Қазақстанның банк жүйесі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Қазақстанның банк жүйесі
1. 1 ҚР- дағы банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
1995 жылғы банк реформасы 4
1. 2 1996- 1998 жж. банктік реформалар 7
1. 3 Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі 10
2 Банк жүйесі
2. 1 Банктердің мәні және қызметтері 13
2. 2 ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары 17
2. 3 Ақша - несие саясаты 21
Қосымша 24
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 26
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құра бастады. 1990 жылы желтоқсан айында қабылданған «ҚазКРО - дағы банктер және банктік қызмет туралы» алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны құруға әкеліп соқты.
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай- ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV-XV ғғ. Пайда болған. Олардың енбектерінде банк тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар- ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “ айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды.
Қазіргі таңда Қ. Р-да екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан Ұлттық банк және коммерциялық банктер. Олардың қоғам рөлінде атқаратын маңызы мен ролі өте зор. Қоғамның экономикалық деңгейінің дамуына өзінің үлкен ықпалы мен әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Банк жүйесін қалыптастырудың теориялық негіздерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының Банк жүйесін қалыптасуы;
- Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің даму жолдарын қарастыру;
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Банк жүйесінің мәні мен мазмұнын ашу;
- Банк жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу;
- Банк жүйесінің экономикалық жағдайдағы ықпалдылығын қарастыру және т. б. мәселелер курстық жұмыстың міндеттері болып табылады.
Зерттеудің құрлымы: Зерттелгелі отырған «Банк жүйесі» деп аталған курстық жұмыс негізінен: кіріспеден, екі бөлімнен және қортындыдан тұрады.
1 Қазақстанның банк жүйесі.
1. 1 ҚР - дағы банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы. 1995 жылғы банк реформасы.
1991 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған “ҚазКРО- дағы банктер және банктік қызмет туралы” алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған “Қазақстандағы банктік жүйені реформалау” бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметтерін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
І кезең. 1991 жж. (КСРО- ның тұсында) - мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру ; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
ІІ кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары- рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша- несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым- қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді. Қ. Р. қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті 24. 05. 99.
1995 жылғы банктік реформалауға деінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
- мемлекеттің қаржы саястын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
- коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизмінің жеткіліксіздігі;
- екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің баяу құрылуы;
- валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;
- макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;
- осы уақытқа дейін пайдаланып келген Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі;
- Ұлттық банк жүйесіндегі еңбекақының төмендігінен кадрлардың кету деңгейінің жоғарылығы.
ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты:
- Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі пруденциялдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқытарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
- қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;
- шаруашылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай- ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы;
- орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану деңгейінің жеткіліксіздігі;
- прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;
- банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы; Ілиясов. Қ. Қ. «Қаржы»
Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шамалар 1994 ж. орта кезінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министрлігінің Қаулысына сәйкес арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге (шаруашылықтардың нақты төлем қабілеттілігін ескермей, Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің шешімі бойынша өткен жылдардағы берілген) байланысты мерзімі өткен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банкінің балансынан Қаржы министрлігінің қарамағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырады.
Екінші кезекте, Қазақстан ӘлемБанкінің 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық- импорттық банкке (қазіргі Эксимбанк) және әмбебап акционерлік ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты. Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі- 35% құрады. Бұл бір жағынан, ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, Әлем банктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мынадай үш кезенді қамтыды:
Бірінші кезенде (1995 жылдың 1- ші жартысын ) мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100% мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемелекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай- ақ 01. 01. 1992 ж. жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.
Екінші кезенде (1995 ж. екінші жартысында және 1996 ж. ), Халық банкіне пластикалық дебеттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктеледі.
Үшінші кезенде (1997 ж. ішінде), Халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгілеген пруденциялдық нормативтерге сәйкес 01. 01. 1998 ж. бастап салымдарды мемлекеттің толық кепілдемесінен ұжымдық сақтандыруға негізделген аралас сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекешелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрады.
Төртінші кезенде әмбебап банк- Тұран банкіндегі мемлекеттің үлесі (61%, 1994 жылдың сәуіріне) анықталып, ондағы негізгі борышқор- кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медешті банкке берілетін болды.
Бесінші кезенде әмбебап банк- Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі- 40, 3% мөлшерінде (1994 жылдың сәуіріне) анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық банк даярлауға тиіс болды. Қ. Р. қаржы министрлігінің ақпараттық хабаршысы.
Коммерциялық банктер үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз болып табылғандықтан, орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі туды. Ондай банктерді халықаралық тәжірибеде даму банктері деп атайды, себебі олар үшін басты мақсат пайда табу емес, яғни экономиканың жекелеген салаларын дамыту болып саналады.
Сонымен Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде Экспортты- импорттық банк (Эксимбанк), Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық Жинақ банкі де болды.
Мемлекеттік даму банкі- бұл банк экономиканың маңызды салаларында тиімді инвестциялық жобаларды ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асыруға бағытталған үкіметтің қаржы- несие институты болып табылады.
Экспортты- импорттық банк (Эксимбанк) - бұл Қазақстан үшін дәстүрлі емес, даму және ғылыми ұйымдардың экспортын қаржыландыру үшін, экспорттық несиелер мен инвестицияларға сақтандыру және кепілдеме беру үшін Әлем банктен бөлініп шыққан банк.
Тұрғын үй құрылыс банкі- бұл тұрғын үй құрылысын коммерциялық құрылысшылар арқылы несиелеуге, халық үшін тұрғын үй жинақ шоттарын қалыптастыру, ипотекалық несиелеу жүйесін құру мақсатында құрылған банк.
Медешті банк (траст) - Бұл Дүниежүзілік банктің ықпалымен “Проблемалық кәсіпорындар үшін госпиталь ” ретінде құрылған банк. Бұл банкті құру туралы жарғыға сәйкес, ол небәрі 4 жыл мерзімге қызмет етуге уақытша құрылды. Сейтқасымов «Ақша, Несие, Банктер»
Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Ең бастысы, ақша- несие реттеу әдістері мен құралдары әрі қарай дами түсті.
Банктерді қайта қаржыландыру механизмі түбірімен өзгерді. 1995 ж. ақпан айынан бастап, директивті несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелер көлемі мен мерзімі қысқарып, экономиканы несиелеу қызметі Ұлттық банктен екінші деңгейдегі банктерге ауысты. Ұлттық банк орталық банктерге тән қызметке: қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге несие беру, Үкіметке несие беру және ақша- несие және валюталық реттеумен айналысуға көшті.
1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге берілетін несиелері несиелік ресурстар аукционы арқылы 3 ай мерзімге дейін берілсе, ал екінші жартысында операциялардың ауыртпалығы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығына өте бастады. Сөйтіп, банкаралық несиелер нарығы дами түсті. 1995 жылы қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшалардың өсу қарқынына шек қою мақсатында Ұлттық банк айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығару арқылы ақша массасын реттеп отырды.
1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің нақты мәнін қалпына келтірді. Инфляция қарқынын төмендету арқылы оның мөлшерлемесін төмендетті. Айталық, 1995 ж. қаңтар айындағы инфляцияның қарқынын 8, 9 %- дан, қыркүйек айында- 2, 4%- ға дейін төмендету нәтижесінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: 210%- дан 45%- ға дейін төмендеген. Айта берсек, тағы да басқа көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Қ. Р. қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті
1. 2 1996- 1998 жж. банктік реформалар
Бұл реформалар Ұлттық банктің 1996- 1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.
Банк реформасын жүргізу бағдарламасының басты мақсаты- ҚР ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын әрі қарай арттыру және экномиканы қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту үшін екінші деңгейдегі банктердің жүйесін нығайту.
Көздеген мақсатқа жетуде Ұлттық банк мынадай міндеттерді шешуге күш жұмсайды:
- ақша- несие реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру;
- елдің қаржы нарығына Ұлттық банктің араласуы арқылы қолма- қол ақша айналымында әкімшілік басқаруды күшейту;
- валюталық реттеуді дамыту және алтын валюта резервін басқару;
- банктік қадағалау жүйесін және банк қызметін реттеу принциптерін түбірімен өзгерту;
- бухгалтерлік есепті және банк жүйесін реформалауды аяқтау;
- Ұлттық банктің басқа елдердің орталық банктерімен және басқа да қаржылық институттарымен байланысып, халықаралық қаржы ұйымдарына қатысуы;
- Ұлттық банктің құрылымын жетілдіріп, кадр және техникалық әл- ауқатын нығайту;
- екінші деңгейдегі банк жүйесін сауықтандыру;
- төлем жүйесін дамыту;
- елдің банк жүйесінің қызмет етуінің және реформалауының құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру. Көшенов Б. Ж. «Ақша, Несие, Банктер»
Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Қазақстан Ұлттық банкі ақша- несие саясатының біршама тиімді классикалық құралдарын пайдаланды. Оларға қайта қаржыландыру несиелерін беру көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резерв нормасын белгілеу, валюталық нарықта интервенция жүргізу және мемлекеттің бағалы қағаздарымен, сондай- ақ Ұлттық банктің бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыру жатады.
Республикамызда тәжірибелерден берілген директивті несиелердің уақытында қайтарылмағаны, яғни олардың 24%- дан астамы ғана қайтқандығы белгілі. Сонын салдарынан Ұлттық банк ондай несиелерді беруді тоқтатуға мәжбүр болды. Осындай жағдайларға байланысты Ұлттық банк 1996- 1998 ж. ж. орталықтандырылған несиелерді тек қана банктердің қысқа мерзімді қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін несиелік аукциондар, банкаралық нарық, ломбардық несиелеу, “репо” операциялары, вексельдерді қайта есепке алу арқылы беріп отырады. Мақыш «Ақша, Несие, Банктер»
Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы бюджетті несиелеуге байланысты жана қатынастың қалыптасуына сәйкес, 1998 жылдан бастап, Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын өз күшімен несиелеуге міндеттеме алғандықтан, Ұлттық банк оған тікелей несеи беруін тоқтатты. Оған дейін бюджетін тапшылығының 80%- ға жуық бөлігі Ұлттық банк несиелері есебінен жабылып келгендігін айта кетуі керек. Мұны да осы реформаның бірден бір нәтижесі деп санауға болады.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкноталарын шығаруда меншікті өндірісті іске қосу республикамыздағы қолма- қол ақша мен байланысты жағдайды түбірімен өзгерістерге әкелді. Осыған байланысты қолма- қол ақша айналымын басқаруда 1992- 1993 жж қолма- қол ақшаның тапшылығынан енгізілген директивтік саясаттың орнына экономикалық реттеу әдістерін пайдаланатын алғышарттары жасалды.
Сөйтіп, осы реформа нәтижесінде кәсіпорындарды және екінші деңгейдегі банктердің қолма- қол ақшамен жасалатын кассалық операцияларының лимиті аланып тастады.
Ұлттық валютамен тұрақтылығын сақтап отыру мақсатында Ұлттық банк шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, теңгенің жүйелі валюталық айырбас бағамы саясатын жүргізіп отырды. Алтын- валюта резервін басқаруда Ұлттық банк мынадай екі портфелді құру қажет деп таныды: стратегиялық инвестициялық портфель және тактикалық өтімділік портфелі.
Мұндағы, тактикалық өтімділік портфелі валюталық бағамды реттеу саясатын жүргізу және қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу үшін қажет. Өтімділік портфелінің негізгі құралдарына ақша нарығының құралдары жатты.
Стратегиялық инвестициялық портфель құрамы Ұлттық банктің орта мерзімі (3 айдан 3 жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (3 жылдан 10 жылға дейінгі) міндеттемелерден тұрды.
Аталған портфелдің негізгі құралдарына: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының құралдары, орта және ұзақ мерзімді депозиттер және капиталдар нарығының басқа да құралдары жатқызылды. Көшенов Б. А. «Валюталық қатынастар»
Банктік қадағалау жүйесін реформалаудың басты мақсаты- банктік қадағалау әдістері мен процедураларын халықаралық стандартқа жақындату болып табылады. Осыған сәйкес, Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге капиталдану талабын қойды. Мұндағы мақсат- бәсекелік ортада қызмет көрсететін банктерді тәрбиелеу және біршама тұрақты банктерді анықтау болып табылады. Осындай талаптың негізінде Ұлттық банк капиталы жеткіліксіз банктердің өзара бірігуін немесе жойылу шараларын ұйымдастырды. Реформа нәтижесінде көптеген банктер таратылды немесе бірігу процесін басынан кешті. Осындай шараларды ең бастысы, мамандандырылған банктер басынан кешті. Өйткені олардың барлығы дерлік бастапқыда бюджет қаражаты есебінен құрылғандықтан да, олар үшін несиелік ресурстарды қалыптастыру басты мәселеге айналады. Сөйтіп, кейбіреуі өзара бірігіп өзара жұмыс жасауға мәжбүр болды. Айталық, мемлекеттік даму банкі Эксимбанкпен, Тұрғын үй құрылыс банкі Центркередитбанкпен қосылып, ал Медешті банк- Медешті қор ретінде қайта түрлендірілді. мұндай түрлендіруге Ұлттық банк тарапынан банк жүйесіне жүргізген кейінгі реформалар себеп болды. Қ. Р. қаржы министрлігінің ақпараттық хабаршысы.
Ұлттық банктің 1995 жылы бастаған банк жүйесінің бухгалтерлік есебін реформалау 1996- 1998 жж. әрі қарай жалғасып, нәтижесінде Ұлттық банктің халықаралық стандартқа сәйкес жасалған жаңа шоттар жоспары екінші деңгейдегі банктер қызметіне толығымен енгізілді.
Банк жүйесіндегі бухгалтерлік есепті реформалау- нарықтық экономика талаптарына жауап беретін жалпыға ортақ халықаралық принциптермен стандарттарды банктердің тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік беретін шаралар кешенін білдіреді.
Бухгалтерлік есеп реформасын аяқтауға байланысты жұмыстар мынадай мерзімдерді қамтыды:
- Ұлттық банк бойынша:
1996 жылы қосымша және бас бухгалтерия бойынша нұсқаулық материалдар дайындап, оларды баспадан шығару. 1997 жылы 1996 жылдың жұмыс нәтижелері бойынша жаңа шоттар жоспары мен нұсқаулық материалдарға өзгерістер еңгізу, Ұлттық банктің қызметіне байланысты халықаралық аудит жүргізу, банк мекемелерінде ескі шоттар жоспарынан жаңаға өтуді аяқтау шаралары жүзеге асырылды. 1998 жылдың бірінші жартысында қосымша есеп бойынша бағдарламалық қамтамсыз етудің жаңа пакетін әзірлеу және екінші жартысында Ұлттық банктің бюджетін жоспарлау әдісін жасау.
- Екінші деңгейдегі банктер бойынша:
1996 жыл екінші деңгейдегі он банктер бойынша жаңа шоттар жоспарын енгізіп ай сайын осы жоспарға сәйкес жиынтық балансын алу.
1997 жылдың екінші тоқсанында екінші деңгейдегі банктерде бухгалтерлік есептің стандартын жасау, барлық екінші деңгейдегі банктер бойынша үшінші тоқсанда жылдық жинақ есебін құру шаралары жүзеге асты.
Сонымен қатар, бұл банктік реформаның басты нәтижесі- бұл банктік жүйенің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында халық салымдарын ұжымдық сақтандыру қоры құрылды. Бұл қорды құру уақыты 1997 жылдан кешікпеуге тиіс еді, бірақ әр түрлі себептерге байланысты қор 1999 жылдың аяғында құрылып, өз қызметін 2000 жылдың қаңтарынан бастады. Ілиясов Қ. Қ. «Қаржы»
- Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым- қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір- бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болды. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамсыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz