Құрманғазы - ұлы күйші


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Құрманғазы - ұлы күйші

Ұлы күйші, дарынды композитор - Құрманғазы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Жиделі деген жерде 1816-18 жылдар шамасында туды. Әкесі - Сағырбай он екі ата Байұлының ішіндегі Қызылқұрт руының шыққан, бүкіл өмірін байлардың малын бағумен өткізген адам. Құрманғазының кішкентайынан домбыра үні естілсе бәрін ұмытатын музыка құмарлығы әкесі Сағырбайға ұнай қоймады. Домбырасын үкілеп ел кезіп жүретін сал-серілерге ілесіп, әсіре қызыл «әуесті» болып кете ме деп іштей уәйімдейтін. Содан ба тілі шығар шықпастан домбыра шанағына жармасқан баласын адал еңбекке бейімдеуге ұмтылды.

Құрманғазының анасы - Алқа елге сыйлы, еті тірі Мәтіғұл деген кісінің бұла өскен ерке қызы еді. Алқаның ағалары шетінен төкпе ақын, асқақ әнші, бармағынан бал тамған күйші, жауырыны жер иіскемеген палуан болатын. Солардың ортасында өскен Алқа еркек-шоралау қайратты болып бой жетті. Өзі қатарлы бозбалалармен белдесе кеткенде талайын шаң қаптыратын. Алқа құрбыларының арасында сызылта салған әнімен де сыйлы еді . . .

Жасынан өнердің қадірін біліп өскен Алқа тұңғыш ұлының бойындағы ұлы дарынды жүрегімен сезінді. Ұлының асқан ажарлы, сымбатты әрі ешкімнен қаймықпайтын жүректі, алысқанын алып ұратын қайратты боп өсіп келе жатқанына іштей қуанатын.

Құрманғазы он алтыға толып, оң-солын тани бастады. Ел ішіндегі әділетсіздікті аңғарып, байлардың озбырлығына, зорлық-зомбылығына мойын сұнып, ертелі-кеш қой соңында салпаңдап жүре беретін көп кедейдің бірі емес екендігін табиғат берген алып күшімен, ешкімнен қаймықпайтын батылдығымен, ойындағысын бетің бар, жүзің бар деп демей айтып салатын өткірлігімен таныта бастады. Өмірдің қым-қиғаш шытырман сырларын терең түсіне қоймаса да, бай мен кедей тірлігінің арасындағы жер мен көктей айырмашылықты аңғарып, көкейіне түйе берді.

ХIХ ғасырдың 30-шы жылдарының аяқ кезінде Бөкей хандығында патша үкіметі мен үстем тап өкілдерінің үрейін ұшырған шаруалар көтерілісі болды. Хан және туысқандары, сұлтандар егістік, шабындық, жазғы және қысқы жәйілім жерлердің жақсыларын шаруалардан тартып алады. Мұның бәрі кең жайылған көтеріліске келіп соқты. Көтерілісті бастаған Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы еді.

Исатай-Махамбет көтерілісі қазақ тарихында үлкен роль атқарды. Патша үкіметінің екпініне төтеп бере алмай, жеңіліске ұшырағанымен халық санасында мәңгі сақталды. Көтерілістің қару күшімен басылуы, Исатайдың патша әскерлерінің қолынан қаза табуы, көтеріліске қатысқан рулардың ұзақ уақыт қудалануы - Құрманғазының қанаушы тапқа деген ыза-кегін оятып, ымырасыз күреске шығуға іштей бекіндірді. Қолындағы қаруы, домбырасымен халық арманы, игілігі жолында көзі жұмылғанша қызмет етуге серт берді. Көптен жан-дүниесіне маза бермей жүрген ой толғаныстары асыл арманы домбыра шанағынан күй болып құйыла бастады.

30-шы жылдардың аяғында Құрманғазының алғашқы творчестволық дәуіріне жататын күйінің бірі «Кішкентай» дегенге келеді. Ол күйді Құрманғазы «кішкене інісінің үлкен ағасы Исатайға арнауы» депті.

Құрманғазы өзінің күй шығарудағы қадамын осылай бастады. Творчестволық қанатын осы айтылғандай қоғамдық үлкен мәні бао оқиғаны суреттеу бағытына қарай қақты. Тағы бір алғашқы кезеңге жататын күйдің бірі «Балбырауын» жігерлі өмір жырын жырлайтын, көктем желіндей көңілді оптимистік шығарма деп баға беруге болады.

«Адай» - Құрманғазының ірі шығармаларының бірі. Онда заманының алдын ораған көреген көз, өткір тіл бар. Әдебиет дүниесінен үлгі алар болсақ «Адай» күйінде Махамбеттің жалынды поэзиясының кейпі бар деп айта аламыз.

«Адай» шыққан кезеңіндегі күйінің бірі «Серпер» - қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп бұрынғы қалпына келе беретін болаттай берік, халықтың қайыспас күшіне, қайтпас ерлігіне арналған шығарма.

«Кісен ашқан» басынан аяғына шеін орнықты, жәй екпінді күй. Әуенінің өткірлігі сай сүйегіңді сырқыратады. Бұл психологиялық күй десек қателеспейміз. Бірақ ескере кететін нәрсе күйде мол трагедиямен қатар үлкен жігер мен халықтың үні бар.

«Қызыл қайың» аттас күй халық арасында көп кездеседі. Мұнда ана қойынындай жылы, халқының әр ұлын аялатқан жаратылыстың ұлы қойнының, ұлы панасының суреті бар. Шебер суреткер қайың образында туған жерінің өз ұлына деген жылылығын, аналығын көрсеткен.

Өмір қыспағымен Құрманғазы көптеген қалаларды көрді. Осы замандағыдай айта қалғандай болмағанымен, жеңіл-желпі болса да өндіріс орындарын, қаланың шуын көрді. Сезімді суреткер бір күні домбырасын алып осы бір жағдайларды да екі шектің бойына түсіргісі келді, күй шығарды. Күйдің атын «Машина» деп қойды. «Машина» күйін бірінші тыңдаған адамдар бірден ол күйдің осындай жағдайға арналып шыққанын сезіп, күйшінің шеберлігіне риза болды.

Құрманғазының «Назым» атты күйінің шығуы жөнінде бірнеше түрлі аңыз бар. Соның біреуі, Назым - қыздың аты. Сол қызды абайсызда нар інген теуіп, талып қалған қызды өлдіге жорып, ағайын-туғандар жылап-сықтап көмейін деп жатқанда Құрманғазы тап болып, қыздың тірі екенін айтып у-шуды басты. Кейін есін жиған қыз өзін құтқарған Құрманғазының өмір бойы өз әкесіндей құрметтеп кеткен көрінеді. Бұл Назым қызға арналған күй.

Құрманғазы өмірінң соңғы кездерінде «Демалыс», «Итог», атты күйлер шығарады. Бастан орыс сөздерін алуға бастартпайтын, күйлерінің атын «Каспий», «Не кричи, не шуми» деп беретін күйші, өзінің творчестволық қорытынды күйлерінің бірін «Итог» деп атайды.

Құрманғазы 1889 жылдары шамасында сол тұрған жері Сахмада қайтыс болды. Оның зираты Албасты төбе деген жерде. Ол төбе Шайтани батағасының қасында. 1959 жылы Құрманғазы төбенің басындағы күйшінің зираты қайта оңдалып, оған үлкен ескерткіш қойылды.

Ұлы композитор, күй атасы Құрманғазының асқақ та жігерлі күйлері еркіндікті ұнататын жауынгер халқымыздың жалынды рухының жарқын көрінісі іспетті. Ол оның бүкіл әлемге танымал ардақты есімі ұлтымыздың ұлылығы мен мәңгілігінің символындай қастерлі.

Ұлы күйшінің есімі туған топырағымыз Қазақстанда әлде қашан аңызға, рухани қасиетті әулиеге айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрманғазы Сағырбайұлы
Құрманғазы күйлерінің ерекшелігі
БАЯНҒА ЛАЙЫҚТАЛҒАН ДОМБЫРА КҮЙЛЕРІ
Қазақстандағы музыкалық тәрбие
Құрманғазының шығармашылық кезеңі
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Қазақстандағы кітап және баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер
Сағырбайұлы Құрманғазы
Домбыра аспабы құрылысы
Құрманғазы Сағырбаев
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz