскерлік және еңбек шаруашылығы
түріндегі ұжымдық іскерлік. Біріншісі – жеке адамның өз еңбегіне
негізделген, сондықтан бұл жағдайда еңбек қатынастары тумайды, оны
азаматтық жеке салық заңдары реттейді. Екіншісі – меншік иесі өз меншігінен
табыс алуды көздеп отбасы мүшелерінің еңбегін біріктіреді және жұмыс күшін
жалдайды.
Жұмыс күшін жалдау ісін жүзеге асырған кезде пайда болатын еңбек
қатынастары төртінші топқа жатады. Ола еңбеккер меншік иесі болмағанда,
кәсіпорынды басқаруға, түскен түсімді бөлісуге қатысқан жағдайда пайда
болады. Жұмыс күшін жалдаудың реті, жағдайы мемлекет тарапынан бақылауға
алынады және заңды негізде бекітіледі.
Әрбір құқық саласының өзіне тиісті қоғамдық қарым-қатынастарын
құқықтық негізде реттейтән әдістері болады. Еңбек құқығы қатынастарын
реттеуші тәсілдер жиынтығын әдістер дейді.
Қазіргі еңбек құқығының әдістерін әр түрлі негіздер бойынша бірнеше
топтарға бөлуге болады. Құқықтық маңыздылығы бойынша олар жалпы, салалық,
жергілікті және жекеше әсер ететін әдістер болып бөлінеді.
Іс-әрекетіне байланысты еңбек құқығының әдістері бұйрық беруң және
ынталандыруң болып бөлінеді де, бұлар әкімшілікң және экономикалықң
әдістерге жатады.
Еңбек қатынастарын айқындайтын құқық әдістері оларды жүзеге асырудағы
мақсатқа жету негізі бойынша да мынадай топтарға бөлінеді: өндіріс
нәтижесіне жетуді, жеке еңбек шартындағы міндеттемелерді орындауды,
материалды және басқа ресурстарды үнемдеуді, т.б. көздеген ынталандыруң
әдістерінен тұрады.

1. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСІ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 24-бабында көрсетілгендей:
1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін
таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше
жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету
жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді
қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге
заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтылығына, демалыс және мереке
күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.
Еңбек құқығы адамның қоғамдық қызметінің негізігі түрін – еңбекке
қатысуын жанама түрде білдіретін құқықтың маңызды саласы болып табылады.
Еңбек құқығы пәнінің негізін еңбекті қолдану жөніндегі жеке-дара қатынастар
құрайды. Олар қызметкер мен жұмыс берушінің арасында қалыптасады және
жұмысқа алу, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы төлеу, еңбек тәртібі және
басқа бірқатар мәселелер бойынша түрлі әлеуметтік байланыстарды қамтиды.
Еңбек процесінің өмірде болу фактісінің өзі еңбек құқықтарымен байланысты
және сондай-ақ еңбек құқығының қолданылу аясына енетін қоғамдық
қатынастардың тұтас кешенінің пайда болуына объективті түрде алып келеді.
Олардың біреулері еңбек қатынастарынан бұрын (мысалы, жұмыспен қамтылмаған
халықты еңбекке орналастыру жөніндегі қатынастар), екіншілері олармен қатар
жүреді (мысалы, жұмыс беруші, еңбек ұжымы, кәсіптік одақтар және өзге де
ұйымдар арасында қалыптасатын ұйымдастыру-басқарушылық қатынастар),
үшіншілері – солардан туындайды (мысалы, қызметкердің денсаулығына
келтірілген зиянды өтеу жөніндегі іс жүргізу – еңбек қатынастары және
т.б.).
Сонымен, еңбек құқығының пәні еңбекке қабілеттікті іске асыру, ебекті
ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда
азаматтардың еңбекгін қолдану жөнінде қалыптасатын жеке-дара да, сондай-ақ
ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды.
Еңбек құқығының әдістері саланың пәніне енетін жоғарыда аталған
қатынастарды реттеудің жолдары мен тәсілдерін сипаттайды.
Оларға мыналар жатады: еңбек құқықтық қатынастарын орнықтырудың
шарттық сипаты; өзара міндеттемелерді орындаудың ерекше режимі; еңбек
жағдайларын орталықтан және жергілікті жерде, нормативтік және шарттық
реттеуді үйлестіру; сыйақының ұжымдық және жеке-дара еңбек нәтижелеріне
байланыстылығы; санкцияларды қолданудың соттан тыс тәртібі және т.б.
Құқықтық реттеудің айрықшаланған пәні мен өзіне тән әдісінің болуы
еңбек құқығының құқық жүйесіндегі дербес сала ретіндегі орнын белгілеп
береді.
Қорыта келгенде, еңбек қатынастарын реттеуші әдістердің ерекшеліктері
мынада:
1) еңбек құқығы қатынастарын реттеуде келісім әдістерін басым
қолдану;
2) жекеше және ұжымдық еңбекті реттеуге негізделген әдістерді
қолдану;
3) еңбекте ынталандыруң мен міндеттеуң әдістерін тиімді қиылыстырып
қолдану;
4) еңбек қатынастары пайда болғанда, жүзеге асырылғанда келісімң
және еңбекті басқаруда міндеттеуң қағидаларына сүйену;
Еңбек қатынастарын реттеудің басты әдісі - әлеуметтік - әріптестік
әдіс, оның мынадай түрлері бар. 1) кәсіпорын деңгейінде – ұжымдық шарт; 2)
салалық, жергілікті жер деңгейінде – салалық, жергілікті тарифтік және
басқа әлеуметтік-келісім; 3) мемлекет деңгейінде – Бас келісімдер.
Қолданыста жүрген заңдармен, басқа да нормативтік актілермен қатар
қызметкерлердің меншік иесімен арадағы еңбек қатынастарын реттейтін қайнар
көз – ұжымдық шарт. Бұл жұмыс беруші мен еңбеккерлердің арақатынасынан
туатын екі жақты жазбаша келісім. Қазіргі жағдайда ұжымдық шарттың мақсаты
– мемлекет тарапынан берілген кепілдіктерді көбейту, өйткені онда еңбекті
ұйымдастыру мен ақы төлеу жүйесі; жұмыс және демалыс уақытының ұзақтығы;
жұмыспен қамтамасыз етіп, қайта оқыту, әйелдер мен жастар еңбегін қорғау
т.б. секілді еңбеккер мен жұмыс берушінің мүдделерін реттейтін ережелер
белгіленеді.
Ұжымдық құқық жасаудың нәтижесі деп жыл сайын жасалатын Қазақстан
Республикасы Үкіметі, Қазақстан кәсіподақтарының федерациясы және жұмыс
берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімді атауға
болады.
Ұжымдық келісімдермен бірге жұмыс беруші мен кәсіподақтар жергілікті
ішкі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек тәртібінің
ережелерін, ауысым, демалыс беру кестелерін және басқа да құқықтық
келісімдер жасайды. Ал Бас келісімдер еңбекақының, зейнетақы, стипендия,
әлеуметтік, арнайы жәрдемақылардың ең аз мөлшерлерін, жұмыспн қамтамасыз
ету шараларын, еңбек дауларына, ереуілдерге жол бермеу жолдарын белгілеп,
реттейді.
Еңбектік жеке құқықтар еңбек шарттарымен (контрактілерімен)
белгіленеді. Жеке еңбек шартын жасағанда заңмен тйым салынбайтын іс-
әрекеттердің барлығын да жасауға боладың - деген қағида жүзеге асырылады.
Еңбек құқығының жүйесі деп құқықтық нормалардың мазмұнды негізде
реттеліп, бөлінуін айтады.
Барлық құқық салалары құқықтық нормаларды – жалпы және ерекше деп
аталатын екі бөлімге бөледі.
Еңбек құқығының түсінігі, әдістері мен қайнар көздері, еңбек
қатынастары, еңбек құқығының қағидаттары (принциптері), еңбек құқығының
субъектілері, ұжымдық шарттар жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде жұмыспен қамту; жеке еңбек шарты; жұмыс уақыты мен
демалыс уақыты, жалақы, еңбек тәртібі; материалдық жауапкершілік, еңбекті
қорғау, еңбек даулары қарастырылады. Жалпы және ерекше бөлім өзара тығыз
байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы еңбек құқығын құрайды. Жалпы бөлімнің
ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты формаларды қолданғанда
негізгі басшылыққа алынады.
Еңбек құқығы құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа
құқық салаларымен тығыз байланысты. Сонымен бірге еңбек құқығы өзінің
атқаратын рөлі, мәні, құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты
басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.
Еңбек құқығы азаматтық, әкімшілік және әлеуметтік қамсыздандыру
құқықтарымен тығыз байланысты.

2. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Еңбек құқығының принциптері – еңбек қатынастарын және олармен тығыз
байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде басшылыққа алынатын
бастапқы постулаттар, идеялар.
Қазақстан Республикасының Конституциясында еңбек саласындағы
қатынастарды құқықтық реттеудің мынадай принциптері баянды етілген: еңбек
бостандығы және өзінің еңбеке қабілеттігіне еркін билік ету, қызмет пен
кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тыйым салу және
жұмыссыздықтан қорғау (24-бап); денсаулықты қорғау құқығы (29-бап);
бірлестіктер бостандығына құқығы (23-бап); құқықтар мен бостандықтарды
заңмен тыйым салынбаған барлық әдістермен қорғау құқығы (13-бап); еңбегі
үшін ешқандай кемсітушіліксіз және жалақынының ең аз мөлшерінен кес емес
сыйақы алу құқығы (24, 28-бап); демалуға құқығы (24-бап). Бұл
конституциялық принциптер еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің
салааралық принциптеріне жатады.
Еңбк құқығының салалық принциптеріне мыналар жатады:
1. Еңбек шартын жасасу бостандығы;
2. Қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек жағдайларымен
қамтамасыз ету;
3. Заңдарда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем емес еңбекке
ақы алу кепілдігі;
4. Демалыс пен жұмыс режимінің қалыпты жағдайларына мемлекеттік
кепілдіктердің берілуі;
5. Еңбек тәртібін қамтамасыз ету;
6. кәсіби біліктілікті арттыру кепілдігі;
7. Өндірістік кәсіптік мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау үшін
кәсіптік одақтарға бірігу құқығы;
8. Еңбек құқығы нормаларының бірлігі және дифференциясы (арнайы
түрлерде бөлінуі).

3. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
ЕҢБЕК ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Еңбек құқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласындағы
өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын
нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады.
Кең мағынада нормативтік құқықтық акті дегеніміз – референдумда
қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттік лауазымды адам
қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын
өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша
ресми құжат.
Еңбек қатынастары саласындағы құзыретті органдардың барлық жағдайларда
қолдануға есептелген нормативтік нұсқаулардан тұратын құқықтық актілері
еңбек құқығының көздері болып табылады. Әдебиетте бұл көздер еңбек туралы
нормативтік актілерң, еңбек туралы заң актілерің, еңбек құқығының
нормативтік актілерің және т.б. деп аталады.
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілер
мыналар болып табылады:
Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей
қолданылатын заң Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады,
еңбек туралы барлық нормативтік құқықтық актілер Конституцияға сәйкес
келуге тиіс.
Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасындағы
Еңбек туралы Заңынан және соған сәйкес қабылданған:
- заңдардан және Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші
бар жарлықтарынан;
- Қазақстан Республикасы Призедентінің жарлықтарынан;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік
қаулыларынан;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік
қаулыларынан;
- министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқықтық
актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 4-тармақшасына
сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты
еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды
қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда Қазақстан
Республикасының еңбек туралы нормативтік құқықтық актілеріндегіден өзгеше
ережелер белгіленсе, аталған шарттың ережелері қолданылады.
Халықаралық шарттан оны қолдану үшін республика ішілік нормативтік
құқықтық акті шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, халықаралық шарттар
еңбек қатынастарына тікелей қолданылады.
Жұмыс берушілер мен барлық жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек
қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылға 10 желтоқсанда қабылданған
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралың Заң болып табылады. Бұл заң 2000
жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Қазақстан
Респбликасындағы еңбек туралың Қазақстан Республикасының Заңын күшіне
енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақ КСР-інің 1972
жылғы 21 шілдедегі Еңбек туралы заңдар кодексі 2000 жылдың 1 қаңтарынан
бастап республика аумағында күшін жойды деп танылды. Қазақстан өзінің
тәуелсіздігін алғаннан кейін бұл кодекс көп жағдайда оның нарықтық
экономика мен жеке кәсіпкерліктің қалыптасуының шарттарына сәйкес келмеді.
Еңбек туралы Заңның күші егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды өзгеше көзделмесе, республика
аумағында еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ
адамдарға да қолданылады. Сондай-ақ республика аумағында орналасқан,
құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығынан немесе ішінара) шетелдік
заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары қолданылады.
Еңбек туралы негізгі заң 9 тараудан, 109 баптан тұрады. Қазақстан
Республикасының Еңбек туралың жаңа заңы, өкінішке орай, Кодекс нысанында
қабылданбады және негізінен еңбек қатынастарының Еңбек туралың заңға қайшы
келмейтін бөлігін сақтап қалған заңдар және басқа нормативтік құқықтық
актілер реттемейтін саласын реттейді. Оларға, мысалы, мына заңдар жатады:
1992 жылы 4 шілдеде қабылданған Ұжымдық шарт туралың; 1993 жылы 22
қаңтарда қабылданған Еңбекті қоғау туралың; 1993 жылғы 9 сәуірде
қабылданған Кәсптік одақтар туралың; 1996 жылы 8 шілдеде қабылданған
Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралың; 1998 жылғы 30 желтоқсанда
қабылданған Халықтың жұмыспен қамтылуы туралың және т.б.
Нарық жағдайында еңбек құқығын жүзеге асыруда Қазақстан
Республикасының Үкіметі қабылдаған қаулылардың маңызы зор.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 қаңтарда
қабылданған Қазақстан Республикасының Экономика саласындағы жұмыскердің
жалақысы туралың қаулысы. Онда барлық экономика саласындағы қызметкерлерге
арналған жалпы тарифтік тор бекітілген.
Жергілікті мәслихаттардың, әкімдердің өз құзыреті шеңберінде шығаратын
шешімдерінің де еңбек құқықтарын реттеуде маңызы бар.
Еңбек құқығының қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының, Конституциялық Кеңес Пленумдарының нормативтік қаулылары
пайдаланылады. Бұл қаулыларда сот жұмыстарын қарағанда заңдарды қолдану
туралы түсініктемелер беріледі. Қаулылар негізінде барлық соттардың
заңдарды қолданғанда олардың мазмұнын бірдей түсініп, бірыңғай тұрғыда
жүзеге асыруын көздейді.
Орталықтандырылған тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілер,
әдетте, жалпы ережелерді белгілейді, олар ұйымдарда қолданғанда нақтылауды
талап етеді немесе соған жол береді. Ұйымдарда қабылданған нормативтік
актілер жұмыс берушінің актілері деп аталады. Оларға бұйрықтар, өкімдер,
нұсқаулықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері жатады.
Локальды (жергілікті) нормативтік актілерге сонымен қатар ұжымдық
шарттар мен келісімдер, сыйлыақы беру ережелері, жылдық қорытынды бойынша
ақы төлеу тәртібі, т.б. жатады. Бұл нормативтік актілер біріншіден, ұйымның
барлық қызметкерлеріне қатысты; екіншіден, оларды бұлжытпай орындау барлық
қызметкерлерге міндеттеледі; үшіншіден, тұрақты (бірнеше рет) қолдануға
бағытталған. Бірақ бұл жергілікті актілер еңбек қатынастарын реттейтін
басты заңдарға қайшы келмеуі тиіс.
Қорыта келгенде, еңбек туралы заңдардың негізгі міндеттері мыналар
болып табылады:
1) еңбек саласындағы нарықтық қатынастардың құқықтық негіздерін
бекемдеу;
2) еңбек бостандығы мен еңбек туралы шарттар бостандығын бекемдеу;
3) еңбек қатынастарындағы қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтық
мәртебесін белгілеу;
4) әлеуметтік серіктестік қатынастарын реттеу;
5) қызметкерлердің, оның ішінде уақытша жұмыссыздардың әлеуметтік
қорғалуын қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктер жүйесін орнықтыру.

4. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕ ДЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚАТЫНАСТАР

Тараптардың жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір
еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер
арасындағы қатынастар еңбек қатынастары деп аталады.
Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын
қатысушылары болады. Еңбек құқықтық қатынастарының субъектілері болып
мыналар танылады: азаматтар, жұмыс берушілер, кәсіподақтар, мемлекеттік
органдар.
Еңбек құқығымен реттелетін қатынастар жүйесін екі топқа бөлуге болады.
Оның біріншісі жетекші орын алатын еңбек құқықтық қатынастары, ал екінші
топқа еңбек қатынастарымен тығыз байланыстылығы еңбек қатынастарынан бұрын,
олармен қатарлас жүретін және солардан туындайтын қатынастар. Екінші
топтағы қатынастардың бәрі еңбек қатынастарынан тысқары дербес маңызы
болмайды және еңбек қатынастары қазіргі кезде болып отырғанда, не бұрын
болғанда, не олар болашақта болатын болса ғана туындай алады.
Еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы қағндаттарының ұғымы және оны топтастыру
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Еңбек құқығы қатынастары
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Халықаралық және ішкі мемлекет құқық нормаларының шетел азаматтарының құқықтық мәртебесін реттеудегі мәселелері
Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы және оны топтастыру
Еңбек құқығы жүйесінде материалдық жауапкершілік институты
Еңбек қатынастары
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Еңбек құқығының негізгі принциптері
Пәндер