Қылмыс және қылмыстық құқық


Мазмұны

Қысқартулар мен белгілеулер 3

Кіріспе 4

1. Қылмыстық құқықтың пәні, ұғымы, міндеттері мен принциптері 6

1. 1 Қылмыстық құқықтың пәні және ұғымы 6

1. 2 Қылмыстық құқықтың міндеттері 16

1. 3 Қылмыстық құқық ғылымы 22

1. 4 Қылмыстық құқықтың принциптері 36

2. Қылмыстың ұғымы 39

2. 1 Қылмыстың ұғымы және белгілері 39

2. 2 Қылмыс және қылмыс құрамы 43

2. 3 Қылмыс құрамының түрлері 50

Қорытынды 65

Пайдаланған әдебиеттер 68


Қысқартулар мен белгілеулер

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚК - Қылмыстық кодекс

ҚІЖК - Қылмыстық істер жүргізу кодексі

РФ - Ресей Федерациясы

БОАК (ВЦИК) - Бүкілроссиялық орталық атқару комитеті (Всероссийский центральный исполнительный комитет)

ХКК (СНК) - Халық комиссарлар кеңесі (Совет народных комиссаров)

КСРО - Кеңестік социалистік республикалар одағы

РСФСР -

УКСР - Украин кеңестік социалистік республикасы

ҚазКСР - Қазақ кеңестік социалистік республикасы

ІІМ - Ішкі істер министрлігі

б - бап

т. б. - тағы басқа

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.

Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.

Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.

Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық құқық - бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардыңбәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: қылмыстық құқық ұғымы мен міндеттерін анықтау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстық құқық институтына байланысты белгілі бір тәжірибе мен ғылыми білім жинақталған.

Дипломдық зерттеудің әртүрлі аспектілері жанама түрде келесі отандық авторлардың: А. Н. Ағыбаевтың, Е. О. Алаухановтың, Ғ. И. Баймурзиннің, Н. А. Бекбергеновтың, Е. А. Ештаевтың, Е. И. Қаиыржановтың, Д. С. Чукмаитовтың еңбектерінде көрініс тапқан. Сонымен қатар, ресейлік ғалымдардың зерттеулерінде, атап айтсақ Н. Б. Алиев, И. Б. Агаев, О. И. Бажанов, Е. А. Борисенко, Б. В. Волженкин, Р. Р. Галиакбаров, А. С. Горелик, П. Ф. Гришанин, П. С. Дагель, А. Ф. Зелинский, В. А. Иванов, Н. А. Стручков және т. б. бейнеленген.

Зерттеу пәнін - ұлттық және шет мемлекеттердің қылмыстық заңнамаларының нормалары, қылмыстық құқық туралы әртүрлі теориялық көзқарастар және сот-тергеу тәжірибесінің материалдары құрайды.

Зерттеудің әдістемелік негіздері.

Дипломдық зерттеудің әдістемелік негізін әлеуметтік және құқықтық құбылыстарды ғылыми танудың диалектикалық әдісі және одан туындайтын жалпы ғылыми және арнайы-ғылыми әдістер құрайды. Дипломдық зерттеу барысында тарихи, салыстырмалы-құқықтық, формалды-қисындық, жүйелік, нақты-әлеуметтік әдістер пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы өзгерістерді ескере отырып, алғаш рет кешенді түрде ғылыми-құқықтық зерттеудің объектісі ретінде қылмыстық құқық қарастырылды.

Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізіг принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.

Жұмыстың құрылымы және көлемі зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қылмыстық құқықтың пәні, ұғымы, міндеттері мен принциптері

1. 1 Қылмыстық құқықтың пәні және ұғымы

Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай - ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдық нормаларының жиынтығы болып табылады.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым - қылмыс пен жазаны анықтайды.

Бұл нормалар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.

Екінші бір нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын жазаның түрлері мен шегін белгілейді. Мұндай нормалар қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мынандай өзіндік ерекшелік белгілерімен көрініс табады:

Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық қолдану және құқық қорғау органдары болады.

Белгілі бір әрекеті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс - әрекетке тыйым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға тартатын нормаларды белгілеу - мемлекеттің құзіреті. Осы тұрғыдағы қоғамдық қатынастарды ретке келтіру қылмыстық құқыққа ғана тән әдіс болып табылады.

Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.

Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның ұғымы, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының ұғымы, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс - әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән - жайлар туралы түсініктер, сондай - ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде жалпы қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, қоғамды, азаматтарды және құқық тәртібін қылмысты қол сұғушылықтан қорғау арқылы айқын көрінеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлім нормалары бір - біріне сәйкес болуы қажет. Мысалы, бөтеннің мүлкін тонау деген не екенін білу қажет болды делік. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 178 - бабына жүгінеміз. Бұл бапта тонаудың заңдылық ұғымы, сипаттамасы берілген. Бірақ та осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін міндетті түрде қылмыс құрамы, жас мөлшері, кінәнің нысандары мен түрлері, қылмыс істеу сатыларын, қылмысты бірлесіп істеу мәселелерін анықтау қажет. Ол үшін міндетті түрде Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 3, 9, 15, 19, 20, 21, 24, 29- баптарына жүгініп, сонда көрсетілген заңдылық ұғымдарды басшылыққа алу керек. Егер тонау туралы осы қылмыстық іс сотта қаралатын болса, онда сот жазаны белгілеу (немесе жазадан босату), жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы мәселелерге арналған III, IV, V бөлімдерінің тиісті баптарына сөз жоқ жүгінеді.

Қылмыстық құқық құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен де тығыз байланысты. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің бағыты, атқаратын рөлі, мәні мен құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.

Қылмыстық құқықпен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара тығыз байланыста болады. Қылмыстық құқық қандай іс-әрекеттердің қылмыс екендігін және оған қандай жаза қолданылатынын белгілесе, қылмыстық істер жүргізу құқығы қылмыстық жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудін және сотта қараудың тәртібін белгілейді, яғни бұл жерде қылмыстық құқық пен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара мазмұнмен оның нысанының байланысы ретінде көрсетіліп отыр.

Қылмыстық құқық қылмыстық атқару құқығымен де тығыз байланыста. Қылмыстық атқару құқығының пәні болып, сот үкімі бойынша күшіне енген қылмыстық жазаны орындау, сотталғандарға түзеу ықпалын жүзеге асыруға, оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру болып табылады және олар айыптау үкімінін заңды күшіне енген уақыттан бастап пайда болады. Яғни, қылмыстық құқықтық қатынастар негізі қылмыс істеуге байланысты болса, ал қылмыстық атқару құқығы қатынасының пайда болуының негізі заңды күшіне енген айыптау үкімі болып табылады.

Бұл қатынастардың субъектілерінде де айырмашылықтар бар. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектісі болып қылмыс істеген, есі дұрыс, заңда белгіленген белгілі бір жасқа толған адам болса, сот үкімі бойынша сотталғандар қылмыстық орындау құқығының субъектісі болып саналады.

Қылмыстық құқық әкімшілік құқықпен де етене байланысты. Бұл екі құқық саласы ортақ міндет - қоғамға қауіпті іс-әрекет - құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізеді. Қылмысқа қарағанда әкімшілік құқық бұзушылықта іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі төмен болады. Ондай теріс қылық істеген адамға арнаулы әкімшілік органдар қылмыстық жаза емес, әкімшілік шара қолданады. Әкімшілік шара сотталғандық атақ болып табылмайды, ал қылмыстық жазаны қолдану «сотталғандық» атаққа ұрындырады. Оның заңдылық салдары бар. Әкімшіліқ құқық бұзушылықтың субъектісі болып азаматтардан басқа заңды тұлғалар болуы да мүмкін. Ал қылмыстың субъектісі болып тек қана заңда белгіленген жасқа толған, қылмысты іс-әрекет істеген, есі дұрыс кінәлі адам ғана болады.

Қылмыстық құқық криминология пәнімен де тікелей байланысты. Бірақ бұл екеуінің бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар.

Егер қылмыстық құқық қылмыс пен жазаны белгілейтін ерекше құқық саласы болса, криминология қылмыстылық, оны туғызатын себептер мен жағдайлар, қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы болып табылады. Криминологиялық деректер қылмыстылықпен күресуден қылмыстық зандардың тиімділігін, оны жетілдіру жолдарын, қылмыстан сақтандырудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмастық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.

Біріншіден, қылмыстық құқық нрмасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.

Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байлнысты қоғамдық қатынастар реттеледі.

Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде, олардың одан қорғануына байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы: Қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.

Қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындау-

дың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады .

Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның ұғымы, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының ұғымы, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы-Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында, атап айтқанда Жоғарғы Сотттың нормативті қаулыларында, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодексте және т. б нормативтік кесімдерде анық көрсетілген.

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып:

  1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады .
  2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасаған үшін жазалар мен өзге де қылмыстық ықпал ету шаралары белгіленеді.

Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық принциптерін сақтау арқылы жүзеге асырады.

Бұл приницптерге : заңдылық қағидасы, азаматтардың заң алдында теңдігі, жауаптылықтан құтылмайтындық принципі, жеке жауаптылық қағидасы, әділеттілік, ізгілік принциптері, кінәсіздық презумпциясы т. б жатады.

Қылмыстық заң- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық келісім болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы қатынастарды реттеу-қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттердің ( әрекет немесе әрекетсіз)

Көрінісі, нәтижесі болып табылады. Әрекет дегеніміз - адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз -адамның заң, нормативтік кесімдер, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс деп есептелмейді.

Сонымен, қылмыстық заңдармен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет ( іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп аталады.

Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.

Қылмыстық санаттары

Қылмыс санаттары деп- оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар- сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр санаттарға бөлінген.

Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза ( бас бостандығынан айырудан) :

  • қасақана жасалған әрекет- екі, абайсызда жасалған әрекет бес жылдан аспайтын болса- онша ауыр емес деп саналады;
  • қасақана жасалған әрекет- бес, абайсызда жасалған әрекет те бес жылдан аспайтын болса- орташа ауыр;
  • қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса-ауыр;
  • қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса немесе өлім жазасы көзделсе- аса ауыр қылмыс деп танылады.

Мемлекет өз азаматтарынан Конституциядя көрсетілген белгілі бір әлеуметтік міндеттерді қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықтық жауапкершілік жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің ішінде ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып табылады да, ал оған дәйекті түрдегі негіздер болуы керек.

Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызыметінің заңдылықты қатаң сақтауына кепіл бере отырып, азаматты жауапқа тарту үшін қылмыстық құрамының барлық белгілері болуын талап етеді.

Қылмыстың құрамдары - бұл қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы. Ондай белгілер төрт топқа бөлінеді:

1. Қылмыстық объектісі;

2. қылмыстың объективтік жағы;

  1. қылмыстың субъектісі;
  2. қылмыстың субъективтік жағы; Қылмыстың объектісі- қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар мыналар болыуы мүмкін: саяси және экономикалық құрылымдар, меншік, адам және оның құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет. Қылмыстың объективтік жағы -ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі:
  • қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі;
  • әрекет пен әрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті нәтиже;
  • әрекат пен әрекетсіздік және қоғамға қауіпті нәтиже арасындағы себепті байланыс. Қылмыстың субъектісі- ол қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып тартып алу т. б)

Қылмыстық жауаптылыққа адам 14 жастан тартылада.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасалған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

  1. Қылмыстың субъективтік жағы- бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы. Қалмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнінб мазмұнын білдіреді.

Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнының заңдылық белгілері:

Кінә, қылмыстықниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

Кінә - бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті ісөәрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген

Көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші.

Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуыөобъективті ақиқат.

Қылмыс субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақтаған дәлелдемелер арқылы анықтайды. Кінә екі түрлі болады: қасақаналық және абайсыздық. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет- қасақана менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Конституциядан қылмыстық құқық
Қылмыстық құқық ғылымы
Қылмыстың ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыс құқықтың пәні,түсінігі,міндеттері мен принциптері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДЫ ТҮСІНДІРУДІҢ ТҮРЛЕРІ
Қылмыс құрамының міндеті белгісі ретінде обьективтік жағы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz