Қазіргі қазақ кітап ісінің даму деңгейі


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультеті

Баспа ісі және редакциялау кафедрасы

Құнанбайқызы Армангүл

Қазіргі қазақ кітап ісінің даму деңгейі

Жоғары оқу орнын аяқтау үшін

қорғалатын бакалаврлық

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Шифр -091140

Ғылыми жетекшісі - оқытушы Мухамедиева Назым Бейсенбайқызы

Ресми сарапшысы - Жарылқасын Нұсқабайұлы

Баспа ісі және редакциялау кафедрасының

2007 жылғы “…. . ” мәжілісінде

талқыланып, қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісідоцент Сақ Қ. Ө.

Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды

Диплом қорғау күні: 2007 жылғы 21 маусым

Комиссия хатшысы. . аға оқытушы Мысаева

Алматы, 2007

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3 бет.

ІТАРАУ

  1. Қазақ кітап ісінің тарихы мен теориясы . . . 8бет.

1. 2 Кітап саудасы және кітап нарығының үлес салмағы……… . . . 18 бет.

ІІ ТАРАУ

2. 1Қазіргі кітап ісі және кітап таралымына қатысты мәселелер . . . 30 бет.

2. 2 Жоғары технологияға негізделген басылым сапасы баспа деңгейінің көрсеткіші . . . . . . 37 бет.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46 бет

IV. Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі . . . 49 бет

Кіріспе

Өзімді көптен толғантып жүрген баспа әлемінің қыр - сырымен жақын танысу ниетінде осы тақырыпты зерттеуді мақсат еттік. Қазіргі кітап ісінің хал - ахуалы, оның Ғ. Мүсірепов айтқандай “Таратпасақ кітап басып керегі не?”- деген мәселесін бүгінгі нақты мысалдармен анықтауды жөн көрдім.

Кітап - деген қасиетті ұғымды бір ғана сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сонау ғасырлар бойғы адамзат өркениетінің айғағы болып келген қазақ кітабының қазіргі таңдағы рөлі қандай? Қолдану аясы қалай? Өмірлік қартаймайтын кітап деген қарияның дәл бүгінгі күнгі жай - жапсарына, қазіргі қазақ кітап ісінің жетістігі мен кемшіліктеріне тоқтала кетер болсақ, қазақ кітабының тарихы 1807 жылы жарық көрген “Сейфүлмәліктен” бастау алады. Яғни қилы да, күрделі екі ғасырлық тарихы бар деген сөз. Кітап- ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұра, дүниеден озып бара жатқан қарттардың өмірі енді басталған жас ұрпаққа деген өсиеті. Адамзаттың бүкіл тарихы кітапта жазылған. Кітап адамзатпен бірге дамып отырады, онда барлық ғылымның негізі қаланды. Бүкіл әлемдік тарих, адамзаттың тарихы жазылған кітап- адам өмірінің өткені ғана емес, болашақты қалай игеру туралы құжат. Ақиқат пен орасан күштің арқасында табылған қайғы- қасіреттің құжаты және болашақтың жоспары.

Құдайға шүкір, Тәуелсіздік тұлпары тақымымызға тиіп, егеменді ел болдық. Тәуелсіздік жылдарында айтарлықтай кітапқа деген көзқарас түп - тамырымен өзгерді. Ұзақ жылдар екі бүйірімізден қысқан цензура, тоталитарлық режимнің қысымы ағытып, ақтарылып кеткен кезде, кітап ісі керісінше көрініске айналып, кітапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа, дінқұмарлыққа жол беретін болды. Қолынан келгеннің бәрі сапасыз кітап шығаруға мәстүр болып кетті. Мұндай кітаптардың саны жылдам өсіп, тұрмыстық сипатқа, альбомға көшті. Міне, осындай келеңсіз көріністердің аясында кітап өнері мен мәдениетінде едәуір проблемалар туындады. Қазіргі қазақ кітаптарының критериіне, мазмұнын, тақырыбын ашып айтатын күн туды.

Нағыз ұлттың ұлт екенін көрсететін кітаптар қандай болу керек? Ұлттық ерекшелік, ұлттың ұлт екенін көрсететін белгілер, оның мәдениетінен тайға таңба басқандай бояуы қанық көрініп тұруы керек. Сол сияқты ұлтық кітаптардың кескін - келбеті, бітімі туралы не айта аламыз. Мысалы, Иранның бір - екі кітабын іші -сыртын ақтарып, ұстап көрдім. Әр елде шығатын кітаптардың әрқайсысының өз мәнері бар. Безендірілуі мен суреттелуінде, мұқабасында қарапайым ғана қаріптерінің ерекшелігінде сияқты. Иран кітаптарының иллюстрациясында бір нәзік тіл бар, бояуы анық, ерекше ертегі әлемі сияқты қасиеті бар. Сондай - ақ Жопонияның кітаптарынан да осыны байқауға болады. Жапон кітаптарының илюстрациясы әсем табиғатымен, жануарларымен, аң, құстарымен ерекшеленеді. Өкінішке орай, бізде ұлттық идеядағы кітаптарды айтып мақтана алмайсың. Бізде мұндай ерекшеліктер тек садақ, жебе мен салт атты батырмен ғана шектеледі.

Бизнес әлеміндегі кітап ісі көне сала екендігі о бастан белгілі жәйт. “Бизнес” ағылшыннан аударғанда іс, іскерлік деген мағынаны білдірсе, кітап саудасы - кітап ісін ұйымдастыру, экономикалық - құқықтық, өндірістік - шығармашылық салаларын бір жүйеге негіздей отырып басқару болып табылады. Нарықтық экономика деңгейіндегі кітап саудасы қазір не күйде? Нендей өзгешеліктер енгізілуде? Экономикалық заңдылықтар қазір кітапты тауар ретінде бағалауға қоғамды мәжбүр етуде. Олай болса, баспа ісінің, яғни кітаптың мән - маңызы қалай сақталынады? Қандай тиімді, тиімсіз жағдаяттар орын алуда? Міне, осындай түйіні табылмаған сан түрлі сауалдарға өзімізше осы жұмысымызд жауап беруге тырыстық.

Арада біраз жылдар өткесін, уақыт оқу білімнің маңызын дәлелдеп берді. Қазіргі қоғамда нарықтың қыспағына түсе қоймаған ешбір сала жоқ. Еліміз де жаңа дәуірге - экономикалық қайта құру, ерік бостандығы, демократия дәуіріне аяқ басты. Қазіргі кезеңде баспа мәселесіне жаңа қырынан салмақтылықпен қарайтын мезгіл туды. Халықтың рухани білімін көтеретін кітап басу ісін жүйелеу, реттеу, мемлекеттің маңызды саласы деп қарау қажеттілігі күшейді. Артта қалған жылдар ішіндегі баспа саласында жасалған өзгерістер мен ізденістердің нәтижесі бүгінгі күні өз жемісін беріп келеді.

Қазақ кітабының бұл күндері бар ғаламға жайылып кеткен даңқын, оның өркениетті таңғажайып құбылысқа айналып алған атын, оның халық мәдениетіндегі орны бөлек қордалы затын қазіргі күндері кім жоққа шығара алар екен? Өзіне жүктелген мәртебесі биік білімдік те танымдық қызметін Қазақ кітабының көтеріңкі леппен, асқақ ойлы шабытпен атқарылып келе жатқаны қай заман! Ұлы қазақ ғұламаларының, ақындары мен жырауларының, теңдесі жоқ ұл - қыздарының ақыл - ойы мен абыройы асқан зерделі еңбегі арқылы жарық көрген өлмес - өшпес кітаптар халқының жүрегіне нәр құйып, биік - биік мақсаттарға жетелеуден бір танған емес. Ол оқырмандарын өмір қойнауларына терең араластыра, өнер - білімге деген құштарлығын оята, жақсылық атаулыға шақыра отырып, қалың жұрттың творчестволық белсенділігін арттыруда қисапсыз мол еңбек етті әрі еңбек ету үстінде. Қазақ кітабы бүгін атам заманнан бері айтылып, айтыла - айтыла халық жадында жатталып келе жатқан және қанша заман өтіп, өмір ағыны қанша жаңарып жатса да иә ескіріп, мәнін жоғалтпайтын, иә тозып, өңінен айрылмайтын “Кітап - білім бұлағы”, “Кітап - ақылшың, досың, жолдасың”, “Кітап - адамзат ақыл - ойының мұхитында толассыз жүзіп келе жатқан корабль” дейтін аталы аяулы ғақлия сөздерді өн бойына дарытып, өмір сүретін қасиетті құбылыс / 1 /.

Осының бәрі, әрине, оның қазіргі күйі, бүгінгі бейне тұласы.

Алдымызда бітіру жұмысымызды зерттеу барысында, кітап ісінің даму деңгейін, бағыттарын, ерекшеліктері мен проблемаларын толыққанды ашып, зерттеп, саралау үшін кітап ісіне қатысы бар нәрселердің бәрін рет - ретімен, жан - жақты талқылауымыз керек екені белгілі жайт.

Түйіндей келгенде, бүгінгі қазақ кітап ісі күннен - күнге қарыштап, алға қарай дамып, кемелденіп келеді. Баспа ісін жасампаздыққа бағыттаған ілгері баспаларымыз көбейіп, көркейіп келеді. Жалпы қазақстан баспалары мен қазақ кітап ісіне талдау жасау бітіру жұмысымыздың негізі болып отыр. Алға қойған мақсатымыз аты айтып тұрғандай, қазақ кітап ісінің даму деңгейі жайында мағлұмат жинап, олардың тағлымын жадымызға түю, еліміздегі баспа ісі, кітап ісі саласындағы ерен еңбектерді жинақтаған мәліметтеріміз негізінде ашып көрсету, сол арқылы баспа басылымдарының жетістіктері мен кем тұстарын тарата талдап, шама- шарқымызша бағасын беруді міндет етіп алдық.

Бір айта кететін жайт: қазақ кітабының тарихы мен кітаптану негіздеріне қатысты бірді- екілі оқу құралдары болмаса, жалпы баспа ісіне байланысты қазақ тілінде әдебиеттің жұтаңдығы жұмысымызға көп қиындық келтірді. Көп мәліметтерді орыс тілді әдебиеттерден, газет -журналдардан алдық, олардың бір қатарын шамамыз жеткенше аудара пайдаландық. Осы жағынан келгенде, зертеуіміздің қажеттілігі бар деп санаймыз. Болашақ баспагерлерді оқыту кезінде кейбір тұжырымдарымыз қажетке жарап жатса, мақсатымыздың орындалғаны болар еді.

Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде - қазақ кітап ісі туралы, жалпы кітап ісі жөнінде бірсыпыра ойларымызбен бөлісіп, зерттеуіміздің мақсаты мен міндеттерін тәжірибелік мәнін айқындауға орын берілді. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Бірінші тарау: “Қазақ кітап ісінің тарихы мен алғышарттары”, “Кітап саудасы және кітап нарығының үлес салмағы” деп алсақ, екінші тарауды: “Қазіргі кітап іс және кітап таралымына қатысты мәселелер”, “Жоғары технологияға негізделген басылым сапасы баспа деңгейінің көрсеткіші” - деген тараушаларға бөлдік.

1 Тарау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тмд елдеріндегі кітап басып шығарудың дәстүрлі әдістері
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кітап ісі
Баспа бизнесін жоспарлау ерекшеліктері
Ғылымның негізі - кітапта
Кітап – халық тәрбиешісі
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы баспа ісі
Кiтап iсiндегi жарнаманың рөлi
Бизнес жоспар жасау
Баспа ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz